Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 23 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 наурызда № 27192 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердің құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 14 наурыздағы
№ 23 Қаулымен
бекітілген

Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердің құнын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердің құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер құнын айқындау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу құнын айқындау тәртібі

      2. Әлеуметтанушылық зерттеулер құнын айқындау кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсетуге арналған шығыстарда көрсетілген негіздейтін құжаттармен расталған шығыстар есепке алынады.

      3. Шығыстар қызметтер көрсету үшін қажетті ресурстарға қарай айқындалады, оларға осы қызметтермен тікелей байланысты шығындар жатады.

      4. Республикалық бюджет қаражатының есебінен көрсетілетін қызметтер құнына сыйлықақы төлемдеріне, мастер-кластар көрсетуге арналған шығыстар, әкімшілік шығыстар кірмейді.

      5. Көрсетілетін қызметтердің келесі жоспарлы кезеңге арналған құнын айқындау кезінде қаржы нарығының валюталардың айырбастау бағамдарына, инфляцияның коэффициентіне және шарттық міндеттемелерді орындау мерзімінің ұзақтығына әсері есепке алынады.

      6. Көрсетілетін қызметтер құны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер құнының есебіне сәйкес айқындалады.

  Қаржылық сауаттылық бойынша
әлеуметтанушылық
зерттеулердің
құнын айқындау қағидаларына
1-қосымша

Қызметтер көрсетуге арналған шығыстары

      1. Шығыстар әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу үшін қажетті ресурстарға қарай айқындалады, оларға мына шығындар жатады:

      1) тікелей шығыстар:

      қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар;

      жұмыс берушілердің жарналары (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары);

      іссапар шығыстары;

      сыртқы сарапшыларды тарту бойынша шығыстар;

      әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуге тікелей қажетті полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдерін: сауалнамаларды, бағыт парақтарын, карточкаларды, әлеуметтанушылық зерттеу есептерін көбейту, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);

      аударма шығыстары;

      2) шартты-тұрақты шығыстар:

      көлік шығыстары;

      салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

  Қаржылық сауаттылық бойынша
әлеуметтанушылық
зерттеулердің
құнын айқындау қағидаларына
2-қосымша

Көрсетілетін қызметтер құнының есебі

      1. Көрсетілетін қызметтің құны мынадай формуламен есептеледі:




– қызметтерді көрсетуге (әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу бойынша) тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары;

      ШТШ – шартты-тұрақты шығыстар;

      ӨТШ – өзге де тікелей шығыстар.

      2. Қызметтер құнының бөлінетін бөлігі мынадай формула бойынша есептеледі:



      ЕШ – қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге арналған адам-сағатпен еңбек шығыны;

      СМ – қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкердің сағат бойынша мөлшерлемесі.

      3. Қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге арналған адам-сағатпен еңбек шығындары мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЕШ = К * С * ЖКОАС, мұндағы:

      К – орындаудың күн саны;

      С – бір күнде орындаудың сағат саны;

      ЖКОАС – тиісті жылға арналған жұмыс уақытының балансына сәйкес жұмыс күндерінің орташа айлық саны.

      4. Қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге арналған сағат бойынша мөлшерлеме мына формула бойынша есептеледі:



      ЕА – қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары;

      ШТША – бір айда бір адамға жұмсалатын шартты-тұрақты шығыстар;

      ЖСОАС – тиісті жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес жұмыс сағаттарының орташа айлық саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады