Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қаңтарда № 22055 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2023 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3), 5) тармақшаларын іске асыру мақсатында, "Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
1-қосымша

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету мақсатында "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 2-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң) 9-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АДАЖ) – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) саусақ таңбалары бойынша қалыптастырылатын дактилоскопиялық ақпараттарды жүргізуді, жинақтауды, өңдеуді және ұсынуды жүзеге асыратын ақпараттық жүйесі;

      2) ақпарат – құқықтық статистикалық ақпарат және құжатталған ақпарат;

      3) "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АЕА ААЖ) – Комитеттің арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізуді, жинақтауды, өңдеуді және ұсынуды жүзеге асыратын ақпараттық жүйесі;

      4) арнайы есепке алу - мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк құқықтық статистика саласындағы құжатталған ақпаратты жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жүйелеу, сыныптау, сақтау;

      5) графикалық көшірме - jpeg, jpg, tiff, png (фотосуреттерді сақтауға арналған форматтар) форматтарындағы мәліметтерді қамтитын графикалық ақпарат;

      6) тегі бойынша есепке алу – қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды олардың сауалнама деректері бойынша, яғни туған күні (күні, айы, жылы) мен жерін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетіп (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін), тегі, аты және әкесінің атын (болған жағдайда) тіркеу жолымен жүзеге асырылатын есеп.

2-тарау. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету

      3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі мынадай:

      1) сұрау салу бойынша ұсыну;

      2) мемлекеттік қызметтерді көрсету арқылы ақпаратты ұсыну;

      3) интернет-ресурста ақпаратты орналастыру;

      4) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ақпарат ұсыну;

      5) құқықтық статистикалық ақпараттардың электрондық жинақтарын жіберу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен қамтамасыз етіледі.

1-параграф. Сұрау салу бойынша ақпараттарды ұсыну

      4. Сұрау салу бойынша ақпарат ақысыз ұсынылады.

      5. Сұрау салу бойынша қолда бар есептердің көрсеткіштері, есептері, ақпараттық есепке алу құжаттарының деректемелері шеңберінде ақпарат ұсынылады.

      Сұрау салуда талап етілетін ақпараттың (қылмыс, құқық бұзушылық, қылмыстық іс, адам) бірлігі, сондай-ақ ол сұратылып отырған кезең көрсетіледі.

      6. Мемлекеттік органның атынан сұрау салуға оның басшысы, оны алмастырушы (осы органда орнатылған қызметтік міндеттемелерді бөлуге сәйкес) адам, не осы органның өзге де уәкілетті лауазымды адамы қол қояды.

      7. Мемлекеттік орган сұрау салуды мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйелері арқылы жібереді.

      8. Қолжетімді ақпараттық жүйелерде және өзге де ашық ақпарат көздерінде сақталынған ақпараттарға сұрау салулар, ақпараттық есепке алу құжаттарының көшірмелерін (скриншот), Заңның 9-бабына сәйкес бастапқы есепке алу құжаттарын және нысандарын ұсыну туралы сұрау салулар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен қараусыз қалдырылады.

      9. Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардан ақпараттарды талап ету туралы сұрау салу келіп түскен жағдайда, оларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 11-1-4/252 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 460 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 12 қазанда № 21405 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидаларымен анықталады.

      10. Сұрау салудың негізінде соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанында осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, шет елге шығу үшін қағаз жеткізгіште осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанда беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Анықтамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79 және 89-баптарына сәйкес өтініш жасалынған аумағына байланыссыз, тексеру күніндегі жағдай бойынша адамның өтелмеген, алынбаған соттылығы туралы мәліметтері көрсетіледі.

      Соттылықтың өтелуін есептеу Комитет қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

      12. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шет елде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпарат анықтамада көрсетілуге жатпайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Бұрынғы сауалнамалық деректері бойынша қағаз жүзінде өтінішпен жүгінген жеке тұлғалар, олардың өзгергендігі туралы растайтын құжаттарды ұсынады.

      14. Соттылық туралы қолда бар мәліметтер анықтамада автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде мәліметтерді енгізу тілінде көрсетіледі.

      Сауалнамалық деректер анықтамада "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасының мәліметтеріне сәйкес көрсетіледі.

      15. Басқа жеке тұлғаға анықтаманы ұсыну, мәліметтер сұратылып отырған тұлғаға қатысты нотариалды расталған сенімхаттың негізінде жүзеге асырылады.

      16. Арыз иесінің іздеуде жүргені туралы немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚПК) 45-бабы 1-бөлігінің 3) тармағы бойынша қылмыстық іс жүргізуі тоқтатылған, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 45-бабының 7-бөлігі 2) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген адамдарға қатысты мәліметтер анықталған кезде Комитеттің аумақтық органы оны ұстау бойынша шаралар қабылдау үшін іздеу салудың бастамашысына дереу хабарлайды. Егер осы адам ТМД елдері уәкiлеттi органдарының іздеуінде болса, ақпарат аумақтық ішкі істер органына жіберіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Егер, өтініштерді, сұрау салуларды өңдеу барысында өткен жылдардың қылмыстық істері бойынша қабылданған процестік шешімдер, адамның босатылуы туралы мәліметтердің АЕА ААЖ-да болмауы, сондай-ақ осы жеке тұлғаға қатысты қандай да бір мәліметтер АЕА ААЖ болмастан адамды ұстау не күзетпен ұстау (қамауға алу) туралы мәліметтердің АДАЖ-да болмауы анықталса, Комитеттің және оның аумақтық органдарының қызметкерлері жоқ мәліметтерді анықтау:

      тегі бойынша картотекада тиісті әліпбилік есеп карточкасының болуын тексеру;

      дактилоскопиялық картотекада қабылданған процестік шешімдердің болуын тексеру;

      қылмыстық қудалауды, қылмыстық жазаны орындауды іске асыратын мемлекетік органдарға, арнайы мекемелерге, сот органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік және көші-қон полициясының бөлімшелеріне сұрау салуларды жіберу;

      2009 жылғы 22 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше елдерінің Үкімет басшыларымен бекіткен Қылмысқа қарсы күрес саласында ақпарат алмасу туралы келісімге орай Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің Бас ақпараттық-талдау орталығына осы іс бойынша сұраудың жолдануы бойынша жұмыстар жүргізеді.

      Жоқ мәліметтерді нақтылау бойынша тексерістерді жүргізген жағдайда, арыз берушіге 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін қайта өтініш беру қажеттілігі туралы хабарланатын аралық жауап жіберіледі.

      18. Қағаз жеткізгіште рәсімделген анықтамаға Комитеттің аумақтық органы бастығының немесе Комитеттің қылмыстық салада құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы бастығының немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалардың қолдары қойылады және Комитеттің немесе оның аумақтық органының мөрімен бекітіледі.

      19. Анықтамалар қылмыстық істер бойынша процестік шешімдерді қабылдаған кезде, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оларға теңестірілген адамдарға қатысты, сондай-ақ заңнамалық актілермен көзделген оларды қылмыстық жауаптылыққа тартумен байланысты шектеулерге жататын адамдарға қатысты арнайы тексерулерді жүргізген кезде қолдануға жатпайды.

      20. Жеке тұлғаларға қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға заңнамамен уәкілеттілік берілген органдарға беру үшін жеке тұлғаларға анықтама ұсынылуға жол берілмейді.

      21. Анықтамада ұсынылған мәліметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген заңмен қорғалатын құпияны қорғайтын мәліметтерді жариялауға қойылған талаптарды сақтай отырып қолдануға жатады.

      22. Комитет есептеріндегі өздеріне қатысты мәліметтер туралы, есептерге түзетулер енгізу мәселелері бойынша жеке тұлғалардың өтініштері (бұдан әрі – өтініштер) еркін нысанда, Комитеттің аумақтық органдарына қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе сотталған орны немесе тұрғылықты жері бойынша, қағаз жүзінде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанында жолданады.

      23. Өтінішті Комитетке берген кезде, осы мәселе бойынша Комитеттің аумақтық органы бастығының, не оны алмастырушы адамның қолымен бұрын берілген жауабы қоса беріледі.

      Қағаз жеткізгіштегі өтінішке арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

      Арызда көрсетілген сауалнамалық деректер арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерімен сәйкес келуі тиіс. Тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туған күнін өзгерткен жеке тұлғалар қазіргі және бұрын болған сауалнамалық деректерін көрсетеді.

      24. Тегі бойынша есепке алуға түзетулер енгізу туралы өтінішке, сондай-ақ растайтын құжаттар:

      айыппұлды төлеу туралы түбіртек;

      түзету мекемесінен босату туралы анықтама;

      пробация қызметінің (қылмыстық-атқару инспекциясы) есебінен алу туралы анықтама;

      соттылықты алу, ақтау, қылмыстық сипаттан арылту туралы не қылмыстық істі тоқтату негізін ақтайтын негізге жатқызу туралы соттың заңды күшіне енген қаулысы қоса берілуі мүмкін.

      25. Растайтын құжаттардың негізінде Комитеттің аумақтық органы АЕА ААЖ-ға растайтын құжаттардың графикалық көшірмелерін сала отырып, тиісті түзету енгізеді.

      Жолданымдарды жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнамаға сәйкес Комитет және оның аумақтық органдары қарайды.

      Растайтын құжаттар, оларды ұсыну және түзету жөніндегі хат алмасу бөлек номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады).

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер арқылы ақпараттарды ұсыну

      26. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және прокуратура органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетіледі.

3-параграф. Ақпараттарды интернет-ресурста орналастыру

      27. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының интернет-ресурсында статистикалық ақпарат тиісті тарауларында орналастырылады.

      28. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының интернет-ресурсын толықтыру "Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 114/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22491 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ақпараттарды ұсыну

      29. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ақпаратты беруді мынадай жолдармен қамтамасыз етеді:

      1) "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысымен бекітілген Тізбеге сәйкес ашық деректердің интернет–порталында орналастыру;

      2) Жеке тұлғаның, сондай–ақ заңды тұлғалардың (бұдан әрі–үшінші тұлғалар) ЭЦҚ–мен қол қойылған электрондық сұрау салуы негізінде әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәліметтерді (бұдан әрі–мәліметтер) жолдау.

      Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты мәліметтер сұратылып отырған адам порталда "жеке кабинеттен", сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы келісім берген жағдайда орындалады.

      Мәліметтер сұратылып отырған жеке тұлғаның келісімі (бас тартуы) электрондық сұрау салуды алған кезден бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі.

      Электрондық сұрау салу негізінде келісім алған кезде мәліметтер осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оны жіберген уақыттан бастап 15 (он бес) минуттың ішінде жауап беріледі.

      Уәкілетті адамның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, АЕА ААЖ арқылы қалыптастырылған мәліметтер немесе электрондық сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат порталда жеке тұлғаның "жеке кабинетінде" орналастырылады;

      3) анықтаманы алу үшін үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуды жолдау.

      Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты анықтама сұратылып отырған адам порталда "жеке кабинеттен", сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы келісім берген жағдайда орындалады.

      Анықтама сұратылып отырған жеке тұлғаның келісімі (бас тартуы) электрондық сұрау салуды алған кезден бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі.

      Электрондық сұрау салу негізінде келісім алған кезде анықтама оны жіберген уақыттан бастап 10 (он) минуттың ішінде, ал қосымша анықтайтын тексеру қажет болған жағдайдарда – 5 (бес) жұмыс күні ішінде не осы Нұсқаулықтың 17-тармағында көзделген жауап беріледі.

      Уәкілетті адамның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, АЕА ААЖ арқылы қалыптастырылған анықтама немесе электрондық сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат порталда жеке тұлғаның "жеке кабинетінде" орналастырылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Құқықтық статистикалық ақпараттардың электрондық жинақтарын жіберу

      30. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен құқықтық статистикалық ақпараттың электронды жинақтары (бұдан әрі – жинақ) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдарға жолданады.

      31. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары тоқсан сайын есепті мерзімнен кейінгі айдың 14-күніне электронды форматта:

      1) Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық пен құқық қорғау органдары және соттар қызметінің нәтижелері туралы;

      2) Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы;

      3) есірткі заттарының, психотроптық немесе улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар және қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер туралы;

      4) Қазақстан Республикасы соттарының жұмысы туралы;

      5) Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы жинақтарды жолдайды.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары жартыжылдық және жылдың қорытындысы бойынша есептілік мерзімінен кейінгі айдың 14 күніне электронды форматта Қазақстан Республикасының қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы жинақты жолдайды.

      33. Егер мерзімінің соңы жұмыс істемейтін күнге (демалыс, мереке күндеріне) келген жағдайда, онда мерзімнің соңғы күні осы күннен кейінгі бірінші жұмыс күні болып саналады.

  Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарының жеке және заңды
тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі
жөніндегі нұсқаулықтың
1-қосымшасы
  нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Соттылықтың болуы не болмауы туралы А Н Ы Қ Т А М А С П Р А В К А о наличии либо отсутствии судимости _______________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при его наличии) ________________________________________________________________________________ (туған жылы /дата рождения) _______________________________________________________________________________ (туған жері / место рождения)

      20___ жылғы "___"_________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар.

      По состоянию на "__" ________ 20__ года судимости не имеет / имеет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық-анықтамалық есепке алу мәліметтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайдаланылады.
Осы анықтамада көрсетілген мәліметтер қылмыстық істер бойынша процестік шешімді қабылдау кезінде, мемлекеттік фунцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға және оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты арнайы тексерулер жүргізу кезінде, сондай-ақ заңнамалық актілермен көзделген оларды қылмыстық жауаптылыққа тартумен байланысты шектеулер қойылған адамдарға қатысты қолдануға жатпайды.
ВНИМАНИЕ!!!
Сведения информационно-справочных учетов Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан используются в соответствии с действующим законодательством.
Указанные в настоящей справке сведения не подлежат использованию при принятии процессуальных решений по уголовным делам, при производстве специальных проверок в отношении лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций, и лиц приравненных к ним, а также в отношении лиц, подпадающих под ограничения, связанные с привлечением их к уголовной ответственности, предусмотренные законодательными актами.


      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бiрдей.

      Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.

      Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.

      Проверить подлинность электронного документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "электронного правительства".



      штрих-код "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасы бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.

      штрих-код содержит данные, полученные из автоматизированной информационной системы "Специальные учеты" и подписанный электронно-цифровой подписью начальника Управления Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

  Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу
органдарының жеке және
заңды тұлғаларға ақпараттық
-анықтамалық қызмет көрсетуі
жөніндегі нұсқаулықтың
2-қосымшасы
нысан

Соттылықтың болуы не болмауы туралы А Н Ы Қ Т А М А С П Р А В К А о наличии либо отсутствии судимости

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      ________________________________________________________________________________

      (туған жылы / дата рождения)

      ________________________________________________________________________________

      (туған жері / место рождения)

      20__ жылғы "__" ____________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар.

      По состоянию на "__" _________ 20_____года судимости не имеет / имеет.

      Осы анықтама шет елге шығу үшін беріледі. Настоящая справка выдается для выезда за границу.

      Басқарма бастығы__________________________________________________________

      Начальник управления______________________________________________________



      (форматтың мөлшері А 4) (размер формата А 4)

  Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарының жеке және
заңды тұлғаларға ақпараттық
-анықтамалық қызмет
көрсетуі жөніндегі
нұсқаулықтың
3-қосымшасы
нысан


Әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы МӘЛІМЕТТЕР СВЕДЕНИЯ о привлечении к административной ответственности

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      ________________________________________________________________________________

      (туған жылы / дата рождения)

      ________________________________________________________________________________

      (туған жері / место рождения)

      20___ жылғы "___" ______ жағдай бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы

      мәліметтер жоқ/бар:

      по состоянию на "___" "________" 20___ года сведений о привлечении к административной

      ответственности не имеется /имеются:



      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның

      7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.

      Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об

      электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на

      бумажном носителе.



      штрих-код "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттар жүйесінен алынған

      жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы

      еспеке алу жөніндегі комитет бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол

      қойылған деректерді қамтиды

      штрих-код содержит данные, полученные из автоматизированной информационной

      системы "Специальные учеты" и подписанный электронно-цифровой подписью

      начальника управления Комитета по правовой статистике и специальным учетам

      Генеральной прокуратуры Республики Казахстан

  Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарының жеке және
заңды тұлғаларға ақпараттық
-анықтамалық қызмет көрсетуі
жөніндегі нұсқаулықтың
4-қосымшасы
  нысан

Құқықтық статистикалық ақпараттардың электронды жинақтарының тізбесі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Құқықтық статистикалық ақпараттар жинақтарының атауы

Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Басшылық

Бас Прокурордың Аппараты

Қызмет (Департамент)

Құқық қорғау органдары академиясы

қылмыстық қудалау

заңды күшіне енген үкімдердің ззаңдылығын және олардың орындалуын қадағалау

қоғамдық мүдделерді қорғау

арнайы прокурорлар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық пен құқық қорғау органдары және соттар қызметінің нәтижелері туралы

7

1

1

1

1

1

1

1

1

1

2

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы

7

1

1

1

1


1

1

1

1

3

Есірткі заттарының, психотроптық немесе улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар және қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер туралы

7

1

1




1

1

1


4

Қазақстан Республикасы соттарының жұмысы туралы

7

1


1

1

1

1

1

1

1

5

Қазақстан Республикасы қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы

7

1

1



1

1

1

1

1

6

Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы

7

2

1

1

1

1

1

1

1

1

      кестенің жалғасы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы ның Мемлекеттік күзет қызметі

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1


1

1

1

1

1

1


1



1

1

1

1


1

1

1

1



1

1

1


1

1


1

1

1

1

1

1

1

1

1

1


1

1



  Казақстан Республикасы
  Бас Прокурорының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
2-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1) "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 14978 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 сәуірде жарияланған);

      2) "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 154 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 16148 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 18 қаңтарда жарияланған);

      3) "Құқықтық статистикалық ақпаратты қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 25 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 18554 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 29 сәуірде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады