"Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қаңтарда № 26560 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 99-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      ""электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банкроттың мүлкін сатуды банкроттықты басқарушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен банкроттың мүлкін сату жоспарына (бұдан әрі – Сату жоспары) сәйкес электрондық аукционды өткізу арқылы жүзеге асырады.

      4. Акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) стратегиялық объектілерге жатқызылған банкроттың мүлкін сату осы Қағидалардың талаптарына сәйкес электрондық аукцион өткізу жолымен "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 188-бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны иеліктен айыруға рұқсат беру туралы шешімін алғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Стратегиялық объектілерге жатқызылған банкроттың мүлкін сату "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 187-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мүліктік массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ сатып алушыларға қосымша талаптар белгiлеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін ескере отырып жүзеге асырылады.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Банкроттықты басқарушы Сату жоспарын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүліктік массаны түгендеу және бағалау деректері, сондай-ақ мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы кредиторлар комитеті шешімінің негізінде жасайды.

      8. Сату жоспарын осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, борышкердің кредиторлар комитеті бекітеді.";

      15-тармақ алып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сату жоспары бекітілгеннен кейін сатушы екі жұмыс күнінен кешіктірмей, тізілімнің веб-порталындағы деректер қорына әрбір лот бойынша мынадай ақпараттың енгізуін қамтамасыз етеді:

      1) сатушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) сатушының жеке сәйкестендiру нөмiрі (бұдан әрі - ЖСН);

      3) сатушының телефоны мен мекенжайы;

      4) банкроттың атауы/тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      5) борышкердің ЖСН немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - БСН);

      6) банкроттың заңды мекенжайы;

      7) сату объектісінің орналасқан жері;

      8) банкрот қызметінің негізгі бейіні;

      9) сату объектісі туралы мәліметтер (мүліктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі, қысқаша сипаттамасы, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқа);

      10) банкроттың банктік деректемелері;

      11) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.

      Енгізілген ақпаратқа қосымша сатушы деректер қорына мынадай құжаттардың сканерленген көшірмелерін енгізуді қамтамасыз етеді:

      1) сату объектісін бағалау туралы есеп (ол бар болса) не түгендеу актісін қоса бере отырып, кредиторлар комитетінің мүлікті теңгерімдік құны бойынша шығаруға келіскені туралы хаттамалық шешімі;

      2) электрондық аукционға қойылған сату объектісінің сыртқы сипаты мен техникалық сипаттамасын жан-жақты және көзбен қарап бағалауға мүмкіндік беретін кем дегенде 10 фотосурет;

      3) кредиторлар комитеті бекіткен Сату жоспары;

      4) кредиторлар комитеті отырысының Сату жоспарын бекіту туралы хаттамасы;

      5) сату объектілерінің құқық белгілейтін құжаттары, олардың негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туындайды, өзгереді және (немесе) тоқтатылады.

      Егер стратегиялық объектіге жатқызылған банкроттың мүлкі сатылатын болса деректер қорына осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген құжаттардың көшірмелері енгізіледі және мемлекеттік органдардың "Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысымен бекітілген Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларымен белгіленген тәртіппен алынған банкроттың мүлкіне құқықтарды іске асыруға жазбаша келісімі".";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Сатушы осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген мәліметтерді енгізгеннен кейін ұйымдастырушы тізілімнің веб- порталында электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін, мәліметтер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны қателердің болуына және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.";

      22-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сатушының аты, тегі, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) сату объектісі туралы мәліметтер (мүліктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі, қысқаша сипаттамасы, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқа);";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін ұйымдастырушы барлық ниет білдірушілерге тізілімнің веб-порталында орналастырылған лот бойынша ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сатушы барлық ниет білдірушілерге сату объектісіне еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      24. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу тізілімнің веб-порталында электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.";

      25-тармақта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламада мүліктік массаны сатып алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекше шарттар мен қосымша талаптар болған жағдайда, электрондық аукционға қатысушылар электрондық өтінімге өздерінің осы шарттар мен талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса тіркейді.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жабық электрондық аукционға қатысушылар электрондық өтінімге жабық электрондық аукцион шарттары мен талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса тіркейді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Деректер қорында ұйымдастырушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы электрондық өтінімді қабылдауды және қатысушыны электрондық аукционға жіберуді жүзеге асырады. Деректер қорында ұйымдастырушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының электрондық өтінімін қабылдамайды.";

      31-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Тізілім веб-порталының электрондық өтінімді қабылдаудан бас тартуына қатысушының осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ ұйымдастырушының шотына кепілді жарнаның:";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Электрондық аукционда жеңген қатысушының кепілді жарнасын ұйымдастырушы электрондық аукцион өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкердің шотына аударады және сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

      Осы тармақта көзделмеген қалған жағдайларда, ұйымдастырушы қатысушыларға кепілді жарналарды электрондық аукцион өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      Кепілді жарнаны аударуды және қайтаруды ұйымдастырушы тізілімнің веб-порталында қатысушының немесе сатушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық өтінішінің негізінде жүзеге асырады.";

      42-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) егер электрондық аукцион аяқталатын сәтте Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаған болса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Сатып алушы сатып алу-сату шартына осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген мерзімде қол қоюдан бас тартқан не сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған не осы Қағидалардың 52-тармағында көрсетілген құжаттарды сатушыға ұсынбаған жағдайда, сатушы кепілді жарнаны қайтармайды және тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын электрондық аукцион нәтижелерінің күші жойылғаны туралы актіге қол қояды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады