Бәйтерек ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 3-22 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 6897 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бәйтерек ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      сессия төрағасы Н. Хайруллин
      мәслихат хатшысы Р. Исмагулов

  Бәйтерек ауданы мәслихатының
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 3-22 шешіміне қосымша

      1. Бәйтерек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы №43-5 "2020-2022 жылдарға арналған Бәйтерек ауданы Сұлу Көл ауылдық округі бюджеті туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5983 тіркелген, 2020 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Бәйтерек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі №48-5 "Бәйтерек ауданы мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы №43-5 "2020-2022 жылдарға арналған Бәйтерек ауданы Сұлу көл ауылдық округі бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6197 тіркелген, 2020 жылы 29 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Бәйтерек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы №56-13 "Бәйтерек ауданы мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы №43-5 "2020-2022 жылдарға арналған Бәйтерек ауданы Сұлу көл ауылдық округі бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6452 тіркелген, 2020 жылы 3 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. Бәйтерек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №59-6 "Бәйтерек ауданы мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы №43-5 "2020-2022 жылдарға арналған Бәйтерек ауданы Сұлу көл ауылдық округі бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6678 тіркелген, 2021 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады