Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың үлгілік шартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 ақпанда № 27177 болып тіркелді

      "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 16 наурыздағы
№ 143 Бұйрықпен
бекітілген

Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың үлгілік шарты

____________ қаласы

20__ жылғы "___" __________

      __________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы),

      бұдан әрі "Уәкілетті орган" деп аталып,

      __________________________________________________________

      (өкілеттігін растайтын құжаттың атауы)

      негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда)

      бір тараптан және

      ______________________________________

      (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол

      компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды,

      жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін

      көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге

      асыратын заңды тұлға) бұдан әрі "өтінім беруші" деп аталатын

      __________________________________________________________________

      (өкілеттігін растайтын құжаттың атауы)

      негізінде әрекет ететін,

      __________________________________________________________________

      (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болса)

      екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталып, теміржолдарды жаңғырту үшін кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға арналған өтінімдерді қарау қорытындылары туралы 20__жылғы "___" ________ хаттамаға сәйкес төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты.

1-тарау. Шарттың мәні

      1. Осы Шартта Уәкілетті орган Өтінім берушінің "Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" № ___ республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде _______% (__________________________) (пайыз мөлшері жазбаша)

      сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды (бұдан әрі – субсидиялау) жүзеге асырады.

      2. Сыйақы мөлшерлемесін өтеу Өтініш берушінің осы Шартқа сәйкес субсидиялау шеңберінде Уәкілетті органнан алған ақша қаражаты есебінен теміржолдарды жаңғыртуға арналған 20__жылғы "___" ________ банктік қарыз шарты (бұдан әрі – қарыз шарты) бойынша міндеттерін орындауы есебінен _______% (____________________) (пайыз мөлшері жазбаша)

      көлемінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3. Уәкілетті орган субсидиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26609 болып тіркелген) Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырады.

      4. Уәкілетті орган:

      1) жылына кемінде бір рет Өтінім беруші ұсынатын құжаттар негізінде қарыз қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді;

      2) Өтінім берушіге оған сәйкес субсидиялау жүзеге асырылатын қарыз шартын іске асыру шеңберінде теміржолдарды жаңғыртуға қатысты құжаттар мен ақпаратты (оның ішінде қаржы-шаруашылық қызмет құжаттарын) жазбаша түрде сұратады;

      3) Өтінім берушінің осы Шартта белгіленген міндеттемелерін орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      4) жүргізілген мониторинг негізінде:

      Өтінім берушінің қарыз қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері;

      қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешек қатарынан 60 жұмыс күні ішінде;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда шоттарға тыйым салынған және Өтінім берушіден қарыз нысанасын алып қойған жағдайда, субсидиялауды тоқтата тұрады.

      5. Өтінім беруші:

      1) қарыз шартына сәйкес өтеу кестесіне сай сыйақының субсидияланбайтын мөлшерлемесі бөлігінде банкке сыйақы төлеуді уақтылы және толық көлемде жүргізеді;

      2) Уәкілетті органға оның жазбаша сұрау салуы бойынша оған сәйкес субсидиялау жүзеге асырылатын қарыз шартын іске асыру шеңберінде теміржолдарды жаңғыртуға қатысты құжаттар мен ақпаратты (оның ішінде қаржы-шаруашылық қызмет құжаттарын) ұсынады;

      3) осы Шарттың талаптары мен іске асырылуы туралы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермейді (ашпайды) ;

      4) қарыз шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, кредиттік/лизингтік ұйым куәландырған тиісті қосымша келісімдерді 3 жұмыс күні ішінде ұсынады;

      5) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін Уәкілетті органға қарыз қаражатын пайдалану және қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат береді;

      6) Уәкілетті органға басшылардың, атаулардың, деректемелердің, заңды және нақты мекенжайлардың өзгергені туралы хабарлайды;

      7) аударылған субсидиялар көлемі туралы ақпарат алады;

      8) қарыз шартын бұзу туралы Уәкілетті органды 3 жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

      9) Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, пайдаланылмаған субсидиялар сомаларын осы Шарт бұзылған кезден бастап 7 жұмыс күні ішінде республикалық бюджет кірісіне қайтаруды жүргізеді;

      10) осы Шарт бұзылған, қарыз шарты бойынша негізгі борыш ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтелген жағдайда, 7 жұмыс күні ішінде Уәкілетті органға өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін ұсынады.

3-тарау. Субсидиялау тәртібі

      6. Республикалық бюджеттен субсидиялар төлеу Төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) сәйкес, өтінім берушімен келісу бойынша субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде және осы Шартқа қосымшаға сәйкес теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау кестесіне сәйкес жүргізіледі.

      7. Өтінім беруші Қаржыландыру жоспарында көрсетілген субсидияларды төлеу айының 10-күнінен кешіктірмей уәкілетті органның атына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін іс жүзінде есептеу және өтеу туралы есепті қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттен қаражатты есеп айырысу шотына аударуға арналған өтінімді ұсынады.

      8. Уәкілетті орган өтінім берілгеннен кейін 7 жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін ведомосьте көлемі көрсетілетін субсидиялар сомасын аударуды жүзеге асырады.

4-тарау. Тараптардың жауаптылығы

      9. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      10. Өтінім беруші осы Шарттың 5-тармағының 9) тармақшасын орындамаған жағдайда, Өтінім берушінің әрбір кешіктірілген 20 күн үшін осы Шартқа сәйкес тиісті жылға жоспарланған субсидия көлемі сомасының 0,01% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

5-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      11. Еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған кезде осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкін еместігі туындаған Тарап мұндай мән-жайлар туралы екінші Тарапты ол басталған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде уақтылы хабардар етеді. Бұл ретте еңсерілмес күш мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуға тиіс.

      12. Уақтылы хабарлау болмаған кезде Тарап хабарламаудан немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген зиянды екінші Тарапқа өтейді.

      13. Еңсерілмес күш мән-жайларының басталуы осы Шарттың орындалу мерзімінің олардың қолданылу кезеңіне ұлғаюын туындатады.

      14. Шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде бұзуға бастамашы тарап бұл туралы екінші Тарапты Шартты бұзғанға дейін кемінде 20 жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Шарт 20__ жылғы "___" "_________" күшіне енеді және 20__ жылғы "___" "_________" дейін қолданылады.

      16. Осы Шартқа қол қою Өтінім берушінің Уәкілетті органға:

      1) осы Шарттың шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде банктік құпияны "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50 бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит органдарына беру;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында Өтінім берушінің атауын, жоба іске асырылатын өңірдің атауын, Өтінім беруші жобасының атауын және сипаттамасын, сондай-ақ саланы жариялауға келісімін білдіреді.

      17. Шарт тараптардың өзара келісімі бойынша немесе екінші Тарап міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талабы бойынша бұзылуы мүмкін.

      18. Шартты орындаудан біржақты бас тарту немесе Шартты біржақты бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен, келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешетін болады.

      20. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалады және екі Тарап та қол қояды.

      21. Осы Шарт _______ қаласында 20__ жылғы "___" _________ үш данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар бір-бір данадан жасалды.

7-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары

Уәкілетті орган


Өтінім беруші

________________
Мөр орны
(бар болса)


________________
Мөр орны
(бар болса)

  Теміржолдарды жаңғыртуға
кредит беру және қаржы лизингі
кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін
субсидиялаудың үлгілік
шартына
қосымша
  Нысан

20___жылғы _______ ____________ Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың кестесі

Жылы

Кредиттік / лизингтік ұйымның жалпы сыйақы мөлшерлемесі

Кредиттік / лизингтік ұйым сыйақысының жалпы сомасы

Субсидиялауға жататын сыйақы мөлшерлемесі

Уәкілетті орган субсидиялайтын сыйақы соммасы

Өтінім берушінің өтеуі тиіс сыйақы мөлшерлемесі

Өтінім берушінің сыйақы мөлшерлемесін өтеу сомасы






























Уәкілетті орган


Өтінім беруші

________________
Мөр орны
(бар болса)


________________
Мөр орны
(бар болса)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады