БҰЙЫРАМЫН:
1. "Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидаларын және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 228 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16521 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабының 2-тармағына, 46-бабының 1-тармағына, 466-бабының 6-тармағына және 468-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкілетті кеден органының кедендік сараптама жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті кеден органы жүргізетін кедендік сараптама өзінің түрлері бойынша "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 466-бабының 5-тармағына, 470-бапқа сәйкес бөлінеді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Кедендік сараптамаға жолданған объектілерде жеткізу (тасымалдау) кезінде зақымдану, бүліну не ішінара жоғалу болған кезде, олар бойынша зерттеулер және (немесе) сынақтар жүргізілмейді. Бұл ретте зақымдану, бүліну не ішінара жоғалу фактілерін уәкілетті кеден органы фото және бейнетүсірілім түрінде тіркейді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Кедендік, оның ішінде қосымша және қайталама сараптама АСШ қабылдау кезіндегі кедендік сараптаманы жүргізуді қоспағанда, кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сараптама жүргізу үшін материалдар мен құжаттарды қабылдаған күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
АСШ қабылдау кезіндегі кедендік сараптама кедендік сарапшымен (сарапшымен) кедендік сараптама жүргізу үшін құжаттар мен материалдар қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Кедендік, оның ішінде қосымша және қайталама сараптама жүргізу мерзімі Кодекстің 468-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік сараптамаға келіп түскен құжаттар мен материалдар тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның жазбаша рұқсатымен мынадай жағдайларда:
1) кедендік сарапшының (сарапшының) кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органы алдында оған қосымша материалдарды, сондай-ақ сынамаларды және (немесе) үлгілерді беру туралы өтінішхаты болғанда.
Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі қосымша материалдарды, құжаттарды, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін алғанға дейін тоқтатыла тұрады. Егер аталған материалдар кедендік сарапшыға күнтізбелік отыз күн ішінде берілмесе, онда бұл жағдайда кедендік сараптама жүргізуден дәлелді бас тарту ресімделеді;
2) кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасынан зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында кедендік сараптамаға ұсынылған, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына қайтарылуға жататын тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу қажет болғанда.
Уәкілетті кеден органы кедендік сараптама тоқтатылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына, кедендік сараптамаға ұсынылған тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді, зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу үшін сұранысты жолдайды.
Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы кедендік сараптамаға ұсынылған тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді, зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында елеулі зақымдауға немесе жоюға сұранысты қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті кеден органына жауап жолдайды.
Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы кедендік сараптамаға ұсынылған тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді, зерттеу немесе сынақтар жүргізу барысында елеулі зақымдау немесе жоюдан бас тартқан жағдайда, уәкілетті кеден органымен бір жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы жүргізуден бас тарту ресімделеді;
3) кедендік сараптама жүргізуге кіріскен кедендік сарапшы (сарапшы) дәлелді себеппен болмағанда (еңбекке уақытша жарамсыздық, іссапар).
Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі кедендік сарапшы (сарапшы) болмаған кезде, күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады. Кедендік сарапшы (сарапшы) күнтізбелік он күннен артық мерзімде болмаған кезде, кедендік сараптаманы жүргізу басқа кедендік сарапшыға (сарапшыға) тапсырылады;
4) уәкілетті мемлекеттік кірістер органы өзге уәкілетті сараптамалық ұйымдарға (сарапшыларға) жүгінгенде;
5) мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптама жүргізу үшін тартқанда тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда кедендік, оның ішінде қосымша және қайталама сараптаманы тоқтата тұру мерзімі жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Қайталама кедендік сараптама, кедендік сараптаманы жүргізген кедендік сарапшыны (сарапшыны) қоспағанда, екі және одан көп кедендік сарапшылардан (сарапшылардан) тұратын комиссияға тапсырылады.
Қайталама кедендік сараптама жүргізу үшін комиссияның құрамына осындай сараптамаларды жүргізуде тәжірибесі бар бір мамандықтың сарапшылары кіреді.
Кедендік сарапшылар (сарапшылар) арасында кедендік сараптама нәтижелері әртүрлі болған кезде, олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі кедендік сарапшының (сарапшының) жеке қорытындысын ұсынады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімнің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 80 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 228 бұйрығына 2-қосымша нысан |
Кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім
ХХХХХ/ККААЖЖ/YY/ХХХХХХ
1. Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының атауы және
мекенжайы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2. "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) "176-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік декларация
(бұдан әрі – КД) № және "өзге құжаттардың № мен атауы"
__________________________________________________________________________
3. Кедендік сараптаманы жүргізу үшін негіз_____________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Кедендік сараптаманы жүргізудің мақсат_____________________________________
__________________________________________________________________________
5. Кодексінің 466-бабына сәйкес ______________________________________________
__________________________________________________________________________
(лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
ШЕШТІМ:________________________________________________________________
________________________________________________________кедендік сараптама
тағайындалсын, (Кодексінің 466-бабына сәйкес кедендік сараптаманың түрін көрсету)
оны жүргізуге______________________________________________________________
____________________________________________________________тағайындалсын.
(кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымның атауы)
6. Кедендік сарапшыны (сарапшыны) қасақана жалған кедендік сарапшы (сарапшы)
қорытындысын бергені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан
Республикасы Кодексінің 659-бабына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 420-бабына сәйкес жауапкершілігі туралы ескерту.
7. Кедендік сарапшының (сарапшының) алдына мәселелер қою:
1) _______________________________________________________________________
2) _______________________________________________________________________
3) _______________________________________________________________________
8. Тауардың атауы_________________________________________________________
(Кодексінің 176-бабының 6-тармағына сәйкес КД не өзге құжаттар бойынша)
9. Кедендік сарапшының (сарапшының) қарауына мынадай құжаттар ұсынылды:
1) _______________________________________________________________________
2) _______________________________________________________________________
3) ________________________________________________________________________
4) ________________________________________________________________________
10. Тауардың сынамалары, үлгілері, олардың саны_______________________________
11.Зерттеу материалдарының, құжаттарының, сынамалары мен үлгілерінің түрін
өзгертуі, ішінара немесе толықтай жойылуы, бұзылуы ___________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(рұқсат берілді/рұқсат берілмеді – керегін жазбаша толтыру)
12. Ораманың сипаттамасы немесе ораманың жоқтығы туралы белгі _______________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
13. Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органынының лауазымды
тұлғасы___________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, жеке нөмірленген мөр (ол болған кезде), немесе кедендік
сараптаманы тағайындаған органның мөрімен куәландырылған қолы)
14. Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды
тұлғасының қызметтік телефоны_____________________________________________
Аббревиатураларды ашып жазу:
Әрбір мемлекеттік кірістер органында кедендік сараптаманы тағайындау туралы
шешімнің нөмірі бірыңғай қалыптастыру тәртібінде белгіленеді:
ХХХХХ/ККААЖЖ/YY/XXXXXX, мұндағы:
1 2 3 4
1-элемент – кедендік мақсаттар үшін қолданылатын Қазақстан Республикасы
мемлекеттік кірістер органының коды (бес белгі);
2-элемент – күні (екі белгі), айы (екі белгі), жылдың соңғы екі саны;
3-элемент – шешімді қабылдау кезеңінің әріптік мағынасы (екі белгі)
ШД – тауарлар шығарылғанға дейін;
ШК – тауарлар шығарылғаннан кейін.
4-элемент – реттік нөмір (алты белгі, 000001 басталады күнтізбелік жылдың
1 қаңтарынан бастап).
Т.А.Ә. _____________________________________
Қолы ______________________________________
ЖНМ.