Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларын және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу шарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14842 болып тіркелді.

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ көрсетілген қаулыға 13-қосымшаның 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қаржымен қамтамасыз ету департаменті (Б.Ш. Исенова) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 23 ақпандағы
№ 135 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін (бұдан әрі – қызметкерлер) мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу тәртібі мен шарттарын реттейді.

      2. Осы Қағидаларға сәйкес есептелетін мамандығы бойынша жұмыс өтілі және еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен есептеледі.

      3. Күнтізбелік айдың ішінде лауазымдық жалақысын арттыруға құқығы туындаған қызметкерлерге өтілін ескере отырып, лауазымдық жалақысын есептеу осы құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.

      4. Қызметкерлерге мамандығы бойынша жұмыс өтілін, жұмысшылар мамандандығының ұқсастығын және еңбек сіңірген жылдарын өтілді белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды.

      Өтілді белгілеу жөніндегі комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссияның үш және одан көп мүшелерінен тұрады, оның құрамын тиісті мемлекеттік мекеменің басшысы, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқарушы адам бекітеді.

      Қызметкерлерге мамандығы бойынша жұмыс өтілін және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдарын белгілеу туралы комиссияның шешімі еркін нысанда хаттамамен ресімделеді, жұмыс өтілі бұйрықпен жарияланады. Шешімнен үзінділер екі данада жасалады және кадр қызметі мен бухгалтерияға беріледі.

      5. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін және еңбек сіңірген жылдарын белгілеу үшін қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес айқындалады.

      6. Дәрігерлік, фармацевтикалық, орта және кіші медицина персоналы санатына жатқызылған ішкі істер органдары жүйесіндегі қызметкерлерге мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 2 тамыздағы № 685 бұйрығына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14205 болып тіркелген).

2-тарау. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу

      7. Қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі белгілі бір функционалдық блокқа, буынға және сатыға жатқызылған атқаратын лауазымға сәйкес олардың лауазымдық жалақасын анықтау мақсатында есептеледі.

      8. Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, мамандығы бойынша жұмыс істеген барлық жұмыс уақыты кіреді, сондай-ақ:

      1) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, Қарулы Күштердегі мерзімнен тыс қызметтегі әскери қызметшілердің, ішкі, шекара әскерлерінде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлімдерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде, "Сырбар" Қазақстан Республикасы Сыртқы барлау қызметінде және Қазақстан Республикасы Республикалық ұланында, Қазақстан Республикасы әскери-тергеу органдарында және Ұлттық ұланында нақты әскери қызметін өткеруі;

      2) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет өткеру;

      3) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінде, қаржы (салық) полициясының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінде және экономикалық тергеулер қызметі, азаматтық қорғау органдарында басшы құрам адамдарының (оның ішінде тағылымдамашы лауазымдарында) қызмет өткеру;

      4) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО сот аппараттарында жұмыс істеген;

      5) КСРО Мемлекеттік банкі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүйесінде жұмыс істеген;

      6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүктiлiгi мен босануы бойынша демалыс уақыты, сондай-ақ бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты;

      7) егер шетелге жіберер алдында қызметкер мемлекеттік органдарда жұмыс істеген болса және көшу уақытын есептемегенде, шетелден қайтып келген күнінен бастап екі ай ішінде мемлекеттік органға қызметке тұрса, шетелде жұмыс істеген;

      8) Қазақстан Республикасы Парламенті, Қазақстан Республикасы жергілікті өкілдік органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асыру;

      9) егер қызметкер курсқа түскенге дейін мемлекеттік органда жұмыс істесе және оны бітірген соң мемлекеттік органға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша жұмыстан қол үзіп оқыған;

      10) ұйымдарда ұқсас мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс;

      11) мемлекеттік қызметшінің лауазымға мемлекеттік қызметте болу уақыты қосылады.

      9. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 19.01.2022 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу

      10. Жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында көзделген мөлшерде негізгі лауазым бойынша тарифтік мөлшерлемеге (лауазымдық жалақыларға) пайызбен ай сайын төленеді.

      11. Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтіліне Қарулы Күштерде, басқа әскери және әскери құрамаларда, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының жүйесіндегі жұмыс уақыты қосылады.

      12. Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы төлеу тиісті мемлекеттік мекеме басшысының, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқарушы адамның бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады