"Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 18 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 127 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2019 жылғы 5 карашадағы № 139 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 1237 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қарашада № 19594 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 21 және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 54 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 15.03.2022 № 21 және ҚР Бас Прокурорының 24.03.2022 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 18 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 127 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14952 тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 2 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерінде:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. ҚАО ААЖ пайдалану процесінде барлық параметрлерді тіркеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағаларына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
___________ Ғ. Нұрдәулетов
2019 жылғы "___" ___________

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Ә. Смайылов
2019 жылғы "___" ___________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады