"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 10) 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тұрғынжайларда ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларының тізбесі.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология, және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
Бұйрығына 1 қосымша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2022 жылғы 24 наурыздағы № 85 |
Тұрғынжайларда ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізбесі
№ р/с | Жануарлар түрлері |
1 | 2 |
Сарышаян (Scorpiones): | |
1. | Барлық жуанқұйрықты сарышаяндар түрлері (Androctonus) |
2. | Барлық "өлім аңшылары" тұқымдас сарышаяндар түрлері (Leiurus) |
3. | Барлық ағаш сарышаяндар түрлері (Centruroides) |
4. | Барлық бразилдік сары сарышаяндар түрлері (Tityus) |
5. | Барлық индиялық қызыл сарышаяндар түрлері (Hottentotta) |
6. | Барлық гемисарышаян түрлері (Hemiscorpius) |
Өрмекшітәрізділер (Araneae): | |
7. | Атракстардың барлық түрлері (Atrax) |
8. | Миссулендердің барлық түрлері (Missulena) |
9. | Шұңқырлы өрмекшілердің барлық түрлері (Hadronyche) |
10. | Өрмекшілердің барлық түрлері "кездейсоқ өрмекшілер" (Phoneutria) |
11. | Алты көзді құм өрмекшілерінің барлық түрлері (Sicarius) |
12. | Дуана өрмекшілердің барлық түрлері (Loxosceles) |
13. | Қарақұрт (Latrodecus tredecimguttatus) |
Бауырымен жорғалаушылар (Reptilia) | |
14. | Барлық кобралартүрлері (Naja) |
15. | Барлық мамб түрлері (Dendroaspis) |
16. | Барлық тайпан түрлері (Oxyuranus) |
17. | Бумсланг (ағаш түб) (Dispholidus typus) |
18. | Барлық шарап жыландары түрлері (Thelotornis) |
19. | Алқалы улы сұр жылан (Daboia russelii) |
20. | Құмды эфа (Echis carinatus) |
21. | Габондық улы сұр жылан (Bitis gabonica) |
22. | Қара сұр жылан (Macrovipera lebetina) |
23. | Сылдырмақты жолбарыс жылан(Crotalus tigris) |
24. | Сылдырмақты техас жыланы (Crotalus atrox) |
25. | Ромбалы сылдырмақты жылан (Crotalus adamanteus) |
26. | Қорқынышты сылдырмақты жылан (Crotalus durissus) |
27. | Қайсақ (Bothrops atrox) |
28. | Жарарака (Bothrops jararaca) |
Кесірткелер (Lacertilia): | |
29. | Утісті (Helodermatide) |
30. | Комодо кесірткесі (Varanus komodoensis) |
Қолтырауындар (Crocodilia): | |
31. | Крокодил кайманынан (Caiman crocodilus), түтіккен -қолтырауыннан (Osteolaemus tetraspis), кең тұмсықты кайманнан (Caiman latirostris), тегіс қайманнан (Paleosuchus palpebrosus)басқа қолтырауындардың барлық түрлері |
3. Сүтқоректілер (Mammalia) | |
Жыртқыш | |
32. | Аюлар (Ursidae) |
33. | Арыстан (Panthera leo) |
34. | Қаблан (Panthera pardus) |
35. | Ягуар (Panthera onca) |
36. | Қара қаблан (Puma concolor) |
37. | Кәдімгі сілеусін (Lynx lynx) |
38. | Қасқыр кәдімгі (Canis lupus) |
39. | Кәдімгі түлкі (Vulpes vulpes), аң фермасын қоспағанда |
40. | Қорқау қасқыр(Hyaenidae) |
41. | Балжегіштердің барлық түрлері (Mellivora) |
42. | Құну (Gulo gulo) |
Маймылдар (Primates): | |
43. | Гиббондар (Hylobatidae) |
44. | Гоминидтар (Hominidae) |
45. | Жұқаденелі маймылдар (Colobinae) |
46. | Макаккалардың барлық түрлері (Macaca), явандық макакадан басқа (Macaca fascicularis) |
47. | Павиандардың барлық түрлері (Papio) |
48. | Мангабейлердің барлық түрлері (Cercocebus) |
49. | Түкті маймылдардың барлық түрлері (Lagothrix) |
50. | Жылауық маймылдардың барлық түрлері(Alouatta) |
51. | Өрмекшітәрізді маймылдардың барлық (Atelidae) |
Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар барлық түрлері |
Бұйрығына 2 қосымша |
Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларының тізбесі
№ п/п | Түрлері жануарлар |
1 | 2 |
1. | Акбаш |
2. | Американдық акита (жапондық үлкен ит) |
3. | Аляскиниялық маламут |
4. | Американдық бульдог |
5. | Американдық бульдог (амбуль) |
6. | Америкалық питбультерьер (питбуль) |
7. | Американдық стаффордширтерьер(амстафф) |
8. | Аргентиналық дог |
9. | Американдық бандог (питбульмастиф) |
10. | Бордоский дог (француз мастиф) |
11. | Бразилиялық бульдог |
12. | Даттық брохольмер |
13. | Бувье Арден және Фландрия |
14. | Булли кутта (пәкістандық мастиф) |
15. | Асыл қанды алапах бульдогі (отто) |
16. | Американдық бульдог |
17. | Бульмастиф |
18. | Бультерьер |
19. | Оңтүстік африка бурбуль (бурбуль) |
20. | Ирландиялық бөрібасар |
21. | Гампр |
22. | Гуль дог |
23. | Далматин |
24. | Доберман |
25. | Аргентиналық дог (аргентиналық мастиф) |
26. | Канарлық дог |
27. | Кавказ овчаркасы |
28. | Ка-де-бо (майорлық мастиф) |
29. | Канарлық дог (преса канарио) |
30. | Кангал |
31. | Кане корсо |
32. | Као де кастро лаборейро |
33. | Као де сэра де астрела (португалиялық мал бақыш ит) |
34. | Марема ( маремо-абруициялық овчарка) |
35. | Мастиф (ағылшын, белгия, пиренейя, тибет) |
36. | Мәскеулік күзетші ит |
37. | Неміс догі |
38. | Неополитаниялық мастиф (мастино) |
39. | Ньюфаунленд |
40. | Овчарка (атлас, Бельгия, Шығыс Еуропа, голланд, грек, канадалық, қара, неміс, португал, француз) |
41. | Перо де Преса Канарио (собака канарская) |
42. | Рафейра дуалинтежа (португалдық күзетші ит) |
43. | Риджбек (Родезия және Тай) |
44. | Ротвейлер |
45. | Сенбернар |
46. | Қасқыр ит (итальян, сарлос, Чех) |
47. | Ортаазиялық овчарка |
48. | Стаффордшир бультерьері |
49. | Тибет мастифі |
50. | Тоса-ину (жапон мастифі) |
51. | Фила бразилейро |
52. | Хаски |
53. | Чау-чау |
54. | Қара терьер |
55. | Шарпей |
56. | Оңтүстікафрикалық бурбуль |
57. | Оңтүстік орыс овчаркасы |
58. | Бұл ит тұқымдарының буданы және ірі тұқымды иттер (биіктігі 56 см-ден жоғары және салмағы 30 кг-нан асады) |
59. | Қасқырмен ит буданы |
60. | Мысық тұқымдасының жабайы түрлері мен үй мысықтарының будандары (каракал, орман және дала мысықтары, сервал, сілеусін және т. б.) |