"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27346 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      2) Nz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = [(Еz + L) * (k1 + k2)] + А1 + А2 + А3,

      мұндағы:

      z – орта білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін сыныптарындағы білім беру деңгейін (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру), оның ішінде дамуында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды көрсететін индекс;

      Еz – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы білім беру процесі шығыстарының нормасы.

      Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушы үшін Еz 2-ге көбейтіледі;

      L – бір жылда бір оқушыға шаққандағы білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      k1 – нақты орташа жылдық контингент бойынша мектептердің толықтырылу коэффициенті:

      400 оқушыға дейін – 1;

      401-ден 500 оқушыға дейін – 0,85;

      501-ден 800 оқушыға дейін – 0,75;

      801-ден 1000 оқушыға дейін – 0,65;

      1001-ден 1200 оқушыға дейін – 0,6;

      1201-ден 1400 оқушыға дейін – 0,58;

      1401-ден 1600 оқушыға дейін – 0,56;

      1601-ден 2000 оқушыға дейін – 0,52;

      2001-ден 2500 оқушыға дейін – 0,49;

      2501-ден 3000 оқушыға дейін – 0,45;

      3001-ден 4000 оқушыға дейін – 0,40;

      4001-ден бастап одан көп оқушы – 0,38;

      k2 – мектептің жобалық қуаттылығынан асатын нақты орташа жылдық контингент бойынша мектептердің толықтырылу коэффициенті:

      150 %-ға дейін – 0,3;

      151-ден 170 %-ға дейін – 0,29;

      171-ден 190 % -ға дейін – 0,28;

      191-ден 210 % -ға дейін – 0,27;

      211-ден 230 %-ға дейін – 0,26;

      231-ден 250 %-ға дейін – 0,25;

      251-ден 270 %-ға дейін – 0,24;

      271-ден 290 %-ға дейін – 0,23;

      291-ден 310 %-ға дейін – 0,22;

      311% және одан көп – 0,21.

      k1 және k2 түзету коэффициенттері жекеменшік білім беру ұйымдарының сенімгерлік басқаруындағы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының объектілерін қоспағанда, мемлекеттік орта білім беру мекемелеріндегі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардан құралған сыныптар үшін, сондай-ақ жекеменшік орта білім беру ұйымдары үшін қолданылмайды;

      А1 – бір оқушыға шаққандағы ғимараттың және құрылыстың амортизациясына, жабдықтардың амортизациясына/сатып алынуына арналған шығыстардың нормасы:

      жылына 6 АЕК – меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс жасап тұрған мектептерде оқитындар үшін;

      12 АЕК – жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернатта, жекеменшік мектеп-интернатта тұратын білім алушылар үшін;

      А2 – орта білім беру ұйымдарының объектілерінде, оның ішінде:

      орта білім беру ұйымының жеке меншігіндегі;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен мемлекеттік меншікке берілген объектілерінде білім алушы нақты орналасқан әрбір жаңадан енгізілген оқушы орны үшін (бірақ олардың жобалық қуатынан жоғары емес) ғимараттардың амортизациясына арналған шығыстардың нормасы.

      Орта білім беру ұйымдарының мынадай объектілеріндегі орындар жаңадан енгізілетін оқушы орындары болып табылады:

      2018 жылғы 20 шілдеден кейін құрылыс салу немесе реконструкция жасау жолымен пайдалануға берілген орта білім беру ұйымдарының жеке меншігіндегі, сол сияқты осы орта білім беру ұйымдары құрылтайшыларының немесе олардың жақын туыстарының жеке меншігіндегі;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен мемлекеттік меншікке берілген.

      А2 мынадай білім беру ұйымдарына 8 (сегіз) жыл ішінде төленеді:

      А2-ні алуға үміткерлерге – жиырма жыл мерзімге орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығы салынғаннан кейін;

      2020 жылғы 14 ақпанға дейінгі кезеңде А2-ні алғандарға – 2020 жыл ішінде жиырма жыл мерзімге орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығын салу жөніндегі міндеттемелер қабылданғаннан кейін төленеді. Бұл жағдайда А2-ні төлеу мерзімі көрсетілген міндеттемелер қабылданғанға дейін жүргізілген төлемдер мерзіміне мөлшерлес азайтылады;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен орта білім беру объектілерін алғандарға төленеді. Бұл ретте осындай білім беру ұйымының құрылтайшысы А2 төлемдерінің сомасын шеңберінде орта білім беру ұйымының объектісі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен мемлекеттік меншікке берілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруды жүзеге асыруға бағыттауды қамтамасыз етеді. Бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің (Nz) сомасы А2 төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, білім беру процесі мен білім беру ортасының шығыстарын қаржыландыруға бағытталады.

      Жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің меншік иесі ауысқан жағдайда А2-ні төлеу мерзімі жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің бұрынғы меншік иесіне төленген мерзімге барабар қысқартылады.

      А2 мынаны құрайды:

      құрылыс салынған жағдайда – жылына 96 АЕК;

      реконструкция жасалған жағдайда – жылына 47 АЕК.

      Басқа жағдайларда, оның ішінде жаңадан енгізілген оқушы орындары үшін А2 төленетін жоғарыда көрсетілген мерзімдер өткенде А2 0-ге тең болады;

      А3 – орта білім беру ұйымының жеке меншігіндегі орта білім беру ұйымы объектілерінде жаңадан енгізілген, бірақ олардың жобалық қуатынан аспайтын, білім алушылар нақты орналасқан әрбір тұру орны үшін ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар нормасы.

      Білім алушылар нақты орналасқан тұру орны 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылыс салу немесе реконструкция жасау жолымен пайдалануға енгізілген орта білім беру ұйымдарының жеке меншігіндегі, сол сияқты осы орта білім беру ұйымдары құрылтайшыларының немесе олардың жақын туыстарының жеке меншігіндегі орта білім беру ұйымдарының интернаттарындағы орындар болып табылады.

      А3 жиырма жылға дейін орта білім беру ұйымы интернатының нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығы салынғаннан кейін 8 (сегіз) жыл ішінде төленеді. Бұл ретте жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің меншік иесі ауысқан жағдайда А3-ті төлеу мерзімі жекеменшік орта білім беру ұйымы интернатының бұрынғы меншік иесіне төленген мерзімге барабар қысқартылады.

      А3 мынаны құрайды:

      құрылыс салынған жағдайда – жылына 122 АЕК;

      реконструкция жасалған жағдайда – жылына 47 АЕК.

      Басқа жағдайларда, оның ішінде жаңадан енгізілген білім алушылардың тұру орындарына А3 төленетін 8 (сегіз) жыл өткенде А3 0-ге тең болады;".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады