"Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26484 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2023 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22055 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі – Нұсқаулық):

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сұрау салудың негізінде соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанында осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, шет елге шығу үшін қағаз жеткізгіште осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанда беріледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шет елде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпарат анықтамада көрсетілуге жатпайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Арыз иесінің іздеуде жүргені туралы немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚПК) 45-бабы 1-бөлігінің 3) тармағы бойынша қылмыстық іс жүргізуі тоқтатылған, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 45-бабының 7-бөлігі 2) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген адамдарға қатысты мәліметтер анықталған кезде Комитеттің аумақтық органы оны ұстау бойынша шаралар қабылдау үшін іздеу салудың бастамашысына дереу хабарлайды. Егер осы адам ТМД елдері уәкiлеттi органдарының іздеуінде болса, ақпарат аумақтық ішкі істер органына жіберіледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Растайтын құжаттардың негізінде Комитеттің аумақтық органы АЕА ААЖ-ға растайтын құжаттардың графикалық көшірмелерін сала отырып, тиісті түзету енгізеді.

      Жолданымдарды жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнамаға сәйкес Комитет және оның аумақтық органдары қарайды.

      Растайтын құжаттар, оларды ұсыну және түзету жөніндегі хат алмасу бөлек номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады).";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының интернет-ресурсын толықтыру "Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 114/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22491 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ақпаратты беруді мынадай жолдармен қамтамасыз етеді:

      1) "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысымен бекітілген Тізбеге сәйкес ашық деректердің интернет–порталында орналастыру;

      2) Жеке тұлғаның, сондай–ақ заңды тұлғалардың (бұдан әрі–үшінші тұлғалар) ЭЦҚ–мен қол қойылған электрондық сұрау салуы негізінде әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәліметтерді (бұдан әрі–мәліметтер) жолдау.

      Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты мәліметтер сұратылып отырған адам порталда "жеке кабинеттен", сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы келісім берген жағдайда орындалады.

      Мәліметтер сұратылып отырған жеке тұлғаның келісімі (бас тартуы) электрондық сұрау салуды алған кезден бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі.

      Электрондық сұрау салу негізінде келісім алған кезде мәліметтер осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оны жіберген уақыттан бастап 15 (он бес) минуттың ішінде жауап беріледі.

      Уәкілетті адамның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, АЕА ААЖ арқылы қалыптастырылған мәліметтер немесе электрондық сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат порталда жеке тұлғаның "жеке кабинетінде" орналастырылады;

      3) анықтаманы алу үшін үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуды жолдау.

      Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты анықтама сұратылып отырған адам порталда "жеке кабинеттен", сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы келісім берген жағдайда орындалады.

      Анықтама сұратылып отырған жеке тұлғаның келісімі (бас тартуы) электрондық сұрау салуды алған кезден бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі.

      Электрондық сұрау салу негізінде келісім алған кезде анықтама оны жіберген уақыттан бастап 10 (он) минуттың ішінде, ал қосымша анықтайтын тексеру қажет болған жағдайдарда – 5 (бес) жұмыс күні ішінде не осы Нұсқаулықтың 17-тармағында көзделген жауап беріледі.

      Уәкілетті адамның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, АЕА ААЖ арқылы қалыптастырылған анықтама немесе электрондық сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат порталда жеке тұлғаның "жеке кабинетінде" орналастырылады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары тоқсан сайын есепті мерзімнен кейінгі айдың 14-күніне электронды форматта:

      1) Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық пен құқық қорғау органдары және соттар қызметінің нәтижелері туралы;

      2) Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы;

      3) есірткі заттарының, психотроптық немесе улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар және қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер туралы;

      4) Қазақстан Республикасы соттарының жұмысы туралы;

      5) Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы жинақтарды жолдайды.";

      Нұсқаулықтың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Нұсқаулықтың 3-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын

      Нұсқаулықтың 4-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі-Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2022 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5 Бұйрығына
1 - қосымша
Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу
органдарының жеке және
заңды тұлғаларға ақпараттық
-анықтамалық қызмет көрсетуі
жөніндегі нұсқаулықтың
2-қосымшасы
нысан

Соттылықтың болуы не болмауы туралы А Н Ы Қ Т А М А С П Р А В К А о наличии либо отсутствии судимости

      _______________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      ________________________________________________________________________________

      (туған жылы / дата рождения)

      ________________________________________________________________________________

      (туған жері / место рождения)

      20__ жылғы "__" ____________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар.

      По состоянию на "__" _________ 20_____года судимости не имеет / имеет.

      Осы анықтама шет елге шығу үшін беріледі. Настоящая справка выдается для выезда за границу.

      Басқарма бастығы__________________________________________________________

      Начальник управления______________________________________________________



      (форматтың мөлшері А 4) (размер формата А 4)

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2022 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5 Бұйрығына
2 – қосымша
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарының жеке және
заңды тұлғаларға ақпараттық
-анықтамалық қызмет
көрсетуі жөніндегі
нұсқаулықтың
3-қосымшасы
нысан

Әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы МӘЛІМЕТТЕР СВЕДЕНИЯ о привлечении к административной ответственности

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      ________________________________________________________________________________

      (туған жылы / дата рождения)

      ________________________________________________________________________________

      (туған жері / место рождения)

      20___ жылғы "___" ______ жағдай бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы

      мәліметтер жоқ/бар:

      по состоянию на "___" "________" 20___ года сведений о привлечении к административной

      ответственности не имеется /имеются:



      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның

      7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.

      Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об

      электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на

      бумажном носителе.



      штрих-код "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттар жүйесінен алынған

      жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы

      еспеке алу жөніндегі комитет бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол

      қойылған деректерді қамтиды

      штрих-код содержит данные, полученные из автоматизированной информационной

      системы "Специальные учеты" и подписанный электронно-цифровой подписью

      начальника управления Комитета по правовой статистике и специальным учетам

      Генеральной прокуратуры Республики Казахстан

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2022 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5 Бұйрығына
3-қосымша
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарының жеке және
заңды тұлғаларға ақпараттық
-анықтамалық қызмет көрсетуі
жөніндегі нұсқаулықтың
4-қосымшасы

      нысан

Құқықтық статистикалық ақпараттардың электронды жинақтарының тізбесі

Құқықтық статистикалық ақпараттар жинақтарының атауы

Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Басшылық

Бас Прокурордың Аппараты

Қызмет (Департамент)

Құқық қорғау органдары академиясы

қылмыстық қудалау

заңды күшіне енген үкімдердің ззаңдылығын және олардың орындалуын қадағалау

қоғамдық мүдделерді қорғау

арнайы прокурорлар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық пен құқық қорғау органдары және соттар қызметінің нәтижелері туралы

7

1

1

1

1

1

1

1

1

1

2

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы

7

1

1

1

1


1

1

1

1

3

Есірткі заттарының, психотроптық немесе улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар және қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер туралы

7

1

1




1

1

1


4

Қазақстан Республикасы соттарының жұмысы туралы

7

1


1

1

1

1

1

1

1

5

Қазақстан Республикасы қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы

7

1

1



1

1

1

1

1

6

Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы

7

2

1

1

1

1

1

1

1

1

      кестенің жалғасы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы ның Мемлекеттік күзет қызметі

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1


1

1

1

1

1

1


1



1

1

1

1


1

1

1

1



1

1

1


1

1


1

1

1

1

1

1

1

1

1

1


1

1




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады