БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. ІІМ ҚАЖ-дың органдары бес жұмыс күні ішінде электрондық хабарлама қалыптастырады, және әліпбилік есеп карточкасының декректемелерін АЕА ААЖ-да автоматты түрде толтыру үшін АЕА ААЖ-ға:
ҚР ҚПК-нің 151, 153-баптарына сәйкес күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертлген немесе жойылған;
үкімнің көшірмесімен бірге үкімнің орындалуы туралы өкім алынған;
Бірінші сатыдағы сот шығарған үкім алынған;
сотталғаннан кейін адамды тергеу изоляторында, гауптвахтада қалдырған не сотталған адам жазаны өтеу орнына кеткеннен кейінгі жағдайларда жібереді.
Органдардың ақпараттық жүйесінде АЕА ААЖ-мен интеграция болмаған жағдайда тергеу изоляторы, гауптвахта бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта хабарлама жібереді.
Тергеу изоляторы, гауптвахта хабарлама/электрондық хабарламаны қоюмен бір уақытта Комитеттің аумақтық органына қағаз тасымалдағышта растайтын құжаттар (жеке басты растайтын құжат, заңды күшіне енген үкім, үкімнің көшірмесімен бірге үкімнің заңды күшіне енуі туралы қаулы немесе өкім) жіберіледі.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Комитеттің аумақтық органдары, әскери және көліктік органдарды қоса алғанда, күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған адамдар туралы ақпаратты, сондай-ақ оларға қатысты қабылданған процестік шешімдер туралы мәліметтерді СДТБТ-де тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей СДТБТ мәліметтерімен АЕА ААЖ-ға электрондық әліпбилік есепке алу карточкасының автоматты қалыптастырылуына мониторингті жүзеге асырады.
Салыстырып тексеру барысында Комитеттің аумақтық органының қызметкері АЕА ААЖ-ға растайтын құжаттардың (заңды күшіне енген үкім, қаулы және басқалар) графикалық көшірмелерін енгізеді. Шетелдіктерге, сондай-ақ ЖСН-ні жоқ ҚР азаматтарына АЕА ААЖ-ға жеке басты куәландыратын құжаттардың графикалық көшірмелері, жеке басты анықтаған кезінде тиісті қаулының көшірмесі енгізіледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттарында қазақ және орыс тілдерінен өзге тілде толтырылған сауалнамалық деректері бар шетелдіктерге қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органнан сауалнамалық деректердің аудармасы сұратылады.
Қылмыстық істері қылмыстық қудалау органдарының орталық құрылымының іс жүргізуінде жатқан адамдардың мәліметтерін қылмыстық құқық бұзушылық жасалған орын бойынша Комитеттің тиісті аумақтық органының қызметкері АЕА ААЖ-мен салыстыруды жүргізеді.
Ұқсас түрде процестік шешімдер не қылмыстық теріс қылықтар бойынша, бұйрық өндірісі тәртібінде аса ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша заңды күшіне енген үкімдер (қаулылар) қабылданған адамдар бойынша мәліметтер салыстырылады (ҚР ҚПК-нің 37-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардан басқа).
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмаған, бірақ Комитеттің аумақтық органының қызметкері әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасын құрастырылатындарға және Комитетке жіберілетіндерге қатысты МАБ-ке жіберуге жататын сотталған адамдардан басқа, жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдарға қағаз тасымалдағышта карточка құрастырылмайды.
Комитетке жіберуге жатпайтын растайтын құжаттардың (қағаз тасымалдағышта) көшірмелері, оларды ұсыну және түзету бойынша хат алмасулар жеке номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады).";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. ҚР ҚПК-нің 470-бабының үшінші бөлігіне сәйкес бірінші сатыдағы сот, үкімнің заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға енгізеді.
ҚР ҚПК-нің 472-бабының екінші бөлігіне сәйкес үкiмдi орындау туралы өкiмдi судья үкiмнiң көшiрмесiмен бiрге қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес үкiмдi орындауға келтіретін органға жiбередi. Күзетпен ұсталып отырған адамдарға қатысты iстi апелляциялық қарау нәтижелерiн апелляциялық сатыдағы сот хабарлайды. Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде үкiм өзгертілген жағдайда, үкiмнiң көшiрмесiне апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi қоса беріледі.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Тегі бойынша және дактилоскопиялық есепте тұрған адамдардың сауалнамалық деректеріне АЕА ААЖ-ға түзету енгізуді, оларды есептен алуды, қате енгізілген мәліметтерді жоюды Комитеттің Қылмыстық салада құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы (бұдан әрі – ҚС ҚАҚБ) жүзеге асырады.
Тегі бойынша және дактилоскопиялық есепте тұрған адамдардың сауалнамалық деректеріне АЕА ААЖ-ға түзету енгізу, қате енгізілген мәліметтерді жою қажет болған жағдайда, Комитеттің аумақтық органы бастығының не жетекшілік ететін орынбасарының қолы қойылған ҚС ҚАҚБ-ға түзету туралы толық мәліметтер көрсетіле отырып, деректемелерді түзету және СДТБТ және/немесе бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйеге (бұдан әрі – ББСЖ) қате енгізілген мәліметтерді жою қажеттігі туралы субъектінің өтінішхатымен қоса, растаушы құжаттардың графикалық көшірмесін тіркей отырып, уәжделген хат жіберіледі.
АЕА ААЖ-ға қате енгізілген мәліметтерді жою туралы сұрау салуда себебі көрсетіледі (әскери және көлік органдарын қоса алғанда, аумақтық орган қызметкерінің қате енгізуі, СДТБТ және/немесе ББСЖ-ға қате енгізу, есепке алу субъектілерінің шынайы емес мәліметтерді ұсынуы және басқалар). Адамды есепке негізсіз қойған жағдайда (адам іс бойынша куәгер болып өтсе, сауалнамалық деректері дұрыс болмағанда және басқалар) жауапты қызметкердің аумақтық орган бастығының атына жазылған баянатының (түсіндірмесінің) графикалық көшірмесі қоса беріледі.
Мәліметтері түзетуге жататын адамдардың тізімі қатаң түрде олардың сауалнамалық деректерінің әліпбилік тәртібінде рәсімделеді.
Осы тараудың талаптарын бұза отыры рәсімделген сұрау салулар, орындаусыз қалдырылатын болады.
ҚС ҚАҚБ-ға түзетулер енгізу туралы сұрау салуды жібергеннен кейін, Комитеттің аумақтық органының қызметкері өз бетінше оның АЕА ААЖ-да орындалғанын тексереді. Түзетулер жүргізілмеген жағдайда Комитеттің аумақтық органының қызметкері ҚС ҚАҚБ-ның жауапты қызметкерінен сұрау салудың орындау мәртебесін нақтылайды.
Комитетке жіберуге жатпайтын растайтын құжаттардың (қағаз тасымалдағышта) көшірмелері, оларды ұсыну және түзетулер бойынша хат алмасулар жеке номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады).";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. АЕА ААЖ-да мәліметтерді толық және уақтылы енгізуді бақылау мақсатында Комитеттің аумақтық органдарының қылмыс саласындағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімшелері, әскери және көліктік бөлімшелерді қоса алғанда, тегі бойынша есепке алу бөлімшелеріне қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдар бойынша бақылау мониторингтерін жүргізу үшін мынадай есепті кезеңдегі тізімдерді (электрондық нысанда) ұсынады:
1) СДТБТ-ға енгізілген мәліметтерді:
он күн сайын күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған адамдар бойынша;
ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне мыналарға:
ҚР ҚПК-нің 37-бабының 1-бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда (прокурор бекіткен қаулылар бойынша), ҚР ҚПК-нің 35 немесе 36-баптарымен көзделген негіздер бойынша қылмыстық істер (қудалау) тоқтатылған адамдарға қатысты;
күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған және кейін қылмыстық істі (қудалау) ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған (прокурордың қорытындысы бар қаулылар бойынша) адамдарға қатысты;
бұдан бұрын қылмыстық қудалау органдары қабылдаған процестік шешімдер күшін жойған адамдарға қатысты.
