БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16568 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 206-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ұлттық жобаларда және (немесе) үкіметтік бағдарламаларда институционалдық жобалардың болуы;";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.";
27-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан келісу-хаты;";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Институционалдық жобаларды іріктеуді және республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығаруды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 66-бабында көрсетілген құжаттарды, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның есептер мен қаржыландыру көлемінің негізділігі тұрғысынан келісу-хатын және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан келісу-хатын ұсынған кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.";
31-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан келісу-хаты;";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Мемлекеттік сыртқы қарыздар мен республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 206-бабы 2-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Институционалдық жобаларды қаржыландыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаның тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органның мемлекеттік органның даму жоспарында көрсетілген мақсатты индикаторлары институционалдық жобаның ҚЭҚ-да көрсетілген нәтижелерге және жобаны дамытудың мақсаттарына қол жеткізу индикаторларына сәйкес болуы тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі