Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 21 және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 54 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 наурызда № 27194 болып тіркелді

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-2-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздері бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 18 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 127 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14952 болып тіркелген);

      2) "Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 18 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 127 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 5 карашадағы № 139 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 1237 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19594 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Агенттіктің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры __________Б. Асылов

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы __________Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры 2022 жылғы
24 наурыздағы № 54 мен
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 15 наурыздағы
№ 21 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздері (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-2-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторингті және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыратын қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) ақпарат алу тәртібі мен негіздерін айқындайды.

2-тарау. ҚАО ААЖ-дан ақпарат алу негіздері

      2. Ақпарат алу үшін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысында заңнамада көзделген негіздің, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес негіздер бойынша ҚАО ААЖ-да рөлдерді бөлу тізбесіне сәйкес ҚАО ААЖ-да тіркеудің болуы міндетті шарт болып табылады.

      3. Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы сұрау салудың негізділігін, дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманың, заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, сондай-ақ оларды сұрау салуда мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалануды қамтамасыз етеді.

      Сұратылған ақпарат орындалған тапсырмалар бойынша есептік материалдарда көрсетіледі.

3-тарау. ҚАО ААЖ-дан ақпарат алу тәртібі

      4. Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушылары ақпаратты осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген ҚАО ААЖ-дан электрондық ақпараттық ресурстарының тізбесіне сәйкес ҚАО ААЖ-дан алады.

      Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайданушыларға ҚАО ААЖ ақпараттық ресурстарына қолжетімділік олар жүйеде тіркелгеннен кейін және осы Қағидалардың 3-қосымшасында жазылған ҚАО ААЖ-мен жұмыс істеуге арналған талаптарды олар сақтаған жағдайда беріледі.

      5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚАО ААЖ операторы) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайданушыларын тіркеуді, бұғаттауды, редакциялауды осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті ұйымдастыруға электрондық өтінім (бұдан әрі – электрондық өтінім) негізінде жүзеге асырады.

      Электрондық өтінімге қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы қол қояды, мөрмен расталады және ол сканерленген нұсқада ҚАО ААЖ-ның өтінімін беру электрондық нысанына салынады.

      6. ҚАО ААЖ-ның операторы электрондық өтінімді тексереді және оның келіп түскен күннен бастап бір тәулік ішінде мынадай:

      1) пайдаланушыны ҚАО ААЖ-да тіркеу:

      2) егер электрондық өтінімде көрсетілген мәліметтер шынайы емес, толық емес және өзекті емес болса, тіркеуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      ҚАО ААЖ-дан бас тарту Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылады.

      7. Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы басқа лауазымға немесе бөлімшеге ауысу кезінде, басқа лауазымға тағайындау туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап жиырма төрт сағаттың ішінде ҚАО ААЖ-ға редакциялауға электрондық өтінім жібереді.

      Лауазымнан босатылған немесе шеттетілген жағдайда, ведомстволық бақылау жүктелген лауазымды адам дереу ҚАО ААЖ-ның операторына қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысын бұғаттауға электрондық өтінім жібереді.

      8. ҚАО ААЖ-ның операторы редакциялауға немесе пайдаланушыны бұғаттауға электрондық өтінім алған кезде осы қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысын қолжетімділігін дереу редакциялайды немесе бұғаттайды.

4-тарау. ҚАО ААЖ-ға сұрау салуды жіберу

      9. ҚАО ААЖ-ға кіру қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысының ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылатын аутентификация рәсімінен өтуінен басталады.

      10. ҚАО ААЖ-ға алғаш кірген кезде қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҚАО ААЖ-ны пайдалану құқықтары туралы келісімге (бұдан әрі – келісім) ЭЦҚ арқылы қол қояды.

      11. Аутентификациядан сәтті өткен қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы және электрондық нысанда қол қойылған келісім болған кезде ҚАО ААЖ-ға қолжәтімділікті алады.

      12. Мемлекеттік органдардың дерекқорларына қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушыларының барлық сұрау салулары ЭЦҚ-ны пайдалана отырып жіберіледі.

      Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысына ЭЦҚ құралдарын басқа адамдарға беруіне жол берілмейді.

      ЭЦҚ жоғалған жағдайда қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы өзінің ЭЦҚ-сын Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинеті арқылы дереу кері қайтарып алады.

      Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пайдаланушы мерзімді түрде, бірақ айына кемінде бір рет ЭЦҚ-ның паролін өзгертеді.

      13. ҚАО ААЖ-ны пайдалану процесінде барлық уақытша параметрді тіркеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.

      14. Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушыларына қолжетімділік осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес Апаттық жағдайлар журналында тіркелетін апаттық жағдайлар кезінде тоқтап тұру уақытынан немесе ҚАО ААЖ веб-порталында жарияланған жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуден басқа, тәулік бойы ұсынылады. 

      15. Пайдаланушылардың барлық сұрау салулары оқиғаны тіркеу журналында (бұдан әрі - Log-журналы) тіркеледі және толтырылуына қарай архивтеледі.

      ҚАО ААЖ Log-журналдарының архиві ҚАО ААЖ-ның барлық жұмыс уақытындағы сұрау салулары мен оларды өңдеу нәтижесі туралы деректерді қамтиды.

      16. ҚАО ААЖ-ның операторы құпиялықты қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларды қоспағанда қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушылары мен олардың сұрау салулары туралы жеке ақпаратты таратпайды.

      17. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы және осы Қағидаларда көрсетілген заңнама нормаларының бұзушылықтары анықталған кезде ҚАО ААЖ операторы бұзушылыққа жол берген адамға ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті бұғаттайды, пайдаланушыны хабардар етеді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген адамдардың жауаптылығы туралы мәселені қарау бойынша шаралар қабылдайды.

      18. ҚАО ААЖ-ның операторы ҚАО ААЖ-дан алынған ақпаратты заңсыз жинау мен өңдеуге, сондай-ақ жария етуге жол бермейді.

5-тарау. ҚАО ААЖ-дан ақпарат алу

      19. ҚАО ААЖ-дан алынған ақпарат тиісті материалдарға қоса тіркеледі, бұл ретте жергілікті құрылғыға жүктелген файлдардың электрондық көшірмелерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы дереу жоюға тиіс.

      Ақпаратты сақтау мерзімдері мен шарттары ақпарат қоса берілген негізгі материалдың мазмұнына қарай айқындалады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жойылуға тиіс.

      ҚАО ААЖ-нен алынған ақпараттың құпиялығын сұрау салған қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы қамтамасыз етеді.

      20. Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы ҚАО ААЖ-дан ақпарат алған кезде мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қорғалатын өзге де құпияларды қорғау жөніндегі талаптарды сақтайды.

      21. Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның басшысы сұрау салулардың негізділігіне, ҚАО ААЖ-дан алынған ақпаратты сұрау салуда мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалануға және оның сақталуына ведомстволық бақылауды қамтамасыз ететін лауазымды адамдарды айқындайды.

      Ведомстволық бақылау мерзімді, бірақ айына кемінде бір рет "Есептер" функционалы арқылы сұрау салуларды мониторингтеуден тұрады, онда қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілеттік орган пайдаланушыларының барлық сұрау салуы көрсетіледі.

      Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама нормаларын және осы Қағидаларда көрсетілген талаптардың бұзылуы анықталған кезде, ведомстволық бақылауды қамтамасыз ететін адамдар қолжетімділікті бұғаттау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы мәселені қарау бойынша дереу шаралар қабылдайды.

      22. Прокурор "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАО ААЖ-дағы сұрау салулардың негізділігін, сондай-ақ қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарының ҚАО ААЖ-ны пайдалану заңдылығының сақталуына ведомстволық бақылау талаптарын орындауын тексереді.

      23. Тексеру барысында қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысының ҚАО ААЖ-дан ақпаратты заңсыз алу фактісі анықталған кезде прокурор осы факті бойынша шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына хабар жібереді.

  Қаржылық мониторинг
жөніндегі уәкілетті органның
құқық қорғау, арнаулы
мемлекеттік және өзге
де органдардың ақпарат алмасу
жүйесінен қылмыстық жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл үшін қажет ақпаратты
алу қағидалары мен негіздеріне
1-қосымша

Негіздер бойынша ҚАО ААЖ рөлдерін бөлу тізбесі

Тізбе

Негіздеме

1.

Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері

Қаржылық мониторинг

  Қаржылық мониторинг
жөніндегі уәкілетті органның
құқық қорғау, арнаулы
мемлекеттік және өзге де
органдардың ақпарат алмасу
жүйесінен қылмыстық жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл үшін қажет ақпаратты
алу қағидалары мен негіздеріне
2-қосымша

ҚАО ААЖ-дан электрондық ақпараттық ресурстарының тізбесі

Тізбе

Қолжетімдік құқығы

1.

"Жеке тұлғалар" МБД

+

2.

"Заңды тұлғалар" МБД

+

3.

"Жылжымайтын мүліктің регистрі" ДБ

+

4.

"Жер учаскесі" ДБ

+

5.

"Көлік құралдары" ДБ

+

6.

"Тіркелген қару" ДБ

+

7.

"Теміржол көлігі" ДБ

+

8.

"Өзен және шағын өлшемді кемелер" ДБ

+

9.

"Теңіз кемелері" ДБ

+

10.

"Ауылшаруашылық техника" ДБ

+

11.

"Зейнетақы аударымдары" ДБ*

кесілген

12.

"Мүгедектік" ДБ

+

13.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында адамдардың алған қызметтері туралы мәліметтер

+

14.

"Арнайы есептер" ДБ

+

15.

"Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе" ДБ

+

16.

"Сот органдарының" ДБ

+

17.

"Сот карточкалары" ДБ

+

18.

Мемлекеттік қызметшіге сұрау салу

+

19.

Халықты құжаттау жүйесінен алынған сурет

+

20.

Халықты құжаттау жүйесінен 1-нысан

+

21.

"Е-Нотариат" ДБ

+

22.

"Азаматтық хал актісін жазу" ДБ

+

23.

Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі

+

24.

Шетел азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі

+

25.

"Салық төлеушілер" ДБ

+

26.

"Е-лицензиялау" ДБ

+

27.

"Электрондық мемлекеттік сатып алу" ДБ

+

28.

"Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары" ДБ

+

29.

"Жолаушылардың кедендік декларациялары жөніндегі мәліметтер" ДБ

+

30.

"Көлік құралына декларациялар жөніндегі мәліметтер" ДБ

+

31.

"Шетелдік жұмыс күші" ДБ

+

32.

"Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар (көмірсутек шикізаты) туралы мәліметтер" ДБ

+

33.

"Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар туралы мәліметтер (қатты пайдалы қазбалар және жерасты сулары)" ДБ

+

34.

Бюджетке түсетін түсімдер туралы мәліметтер

+

35.

"Қазақстан темір жолы" ДБ

+

36.

"Қазақтелеком" ДБ

+

37.

"Анықтаудан/тергеуден жасырынғандардың" ДБ

+

38.

"Хабар-ошарсыз жоғалғандар" ДБ

+

39.

Мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушыларын тексеру

+

40.

Мекенжайлар мен байланыс телефондарын іздеу

+

41.

Мемлекеттік қызметшілер туралы мәліметтер

+

42.

Пошта жөнелтімдері

+

43.

Жеке тұлғаның диспансерлік есепке алынуы туралы мәліметтер
(Д-есепке алу туралы)

+

44.

Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктерді тіркеу

+

45.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру

+

46.

Шетелдіктерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру

+

47.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу

+

48.

Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына келуге шақыруларды ресімдеу

+

49.

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу

+

50.

1-деңгейдің өзара байланысы

+

51.

2-деңгейдің өзара байланысы

+

52.

"Азаматтардың мобилді базасы" ДБ

+

      Ескерту: МДБ – мемлекеттік деректер базасы, ДБ-деректер базасы.

      * Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қысқартылған сервисі – түсімдер мөлшерін көрсетусіз

  Қаржылық мониторинг
жөніндегі уәкілетті органның
құқық қорғау, арнаулы
мемлекеттік және өзге де
органдардың ақпарат алмасу
жүйесінен қылмыстық жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл үшін қажет ақпаратты
алу қағидалары мен негіздеріне
3-қосымша

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен жұмыс істеуге арналған шарттар

      Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен (бұдан әрі - ҚАО ААЖ) жұмыс істеу үшін жеке тұлғалар үшін қорғалған ақпарат жеткізгіште Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңба құралының (бұдан әрі – ЭЦҚ) болуы қажет.

      ҚАО ААЖ-мен жұмыс істеуге арналған дербес компьютерлерге қойылатын барынша аз талаптар:

      1) 3.1 GHz тактілі жиілігі бар процессор;

      2) қатты дискінің бос көлемі кемінде 80 Gb;

      3) 4 Gb кем емес жедел жады;

      4) кемінде 100 Мbps желілік карта;

      5) NCA Layer-мен, оқу .pdf-пен жұмыс істеуді қолдайтын барлық заманауи браузерлер;

      6) қорғалған арнаға қосылу;

      7) ЭЦҚ-ны сақтауға арналған әртүрлі құрылғылармен жұмыс істеу үшін орнатылған драйверлер;

      8) техникалық құралдардағы ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында Интернетке шығу мүмкіндігіне толық жол берілмесін.

  Қаржылық мониторинг
жөніндегі уәкілетті органның
құқық қорғау, арнаулы
мемлекеттік және өзге де
органдардың ақпарат алмасу
жүйесінен қылмыстық жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл үшін қажет ақпаратты
алу қағидалары мен негіздеріне
4-қосымша

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесіне қолжетімділікті ұйымдастыруға № __ электронды өтінім

Қызметтік міндеттерді орындау үшін төменде көрсетілген параметрлер бойынша құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) қол жеткізуді ұйымдастыруды сұраймын:
Арыз иесінің деректері
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (толық)
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
Арыз иесінің жұмыс орны туралы мәліметтер

Ұйымның атауы


Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің


бірыңғай тізіліміндегі ұйымның



коды
Лауазымы:
Арыз иесінің байланыс деректері

Жұмыс телефоны




Әрекет түрі:
Тіркеу

Ауыстыру

Бұғаттау


ҚАО ААЖ қолдану құқығы туралы келісіммен таныстым және келісемін.
Менде қорғалған тасымалдағышта электрондық цифрлық қолтаңбаның бар екенін растаймын.
Менің дербес деректерімді ҚАО ААЖ-не тіркеу үшін беруге рұқсат етемін.
20__ жылғы "____"___________ ________________/ Қолы

Арыз иесінің басшысы: ______________________________________________________
лауазымы _______________ / МО

Т.А.Ә (бар болған жағдайда) қолы

      Ескерту:

  Қаржылық мониторинг
жөніндегі уәкілетті органның
құқық қорғау, арнаулы
мемлекеттік және өзге де
органдардың ақпарат алмасу
жүйесінен қылмыстық жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл үшін қажет ақпаратты
алу қағидалары мен негіздеріне
5-қосымша
Нысан

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану құқықтары туралы келісім

      _________ қаласы 20 ___ жылғы "___"_______

      1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – ҚМА) жұмыскері болып табылатын пайдаланушы адам ______________________________________ (Т.А.Ә (бар болған жағдайда), лауазымы) төмендегілер туралы осы келісіммен таныстым және келісемін:

1. Келісімнің мәні

      2. Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – келісім) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) операторы мен ҚАО ААЖ-ның пайдаланушысы (бұдан әрі – пайдаланушы) арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуге арналған.

      3. ҚАО ААЖ-де тіркелген ҚАО ААЖ-не қолжетімділік құқығы берілген ҚМА-ның жұмыскері пайдаланушы болып табылады.

      4. Келісім пайдаланушы ҚАО ААЖ-да тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      5. ҚАО ААЖ-ны пайдалана отырып, пайдаланушы осымен ҚАО ААЖ-ның есепке алу жазбасына қатысты құқықтарға ие болу фактісін растайды және осы Пайдалану шарттары келісімнің төменде келтірілген ережелеріне сәйкес міндетті болып табылады.  

2. Жалпы ережелер

      6. Жүйе пайдаланушыларға олардың қолжетімділік құқықтарына сәйкес ақпарат алуға сұрау салу жіберу мүмкіндігін береді.

      7. Пайдаланушыға қолжетімділік құқығын ҚАО ААЖ-ның операторы ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті ұйымдастыруға электрондық өтінім және пайдаланушының пайдаланушы келісімі негізінде береді.

      8. ҚАО ААЖ-ға кіру Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы мүмкін болады. ЭЦҚ алуды пайдаланушы Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында дербес жүргізеді. ҚАО ААЖ-не ЭЦҚ арқылы файлдық жүйеге кіруге жол берілмейді.

      9. ҚАО ААЖ операторы (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті) ҚАО ААЖ-ға әкімшілендіруді жүзеге асырады.

3. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

      10. Пайдаланушы:

      1) қолжетімділік құқықтарына сәйкес ақпарат алуға;

      2) ҚАО ААЖ арқылы алынған ақпаратты қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырған кезде пайдалануға құқылы.

      11. Пайдаланушының міндеттері:

      1) ҚАО ААЖ арқылы тек қызметтік жұмыс үшін ақпарат сұратады;

      2) жұмыс орнында ұзақ, екі айдан астам болмаған жағдайда пайдаланушы өзінің есепке алу жазбасын бұғаттауға электрондық өтінім береді;

      3) ҚАО ААЖ арқылы алынған ақпараттың құпиялығын сақтайды;

      4) ҚАО ААЖ-ны Қазақстан Республикасының заңнамаларын және халықаралық шарттарды қасақана бұзу мақсатында пайдаланбауға;

      5) ҚАО ААЖ-ны интернетке шығатын дербес компьютер арқылы пайдаланбайды;

      6) пайдаланушыға белгілі құпия ақпаратты жария етпейді және ЭЦҚ-ны басқа адамдарға бермейді.

4. Оператордың құқықтары мен міндеттері

      12. Оператор:

      1) егер ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті ұйымдастыруға берілген мәліметтер шынайы, толық болмаса, пайдаланушының ҚАО ААЖ-ға қолжетімділігіне рұқсатты тіркемеуге және бермеуге;

      2) қызметтік мақсаттарға арналмаған ҚАО ААЖ арқылы ақпарат алған жағдайларда пайдаланушыға ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті жабуға немесе уақытша бұғаттауға құқылы.

      13. Оператордың міндеттері:

      1) сұратылған ақпаратты алудың заңдылығы бөлігінде бақылауды жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланушылар туралы жеке ақпаратты таратпайды.

5. Құпиялылық туралы ереже

      14. ҚАО ААЖ арқылы алынған барлық ақпарат құпия болып табылады және тек қызметтік мақсатта пайдаланылады.

      15. ҚАО ААЖ-ның пайдаланушылары мен операторлары болып табылатын адамдар құпиялықты сақтауды қамтамасыз етеді және мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бермейді.

      16. Келісу туралы растауға ҚАО ААЖ-ның пайдаланушысы ЭЦҚ-мен қол қояды.

      17. Пайдаланушының осы Келісімнің ережелерін бұзуы ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті уақытша тоқтата тұруға немесе мүлдем жауып тастауға, пайдаланушының, есепке алу жазбасын жоюға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауаптылыққа тартуға әкеп соқтыруы мүмкін.

  Қаржылық мониторинг
жөніндегі уәкілетті органның
құқық қорғау, арнаулы
мемлекеттік және өзге де
органдардың ақпарат алмасу
жүйесінен қылмыстық жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл үшін қажет ақпаратты
алу қағидалары мен негіздеріне
6-қосымша
  Нысан

Апаттық жағдайлар журналы

1. Серверге орналасқан жабдықтың күрделі зақымдануы жағдайындағы іс-әрекеттер:

р/с

Іс-әрекеттер

Қажетті уақыт (mах)

Жауапты адам

Басталу күні мен уақыты

Аяқталу күні мен уақыты







2. ОА үй-жайларының ішінара зақымдануы кезіндегі іс-әрекеттер:

р/с

Іс-әрекеттер

Қажетті уақыт (mах)

Жауапты адам

Басталу күні мен уақыты

Аяқталу күні мен уақыты







3. Өрт дабылы жағдайындағы іс-әрекеттер:

р/с

Іс-әрекеттер

Қажетті уақыт (mах)

Жауапты адам

Басталу күні мен уақыты

Аяқталу күні мен уақыты







4. Кондиционерлер жұмыс істемей қалған жағдайлардағы іс-әрекеттер:

р/с

Іс-әрекеттер

Қажетті уақыт (mах)

Жауапты адам

Басталу күні мен уақыты

Аяқталу күні мен уақыты







5. Электр қуаты істен шыққан кездегі іс-әрекеттер:

р/с

Іс-әрекеттер

Қажетті уақыт (mах)

Жауапты адам

Басталу күні мен уақыты

Аяқталу күні мен уақыты







6. Су басқан жағдайдағы іс-әрекеттер:

р/с

Іс-әрекеттер

Қажетті уақыт (mах)

Жауапты адам

Басталу күні мен уақыты

Аяқталу күні мен уақыты








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады