БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 112-бабына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында:
17 және 18-тармақтары алып тасталсын;
24-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының игерілмеуі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының және төленген міндеттемелердің, бюджет қаражатының үнемделуінің, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің бөлінбеген қалдықтары арасындағы айырма ретінде айқындалады.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. 1-МББӘ нысаны бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есеп АЖ-ды қолдана отырып жасалады.
1-МББӘ және 1-МУО нысандары мынадай түрде толтырылады:
1) 1-11, 13, 14-бағандарды толтырылмайды (осы бағандардың мазмұны АЖ-дан автоматты түрде алынады) және түзету құқығынсыз оқу режимінде пайдаланылады;
2) 12-бағанда бюджет шығыстары жөніндегі бір жылдағы күтілетін атқарылуды әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша 1 тамыздағы жағдай бойынша және ағымдағы жылдың соңына дейін бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептен бастап көрсетіледі;
3) 15-бағанда төлемдер бойынша жоспардың орындалмауы көрсетіледі;
4) 17-19-бағандарда қалыптасқан бюджет қаражатын жалпы үнемдеу сомасы 16-бағанда көрсетіледі;
5) 17-бағанда мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша бюджет қаражатын үнемдеу көрсетіледі;
6) 18-бағанда ЕТҚ бойынша үнемдеу көрсетіледі;
7) 19-бағанда өзге де бюджет қаражатын үнемдеу көрсетіледі;
8) 20-бағанда Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервінің бөлінбеген қалдығы көрсетіледі;
8-1) 21-бағанда Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің бөлінбеген қалдығы көрсетіледі;
9) 22-бағанда есепті кезеңде бюджет қаражатының игерілмеу көлемі көрсетіледі;
10) 23-26-бағандарда Нұсқаулықтың 29-тармағында жазылған жеке, себептер бойынша қалыптасқан сомалар көрсетіледі;
11) 27-28-бағандарда ай сайын есепті кезеңде игерілмеу және есепті кезеңде міндеттемелердің уақтылы қабылданбау не қабылданбау себептерінің негіздемелері көрсетіледі.";
49-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Осы Нұсқаулыққа 21-қосымшаға сәйкес 4-ББІА нысан бойынша өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру туралы есеп былайша толтырылады:
"Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы" деген жолда бірыңғай бюджетттік сыныптамаға сәйкес бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң толық атауы және оның коды көрсетіледі;
"Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы" деген жолда бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды және атауы көрсетіледі;
"Бюджеттiк бағдарламаның түрi" деген жолда "мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай", "мазмұнына қарай", "iске асыру тәсiлiне қарай" "ағымдағы/даму" деген жолдар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10176 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламадан (бұдан әрі – бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарлама) деректер көрсетіледі;
"Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты" деген жолда бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзу болжанатын мемлекеттік органның даму жоспарының стратегиялық мақсаттарымен, облысты, республикалық маңызы бар қаланы дамыту жоспарының мақсаттарымен, мемлекеттік органдардың ережелерінде және басқа да нормативтік құқықтық актілерде айқындалған өкілеттіктермен байланыстырылған белгiлi бiр нәтиже келтіріледі (бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) сәйкес);
"Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)" деген жол бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) сәйкес толтырылады;
"Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстарының жиыны" деген жолда есепті қаржы жылындағы жоспарлы және нақты бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың қорытынды сомасы мың теңгеде көрсетіледі;
"Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері" деген жолда мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізумен негізделген мемлекеттік органның даму жоспардың, облысты, республикалық маңызы бар қаланы дамыту жоспардың және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуді сандық өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіштері көрсетіледі. Жоспарлы көрсеткіштер бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) сәйкес толтырылады.";
50-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткіштері:
бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар (бұдан әрі – БИЖ) бөлінісіндегі ағымды бюджеттік бағдарламалар бойынша көздеген қаражаттар пайдаланылған іс шаралар;
қол жеткізілген тікелей, түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерiн сипаттай отырып, сондай-ақ қол жеткізілмеген немесе асыра орындалған көрсеткiштерi себептерін көрсете отырып,қол жеткізілмеген немесе асыра орындалған көрсеткіштердің бюджеттік бағдарламасының нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау;
бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілу пайызына қатысты нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау, нәтижелер мен бюджет қаражатының игерілу пайызында алшақтық болған жағдайда себептерiне түсініктеме беру және тиісті ұйғарым жасау;
болған жағдайда бюджеттік бағдарламаны тиімсіз басқару туралы ақпаратты келтіру.
Республикалық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлері, өткен жылмен салыстырғанда өзгерістер серпінін ескере отырып ел, өңір, сала дамуына, экономикалық-әлеуметтік саласына, халықтың тұрмыс деңгейiне бюджеттік бағдарлама шеңберінде орындалған іс-шаралардың ыкпал етуі туралы ақпарат қосымша ұсынылады, атап айтқанда:
субсидия беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша:
есепті жылы субсидия алған кәсiпорындар бөлінісінде төленген салықтардың жалпы сомасы;
құрылған жұмыс орнының саны, оның ішінде тұрақты;
оңалту рәсімінен өткен кәсіпорындар саны;
өз қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартқан кәсіпорындар саны;
субсидияланатын қызметтермен қамтылған халықтың саны;
субсидиялаумен қамтылған өндірілген өнімінің көлемі (алдыңғы жылмен салыстырғанда ұлғаюы немесе азаюы);
қолданбалы және іргелі ғылымның дамуына бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша:
ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру (ғылыми зерттеулер нәтижелерінің практикалық тұрғыдан жүзеге асырылуы, өнеркәсіп арасындағы байланыс);
басқа дамыған елдерімен салыстырғанда ғылыми нәтижелердің деңгейі (рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар бойынша);
жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының белсене қатысуы арқылы экономиканы инновациялық дамыта отырып, ғылымды синхрондау;
зертханаларды жарақтандыру шеңберінде сатып алынған құрал-жабдықтардың тиімділігі;
БИЖ іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша:
іске асырылған БИЖ-дердің, оның ішінде есепті жылда пайдалануға берілген объектілердің саны;
құрылған жұмыс орнының саны (БИЖ іске асыру кезінде және (немесе) объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін);
БИЖ-ді іске асырудан негізгі пайда алушыларды көрсете отырып, ел, өңір, саланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне есепті кезеңде іске асырылатын БИЖ-дің ықпал етуі;
инвестициялық жобалар аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу;
жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша:
жұмсаудың басым бағыттары, яғни инвестициялық жобалар (іс-шаралар) бөлінісінде;
квазимемлекеттік сектор субъектілермен жобаларды (іс-шараларды) іске асырудан әлеуметтік-экономикалық нәтиже, ел, өңір, саланың дамуына ықпал етуі (төленген салықтардың жалпы сомасы, құрылған жұмыс орнының саны, нәтижеде қандай өңірлік (ғаламдық) мәселелер шешілді);
олардың пайдаланылмау себептерін көрсете отырып, ағымдағы жыл мен өткен жылдардың қалдықтарына бөле отырып квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы (бұдан әрі – КМС ҚҚАБШ) қаражат қалдықтары;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің екiншi деңгейдегі банктердегі депозиттерге орналастырылған республикалық бюджеттен бөлінген қаражаты туралы ақпарат;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы, оның ішінде сыртқы борышы туралы ақпарат;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің соңғы үш жылдағы бюджеттен бөлiнген қаражатты пайдалану бойынша серпіні;
бюджеттік кредиттеуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша:
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беру арқылы іс-шараларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;
бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;
облыстық бюджеттерге, астана, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша;
іске асырылған БИЖ-дердің, оның ішінде есепті жылда пайдалануға берілген объектілердің саны;
құрылған жұмыс орнының саны (БИЖ іске асыру кезінде және (немесе) объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін);
өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне әсер;
көрсетілген нұсқаулыққа 8, 9, және 11-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 164 Бұйрығына 1-қосымша Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығына 8-қосымша |
Әкімшілік деректер
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына
Нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.minfin.gov.kz
Бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) іске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы есеп
Индекс: 1-МАБП нысаны
Мерзімділігі: ай сайын, жылдық
Есепті кезең ________________жылдарға
Ұсынатын тұлғалар тобы: бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi
Ұсынылу мерзімі:
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін - есепті айдан кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей;
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін - есепті айдан кейінгі айдың алғашқы жеті жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей.
Нысан
Бюджеттің түрі ___________________
мың теңге
Код | Атауы | Бір жылға арналған жиынтық қаржыландыру жоспары | Есепті кезеңге жиынтық қаржыландыру жоспары | Қабылданғанған міндеттемелер | Қабылданбаған міндеттемелер сомасы (8-баған - 6-баған) | Төленген міндеттемелер | |||
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | |||||||
міндеттемелер бойынша | төлемдер бойынша | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Барлығы | |||||||||
оның ішінде: | |||||||||
Ағымдағы бағдарламалар | |||||||||
… | |||||||||
Даму бағдарламалары | |||||||||
… |
кестенің жалғасы
Атқарылу % (10 - баған /7-баған х 100) | Бір жылға арналған күтілетін атқарылу* | Күтілетін атқарылу % (12- баған /5-баған х 100) | Бір жылға күтілетін атқарылмау сомасы (12- баған - 5-баған) | Төлемдер бойынша жоспарды орындамау (10- баған -7- баған) | Есепті кезеңге бюджет қаражатын үнемдеу, барлығы (17- баған +18- баған +19- баған) | оның ішінде | Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінің бөлінбеген қалдығы | Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің бөлінбеген қалдығы | Есепті кезеңге игерілмеу (15-баған-16-баған -20-баған-21 баған) | ||
мемлекеттік сатып алу нәтижлері бойынша қаражатты үнемдеу | еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу | өзге де үнемдеу | |||||||||
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
кестенің жалғасы
оның ішінде игерілмеу себептері | Ескертпе (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есепті кезеңге игерілмеу себептеріне негіздемесі) | Ескертпе (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелердің уақтылы қабылданбауы не қабылданбауы себептеріне негіздемесі) | |||
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өнім берушілердің орындалмаған шарттық міндеттемелері | өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар | Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) басқаруы | өзге де себептер | ||
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
Атауы _______________________________________
Мекенжайы___________________________________
Телефоны_____________________________________
Электрондық пошта мекенжайы__________________
Орындаушы ________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, телефоны
Орталық атқарушы органның аппарат басшысы
(белгіленген тәртіппен орталық атқарушы аппарат
басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам)
немесе мемлекеттік мекеменің басшысы
________________________________________ ____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Қаржы қызметінің басшысы ______________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Ескертпе:
* 12-баған ағымдағы жылдың жеті айының қорытындысынан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін толтырылады.
Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы Нұсқаулықтың 30-тармағында келтірілген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 164 Бұйрығына 2-қосымша Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығына 9-қосымша |
Әкімшілік деректер
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға
Нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.minfin.gov.kz
_______________ бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп
Индекс: 1-МУО нысаны
Мерзімділігі: ай сайын, тоқсан сайын*, жылдық
Есепті кезең: 20 ____ жылғы _________________ жағдай бойынша
Ұсынатын тұлғалар тобы: бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аппараттары
Ұсыну мерзімі:
- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары үшін есепті айдан кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдары үшін есепті айдан кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей;
- облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдары үшін есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей.
Нысан
Бюджеттің түрі ___________________
мың теңге
Код | Атауы | Бір жылға арналған жиынтық қаржыландыру жоспары | Есепті кезеңге жиынтық қаржыландыру жоспары | Қабылданғанған міндеттемелер | Қабылданбаған міндеттемелер сомасы (8-баған - 6-баған) | Төленген міндеттемелер | |||
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | |||||||
міндеттемелер бойынша | Төлем дер бойынша | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Барлығы | |||||||||
оның ішінде: | |||||||||
Ағымдағы бағдарламалар | |||||||||
… | |||||||||
Даму бағдарламалары | |||||||||
… |
кестенің жалғасы
Атқарылу % (10 - баған /7-баған х 100) | Бір жылға арналған күтілетін атқарылу** | Күтілетін атқарылу % (12- баған /5-баған х 100) | Бір жылға күтілетін атқарылмау сомасы (12- баған - 5-баған) | Төлемдер бойынша жоспарды орындамау (10- баған -7- баған) | Есепті кезеңге бюджет қаражатын үнемдеу, барлығы (17- баған +18- баған +19- баған) | оның ішінде | Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінің бөлінбеген қалдығы | Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің бөлінбеген қалдығы | Есептіке зеңге игерілмеу (15-баған-16-баған -20-баған-21 баған) | ||
мемлекеттік сатып алу нәтижлері бойынша қаражатты үнемдеу | еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу | өзге де үнемдеу | |||||||||
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
кестенің жалғасы
оның ішінде игерілмеу себептері | Ескертпе (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есепті кезеңге игерілмеу себептеріне негіздемесі) | Ескертпе (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелердің уақтылы қабылданбауы не қабылданбауы себептеріне негіздемесі) | |||
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілердің орындалмаған шарттық міндеттемелері | өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар | Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) басқару | өзге де себептер | ||
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
Атауы _______________________________________
Мекенжайы___________________________________
Телефоны_____________________________________
Электрондық пошта мекенжайы__________________
Орындаушы ____________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, телефон
Бюджетті атқару жөнінде уәкілетті органның
немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент,
ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы
______________________________________ ____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Ескертпе:
* осы Нұсқаулықтың 26 және 28-тармақтарына сәйкес;
** 12-баған ағымдағы жылдың жеті айының қорытындысынан бастап және ағымдағы жылдың соңына дейін толтырылады;
Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы Нұсқаулықтың 30-тармағында келтірілген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 164 Бұйрығына 3-қосымша Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығына 11-қосымша |
Республикалық бюджеттен ___________ жылға бөлінген бюджет қаражатының игерілмеуі бойынша ақпарат
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы | Төлемдер бойынша жоспардың орындалмауы | Бюджет қаражатын үнемдеу | Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің бөлінбеген қалдығы | Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің бөлінбеген қалдығы | Есепті кезеңге игерілмеу (2-баған- 3- баған- 4- баған- 5-баған) | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша түгел пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің игерілмеуі | Республикалық бюджеттен барлығы бюджет қаражатын игерілмеуі (6-баған+ 7- баған) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық
бөлімшесінің басшысы ____________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)