2) сот органдарының ақпараттық жүйесінің мәліметтері тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне:
соттар соттаған;
ҚР ҚПК-нің 37-бабының 1-бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда (заңды күшіне енген сот актілері бойынша), ҚР ҚПК-нің 35 немесе 36-баптарында көзделген негіздер бойынша, оның ішінде жеке айыптау істері бойынша сот қылмыстық істерді (қудалау) тоқтатқан адамдарға қатысты;
апелляциялық, кассациялық сатыларда сот шешім шығарған адамдарға қатысты;
жеке айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық істерін (қудалауын) ҚР ҚПК-нің 37-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген ақтайтын негіздер бойынша (заңды күшіне енген сот актілері бойынша) сот тоқтатқан адамдарға қатысты.
Мониторингтердің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтар (ауытқулар) анықтамамен еркін түрде ресімделеді және Комитеттің аумақтық органының бастығына, әскери мен көліктік органдарды қоса алғанда, ұсынылады.
Ауытқулар анықталған жағдайда, Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алу бөлімшесінің қызметкері, әскери мен көліктік бөлімшені қоса алғанда, дереу оларды нақтылау және жою бойынша шаралар қабылдайды және шынайы мәліметтер алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде АЕА ААЖ-ға мәліметтердің толықтығын және шынайылығын қамтамасыз етеді.
СДТБТ біріктірілген мәліметтердің ауытқулары анықталған жағдайда, нақтыланған мәліметтер растайтын құжаттармен бірге қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімшесіне беріледі, қызметкер бір жұмыс күні ішінде СДТБТ-ға түзету жасайды.
Сот шешімі бойынша ақталған, сондай-ақ қылмыстық істері ақтайтын негіздер бойынша немесе маңызының аз болуына байланысты тоқтатылған адамдардың тізімі ҚС ҚАҚБ-ға есептен алу үшін жіберуге жатады.
СДТБТ-ның деректерін АЕА ААЖ-ға интеграциялаудың қисынды айырмашылықтары анықталған жағдайда, Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алу бөлімшесінің қызметкері, әскери және көлік органдарын қоса алғанда, қателерді жазып көрсете отырып, тиісті ақпаратты ҚС ҚАҚБ-ға жібереді. Ақпаратты жібергеннен кейін Комитеттің аумақтық органының қызметкері өз бетінше АЕА ААЖ-да оның орындалуын тексереді. Түзетулер енгізілмеген жағдайда Комитеттің аумақтық органының қызметкері қисынды айырмашылықты түзету мәртебесін ҚС ҚАҚБ-ның жауапты прокурорынан нақтылайды.";
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Адамдарға қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың сұрау салулары бойынша, тексеру негіздеріне қарамастан, Комитетте және оның аумақтық органдарында тексеру күнінде мынадай адамдар туралы қолда бар барлық мәліметтер ұсынылады:
1) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандар, қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатқандар;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғандар, сотталғандар, оның ішінде соттылықтың өтелуіне, алынуына, жазаға тартылу, соттау және жазаны өтеу күніне қарамастан, шет елде қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын өтеп жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылғандар не оларға қатысты қылмыстық істер тоқтатылғандар, қылмыстық жауаптылықтан босататын мынадай жағдайларды қоспағанда:
ақтайтын негіздер бойынша;
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтар - 2011 жылғы 25 қараша аралығындағы кезеңде ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10-тармағы бойынша;
ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6) тармағы бойынша, ҚР ҚПК-нің 33-бабының бірінші бөлігімен (1997 жылғы редакцияда) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша - жеке айыптаушы айыптаудан бас тартқан кезде;
4) ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 6), 9), 10), 11) және 12) тармақтары (1997 жылғы редакцияда) негізінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылғандар, мынадай негіздермен қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды қоспағанда:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтар - 2011 жылғы 25 қараша аралығы кезеңінде ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10-тармағы бойынша;
ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6-тармағы бойынша, ҚР ҚПК-нің 33-бабының бірінші бөлігімен (1997 жылғы редакцияда) көзделген қылмыстар бойынша - жеке айыптаушы айыптаудан бас тартқан кезде;
5) іздеуде жүргендер (күдіктілер, айыпталушылар, борышкерлер/ жауапкерлер, хабар-ошарсыз жоғалғандар);
6) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығандар;
7) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың есебінде тұрғандар;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың есебінде тұрғандар;
9) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен шығарылғандар;
10) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағандар.";
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Қорғаушылар, адамдарға заң көмегін көрсеткен кезде, арнайы есепке алаудың мәліметтерін тек оның нақты іске қатысын растайтын (адвокаттың куәлігі және қорғау туралы жазбаша хабарлама (өкілдік ету), тергеу органының (анықтау) немесе соттың жазбаша растауы) және мүддесін қорғайтын адамның жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, Комитеттің аумақтық органына жазбаша түрде жүгіну арқылы көмекке жүгінген адамның мәліметтерін талап етеді.
Қорғаушының сұрау салуына қоса берілген құжаттардың барлық көшірмелерінде, тек құқығы және мүддесі қорғалатын/ұсынылатын адамның сауалнамалық деректері ғана көрсетілуі қажет.
Қорғаушылардың сұрау салуларын Комитеттің аумақтық органы, осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген барлық мәліметтерді ұсына отырып, бес жұмыс күні ішінде орындайды.
Сұрау салудың келіп түскен күні оның орындалу мерзіміне кірмейді.
Қорғаушылардың жолданымдары, растайтын құжаттардың көшірмелерімен жеке номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады).";
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"102. Комитеттің аумақтық органының қызметкері:
1) осы Қағидалардың 100-тармағында атап көрсетілген есепке алынатын адамдар туралы ҚР ІІМ ҚАЖ-дың аумақтық органының электрондық хабарламасы келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде:
есепке алынатын адамдардың нақты тұрғылықты орнын анықтау үшін ішкі істер органдарына сұрау салу жібереді;
ішкі істер органдары ақпаратының негізінде есепке қою туралы қорытынды жасайды және Комитеттің аумақтық органының басшысы қол қояды;
АЕА ААЖ мәліметтерінің шынайылығын тексереді және АЕА ААЖ-да есепке қою туралы қорытындының куәландырылған графикалық көшірмесін салады;
осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жариялауға жататын адамдар туралы мәліметтерді Комитетке жібереді:
2) мынадай:
ҚР ІІМ ҚАЖ-дың аумақтық органдарымен бірге ай сайын келесі айдың үшінші күніне Қағидалардың 100-тармағында көрсетілген баптар бойынша сотталған, пробациялық есепте тұратын адамдар туралы мәліметтерге салыстырып тексеру жүргізеді. Салыстырып тексеру актісі осы Қағидалардың 10-қосымшасына (адамдар тізімі) сәйкес нысанда ресімделеді;
осы Қағидалардың 100-тармағының 2) тармақшасында және 108-тармағының 4) тармақшасында атап өтілген, тоқсан сайын есеп кезеңінен кейінгі айдың он бесінші күніне психиатриялық медициналық мекемелермен бірге АЕА ААЖ және СДТБТ-да бар мәліметтерге салыстырып тексеру жүргізеді. Салыстырып тексеру актісі осы Қағидалардың 21-қосымшасына сәйкес нысанда ресімделеді;
Ауытқулар анықталған кезде дереу АЕА ААЖ-ның мәліметтеріне сәйкес келтіріледі;
3) мынадай:
сот органдарының ақпараттық жүйесімен бірге осы Қағидалардың 100-тармағында көрсетілген баптар бойынша заңды күшіне енген сот актілері күшіне енген және бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жаза қолданылған адамдар бойынша ай сайын келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінде АЕА ААЖ, СДТБТ-ның мәліметтеріне;
тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне Қағидалардың 100-тармағында көрсетілген баптар бойынша сотталған адамдардың бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы туралы ҚР ІІМ ҚАЖ ОАДҚ және АЕА ААЖ-ның электронды хабарлама мәліметтеріне мониторинг жүргізеді;
Ауытқулар анықталған кезде дереу АЕА ААЖ деректеріне сәйкес келтіріледі;
4) арнайы есепке алудың субъектілерінен ақпарат келіп түскен сәттен бес жұмыс күні ішінде Комитеттің басқа аумақтық органына есептегі адамның тұрғылықты жерінің аймағы ауысқаны не бас бостандығынан айыру орындарынан басқа облысқа ауысқаны туралы хабарлама жібереді.";
көрсетілген Қағидалардың 8-қосымшасында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. АЕА ААЖ-ға есепке алу мәліметтерін енгізу алдында Комитеттің аумақтық органының қызметкері, әскери және көліктік органдарды не олардың аудандық (қалалық) бөлімшесін қоса алғанда, АЕА ААЖ, ББСЖ, СДТБТ-да осы адамға қатысты мәліметтердің болуын/болмауын тексереді.
АЕА ААЖ-ға бұрын енгізілген сауалнамалық деректерде немесе басқа да мәліметтерде алшақтықтар анықталған жағдайда, Комитеттің аумақтық органының қызметкері оларды нақтылау шараларын қабылдайды, қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша жиырма төрт сағат ішінде АЕА ААЖ-ға жеткіліксіз мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді және растайтын құжаттардың графикалық көшірмелерін (жеке басты куәландыратын құжаттар, қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың процестік құжаттары) қоса тіркейді.
Тергеу изоляторынан, гауптвахтадан келіп түскен карточканы өңдеу барысында АЕА ААЖ-да тексерілетін адамға қатысты күзетпен ұстаудан бөлек бұлтартпау шарасы бар сол бір қылмыстық іс бойынша карточка болған жағдайда, "бұлтартпау шарасы" және "күні" деген деректемелерде тиісті түзету жүргізіледі. Жаңа карточка мұндай жағдайларда АЕА ААЖ-ға енгізілмейді.
Сондай-ақ АЕА ААЖ-ға бұрын күзетпен ұсталған және сол бір қылмыстық іс бойынша тергеу изоляторына, гауптвахтаға қайта орналастырылған адамға қатысты мәліметтер болған жағдайда, жаңа карточка енгізілмейді. Бұл ретте, "бұлтартпау шарасы" және "күні" деген деректемелер өзгертілмейді, "қосымша белгілер" деген деректемеде адамның тергеу изоляторына, гауптвахтаға орналастырылған күні көрсетіліп, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының қайта қолданылғаны туралы тиісті жазба жүргізіледі.
Сауалнамалық, анықтама деректерінде алшақтықтар немесе СДТБТ немесе ББСЖ мәліметтеріндегі процестік шешімдердің (2015 жылға дейін қозғалған істер бойынша) сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, тексерілетін адамға қатысты растайтын құжаттардың (жеке басты куәландыратын құжаттар, қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың процестік құжаттары) негізінде Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алу бөлімшесінің қызметкері, әскери мен көліктік органды қоса алғанда, қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімшелерін, әскери мен көліктік бөлімшелерді қоса алғанда, СДТБТ немесе ББСЖ қорларына тиісті түзету жүргізу қажеттігі туралы ақпараттандырады.
СДТБТ немесе ББСЖ-ның мәліметтері Комитеттің басқа аумақтық органының түзетуіне жататын болса, Комитеттің алшақтықты анықтаған аумақтық органының бастығы Комитеттің тиісті аумақтық органына растайтын құжаттарды қоса бере отырып, түзету жүргізу туралы өтінішхатпен жүгінеді.
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімшесінің қызметкері растайтын құжаттарды тексергеннен кейін, бір жұмыс күні ішінде СДТБТ немесе ББСЖ түзету жүргізеді. Өзге мемлекеттік органдарда (қылмыстық қудалау органдары, соттар, архивтер) нақтылауды қажет ететін қосымша тексеру жүргізген кезде түзету тиісті жауаптар алынғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Комитеттің аумақтық органдарының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімшесі, әскери мен көліктік органды қоса алғанда, деректемелерге түзету енгізілгеннен немесе СДТБТ немесе ББСЖ-ның деректер қорына қате енгізілген мәліметтерді жойғаннан кейін, түзету бастамашысына және Комитеттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасына жазбаша ақпараттандырады, бас тартқан жағдайда, сол мерзімде бас тарту себебін көрсете отырып, түзету бастамашысын ақпараттандырады.
Растайтын құжаттардың (қағаз тасымалдағышта) көшірмелері, оларды ұсыну және түзету бойынша хат алмасулар жеке номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады).";
көрсетілген Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 13-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 16-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі –Комитет):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астана және оларға теңестірілген прокурорларына, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жіберуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
Тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларда ақпараттық есепке алу құжаттарын және "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттар жүйесі мен автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттар жүйесінде мәліметтерді сақтау мерзімдерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдарының тегі бойынша (әліпбилік) және дактилоскопиялық картотекаларында есепке алу құжаттары соттылығын өтеген немесе оны алып тастаған мерзімдеріне қарамастан сақталады. Орналастырылған және алынған есепке алу құжаттарының саны туралы мәліметтер картотекалардың паспорттарында көрсетуге жатады.
2. Осы Тізбенің 3-тармағында көрсетілген адамдар туралы мәліметтер "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттар жүйесі (бұдан әрі – АЕА ААЖ) тұрақты сақталады.
3. Әліпбилік есеп карточкалары тегі бойынша картотекадан алынуға жатады және құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының арнайы архив қорына олардың графикалық көшірмелері мен барлық растайтын құжаттарын АЕА ААЖ-ға енгізгеннен кейін мынадай мерзімде жіберіледі:
1) сотталған адамдардың және сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған адамдардың әліпбилік есепке алу карточкалары олардың жасы жетпіс жасқа жеткенше, бірақ негізгі және қосымша жазасын нақты өтеген, немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолдану тоқтатылған сәттен бастап кемінде он бес жыл сақталады.
2) қылмыстық заңнаманың ізгілендірілуіне байланысты қылмыстық сипаттан арытылған баптар бойынша сотталған, қылмыстық ісі тоқтатылған (ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істерді қоспағанда), айыпты деп танылған және Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстері ережелерінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан немесе сот тағайындаған жазаны өткеруден босатылған адамдарға әліпбилік есепке алу карточкалары басқа соттылықтарына қарамастан, тиісті процестік шешімдер шыққан күннен бастап он жыл сақталады.
4. Істері бойынша қабылданған процестік шешім туралы мәліметтерді алу мүмкін болмаған адамдардың әліпбилік есепке алу карточкалары бұлтартпау шарасы қолданылған күннен бастап он жыл өткен соң тегі бойынша картотекадан алынады және АЕА ААЖ-дан (АЕА ААЖ-ға адамды қылмыстық жауаптылыққа одан әрі тартуға немесе соттауға қандай да бір растайтын құжаттардың болмауын растайтын құзыретті органдар құжаттарының (жауаптарының) графикалық көшірмелерін сала отырып) есептен алынады.
5. Сот шешімі бойынша ақталған, сондай-ақ қылмыстық істері ақтайтын негіздер бойынша, немесе маңыздылығы аз болуына байланысты тоқтатылған адамдарға арналған әліпбилік есепке алу карточкалары тегі бойынша картотекадан алынады және АЕ ААЖ-дан (АЕ ААЖ-ға әліпбилік есепке алу карточкасының және процестік шешімнің графикалық көшірмесін қоса отырып) бірден тиісті процестік шешімді алғаннан кейін, басқа соттылықтарына қарамастан, есептен алынады.
6. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының қауіпсіздік органдары іздеу жариялаған адамдарға арналған іздеу карточкалары Комитеттің арнайы қорына беріледі.
7. Дактилоскопиялық картотекада есепте тұратын адамдардың дактилоскопиялық карталары әліпбилік есепке алу карточкаларының сақталу мерзіміне қарамастан, олар жетпіс жасқа келгенше, бірақ соңғы қылмыстық ісі бойынша күзетпен қамауға алынған (қамалған) күнінен он бес жылдан кем емес мерзімге сақталады.
8. Түзету мекемесінде қайтыс болған, айыпталушы ретінде тартылған, ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істері сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында тоқтатылған адамдарға арналған, сондай-ақ өліміне байланысты дактилоскопиялық карталар тиісті құжаттар келіп түскеннен кейін алынады.
9. Танылмаған мәйіттің жеке басын анықтаған кезде танылған адамның дактилоскопиялық карталары Комитеттің аумақтық органның картотекасынан алып тастауға жатады. Алынған дактилоскопиялық карталардың, тану хаттамаларының көшірмелері Комитетке жіберіледі.
10. Тоқсан бес жасқа жетуіне байланысты, дактилоскопиялық карталарды картотекалық массивтен алып тастағаннан кейін, дактилоскопиялық карталарды картотекалық массивтен алып тастағаннан кейін бір жыл өткен мәліметтер автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттар жүйесінен жоюға жатады.
11. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың есепке алу құжаттары жалпы картотекалық массивте әліпбилік тәртіпте сақталады.
12. Сотталғандар (күзетпен қамауға алынған) жөніндегі хабарламалар қағаз тасымалдағышта тегі бойынша есепке алу бөлімшелерінде кейін бір жыл сақтау мерзімімен сақтауға ведомстволық архивке жіберіле отырып, келіп түскен күнінен бастап бір жыл сақталады.
Форма
форма
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық ақпараттар банкіне ұсынуға жататын ақпараттық есепке алу құжаттарының тізбесі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық ақпараттар банкіне мыналарға қатысты ақпараттық есепке алу құжаттары жатады:
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мынадай баптарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) 99-бап (адам өлтіру);
2) 101-баптың 1, 2-бөліктері (аффект жағдайында жасалған адам өлтіру);
3) 105-баптың 3-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу);
4) 106-баптың 1, 2, 3-бөліктері (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру);
5) 110-баптың 2-бөлігі (қинау);
6) 116-баптың 2, 3-бөліктері (адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою);
7) 118-баптың 3-бөлігі (адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру);
8) 120-баптың 2, 3, 3-1, 3-2, 4-бөліктері (зорлау);
9) 121-баптың 2, 3, 3-1, 3-2, 4-бөліктері (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері);
10) 122-баптың 2, 3-бөліктері (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау);
11) 123-баптың 2-бөлігі (жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету);
12) 124-бап (жас балаларды азғындық жолға түсіру);
13) 125-бап (адамды ұрлау);
14) 126-баптың 3-бөлігі (бас бостандығынан заңсыз айыру);
15) 128-баптың 2, 3, 4-бөліктері (адам саудасы);
16) 132-бап (кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту);
17) 133-баптың 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту);
18) 134-баптың 2, 3, 4-бөліктері (кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту);
19) 135-бап (кәмелетке толмағандар саудасы);
20) 136-бап (баланы ауыстыру);
21) 143-баптың 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету);
22) 146-баптың 2, 3-бөліктері (азаптаулар);
23) 157-баптың 2-бөлігі (ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу);
24) 160-бап (басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу);
25) 161-баптың 2-бөлігі (басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру);
26) 162-бап (жаппай қырып-жою қаруын өндіру, иемдену немесе өткізу);
27) 163-бап (соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану);
28) 166-бап (қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру);
29) 168-бап (геноцид);
30) 170-бап (жалдамалылық);
31) 171-бап (жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құру);
32) 172-бап (шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу);
33) 173-бап (халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау);
34) 174-бап (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру);
35) 175-бап (мемлекетке опасыздық жасау);
36) 176-бап (тыңшылық);
37) 179-бап (Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту);
38) 180-бап (сепаратистік әрекет);
39) 181-бап (қарулы бүлік);
40) 182-бап (экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу);
41) 184-бап (диверсия);
42) 185-баптың 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету);
43) 188-баптың 3, 4-бөліктері (ұрлық);
44) 190-баптың 2, 3, 4-бөліктері (алаяқтық);
45) 191-баптың 2, 3, 4-бөліктері (тонау);
46) 192-бап (қарақшылық);
47) 193-бап (ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру);
48) 194-баптың 2, 3, 4-бөліктері (қорқытып алу);
49) 197-бап (мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу);
50) 200-баптың 3, 4-бөліктері (автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу);
51) 202-баптың 2, 3-бөліктері (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру);
52) 203-бап (ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру);
53) 210-баптың 2, 3-бөліктері (зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату);
54) 211-бап 3-бөлігі (қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату);
55) 218-баптың 2, 3-бөліктері (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату));
56) 231-бап (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу);
57) 232-бап (жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу);
58) 234-бап (экономикалық контрабанда);
59) 242-бап (банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсыну);
60) 255-бап (терроризм актісі);
61) 256-бап (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру);
62) 257-бап (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу);
63) 258-бап (террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік);
64) 259-бап (террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру);
65) 260-бап (террористік немесе экстремистік даярлықтан өту);
66) 261-бап (адамды кепілге алу);
67) 262-бап (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу);
68) 263-бап (қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу);
69) 264-бап (трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу);
70) 265-бап (трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу);
71) 266-бап (қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу);
72) 267-бап (заңсыз әскерилендірілген құралымды ұйымдастыру);
73) 268-бап (бандитизм);
74) 269-бап (ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу);
75) 270-бап (әуе немесе су кемесін не жылжымалы теміржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу);
76) 271-бап (теңіз қарақшылығы);
77) 272-бап (жаппай тәртіпсіздік);
78) 273-бап (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау);
79) 281-баптың 2, 3-бөліктері (жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу);
80) 282-баптың 2, 3-бөліктері (ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу);
81) 283-баптың 2, 3-бөліктері (радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу);
82) 284-баптың 2, 3-бөліктері (радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды жымқыру не қорқытып алу);
83) 285-бап (радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу);
84). 286-баптың 2, 3, 4-бөліктері (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы);
85) 287-баптың 2, 3, 4, 5-бөліктері (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру);
86) 288-баптың 2, 3-бөліктері (қаруды заңсыз жасау);
87) 289-бап (атыс қаруын ұқыпсыз сақтау);
88) 290-баптың 2-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау);
89) 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық);
90) 294-бап (тағылық);
91) 296-бап (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу);
92) 297-баптың 1, 2, 3, 4-бөліктері (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу);
93) 308-баптың 2, 3-бөліктері (жезөкшелікпен айналысуға тарту);
94) 312-бап (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту);
95) 313-бап (қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату);
96) 360-баптың 2-бөлігі (халықаралық ұшу қағидаларын бұзу);
97) 392-баптың 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту);
98) 402-бап (сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын әрекеттер);
99) 14-бап (қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы).
2. Баптың саралануына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында сотталған және айыпталушы ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2022 жылғы 25 наурыздағы № 57 Бұйрықтың 3-қосымшасы Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидаларына 16-қосымша |
Форма
Талап
"____"_________20___жыл № ______________
______________________________________________________________________________
(талап жолданған органның атауы)
Жеке тұлға үшін:
1. Тегі |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
2. Аты |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
3. Әкесінің аты (ол болған кезде) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|___|__|__|
4. Туған күні: |__|__| |__|__| |__|__|__|__| күні айы жылы
5. Жеке сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
6. Туған жері:______________________________________________________________
(облыс, аудан)
__________________________________________________________________________
(елді мекен)
Заңды тұлға үшін:
7. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
8. Атауы: _________________________________________________________________
(қысқартусыз)
9. Мекенжайы:_____________________________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
10. Тексеру жүргізу себебі ___________________________________________________
11. Бастамашы орган: _______________________________________________________
12. Орган орындаушысы:___________________________________________________
(лауазымы, тегі)
13. Орган басшысы: _______________________________________________________
(орган басшысының қолы, тегі)
____________________________________________________________________
мөр орны
14. Жіберуші органның мекенжайы: __________________________________________
(индекс, елді мекен, аудан, облыс)
__________________________________________________________________________
ЕСКЕРТУ!
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің ақпараттық-анықтама есебінің мәліметтерін сұрау салған
бастамашы қолданыстағы заңнамаға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексінің 61-бабына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық
Кодексінің 79, 89-баптарына сәйкес қолданады.
Сауалнамалық деректер жеке басын растайтын құжаттың негізінде толтырылады.
Тексерілуші адамның сауалнамалық деректерін бұрмалап көрсету дұрыс емес
мәліметтерді беруге әкеліп соқтырады. Тазартуға және түзетуге жол берілмейді. Талаптың
барлық деректемелері толтырылуы керек. Адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
ЖСН, БСН болмаған жағдайда – тиісті деректемеде "жоқ" жазбасы қойылады.