БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларын және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 135 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14842 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларында және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу шарттарында:
9-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |