"Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 159 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 21 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 наурызда № 27072 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 159 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19391 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық почта операторының (бұдан әрі – банктер), банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – инкассаторлық ұйымдар) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды (бұдан әрі – автомобильмен инкассаторлық тасымалдау) ұйымдастыру тәртібін нақтылайды.";

      2-тармақта:

      3) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) инкассация қызметі – банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, инкассаторлық ұйымның, Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қабылдауды, жинауды, жеткізуді, тасымалдауды, сақтауды және тапсыруды, сондай-ақ банкноттары, монеталары және құндылықтары бар клиентке ілесіп жүруді жүзеге асыратын бөлімшесі;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды инкассация қызметі басшысының немесе кезекші инкассатордың тапсырмасы бойынша инкассация қызметі қызметкерлерінің бригадасы жүзеге асырады.

      Инкассация қызметі қызметкерлерінің бригадасы көлік құралының банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бағыты және кестесі бойынша қозғалысын қандай да болсын ауытқуларсыз қамтамасыз етеді. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша тапсырманы орындауға байланысты емес адамдарды тасымалдау жүзеге асырылмайды.

      Банктердің, инкассаторлық ұйымдардың көлік құралдарын банкноттар, монеталар және құндылықтар болып табылмайтын жүктерді тасымалдау үшін пайдалануына, сондай-ақ салонда газбен жабдықтаудың болуына немесе орнатылуына рұқсат етілмейді.";

      3-тарау алып тасталсын.

      2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Ж.Т. Қажымұратов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
Төрағасы
Г. Пирматов
      СОГЛАСОВАНО
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады