Бәйтерек ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 25 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 қаңтарда № 6814 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"  Заңын және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.  Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі №290 "Бәйтерек ауданы бойынша 2019 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы"  қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5634 тіркелген, 2019 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Бәйтерек ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы (Т.Тулепкалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Бисакаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Токжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады