"Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 58/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 ақпанда № 26906 болып тіркелді

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10373 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары және құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің 2022 жылғы 22
ақпандағы № 58/НҚ
Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20
қаңтардағы № 21 бұйрығымен
бекітілген

Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары және құжаттар тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Өтініш берушінің біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Қызметтің барлық кіші қызмет түрлері үшін

1.

Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы

Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарына және құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы қызметті көрсету бойынша қызметпен айналысу үшін қажетті ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (бұдан әрі – Мәліметтер нысаны)


2.

"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17 және 19-баптарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген байланыс операторының деректер таратуды өлшеу жүйесі мен қосылу ұзақтығын өлшеу жүйесі бар болуы міндетті трафикті есепке алу жүйелері, қолданыстағы тексеру сертификаты

Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінен үзінді көшірме

"Өлшем құралдары" электрондық тізілімін пайдалана отырып тексеріледі

Мәліметтер нысаны


3.

"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау шараларын жүргізуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ барлық байланыс желілеріндегі абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және екі жыл ішінде сақтауды жүзеге асыру мүмкіндігі бар аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдар

Мәліметтер нысаны

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

4.

Меншік құқығында және өзге заңды негізде телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары)

Меншік құқығын немесе жалға алу шартын растайтын құжаттардың көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

5.

Қазақстан Республикасы аумағындағы басқару орталығы

Меншік құқығын немесе басқа заңды негізін растайтын құжаттардың көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

Жылжымалы жерсеріктік байланыс қызметтерін көрсету үшін

6.

Жерсеріктік байланыстың жердегі станциялары

Меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

Мәліметтер нысаны


7.

Шетелдік байланыс операторларының телекоммуникациялық желілерімен тоғысқан нүктелердің техникалық әзірлігі

Жылжымалы жерсеріктік байланыс операторларымен ынтымақтасу мүмкіндігін растайтын келісімдердің немесе ниеттену туралы хаттамалардың көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

шетелдік байланыс операторларымен тоғысқан жерлердің географиялық координаталарын көрсете отырып, мөр мен басшының қолы қойылған өтініш берушінің хаты

Ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін

8.

Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат және (немесе) Радиожиілікті бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң шешімі және (немесе) жиіліктерді беру бойынша конкурстың (аукционның) оң шешімі және (немесе) ұялы байланыс қызметін көрсетуге берілген радиожиіліктерді бірлесіп пайдалану шарты

Ұялы байланыс қызметін көрсетуге берілген радиожиіліктерді бірлесіп пайдалану шартының көміршесі

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

Қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін

9.

Магистральдық байланыс желілері

Байланыс желілерін пайдалануға енгізу актілерінің, сатып алу-сату шарттарының көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

10.

Телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесіне қосылудың техникалық әзірлігі

Мемлекеттік техникалық қызметтен келісім хаты

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

Халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін

11.

Магистральдық байланыс желілері

Байланыс желілерін пайдалануға енгізу актілерінің немесе сатып алу-сату шарттарының көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

12.

Өтініш берушінің акционерлері (қатысушылары) арасында акциялар пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бөлу жөніндегі ақпарат

Өтініш берушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері және бағалы қағаздарды ұстаушылар (серіктестік қатысушыларының) тізілімдері көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

13.

Шетелдік байланыс операторларының телекоммуникациялық желілерімен тоғысқан нүктелердің техникалық әзірлігі

Кейін трафикпен алмасуды жүзеге асыру үшін шетелдік байланыс операторларымен ынтымақтасу мүмкіндігін растайтын ниеттері туралы шарттардың немесе хаттамалардың көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

шетелдік байланыс операторларымен тоғысқан жерлердің географиялық координаталарын көрсете отырып, мөр мен басшының қолы қойылған өтініш берушінің хаты

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

14.

Телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесіне қосылудың техникалық әзірлігі

Мемлекеттік техникалық қызметтен келісім хаты

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*


      Ескертпе:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіпте жасалған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған.

  Өтініш берушінің байланыс
саласында қызметтер көрсету
жөніндегі жұмысты жүзеге
асыруға сәйкестігін растайтын
біліктілік талаптары және
құжаттар тізбесіне
қосымша

Байланыс саласындағы қызметті көрсету бойынша қызметпен айналысу үшін қажетті ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

      1. Қызметтің барлық кіші қызмет түрлері үшін:

      1) Тиісті білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының тізімі:

      тегі, аты, жөні, лауазымы ________________________________________;

      тағайындау туралы қол қойылған бұйрықтың нөмірі және күні _________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі _________________________________;

      білімі бойынша мамандығы ______________________________________;

      жоғарғы техникалық білімі туралы дипломның нөмірі мен берілген күні

      _______________________________________________________________;

      байланыс саласында даярлық және біліктілігін арттыру бойынша курстардан өткені туралы куәліктерді немесе сертификаттарды беру нөмірі мен күні

      ________________________________________________________________.

      2) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17 және 19-баптарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген байланыс операторының деректер таратуды өлшеу жүйесі мен қосылу ұзақтығын өлшеу жүйесі бар болуы міндетті трафикті есепке алу жүйелері:

      тексеру сертификатының нөмірі мен берілген күні __________________ .

      3) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау шараларын жүргізуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ барлық байланыс желілеріндегі абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және екі жыл ішінде сақтауды жүзеге асыру мүмкіндігі бар аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдар:

      сәйкестік сертификатының нөмірі мен берілген күні _________________;

      жедел-іздестіру, қарсы барлау шараларын жүргізу функцияларымен телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалануға енгізу актісінің нөмірі мен берілген күні

      _____________________________________________________.

      2. Жылжымалы жерсеріктік байланыс қызметтерін көрсету үшін:

      Жерсеріктік байланыстың жердегі станциялары:

      сәйкестік сертификатының нөмірі мен берілген күні _________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады