"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 11 ақпандағы № 42/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 ақпанда № 26824 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі:

      33-тармақ алынып тасталсын;

      73-тармақ алынып тасталсын;

      178-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

178.

00701001

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу

Жеке тұлғалар

Еңбекмині

Халықты жұмыспен қамту орталығы

Мемлекеттік корпорация, Халықты жұмыспен қамту орталығы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде


"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген.

  ";

      179-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

179-1.

00701003

Жұмыссыздарды тіркеу

Жеке тұлғалар

Еңбекмині

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

Халықты жұмыспен қамту орталығы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы"

Тегін

Электронды (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде


"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 13 шілдеде № 17199 болып тіркелген.

  ";

      179-2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

179-2.

00701004

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру

Жеке тұлғалар

Еңбекмині

Халықты жұмыспен қамту орталығы

Мемлекеттік корпорация, халықты жұмыспен қамту орталығы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде


"Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 наурызда № 22394 болып тіркелген.

  ";

      622-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

622.

02301001

Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, жою және қайта ресімдеу

Жеке және заңды тұлғалар

ЦДИАӨМ

ЦДҚАӨМ Телекоммуникациялар комитеті/"МРҚ"РМК/ӨБИ

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

Ақылы

Электронды (толық автоматтандырылған)


"Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10730 тіркелді.

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті:

      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
Министрінің міндетін атқарушы
А. Оразбек
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады