БҰЙЫРАМЫН:
1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 444 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15819 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жұмыс органы шетелдік жоғары оқу орындарының ресми сайттарынан және академиялық рейтингтерді жариялайтын агенттіктердің интернет-ресурстарынан алынған ақпарат негізінде талдау жасайды. Соның нәтижесінде "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келген жағдайда Тізімде қалыптастырылады:
оқу орны үш халықаралық академиялық рейтингтеріне және екі және одан да көп алғашқы 250 (екі жүз елу) позициялардың: Квакарелли Саймондс (QS World University Rankings) әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингі, әлем университеттерінің академиялық рейтингі (Academic Ranking of World Universities), Таймс басылымының дерегі бойынша әлемдегі үздік университеттер рейтингі (Times Higher Education World University Rankings) Тізімді жасау кезіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес қатарына кіреді.
Оқу орындарының тізіміне енгізу бойынша шешім қабылдау үшін ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы), БРҮҚОА (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) елдерінің алғашқы 20 (жиырма) ұлттық рейтингтері қатарынан жұмыс органының шешімімен консультативтік – кеңесші орган түрінде Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Жұмыс органы Комиссия шешімінің негізінде оқу орындарын Тізімге енгізеді.
Жұмыс органы Тізімге оқу орындарын Қазақстан Республикасы дамуының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына қарай Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия отырысының хаттамасы негізінде енгізеді.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |