Еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын басқа жануарларды қоректендіру үшін пайдаланылатын жануарлардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 наурызда № 27219 болып тіркелді

      "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын басқа да жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын жануарлардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология, және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
С. Брекешев

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 24 наурыздағы
№ 84 Бұйрығымен
бекітілген

Еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын басқа да жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын жануарлардың тізбесі


р/с

Жануарлардың түрлері

1.

2

Кеміргіштер

1

Тышқан

2

Егеуқұйрық

3

Моңғол құмтас

4

Алтын (сирия) атжалман

5

Гвинея шошқасы

Қоян тәрізді

6

Қоян

Құстар

7

Бөдене

8

Тауық

9

Үйрек

10

Қаз

Бауырымен жорғалаушылар

11

Жылан

12

Кесіртке

Қосмекенділер

13

Бақа

Балықтар

14

Балық аулау объектілері болып табылатын, сондай-ақ аквамәдениетте ұсталатын және өсірілетін балықтардың барлық түрлері

      Ескертпе: сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінен басқа.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады