Биоалуантүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 ақпанда № 26893 болып тіркелді

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Биоалуантүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
С. Брекешев

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 21 ақпандағы № 44
бұйрығымен бекітілген

Биоалуантүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесі

      Халықаралық ұйымдар

      1. Азия Даму Банкі (АДБ/ ADB).

      2. Дүниежүзілік туристік ұйым.

      3. Дүниежүзілік тағы табиғат қоры (WWF).

      4. Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ/GEF).

      5. Еуропалық Қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ/EBRD).

      6. Халықаралық Қайта құру және даму Банкі (ХҚДБ/IBRD).

      7. Ауыл шаруашылығын дамытудың халықаралық қоры (IFAD).

      8. Мәдениет және білім беру саласындағы ынтымақтастық ұйымы (ЮНЕСКО/UNESCO).

      9. Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығы (БҰҰ/UN).

      10. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО/FAO).

      11. БҰҰ даму бағдарламасы (БҰҰДБ/UNDP).

      12. БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП/UNEP).

      13.ТМД елдеріне арналған Еуропалық Одақтың техникалық көмек бағдарламасы ТАСИС (TACIS) бағдарламасы.

      14. Азиялық орман секторындағы ынтымақтастық жөніндегі ұйым (AFoCO).

      Мемлекеттік ұйымдар

      1. Американдық халықаралық даму агенттігі (ЮСАИД/USAID).

      2. Британдық кеңес "British Council" (БК/ВС).

      3. Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ).

      4. Данияның халықаралық даму агенттігі (DANIDA).

      5. Ұлыбританияның халықаралық даму департаменті (DFID).

      6. Корея Республикасының Корей Орман қызметі (KFS).

      Үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар

      1. "Seimar Social Fund" корпоративтік қоры.

      2. "Қазақстанның биосаналуандылығын сақтау қоры" корпоративтік қоры.

      3. "International Fund for Houbara Conservation – Kazakhstan" (Интернешнл Фанд Фо Хубара Консервейшн – Казахстан)" корпоративтік қоры.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады