"Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа дақызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26487 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі маман, аудармашы мамандар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14281 болып тіркелген) бекітілген барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында айқындалған.

      Басшылар мен мамандар, ғылыми қызметкерлер, бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы, мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандар және өзге де инженерлік-техникалық персонал лауазымдарының біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген) басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында айқындалған.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Лауазымдық міндеттері:

      Ойын-сауық және театрлық ойын-сауық ұйымының (бұдан әрі – Ұйым) шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді;

      мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді;

      қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақмерзімді репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға беруді (прокат), жаңа және қайта қойылатын қойылымдарды (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін) шығаруды ұйымдастырады;

      қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын қойылымдардың (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін) жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді;

      Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      директор орынбасарларына, шығармашылық, өндірістік бөлімшелердің басшыларына және Ұйымның лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі;

      шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;

      Ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады және бұзады;

      бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Білуі тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (бұдан әрі – Конституция);

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін (бұдан әрі – Бюджет кодексі);

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі);

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (бұдан әрі – Еңбек кодексі);

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) (бұдан әрі – дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидалары).";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Жарнама туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      қойылымдарды сахналық безендірудің барлық компоненттерін жасау және әзірлеу қағидаларын, декорация өнерінің тарихын, театр тарихын;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздерін, санитариялық қағидалар мен нормаларды;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын.";

      210-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "210. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Ветеринария туралы", "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      зоотехникалық және ветеринариялық қызмет негіздерін, жануарлар мен құстар биологиясын;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын.";

      284-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "284. Лауазымдық міндеттері:

      мекеменің өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, ұйым мүлкін сақтау және тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      ұйымның саясаты мен стратегиясын белгілейді, оның бөлімшелерінің музей қорын қалыптастыру, сақтау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекет және қоғам мүддесі үшін қорғау және пайдалану бойынша жұмысын үйлестіреді;

      музейдің (музей-қорықтың) жоспарларын, бағдарламалары мен жобаларын жасау және жүзеге асыруға басшылық етеді, қызмет бағыттары бойынша олардың орындалуы жөнінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді;

      ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік етеді, Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын, тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мен дәріптеуге бағытталған іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының және шет елдердің мәдениет және өнер ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

      ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша шараларды қолданады;

      директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың жетекшілері мен мамандары арасында жұмыстың жекелей бағыттарын бөледі;

      шарттарды жасайды және бұзады, мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, қажетті есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді, бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.";

      285-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "285. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – Азаматтық кодекс);

      Бюджет кодексін;

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін;

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс);

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын.";

      287-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "287. Лауазымдық міндеттері:

      өз қызметін бірінші басшының жалпы басшылығымен ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен өзара әрекеттестікте жүзеге асырады;

      қызмет бағыты бойынша тұжырымдамаларды, жоспарларды, бағдарламаларды және жобаларды жасауға қатысады, олардың орындалуы бойынша жұмыстарды бақылайды.

      музей ісі, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеулердің жүргізілуін, әдістемелік құралдардың жасалуын қамтамасыз етеді.

      олардың тұтастығы мен сақталымын, жағдайын және дұрыс есепке алынуын, консервациялануы мен қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді.

      қаржыны басқару жұмысына басшылық етеді;

      қаржы тәртібінің сақталуын, шарттық міндеттемелердің уақтылы және толықтай орындалуын, жеткізушілермен, тапсырыс берушілермен жасалатын қаржылық-шаруашылық операциялардың рәсімделуін қамтамасыз етеді;

      қаржылық қаражаттар қозғалысы жағдайын және мақсатты жұмсалуын, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелерін қамтамасыз етеді;

      келешекке арналған және ағымдағы қаржылық жоспарларының және ақша қаражаттары бюджетінің жасалуын қамтамасыз етеді;

      жарықтандыру, жылу беру, желдету, салқындату жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шаруашылық және техникалық қызметтер жұмысына басшылықты жүзеге асырады;

      ұйымның ішкі еңбек тәртіптемесі мен жұмыс тәртібін сақталуын қамтамасыз етеді;

      ұйым директоры шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      жұмыс орындарын аттестаттау және оңтайландыру жүргізу бойынша іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді, ұйымның құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеуді жүзеге асырады және оларды мекеме басшысына ұсынады.";

      312-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "312. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тараумен толықтырылсын:

      "8-1-тарау. Реставрациялау жұмыстары ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

      1-бөлім. Басшылық лауазымдары

      Параграф 1. Реставрациялау жұмыстары ұйымының директоры

      451-1. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін басқарады;

      ұйым мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын айқындайды, жарғылық қызметті жүзеге асыру кезінде, ғылыми-реставрациялау жұмыстарын орындау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін қорғау және пайдалану кезінде оның бөлімшелерінің, филиалдарының жұмысын үйлестіреді;

      ғылыми-реставрациялау жұмыстарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдалануға байланысты жоспарларды, бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға басшылық етеді;

      ғылыми-зерттеу қызметіне басшылық жасайды, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мен танымал етуге бағытталған іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының және шет елдердің мәдениет ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

      ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау жөнінде шаралар қабылдайды;

      директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың басшылары мен мамандары арасында жұмыстың жекелеген бағыттарын бөледі.

      451-2. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Бюджет кодексін;

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын.

      451-3. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      инженерлік, өңдеу және құрылыс (сәулет, құрылыс) және/немесе бизнес, басқару және құқық (экономика) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша мәдениет ұйымдарында және басшылық персонал лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

      Параграф 2. Реставрациялау жұмыстары ұйымы директорының орынбасары

      451-4. Лауазымдық міндеттері:

      өз қызметін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және филиалдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады;

      ұйым қызметінің бағыты бойынша тұжырымдаманы, жоспарларды, бағдарламаларды және жобаларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуы бойынша жұмысты бақылайды;

      ескерткіштерді зерттеу бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану мақсатында ғылыми-реставрациялау, зерттеу жұмыстары саласында әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысады;

      тарихи-мәдени мұра объектілерінің бүтіндігін және сақталуын, консервациялау мен реставрациялаудың жай-күйі мен оларды дұрыс есепке алуды қамтамасыз етеді;

      шарттық міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын, жеткізушілермен, тапсырыс берушілермен қаржылық-шаруашылық операциялардың ресімделуін қамтамасыз етеді;

      ұйымның перспективалық және ағымдағы жоспарларын құруды қамтамасыз етеді;

      ұйымның ішкі еңбек тәртібі мен жұмыс режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      ұйым директоры шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      аттестаттауды өткізу және жұмыс орындарын ұтымды ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді, ұйымның құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеуді жүзеге асырады және оларды ұйым директорына ұсынады.

      451-5. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Бюджет кодексін;

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын.

      451-6. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      инженерлік, өңдеу және құрылыс (сәулет, құрылыс) және/немесе бизнес, басқару және құқық (экономика) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет саласында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мәдениет ұйымдарында басшылық персонал лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

      Параграф 3. Реставрациялау жұмыстары ұйымы филиалының директоры

      451-7. Лауазымдық міндеттері:

      өз қызметін ұйым директорының жалпы басшылығымен жүзеге асырады, директордың орынбасарымен, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен өзара іс-қимыл жасайды;

      филиал мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      ұйым қызметінің бағыттары бойынша тұжырымдамаларды, жоспарларды, бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуы бойынша жұмысты бақылайды;

      филиалдың әкімшілік-шаруашылық және қаржы мәселелері бойынша жұмысты басқарады;

      ғылыми-реставрациялау жұмыстары барысында туындайтын жобалық шешімдердің өзгерістерін қарауға және келісуге қатысады (қажет болған жағдайда) материалдарды, бұйымдарды, конструкцияларды (ғылыми-реставрациялау жұмыстарының сапасын төмендетпей) ауыстыру жөніндегі мәселелерді жедел шешеді;

      қаржылық тәртіптің сақталуын, шарттық міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын, жеткізушілермен, тапсырыс берушілермен қаржылық-шаруашылық операциялардың ресімделуін қамтамасыз етеді;

      қаржы қаражатының қозғалысы мен мақсатты пайдаланылуының жай-күйін, филиалдың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін қамтамасыз етеді;

      филиалдың перспективалық және ағымдағы қаржы жоспарларын және ақша қаражатын жасауды қамтамасыз етеді;

      филиалды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау бойынша шаралар қабылдайды;

      қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау бойынша өндірістік және еңбек тәртібін сақталуын қамтамасыз етеді.

      451-8. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Бюджет кодексін;

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын.

      451-9. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      инженерлік, өңдеу және құрылыс (сәулет, құрылыс) және/немесе бизнес, басқару және құқық (экономика) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

      Параграф 4. Реставрациялау жұмыстары ұйымының құрылымдық бөлімшесінің (сектордың, бөлімнің, топтың) жетекшісі

      451-10. Лауазымдық міндеттері:

      құрылымдық бөлімшенің жұмысын басқарады, оның қызметін қамтамасыз етеді;

      жетекшілік ететін қызметкерлердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға бағыттайды;

      заңнама, жарғы, ішкі құжаттар, бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, шарттар мен басқа да ұйымда дайындалатын құқықтық сипаттағы құжаттардың талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

      ұйым меншігінің сақталуын қамтамасыз ету, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

      меншік нысанына қарамастан отандық және шетелдік ұйымдармен меморандумдардың, шарттардың және басқа да келісімдердің әзірленуіне және ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады;

      ұйымның банктерді қоса алғанда, мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, жеткізушілер, тапсырыс берушілер және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісім-шарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді;

      ұйымның қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық, әкімшілік, сыртқы байланыстарын жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын, қаржылық басқару және нарықтық жағдайларда жұмыс істеу, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу үшін құқықтық құралдарды пайдалануды қамтамасыз етеді;

      материалдық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру (материалдық ресурстарды үнемдеу, оларды сатып алумен, жеткізумен және сақтаумен байланысты шығындарды азайту, қымбат және тапшы материалдарды алмастыру, жергілікті ресурстарды, өндіріс қалдықтары мен қайталама шикізатты пайдалану) жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ материалдар мен өндірістік қорлардың шығыс нормаларын әзірлеуге және енгізуге қатысады;

      жеткізушілермен шаруашылық байланыстарды қалыптастыру және кеңейту, жаңа, неғұрлым тиімді тауар нарықтарын игеру, нарық конъюнктурасын қадағалау бойынша жұмысқа қатысады;

      ұйымды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеуге, оларға есептер мен негіздемелер дайындауға қатысады;

      құрылымдық бөлімшенің жұмысын регламенттейтін құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      қызметкерлердің (реставраторлардың) біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша, өрт, өндірістік қауіпсіздік және еңбек тәртібі жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      451-11. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Азаматтық кодексін;

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін;

      Бюджет кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын.

      451-12. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      инженерлік, өңдеу және құрылыс (сәулет, құрылыс) және/немесе бизнес, басқару және құқық (экономика, құқықтану) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

      2-бөлім. Реставрациялау жұмыстары ұйымы мамандарының лауазымдары

      Параграф 1. Археолог

      451-13. Лауазымдық міндеттері:

      археологиялық зерттеулер кешенін орындайды;

      далалық және камералдық жағдайларда археологиялық зерттеулер жүргізеді;

      қазба жұмыстарын, заттарды, археологиялық ақпараттар мен материалдарды жинауды, сондай-ақ оларды құжаттауды жүзеге асырады;

      табылған заттарды, ақпаратты және нақты материалдарды талдайды, жүйелейді, жинақтайды;

      зерттелетін ауданның графикалық археологиялық материалдарын (сызбалар, карталар, қималар, жоспарлар) жасайды;

      өз бетінше және мамандардың қатысуымен жұмыстардың археологиялық нәтижелері туралы есептер жасайды және басқа археологиялық материалдарды (хабарламалар, баяндамалар, есептер) әзірлейді;

      археологиялық жұмыстар бойынша әдістемелік ережелерді, нұсқаулықтар мен талаптарды сақтайды;

      заттар мен материалдар жинағын құрастырады, табылған заттардың сипаттамасын анықтайды.

      451-14. Білуі тиіс:

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      экономика және еңбек заңнамасының негіздерін;

      археологиялық зерттеулер жүргізу әдістеріне қатысты әдістемелік материалдарды;

      археологиялық зерттелгендігі және жұмыс ауданының археологиясы туралы мәліметтерді;

      археологиялық жұмыстардың даму перспективаларын, қазба жұмыстарына қойылатын талаптарын;

      археологиялық жұмыстарды жоспарлау және қаржыландыру тәртібін;

      археологиялық зерттеулерді жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін, ұйымдастыруын және құралдарын;

      археологиялық жұмыстардың түрлері мен тәсілдерін, сондай-ақ оларды өндіру техникасы мен технологиясының негізгі параметрлерін;

      археологиялық жұмыстар мен археологиялық материалдардың сапасына қойылатын талаптарды;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын.

      451-15. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      өнер және гуманитарлық ғылымдар (тарих, археология және этнология, музей ісі және ескерткіштерді қорғау) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.";

      көрсетілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрдің м.а.
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің м.а.
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына қосымша
Мемлекеттік мәдениет
ұйымдары басшылары,
мамандары және
басқа да қызметшілері
лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамаларына
қосымша

Қызметшілер лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші

№ п/п

Наименование должностей служащих

Страница

1

2

3

1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Ойын-сауық және театрлық ойын-сауық ұйымдардың (театрлар, концерттік ұйымдар, цирктер) басшылары, мамандары және басқа қызметшілері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

1.

Ойын-сауық және театрлық ойын-сауық ұйымдардың (театрлар, концерттік ұйымдар, цирктер) директоры

4

2.

Ойын-сауық және театрлық ойын-сауық ұйымдар (театрлар, концерттік ұйымдар, цирктер) директорының орынбасары

5

3.

Цирктің бағдарламаларды шығару бойынша шығармашылық ұжымының жетекшісі

6

4.

Бас режиссер

7

5.

Бас дирижер

8

6.

Бас балетмейстер

8

7.

Бас хормейстер

9

8.

Бас суретші

10

9.

Бас әкімші (спектальдерді, концерттерді, цирк көрсетілімдерін ұйымдастыру жөніндегі менеджер)

10

10.

Әдеби-драмалық бөлім меңгерушісі (жетекшісі)

11

11.

Музыка бөлімінің меңгерушісі (жетекшісі)

12

12.

Труппа меңгерушісі (жетекшісі)

12

13.

Көркемдік-қойылымдық бөлімінің меңгерушісі (жетекшісі)

13

14.

Өндірістік шеберхана меңгерушісі (жетекшісі)

14

15.

Театрлық ойын-сауық ұйымдардың (театрлар, концерттік ұйымдар, цирктер) топ (оркестр, ансамбль), бөлім жетекшісі

15

16.

Театрлық-концерттік ұйымдардың көркемдік жетекшісі

15

17.

Қоюшы-режиссер

16

18.

Режиссер

18

19.

Дыбыс режиссері

19

20.

Қоюшы-балетмейстер

20

21.

Театрдың (опера және балет, музыкалық комедия, музыкалық драма), цирктің балетмейстері

21

22.

Дирижер

23

23.

Хормейстер (хор дирижері)

24

24.

Қоюшы-суретші

25

25.

Суретші-гример

26

26.

Жарық түсіру бойынша суретші

27

27.

Суретші-бутафор

29

28.

Концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың), хордың, балеттің)

30

29.

Вокал (балет) бойынша үйретуші

31

30.

Сахналық қимылды үйретуші

32

31.

Цирк нөмірлерін үйретуші

33

32.

Сүйемелдеуші-концертмейстер

35

33.

Музыкатанушы-дәріскер

36

34.

Режиссердің көмекшісі

38

35.

Режиссердің (дирижердің, балетмейстердің, хормейстердің) ассистенті

39

36.

Театр (опера және балет, музыкалық комедия, сатира, драма, музыкалық драма, қуыршақтар) әртісі, әртісі-жеке орындаушысы (вокалшысы)

41

37.

Концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы)

42

38.

Балет (опера және балет, музыкалық комедия театры) әртісі

43

39.

Балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі

44

40.

Симфониялық (камералық) оркестр (ансамбль) әртісі

46

41.

Халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі

47

42.

Эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі

48

43.

Үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі

49

44.

Хор әртісі

50

45.

Театрдың (концерттік ұйымның, цирктің) қосалқы құрамының әртісі

51

46.

Концерттік және театрлық ойын-сауық ұйымдардың (театрдың, концерттік ұйымдардың, цирктің) арт-менеджері

53

47.

Шығармашылық ұжым (оркестр, балет, хор, режиссерлік басқарма) инспекторы

54

48.

"Жонглерлік" жанрының (ат үстінде, топтық, жеке) әртісі

55

49.

"Клоунада" жанрының (сатирикалық, музыкалық, музыкалық эксцентрика, клоун-жаттықтырушылар) әртісі

56

50.

"Сатира" жанрының әртісі

57

51.

"Атлетика" жанрының (күш жонглерлері, атлеттер) әртісі

58

52.

"Сиқыр" жанрының (иллюзия, манипуляция) әртісі

59

53.

"Эквилибристика" жанрының (партерлік, қол эквилибр, сырықпен және сатымен, ауыспалы сатыда, еркін тұратын сатыда, арқанда, шпрунг арқанда, сымда, қатты тартылған сымда, әлсіз тартылған сымда, шарларда, шарғыда, велофигуристер, әуе, штейн басқышта) әртісі

61

54.

"Гимнастика" жанрының (партерлік, белтемірде, сақинада, күш сақинасында, швунгті сақинада, әуе гимнастикасы, трапецияда, қос трапеция, топтық трапеция, швунгті трапеция, корд де воланда, тік арқанда, жиектемеде, бамбукте, ұшу, жалаң ұшу, айқасқан ұшу, топтық ұшу) әртісі

62

55.

"Жаттықтыру" жанрының (атты топ, ат үстіндегі жоғарғы мектеп, кабриолет, тандем, еркін жаттықтыру, аппортировка, топтық жаттықтыру, ұсақ жануарлар, ірі жануарлар, жыртқыш аңдар, құстар) әртісі

63

56.

"Акробатика" жанрының (партерлік, секіргіш, жеке секіру, топтық секіру, трамплиннен секіру, иық акробатикасы, лақтыратын тақтайлармен, икарий ойындары, батутта секіру, темптік және каскадтық, күштік, жұптық, топтық, пластикалық, дара, атпен, ат үсті акробатикасы, сальтоморталистер, жокейлер, па-де-де, па-де-тура, гротеск, вольтиж, шабандоздық, әуе, жиектемеде, штамбортта) әртісі

65

57.

Цирктің негізгі емес жанрларының (вентрология, имитаторлар, мнемотехника, роликпен жүгірушілер, тарелкалар, бұғалық, шеңберлер, стрелкалар) әртісі

66

58.

Цирк балетінің әртісі

67

59.

Цирк әртісінің ассистенті

68

60.

Театрлық ойын-сауық ұйымның (театрдың, концерттік ұйымның, цирктің) әкімшісі

70

61.

Музыкалық жетекші (редактор)

71

62.

Музыкалық әрлеуші

72

63.

Музыкалық дыбыс режиссері-көркемдеуші ((көркемдеуші), көркемдеуші-композитор (көркемдеуші), эстрада композиторы-көркемдеуші (көркемдеуші))

72

64.

Халық музыкасын зерттеу саласындағы музыкатанушы

74

65.

Декорация жөніндегі оператор (жарық аппаратурасы бойынша)

75

66.

Дыбыс жазу операторы (дыбыс операторы)

76

67.

Суфлер

77

68.

Әртіс-Конферансье

77

69.

Зоотехник

78

70.

Ветеринар дәрігер

79

71.

Зертханашы

81

72.

Киім қоймасының меңгерушісі

82

3-тарау. Кинематография ұйымдарының және кинотеатрлардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілерінің біліктілік сипаттамалары

73.

Кинематография ұйымының және кинотеатрдың директоры

82

74.

Кинематография ұйымы және кинотеатр директорының орынбасары

83

75.

Бас режиссер

85

76.

Бас дыбыс режиссері

86

77.

Бас кинооператор

87

78.

Бас суретші

88

79.

Құрылымдық бөлім жетекшісі (орталықтың, қызметтің, сектордың, бөлімнің, топтың, труппаның)

89

80.

Цех (учаске) меңгерушісі

89

81.

Кинотеатрдың бас әкімшісі

90

82.

Кино актері

91

83.

Кинорежиссер

93

84.

Монтаж режиссері

93

85.

Кинооператор

95

86.

Дыбыс режиссері

96

87.

Қоюшы-суретші

97

88.

Суретші-гримші

99

89.

Суретші-декоратор

100

90.

Костюмдер бойынша суретші

102

91.

Суретші

103

92.

Дыбыс операторы

104

93.

Билеттерді тексеруші

105

4-тарау. Музейлердің, музей-қорықтардың басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

94.

Музей (музей-қорық) директоры

105

95.

Музей (музей-қорық) директорының орынбасары

107

96.

Бас қор сақтаушы

108

97.

Бас редактор

109

98.

Бас суретші

110

99.

Музей (музей-қорық) филиалының меңгерушісі

111

100.

Музейдің (музей-қорық) құрылымдық бөлімшесінің (орталықтың, қызметтің, сектордың, бөлімнің, топтың) жетекшісі

112

101.

Қалпына келтіру шеберханасының меңгерушісі

113

102.

Қор сақтаушы

114

103.

Архивист

116

104.

Суретші-қалпына келтіруші

117

105.

Дизайнер, суретші-дизайнер

119

106.

Экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі суретші-әрлеуші

120

107.

Экскурсия жетекшісі

121

108.

Әдіскер

123

109.

Редактор

124

110.

Музей қараушысы

126

5-тарау. Кітапхана басшылары, мамандары және басқа қызметшілері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

111.

Кітапхана директоры (меңгерушісі)

127

112.

Кітапхана директорының (меңгерушісінің) орынбасары

128

113.

Кітапхананың құрылымдық бөлімшесінің (филиалдың, орталықтың, қызметтің, сектордың, бөлімнің, топтың) басшысы

129

114.

Кітапханашы

130

115.

Библиограф

132

116.

Әдіскер

133

117.

Мультимедиалық басылымдармен жұмыс жөніндегі кеңесші

135

6-тарау. Мәдени-демалыс ұйымдары басшылары, мамандары және басқа қызметшілері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

118.

Ұйым (Халық шығармашылығы үйі, Демалыс орталығы, Мәдениет (үйі) сарайы, мәдениет пен демалыс саябағы) басшысы

136

119.

Ұйым (Халық шығармашылығы үйі, Демалыс орталығы, Мәдениет сарайы (үйі), мәдениет және демалыс саябағы) басшысының орынбасары

137

120.

Планетарий директоры

138

121.

Ұйымның (Халық шығармашылығы үйі, Демалыс орталығы, Мәдениет (үйі) сарайы, мәдениет пен демалыс саябағы) құрылымдық бөлімшесінің (орталықтың, қызметтің, сектордың, бөлімнің, топтың)жетекшісі (басшысы)

139

122.

Астрономиялық алаңқай меңгерушісі

140

123.

Мәдениет және демалыс саябағын пайдалану бөлімінің меңгерушісі

140

124.

Клуб меңгерушісі

141

125.

Режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, концертмейстер, мәдени-демалыс ұйымының (көркемөнерпаздар ұжымы) көркемдік жетекшісі

142

126.

Қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі)

144

127.

Әдіскер

145

128.

Кітапханашы

147

129.

Мәдени ұйымдастырушы

148

130.

Бағдарлама жасау жөніндегі әдіскер

149

131.

Хореограф

150

132.

Би кешін жүргізуші (Диск-жокей)

151

133.

Сүйемелдеуші

151

134.

Суретші (суретші-безендіруші)

152

135.

Ұжым (үйірме) жетекшісі

154

7-тарау. Зообақ басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілердің біліктілік сипаттамалары

136.

Зообақ директоры

155

137.

Зообақ директорының орынбасары

156

138.

Ветеринариялық бөлімнің меңгерушісі

157

139.

Азықтандыру бөлімінің меңгерушісі

158

140.

Бөлімше (жыртқыштар, тұяқтылар, приматтар, құстар, жыртқыш құстар) меңгерушісі

159

141.

Ветеринариялық зертхананың меңгерушісі

160

142.

Зооасхана меңгерушісі

160

143.

Зоотехник

161

144.

Ветеринар-дәрігер

162

145.

Зертханашы

164

8-тарау. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау жөніндегі орталық (инспекция) басшыларының, мамандарының біліктілік сипаттамалары

146.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау жөніндегі орталықтың (инспекцияның) директоры

165

147.

Бас инспектор

166

148.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау жөніндегі орталықтың (инспекцияның) құрылымдық бөлімшесінің (орталықтың, қызметтің, сектордың, бөлімнің, топтың) жетекшісі

167

149.

Инспектор

168

8-1-тарау. Реставрациялау жұмыстары ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

150.

Реставрациялау жұмыстары ұйымының директоры

169

151.

Реставрациялау жұмыстары ұйымы директорының орынбасары

170

152.

Реставрациялау жұмыстары ұйымы филиалының директоры

171

153.

Реставрациялау жұмыстары ұйымының құрылымдық бөлімшесінің (сектордың, бөлімнің топтың) жетекшісі

172

154.

Археолог

173


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады