"Кадрлық тұрақтылық" көрсеткішін есептеу әдістемесін және мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 17 ақпандағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 ақпанда № 26918 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) "Кадрлық тұрақтылық" көрсеткішін есептеу әдестемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың орталық мемлекеттік органдарға және Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне мәлімет ретінде жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы
Д. Жазыкбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2022 жылғы 17 ақпандағы
№ 37 бұйрығына
1-қосымша

"Кадрлық тұрақтылық" көрсеткішін есептеу әдістемесі 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) "Кадрлық тұрақтылық" көрсеткішін есептеу әдістемесін (бұдан әрі – Әдістеме) "Кадрлық тұрақтылық" көрсеткішін есептеуді жүзеге асырған кезде қолданады.

      2. Осы Әдістемеде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 32/НҚ және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 25 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19950 болып тіркелген) бекітілген "Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы" блогы бойынша мемлекеттік органдардың қызметін операциялық бағалау әдістемесіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы –жұмыскерлердің мемлекеттік қызмет жүйесінен өз еркімен кету деңгейін айқындайтын көрсеткіш ұғымы пайдаланылады.

      Мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы көрсеткішін есептеу кезінде мемлекеттік органға байланысты емес себептермен жұмыстан шығарылған адамдар есепке алынбайды, оның ішінде:

      1) отбасылық себептер бойынша (басқа елді мекенге көшу, оның ішінде жұбайының/зайыбының ауысуына байланысты, кәмелетке толмаған балаларға, отбасы мүшелеріне күтім жасау, некелесу);

      2) денсаулық жағдайы бойынша;

      3) қайтыс болуына;

      4) өкілетті органдарға тағайындалуына немесе сайлануына;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау, арнаулы, сот органдарына ауысуына, әскери қызметке қабылдануына байланысты.

      Теріс себептермен, бағалаудың, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметке жаңадан келген адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде таза ауыспалығы көрсеткішін есептеу кезінде де есептелмейді.

      3. Мемлекеттік органдар Агенттікке және оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептер ұсынады, сондай-ақ есептеу үшін мемлекеттік органдар тоқсан сайын ұсынатын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйін мониторингілеу деректерін пайдалануы мүмкін.

      Мемлекеттік органдар осы Әдестемеге мемлекеттік қызметшілердің тізімі бойынша есептің сандық деректері мәліметтерінің дұрыстығын тексеру үшін тоқсан сайын бағаланатын жылдағы жағдай бойынша таза ауыспалыққа байланысты жұмыстан жыл басынан бастап шығарылған мемлекеттік қызметшілердің тізбесін ұлғайту арқылы ұсынады.

      4. Агенттікке және оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынылатын ақпараттың шынайылығын мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

      5. "Мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы" көрсеткішін есептеген кезде:

      1) жеке коммерциялық ұйымдарына кетуіне байланысты;

      2) жеке коммерциялық емес ұйымдарына кетуіне байланысты;

      3) квазимемлекеттік сектор ұйымдарына кетуіне байланысты;

      4) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарына кетуіне байланысты;

      5) жеке кәсіпкерлікпен айналысуына байланысты;

      6) отставкаға беруіне байланысты (саяси қызметшілер үшін);

      7) өзге себептерге байланысты (өз еркі бойынша) өз еркімен жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны туралы мемлекеттік органның деректері ескеріледі.

2. "Мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы" қөрсеткіш

      6. Көрсеткіштің қалыптасу кезеңділігі мен мерзімі: тоқсан сайын (өсуі бойынша);

      7. Көрсеткіш ақпаратының көзі "Мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан болып табылады (индексі: 1-КС, кезеңділігі: тоқсан сайын).

      8. Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы:



      мұнда:

      t – мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы индикаторы;

      a1 – есепті кезеңде таза ауыспалығы бойынша жұмыстан шығарылған, басшы лауазымдарды атқарған мемлекеттік қызметшілердің саны;

      b2 – есеп тапсыру сәтінде мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес басшы лауазымдар саны;

      a1 – есепті кезеңде таза ауыспалығы бойынша жұмыстан шығарылған, басшы лауазымдарды атқармаған мемлекеттік қызметшілердің саны;

      b2 – есеп тапсыру сәтінде мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес басшы емес лауазымдар саны;

      100% – алынған нәтижелерді пайыздық мәнге келтіруге арналған коэффициент.

      9. Шығу ақпаратты орналастыру орны: көрсеткіш жыл сайын Агенттіктің ресми интернет – ресурсында: www.gov.kz "заңнама" бөлімінде, "бұйрық" кіші бөлімінде жарияланды.

  "Кадрлық тұрақтылық"
көрсеткішін есептеу
әдістемесіне
қосымша

Жыл басынан бастап өсумен 20__ж. __________ жағдай бойынша таза ауыспалық бойынша жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің тізімі

№ р/с

Т.А.Ә.

ЖСН

Атқаратын лауазымның толық атауы

Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізбесіне сәйкес санаты

Жұмыстан шығару туралы бұйрық (Өкім) (№, күні)

Жаңа жұмыс орны

1

2

3

4

5

6

7















      * - тізім бойынша мемлекеттік қызметшілердің саны таза ауыспалық бойынша жұмыстан шығарылғандардың санына сәйкес келуі тиіс.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
2022 жылғы 17 ақпандағы
№ 37 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады:

      орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелері – Агенттікке;

      жергілікті атқарушы органдар, мәслихаттардың аппараттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары – Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне.

      Әкімшілік деректердің нысаны Агенттіктің ресми интернет – ресурсында: www.gov.kz жарияланды.

      Мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы туралы ақпарат

      20___ жылғы есептік кезең

      Индексі: 1-КС,

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Ақпаратты ұсынатын адамдар шеңбері:

      орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары, жергілікті атқарушы органдар, мәслихаттардың аппараттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелері.

      Әкімшілік мәліметтер нысандарын ұсыну мерзімі:

      орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - Агенттікке есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші күнінен кешіктірмей;

      жергілікті атқарушы органдары, мәслихаттардың аппараттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары – Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-ші күнінен кешіктірмей.

№ р/с

Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдары-ның тізіліміне сәйкес лауазымдар-дың және санаттардың атауы

Есепті тоқсан айының соңғы күніндегі жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілер-дің штат саны (бірлік)

Есепті тоқсан айының соңғы күніндегі жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілер-дің нақты саны (адам)

Жыл басынан бастап өсуімен (саны) мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы (мемлекеттік қызмет жүйесінен кету)

Жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы, (адам)

1

2

3

4

5

6

1

2

3

4

5

6

7

8





Таза ауысу бойынша жұмыстан шығарылғандардың жалпы саны, оның ішінде:

жеке коммерциялық ұйымдарына кетуіне байланысты

жеке коммерциялық емес ұйымдарына кетуіне байланысты

квазимемлекеттік сектор ұйымдарына кетуіне байланысты

мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарына кетуіне байланысты

жеке кәсіпкерлікпен айналысуына байланысты

отставкаға беруіне байланысты (саяси қызметшілер үшін)

өзге себептерге байланысты (өз еркі бойынша)










































Мемлекеттік органның басшысы

_____________ _________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)

Мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы

_____________ _________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
20___ жылғы "____"______________

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру туралы түсініктеме осы Нысанға қосымшада келтірілген.

  Нысанға қосымша

Көрсеткіші бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсініктеме Мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы туралы ақпарат (индексі: 1-КС, кезеңділігі: тоқсан сайын)

      1. Осы түсіндірме Мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы туралы ақпарат көрсеткіші бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыруға бірыңғай талаптарды анықтайды.

      2. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамдар қол қояды.

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес лауазым және санат атауы көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында есепті тоқсан айының соңғы күніндегі жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілердің штат саны (бірлік) көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында есепті тоқсан айының соңғы күніндегі жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілердің нақты саны (адам) көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында өсумен (саны) таза ауыспалығы бойынша жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны көрсетіледі.

      8. Нысанның 5.1-бағанында таза ауыспалығы бойынша жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны көрсетіледі.

      9. Нысанның 5.2-бағанында жеке коммерциялық ұйымдарға кетуіне байланысты жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны көрсетіледі.

      10. Нысанның 5.3-бағанында жеке коммерциялық емес ұйымдарға кетуіне байланысты жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны көрсетіледі.

      11. Нысанның 5.4-бағанында квазимемлекеттік сектор ұйымдарына кетуіне байланысты жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны көрсетіледі.

      12. Нысанның 5.5-бағанында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарына кетуіне байланысты жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны көрсетіледі.

      13. Нысанның 5.6-бағанында жеке кәсіпкерлікпен айналысуына байланысты жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны көрсетіледі.

      14. Нысанның 5.7-бағанында отставкаға беруіне байланысты (саяси қызметшілер үшін) жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны көрсетіледі.

      15. Нысанның 5.8-бағанында өзге себептер бойынша (өз еркі бойынша) жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады