Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 20-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы 2022 жылғы 28 наурыздағы № 4 Бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 90-6-бабының 20-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жоспар-кесте - мониторинг объектілерінің тізбесін және мониторинг жүргізу кезеңдерін қамтитын құжат;
2) лауазымды адам - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген адам;
3) мониторинг объектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар;
4) мониторинг - монополияға қарсы органның келісімін алмастан мониторинг объектілерінің құру жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілерін, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
5) монополияға қарсы орган - бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
3. Мониторингті монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
4. Мониторинг осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен (республикалық меншіктегі мониторинг объектілеріне қатысты) және монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері басшыларының (коммуналдық меншіктегі мониторинг объектілеріне қатысты) бұйрықтарымен жыл сайын бекітілетін жоспар-кестелерге сәйкес жүргізіледі.
Мониторинг жүргізу мерзімі екі айдан аспайды. Мониторинг объектісінің үлестес тұлғалары анықталған жағдайда мониторинг жүргізу мерзімі монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен және монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері басшыларының бұйрықтарымен үш айға ұзартылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.07.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Жоспар-кестеге енгізу үшін негізгі өлшемшарттар мониторинг объектісін құру күні болып табылады.
6. Жыл сайынғы жоспар-кесте ағымдағы жылдың 20-желтоқсанынан кешіктірілмей монополияға қарсы органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
2-тарау. Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған сол қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізу тәртібі
7. Мониторинг жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен ақпарат жинау және өңдеу;
2) алынған ақпаратқа монополияға қарсы органның келісімін алмай мониторинг объектілерінің құру, жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілерін, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтау тұрғысынан талдау жүргізу;
3) алынған ақпаратқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізу;
4) мониторинг объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне қорытынды дайындау.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.07.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Монополияға қарсы орган ақпарат жинауды мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, мониторинг объектілерінің атына тиісті сұрау салулар жіберу арқылы, сондай-ақ ашық көздерден алынған ақпаратты пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Монополияға қарсы орган мониторинг жүргізу үшін мынадай ақпаратты сұратады:
1) мониторинг объектісінің құрылтай құжаттары;
2) мониторинг объектісі қызметінің түрлерін жүзеге асыруды растайтын статистикалық және қаржылық-экономикалық есептер;
3) растайтын материалдары бар қызмет түрлері бойынша заттай және ақшалай көріністегі соңғы жылдары өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы көлемі;
4) Кодекстің 90-6-бабының 21) тармақшасына сәйкес мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ақпарат.
9. Алынған ақпарат мониторинг объектісін құру, мониторинг объектісі жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілерін, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтау үшін өңделеді және жүйеленеді.
10. Мониторинг жүргізу кезінде монополияға қарсы орган ұсынылған ақпаратты зерделейді, мониторинг объектісі қызметінің түрлерін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарымен салыстырады.
11. Мониторинг нәтижелері лауазымды адамның қорытындысымен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей мониторинг объектісіне жолданады.
12. Мониторинг объектілерін құру, жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілері, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілері анықталған жағдайда, монополияға қарсы орган Кодекстің 192-бабының 8-тармағына сәйкес монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдайды.
Жоспар-кесте
№ | Мониторинг объектісінің атауы | Мониторинг жүргізу кезеңі |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |