"Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 наурызда № 27050 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12516 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Нарядтар беруді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды оларды жаңартуға байланысты (оның ішінде, материалдық құндылықтардың сапалық жай-күйі мен техникалық регламенттерінің талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жүргізу үшін, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін), қарызға беру, броньнан шығару және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде жүзеге асырады.";

      3-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Қарызға беру тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – "Азаматтық қорғау туралы" Заңы) 11-бабының 42) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру туралы алушымен шарт (келісім-шарт) негізінде жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1-тармағына сәйкес қабылданатын әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын:

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Нарядтағы жаңылыс жазуларды және (немесе) арифметикалық қателерді өзгерістер енгізу туралы наряд түзетеді және ол осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд нысаны бойынша және осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көзделген даналар мөлшерінде жазып береді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Сақтау филиалдарынан материалдық құндылықтарды шығару немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде нарядқа Комитеттің бірінші басшысы немесе оның орынбасары, Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы және наряд беруге жауапты қызметкері, Комитеттің бас бухгалтері, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының бірінші басшысы, оның орынбасары, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының бас бухгалтері және Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы, олар болмаған жағдайда, оларды ауыстыратын адамдар өз қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.

      Сақтау пункттерінен материалдық құндылықтарды шығару немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде нарядқа Комитеттің бірінші басшысы немесе оның орынбасары, Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы және наряд беруге жауапты қызметкері, Комитеттің бас бухгалтері, олар болмаған жағдайда, оларды ауыстыратын адамдар өз қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы 28 ақпандағы
№ 63 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 747 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті

Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге № __ наряд 20__ жылғы "___" __________

      Кімге__________________________________________________________

      Мекенжайы_____________________________________________________

      Жүк жіберуші___________________________________________________

      Жүк алушы _____________________________________________________

      Төменде көрсетілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары немесе кәдеге жаратылған тауарлары

Р/с

Материалдық құндылықтардың немесе кәдеге жаратылған тауарлардың атауы

Өлшем бірлігі

Дайындалған/ сақталған күні

Өндіруші

Саны

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сомасы, теңге

















      ______(жазбаша) сомасына оның ішінде қосылған құн салығы ____________теңге.

      Шығару: жаңартуға байланысты (оның ішінде: сараптама жүргізу үшін, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін), қарызға беру тәртібімен, броньнан шығару тәртібімен, кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібімен жүргізіледі (қажеттісінің астын сызу керек).

      Материалдық құндылықтарды шығарудың немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізудің негізі:____________________________________________

      Материалдық құндылықтарды (жаңартуға байланысты және мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде) немесе кәдеге жаратылған тауарларды (кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде) шығару мерзімі_____________________________________

      Нарядқа қол қоюға уәкілетті адамдар:

      _________________ _____________________________________ _____________

      (лауазымы) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)

      _________________ _____________________________________ _____________

      (лауазымы) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)

      _________________ _____________________________________ _____________

      (лауазымы) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)

      Мөрдің орны

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы 28 ақпандағы
№ 63 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтен материалдық
құндылықтарды шығаруға
немесе кәдеге жаратылған
тауарларды өткізуге нарядтар
беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру журналы

Р/с №

Нарядтың нөмірі мен күні

Жеке тұлғаныңаты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, заңды тұлғаның атауы

Материалдық құндылықтар немесе кәдеге жаратылған тауарлар шығарылатын сақтау филиалының/сақтау пунктінің атауы және орналасқан жері

Шығару (жаңарту, жалға беру броньнан шығару тәртібімен) немесе өткізу тәртібі, наряд беруге негіздеме

Нарядтар даналарының саны

Орындаушы

Нарядты алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы және нарядты алған күні

Жеке немесе заңды тұлғадан алушы

Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымынан алушы

Филиалдардан/сақтау пунктерініен алушы












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады