Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 15.03.2022 № 21 және ҚР Бас Прокурорының 24.03.2022 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-2-бабы 5-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздері бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағаларына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 18 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 127 бірлескен бұйрығымен бекітілген |
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері (бұдан әрі – пайдаланушылар) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) ақпаратты алу негіздері мен тәртібін айқындайды.
2-тарау. ҚАО ААЖ-дан ақпаратты алу тәртібі
2. Пайдаланушы "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабы 1-тармағына сәйкес осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес сервистерге қолжетімділік құқықтарын алады.
3. Пайдаланушы ҚАО ААЖ операторына - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕК) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҚАО ААЖ-ға қолжетімділік ұйымдастыруға өтінім (бұдан әрі – өтінім) жібереді.
Пайдаланушы өтінішті ҚАО ААЖ порталы арқылы электрондық түрде жібереді.
Өтінім басшы қол қойған және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мөрмен расталған қағаз тасымалдағышта өтінімнің сканерленген көшірмесі бекітіліп және пайдаланушының ҰКО ЭЦҚ құралдарымен қолы қойылып ҚАО ААЖ порталы арқылы электрондық түрде жіберіледі.
4. Жүйенің жұмыс қабілеттілігіне жауапты ҚАО ААЖ-нің өкілі ( бұдан әрі – әкімші) өтінімді тексереді сұрату келіп түскен күнінен бастап тәулік ішінде пайдаланушыны ҚАО ААЖ-да тіркейді не ҚАО ААЖ порталы арқылы ҚСжАЕК-де тіркелген ҰКО ЭЦҚ құралдарымен қол қойылған тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді. ҚАО ААЖ операторы пайдаланушысы егер өтінімде көрсетілген мәліметтер толық емес болған жағдайда тіркемейді және ҚАО ААЖ-не қолжетімділікті ұсынбайды.
5. Тіркеуде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес негіздер бойынша ҚАО ААЖ рөлдерін бөлу тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – тізбе).
6. Пайдаланушы жұмыстан шығарылған жағдайда бұғаттау үшін өтінім жібереді. Өтінімнің сканерленген көшірмесі қағаз тасымалдағышта бекітіліп және ҰКО ЭЦҚ құралдарымен қолы қойылып ҚАО ААЖ порталы арқылы электрондық түрде жіберіледі.
ҚАО ААЖ әкімшісі қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғасынан Жүйенің пайдаланушысын бұғаттауға өтінім алған кезден аталған пайдаланушының қолжетімділігін дереу бұғаттайды.
7. ҚАО ААЖ-нен ақпаратты алу үшін ҚАО ААЖ-нің пайдаланушысында негіздің, сонымен қатар ҚАО ААЖ тізбесіне сәйкес тіркеудің болуы шарт болып табылады.
8. Осы Қағидалардың 4-қосымшасында мазмұндалған пайдаланушыларға және дербес компьютерлерге қойылатын талаптар сақталған жағдайда ҚАО ААЖ пайдалану мүмкін болады.
9. Пайдаланушы бірінші кіргенде ҰКО ЭЦҚ құралдарымен осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҚАО ААЖ пайдалану құқықтары туралы келісімге қол қояды. Қол қойылған келісім және қол қойылған күні ҚАО ААЖ-де тіркеледі.
10. ҚАО ААЖ-дағы жұмыс пайдаланушының ҰКО ЭЦҚ құралдарымен жүзеге асырылатын аутентификация процедураларынан ҚАО ААЖ-нің пайдаланушысының өтуінен басталады.
11. Аутентификациялауды сәтті өткен ҚАО ААЖ-нің пайдаланушысы және электрондық нысанда қол қойылған келісімі болған жағдайда, ҚАО ААЖ-ға қолжетімділік және оған қолжетімді сервистер бойынша сұрату жіберу мүмкіндігін алады.
12. ҚАО ААЖ-дан ақпарат алу ҰКО ЭЦҚ пайдаланыла отырып байланыстың қорғалаған арналары арқылы ҚАО ААЖ тіркелген пайдаланушылары жүзеге асырады. ҰКО ЭЦҚ құралдарын басқа адамдарға беруге жол берілмейді. ҰКО ЭЦҚ сақтау үшін тек сертификатталған қорғалған құрылғылар ғана пайдаланылады, оларды қорғалған және бөтен адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.
13. ҚАО ААЖ пайдаланушыларына қолжетімділік ҚАО ААЖ-ның порталында жарияланғандар туралы ақпарат күтпеген және авариялық жағдайларда тоқтап қалған немесе жоспарланған техникалық жұмыстарды жүргізу уақытын қоспағанда тәулік бойы ұсынылады.
14. Күтпеген және авариялық жағдайлар туындаған жағдайда, ҚАО ААЖ операторы оларды анықтау және жою үшін шараларды қабылдайды. ҚАО ААЖ операторы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күтпеген немесе авариялық жағдайлардың туындау фактісін Авариялық жағдайлар журналында белгілейді. ҚАО ААЖ-дағы жоспарланған техникалық жұмыстардың уақыты туралы хабарлама (оның ішінде тоқтату, өзгерту, жаңарту) ҚАО ААЖ порталында жарияланады.
15. ҚАО ААЖ-ға бір сағаттан артық қолжетімділіктің болмауына әкеп соғатын барлық күтпеген және авариялық жағдайлар туралы ҚАО ААЖ пайдаланушысы ҚАО ААЖ порталында көрсетілген байланыс телефондары және электрондық пошта арқылы ҚАО ААЖ операторын шұғыл хабардар етеді.
16. ҚАО ААЖ пайдаланушыларының барлық сұратулары Файлға автоматтық түрде жазылатын хронологиялық тәртіптегі оқиғалар журналында (бұдан әрі - Log-журнал) тіркеледі. Хабарламаларды жіберудің бір сағаттан астам тоқталуына әкеліп соғатын барлық авариялық жағдайлар ҚАО ААЖ Log-журналында тіркеледі. Жүйенің Log-журналын толтырған кезде деректер толтырылуы бойынша мұрағатталады. Мұрағат ҚАО ААЖ-ның барлық жұмыс істеген уақытындағы деректерді қамтиды.
17. ҚАО ААЖ пайдалану процесінде барлық параметрлерді тіркеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 05.11.2019 № 139 және ҚР Қаржы министрінің 08.11.2019 № 1237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.18. ҚАО ААЖ пайдаланушылары ақпаратты сұратудың негізділігін, ақпараттық қауіпсіздік аясында дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, сонымен қатар олардың тек сұратуда көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланылуын қамтамасыз етеді. ҚАО ААЖ-дан мәліметті алғаннан кейін ҚАО ААЖ пайдаланушысы олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
19. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғалары ҚАО ААЖ-дағы сұратулардың негізділігіне ведомстволық бақылауды қамтамасыз етеді.
20. Сұратулардың негізділігін қамтамасыз етуге, ҚАО ААЖ-дан алынған электрондық ақпараттық ресурстармен жұмысты ұйымдастыруға, оларды пайдалануға қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғаларын осы органның басшысы анықтайды.
ҚАО ААЖ-ның тиісінше жұмыс істеуіне, ҚАО ААЖ пайдаланушыларын тіркеуге, сұратулардың негізділігін қамтамасыз етуге, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, ҚАО ААЖ-дан алынған электрондық ақпараттық ресурстармен жұмысты ұйымдастыруға, оларды пайдалануға жауапты ҚАО ААЖ операторының лауазымды тұлғаларын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры анықтайды.
21. ҚАО ААЖ операторы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланушылар туралы жеке ақпаратты таратпайды.
22. Осы Қағидалар талаптарының, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың бұзылу фактілері анықталған кезде ҚАО ААЖ операторы себептерді анықтау және жою үшін талдау жасайды, ҚАО ААЖ пайдаланушысының ҚАО ААЖ-ға қолжетімділігін шектеу бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кінәлі адамдардың жауаптылығы туралы мәселені қарау бойынша шаралар қабылдайды.
23. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарын және осы Қағидаларда көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, көрсетілген лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қолжетімділікті бұғаттау және жауаптылық туралы мәселені қарау бойынша шараларды қабылдауы тиіс.
24. ҚАО ААЖ алынған ақпарат ол сұратылған негіздердегі материалдарда сақталады, бұл ретте файлдардың жергілікті құрылғыға жүктелген электрондық көшірмелері дереу жоюға жатады.
25. Ақпаратты сақтау мерзімдері, тәртібі мен шарттары негізгі материалдың мазмұнына сүйене отырып ҚАО ААЖ пайдаланушысымен анықталады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жойылуы тиіс.
26. ҚАО ААЖ-дағы электрондық сұратулар және оларды өндеу нәтижелері тұрақты сақталады.
Қолжетімді сервистердің тізімі
1. | "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер қоры |
2. | "Заңды тұлғалар" Мемлекеттік деректер қоры |
3. | "Жылжымайтын мүліктің регистрі" Деректер қоры |
4. | "Жер учаскесі" Деректер қоры |
5. | "Көлік құралдары" Деректер қоры |
6. | "Тіркелген қару" Деректер қоры |
7. | "Теміржол көлігі" Деректер қоры |
8. | "Өзен және шағын өлшемді кемелер" Деректер қоры |
9. | "Теңіз кемелері" Деректер қоры |
10. | "Ауылшаруашылық техника" Деректер қоры |
11. | "Зейнетақы аударымдары" Деректер қоры |
12. | "Арнайы есептер" Деректер қоры |
13. | "Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе" Деректер қоры |
14. | "Сот органдарының" Деректер қоры |
15. | "Сот карточкаларының" Деректер қоры |
16. | Халықты құжаттау жүйесінен 1-нысан |
17. | "Е-Нотариат" Деректер қоры |
18. | "Азаматтық хал актісін жазу" Деректер қоры |
19. | ҚР азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі |
20. | Шетел азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі |
21. | "Салық төлеушілердің" Деректер қоры |
22. | Салық берешегі туралы мәліметтер |
23. | ҚҚС төлеушілері туралы мәліметтер |
24. | Салық есептілігі туралы мәліметтер (СЕӨЖ) |
25. | Контрагенттер туралы мәліметтер |
26. | "Е-лицензиялау" Деректер қоры |
27. | "Электрондық мемлекеттік сатып алу" Деректер қоры |
28. | "Сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары" Деректер қоры |
29. | "Жолаушылардың кедендің декларациялары жөніндегі мәліметтер" Деректер қоры |
30. | "Көлік құралына декларациялар жөніндегі мәліметтер" Деректер қоры |
31. | "Шетелдік жұмыс күші" Деректер қоры |
32. | Бюджет түсімдері туралы мәліметтер |
33. | "Анықтаудан/тергеуден жасырынғандардың" Деректер қоры |
34. | "Хабар-ошарсыз жоғалғандардың" Деректер қоры |
35. | Мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушыларын тексеру |
36. | Мекенжайлар мен байланыс телефондарын іздеу |
"Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесіне" қол жеткізуді ұйымдастыру үшін № __ өтінім
Қызметтік міндеттерді жүзеге асыру үшін төменде көрсетілген параметрлер бойынша ҚАО ААЖ-ға қол жеткізуді ұйымдастыруды сұраймын: | ||||||
Тегі, аты, әкесінің | ||||||
Жеке сәйкестендіру нөмірі: | ||||||
Өтінім берушінің жұмысы | ||||||
Мекеме атауы: | ||||||
Мекеменің бизнес сәйкестендіру номірі: | ||||||
Құрылымдық бөлімше: | ||||||
Лауазымы: | ||||||
Өтінім берушінің | ||||||
Жұмыс телефоны: | ||||||
Ұялы телефоны: | ||||||
E-mail: | ||||||
Жұмыс мекенжайы: | ||||||
Әрекет түрі: | Тіркеу | Ауысу | Бұғаттау | |||
Бұғаттау себебі | ||||||
"Құқықтық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін" пайдалану құқығы туралы келісіммен таныстым және келісемін. | ||||||
ҚАО ААЖ қызметтерін негіздерге бөлу тізбесі
№ | Қаржы мониторингі | |
1. | Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның қызметкері | + |
Пайдаланушыларға және дербес компьютерлерге қойылатын талаптар
ҚАО ААЖ-бен жұмыс жасау үшін ақпараттың қорғалған тасымалдағышында жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы қажет.
ҚАО ААЖ-бен жұмыс жасауға арналған дербес компьютерлерге қойылатын ең төменгі талаптар:
1) 1.5 GHz тактік тазалығы бар процессор;
2) қатты дискідегі бос орынның 20 Gb кем болуы;
3) жедел жадының 1 Gb кем болмауы;
4) желі картасы 100 Mbps кем болмауы;
5) орнатылған пакеттің Adobe Acrobat Reader, Internet Explorer 7.0 төмен болмауы, Service Pack 1 немесе жоғары, java 6.0 төмен болмауы, браузерлердің java қолдауымен болуы;
6) қорғалған арнаға қосылу;
7) ҚР ҰКО ЭЦҚ сақтау үшін әр түрлі құрылғылармен жұмыс жасауға арналған орнатылған драйверлер;
8) техникалық құралдарда ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында Интернетке шығу қол жетімділігін толық жою.
"Құқықтық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін" пайдалану құқықтары туралы келісім
____________________ қаласы
20___жылғы "___"_________
Пайдаланушы _________________________________________ тұлға
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
(мемлекеттік органның атауы) _____________________________________ қызметкері болып табылады осы келісіммен танысты және мына төмендегілермен келіседі:
1. Келісім мәні
Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – Келісім) "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі" (бұдан әрі – ҚАО ААЖ, Жүйе) операторы мен Жүйе Пайдаланушысының (бұдан әрі – пайдаланушы) арасында қарым-қатынасты реттеуге арналған.
Пайдаланушы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыру саласында ақпаратты талдау бойынша қызметті іске асыратын, сонымен қатар ҚАО ААЖ-ға қол жеткізу құқығын беретін және ҚАО ААЖ-де тіркелген қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның қызметкері болып табылады.
Келісім пайдаланушы ҚАО ААЖ-да тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
ҚАО ААЖ-ды пайдалана отырып, пайдаланушы ҚАО ААЖ-дың есептік жазбасына қатысты құқықтарға ие болатынын растайды және осы пайдаланудың талаптары төменде келтірілген келісім ережелеріне сәйкес міндетті болып табылады.
2. Жалпы ережелер
Жүйе пайдаланушының қол жеткізу құқығына сәйкес пайдаланушы тек қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыру саласында ақпаратты талдау бойынша функцияларды жүзеге асыру шеңберінде ақпарат алуға сұрату жіберу мүмкіндігін ұсынады.
Пайдаланушыға қол жетімділік құқығы ҚАО ААЖ-ға қол жеткізуді ұйымдастыруға бағытталған ресми сұрау және пайдаланушы тарапынан пайдаланушы келісімінің негізінде ҚАО ААЖ-дың әкімшілігі береді.
ҚАО ААЖ-ға кіру тек Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ҰКО ЭЦҚ) арқылы мүмкін болады. ҰКО ЭЦҚ алуды Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталығында пайдаланушы дербес жүргізеді. ЭЦҚ ҚАО ААЖ-ға кіруге файлдық жүйеде жол берілмейді.
ҚАО ААЖ-ды әкімшілендіруді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүргізеді (бұдан әрі - ҚАО ААЖ операторы).
3. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
Құқықтары:
1) қол жеткізу құқығына сәйкес ақпарат алу;
2) ҚАО ААЖ арқылы алынған ақпаратты қызмет бабында және заңнама мен нормативті құқықтық актілерімен көзделген жағдайларда ғана пайдалану.
Міндеттері:
1) пайдаланушы екі айдан астам уақытта жұмыс орнында болмаған жағдайда міндетті түрде бұғаттау қою жөнінде хабарлама беруі қажет;
2) ҚАО ААЖ арқылы алынған ақпараттың кұпиялығын сақтау;
3) Қазақстан Республикасының қандай да бір қолданыстағы заңын немесе халықаралык келісімді әдейі бұзу мақсатында ҚАО ААЖ-ды пайдаланбау;
4) ҚАО ААЖ-ды интернетке қосылған дербес компьютермен қолданбау;
5) пайдаланушыға мәлім құпия мәліметті жарияламау немесе ЭЦҚ-ны басқа тұлғаларға бермеу;
6) тек қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыру саласында ақпаратты талдауды жүзеге асыру шеңберінде және қызмет бабында ғана ҚАО ААЖ мәліметтерін сұрату.
Пайдаланушы осы Келісімдегі ережелерді бұзатын болса, ҚАО ААЖ-ға қол жеткізуді уақытша тоқтатып немесе толықтай жабуға, есептік жазбаны жоюға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке тартуға алып келеді.
4. ҚАО ААЖ операторының құқықтары мен міндеттері
Құқықтары:
1) ҚАО ААЖ-ға жіберілген мәліметтер дұрыс, толық және актуалды болмаған жағдайда ҚАО ААЖ-дың пайдаланушысы тіркелмейді және қолжетімділік берілмейді;
2) ҚАО ААЖ-дың пайдаланушысы ҚАО ААЖ арқылы ақпаратты қызметтік мақсаттар үшін емес алған жағдайда қол жеткізуді жауып тастау немесе уақытша бұғаттау.
Міндеттері:
1) сұратылған мәліметті алу заңдылығы бөлігінде бақылауды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделеген жағдайларды қоспағанда, пайдаланушылар туралы жеке ақапарат таратпау.
5. Құпиялылық туралы ереже
Жүйе арқылы алынған барлық ақпарат құпиялы болып табылады және тек қызметтік мақсаттарға және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыру саласында тек ақпаратты талдау бойынша функцияларды осы пайдаланушының жүзеге асыру шеңберінде пайдаланылады.
Ақпараттың құпиялылық режімін бұзған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
V – келісім туралы растауға, ҚАО ААЖ пайдаланушысы ҰКО ЭЦҚ-сымен қол қояды.
Апатты жағдайлар журналы 1. Серверлік орналасқан жабдыққа елеулi зақым келген жағдайдағы іс-әрекеттер:
№ | Іс-әрекеттер | Қажет уақыт (max) | Жауапты | Басталу күні мен уақыты | Аяқталу күні мен уақыты |
2. ОА ғимараты ішінара бүлінген жағдайдағы іс-әрекеттер
№ | Іс-әрекеттер | Қажет уақыт (max) | Жауапты | Басталу күні мен уақыты | Аяқталу күні мен уақыты |
3. Өрт дабылы болған жағдайдағы іс-әрекеттер
№ | Іс-әрекеттер | Қажет уақыт (max) | Жауапты | Басталу күні мен уақыты | Аяқталу күні мен уақыты |
4. Кондиционерлердің тоқтап қалған жағдайдағы іс-әрекеттер:
№ | Іс-әрекеттер | Қажет уақыт (max) | Жауапты | Басталу күні мен уақыты | Аяқталу күні мен уақыты |
5. Электр қуат беру тоқтаған жағдайдағы іс-әрекеттер
№ | Іс-әрекеттер | Қажет уақыт (max) | Жауапты | Басталу күні мен уақыты | Аяқталу күні мен уақыты |
6. Су басқан жағдайдағы іс-әрекеттер
№ | Іс-әрекеттер | Қажет уақыт (max) | Жауапты | Басталу күні мен уақыты | Аяқталу күні мен уақыты |