БҰЙЫРАМЫН
1. "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілердің (бұдан әрі – объект) санитариялық-қорғаныш аймақтарына (бұдан әрі – СҚА) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілердің айналасында СҚА белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін гигиеналық нормативтерде (бұдан әрі – гигиеналық норматив) белгіленген мәндерге дейін, ал қауіптілігі I және II сыныптардағы объектілер үшін – гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін, сонымен қатар, халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекел шамаларына дейін азайтуды қамтамасыз етеді. Өзінің функционалдық қолданылу мақсаты бойынша СҚА-ы объектіні штаттық режимде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ететін қорғаныш кедергісі болып табылады.
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Жаңа, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА-ның алдын ала (есептік) өлшемдері СҚА-ны белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлей отырып, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Тарихи қалыптасқан құрылыс салуға байланысты қолданыстағы объектілер үшін осы Санитариялық қағидалардың 26-тармағына сәйкес СҚА-ның алдын ала (есептік) мөлшерін белгілемей, СҚА-ның мөлшерін азайтуға жол беріледі.
Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген объектілер үшін СҚА есептік өлшемдер атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ) деңгейлерін және атмосфералық ауаның ластанып таралуының есептеулері және (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауы бар жоба негізінде есептеу әдісімен белгіленеді.
Белгіленген (түпкілікті) СҚА объектінің СҚА шекарасында және одан тыс жерлерде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ала отырып, жыл ішінде есептік параметрлерді (өндірістік қызметтің ерекшелігіне байланысты басымдық көрсеткіштер бойынша тоқсан сайын орташа тәуліктік және ең жоғары-бір реттік концентрациялар бойынша сәйкестікке) және физикалық әсер ету деңгейлеріне (шу, діріл, ЭМӨ, көзі болған кезде) растау үшін заттай зерттеулердің жылдық циклі негізінде айқындалады.
Объект пайдалануға берілген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде тиісті объектінің шаруашылық жүргізу субъектісі алдын ала (есептік) СҚА растау үшін атмосфералық ауаны, атмосфералық ауаға физикалық және (немесе) биологиялық әсер ету деңгейлеріне зерттеулерді (өлшеулерді) жүргізуді қамтамасыз етеді.";
11, 12 және 13-тармақтақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. СҚА өлшемін айқындау өлшемшарттары бір мезгілде мынадай шарттарды сақтау болып табылады: оның сыртқы шекарасында және одан тыс жерлерде елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін ластаушы заттардың концентрациясы барынша бір реттік және орташа тәуліктік көрсеткіштер бойынша РЕШК немесе болжамды қауіпсіз әсер ету деңгейінен (бұдан әрі – БҚӘЕД) және (немесе) физикалық әсер ету РЕШД асырмау, сондай-ақ (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау нәтижелері.
12. Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілерді өндірістік объектіден тұрғын үй құрылысына, ландшафтылы-рекреациялы аймаққа, демалыс алаңына (аймақтарына), курорттардың, санаторийлердің, демалыс үйлерінің, стационарлық емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарының, спорт ұйымдарының, балалар алаңдарының, білім беру және балалар ұйымдарының аумақтарына, бау-бақша серіктестіктері мен коттедж құрылысының, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерінің аумақтарына СҚА бөлінеді.
13. Автомобиль магистральдар, темір жол көлігі желілері, метрополитеннің жерүсті учаскелері үшін, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойында проекциядан жер бетіне СҚА режимі бар және химиялық, биологиялық және физикалық әсерлерден гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін төмендетуді қамтамасыз ететін, объектіден қашықтық (бұдан әрі – санитариялық ажырау) белгіленеді.
Санитариялық ажыраудың шамасы әрбір нақты жағдайда атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының таралуын және физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ және басқа физикалық факторлар) деңгейлерін есептеу негізінде белгіленеді.
Санитариялық ажырауды белгілеу кезінде, оның ішінде Санитариялық қағидалардың 2-8-қосымшаларында көрсетілген объектілер үшін ғарыш аппараттарын ұшыруды, әуе кемелерінің ұшу және қону аймағындағы ұшудың стандартты бағыттары бойындағы санитариялық ажырауды қоспағанда, санитариялық ажырауды негіздеу жобасын әзірлеу талап етілмейді (осы Санитариялық қағидаларға 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес санитариялық ажырау жүйелі белгіленеді).";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Жұмыс істеп тұрған объектілердің СҚА өлшемдерін өзгерту (ұлғайту, азайту) осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшада анықталған СҚА жобасының құрамына қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген СҚА жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу жолымен және:
1) СҚА шекарасында және одан тысқары жерлерде өндірістік қызметтің ерекшеліктеріне байланысты басымдық көрсеткіштер бойынша орташа тәуліктік және ең жоғары-бір реттік концентрациялар бойынша көрсеткіштердің сәйкестігіне (әрбір ингредиентке жеке нүктеде кемінде елу күн зерттеу) жыл ішінде жүйелі зертханалық байқаулар материалдары бойынша РЕШК дейін атмосфералық ауаның атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық ластану деңгейіне қол жеткізудің объективті дәлелдері;
2) объектінің СҚА шекарасында және одан тысқары жерлерде жыл бойы тоқсан сайынғы негізде зертханалық байқау материалдары бойынша (шу, діріл, ЭМӨ) РЕШК дейін физикалық әсер ету деңгейлерін сақтаудың физикалық әсер ету деңгейіне қол жеткізудің объективті дәлелдері;
3) қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілер үшін халықтың өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелді бағалауды жүргізу;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте фондық шоғырлануды есепке алу (осы жерде атмосфералық ауа мониторингінің автоматтандырылған станциялары болған кезде);
5) объектілердің құрамын өзгерту және қайта бейіндеу;
6) қолжетімді ең жақсы әдістерді қолдану, тіршілік ету ортасына әсер ету деңгейін төмендетуге бағытталған озық технологиялық шешімдерді, тиімді тазарту қондырғыларын және басқаларды енгізу негізінде жүзеге асырылады.
СҚА-ның өзгеруіне жататын жұмыс істеп тұрған объект 1 жылдан астам жұмыс істейтін объект болып табылады.";
29 және 30-тармақтақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Қауіптіліктің I және II сыныптарындағы жұмыс істеп тұрған объектілер үшін, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген объектілер үшін, оның ішінде елде және шет елдерде аналогтары жоқ, жаңа, жеткілікті зерттелмеген технологиялары бар объектілер үшін СҚА Қазақстан Республикасының тиісті аумақтар мен көліктегі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдары (бұдан әрі – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдар) жүйелі белгілейді.
Қауіптіліктің III, IV және V сыныптарындағы жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА-ны тиісті аумақтардағы және көліктегі (аудан мен қаланың) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдар белгілейді.
Жобаланатын объектілер үшін алдын ала (есептік) СҚА-ны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында аттестатталған сарапшылар белгілейді.
30. Қауіптіліктің I, II, III, IV және V сыныптарындағы қолданыстағы объектілері үшін СҚА мөлшерін өзгертуді тиісті аумақтар мен көліктегі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдар жүзеге асырады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Халықты ӘЭТЖ туындайтын электр өрісінің әсерінен қорғау мақсатында жоғары вольтты желі трассасының бойында санитариялық ажырау белгіленеді, оның сыртындағы электр өрісінің кернеулігі 1 метрге 1 киловольттан (кВ/м) аспайды.
Қайта жобаланатын ӘЭТЖ, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарға санитариялық ажырау шекараларын ӘЭҚЖ трассасының бойында сымдарды көлденең орналастыру арқылы және оның екі жағында электр өрісінің кернеулігін төмендету құралынсыз ӘЭТЖ-ға перпендикуляр бағыттағы жиектегі фазалық сымдардың жерге проекциясынан мынадай қашықтықтарда қабылданады:
1) кернеулігі 220 киловольт (бұдан әрі – кВ) қоса алғанда ӘЭТЖ үшін – 25 м;
2) кернеулігі 500 кВ қоса алғанда ӘЭТЖ үшін – 30 м;
3) кернеулігі 750 кВ қоса алғанда ӘЭТЖ үшін – 40 м;
4) кернеулігі 1150 кВ қоса алғанда ӘЭТЖ үшін – 55 м.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Таратушы радиотехникалық объектілер орналасқан жерлерде СҚА өлшемін белгілеу және өзгерту Ереженің 15-тармағының 113) тармағына сәйкес бекітілетін радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Объектілердің СҚА шекараларында (оның ішінде СҚА белгіленетін объектінің аумағында) осы Санитариялық қағидалардың 47-тармағында көрсетілген объектінің қызметкерлеріне қызмет көрсетуге және оның қызметін қамтамасыз етуге арналған ғимараттары мен құрылыстары орналастырылады, мыналарды қоспағанда:
1) жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарын қоса алғанда тұрғын үйлерді;
2) ландшафтық-рекреациялық аймақтарды, демалыс алаңдарын (аймақтарын), курорт, санаторий және демалыс үйлерінің аумақтарын;
3) құрылатын және ұйымдастырылатын бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын және коттедж құрылысын, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін;
4) спорт құрылыстарын, балалар алаңдарын, білім беру және балалар ұйымдарын, жаппай қолданылатын емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарын;
5) тамақ өнімдері ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жөніндегі объектілерін.";
Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада:
10-бөлімнің 40-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"40. І сынып – СҚА 1000 м:
1) 100-ден 5000 және одан жоғары шошқа өсіретін шаруашылық;
2) жылына 400 000-нан астам мекиен және 3 000 000 астам бройлер тауық өсіретін құс шаруашылығы;
3) 5000 бастан астам ірі қара мал өсіретін және бордақылайтын шаруашылық;
4) тезек пен саңғырақ сақтайтын ашық сақтау орындары;
5) жылына 500 тонна және оданда көп минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді, күшті улы заттарды сақтауға арналған қоймалар.";
10-бөлімнің 42-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"42. ІІІ сынып – СҚА 300 м:
1) 1200-ге дейін ірі қара малды өсіретін және бордақылайтын шаруашылық (барлық түрлері), жылқы өсіретін фермалар;
2) 50-ден 100 басқа дейін жануарлар ұстайтын шаруашылықтар (шошқа, аң фермалары);
3) 3000-нан 5000 басқа дейін қой өсіретін және бордақылайтын шаруашылық;
4) 100 000-ға дейін мекиен тауық және 1 000 000-ға дейін бройлер өсіретін құс шаруашылығы;
5) тезек пен саңғырақты үйіп жинайтын алаңдар;
6) жылына 50 тонна және оданда көп минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді, күшті әсер ететін улы заттарды сақтауға арналған қоймалар;
7) егістік шекарасынан елдімекенге дейін ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерді тракторларды қолданып, пестицидтермен өңдеу;
8) үй қояны фермалары;
9) ауыл шаруашылығы жануарларын сату объектілері.";
10-бөлімнің 43-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"43. IV сынып – СЗЗ 100 м:
1) жылыжай және көшетхана шаруашылығы;
2) жылына 50 тоннаға дейін минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді, күшті әсер ететін улы заттарды сақтауға арналған қоймалар;
3) құрғақ минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғайтын химиялық құралдар (тағам өнімдерін сақтайтын және қайта өңдейтін кәсіпорындарға дейін де аймақ белгіленеді) қоймалары;
4) мал шаруашылығының ағындыларын пайдаланатын мелиоративті объектілер;
5) тағам қалдықтарын пайдалануды қоса алғанда, жем даярлайтын цехтар;
6) автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, техникалық қызмет көрсету және сақтау гараждары мен парктері;
7) 50 басқа дейін жануарлар ұстайтын шаруашылықтар (шошқа, сиыр, құс, жылқы, аң фермалары);
8) жанар-жағар май материалдары қоймалары.
Ескертпе: сыйымдылығы 100 м3 дейінгі жанар-жағармай материалдары қоймаларына арналған СҚА өлшемдерін есеп бойынша белгіленіп, әрбір нақты жағдайларда есептеулер негізінде айқындалған өлшемі, міндетті түрде кемінде 3 есе ұлғайтылады, бірақ кемінде 50 м болу қажет.";
11-бөлімнің 45-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"45. І сынып – СҚА 1000 м:
1) ассенизация алқаптары;
2) жер жыртылатын алқаптар;
3) шайынды су станциялары;
4) шұңқырға көметін мал қорымдары;
5) конфискаттар мен жануарлар өлекселерін жоятын кәдеге жарату зауыттары;
6) пеш саны 1 (біреуден) артық крематорий;
7) мал тасымалдағаннан кейін вагондарды тазартатын және жуатын станциялар мен пункттер (дезинфекциялық жуу станциялары мен пункттері);
8) елдімекеннің (орталық) қатты қоқыстары мен күл-қоқыстарын компостерлеу учаскелері;
9) биологиялық камералары бар, күйдіргі ауруымен ауырған мал ертеректе көмілген шұңқырға көметін мал қорымдары;
Ескертпе: күйдіргі ауруынан өлген мал көмілген мал қорымдары және белгісіз себептермен өлген мал көмілген мал қорымдар үшін СҚА жобасын әзірлемей, СҚА нормативтік өлшемдеріне сәйкес айқындалады. Биологиялық қауіпке байланысты СҚА ны қысқартуға биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулер негізінде жол беріледі.";
13-бөлімнің 52-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"52. ІІ сынып – СҚА 500 м:
1) жылына 150 000 тоннаға дейін тауар айналымы бар апатит концентратын, фосфорит ұнын, цементті және басқа шаңданатын жүктерді түсіретін ашық қоймалар мен орындар;
2) көмір түсіретін ашық қоймалар мен оны қайта тиеу орындары;
3) минералды тыңайтқыштарды, асбесті, әкті, кенді (радиоактивтіден басқа) және басқа минералдарды (оның ішінде күкірт, күкіртті колчедан, гипс) түсіретін ашық қоймалар мен қайта тиеу орындары;
4) шикі мұнайды, битумды, мазутты және басқа жабысқақ мұнай өнімдері мен химиялық жүкті қайта тиеу және сақтау орындары;
5) пек және құрамында пек бар жүкті түсіретін ашық және жабық қоймалар мен оларды қайта тиеу орындары;
6) антисептиктер сіңірілген ағаш шпалдарын сақтау және қайта тиеу орындары;
7) санитариялық-карантиндік станциялар;
8) көлемі 250-ден 1000 м3 дейінгі сұйытылған табиғи (мұнай) газдарды (оның ішінде метан, пропан, бутан қосындыларын) қайта тиеу және сақтау орындары.";
14-бөлімнің 56-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"56. I сынып – СҚА 1000 м:
1) отын ретінде көмірді және мазутты қолданатын, 600 мегаватт/сағ (бұдан әрі – МВт/сағ) және одан жоғары электр қуатына эквивалентті жылу электр станциялары (бұдан әрі – ЖЭС)";
14-бөлімнің 57-тармағы мынадай өзгерісте жазылсын:
"57. II сынып – СҚА 500 м:
1) газ және газ-мазут отынымен жұмыс істейтін 600 МВт/сағ және одан жоғары баламалы электр қуатының ЖЭС;
2) көмір және мазут отынымен жұмыс істейтін жылу электр орталықтары (бұдан әрі – ЖЭО) және жылу қуаты 200 гигакаллорий/сағ (бұдан әрі – Гкал/сағ) және одан жоғары аудандық қазандықтар.";
14-бөлімнің 58-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"58. III сынып – СҚА 300 м:
1) газ және газ-мазут отынымен жұмыс істейтін ЖЭО және жылу қуаты 200 Гкал/сағ және одан жоғары аудандық қазандықтар (соңғысы-резервтік ретінде) өлшемі 300 м үшінші сыныптағы объектілерге жатады.
2) ЖЭС және ЖЭО күл үйінділерінен СҚА ең аз өлшемі периметрі бойынша ағаштар мен бұталар отырғыза отырып, кемінде 300 м құрайды.
Ескертпе.
1. Қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін, жылу қуаттылығы 200 Гкал-дан кем қазандықтың барлық түрінің СҚА ең аз мөлшерін белгілеген кезде жер беті қабатындағы есепті концетрациясын анықтау, ал көп қабатты тұрғын үй құрылыс салу жағдайында жергілікті жердің бедері мен құрылыс салуын, акустикалық есептеулерді ескере отырып, сондай-ақ вертикаль бойынша концетрациясы таралуын анықтау қажет. Жеке орналастырылған қатты және сұйық отындағы қазандықтардан халық үшін РЕШК аспайтын ластаушы заттардың ең көп бір рет және орташа тәуліктік қолданылатын концетрациясы кезінде СҚА 50 м. Газ отынындағы жеке тұрған қазандықтар үшін СҚА мөлшері есептік деректер негізінде белгіленеді.
2. Ластаушы заттардың шашырауын және физикалық факторлардың әсерін есептеу бойынша автономды шағын метражды қазандықтар мен пештерді тұрғын және қоғамдық үй-жайларда, үй маңындағы аумақтарда айқындалатын есептік нүктелерде қазандар мен пештерден ластаушы заттардың ШРЕК аспаған жағдайда жапсарлас-жанастыра салынған, жапсарлас салынған, жапсарлас салынған, объектілерде, көп қабатты тұрғын үйлерде, жеке тұрған ғимараттарда (емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдары, білім беру объектілері, мектепке дейінгі ұйымдар, ауылдық клубтар, дүкендер және басқа да ортақ пайдалану объектілері).
3. Қазандықтан барынша ластану аймағында көп қабатты үйлер бар болса, түтін мұржасының биіктігі ең биік тұрғын үй шатырының төбесінен минимум 1,5 м жоғары болуы көзделеді.
4. Жылу энергетикасы объектілерінен түтін газдарының шашырауын есептеу қосындының, оның ішінде күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің, күлдің әсерін ескере отырып жүргізіледі.
5. Ыстық сумен жабдықтаудың сорғы станциялары кемінде 50 м санитариялық ажырауы бар V сыныптағы объектілерге жатады.
6. Эквивалентті электр қуаты – мегаваттпен көрсетілген жиынтық белгіленген электр және жылу қуаты.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Султангазиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
Министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі