Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 6837 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 29 шілдедегі № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің міндетін атқарушысының 29.07.2021 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2021 жылғы 25 ақпандағы №2 хаттамасы негізінде, Тасқала ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала ауданы, Тасқала ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Халауедин Аян Халауединұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Турмагамбетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тасқала ауданының әкімі А. Халелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады