Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 4-12 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 сәуірде № 6928 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Жәнібек аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Уәлиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Хаби
      Мәслихат хатшысы Т. Кадимов

  Жәнібек аудандық мәслихаттың
2021 жылғы 31 наурыздағы
№4-12 шешіміне
қосымша

      1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 39-8 "2020 - 2022 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Тау ауылдық округінің бюджеті туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5968 тіркелген, 2020 жылы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі №47-6 "Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қаңтардағы №39-8 "2020-2022 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Тау ауылдық округінің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6372 тіркелген, 2020 жылы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы №49-6 "Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қаңтардағы №39-8 "2020-2022 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Тау ауылдық округінің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6520 тіркелген, 2020 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады