"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 ақпанда № 26774 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық парақ – таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) сайтында жарияланатын парақ;

      2) арнайы пән – қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының арнайы пәндері бойынша білімі мен құзыретті бағалауға бағытталған пән;

      3) ахуалдық орталық – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымда орналасқан, қағаз және электрондық форматтағы ҰБТ өткізу процесін бақылау үшін коммуникация құралдарымен жабдықталған зал;

      4) базалық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) – ҰБТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ-лар;

      5) базалық ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиясы – ҰБТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанындағы комиссия;

      6) бейіндік пән – таңдаған оқу бейініне сәйкес терең академиялық білімінің тұрақтылығын анықтайтын пән саласындағы білім мен құзыретті барынша толық бағалауға бағытталған оқу пәні;

      7) жалпы кәсіптік пән – қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының жалпы кәсіптік пәндері бойынша білім мен құзыретті бағалауға бағытталған пән;

      8) жауап парағы – түсуші тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейтін ҰБТ нәтижелерін бағалауға арналған арнайы бланк;

      9) жауап парақтарының көшірмесі – тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған құжат болып табылмайтын ҰБТ-дан кейін балдарды өз бетінше санауға арналған бланк;

      10) желілік ЖЖОКБҰ -лар – ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ -лар;

      11) желілік ЖЖОКБҰ -лардың қабылдау комиссиясы – ҰБТ-ға қатысу үшін түсушілерден құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанындағы комиссия;

      12) қағаз форматтағы ҰБТ – әрбір тестіленушіге сұрақ кітапшасын және жауап парағын беру жолымен жүргізілетін тестілеу;

      13) нұсқаларды тарату парағы – қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша даярлықтың ұқсас бағыттарына түсушілер үшін кітапша нұсқасының аудиториядағы белгілі бір орын нөміріне бекітілгендігі туралы ақпаратты қамтитын парақ;

      14) отырғызу парағы – түсушілерді аудиторияда орындар бойынша бөлу парағы;

      15) тестілеу әкімшісі – ҰБТӨП-те ҰБТ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады және аудитория мен дәліз бойынша кезекші қызметін атқарады;

      16) ҰБТ – ЖЖОКБҰ-ға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;

      17) ҰБТӨП – ҰБТ өткізу пункті;

      18) шекті балл – республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсуге жол беретін әрбір пән бойынша және тестілеудің барлық пәндері немесе пәндері бойынша және білім берудің жекелеген салалары мен ЖЖОКБҰ-лар бойынша Үлгілік қағидаларда белгіленген балдардың ең төменгі сомасы;

      19) электрондық сертификат – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын ҰБТ балдарын ресми растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі – сертификат). Сертификат ҰБТ қағаз форматта өткізілген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде, ҰБТ электрондық форматта өткізілген кезде 30 (отыз) жұмыс күн ішінде Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады;

      20) электрондық форматтағы ҰБТ – әрбір тестіленуші үшін компьютерді пайдалану жолымен өткізілетін тестілеу;

      21) тіркеу файлы (лог) - хронологиялық тәртіпте тестіленушінің әрекеттері туралы жазбалар бар файл.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қағаз және (немесе) электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 44 бұйрық) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжаты бар болған жағдайда құжатты ҰБТ-ға өтініш беру бағдарламалық жасақтамасына жүктейді және мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

      1) жеке аудиторияның;

      2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекші және (немесе) көру функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның;

      3) тестілеу тапсыру кезінде қосымша уақыт бөлудің қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтініш бере алады.

      5. ҰБТ қағаз немесе электрондық форматта Ұлттық тестілеу орталығымен ҰБТӨП базасында немесе базалық ЖЖОКБҰ-да немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда өткізіледі.

      ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау (қағаз және электрондық форматта) сайтта онлайн режимде жүзеге асырылады www.testcenter.kz Ұлттық тестілеу орталығы.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. SAT - ЭсЭйТи (Scholastic Assessment Test), ACT – ЭйСиТи (American College Testing), IB - АйБи (International Baccalaureate) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша халықаралық стандартталған тестілеудің нәтижелері мен шекті балдары бар пәндер бойынша ҰБТ тапсырудан босатылады және Үлгілік қағидаға сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатыса алады және (немесе) ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдана алады.

      SAT балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) SAT reasoning (ризонинг) және SAT subject (сабджект) сертификатары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырады және SAT subject балдары бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ҰБТ балдарына ауыстырылады;

      2) SAT reasoning сертификаттары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырады.

      ACT балдары Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.

      IB балдары Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін және республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде қабылдау кезінде SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тестілерінің сертификаттары бар адамдарға балл Үлгілік қағидалардың 4-1 тармағына және 2-1-қосымшасына сәйкес (оқу сауаттылығы бойынша) есептеледі, бұл ретте SAT reasoning сертификатының балдары ғана ескеріледі.

      SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-ға өтініштер қабылдау базасына сертификаттардың көшірмелерін қағаз форматтағы ҰБТ үшін күнтізбелік жылғы 1 және 30 сәуір аралығында және электрондық форматтағы ҰБТ үшін күнтізбелік жылғы 1 мамыр бен 10 маусым аралығындағы мерзімдерде мәліметтер енгізуі және өтініш беруі қажет. Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.

      ҰБТ – ға өтініштер қабылдау аяқталғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы күнтізбелік жылдың 30 маусымға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тестілерінің сертификаттары бар адамдардың тізімін және олардың сертификаттарының көшірмелерін қарауға ұсынады. Шешім шығарылғаннан кейін сертификаттар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (www.testcenter.kz) 3 (үш) жұмыс күні ішінде жарияланады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. ҰБТ-ға қатысу үшін қағаз немесе онлайн режимде өтініш білдіріп, оның нәтижелері бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысатын түсушілерге, рұқсаттамада немесе жеке кабинетінде көрсетілген күні тестілеуге қатыспаған болса, тестілеу өткізілетін күндері аудиторияда (қағаз форматта тестілеу тапсыру тіліне сәйкес) орын болған жағдайда және келесі дәлелді себептер бойынша ҰБТ-ны өткізу кезеңінде келесі күндердің бірінде қатысу мүмкіндігі беріледі:

      1) денсаулық жағдайы бойынша "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 026/е нысанға сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда;

      2) тізбесі "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес айқындалған жақын туыстарының қайтыс болуын растайтын құжаттар болған кезде;

      3) төтенше жағдайлар кезінде.

      Бұл ретте:

      қағаз форматтағы ҰБТ кезінде түсуші тиісті құжаттарын тіркей отырып мемлекеттік комиссия төрағасының атына ҰБТ-ны қайта тапсыруға өтініш береді;

      электрондық форматтағы ҰБТ кезінде түсуші тиісті құжаттарын тіркей отырып Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына ҰБТ-ны қайта тапсыруға өтініш береді.";

      73, 74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның оң шешімі туралы ұсыныстардың негізділігін қарастырып, шешім шығарады.

      Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      Өтінімді қайта берген кезде республикалық апелляциялық комиссияның шешімі қайта қарауға жатпайды.

      Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылған осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.

      ҰБТӨП пен базалық ЖЖОКБҰ-дағы апелляциялық комиссия түсушіге апелляция қорытындысы туралы хабарлайды.

      74. Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттар қабылдау онлайн режимде осы Қағидаларға 3-қосымшаға немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгіге сәйкес мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 24 желтоқсан мен 21 қаңтар аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;

      2) күнтізбелік жылғы 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;

      3) күнтізбелік жылғы 1 мамыр мен 10 маусым аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;

      4) күнтізбелік жылғы 15 шілде мен 30 шілде аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін.

      Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн режимде өтініш беру кезінде түсуші тестілеу күнін және уақытын таңдай алады.

      Электрондық форматтағы ҰБТ мынадай мерзімдерде өткізіледі:

      1) күнтізбелік жылғы 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;

      2) күнтізбелік жылғы 1-31 наурыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;

      3) күнтізбелік жылғы 1-30 маусым аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;

      4) күнтізбелік жылғы 10-20 тамыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін.

      75. ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде оқуға түсушілер ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте оқуға түсушінің жеке басын көлемді-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы және жеке басын растайтын құжат негізінде және он алты жасқа толмағандарға орта білім беру ұйымын ағымдағы жылы аяқтайтыны туралы анықтамасы негізінде сәйкестендіру жүргізіледі.

      Тестілеуге қосу кезінде қолмен және рамалық типтегі металл детекторлар қолданылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеу өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа ақпаратты тасымалдау функцияларымен жабдықталған ұялы байланыстың мынадай тыйым салынған заттарын, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект). Сонымен қоса, келесі заттарды тестілеу ғимаратына кіргізуге тыйым салынады:

      шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор және басқалар.

      Тестілеуге жіберу барысында металл іздегішпен тексеру жүргізу кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ҰБТ өткізу пунктінің ғимаратына (электрондық форматта) металл іздегішпен анықталған кезде түсушіні ғимараттан шығару туралы" акт жасайды және түсуші осы тестілеуге және осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген ҰБТ өткізу кезеңінде өтетін тестілеуге жіберілмейді, сондай-ақ білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа жіберілмейді.

      Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда тестілеу әкімшісі осы Қағидалардың 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адамды анықтау актісін (электрондық форматта)" жасайды, оқуға түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.

      Тестілеуді өткізу кезінде аудиторияның (компьютерлік сыныптың) және бейнебақылаудың ауданына байланысты рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады.";

      78, 79, 80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Тестілеуді бастау үшін түсушіге:

      компьютер экранындағы өрісте жеке сәйкестендіру нөмірі мен паролін көрсету;

      компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өту;

      "ҰБТ тестілеу" интерфейсін ашу;

      тестілеу тапсыру тілін таңдау, бұл ретте тестілеу басталғаннан кейін тестілеуді тапсыру тілі өзгермейді;

      бейіндік пәндер комбинациясын таңдау және таңдау дұрыстығын растау;

      ҰБТ тапсыруға кірісу.

      Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді.

      ҰБТ өткізу пунктінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, Ұлттық тестілеу орталығының келісімен тестілеу администраторы мен аймақтық мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 32-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасай отырып, тестілеу процесін тоқтатады (күшін жояды) және басқа күнге ауыстырады. Тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт тестілеу администраторымен және аймақтық мемлекеттік комиссиямен бірлесіп жасалады.

      Тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауы болған жағдайда түсуші тестілеу администраторына хабарлау қажет. Тестілеу администраторы бақылаушылармен бірлесіп, осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауын анықтау актісін жасайды.

      79. ҰБТ ұзақтығы - 240 минут (4 сағат).

      Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін жаттығуларға арналған 2 минут көлемінде үзіліс жүзеге асырылады.

      120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін жаттығуларға арналған 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

      180 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы – 70 минут.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ – ның білім алушылары және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндер үшін тестілеу ұзақтығы-130 минут.

      Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 120 минут (2 сағат) бөлінеді.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас даярлау бағыттары бойынша түсушілер үшін-80 минут.

      Мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) үшін тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі.

      80. Электрондық форматтағы ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге:

      аудиториядан (компьютерлік сыныптан) дәліз кезекшісінің функциясын атқаратын тестілеу администраторының рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;

      аудиториядан 10 минуттан артық шығуға;

      сөйлесуге, орын ауыстыруға;

      құжаттармен, кез-келген тыйым салынған заттармен және түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парағымен алмасуға;

      құжаттарды және А4 форматындағы парағын аудиториядан шығаруға;

      ғимаратқа және аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) оқу-әдістемелік әдебиеттерді, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін, калькулятор, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), шпаргалкаларды алып кіруіне және қолдануына рұқсат етілмейді;

      тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шулауға;

      тестілеу басталар алдында берілген А4 форматындағы қағаздарын өзімен бірге алып кетуге;

      тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;

      тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;

      тестілеу жүйесіне араласу әрекетіне және тестілеуден өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға рұқсат етілмейді.

      Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.

      81. Түсуші осы Қағидалардың 80-тармағын бұзған жағдайда, тестілеу әкімшісі тестілеуді байқаушылармен бірлесіп аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған (электрондық формат) және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы актісін осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды. Түсуші осы тестілеуге, сондай-ақ білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа жіберілмейді. ";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. ҰБТ өткізу үшін жергілікті жерлерде уәкілетті органмен бекітілетін ҰБТ ұйымдастыру жөніндегі аймақтық мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі – аймақтық мемлекеттік комиссиялар) құрылады.

      Аймақтық мемлекеттік комиссияның төрағасы жоғары оқу орындарының басшылары немесе қалалық, аудандық білім бөлімдерінің (басқармаларының) басшылары тағайындалады.

      Аймақтық мемлекеттік комиссияның құрамына облыстар немесе республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері кіреді.

      Бұл ретте аймақтық мемлекеттік комиссия құрамына күнтізбелік жылы жақын туыстығы Кодекспен белгіленген ҰБТ тапсыратын адамдардың туыстары кірмейді.

      Аймақтық мемлекеттік комиссия мүшелерінің саны бес адамды құрайды.

      Аймақтық мемлекеттік комиссия:

      1) ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 264 "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығымен алынып тасталды;

      2) тестілеуге кіргізу, сондай-ақ тестілеуді өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді;

      3) ҰБТ өткізу пунктеріндегі санитарлық-профилактикалық шаралардың сақталуы бойынша жоспарды жергілікті жердегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігермен келісуді;

      4) ҰБТ өткізу кезінде медициналық қызметкерлермен және психологпен жұмысты;

      5) көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған мүгедектер мен мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы белгіленген құжатты көрсеткен жағдайда ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пән мұғалімі болып табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беруді;

      6) тестілеу әкімшісімен бірлесіп электр қуаты ажыратылған немесе нәтижесінде тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасауды ұйымдастырады.

      Бұл ретте аймақтық мемлекеттік комиссия төрағасы мен мүшелері тестілеу өткізу барысына қатыса алмайды.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Осы Қағидалардың 81 және 82-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады. Электр қуаты ажыратылған жағдайда, тестіленушінің жұмыс орнында тестілеу процесі туралы деректер (тест тапсырмаларына бұрын белгіленген жауаптар, тестілеудің пайдаланылған уақытының саны) сақталады. Тестілеуді одан әрі жалғастырған кезде тестіленуші тестілеу процесі үзілген жерден тестілеу процесін жалғастырады.

      Тестілеуді басқа күнге ауыстырған жағдайда тестіленушінің тестілеу тоқтатылғанға дейінгі тест тапсырмаларына бұрын белгіленген жауаптары сақталмайды.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Ғимаратқа кіруге арналған есіктер бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте өткізу барысы, сонымен қатар тестілеуден кейінгі пайдаланылған кітапшалар сақталған бөлменің бейнебақылау жазбасы ҰБТ аяқталғаннан кейінгі 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Ұлттық тестілеу орталығының мұрағатына тапсырылады.

      Электрондық форматтағы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүргізеді.

      ҰБТ-да Қағидалардың 75 және 80-тармақтарында көрсетілген тыйым салынған заттарды пайдаланғандығы және (немесе) әрекеттері анықталған жағдайда немесе тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру нәтижесі бойынша Ұлттық тестілеу орталығы Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт (электрондық формат) жасайды және растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт (электрондық формат) және растайтын материалдар білім беру саласындағы уәкілетті органмен құрылған комиссияның қарауына ұсынылады.

      Комиссияның шешімімен тестілеу нәтижелері (ҰБТ балдары), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері (білім беру грантын беру туралы куәлік) білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері жергілікті атқарушы органның қаулысымен күнтізбелік жыл бойына нәтижелері жойылады.

      Тестілеу нәтижелері (ҰБТ балдары) және (немесе) білім беру грантын беру туралы куәлікті жойылғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы түсушілерге жеке кабинеті арқылы хабарлама жібереді.";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      Өтінімді қайта берген кезде республикалық апелляциялық комиссияның шешімі қайта қарауға жатпайды.

      Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның төрағасы және мүшелерінің қолымен расталған осы Ереженің 36-қосымшасына сәйкес форма бойынша хаттамамен ресімделеді. Республикалық апелляциялық комиссияның хаттамалары бір жылға тестілеуді ұйымдастыруға жауапты ұйымда сақталады.

      Апелляция нәтижесі түсушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Ақпараттық жүйеде түсушінің Т. А. Ә. (бар болған жағдайда) оның жеке басын куәландыратын құжаты бойынша жүргізіледі";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакциядағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакциядағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 34-қосымша жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакциядағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 32-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 42 бұйрығына
1-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
1-қосымша

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламалары тобы

Бейіндік пәндер

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

В001

Педагогика және психология

Биология

География

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Биология

География

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Биология

География

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Математика

Физика

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Физика

Математика

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

Математика

Информатика

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

Химия

Биология

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

Биология

Химия

В014

География мұғалімдерін даярлау

География

Дүниежүзі тарихы

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Орыс тілі

Орыс әдебиеті

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы

В019

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Биология

География

В020

Арнайы педагогика

Биология

География

В021

Орындаушылық өнер

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В022

Музыкатану

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В023

Режиссура, арт-менеджмент

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В024

Өнертану

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В025

Дирижирлеу

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В026

Композиция

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В027

Театр өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В028

Хореография

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В030

Бейнелеу өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В031

Сән, дизайн

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В032

Философия және этика

Дүниежүзі тарихы

География

В033

Дінтану және теология

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В034

Тарих және археология

Дүниежүзі тарихы

География

В035

Түркітану және шығыстану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В036

Аударма ісі

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы

В037

Филология

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс әдебиеті

В038

Әлеуметтану

Математика

География

В039

Мәдениеттану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В040

Саясаттану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В140

Халықаралық қатынастар және дипломатия

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В041

Психология

Биология

География

В042

Журналистика және репортер ісі

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В043

Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс әдебиеті

В044

Менеджмент және басқару

Математика

География

В045

Аудит және салық салу

Математика

География

В046

Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Математика

География

В047

Маркетинг және жарнама

Математика

География

В048

Еңбек дағдылары

Математика

География

В049

Құқық

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

В050

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Биология

Химия

В051

Қоршаған орта

Биология

География

В052

Жер туралы ғылым

Математика

География

В053

Химия

Химия

Биология

В054

Физика

Физика

Математика

В055

Математика және статистика

Математика

Физика

В056

Механика

Математика

Физика

В057

Ақпараттық технологиялар

Математика

Информатика

В058

Ақпараттық қауіпсіздік

Математика

Информатика

В059

Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

Математика

Физика

В060

Химиялық инженерия және процестер

Химия

Физика

В061

Материалтану және технологиялар

Математика

Физика

В062

Электр техникасы және энергетика

Математика

Физика

В063

Электр техникасы және автоматтандыру

Математика

Физика

В064

Механика және металл өңдеу

Математика

Физика

В065

Автокөлік құралдары

Математика

Физика

В066

Теңіз көлігі және технологиялары

Математика

Физика

В067

Әуе көлігі және технологиялары

Математика

Физика

В167

Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану **********

Математика

Физика

В068

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Биология

Химия

В069

Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

Математика

Физика

В070

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

Математика

Физика

В071

Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Математика

Физика

В072

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Химия

Биология

В073

Сәулет

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В074

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Математика

Физика

В075

Кадастр және жерге орналастыру

Математика

География

В076

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Математика

Физика

В077

Өсімдік шаруашылығы

Биология

Химия

В078

Мал шаруашылығы

Биология

Химия

В079

Орман шаруашылығы

Биология

География

В080

Балық шаруашылығы

Биология

Химия

В081

Жерге орналастыру

Математика

Физика

В183

Агроинженерия

Математика

Физика

В082

Су ресурстары және суды пайдалану

Математика

Физика

В083

Ветеринария

Биология

Химия

В084

Мейіргер ісі

Биология

Химия

В085

Фармация

Биология

Химия

В086

Жалпы медицина

Биология

Химия

В087

Стоматология

Биология

Химия

В088

Педиатрия

Биология

Химия

В089

Қоғамдық денсаулық сақтау

Биология

Химия

В090

Әлеуметтік жұмыс

Биология

География

В091

Туризм

География

Шетел тілі

В092

Тынығу

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В093

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

География

Шетел тілі

В094

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Математика

Физика

В095

Көлік қызметтері

Математика

География

В096

Құқық қорғау қызметі

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

В097

Өрт қауіпсіздігі

Математика

Физика

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 42 бұйрығына
2-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 34-қосымша

      Нысан

Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған (электрондық формат) және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы
Акт

      _______________________________________________________________
(Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті атауы)

      "____"_________________20____жыл. ___________сағат______минут
Тестілеу администраторы________________________________________
(Т.А.Ә.(бар болған жағдайда))
Бақылаушы ____________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Тестілеу уақытында түсушіден:Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ___________________________,
Тестіленушінің жеке сәйкестендіру нөмірі_________________ №___ аудитория, №___ орын,
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларының 81-тармағының бұзылғандығын
дәлелдейтін төмендегі заттар табылды:
__________________________________________________________________
(табылған заттың атауы, маркасы, саны.) және / немесе тестілеу жүйесіне сырттан араласу
әрекеті және өзге де бұзушылықтар) Аталған деректі ескере отырып шешім қабылдады:
тестілеу материалдарын алу; түсушіні: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _______________,
тестіленушінің жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________ №_____ аудиториядан
шығару және тестілеу нәтижелерін жою.
|Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)_________________________________________,
Тестіленушінің жеке сәйкестендіру нөмірі___________________________
__________________________________________________________________
(осы актіні құрған тұлғалардың, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолдары)
Актімен таныстым: _______________________________________________________________
(түсушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы)
Актімен таныстым:
Тестілеу администраторы ________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы)
М.О ҰБТӨП
Күні:__________________

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 42 бұйрығына
3-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
32-1-қосымша
  Нысан

Тестілеу процесін тоқтату және басқа күнге ауыстыру актісі

      _______________________________________________________________
(Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінің атауы)
Күні "____"___________ 20_____ жыл. Уақыты "_______" сағат " ____" минут
Аймақтық мемлекеттік комиссияның төрағасымен ____________________________________,
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Тестілеу администраторымен ______________________________________,
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Бақылаушымен ______________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
тестілеу кезінде тестілеу процесін тоқтату және басқа күнге ауыстыру актісі жасалынды:

ҰБТӨП коды

ҰБТӨП атауы

Күні

Тестілеуді тоқтатудың және басқа күнге ауыстырудың уақыты

Тестілеуді тоқтатудың және басқа күнге ауыстырудың себебі











      Актімен танысты:
________________________________________________________________________________
(Аймақтық мемлекеттік комиссияның төрағасының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы)
_______________________________________________________________
(Тестілеу администраторының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы)
_______________________________________________________________
(Бақылаушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы) МӨ ҰБТӨП

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады