"Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 наурыздағы № ҚР ДСМ -28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 наурызда № 27252 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24078 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 138-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

138.

B02BD02

А гемофилияның ингибиторлық нысаны бар балалар жасындағы пациенттер үшін VIII плазмалық қанның ұю факторы ***

Жарамдылықтың барлық мерзімі ішінде 25˚С дейін температура кезінде сақтау мүмкіндігі бар, оның ішінде иммундық толеранттылықты индукциялау әдісімен гемофилияның ингибиторлық нысанын емдеу үшін, құрамында альбумин, сахароза және полиэтиленгликоль жоқ, қос вирустық инактивациядан өткен,соның ішінде сольвент-детергент әдісімен еріткіші және енгізуге арналған жинағы бар құтыдағы венаішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

ХБ

      ";

      реттік нөмірілері 140, 141, 142 және 143-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

140.

B02BD02

Кіші жастағы балаларда (12 жасқа дейін) қолдануды шектей отырып, Виллебранд ауруын емдеуге көрсетілімі жоқ VIII плазмалық қанның ұю факторы ***

ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

ХБ

141.

B02BD02

Виллебранд ауруын емдеуге көрсетілімі жоқ VIII плазмалық қанның ұю факторы ***

ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

ХБ

142.

B02BD02

12 жасқа дейінгі балаларғ а қолдану мүмкіндігі бар VIII рекомбинантты қанның ұю факторы ***

инъекцияға арналған лиофилизирленген ұнтақ

ХБ

143.

B02BD02

VIII рекомбинантты қанның ұю факторы ***

инъекцияға арналған лиофилизирленгенн ұнтақ / инъекцияға арналған ерітінді дайындау үшін лиофилизат

ХБ

      ";

      реттік нөмірі 318-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

318.

H01AC01

Соматропин ****

инъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ

мг

      ";

      реттік нөмірлері 319, 320, 321, 775 және 811-жолдар алып тасталсын;

      сілтеме:

      "* Таблеткаға мыналар жатады: таблетка, қабықпен қапталған таблетка, үлбірлі қабықпен қапталған таблетка, ішекте еритін қабықпен қапталған таблетка, ұсақталатын таблетка, соруға арналған таблетка, көпіршитін таблетка, ұзақ әсер ететін таблетка;

      Ұзақ әсер ететін таблеткаға: ұзақ әсер ететін таблетка, таблетка ретард, ұзақ уақыт босап шығатын таблетка, модицикацияланып босап шығатын таблетка, әсер етуі ұзаққа созылатын таблетка, баяу босап шығатын таблетка, босап шығуы бақыланатын таблетка жатады;

      Капсулаға: капсула, қатты капсула, ішекте еритін капсула, әсер етуі ұзаққа созылатын капсула жатады;

      Әсер етуі ұзаққа созылатын капсулаға: әсер етуі ұзаққа созылатын капсула, ұзақ уақыт босап шығатын капсула, капсула ретард, модификацияланып босап шығатын капсула, ұзақ уақыт босап шығатын капсула, баяу босап шығатын капсула, босап шығуы бақыланатын капсула жатады.

      ** жекелеген ауруларда қолдану үшін

      *** жеткізу медициналық ұйымдардың қажеттілігіне қарай шығарылу нысанында жүзеге асырылады."

      мындай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      * Таблеткаға мыналар жатады: таблетка, қабықпен қапталған таблетка, үлбірлі қабықпен қапталған таблетка, ішекте еритін қабықпен қапталған таблетка, ұсақталатын таблетка, соруға арналған таблетка, көпіршитін таблетка, ұзақ әсер ететін таблетка;

      Ұзақ әсер ететін таблеткаға: ұзақ әсер ететін таблетка, таблетка ретард, ұзақ уақыт босап шығатын таблетка, модицикацияланып босап шығатын таблетка, әсер етуі ұзаққа созылатын таблетка, баяу босап шығатын таблетка, босап шығуы бақыланатын таблетка жатады;

      Капсулаға: капсула, қатты капсула, ішекте еритін капсула, әсер етуі ұзаққа созылатын капсула жатады;

      Әсер етуі ұзаққа созылатын капсулаға: әсер етуі ұзаққа созылатын капсула, ұзақ уақыт босап шығатын капсула, капсула ретард, модификацияланып босап шығатын капсула, ұзақ уақыт босап шығатын капсула, баяу босап шығатын капсула, босап шығуы бақыланатын капсула жатады.

      ** жекелеген аурулар кезінде қолдану үшін

      *** жеткізу медициналық ұйымдардың қажеттілігіне қарай шығарылу нысанында жүзеге асырылады

      **** сатып алу медициналық ұйымдардың қажеттілігіне сәйкес дәрілік нысанда және Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды дозасында жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады