Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына ұшу жарамдылығын сақтау саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 сәуірде № 27391 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшу жарамдылығын сақтау саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2022 жылғы 1 сәуірдегі
№ 175 Бұйрыққа қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшу жарамдылығын сақтау саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

      17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-1. Сертификаттық зерттеп-қарау актісі негізінде және қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу қажет болмаған жағдайларда уәкілетті ұйым авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын не Стандарттың 9-тармағымен көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты рәсімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.

      Өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес: 

      уәкілетті ұйымның – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; 

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.

      Шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. 

      Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      20. Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша түрде (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық нысанда берілген кезде) хабарлайды.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Сертификаттың қолданылу саласын кеңейту кезінде өтініш беруші уәкілетті ұйымға азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін осы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды жібереді.";

      2. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларында:

      9-1 және 9-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Сертификаттық зерттеп-қарау жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған, сертификаттау рәсіміне басталу күні, ықтимал өзгерістер мен толықтырулар қамтитын еркін нысандағы хабарлама жіберіледі.

      9-2. Нұсқаулық материалды пайдалана отырып (сертификаттық зерттеп-қарау бағдарламасына сәйкес) пайдалану құжаттамасын тексеру және әуе кемесін тексеру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеп-қарау бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылатын азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін (бұдан әрі – бағалау актісі) жасайды.

      Оң бағалау актісінің негізінде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұшу жарамдылығы сертификатын не Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандартының 9-тармағында көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында порталдағы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      21-5 және 21-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-5. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      21-6. Өтінімді қарау нәтижелерінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің шуыл бойынша сертификатын не Шуыл бойынша сертификат беру стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" порталға жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24.Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы өтінім және осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында (бұдан әрі – Ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру стандарты) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру стандартында жазылған.";

      26-1 және 26-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-1. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, пайдаланушы сертификатын, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлікті, ұшуды орындау құқығына куәлікті көрсетілетін уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      26-2. Өтінімді қарау нәтижелерінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ұшу жарамдылығы сертификатын тану туралы шешімді не Ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" порталға жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Өтінімді қарау нәтижелерінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз арнайы ұшу жарамдылығы сертификатын не Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" порталға жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.";

      31-5 және 31-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-5. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      31-6. Өтінімді қарау нәтижелерінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсатты не Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы өтінімді және осы Қағидаларға 11-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында (бұдан әрі – Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру стандарты) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру стандартында жазылған.";

      34-4 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-4. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      35. Өтінімді қарау нәтижелерінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 12-ңқұға сәйкес ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын не Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" порталға жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.";

      37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.

      Өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес: 

      уәкілетті ұйымның – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; 

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.

      Шағым уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі. 

      Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      38. Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он жұмыс) күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша түрде (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық нысанда берілген кезде) хабарлайды.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.".

      3. "Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12812 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Сертификаттау жұмыстары және үлгі сертификатын беру (Doc. 9760) "Ұшу жарамдылығы бойынша нұсқау" ИКАО құжатының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын алу үшін әзірлеуші уәкілетті ұйымға уәкілетті ұйымның кеңсесі немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді және осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген құжаттарды жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта келтірілген.

      Портал арқылы жүгінген кезде, әзірлеушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Әзірлеуші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлікті, ұшуларды орындау құқығына куәлікті, азаматтық ӘК үлгісін сертификаттау үшін бюджетке алымның төленгенің растауды уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы әзірлеуші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды әзірлеушіден талап етуге жол берілмейді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы актіге (бұдан әрі – акт) әуе кемесі үлгісінің нақты жай-күйін, тұжырымдарды, ұсынымдарды және үлгі сертификатын беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны көрсете отырып, екі данада қол қойылады, актінің бір данасы әзірлеушіге уәкілетті ұйымның кеңсесі немесе әзірлеушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Уәкілетті ұйым әуе кемесі үлгісінің үлгі конструкциясының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін белгілейтін зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарының оң нәтижелері және үлгі сертификатын беру мүмкіндігі туралы қорытынды негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер картасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі сертификатын ресімдейді немесе үлгі сертификатын беру мүмкін еместігі туралы қорытынды негізінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Үлгі сертификаты шектеусіз мерзімге беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның кеңсесі арқылы не әзірлеушінің порталдағы "жеке кабинетіне" уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      31-1 және 31-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-1. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.

      Әзірлеушінің шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: 

      уәкілетті ұйымның – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; 

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.

      Шағым уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      31-2. Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген әзірлеушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша түрде (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық нысанда берілген кезде) хабарлайды.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      32-тармақ алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға www.egov.kz, www.elіcensе.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінімді және осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын ұсынады.

      Құжаттар топтамасымен ұсынылатын әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.";

      10-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-4. Әуе кемесін қарап-тексеру нәтижелері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі (бұдан әрі – бағалау актісі) жасалады.

      Бағалау актісі оң нәтижелі болған жағдайда, азаматтық әуе кемесі туралы мәліметтер осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес Мемлекеттік тізілімге енгізіледі және 5 (бес) жыл мерзімге немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалдау шартының қолданылу мерзіміне азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізіледі немесе бағалау актісінің нәтижесі теріс болған кезде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол уәкілетті ұйымның уәкілетті адамның ЭЦҚ қол қойылған порталдағы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мемлекеттік тізілімге және мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізуді уәкілетті ұйым өзгерістер болған жағдайда портал арқылы жүзеге асырады:

      1) азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (иеленушісі) және (немесе) оның атауы және (немесе) оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      2) азаматтық әуе кемесін пайдаланушының және (немесе) оның атауының;

      3) азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтауға байланысты оның мақсаты болып табылады;

      4) өтініш беруші өтініш жасаған кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін оның қолданылу мерзімін қамтиды.";

      27-2 және 27-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-2. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.

      Өтініш берушінің шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: 

      уәкілетті ұйымның – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; 

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.

      Шағым уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі. 

      Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      27-3. Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Азаматтық әуе кемелерін Мемлекеттік тізілімнен шығарған кезде (әуе кемесін тіркеуден шығару жағдайларын қоспағанда) өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің электрондық көшірмесі немесе осы Қағидаларға  6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейіннен алып тастай отырып, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті "UN" ұлттық тану белгісінен "UP" мемлекеттік және тіркеу тану белгісіне ауыстыруға өтінімнің және "UN" ұлттық тану белгісімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасының электрондық көшірмесі;

      2) әуе кемесінің меншік құқығының шет мемлекетке (жеке, заңды тұлғаға) өткендігін растайтын құжат немесе әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығаруға мүмкін жағдайлар қарастырған өзге де құжат немесе олардың электрондық көшірмелері;

      3) меншік иесі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда жеке тұлғаның тұлғаны куәландыратын құжаттарының немесе өтініш иесі – Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының (куәлік) электрондық көшірмесі;

      4) әуе кемесі кепілде тұрған жағдайда кепіл ұстаушының оның тізілімнен шығарылуына жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;

      5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6868 болып тіркелген) Әуе кемелерін есептен шығару қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептен шығарып тастау актісінің электрондық көшірмесі (әуе кемесі есептен шығарылған кезде);

      6) әуе кемесін кәдеге жарату туралы құжаттардың электрондық көшірмесі немесе олардың көшірмелері (әуе кемесі есептен шығарылған кезде);

      7) әуе кемесінен айырым белгілерді алып тастау туралы актісінің электрондық көшірмесі және оны растайтын фотосуреттер (әуе кемесін есептен шығару жағдайларын қоспаған кезде).";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Уәкілетті ұйым Қайтарып алынбайтын өкілеттіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады. Қайтарып алынбайтын өкілеттікті тіркеу үшін пайдаланушы немесе уәкілетті тарап өтініштен басқа мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) қайтарып алынбайтын өкілеттікті тіркеуге алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      2) қайтарып алынбайтын өкілеттіктің түпнұсқасы;

      3) құрылтайшылық құжаттың (шетелдік заңды тұлғалар үшін) көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін).";

      51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Екінші шолу радиолокаторының "S" режимімен жұмыс істейтін жабдықпен жарақталған және тану құрылғысы бар азаматтық әуе кемесіне мемлекеттік тіркеу кезінде әуе кемесінің 24-биттік адресі беріледі. Әуе кемесінің мекенжайының диапазоны 011010000011000000000001-011010000011001111111111 бит болып табылады.

      Уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде әуе кемесінің 24-биттік адресін беру туралы журналын жүргізуді жүзеге асырады.

      52. Әуе кемелеріне мекенжайлар мынадай қағидаттарға сәйкес тағайындалады:

      1) бір және сол 24-биттік код бірден артық әуе кемесіне тағайындалмайды;

      2) әуе кемесіне борттағы жабдықтарының жиынтық байланыссыз тек қана бір 24 биттік код тағайындалады;

      3) 24-биттік код тек қана әуе кемесінің тіркеу мемлекеті өзгерген жағдайда ғана ауысады және ұшу уақытында ешқашан өзгермейді;

      4) әуе кемесінің тіркеу мемлекеті өзгерген жағдайда тағайындалған алғашқы мекенжайы жойылады және уәкілетті ұйымымен жаңа мекенжай беріледі;

      5) 24-биттік код әуе кемесін анықтау мақсатында тағайындалады және ол қандай да бір нақты ақпаратты жіберу үшін пайдаланылмайды;

      6) әуе кемелеріне тек қана 24 нөлден немесе 24 бірліктен тұратын мекенжай тағайындалмайды;

      7) уәкілетті ұйымының беретін нақты нөмірін есепке ала отырып, әуе кемесіне мекенжай тағайындалады. Ондық жүйеде жазылып тағайындалған нөмір екілік есептеуге аударылады және ИКАО бөлген 10 разрядтағы бос орынға енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 60-1 және 60-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "60-1. Пилотсыз ұшу аппаратын есепке қою туралы куәлікке және пилотсыз ұшу аппаратын есепке алу тізіліміне өзгерістер енгізуді уәкілетті ұйымымен мынадай жағдайларда:

      1) пилотсыз ұшу аппаратының меншік иесі (иеленушісі) және (немесе) оның атауы және (немесе) оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгергенде;

      2) пилотсыз ұшу аппаратын пайдаланушының және (немесе) оның атауының өзгеруі;

      3) пилотсыз ұшу аппаратын есепке қою туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткен кезде жүзеге асырылады.

      60-2. Пилотсыз ұшу аппаратын есепке қою туралы куәлікке және пилотсыз ұшу аппаратын есепке алу тізіліміне өзгерістер енгізу кезінде өтініш берушілер уәкілетті ұйымның кеңсесіне немесе электрондық поштасына осы Қағидаларға 13-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жағдайда ұшу аппаратын есепке қою туралы куәлікке өзгерістер енгізуге өтінімді және пилотсыз ұшу аппаратын есепке алу тізілімін мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады;

      1) пилотсыз ұшу аппаратын есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасы;

      2) Осы Қағидалардың 60-тармағының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар.";

      63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Пилотсыз ұшу аппаратын есепке алу немесе есепке алудан бас тарту туралы куәлікке және пилотсыз ұшу аппаратын есепке алу тізіліміне өзгерістер енгізу үшін негіздер болып табылады:

      1) көрсетілетін өтініш берушінің ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін өтініш берушінің және (немесе) пилотсыз ұшу аппаратын есепке алу куәлігін алуға қажетті ұсынылған материалдардың осы Қағидалардың 64-тармағында белгіленген жағдайға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін өтініш берушіге қатысты оның авиациялық қызметіне немесе оның жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін өтініш берушінің есепке алу куәлігін алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Есепке алу куәлігін беруден бас тарту жазбаша түрде өтініш келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      64. Анықталған кемшіліктер түзетілгеннен кейін өтініш беруші уәкілетті ұйымға пилотсыз ұшу аппаратын есепке алу немесе пилотсыз ұшу аппаратын есепке алу туралы куәлікке және пилотсыз ұшу аппаратын есепке алу тізіліміне өзгерістер енгізу үшін уәкілетті ұйымға қайта жүгінеді.";

      1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-1-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      6-1-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      13-1-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      16-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      5. "Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15633 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларында:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші (пайдаланушы) уәкілетті ұйымға www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді және осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес "Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында (бұдан әрі – Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру жөніндегі стандарт) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Уәкілетті ұйым техникалық комиссия берген оң Бағалау актісінің негізінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын, не теріс Бағалау актісі болған жағдайда, Аса жеңіл авиация ӘК ұшуға жарамдылығы сертификатын беру жөніндегі стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші (пайдаланушы) уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауға өтінімді және осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестік куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында (бұдан әрі – Сәйкестік куәлігін беру жөніндегі стандарт) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Жалпы техникалық талаптар жеңіл және аса жеңіл авиацияның ең ауыр ұшып көтерілу салмағы 2250 кг аспайтын куәліктеріне (ұшақтар мен тікұшақтар, моторлы планерлер, автожирлер, аэростаттық әуе кемелері) қолданылады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Азаматтық әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің оң қорытындысы негізінде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін ресімдейді немесе азаматтық әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын айқындау актісі теріс болған жағдайда Сәйкестік куәлігін беру жөніндегі стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Өтініш берушінің шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: 

      уәкілетті ұйымның – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; 

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.

      Шағым уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі. 

      Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      41. Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша түрде (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық нысанда берілген кезде) хабарлайды.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.".

  Тізбеге 1-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан


__________________________
уәкілетті ұйымның атауы
_________________________
өтініш берушінің тегі, аты-жөні (болған жағдайда)
____________________________
жеке куәліктің (паспорт) №
____________________________
заңды тұлға ұйымының атауы
____________________________
мекенжайы, байланыс телефоны
____________________________
(ЖСН / БСН)
____________________________
Тегі Аты Әкесінің Аты (болған жағдайда)

Әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім

1

Әуе кемесін (ӘК үлгісі) мемлекеттік тіркеуді жүргізуді сұраймын ________________:
Берілсін: мынадай өзгерістерге байланысты азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу:
азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (иесі) және (немесе) оның атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
азаматтық әуе кемесін пайдаланушы және (немесе) оның атауы (бар болса);
азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтауға байланысты оның мақсаты;
азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі;

2.

Әуе кемесі туралы деректер:

2.1

Азаматтық әуе кемесін бұрынғы тіркеген мемлекет:

(бұрынғы тіркелген мемлекеттің атауы және айырым белгісі)

2.2

Тану белгісі:


2.3

Сериялық (зауыттық) нөмірі


2.4

Зауыттан шығарылған күні: (күні, айы, жылы)


2.5

Дайындаушы (зауыт, мемлекет):


2.6

Азаматтық әуе кемесінің мақсаты


2.7

Азаматтық әуе кемесінің сыныбы


2.8

Қозғалтқыш қуаты


2.9

Ең жоғары ұшу салмағы


3.0

Соңғы жөндеу жүргізілген күні мен орны


3.1

Техникалық байқауды немесе ұшу сынағын кім және қашан жүргізді


3.2

Жөндеуге дейінгі әуе кемесі ресурсының қалдығы (сағатпен, қонумен, жылдармен)


3.3

Әуе кемесінің тұрақты орналасу орны:


3.4

Әуе кемесіне құқық түрі (қажеттісінің астын сызу):

1) меншік құқығы;
2) пайдалану құқығы;
3) жедел басқару құқығы;
4) шаруашылық басқару құқығы.

4.

Шарттың нөмірі және сатып алу күні:

Меншік иесі

№_____ "__" ________20__ жыл

Пайдаланушы

№_____ "__" ________20__ жыл

Меншік иесінің санаты (астын сызу):

1) жеке тұлға;
2) заңды тұлға.

5.

Меншік иесі құжатының санаты (заңды тұлға үшін):

заңды тұлғаның атауы:


заңды тұлғаның БСН


меншік иесінің заңды мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үйдің нөмірі, пәтер)


меншік иесінің телефон, факс нөмірі және e-mail мекенжайы


6.

Меншік иесі құжатының санаты (жеке тұлға үшін):

Құжаттың сериясы және берілген күні:

№ ___ "__" ______ 20__ жыл

Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), туған күні

________ "__" ____20__ жыл

ЖСН


мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үй нөмірі, пәтер)


телефон, факс нөмірі және
e-mail мекенжайы


7.

Пайдаланушы құжатының санаты (заңды тұлға үшін):

заңды тұлғаның атауы


заңды тұлғаның БСН


пайдаланушының заңды мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үйдің нөмірі, пәтер)


пайдаланушының телефон, факс нөмірі және e-mail мекенжайы


8.

Пайдаланушы құжатының санаты (жеке тұлға үшін):

Құжаттың сериясы және берілген күні

№ ___ "__" _____ 20__ жыл

Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), туған күні

_____ "__" ______20__ жыл

ЖСН


мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үй нөмірі, пәтер)


телефон, факс нөмірі және e-mail мекенжайы


9.

Алым нөмірі, күні және сомасы:

№____ "__" _____20___жылғы______ теңге.

10.

Байланысушы тұлға (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефон, факс нөмірі және e-mail мекенжайы)


11.

Қызметтерді алған жағдайда (Шуыл бойынша сертификат, радиотаратқыш аппаратура ретінде) төменде көрсетілген кестелер бойынша деректерді толтырыңыз

12.

Алым нөмірі, күні және сомасы: № ____ "__" __________ 20___ жылғы ______ теңге.

Шуыл бойынша сертификат алу үшін

+/-

сипаттаңыз

Ұшақ



Тікұшақ



басқа



Әуе винтінің деректері (бар болса)



Әуе кемесінің ең жоғары ұшу массасы



Әуе кемесінің ең жоғары қону массасы


Шуылды сертификаттау стандарты



Қолданылатын шуыл бойынша сертификаттау стандарттарына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген қосымша модификация



Ұшу-қону жолағының бүйіріндегі шу деңгейі / толық қуат режимінде



Қону кезінде шу деңгейі



Ұшу кезіндегі шу деңгейі



Ұшып келу кезіндегі шу деңгейі



Ұшып кету кезіндегі шу деңгейі



азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиотаратушы аппаратураны пайдалануға рұқсат алу үшін



Ұшақ



Тікұшақ



басқа



Авиациялық радиожиілік диапазонында жұмыс істейтін радиотаратушы құрылғылардың тізбесі:

Мыналардың:
тіркелетін азаматтық әуе кемесіне ауыртпалықтың болмауын;
Мемлекеттік тізілімге және Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу жағдайларын қоспағанда, жерүсті және спутниктік арналар арқылы жүктерді тасымалдауға арналған борттың жай-күйі мен орналасқан жері туралы деректерді беруді қамтамасыз ететін жабдықтың болуын;
азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені немесе қайта тіркегені үшін алым төлеуін растау туралы мәліметтер. _______________________________________☐_________________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін (Меншік иесі/ Пайдаланушы)

Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (заңды тұлға үшін)

Азаматтық әуе кемесін пайдаланушы (заңды тұлға үшін)

Мөр орны (бар болса)
"__" ___________ 20__жыл (жеке тұлға үшін): _____________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
"__" ___________ 20__жыл

  Тізбеге 2-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-1-қосымша

"Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

портал

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі – 25 жұмыс күнін құрайды, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді беру мерзімі – 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды;
шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру және (немесе) радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мерзімі – 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған) /
"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет көрсетілуі.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
электрондық (толық автоматтандырылған) /"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым мөршерлемелері:
1) Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін – алым төленген күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш;
2) азаматтық әуе кемелерін қайта тіркегені үшін – алым төленген күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім;
2) құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері;
3) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде меншік құқығын растайтын сатып алу-сату шартының немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шартының немесе ресми аудармасы бар ағылшын тілінде меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
4) әуе кемесіне ортақ меншік құқығындағы үлесті әуе кемесіне меншікке қатысушы болып табылмайтын тұлғаға сату кезінде (үлестік меншік кезінде) үлестік меншікке қатысушылардың жазбаша келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың ресми аудармасы бар электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
6) азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
7) әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
8) азаматтық әуе кемесін әзірлеуші мемлекет берген үлгі сертификатының немесе оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін куәландыратын оған балама құжаттың электрондық көшірмесі.
Болған жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік авиация тізілімінен немесе шет мемлекеттің азаматтық әуе кемелері тізілімінен шығарылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатының электрондық көшірмесі;
3) әуе кемесін қайта жабдықтау туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
4) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы дайындаушы зауыт берген уақытша куәліктің электрондық көшірмесі;
азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу үшін:
азаматтық әуе кемесінің меншік иесі және (немесе) оның атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
азаматтық әуе кемесінің пайдаланушысы және (немесе) оның атауы өзгерген кезде:
1) әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінім;
2) құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері;
3) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде меншік құқығын растайтын сатып алу-сату шартының немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шартының немесе ресми аудармасы бар ағылшын тілінде меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
4) әуе кемесіне ортақ меншік құқығындағы үлесті әуе кемесіне меншікке қатысушы болып табылмайтын тұлғаға сату кезінде (үлестік меншік кезінде) үлестік меншікке қатысушылардың жазбаша келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың ресми аудармасы бар электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
6) азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі; әуе кемесінің мақсаты өзгерген кезде, оны қайта жабдықтағаннан кейін:
1) әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінім;
2) азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау құқығына арналған құжаттардың электрондық көшірмесі;
3) азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау бойынша жүргізілген жұмыстар актісінің электрондық көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
5) құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері қоса беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, ұшуға жарамдылығы нормаларына, Заңға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты қызметті немесе көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрліктің – www.​miid.​gov.​kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі;
Көрсетілетін қызметті алушы мыналарды алуға мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Тізбеге 3-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
6-1-қосымша

      Нысан

  ____________________________
уәкілетті ұйымның атауы
_______________________ - дан
өтініш берушінің Тегі Аты
Әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________
Жеке куәлігінің (паспортының)

____________________________
Заңды тұлға ұйымның атауы
____________________________
мекенжайы, байланыс телефоны
____________________________
(ЖСН/БСН)
____________________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Өтінім

      Азаматтық әуе кемесін мемлекетік тіркеу туралы куәлікті "UN" ұлттық тану белгісінен

      "UP" мемлекетік және тіркеу тану белгілеріне ауыстыруды жүргізуді және әуе кемесін

      алып тастауды сұраймын _____________________, (әуе кемесінің үлгісі)

      Меншік иесі _____________________________________________________

      Пайдаланушы _____________________________________________________

      тиесілі __________________________________________________________ әуе

      (әуе кемесінің үлгісі) кемесін Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің

      Мемлекеттік тізілімінен

      шығаруыңызды және шығуы туралы куәлігін беруіңізді өтінемін.

      Әуе кемесін шығарылу себебі ______________________________________

      Әуе кемесі туралы деректер:

      1. Азаматтық әуе кемесінің үлгісі ________________________________

      2. Айырым белгісі ________________________________________________

      3. Сериялық (зауыттық) нөмірі _____________________________________

      4. Зауыттан шығарылған күні (күні, айы, жылы) _______________________

      5. Шығарушы (зауыт, мемлекет) ___________________________________

      6. Азаматтық әуе кемесінің тағайындалуы ____________________________

      7. Қозғалтқыш қуаты (кВт) _______________________________________

      8. Барынша ұшу массасы ___________________________________________

      9. Әуе кемесінің жөндеуге дейінгі қалдық ресурсы

      (сағат, қону, жыл) ___________________________________________

      10. Кім және қашан техникалық қарап-тексеруді немесе ұшу сынағын жүргізді

      _________________________________________________________________

      11. Әуе кемесінен айырым белгілерін алып тастау күні: _______________

      12. 24-биттік кодтың жойылу күні: ________________________________

      13. ӘК Пайдаланушы сертификатының

      (Авиациялық жұмыстарды орындау куәлігінің)

      қосымшасынан шығару күні ____________

      14. ӘК кепілұстаушының келісімінің күні ___________________________

      15. ӘК есептен шығарылу күні ______________________________________

      16. Әуе кемесінің орналасу орны ____________________________________

      17. Әуе кемесі экспортталған мемлекет _______________________________

      18. Меншік иесі құжатының санаты (заңды тұлға үшін):

      1) заңды тұлғаның атауы: __________________________________________

      2) заңды тұлғаның БСН-і: ___________________________________________

      3) меншік иесінің заңды мекенжайы (облысы, ауданы, елді мекені, көшесі,

      үйдің нөмірі, пәтері) _________________________________________

      4) меншік иесінің телефон нөмірі, факсы және e-maіl мекенжайы:

      _________________________________________________________________

      Меншік иесінің құжатының санаты (жеке тұлға үшін):

      1) құжаттың сериясы және берілген күні № ___ 20 ___ жылғы "__" ___

      2) Т.А.Ә. (болған жағдайда), туған күні: __________ 20 ___ жылғы "__" ______ ,

      ЖСН ____________________________________.

      3) мекенжайы (облысы, ауданы, елді мекені, көшесі, үйдің нөмірі, пәтері)

      _________________________________________________________________

      4) телефон нөмірі, факсы және e-maіl мекенжайы:

      _________________________________________________________________

      19. Пайдаланушы құжатының санаты (заңды тұлға үшін):

      1) заңды тұлғаның атауы: ____________________________________

      2) заңды тұлғаның БСН-і: ____________________________________

      3) пайдаланушының заңды мекенжайы (облысы, ауданы, елді мекені, көшесі,

      үйдің нөмірі, пәтері) _________________________________________

      4) пайдаланушының телефон нөмірі, факсы және e-maіl мекенжайы:

      _________________________________________________________________

      Пайдаланушы құжатының санаты (жеке тұлға үшін):

      1) құжаттың сериясы және берілген күні № ___ 20 ___ жылғы "__" ___

      2) Т.А.Ә. (болған жағдайда), туған күні: ______ 20 ___ жылғы "__"______ ,

      ЖСН ____________________________________.

      3) мекенжайы (облысы, ауданы, елді мекені, көшесі, үйдің нөмірі, пәтері)

      _________________________________________________________________

      4) телефон нөмірі, факсы және e-maіl мекенжайы:

      _________________________________________________________________

      20. Байланыс тұлғасы (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы, телефон нөмірі,

      факсі және e-maіl мекенжайы):___________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (заңды тұлға үшін):

      ___________________________________

      басшының қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда) 20__ жылғы "___" _________

      (жеке тұлға үшін):

      _____________________________

      Қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" _________

      Азаматтық әуе кемесін пайдаланушы (заңды тұлға үшін):

      ___________________________________

      басшының қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда) 20__ жылғы "___" _________

      (жеке тұлға үшін):

      _____________________________

      Қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" _________

      Ескерту: аббреватуралардың толық жазылуы:

      Т.А.Ә. – Тегі Аты Әкесінің аты;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

  Тізбеге 4-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
13-1-қосымша

      Нысан

Пилотсыз ұшу аппаратын есепке қою туралы куәлікке және пилотсыз ұшу аппаратын есепке алу тізіліміне өзгерістер енгізуге арналған өтінім

1

Өтініш беруші туралы мәлімет:

1.1

Заңды/жеке тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) толық атауы


1.2

Жұмыс мекенжайы



1.3

Индекс


1.4

Жұмыс/үй тел.


 1.5

Ұялы тел.


1.7

Факс


1.8

Эл. мекенжайы


1.9

Өтініш берушінің БСН/ЖСН


1.10

Құжатты беру күні



2

Пилотсыз авиациялық жүйе туралы мәлімет


2.1

Бұрынғы есеп нөмірі


2.2

Пилотсыз ұшу аппаратын есепке қою туралы куәлікке және пилотсыз ұшу аппаратын есепке алу тізіліміне өзгерістер енгізуге байланысты өтінім берілген жағдайларда мынадай негіздердің бірін атап өту қажет:


1) Пилотсыз ұшу аппаратының меншік иесі (иесі) өзгерген жағдайларда


2) Пилотсыз ұшу аппаратын пайдаланушысы өзгерген жағдайларда


3) Пилотсыз ұшу аппараты меншік иесінің (иеленушісінің) атауы және (немесе) пайдаланушының атауы өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады;


4) Пилотсыз ұшу аппаратын есепке қою туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жүргізіледі.


2.3

ППилотсыз ұшу аппаратының өндірушісі


2.4

Пилотсыз ұшу аппаратының үлгісі


2.5

Пилотсыз ұшу аппаратының өндіру күні


2.6

Пилотсыз ұшу аппаратының сериалық нөмірі


2.7

Пилотсыз ұшу аппаратының қозғалтқыш нөмірі


2.8

Пилотсыз ұшу аппаратының ең жоғарғы ұшу массасы


2.9

Пилотсыз ұшу аппаратының үлгісі, қозғалтқыш үлгісі, тағайындалуы:

Пилотсыз ұшу аппаратының үлгісі

˅

Қозғалтқыш үлгісі

˅

Тағайындалуы

˅

Ұшақ


Поршеньді 1,2,3,4


Коммерциялық


Тікұшақ


Турбиналы винтті 1,2,3,4….


Коммерциялық емес


Роторлы мульти


Турбореактивті 1,2,3,4….


….


….


Электрлік 1,2,3,4….


….


…..


Басқа (үлгісі және нөмірі)


….


…..


….


….


2.10

Пилотсыз ұшу аппаратының орналасу орны


2.11

Пилотсыз ұшу аппаратының иеленушісі


2.12

Пилотсыз ұшу аппаратының пайдаланушысы


2.13

Меншік құқығын дәлелдейтін құжат


2.14

Қолданылу мақсаты









      Лауазымы (қолы) Мөр орны (болған жағдайда)

      Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда)

  Тізбеге 5-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
16-қосымша
Нысан

р/с

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Берілген күні

Әуе кемесінің 24 биттік мекенжайы

Әуе кемесінің түрі

Пайдаланушысы

Сериялық (зауыттық) нөмірі

Борттық нөмірі

Орындаушы











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады