БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 15), 16) және 17) тармақшамен толықтырылсын:
15) осы бұйрыққа 638-713 қосымшаларға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға арналған жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бекітілсін;
16) осы бұйрыққа 714 қосымшаға сәйкес жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оку бағдарламалары;
17) осы бұйрыққа 715-730 қосымшаларға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға арналған жаңартылған мазмұн бойынша бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бекітілсін;
осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91 және 92 қосымшаларға сәйкес 638, 639, 640, 641, 642, 643, 644, 645, 646, 647, 648, 649, 650, 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 663, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 670, 671, 672, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681, 682, 683, 684, 685, 686, 687, 688, 689, 690, 691, 692, 693, 694, 695, 696, 697, 698, 699, 700, 701, 702, 703, 704, 705, 706, 707, 708, 709, 710, 711,7 12, 713, 714, 715, 716, 717, 718, 719, 720, 721, 722, 723, 724, 725, 726, 727, 728, 729, 730 қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
|
А. Аймагамбетов
|
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 638-қосымша |
Есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптары үшін "Жаратылыстану" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптары үшін "Жаратылыстану" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Бағдарлама мақсаты - есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) білім алушылардың . Бағдарлама мақсаты – білім алушылардың ғылыми-жаратылыстанушылық білімдерін, ұғымдарын, табиғат пен қоғамның өзара байланысы мен заңдылықтары туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыру, күнделікті өмірде кездесетін табиғи болмыстар мен процестерді болжау, сипаттау және түсіндіру үшін алған білімдерін қолдана білу біліктілігін дамыту.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстанушылық көрінісі мен жаратылыстану ғылымында қолданылатын әдістер жөнінде, және де ғылым, техника және технологиялардың дамуына ықпал ететін жаратылыстанудың ең маңызды идеялары мен жетістіктері жөнінде білімдер негізін қалыптастыру;
2) қоршаған әлемдегі болмыстарды түсіндіру үшін, бұқаралық ақпарат құралдарынан, интернет желісінен, ғылыми және ғылыми әдебиеттерден алынатын ғылыми-жаратылыстанушылық және өмірлік мағызы бар ақпараттарды қабылдау үшін, алған білімдерін қолдана білуін қалыптастыру;
3) қарапайым зерттеулер жүргізу, құбылыстарды талдау, ғылыми-жаратылыстанушылық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында зияткерлік, шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту;
4) күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін ғылыми-жаратылыстанушылық білімдерді пайдалану біліктерін дамыту.
4. Түзету-дамытушылық міндеттер:
1) сөйлеу мәдениетін дамыту, білімді функционалды қолдану, қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері, мәселелерді шешу және шешім қабылдау;
2) естімейтін білім алушыларды арнайы оқытуды сапалы дараландыру мүмкіндіктерін кеңейту;
3) жеке қасиеттерін дамыту (өз бетінше жұмыс істеуге және топта жұмыс істеуге қажетті жауапкершілік, табандылық, бастамашылдық, шыдамдылық және төзімділік).
2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
5. Естімейтін білім алушыларды оқыту процесінде бірқатар ерекшеліктерді ескеру қажет:
1) әр оқушының естіп қабылдау деңгейінің әртүрлілігін;
2) ең қарапайым ойлау операцияларының басымдылығын;
3) механикалық жадының басымдылығын;
4) сөздік қорының шектеулілігін, айтылым бұзылыстарының кемшілігі, белсенді сөздік қорынан енжар сөздік қорының басымдылығын.
6. Естімейтін білім алушыларды жаратылыстануды оқытудың негізгі қағидалары: қол жетімділік, жеке тұлғалық, көрнекілік және коммуникативтілік.
7. Оқытудың қол жетімділігі-бұл материалдың қол жетімділігі және оны білім алушылардың түсінуі, оңтайлы жеткізумен ғылыми тұжырымдамаларды ұсыну, мәтіндерді қажетті иллюстрациялар мен дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету.
8. Жеке тұлғалық-бұл естімейтін оқушының оқу процесін дараландыру, тұлғаның үйлесімді қалыптасуы мен жан-жақты дамуы, шығармашылық қабілеттерін толық ашу және жаратылыстану сабақтарында жеке тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеттерін тәрбиелеу, эмоционалды-еріктік саланы, психикалық процестерді түзету.
9. Көрнекілік оқушылардың танымдық тәжірибесін байыту, абстрактілі ұғымдарды меңгеру үшін қажет нақты өмірде затты немесе құбылысты сезімдік қабылдау негізінде білім, білік және дағдыларды қалыптастыру қажеттілігінен көрінеді: заттар, іс-әрекеттерді көрсету.
10. Жаратылыстануды оқытудағы коммуникативті қағида қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеруден тұрады және білім алушыларды әртүрлі тілдік жағдайда еркін жүруге үйретуге арналған.
11. Осы қағидаттарды іске асыру үшін:
1) қоршаған әлеммен танысу арқылы естімейтін білім алушылардың ауызша, диалогтық және жазбаша сөйлеуін дамыту;
2) сабақтарда барлық психикалық процестердің дамуына ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді қолдану;
3) материалды оқу кезінде үздіксіз қайталау дидактикалық қағидасын сақтану;
4) жаңа материал мен терминологияны түсіндіруде көмекші құрал ретінде дактильді және ымдау тілі қолданылады.
12. Бағдарламаны іске асыру процесінде арнайы жабдықтар мен оқытудың қосалқы құралдары, ақпараттық – коммуникативтік технологиялар пайдаланылады:
1) интерактивті және проекциялық жабдықтар (проектор, интерактивті тақта);
2) оқытудың арнайы техникалық және компенсаторлық құралдары (алдыңғы оқу қызметін қамтамасыз етуге арналған стационарлық дыбыс күшейткіш жабдық, айтылу экраны, жеке есту аппараттары, мультимедиялық компьютерлік сыныбы);
3) интернет желісінің ақпараттық-білім беру ресурстарына шексіз қол жеткізу.
3-тарау. "Жаратылыстану" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
13. "Жаратылыстану" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2) 6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
14. Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:
1) "Ғылым әлемі" бөлімі;
2) "Ғалам. Жер. Адам" бөлімі;
3) "Заттар және материалдар" бөлімі;
4) "Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер" бөлімі;
5) "Энергия және қозғалыс" бөлімі;
6) "Экология және тұрақты даму" бөлімі;
7) "Әлемді өзгертетін жаңалықтар" бөлімі.
15. "Ғылым әлемі" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) ғылымның рөлі;
2) зерттеу сұрағы;
3) зерттеуді жоспарлау;
4) деректерді жинау және жазу;
5) деректерді талдау;
6) қорытынды және талқылау.
16. "Ғалам. Жер. Адам" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) макро- және микроәлем;
2) жер туралы жалпы мағлұматтар;
3) жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері;
4)жердегі тіршілік;
5) жер бетін бейнелеу тәсілдері;
6) материктер мен мұхиттар;
7) халық географиясы.
17. "Заттар және материалдар" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) заттардың құрылысы мен қасиеттері;
2) заттардың жіктелуі;
3) заттардың пайда болуы және заттарды алу.
18. "Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) өлі табиғаттағы үдерістер;
2) тірі табиғаттағы үдерістер.
19. "Энергия және қозғалыс" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) энергия түрлері мен көздері;
2) қозғалыс.
20. "Экология және тұрақты даму" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) экожүйелер;
2) тірі ағзалардың саналуандылығы;
3) табиғатты қорғау.
21. "Әлемді өзгертетін жаңалықтар" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) әлемді өзгерткен жаңалықтар;
2) болашақ жаңалықтары.
22. 5-сыныпқа арналған "Жаратылыстану" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Ғылым әлемі" бөлімі: ғылымның адам өміріндегі рөлі; зерттеу мәселесін тұжырымдай білу және жоспар құру; зерттеу жүргізуге арналған жабдық; зерттеу кезінде ақпаратты талдау; зерттеу қорытындысын рәсімдеу;
2) "Ғалам. Жер. Адам" бөлімі: микро-және макроәлем; Жер ғаламшарының пайда болуы және оның құрылымы; Жер ғаламшарындағы өмірдің пайда болуы; түсірілім және жергілікті жердің жоспары; түсірілім түрлері және оларды жасай білу; жергілікті жердің жоспарын оқып, оны суреттей білу; Азимут және оны жоспар бойынша табу; картаның пайда болу тарихы; алғашқы географиялық зерттеулер; Жердегі нәсіл; ұлтаралық топтардың айырмашылығы және олардың ортақтығы;
3) "Заттар және материалдар" бөлімі: денелер мен заттар; заттардың жай-күйі мен қасиеттері; табиғат құбылыстары мен олардың ерекшеліктері; таза заттар мен қоспалар және оларды өндіру және бөлу білігі; ерітінділер;
4) "Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер" бөлімі: табиғаттағы заттардың айналымы, ауа-райы, газ түзілуі; тірі және өлі табиғаттың себептері мен салдары; тірі организмдердің қасиеттері; микроскоппен жұмыс істеу ережесі, уақытша препараттарды дайындау; фотосинтез және оның қасиеттері;
5) "Энергия және қозғалыс" бөлімі: энергия түрлері; термометр көмегімен температураны өлшеу; жылу оқшаулау; энергияның өзара әрекеттесуі; жансыз және тірі табиғаттың қозғалысы: қозғалыс себептері;
6) "Экология және тұрақты даму" бөлімі: экожүйені анықтау; экожүйенің түрлері және оның жұмыс істеу факторлары; тірі организмдердің алуан түрлілігі; табиғатты қорғау; өңірдің экологиялық мәселелері; Қазақстанның Қызыл кітабы;
7) "Әлемді өзгертетін жаңалықтар" бөлімі: ғылыми жаңалықтардың алуан түрлілігі.
23. 6-сыныпқа арналған "Жаратылыстану" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Ғылым әлемі" бөлімі: Жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысын; жаратылыстану ғылымдарын зерттеу объектілері; зерттеудегі тәуелді және тәуелсіз айнымалылар; зерттеу ережелері; зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы; зерттеу жүргізу кезіндегі өлшем бірліктері; зерттеу қорытындыларын ресімдеу тәсілдері;
2) "Ғалам. Жер. Адам" бөлімі: микро-және макроәлемнің айырмашылықтары мен объектілері және оларды ажырата білу; Жердің қасиеттері мен ондағы болып жатқан құбылыстар мен процестер; жердің сфералары мен қабықтары; жердің пайда болу гипотезалары; карта және оның түрлері; шартты белгілер бойынша карталарды оқу; оны есептеудің масштабы мен тәсілдері; географиялық координаттар; параллель және меридиан; градустық тор; уақыт туралы түсінік; белдеу уақытының ерекшеліктері; материктер мен мұхиттар; материктер мен мұхиттардың физикалық-географиялық жағдайы; халықты зерттейтін ғылым;
3) "Заттар мен материалдар" бөлімі: атомдар мен молекулалар; қарапайым және күрделі заттар; атом құрылысы; заттардың қайнау температурасы мен балқу температурасының қасиеттері; органикалық және бейорганикалық заттар және олардың ерекшеліктері; орта және оның түрлері (қышқыл, сілтілі, бейтарап) және әмбебап индикатордың көмегімен ортаны анықтай білу; бейтараптандыру процесі; табиғи және жасанды материалдар, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері; тұрмыстық химия өнімдері және оларды тұрмыста пайдалану; тұрмыстық химияны пайдалану ережелері; пайдалы қазбалар және олардың; пайдалы қазбаларды өндіру және олардың қоршаған ортаға әсері;
4) "Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер" бөлімі: өлі табиғат процестерін модельдеу; табиғаттағы заттардың химиялық түрленуі; жасуша құрылысы; организмдердің қоректенуі және қоректік заттардың тасымалдануын модельдеу; организмдердің бөліну өнімдері;
5) "Энергия және қозғалыс" бөлімі: энергия көздері; энергия алу тәсілдері; қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қысымы; адам қаңқасының құрылысы; бұлшық еттердің құрылысы;
6) "Экология және тұрақты даму" бөлімі: экожүйе компоненттерінің өзара байланысы; экожүйенің өзгеру себептері; энергияның ауысуы; жергілікті экожүйедегі тірі организмдердің алуан түрлілігі; өз өңірінің экожүйесінің проблемалары және проблемаларды шешу жолдары;
7) "Әлемді өзгертетін жаңалықтар" бөлімі: жаңалықтардың мәні: қазақстандық ғалымдардың жаңалықтары; зерттеу бағыттары.
4-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
24. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді.
25. Әр сыныпқа бөлімдер бойынша күтілетін нәтижелер:
1) "Ғылым әлемі" бөлімі:
1-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
5-сынып
|
6-сынып
|
1.1 Ғылымның рөлі
|
5.1.1.1 ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау
|
6.1.1.1 жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атау
|
1.2 Зерттеу сұрағы
|
5.1.2.1 зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау;
|
6.1.2.1 тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау;
|
1.3 Зерттеуді жоспарлау
|
5.1.3.1 зерттеу жоспарын құрастыру;
5.1.3.2 зерттеу жүргізу кезін-дегі техника қауіпсіздігі ережелерін тұжырымдау;
|
6.1.3.1 жоспар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;
6.1.3.2 қауіпсіз жұмыс жүргізудің жағдайларын анықтау
|
1.4 Деректерді жинау және жазу
|
5.1.4.1 нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау;
5.1.4.2 бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу
|
6.1.4.1 Халықаралық бірліктер жүйесінің өлшем бірліктерін пайдалану
|
1.5 Деректерді талдау
|
5.1.5.1 қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептеу және тенденцияларын анықтау
|
6.1.5.1 алынған деректерді графикалық түрде көрсету
|
1.6. Қорытынды және талқылау
|
5.1.6.1 зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау
|
6.1.6.1 алынған қорытындыларды түрлі формада көрсету;
|
2) "Ғалам. Жер. Адам" бөлімі:
2-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
5-сынып
|
6-сынып
|
2.1 Макро және микроәлем
|
5.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру
|
6.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін атау
|
2.2 Жер туралы жалпы мағлұматтар
|
5.2.2.1 Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру;
5.2.2.2 Жердің құрылысы мен құрамын атау
|
6.2.2.1 Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру;
6.2.2.2 Жердің қасиеттерін түсіндіру
|
2.3 Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері
|
5.2.3.1 Жер қабықта-ры және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау
|
6.2.3.1 Жердің сыртқы қабықтарының өзара байланысын түсіндіру
|
2.4 Жердегі тіршілік
|
5.2.4.1 Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау;
5.2.4.2 тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтау
|
6.2.4.1 Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру;
6.2.4.2 адамның Жердегі тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын бағалау
|
2.5 Жер бетін бейнелеу тәсілдері
|
5.2.5.1 "план" және "шартты белгілер" ұғымдарын түсіндіру;
5.2.5.2 шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын оқу;
5.2.5.3 бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау;
5.2.5.4 рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым жоспарларын сызу
|
6.2.5.1 географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктеу;
6.2.5.2 шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқу;
6.2.5.3 масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу;
6.2.5.4 географиялық координаттарды анықтау;
6.2.5.5 сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау
|
2.6 Материктер мен мұхиттар
|
5.2.6.1 материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау;
5.2.6.2 мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау
|
6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау;
6.2.6.2 жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау
|
2.7 Халық географиясы
|
5.2.7.1 дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау;
5.2.7.2 нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын анықтау;
5.2.7.3 нәсілдер теңдігін дәлелдеу
|
6.2.7.1 халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау;
6.2.7.2 халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға беру;
6.2.7.3 дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төмен аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіру
|
3) "Заттар және материалдар" бөлімі:
3-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
5-сынып
|
6-сынып
|
3.1 Заттардың құрылысы мен қасиеттері
|
5.3.1.1 бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіру;
5.3.1.2 заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру;
5.3.1.3 заттардың қасиеттерін: тығыздығын, аққыштығын, жылу және электр-өткізгіштігін, созылмалығын, иілімділігін сипаттау;
5.3.1.4 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
|
6.3.1.1 атомдар мен молекулаларды, жай және күрделі заттарды ажырату;
6.3.1.2 атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау;
6.3.1.3 заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау
|
3.2 Заттардың жіктелуі
|
5.3.2.1 қоспалардан таза заттарды ажырату;
5.3.2.2 қоспалардың түрлерін сипаттау және бөлу әдістерін ұсыну;
5.3.2.3 құрамы белгілі ерітінді дайындау;
5.3.2.4 еріген заттың массалық үлесін анықтау;
5.3.2.5 заттарды ерігіштігі бойынша, металдар және бейметалдарға жіктеу
|
6.3.2.1 заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу;
6.3.2.2 тірі және өлі табиғаттағы қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарды ажырату және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау;
6.3.2.3 бейтараптану үдерісін түсіндіру
|
3.3 Заттардың түзілуі және алынуы
|
5.3.3.1 табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіру;
5.3.3.2 зертханалық жағдайда заттарды бөліп ала алу
|
6.3.3.1 табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
6.3.3.2 тұрмыстық химия өнімдерін қолдану саласын және оларды қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру;
6.3.3.3 Қазақстандағы пайдалы қазбалардың кен орындарын және қолдану салаларын анықтау;
6.3.3.4 Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету;
6.3.3.5 пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
4) "Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер" бөлімі:
4-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
5-сынып
|
6-сынып
|
4.1 Өлі табиғаттағы үдерістер
|
5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер);
5.4.1.2 өлі табиғат-тағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарын түсіндіру
|
6.4.1.1 өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдеу (тау түзілу, үгілу, заттардың табиғаттағы айналымы);
6.4.1.2 табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіру
|
4.2 Тірі табиғаттағы үдерістер
|
5.4.2.1 тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау;
5.4.2.2 тірі ағза-лардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау;
5.4.2.3 микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолдану;
5.4.2.4 уақытша микропрепарат дайындау;
5.4.2.5 фотосинтез үдерісін түсіндіру;
5.4.2.6 өсімдіктерде пигменттердің болуын зерттеу;
5.4.2.7 фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларды зерттеу
|
6.4.2.1 жасуша компоненттерін анықтау;
6.4.2.2 тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру;
6.4.2.3 ағзалардың қоректену типтерін ажырату
6.4.2.4 толыққанды тамақтану рационын құру;
6.4.2.5 азық-түлік өнімдердегі органикалық заттардың болуын тестілеу;
6.4.2.6 ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануын зерттеу;
6.4.2.7 тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты зерттеу;
6.4.2.8 ағзадағы бөлініп шығатын өнімдерді атау;
6.4.2.9 тірі ағзалардағы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын зерттеу
|
5) "Энергия және қозғалыс" бөлімі:
5-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
5-сынып
|
6-сынып
|
5.1 Энергия түрлері мен көздері
|
5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату;
5.5.1.2 температура мен жылу энергиясын ажырату;
5.5.1.3 термометрді пайдалана отырып температураны өлшеу;
5.5.1.4 ғимараттарда жылу оқшаулағышта-рын пайдаланудың практикалық әдістерін түсіндіру;
5.5.1.5 жылулық ұлғаюды сипаттау;
5.5.1.6 энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру
|
6.5.1.1 энергия көздерін атау;
6.5.1.2 энергияны шығарумен және оның жұтылуымен байланысты үдерістерді атау және мысалдар келтіру;
6.5.1.3 электр энергиясының бірлігін атау;
6.5.1.4 электр энергиясының құнын есептеу;
6.5.1.5 энергияны алудың балама көздерін ұсынау
|
5.2 Қозғалыс
|
5.5.2.1 тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіру және түсіндіру;
5.5.2.2 әртүрлі жануарлардың қаңқа түрлерінің ерекшелік-терін зерттеу;
5.5.2.3 денелер қозғалысының себебін анықтау
|
6.5.2.1 қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру және түсіндіру;
6.5.2.2 қатты денелер, сұйықтар мен газдардың қысымдарын айыра білу;
6.5.2.3 адам қаңқасының құрылысын сипаттау;
6.5.2.4 бұлшық еттің құрылысын сипаттау;
6.5.2.5 тірі ағзалар үшін қысымның мәніне мысалдар келтіру;
6.5.2.6 атмосфералық қысымды өлшеу және оның мәнін түсіндіру
|
6) "Экология және тұрақты даму" бөлімі:
6-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
5-сынып
|
6-сынып
|
6.1. Экожүйелер
|
5.6.1.1 экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау;
5.6.1.2 экожүйе түрлерін жіктеу;
5.6.1.3 экожүйеге экологиялық факторлардың ықпал етуін түсіндіру;
5.6.1.4 табиғи және жасанды экожүйелерді салыстыру
|
6.6.1.1 экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын графикалық түрде көрсету және түсіндіру;
6.6.1.2 экожүйелердің ауысу себептерін түсіндіру;
6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру
|
6.2 Тірі ағзалардың сан алуандығы
|
5.6.2.1 ағзаларды тірі табиғат дүниесіне жіктеу;
5.6.2.2 біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау
|
6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану;
6.6.2.2 жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу
|
6.3 Табиғатты қорғау
|
5.6.3.1 ҚР экологиялық мәселелерін атау;
5.6.3.2 өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу;
5.6.3.3 Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының маңызды-лығын анықтау
|
6.6.3.1 өз аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау;
6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну
|
7) "Әлемді өзгертетін жаңалықтар" бөлімі:
7-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
5 -сынып
|
6-сынып
|
7.1 Әлемді өзгертетін жаңалықтар
|
5.7.1.1 әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру
|
6.7.1.1 әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау
6.7.1.2 қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарын дамытуға қосқан үлесін талқылау
|
7.2 Болашақ жаңалықтары
|
5.7. 2.1. болашақ ғылыми зерттеулер үшін идеялар ұсыну
|
6.7. 2.1. ғылыми зерттеулер бағыттарының болашақтағы дамуына болжам жасау
|
26. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған "Жаратылыстану" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
27. Бөлімдер және ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
|
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған "Жаратылыстану" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына қосымша |
Есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6 сыныптары үшін "Жаратылыстану" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
1) 5-сынып:
1-кесте
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Бағдарламаның бөлімшелері
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
5.1 Ғылым әлемі
|
Ғылымның рөлі
|
5.1.1.1 ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау
|
Зерттеу сұрағы
|
5.1.2.1 мұғалімнің көмегімен зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау
|
Зерттеуді жоспарлау
|
5.1.3.1 мұғалімнің көмегімен зерттеу жоспарын құрастыру;
5.1.3.2 мұғалімнің көмегімен зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін тұжырымдау
|
Деректерді жинау және жазу
|
5.1.4.1 нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау;
5.1.4.2 өз бетінше және мұғалімнің көмегімен бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу
|
Деректерді талдау
|
5.1.5.1 қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептейді және тенденцияларын анықтау
|
Қорытынды және талқылау
|
5.1.6.1 зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау;
5.1.6.2 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөйлеу материалын қабылдау
|
5.2 Адам. Жер. Ғалам
|
Макро- және микроәлем
|
5.2.1.1 өзбетінше және мұғалімнің көмегімен макро- және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру
|
Жер туралы жалпы мағлұматтар
|
5.2.2.1 - Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру
5.2.2.2 - Жердің құрылысы мен құрамын атау
5.2.2.3 тақырып бойынша қарапайым, нақтылаушы сұрақтар қою;
5.2.2.3 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері
|
5.2.3.1 Жер қабықтарын және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау;
5.2.3.2 стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу қызметіне қатысты есту-көру сөйлеу материалын қабылдау
|
Жердегі тіршілік
|
5.2.4.1 Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау;
5.2.4.2 мұғалімнің көмегімен тіршілік етуге қажетті жағдайларды анықтау;
5.2.4.3 стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу қызметіне қатысты есту-көру сөйлеу материалын қабылдау
|
|
Жер бетін бейнелеу тәсілдері
|
5.2.5.1 "жоспар" және "шартты белгілер" ұғымдарын түсіндіру;
5.2.5.2 шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын оқу;
5.2.5.3 мұғалімнің көмегімен бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау (көз мөлшермен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру);
5.2.5.4 мұғалімнің көмегімен тіркеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым пландарын сызу
|
Материктер мен мұхиттар
|
5.2.6.1 материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау;
5.2.6.2 мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау;
5.2.6.3 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөйлеу материалын қабылдау
|
Халық географиясы
|
5.2.7.1 мұғалімнің көмегімен дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын, негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау;
5.2.7.2 нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын түсіндіру;
5.2.7.3 нәсілдер теңдігін дәлелдеу
5.2.7.4 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
2-тоқсан
|
5.3 Заттар және материалдар
|
Заттардың құрылысы мен қасиеттері
|
5.3.1.1 мұғалімнің көмегімен бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіру;
5.3.1.2 заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру;
5.3.1.3 мұғалімнің көмегімен заттардың қасиеттерін: тығыздығын, аққыштығын, жылу және электрөткізгіштігін, созылғыштығын, иілімділігін сипаттау;
5.3.1.4 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
5.3.1.5 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Заттардың жіктелуі
|
5.3.2.1 қоспалар мен таза заттарды ажырату;
5.3.2.2 мұғалімнің көмегімен қоспалардың түрлерін сипаттайды және бөлу әдістерін ұсыну;
5.3.2.3 құрамы белгілі ерітіндіні дайындау;
5.3.2.4 заттарды ерігіштігі, металдар және бейметалдар бойынша жіктеу;
5.3.2.5 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Заттардың түзілуі және алынуы
|
5.3.3.1 кейбір табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіру;
5.3.3.2 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөйлеу материалын қабылдау
|
3-тоқсан
|
5.4 Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер
|
Өлі табиғаттағы үдерістер
|
5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер);
5.4.1.2 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
Тірі табиғаттағы үдерістер
|
5.4.2.1 тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау;
5.4.2.2 өзбетінше және мұғалімнің көмегімен микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолдану;
5.4.2.3 мұғалімнің көмегімен уақытша микропрепарат дайындау
5.4.2.4 фотосинтез үдерісін түсіндіру;
5.4.2.5 өсімдіктерде пигменттердің болуын зерттеу;
5.4.2.6 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
5.5 Энергия және қозғалыс
|
Энергия түрлері мен көздері
|
5.5.1.1 мұғалімнің көмегімен энергия түрлерін ажырату;
5.5.1.2 мұғалімнің көмегімен температура мен жылу энергиясын ажырату;
5.5.1.3 мұғалімнің көмегімен термометрді пайдалана отырып температураны өлшеу;
5.5.1.4 ғимараттарда жылу оқшаулағыштарын пайдаланудың практикалық әдістерін түсіндіру;
5.5.1.5 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
Қозғалыс
|
5.5.2.1 - тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіреді және түсіндіру;
5.5.2.2 әртүрлі жануарлардың қаңқа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу;
5.5.2.3 денелер қозғалысының себебін анықтау;
5.5.2.4 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
4-тоқсан
|
5.6 Экология және тұрақты даму
|
Экожүйелер
|
5.6.1.1 экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау;
5.6.1.2 экожүйе түрлерін жіктеу;
5.6.1.3 экологиялық факторлардың экожүйе қызметіне ықпал етуін түсіндіру;
5.6.1.4 табиғи және жасанды экожүйелерді салыстыру
5.6.1.5 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Тірі ағзалардың сан алуандығы
|
5.6.2.1 мұғалімнің көмегімен ағзаларды тірі табиғат дүниелеріне жіктеу;
5.6.2.2 біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау;
5.6.2.3 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Табиғатты қорғау
|
5.6.3.1 Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін атау;
5.6.3.2 мұғалімнің көмегімен өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу;
5.6.3.3 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының маңыздылығын анықтау
|
5.7 Әлемді өзгертетін жаңалықтар
|
Әлемді өзгертетін жаңалықтар
|
5.7.1.1 әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру;
5.7.1.2 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
Болашақтың ашылуы
|
5.7.2.1 ғылымдағы болашақ зерттеулерге идеялар ұсыну;
|
1) 6-сынып
2-кесте
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Бағдарламаның бөлімшелері
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
6.1 Ғылым әлемі
|
Ғылымның рөлі
|
6.1.1.1 жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын тізіп атау
|
Зерттеу сұрағы
|
6.1.2.1 мұғалімнің көмегімен тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау;
6.1.2.2 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
Зерттеуді жоспарлау
|
6.1.3.1 жоспар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;
6.1.3.2 қауіпсіз жұмыс жүргізудің жағдайларын анықтау;
6.1.3.3 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Деректерді жинау және жазу
|
6.1.4.1 Халықаралық бірліктер жүйесінің өлшем бірліктерін пайдалану;
6.1.4.2 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Деректерді талдау
|
6.1.5.1 алынған деректерді графикалық түрде көрсету;
6.1.5.2 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Қорытынды және талқылау
|
6.1.6.1 алынған қортындыларды түрлі формада көрсету;
6.1.6.2 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
6.2 Ғалам. Жер. Адам
|
Макро- және микроәлем
|
6.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін өзбетінше атау
|
Жер туралы жалпы мағлұматтар
|
6.2.2.1 Жердің қасиеттерін түсіндіру;
6.2.2.2 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Жер өрістері және олардың құрамдас бөліктері
|
6.2.3.1 Жер қабықтарының өзара байланыс тәсілдерін түсіндіру;
6.2.3.2 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
Жердегі тіршілік
|
6.2.4.1 Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру;
6.2.4.2 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
Жер бетін бейнелеу тәсілдері
|
6.2.5.1 географиялық карталар мен шартты белгілерді өзбетінше жіктеу;
6.2.5.2 шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқу;
6.2.5.3 мұғалімнің көмегімен масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу;
6.2.5.4 мұғалімнің көмегімен географиялық координаттарды анықтау;
6.2.5.5 сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау;
6.2.5.6 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Материктер мен мұхиттар
|
6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау;
6.2.6.2 өзбетінше және мұғалімнің көмегімен жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау
|
Халық географиясы
|
6.2.7.1 халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау;
6.2.7.2 халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға беру;
6.2.7.3 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
2-тоқсан
|
6.3 Заттар және материалдар
|
Заттардың құрылысы мен қасиеттері
|
6.3.1.1 атом мен молекулаларды, қарапайым және күрделі заттарды айыра білу;
6.3.1.2 заттың қасиеттерін сипаттау: балқу және қайнау температурасы;
6.3.1.3 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Заттардың жіктелуі
|
6.3.2.1 заттарды органикалық және бейорганикалық заттар күйінде жіктеу;
6.3.2.2 тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау;
6.3.2.3 мұғалімнің көмегімен бейтараптандыру үдерісін түсіндіру;
6.3.2.4 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
Заттардың пайда болуы мен оларға қол жеткізу
|
6.3.3.1 өзбетінше және мұғалімнің көмегімен жасанды және табиғи материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
6.3.3.2 тұрмыстық химия өнімдерін қолдану саласын және оларды қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру;
6.3.3.3 өзбетінше және мұғалімнің көмегімен Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтау;
6.3.3.4 пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
6.3.3.5 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
3-тоқсан
|
6.4 Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер
|
Өлі табиғаттағы үдерістер
|
6.4.1.1 мұғалімнің көмегімен өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдеу (таудың жасалу, мүжілу үдерістері, табиғатта заттардың айналымы);
6.4.1.2 табиғаттағы заттардың химиялық айналымы туралы түсінігінің болуы;
6.4.1.3 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
Тірі табиғаттағы үдерістер
|
6.4.2.1 жасуша компоненттерін анықтау
6.4.2.2 мұғалімнің көмегімен тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру;
6.4.2.3 ағзалардың қоректену типтерін ажырату;
6.4.2.4 мұғалімнің көмегімен толыққанды тамақтану рационын құру;
6.4.2.5 ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануын модельдеу;
6.4.2.6 ағзадан бөлініп шығатын өнімдерді атау;
6.4.2.7 тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты зерттеу;
6.4.2.8 тірі ағзалардың тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын зерттеу;
6.4.2.9 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
6.5 Энергия және қозғалыс
|
Энергия түрлері мен көздері
|
6.5.1.1 мұғалімнің көмегімен энергия көздерін атау;
6.5.1.2 энергияны шығарумен және оның жұтылуымен байланысты үдерістері туралы түсініктерінің болуы;
6.5.1.3 электр энергиясының бірлігін атау;
6.5.1.4 электр энергиясының құнын есептеу;
6.5.1.5 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Қозғалыс
|
6.5.2.1 мұғалімнің көмегімен қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру және түсіндіру;
6.5.2.2 мұғалімнің көмегімен қатты денелер, сұйықтар мен газдардың қысымдарын айыра білу;
6.5.2.3 адам қаңқасының құрылысын сипаттау;
6.5.2.4 бұлшық еттің құрылысын сипаттау;
6.5.2.5 тірі ағзалар үшін қысымның мәніне мысалдар келтіру;
6.5.2.6 мұғалімнің көмегімен тиісті құралдарды қолдана отырып, атмосфералық қысымды өлшеу
6.5.2.7 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
4-тоқсан
|
6.6 Экология және тұрақты даму
|
Экожүйелер
|
6.6.1.1 мұғалімнің көмегімен экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде көрсету және түсіндіру;
6.6.1.2 экожүйе ауысымдарының себептерін түсіндіру;
6.6.1.3 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Тірі ағзалардың сан алуандығы
|
6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану;
6.6.2.2 жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу;
6.6.2.3 оқылған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
Табиғатты қорғау
|
6.6.3.1 өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау;
6.6.3.2 есту қабілетін стационарлық және дыбыс күшейткіш аппаратураның көмегімен оқу іс-әрекетіне қатысты көрнекі сөздік материалын қабылдау
|
6.7 Әлемді өзгертетін жаңалықтар
|
Әлемді өзгертетін жаңалықтар
|
6.7.1.1 мұғалімнің көмегімен әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау;
6.7.1.2 қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарын дамытуға қосқан үлесін талқылау
|
Болашақ жаңалықтары
|
6.7.2.1 ғылыми зерттеулердің бағыттарының болашақтағы дамуына болжам жасау;
|
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 639-қосымша |
Негізгі орта білім беру деңгейінің есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) 7-10 сыныптарына арналған "География" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Негізгі орта білім беру деңгейінің есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) 7-10 сыныптарына арналған "География" пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы (төменде– Бағдарлама) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 5 баптың 6) тармағына сәйкес құрастырылған.
2. Бағдарлама мақсаты – әлемнің географиялық бейнесін, географиялық ойлауды, өмірлік жағдайлар тәжірибесінде география тілі мен әдістерін білу мен қоладануды қамтитын, географиялық мәдениетті қалыптастыру және дамыту.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) табиғи және антропогендік нысандарды,құбылыстар мен процестерді қамтитын әлемнің географиялық бейнесін ашу, қоршаған әлемнің аумақтық еріекшеліктері, олардың объективтік сипаты және адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерді қалыптастыру;
2) табиғат пен қоғамның өзара байланысынажәне осы байланыстың кеңістіктік ерекшеліктеріне білім алушылардың ғылыми көзқарасын дамыту;
3) табиғатты қорғау мен оны тиімді пайдаланудың, қоғамдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық және жаратылыстану-ғылыми негіздерін ашу;
4) оқушылардың географиялық зерттеу дағдылары мен әдістерін меңгеруіне ықпал ету;
5) география ғылымының терминдері мен түсініктерін меңгеруге жағдай жасау;
6) кеңістіктік ойлау және картографикалық дағдыларын қалыптастыру;
7) күнделікті өмірде, практикада географиялық білімдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
4. Түзету-дамытушылық міндеттер:
1) сөйлеу тілі мәдениетін, білімді функционалды қолдануды және түрлі коммуникация тәсілдерін дамыту;
2) естімейтін білім алушылардың арнайы білім беруін сапалы дараландыру мүмкіндіктерін кеңейту;
3) тұлғалық қабілеттерін дамыту (топта және жеке жұмыс жасауда қажетті жауапкершілік, табандылық,шыдамдылық және төзімділік)
4) ойлау процестерін, назарын, есте сақтау қабілетін дамыту.
2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері
5. 7 – 10 сыныптарда "География" курсын оқу барысында, естімейтін оқушылар географиялық нысандар және құбылыстар туралы кеңейтілген білім алады, картамен географиялық жұмыс жасау тәсілдерін практикада қолдануға үйренеді, табиғат және қоғам арасындағы байланысты анықтай алады.
6. Естімейтін оқушыларға білім беруде бірқатар ерекшеліктерді ескеру керек:
1) әр оқушының естіп қабылдау деңгейінің әртүрлілігін;
2) ең қарапайым ойлау операцияларының басымдылығын;
3) механикалық жадының басымдылығын;
4) сөздік қорының шектеулілігін, айтылым бұзылыстарын, белсенді сөздік қорынан енжар сөздік қорының басымдылығын.
7. Естімейтін оқушыларды географияны оқытудың негізгі қағидалары: қол жетімділік, жеке тұлғалық тәсіл, көрнекілік және коммуникативтілік.
8. Оқытудың қол жетімділігі - материалдың қол жетімділігі және оны білім алушылардыңтүсінуі, ғылыми тұжырымдамаларды оңтайлы жеткізе ұсыну, мәтіндерді қажетті иллюстрациялар мен дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету.
9. Жеке тұлғалық тәсіл – білім алушылар тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен жан-жақты дамуы, шығармашылық қабілеттерін толық ашу және биология сабақтарында жеке тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеттерін тәрбиелеу, эмоционалды-еріктік саласын, психикалық процестерін түзеу.
10. Көрнекілік қағидасы - оқушылардың танымдық тәжірибесін байыту, абстрактылық ұғымдарды меңгерту үшін нақты өмірдегі затты немесе құбылысты сезіну арқылы қабылдау негізінде білім, білік және дағдыларын қалыптастыру қажеттілігінен көрініс алады.
11. Пәнді оқытудағы коммуникативтік тәсіл - қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеруден тұрады және білім алушыларды әртүрлі тілдік жағдайда еркін бағдарлауға үйретеді.
12. Осы қағидаларды жүзеге асыру үшін қажет:
1) қоршаған әлеммен таныстыру арқылы естімейтін білім алушылардың ауызша, жазбаша, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту;
2) сабақ барысында барлық психикалық процестерді дамыуға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді қолдану;
3) дидактикалық қағидаларды ұстану: материалды қайталау, материалдың рұқсат етілген көлемі;
4) жаңа материалды және терминологияны түсіндіру барысында қосымша құрал ретінде дактильді және ымдау тілі қолданылады.
13. Бағдарламаны жүзеге асыру процесінде арнайы құрал-жабдықтар және оқытудың көмекші құралдары, ақпараттық-коммуникациялық технологнияларпайдаланылады:
1) интерактивтік және проекциялық жабдықтар (проектор, интерактивті тақта);
2) оқытудың арнайы техникалықжәне компенсаторлық құралдары (фронталды оқыту іс-әрекетін қамтамасыз етуге арналға стационарлық дыбыс күшейткіш құралдар, сөйлеу экраны, жеке есту аппараттары, мультимедиалық компьютерлік сынып);
3) Ғаламтор желісіндегі ақпараттық-білім беру ресурстарына шектеусіз қолжетімділік.
3-тарау. "География" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
14. "География" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылына 68 сағатты;
2) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылына 68 сағатты;
3) 9-сыныпта– аптасына 2 сағатты, оқу жылына 68 сағатты;
4) 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылына 68 сағатты құрайды;
15. Оқу пәнінің мазмұны 6 бөлімді қамтиды:
1 )"Географиялық зерттеу әдістері" бөлімі;
2) "Картография және географиялық дерекқор" бөлімі;
3) "Физикалық география" бөлімі;
4) "Әлеуметтік география" бөлімі;
5) "Экономикалық география" бөлімі;
6) "Елтану және саяси география негіздері".
16. "Географиялық зерттеу әдістері" келесі бөлімшені қамтиды:
1) зерттеу және зерттеушілер.
17. "Картография және географиялық дерекқор" келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) географиялық карталар;
2) географиялық дерекқор.
18. "Физикалық география" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) литосфера;
2) атмосфера;
3) гидросфера;
4) биосфера;
5) табиғи-аумақтық кешендер.
19. "Әлеуметтік география" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) тұрғындар географиясы.
20. "Экономикалық география" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) табиғи ресурстар;
2) әлеуметтік-экономикалық ресурстар;
3) дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы;
4) дүниежізілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері.
21. "Елтану және саяси география негіздері" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) дүниежүзі елдері.
22. 7-сыныпқа арналған "География" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) "Географиялық зерттеу әдістері" бөлімі:зерттеу және зерттеушілер. Географияны зерттеу нысандары. География ғылымының дамуы. Географиялық дерек көздері. Географиялық тәжірибелер. Далалық зерттеу әдістері. Географияда графикалық әдістердің қолданылуы;
2) "Картография және географиялықдерекқор" бөлімі: географиялық карталар. Географиялық картосхемаларды қолдану. Географиялық номенклатура. Географиялық дерекқор. Географиялық деректерді ұйымдастыру;
3) "Физикалық география": литосфера. Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы. Жердің тектоникалық құрылысы. Литосфераның тектоникалық қозғалыстары. Литосфералық катаклизмдер. Атмосфера. Атмосфера және оның құрамдас бөліктері. Ауа райы және метеорологиялық элементтер. Атмосфералық қолайсыз құбылыстар. Гидросфера. Гидросфера және оның құрамдас бөліктері. Су ресурстарының маңыздылығы. Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы. Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері. Мұхит суларының қозғалыстары. Мұхиттармен байланысты апаттар. Дүниежүзілік мұхиттың проблемалары. Биосфера. Биосфера және оның құрамдас бөліктері. Топырақ, оның құрамы мен құрылымы. Қазақстанның топырақ түрлері. Топырақтың экологиялық проблемалары. Табиғи-аумақтық кешендер. Табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы. Табиғи-аумақтық кешендердің түрлері;
4) "Әлеуметтік география" бөлімі: халық географиясы. Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары. Дүниежүзі халқының діни құрамы. Дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары. Ұлтаралық және дінаралық келісім;
5) "Экономикалық география" бөлімі: табиғи ресурстар. Табиғи ресурстардың жіктелуі. Табиғи ресурстарды игерумен байланысты мәселелер. Әлеуметтік-экономикалық ресурстар. Көлік инфрақұрылымы. Әлеуметтік инфрақұрылым. Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың салалары: ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп;
6) "Елтану және саяси география негіздері" бөлім: дүниежүзі елдері. Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы. Дүниежүзі елдерінің географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы.
23. 8-сыныпқа арналған "География" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) "Географиялық зерттеу әдістері" бөлімі: зерттеу және зерттеушілер. География ғылымының салалары. Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері. Географиялық деректерді өңдеу және талдау, географиялық модельдер. Зерттеу нәтижелерінің ұсыну формалары;
2) "Картография және географиялықдерекқор" бөлімі: географиялық карталар. Тақырыптық карталар және оларды қосымша сипаттау элементтері. Тақырыптық карталарды оқу. Тақырыптық географиялық номенклатура. Географиялық дерекқор. Географиялықдерекқорын құрастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі;
3) "Физикалық география" бөлімі: литосфера. Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары. Жер бедерінің жіктелуі Материктер мен мұхиттардың ірі орографиялық объектілері. Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі Пайдалы қазбалардың Тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты таралуы. Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттері. Тау жыныстарының жасын анықтау. Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте. Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері. Атмосфера. Климат қалыптастырушы факторлар. Атмосфераның ғаламдық циркуляциясы. Климаттық белдеулер. Материктердің климаттық ерекшеліктері. Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері. Адам әрекетінің атмосфераға тигізетін кері әсері. Гидросфера. Құрлық суларының түрлері мен қалыптасуы. Құрлық суларының шаруашылық маңызы. Өзен аңғарының құрылысы. Өзендердің гидрологиялық режимі. Көлдер мен мұздықтар. Құрлық суларының экологиялық проблемалары. Су апаттары. Биосфера. Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер. Материктердің табиғи зоналары. Мұхиттардың тіршілік дүниесі. Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау. Табиғи-аумақтық кешендер. Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы. Географиялық қабықтың заңдылықтары;
4) "Әлеуметтік география" бөлімі: халық географиясы. Халық санағы. Ұдайы өсудің түрлері. Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай. Демографиялық проблемалар. Демографиялық саясат;
5) "Экономикалық география" бөлімі: табиғи ресурстар. Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау. Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуеті. Табиғи ресурстарды өңдеу технологиясы, орталықтары және дайын өнім түрлері. Әлеуметтік-экономикалық ресурстар. Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары. Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші, өңдеуші және қызмет салалары. Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері. Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары. Дүниежүзілік шаруашылық салаларын сипаттау;
6) "Елтану және саяси география негіздері" бөлім: дүние жүзі елдері. Дүниежүзінің саяси картасы. Елдердің саяси типологиясы. Саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер. Дүние жүзі елдерінің саяси-географиялық жағдайы. Саяси интеграция. Қазақстанның саяси-интеграциялық үдерістердегі мүдделері, бағыттары және бастамалары.
24. 9-сыныпқа арналған "География" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) "Географиялық зерттеу әдістер" бөлімі: зерттеу және зерттеушілер. Қазақстандық географтардың зерттеулері. География ғылымы зерттеулерінің қазіргі заманғы өзекті проблемалары;
2) "Картография және географиялықдерекқор" бөлімі: Географиялық карталар. Географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды картадан көрсету тәсілдері. Географиялық номенклатура нысандарын көрсету тәсілдері. Жерді қашықтықтан зерделеу әдістері. Геоақпараттық жүйе технологияларын қолдану аясы;
3) "Физикалық география" бөлімі: литосфера. Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы. Қазақстанның басты орографиялық нысандары. Қазақ оронимдері Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары. Атмосфера. Қазақстанның климатын түзуші факторлар. Қазақстанның климаттық жағдайы. Қазақстанның климаттық ресурстары. Гидросфера. Қазақстанның ішкі суларының түрлері. Қазақ гидронимдері. Биосфера. Казахстан Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулері. Табиғи-аумақтық кешендер. Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары. Қазақтың табиғи хоронимдері;
4) "Әлеуметтік география"бөлімі: халық географиясы. Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы. Дүниежүзі халқының көші-қоны. Қазақстандағы халықтың көші-қоны. Көші-қон саясаты. Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы. Қазақстанның демографиялық жағдайы мен демографиялық саясаты. Елді мекендердің жіктелуі. Елді мекендердің функционалды зоналары;
5) "Экономикалық география" бөлім: табиғи ресурстар. Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуеті. Қазақстанда жекелеген ресурс түрлерін өңдеу технологиялары, орталықтары және дайын өнім түрлері. Табиғатты пайдалану үлгілері мен түрлері. Тұрақты даму. Қазақстанда табиғатты пайдаланумен байланысты проблемалар. Әлеуметтік-экономикалық ресурстар. Ғылыми-техникалық революция үдерісі, бағыттары. Адам әлеуеті даму индексінің көрсеткіштері Қазақстанда адамдық капиталды дамыту;
6) "Елтану және саяси география негіздері" бөлімі: дүниежүзі елдері. Елдердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырылуы. Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары.
25. 10-сыныпқа арналған "География" пәнінің базалық білім мазмұны:
Қазақстан географиясы.
1) "Географиялық зерттеу әдістері": географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері. Қазақтың халықтық географиялық терминдері. Зерттеу нәтижелерін ұсынудың академиялық формалары:
2) "Физикалық география": литосфера. Минералды ресурстарды өндіру және өңдеу орталықтары. Қазақстанның минералды ресурстарына баға беру. Минералды ресурстарды игерумен байланысты мәселелер. Атмосфера. Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар. Қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері. Гидросфера. Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға беру. Су ресурстарының экологиялық маселелері. Қазақстанның ішкі суларының геосаяси мәселелері. Биосфера. Табиғи хоронимдердің (ерекше қорғауға алынған аумақтар) мағынасы. Ноосфераның қалыптасуы. Қазақстанның ноосфераның дамуына қосқан үлесі. Табиғи-аумақтық кешендер. Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары. Қазақтың табиғи хоронимдері (физикалық-географиялық аудандардың атауы). Табиғат кешендеріне әсер ететін антропогендік факторлар. Антропогендік ландшафтарды жақсарту жолдары;
3) "Әлеуметтік география" бөлімі: халық географиясы. Қазақстандағы ойконимдер. Қазақстандағы елді мекендердің проблемалары. Урбандалу үдерісі. Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға беру;
4) "Экономикалық география" бөлімі: Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары. Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы. Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі. Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы. Қазақстан шаруашылығының салалары. Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салалары мен мамандануы. Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері. Дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілері. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі. Халықаралық экономикалық қатынас түрлері. Дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштері. Дүниежүзілік шаруашылықтың даму модельдері мен аумақтық құрылымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері. Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны. Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттары, орны;
5) "Елтану және саяси география негіздері" бөлімі: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайы. Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдер. Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары.
3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
26. Бағдарламада, оқыту мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 7.2.1.2 "7" – сынып, "2.1" бөлім, бөлімше, "4" – оқыту мақсатының реттік саны.
27. Бөлімдер бойынша әр сыныпқа күтілетін нәтижелер:
1) "Географиялық зерттеу әдістері":
1-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
1.1 Зерттеулер және зерттеушілер
|
7.1.1.1 географияның зерттеу нысандарын анықтайды;
7.1.1.2 саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға береді;
7.1.1.3 географиялық дерек көздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар;
7.1.1.4 географиялық нысандардың қасиеттерін тәжірибелік жолмен анықтайды;
7.1.1.5 географиялық далалық зерттеу әдістерін қолданады, көрсеткіштерді тіркейді, жинақтай-ды, өңдейді, талдайды;
7.1.1.6 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: сызба, диаграмма, профиль, кесте
7.1.1.7 географиялық нысандар, құбылыстар және үрдістердің қасиеттерін графикалық түрде: сызба, диаграмма, профиль, график түрінде көрсету;
7.1.1.8 оқылған материал негізінде сөздік қорды байытады
|
8.1.1.1 география ғылымының салаларға бөлінуін графикалық түрде көрсетіп түсіндіреді;
8.1.1.2 география ғылымы салаларын-дағы маңызды зерттеулерді анықтайды;
8.1.1.3 далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады;
8.1.1.4 сандық және сапалық деректер географиялық деректерді өңдеп, талдайды;
8.1.1.5 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің модельдерін түрлі материалдардан немесе түрлі техникаларда жасау арқылы ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіндіреді;
8.1.1.6 зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады
|
9.1.1.1 география ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстан-дықтардың зерттеулері туралы баяндайды;
9.1.1.2 география ғылымының қазіргі заманғы өзекті зерттеу проблемаларын анықтайды
|
10.1.1.1 географиялық құбылыстар мен нысандардың номинациясын анықтауды;
10.1.1.2 қазақ халқының ұлттық географиялық терминдерінің мағынасын түсіндіреді;
10.1.1.3 зерттеу нәтижелерін түрлі академиялық формада ұсынады
|
2) "Картография және географиялық дерекқор" бөлімі:
2-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
2.1 Географиялық карталар
|
7.2.1.1 тақырып бойынша картосхемалар жасай алады;
7.2.1.2- географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
|
8.2.1.1 тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элемент-терді құрастырады: профиль, диаграмма график, кесте;
8.2.1.2 географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолданумен тақырыптық карталарды оқиды;
8.2.1.3 географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсетеді
|
9.2.1.1 маңызды географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көр-сету барысында сипаттайды;
9.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
|
|
2.2 Географиялық дерекқорлар
|
7.2.2.1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді
7.2.2.2 оқыған материал негізінде сөздік қорын байыту
|
8.2.2.1 ақпараттық-коммуникациялықтехнологияларды қолдана отырып, географиялықдерекқорын құрастырады
|
9.2.2.1 жерді қашықтықтан зерделеудің әдістерін сипаттау негізінде, маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіндіреді;
9.2.2.2 аруашылық пен ғылым салаларында геоақпараттық технологияларын қолданудың маңыздылығын сипаттайды
|
|
3) "Физикалық география" бөлімі:
3-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
3.1
Литосфера
|
7.3.1.1 литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтайды;
7.3.1.2 жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды;
7.3.1.3 жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг;
7.3.1.4 литосфералық катаклизмдердіңсебептері мен салдарын түсіндіреді;
7.3.1.5 жергілікті компонент негізінде литосфералық катаклизмі кезіндегі тәртіп ережелерін түсіндіреді
|
8.3.1.1 жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттейді;
8.3.1.2 жер бедері түрлерін жіктейді;
8.3.1.3 жер бедері түрлерін жоспар бойынша сипаттайды;
8.3.1.4 материктер мен мұхиттарда орналасқан ұқсас орографиялық бірліктерді салыстырады;
8.3.1.5 тау жыныстары мен минералдарды түрлі белгілері бойынша жіктейді;
8.3.1.6 тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуына талдау жасайды;
8.3.1.7 тау жыныстары мен минералдардың қасиеттерін анықтайды;
8.3.1.8 тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін түсіндіреді;
8.3.1.9 геологиялық жылсанау мен геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық оқиғаларды ажырата алады;
8.3.1.10 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді
|
9.3.1.1 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және текто-никалық құрылымын анықтайды;
9.3.1.2 басты орографиялық нысандарды сипаттайды;
9.3.1.3 қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді;
9.3.1.4 Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылық-тарын анықтайды
|
10.3.1.1 Қазақстанның минералды ресурстарын өндіру және өңдеудің басты орталықтарын картадан көрсетіп, сипаттайды;
10.3.1.2 Қазақстанның минералды ресурстарына баға береді;
10.3.1.3 минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
|
3.2
Атмосфера
|
7.3.2.1 атмосфераның құрамын сипаттайды;
7.3.2.2 атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп, түсіндіреді;
7.3.2.3 "ауа райы" ұғымын түсіндіреді
7.3.2.4 жеке метеорологиялық элементтер негізінде оларды зерттеу маңыздылығын түсіндіреді: температура, қысым, жел, бұлт, жауын-шашын, ылғал;
7.3.2.5 метеорологиялық құралдарды пайдалана отырып жеке метеорологиялық элементтерді өлшейді және тіркейді:температура, қысым, жел, бұлт, жауын-шашын, ылғалдылық;
7.3.2.6 жергілікті жер мүмкіндігі бойынша температура, қысым,жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синоптикалық графикалық материалдарды жасайды
7.3.2.7 жергілікті компонентті қосымша қамту негізіндеқолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады
|
8.3.2.1 климат қалыптастырушы факторларды талдайды;
8.3.2.2 талдау негізінде атмосфераның ғаламдық циркуляциясын түсіндіреді;
8.3.2.3 климаттық белдеулерді талдайды;
8.3.2.4 әр материкте орналасқан ұқсас климаттық белдеулерді салыстырады;
8.3.2.5 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылы-ғына тигізетін әсеріне баға береді;
8.3.2.6 адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
|
9.3.2.1 Қазақстан климатын қалыптастырушы факторларды талдайды;
9.3.2.2 Қазақстанның климаттық жағдайын талдайды;
9.3.2.3 Қазақстан ның климаттық ресурстарын бағалайды
|
10.3.2.1 Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада көрсетіп, сақтану шараларын ұсынады;
10.3.2.2 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды
|
3.3 Гидросфера
|
7.3.3.1 гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды;
7.3.3.2 су ресурстарының маңыздылығын түсіндіреді;
7.3.3.3 дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды;
7.3.3.4 мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттайды;
7.3.3.5 мұхит суының қасиеттері-не әсер ететін факторларды анықтайды;
7.3.3.6 мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіреді;
7.3.3.7 мұхиттар және теңіздермен байланысты апаттарды топтастырып, сақтану шараларын ұсынады;
7.3.3.8 Дүниежүзілік мұхит мәселелерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
7.3.3.9 оқыған материалдарының негізінде сөздік қорын байыту
|
8.3.3.1 құрлық суларының қалыптасу жолдарын анықтайды;
8.3.3.2 құрлық сларының негізгі түрлерінің шаруа-шылық маңызын түсіндіреді;
8.3.3.3 өзен аңғарының құрылысын түсіндіреді;
8.3.3.4 қазақстан- дық компонентті қосымша қамту негізінде өзендердің гидрологиялық режимін түсіндіреді;
8.3.3.5 көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша сипаттайды;
8.3.3.6 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады;
8.3.3.7 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су апаттарының алдын алу шараларын ұсынады
|
9.3.3.1 Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін талдайды және сипаттайды:өзендер мен көлдер, мұздықтар мен мәңгі тоң, жерасты сулары
9.3.3.2 қазақ гидронимдері және топтастыру негізінде олардың мағынасын түсіндіреді
|
10.3.3.1 Қазақстанның су ресурстарына экономи-калық баға береді
10.3.3.2 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су ресурстарының экологиялық проблемаларын талдап, шешу жолдарын ұсынады;
10.3.3.3 Қазақстандағы су ресурстарының геосаяси проблемаларын жіктеп шешу жолдарын ұсынады:трансшекаралық өзендер, Каспий теңізінің мәртебесі
|
3.4 Биосфера
|
7.3.4.1 биосфера ның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтайды;
7.3.4.2 топырақ құрамын, түрлерін анықтап, құрылымын граф-икалық түрде көрсетеді;
7.3.4.3 Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды;
7.3.4.4 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде топырақ ресурстарына баға береді;
7.3.4.5 топырақтардың экологиялық мәселелерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
|
8.3.4.1 табиғат зоналары мен биіктік белдеулері-нің қалыптасуын түсіндіреді;
8.3.4.2 жоспар бойынша табиғат зоналарын сипаттайды;
8.3.4.3 әр материкте орналасқан ұқсас табиғат зоналар мен биіктік белдеулерді салыстырады
8.3.4.4 мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуын анықтайды;
8.3.4.5 өсімдік әлемі мен жануарлар дүние-сін қорғау қажетілігін дәлелдейді және қорғау жолдарын ұсынады
|
9.3.4.1 Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулеріне салыстырмалы талдау жасайды;
9.3.4.2 қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар ерекше қорғалатын аумақтарының құрылу мақсатын түсіндіреді;
9.3.4.3 Қазақстанның табиғи мұрасына баға береді
|
10.3.4 тақырыпқа қатысты қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді;
10.3.4.2 ноосфераның қалыптасу шарттарын зерттейді;
10.3.4.3 Қазақстанның ноосфера дамуына қосқан өзіндік үлесін бағалайды
|
3.5
Табиғи- аумақтық кешендер
|
7.3.5.1 географиялық қабық, материктер мен мұхиттар, зоналар және белдеулер, ландшафт табиғи-аумақтық кешендерінің қалыптасуын түсіндіреді;
7.3.5.2 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде түрлі деңгейдегі табиғи кешендерді жоспар бойынша сипаттайды
|
8.3.5.1 географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын графикалық түрде көрсетіп, түсіндіреді;
8.3.5.2 географиялық қабық заңдылықтарының маңыздылығын түсіндіреді
|
9.3.5.1 Қазақстанның ірі табиғи кешендерін жоспар бойынша сипаттайды;
9.3.5.2 қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді
|
10.3.5.1 жергілікті компонент негізінде антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне әсерін зерттейді;
10.3.5.2 антропогендік ландшафттарды жақсарту жолдарын ұсынады:рекультивация, мелиорация, ландшафттық дизайн
|
4) "Әлеуметтік география" бөлімі:
4-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаты
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
4.1 Халық географиясы
|
7.4.1.1 дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін түсіндіреді;
7.4.1.2 дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндер-дің таралу аймақ-тарын анықтайды;
7.4.1.3 халықтың этникалық және діни құрамына байланысты дүниежүзінің тарихи-мәдени/өркениеттік аймақтарының алыптасуын түсіндіреді;
7.4.1.4 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ұлтаралық және дінаралық келісімнің қажетті-лігін дәлелдейді және қалыптастыру жолдарын ұсынады
|
8.4.1.1 халық санын анықтау әдістерін түсіндіреді;
8.4.1.2 дүниежүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктейді;
8.4.1.3 елдердің демографиялық жағдайын талдап, басты демогра-фиялық көрсет-кіштерін есептейді:халық саны, туу және өлім коэффициенттері, табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жас-жыныстық көрсеткіштер, ұлттық және діни құрам;
8.4.1.4 елдердің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрде ұсынып, түсіндіреді;
8.4.1.5 дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктейді;
8.4.1.6 "демогра-фиялық саясат" ұғымын түсіндіре отырып дүниежүзінің жекелеген елдеріне қатысты демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады
|
9.4.1.1 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын анықтайды;
9.4.1.2 дүниежүзі халқы миграцияларының басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіреді;
9.4.1.3 Қазақстандағы көші-қон үдерістерді талдап, басты бағыттарын анықтайды;
9.4.1.4 көші-қон саясатының өзіндік үлгісін ұсынады;
9.4.1.5 қазақстандық көрсеткіштерді басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстыру негізінде еңбек ресурстарының сандық, сапалық құрамына баға береді;
9.4.1.6 Қазақстанның демографиялық жағдайын талдап, демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады;
9.4.1.7 Қазақстандағы елді мекендерді жіктейді;
9.4.1.8 елді мекендердің түрлері мен функционалды зоналарын сипаттайды
|
10.4.1.1 Қазақстандағы ойконимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді;
10.4.1.2 Қазақстанның елді мекендері проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады;
10.4.1.3 урбандалу үдерісінің себеп-салдарын түсіндіру арқылы байланысты проблемалардың шешу жолдарын ұсынады;
10.4.1.4 Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға береді
|
5) "Экономикалық география":
5 кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
5.1 Табиғи ресурстар
|
7.5.1.1 табиғи ресурстарды жіктейді;
7.5.1.2 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстардың таралу заңдылық-тарын талдайды
7.5.1.3 табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді;
7.5.1.4 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды талдап, шешу жолдарын ұсынад.
|
8.5.1.1 табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды;
8.5.1.2 дүниежүзінің жекелеген аймақтарының табиғи ресурстық әлеуетін бағалайды;
8.5.1.3 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде жекелеген табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын сипаттай отырып, орталықтары мен дайын өнім түрлерін атайды
|
9.5.1.1 Қазақстан ның табиғи- ресурстық әлеуетін бағалайды;
9.5.1.2 Қазақстанда жекелеген табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын сипаттап, орталықтары мен дайын өнім түрлерін атайды;
9.5.1.3 табиғатты пайдалану үлгілері мен түрлерін топтастырады
|
10.5.1.1 тұрақты дамудың белгілері мен бағыттарын сипаттайды;
10.5.1.2 Қазақстанда табиғатты пайдалану мәселелерін анықтап, шешу жолдарын ұсынады;
10.5.1.3жергілікті компонент негізінде табиғатты пайдалануға байланысты зерттеу жүргізеді
|
5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар
|
7.5.2.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде көлік инфрақұрылым элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді;
7.5.2.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде әлеуметтік инфрақұрылымы- ның элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді
|
8.5.2.1 Қазақстандық құрлымдарды қосымша қамту арқылы инфраструктураның экономикалық элементтерінің маңыздылығын бағалайды және соның негізінде оларды сипаттайды
|
9.5.2.1 ғылыми-техникалық үрдісін және бағытын талдайды;
9.5.2.2 Қазақстандық құрлымдарды қосымша қамту арқылы амазат копиталының даму көрсеткіштерін анықтайды және сол арқылы мемлекеттерді салыстырады
|
10.5.2.1 Қазақстанның индустриалдық-инновациялық бағыттарын анықтау негізінде болжам жасайды;
10.5.2.2 Қазақстанның индустриалдық-инновациялық бағыттарын талдаунегізінде, оны дамыту жолдарын құрастырады;
10.5.2.3 Қазақстан аймақтарын индустриалдық-инновациялық бағыттарын талдау негізінде, осыған байланысты мәселелерді шешеу жолдарын ұсынады
|
5.3 Дүниежүзілік шаруашылық тың салалық және аумақтық құрылымы
|
7.5.3.1 ауыл шаруашылық, өнеркәсіп шаруашылық салаларын жіктеу арқылы маңыздылығын түсіндіреді
|
8.5.3.1 өндіруші және өңдеуші, қызмет саласы шаруашылық түрлерін жіктейді;
8.5.3.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын ұйымдастыру түрлерін сипаттайды;
8.5.3.3 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын орналастыру факторларын талдайды;
8.5.3.4 дүниежүзі шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттайды
|
9.5.3.1 Қазақстан шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттайды;
9.5.3.2 Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салаларын анықтап, мамандануын түсіндіреді
|
10.5.3.1 Қазақстан шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттайды;
10.5.3.2 Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салаларын анықтап, мамандануын түсіндіреді
|
5.4 Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері
|
|
|
9.5.4.1 дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілерін сипаттайды;
9.5.4.2 халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің мәнін анықтайды;
9.5.4.3 халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды;
9.5.4.4 дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіш-терін сипаттайды:
жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім оның ішінде жан басына шаққанда;
9.5.4.5 дүниежүзілік шаруашылықтың модельдері мен аумақтық құрылымын талдайды;
9.5.4.6 дүниежүзілік шаруашылықтың даму тенденцияларын талдайды;
9.5.4.7 Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын анықтайды;
9.5.4.8 Қазақстан-ның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын, орнын анықтайды
|
10.5.4.1 дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілерін сипаттайды;
10.5.4.2 халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің мәнін анықтайды;
10.5.4.3 халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды;
10.5.4.4 дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіш-терін сипаттайды:
жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім оның ішінде жан басына шаққанда;
10.5.4.5 дүниежүзілік шаруашылықтың модельдері мен аумақтық құрылымын талдайды;
10.5.4.6 дүниежүзілік шаруашылықтың даму тенденцияларын талдайды;
10.5.4.7 Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын анықтайды;
10.5.4.8 Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын, орнын анықтайды
|
6) "Елтану және саяси география негіздері" бөлімі:
6-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
6.1 Дүние жүзі елдері
|
7.6.1.1 Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді географиялық орнына байланысты топтастырады;
7.6.1.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің географиялық орнын жоспар бойынша сипаттайды;
7.6.1.3 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді экономикалық-географиялық орнына байланысты топтастырады;
7.6.1.4 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің экономикалық-географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттайды;
7.6.1.5 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің экономикалық-географиялық жағдайына баға береді;
7.6.1.6 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің экономикалық-географиялық жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныс жасайды
|
8.6.1.1 саяси картаның басты нысандарын сипаттайды;
8.6.1.2 елдерді басқару формасы және мемлекеттік құрылымы бойынша топтастырады;
8.6.1.3 саяси картаның сандық және сапалық өзгерістерін талдайды;
8.6.1.4 елдердің саяси-географиялық жағдайына баға береді;
8.6.1.5 саяси интеграцияның қажеттілігі мен мақсаттарын түсіндіреді;
8.6.1.6 Қазақстанның саяси интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын талдайды
|
9.6.1.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырады;
9.6.1.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде халықаралық ұйымдарды деңгейі және мақсаты бойынша топтастырады
|
10.6.1.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына кешенді баға береді
10.6.1.2 Қазақстан Республикасының саяси- әкімшілік топтастыру хороним негізінде мағынасын түсіндіру;
10.6.1.3 Қазақстан Республикасы туралы елтану ақпаратын дайындайды
|
28. Осы оқу бағдарламасы есту қабілеті зақымдалған (естімейтін)білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптары үшін "География" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда әрбір бөлімде жүзеге асырылатын оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.
29. Бөлімдер және тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
|
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7 – 10 - сыныптарына арналған "География" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасына қосымша |
Негізгі орта білім беру деңгейінің есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) 7-10 сыныптарына арналған "География" пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұзақ мерзімді жоспар
1) 7- сынып
1-кесте
Бөлімше
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1-бөлім . Географияны зерттеу әдістері
|
1.1 Зерттеу және зерттеушілер
|
Географиялық зерттеу нысандары
|
7.1.1.1 географияның зерттеу нысандарын анықтайды
|
География ғылымының дамуы
|
7.1.1.2 саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға береді
|
Географиялық дерек көздері
|
7.1.1.3 географиялық дереккөздерменжұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар;
7.1.1.4 стационарлы және дыбыс күшейткіш аппараттар көмегімен оқу іс-әрекетіне жататын сөйлеу тілі материалын естіп-көруі арқылы қабылдайды
|
Географиялық тәжірибелер.
|
7.1.1.5 географиялық нысандардың қасиеттерін тәжірибелік жолмен анықтайды
|
Далалық зерттеулер әдістері
|
7.1.1.6 географиялық далалық зерттеу әдістерін қолданады, көрсеткіштерді тіркейді, жинақтайды, өңдейді, талдайды
|
Географияда графикалық әдістердің қолданылуы
|
7.1.1.7 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады:диаграмма, профиль, график.
7.1.1.8 оқылған материалдар негізінде сөздік қорын байытады
|
2-бөлім. Картография және географиялықдерекқор
|
2.1 Географиялық карталар
|
Географиялық картосхемаларды қолдану
|
7.2.1.1 тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады
|
Географиялық номенклатура
|
7.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
|
2.2 Географиялық дерекқорлар
|
Географиялық деректерді ұйымдастыру
|
7.2.2.1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді
7.2.2.2 оқылған материалдар негізінде сөздік қорын байытады
|
3-бөлім. Физикалық география
|
3.1 Литосфера
|
Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы
|
7.3.1.1 литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтайды
|
Жердің тектоникалық құрылысы
|
7.3.1.2 мұғалімнің көмегімен жердің тектоникалық құрылымы сипаттайды
|
Литосфераның тектоникалық қозғалыстары
|
7.3.1.3 жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг
|
Литосфералық катаклизмдер
|
7.3.1.4 литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіреді;
7.3.1.5 оқылған материалдар негізінде сөздік қорын байытады
|
2-тоқсан
|
3-бөлім. Физикалық география
|
3.2 Атмосфера
|
Атмосфера және оның құрамдас бөліктері
|
7.3.2.1 атмосфераның құрамын сипаттайды;
7.3.2.2 атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп, түсіндіреді
|
Ауа райы және метеорологиялық элементтер
|
7.3.2.3 "ауа райы" ұғымын түсіндіреді;
7.3.2.4 жеке метрологиялық элементтер негізінде оларды зерттеу маңызыдылығын түсіндіреді: температура,қысым, жел, бұлт, жауын-шашын, ылғал;
7.3.2.5 метрологиялық құралдарды пайдалана отырып жеке меторологиялық элементтерді өлшейді және тіркейді: температура, қысым, жел, бұлт, жауын-шашын, ылғал
|
Қолайсыз атмосфералық құбылыстар
|
7.3.2.6 өзінің елді мекеніндегі аудандық компоненттердің қолайсыз атмосфералық құбылыстарын талдайды;
7.3.2.7 оқылған материалдар негізінде сөздік қорын байытады
|
3.3 Гидросфера
|
Гидросфера және оның негізгі бөліктері
|
7.3.3.1 гидросфераны және оның негізгі бөліктерін сипаттайды
|
Су ресурстарының маңыздылығы
|
7.3.3.2 су ресурстарының маңыздылығын түсіндіреді
|
Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы
|
7.3.3.3 Дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды;
7.3.3.4 мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттайды
|
Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
|
7.3.3.5 мұғалім көмегімен мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды
|
Мұхит суларының қозғалыстары
|
7.3.3.6 мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіреді
|
Мұхиттармен байланысты апаттар
|
7.3.3.7 мұхиттар мен теңіздермен байланысты апаттарды топтастырады
|
Дүниежүзілік мұхиттың проблемалары
|
7.3.3.8 Дүниежүзілік мұхит мәселелерін анықтайды;
7.3.3.9 оқылған материалдар негізінде сөздік қорын байытады
|
3-тоқсан
|
3.4 Биосфера
|
Биосфера және оның құрамдас бөліктері
|
7.3.4.1 биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтайды
|
Топырақ және оның құрамы мен құрылымы
|
7.3.4.2 топырақ типін және құрылымын анықтайды
|
Қазақстаның топырақ түрлері
|
7.3.4.3 Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды;
7.3.4.4 өз жергілікті мекенінің топырақ құрылымын анықтайды;
7.3.4.5 оқылған материалдар негізінде сөздік қоырын байытады
|
Топырақтың экологиялық проблемалары
|
7.3.4.5 топырақтардың экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады
|
3.5 Табиғи-аумақтық кешендер
|
Табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы
|
7.3.5.1 географиялық қабық, мұхиттар және материктер, зоналар және белдеулер, ландшафтар табиғи-аумақтық кешендерінің қалыптасуын түсіндіреді
|
Табиғи-аумақтық кешендердің түрлері
|
7.3.5.2 өз жергілікті аймақтарындағы табиғи-аумақтық кешендерді анықтайды;
|
4-бөлім. Әлеуметік география
|
4.1 Тұрғындар географиясы
|
Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары
|
7.4.1.1 дүниежүзі халқықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін түсіндіреді
|
Дүниежүзі халқының діни құрамы
|
7.4.1.2 дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды
|
Дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары
|
7.4.1.3 халықтың этникалық және діни құрамына байланысты дүниежүзінің тарихи-мәдени/ өркениеттік аймақтарының қалыптасуын түсіндіреді
|
Ұлтаралық және дінаралық келісім
|
7.4.1.4 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ұлтаралық және дінаралық келісімнің қажеттілігін дәлелдейді
|
5. Экономикалық география
|
5.1 Табиғи ресурстар
|
Табиғи ресурстардың жіктелуі.
|
7.5.1.1 табиғи ресурстарды жіктейді;
7.5.1.2 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды;
7.5.1.3 табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді
|
Табиғи ресурстарды игерумен байланысты мәселелер
|
7.5.1.4 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстарды игерумен байланысты мәселелерді талдап, шешу жолдарын ұсынады
|
4-тоқсан
|
5. Экономикалық география
|
5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар
|
Көлік инфрақұрылымы
|
7.5.2.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді
|
Әлеуметтік инфрақұрылым
|
7.5.2.2 қазақстандық компонентті қосымша қамта отырыпәлеуметтік инфрақұрылым элементтерің маңыздылығын сипаттау негізіндебағалайды
|
5.3 Дүниежүзілік шаруашы-лықтың салалық және аумақтық құрылымы
|
Дүниежүзілік шаруашылықтың салалары: ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп
|
7.5.3.1 ауыл шаруашылық, өнеркәсіп шаруашылық салаларын жіктеу арқылы маңыздылығын түсіндіреді
|
6. Елтану және саяси география негіздері
|
6.1 Дүние жүзі елдері
|
Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы
|
7.6.1.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді географиялық орнына байланысты топтастырады;
7.6.1.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің географиялық орнын жоспар бойынша сипаттайды
|
Елдердің экономикалық географиялық жағдайы
|
7.6.1.3 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді экономикалық-географиялық орнына байланысты топтастырады;
7.6.1.4 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің экономикалық-географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттайды;
7.6.1.5 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің экономикалық-географиялық жағдайына баға береді;
7.6.1.6 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің географиялық, экономикалық-географиялық жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныс жасайды
|
1. Географияық зерттеу әдістері
|
1.1 Зерттеу және зерттеушілер
|
7.1.1.3 географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар;
7.1.1.6 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: кесте, сызба, диаграмма, профиль, график
|
2.Картография және география-лықдерекқор
|
2.1 Географиялық карталар
|
7.2.1.1 тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады;
7.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
|
2.2 Географиялық дерекқор
|
7.2.2.1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді
|
2) 8 сынып
2-кесте
Бөлімше
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1-бөлім. Географиялық зерттеу әдістері
|
1.1 Зерттеу және зерттеушілер
|
География ғылымының салалары
|
8.1.1.1 география ғылымының салаларға бөлінуін графикалық түрде көрсетіп түсіндіреді;
8.1.1.2 география ғылымы салаларындағы маңызды зерттеулерді анықтайды
|
Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері
|
8.1.1.3 далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады
|
Географиялық деректерді өңдеу және талдау
|
8.1.1.4 сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп, талдайды
|
Географиялық модельдер
|
8.1.1.5 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің модельдерін түрлі материалдардан немесе түрлі техникаларда жасау арқылы ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіндіреді
|
Зерттеу нәтижелерінің ұсыну формалары
|
8.1.1.6 зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады
|
2 -бөлім. Картография және географиялық дерекқор
|
2.1 Географиялық карталар
|
Тақырыптық карталар және оларды қосымша сипаттайтын элементтер
|
8.2.1.1тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді құрастырады: профиль, диаграмма,кесте
|
Тақырыптық карталарды оқу
|
8.2.1.2 географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды
|
Тақырыптық географиялық номенклатура
|
8.2.1.3 географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсетеді
|
2.2 Географиялықдерекқор
|
Географиялықдерекқорн құрастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі
|
8.2.2.1 ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып, географиялық дерекқорын құрастырады
|
3-бөлім.Физикалық география
|
3.1 Литосфера
|
Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары
|
8.3.1.1 жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттейді
|
Жер бедерінің жіктелуі
|
8.3.1.2 жер бедері түрлерін жіктейді;
8.3.1.3 жер бедері түрлерін жоспар бойынша сипаттайды
|
Материктер мен мұхиттардың ірі орографиялық объектілері
|
8.3.1.4 материктер мен мұхиттарда орналасқан ұқсас орографиялық бірліктерді салыстырады
|
Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі
|
8.3.1.5 тау жыныстары мен минералдарды түрлі белгілері бойынша жіктейді
|
Тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуы
|
8.3.1.6 тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуына талдау жасайды
|
Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттері
|
8.3.1.7 тау жыныстары мен минералдардың қасиеттерін анықтайды
|
Тау жыныстарының жасын анықтау
|
8.3.1.8 тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін түсіндіреді
|
Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте
|
8.3.1.9 геологиялық жылсанау мен геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық оқиғаларды ажырата алады
|
Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері
|
8.3.1.10 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді
|
2-тоқсан
|
3-бөлім. Физикалық география
|
3.2 Атмосфера
|
Климат түзуші факторлар
|
8.3.2.1 климат түзуші факторларды талдайды
|
Атмосфераның ғаламдық циркуляциясы
|
8.3.2.2 талдау негізінде атмосфераның ғаламдық циркуляциясын түсіндіреді
|
Климаттық белдеулер
|
8.3.2.3 климаттық белдеулерді талдайды
|
Материктердің климаттық ерекшеліктері
|
8.3.2.4 түрлі материктерде орналасқан ұқсас климаттық блдеулерді салыстырады
|
Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері.
|
8.3.2.5 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді
|
Адамзат әрекетінің атмосфераға тигізетін кері әсері
|
8.3.2.6 адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
|
3.3 Гидросфера
|
Құрлық суларының түрлері мен қалыптасуы
|
8.3.3.1 құрлық суларының қалыптасу жолдарын анықтайды;
|
Құрлық суларының шаруашылық маңыздылығы
|
8.3.3.2 құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылық маңызын түсіндіреді
|
Өзен аңғарының құрылысы
|
8.3.3.3 өзен аңғарының құрылысын түсіндіреді ;
|
Өзендердің гидрологиялық режимі
|
8.3.3.4 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде өзендердің гидрологиялық режимін түсіндіреді
|
Көлдер мен мұздықтар
|
8.3.3.5 көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша сипаттайды
|
Құрлық суларының экологиялық проблемалары
|
8.3.3.6 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады
|
Су апаттары
|
8.3.3.7 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су апаттарының алдын алу шараларын ұсынады
|
3-тоқсан
|
3-бөлім. Физикалық география
|
3.4 Биосфера
|
Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер.
Материктердің табиғи зоналары
|
8.3.4.1 табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуын түсіндіреді;
8.3.4.2 табиғат зоналарын жоспар бойынша сипаттайды
|
|
8.3.4.3 әр материкте орналасқан ұқсас табиғат зоналар мен биіктік белдеулерді салыстырады
|
Мұхиттарда тіршілік дүниесі
|
8.3.4.4 мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуын анықтайды
|
Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау
|
8.3.4.5 өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау қажеттілігін дәлелдейді және қорғау жолдарын ұсынады
|
3.5 Табиғи-аумақтық кешендер
|
Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы.
|
8.3.5.1 географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын графикалық түрде көрсетіп, түсіндіреді
|
Географиялық қабықтың заңдылықтары
|
8.3.5.2 географиялық қабық заңдылықтарының маңыздылығын түсіндіреді
|
4-бөлім. Әлеуметтік география
|
4.1 Тұрғындар географиясы
|
Халық санағы
|
8.4.1.1 халық санының анықтау әдістерін түсіндіреді
|
Халықтың көбейю типтері
|
8.4.1.2 дүниежүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктейді
|
Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай
|
8.4.1.3 елдердің демографиялық жағдайын талдап,демографиялық көрсеткіштерін есептейді: халық саны, туу және өлім коэффициенттері, табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жас-жыныстық көрсеткіштер, ұлттық және діни құрам;
8.4.1.4 елдердің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрде ұсынып, түсіндіреді
|
Демографиялық мәселелер
|
8.4.1.5дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктейді
|
Демографиялық саясат
|
8.4.1.6 "демографиялық саясат" ұғымын түсіндіре отырып жекелеген дүниежүзі елдеріне қатысты демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады
|
5-Бөлім. Экономикалық география
|
5.1 Табиғи ресурстар
|
Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау
|
8.5.1.1 табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды
|
Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы
|
8.5.1.2 жекелеген дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды
|
Табиғи ресурстарды өңдеу технологиясы, орталықтары және дайын өнім түрлері
|
8.5.1.3 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде жекелеген табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын сипаттай отырып, орталықтары мен дайын өнім түрлерін атайды
|
5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар
|
Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары
|
8.5.2.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде экономикалық инфрақұрылымның элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді
|
4-тоқсан
|
6-бөлім. Елтану және саяси география негіздері
|
5.3 Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы
|
Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары
|
8.5.3.1 өндіруші және өңдеуші, қызмет саласы шаруашылық түрлерін жіктейді
|
Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру формалары
|
8.5.3.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын ұйымдастыру түрлерін сипаттайды
|
Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары
|
8.5.3.3 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын орналастыру факторларын талдайды
|
Дүниежүзілік шаруашылық салаларын сипаттау
|
8.5.3.4 дүниежүзі шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттайды
|
6.1 Дүние жүзі елдері
|
Дүниежүзінің саяси картасы
|
8.6.1.1 саяси картаның басты нысандарын сипаттайды
|
Елдердің саяси типологиясы
|
8.6.1.2 елдерді басқару формасы және мемлекеттік құрылымы бойынша топтастырады
|
Саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер
|
8.6.1.3 саяси картаның сандық және сапалық өзгерістерін талдайды
|
Елдердің саяси-географиялық жағдайы
|
8.6.1.4 елдердің саяси-географиялық жағдайына баға береді
|
Саяси интеграция.
|
8.6.1.5 саяси интеграцияның қажеттілігі мен мақсаттарын түсіндіреді
|
Қазақстанның саяси-интеграциялық үдерістердегі мүдделері, бағыттары және бастамалары
|
8.6.1.6 Қазақстанның саяси интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын талдайды
|
3) 9 сынып
3-кесте
Бөлімшелер
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1-бөлім. Географиялық зерттеу әдістері
|
1.1 Зерттеу және зерттеушілер
|
Қазақстандық географтардың зерттеулері
|
9.1.1.1 география ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың зерттеулері туралы баяндайды
|
География ғылымының заманауи өзекті зерттеу проблемалары
|
9.1.1.2 география ғылымының қазіргі заманғы өзекті проблемаларын анықтайды
|
2-бөлім. Картография және географиялық дерекқор
|
2.1 Географиялық карталар
|
Географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды картадан көрсету тәсілдері
|
9.2.1.1 маңызды географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттайды
|
Географиялық номенклатура нысандарын көрсету тәсілдері
|
9.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
|
2.2
Географиялық дерекқор
|
Жерді қашықтықтан зерделеу әдістері
|
9.2.2.1 Жерді қашықтықтан зерделеудің әдістерін сипаттау негізінде, маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіндіреді
|
Геоақпараттық жүйелер технологияларын қолдану аясы
|
9.2.2.2 шаруашылық пен ғылым салаларында геоақпарат технологияларын қолдану маңыздылығын сипаттайды
|
3-бөлім 3.Физикалық география
|
3.1 Литосфера
|
Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы
|
9.3.1.1 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды
|
Қазақстанның басты орографиялық нысандары
|
9.3.1.2 басты орографиялық нысандарды сипаттайды
|
Қазақ оронимдері
|
9.3.1.3 қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады
|
Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары
|
9.3.1.4 Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары
|
2-тоқсан
|
3-бөлім. Физикалық география
|
3.2 Атмосфера
|
Қазақстанның климатын түзуші факторлар
|
9.3.2.1 Қазақстан климатын түзуші факторларды талдайды
|
Қазақстанның климаттық жағдайы
|
9.3.2.2 Қазақстанның климаттық жағдайын талдайды
|
Қазақстанның климаттық ресурстары
|
9.3.2.3 Қазақстанның климаттық ресурстарын бағалайды
|
3.3 Гидросфера
|
Қазақстанның ішкі суларының түрлері
|
9.3.3.1 Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін талдайды және сипаттайды: өзендер мен көлдер, мұздықтар мен мәңгі тоң, жерасты сулары
|
Қазақ гидронимдері
|
9.3.3.2 қазақ гидронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады
|
3.4 Биосфера
|
Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулері
|
9.3.4.1 Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулеріне салыстырмалы талдау жасайды
|
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері
|
9.3.4.2 қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар ерекше қорғалатын аумақтарының құрылу мақсатын түсіндіреді
|
Қазақстанның табиғи мұрасы
|
9.3.4.3 Қазақстанның табиғи мұрасына баға береді
|
3.5 Табиғи-аумақтық кешендер
|
Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары
|
9.3.5.1 Қазақстанның ірі табиғи кешендерін жоспар бойынша сипаттайды
|
|
Қазақтың табиғи хоронимдері (физикалық-географиялық аудандардың атауы)
|
9.3.5.2 қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіріп, транслитерациясын үш тілде ұсынады
|
3-тоқсан
|
4-бөлім .Әлеуметтік география
|
4.1 Тұрғындар географиясы
|
Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы.
|
9.4.1.1 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын анықтайды
|
Дүниежүзі халқының көші-қоны
|
9.4.1.2 дүниежүзі халқы көші-қонының басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіреді
|
Қазақстандағы халықтың миграциясы.
|
9.4.1.3 Қазақстандағы көші-қон үдерістерін талдау негізіндебасты бағыттарын анықтайды
|
Көші-қон саясат
|
9.4.1.4 көші-қон саясатының өзіндік үлгісін ұсынады;
|
Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы
|
9.4.1.5 қазақстандық көрсеткіштерді басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстыру негізінде еңбек ресурстарының сандық, сапалық құрамына баға береді
|
Қазақстанның демографиялық жағдайы мен демографиялық саясаты
|
9.4.1.6 Қазақстанның демографиялық жағдайын талдап, демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады
|
Елді мекендердің жіктелуі
|
9.4.1.7 Қазақстандағы елді мекендерді жіктейді
|
Елді мекендердің функционалды зоналары
|
9.4.1.8 елді мекендердің түрлері мен функционалды зоналарын сипаттайды
|
5-бөлім. Экономикалық география
|
5.1 Табиғи ресурстар
|
Қазақстанның табиғи-ресурстық потенциалы
|
9.5.1.1Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды;
|
Қазақстанда жекелеген ресурс түрлерін өңдеу технологиялары, орталықтары мен дайын өнім түрлері
|
9.5.1.2Қазақстанда жекелеген табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын сипаттап, орталықтары мен дайын өнім түрлерін атайды;
|
Табиғатты пайдалану үлгілері мен түрлері
|
9.5.1.3табиғатты пайдалану үлгілері мен түрлерін топтастырады;
|
4-тоқсан
|
5-бөлім. Экономикалық география
|
5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар
|
Ғылыми-техникалық революция үдерісі, бағыттары
|
9.5.2.1 ғылыми-техникалық революция үдерісін, даму бағыттарын талдайды
|
Адам әлеуеті даму индексінің көрсеткіштері
|
9.5.2.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде адам әлеуетінің даму индексі көрсеткіштерін анықтап, елдерді салыстырады
|
Қазақстанда адамдық капиталды дамыту
|
9.5.2.3 Қазақстанда адам капиталының сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді
|
6-бөлім. Елтану және саяси география негіздері
|
6.1 Дүние жүзі елдері
|
Елдердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырылуы
|
9.6.1.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырады
|
Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары
|
9.6.1.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде халықаралық ұйымдарды деңгейі және мақсаты бойынша топтастырады
|
4) 10-сынып
4-кесте
Бөлімшелер
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаты
|
1-тоқсан
|
1-бөлім. Географиялық зерттеу әдістері
|
1.1 Зерттеу және зерттеушілер
|
Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері
|
10.1.1.1 география ғылымының қазіргі заманғы өзекті проблемаларын анықтайды
|
Қазақтың халықтық географиялық терминдері
|
10.1.1.2 қазақ халқының халықтық географиялық терминдерінің мағынасын түсіндіреді
|
Зерттеу нәтижелерін ұсынудың академиялық формалары
|
10.1.1.3 зерттеу нәтижелерін түрлі академиялық формада ұсынады
|
3-бөлім. Физикалық география
|
3.1 Литосфера
|
Минералды ресурстарды өндіру және өңдеу орталықтары
|
10.3.1.1 Қазақстанның минералды ресурстарын өндіру және өңдеудің басты орталықтарын картадан көрсетіп, сипаттайды
|
Қазақстанның минералды ресурстарына баға беру
|
10.3.1.2 Қазақстанның минералды ресурстарына баға береді
|
Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар
|
10.3.1.3 минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
|
2-тоқсан
|
3-бөлім.Физикалық география
|
3.2Атмосфера
|
Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар
|
10.3.2.1 Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада көрсетіп, сақтану шараларын ұсынады
|
Қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері
|
10.3.2.2 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды
|
3.3Гидросфера
|
Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға беру
|
10.3.3.1 Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға береді
|
Су ресурстарының экологиялық проблемалары
|
10.3.3.2 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су ресурстарының экологиялық проблемаларын талдап, шешу жолдарын ұсынады
|
Қазақстанның ішкі суларының геосаяси мәселелері
|
10.3.3.3 Қазақстандағы су ресурстарының геосаяси проблемаларын жіктеп шешу жолдарын ұсынады: трансшекаралық өзендер, Каспий теңізінің мәртебесі
|
3.4Биосфера
|
Табиғи хоронимдердің (ерекше қорғауға алынған аумақтар) мағынасы
|
10.3.4.1 тақырыпқа қатысты қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады
|
Ноосфераның қалыптасуы
|
10.3.4.2 ноосфераның қалыптасу шарттарын зерттейді
|
Қазақстанның ноосфераның дамуына қосқан үлесі.
|
10.3.4.3 Қазақстанның ноосфера дамуына қосқан өзіндік үлесін бағалайды
|
3.5
Табиғи-аумақтық кешендер
|
Табиғат кешендеріне әсер ететін антропогендік факторлар
|
10.3.5.1 жергілікті компонент негізінде антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне әсерін зерттейді
|
Антропогендік ландшафттарды жақсарту жолдары
|
10.3.5.2 антропогендік ландшафттарды жақсарту жолдарын ұсынады: рекультивация, мелиорация ландшафттық дизайн
|
3-тоқсан
|
4-бөлім .Әлеуметтік география
|
4.1Тұрғындар географиясы
|
Қазақстандағы ойконимдер
|
10.4.1.1Қазақстандағы ойконимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транскрипциясын үш тілде ұсынады
|
Қазақстанда елді мекендердің мәселелер
|
10.4.1.2 Қазақстанның елді мекендерінің проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады
|
Урбандалу үдерісі
|
10.4.1.3 урбандалу үдерісінің себеп-салдарын түсіндіру арқылы байланысты проблемалардың шешу жолдарын ұсынады
|
Қазақстанда урбандалу үдерісіне баға беру
|
10.4.1.4 Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға береді
|
5-бөлім .Экономикалық география
|
5.1 Табиғи ресурстар
|
Тұрақты даму
|
10.5.1.1 тұрақты дамудың белгілері мен бағыттарын сипаттайды
|
Қазақстанда табиғатты пайдаланумен байланысты проблемалар
|
10.5.1.2 Қазақстанда табиғатты пайдалану проблемаларын анықтап, шешу жолдарын ұсынады
|
10.5.1.3 жергілікті компонент негізінде табиғатты пайдалануға байланысты зерттеу жүргізеді
|
4-тоқсан
|
5-бөлім. Экономикалық география
|
5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар
|
Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары
|
10.5.2.1 Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарын анықтап, болжам жасайды
|
Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы
|
10.5.2.2 Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының жағдайын талдап, дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді
|
Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі
|
10.5.2.3 Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымын талдап, проблемаларды шешу жолдарын ұсынады
|
5.3 Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы
|
Қазақстан шаруашылығының салалары
|
10.5.3.1 Қазақстан шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттайды
|
Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салалары мен мамандануы
|
10.5.3.2 Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салаларын анықтап, мамандануын түсіндіреді
|
5.4 Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері
|
Дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілері
|
10.5.4.1 дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілерін сипаттайды
|
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі
|
10.5.4.2 халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің мәнін анықтайды
|
Халықаралық экономикалық қатынастар түрлері
|
10.5.4.3 халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды
|
Дүниежүзілік шаруашылықтың даму модельдері мен аумақтық құрылымы
|
10.5.4.4 дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін сипаттайды: жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өні оның ішінде жан басына шаққанда
|
Дүниежүзілік шаруашылықтың даму модельдері мен аумақтық құрылымы
|
10.5.4.5 дүниежүзілік шаруашылықтың модельдері мен аумақтық құрылымын талдайды
|
Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері
|
10.5.4.6 дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістерін талдайды
|
Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны
|
10.5.4.7 Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын анықтайды
|
Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттары, орны
|
10.5.4.8 Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын, орнын анықтайды
|
6-бөлім .Елтану және саяси география негіздері
|
6.1 Дүние жүзі елдері
|
Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайы
|
10.6.1.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына кешенді баға береді
|
Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдер
|
10.6.1.2 Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады;
|
Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары
|
10.6.1.3 Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты түрлі мақсатты аудиториялар үшін дайындайды
|
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 640-қосымша |
Есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 7-10 сыныптары үшін "Биология" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 7-10 сыныптары үшін "Биология" пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Бағдарлама мақсаты – білім алушылардың органикалық дүниенің көптүрлілігі, оның заңдылықтары мен үдерістері туралы биолгиялық білім негіздерін, адам оның ажырамас бөлігі ретіндегі саналы түсінігін қалыптастыру.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғат ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйелер, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) биология бойынша терминологиялық сөздікті кеңейту;
3) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру;
4) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру - салауатты өмір салты негіздерін, адамның психикалық, денелік және рухани денсаулығын сақтау.
4. Түзету – дамытушылық міндеттер:
1) есту арқылы қабылдауын қалыптастыру;
2) естімейтін білім алушылардың практикалық іс-әрекетте биологиялық білімдерін қолдануға қабілетті тұлғасын дамыту;
3) сөйлеу мәдениетін, қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін, білімді функционалды қолдануды, проблемаларды шешуді және шешім қабылдауды дамыту;
4) естімейтін білім алушылардың арнайы білім беруін сапалы дараландыру мүмкіндіктерін кеңейту.
2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері
5. Естімейтін білім алушыларды оқыту процесінде бірқатар ерекшеліктерді ескеру қажет:
1) білім алушының есту қабілетінің болмауы немесе нашар естуі;
2) неғурлым қарапайым ойлау операцияларының басымдылығы (талдау және синтез);
3) ойлау қисындылығы мен тиянақтылығы деңгейінің төмендеуі;
4) абстрактылы-талдамалы ойлау формаларына көшудің қиындықтары;
5) механикалық жадының абстрактылы-талдамалы жадынан, жанама жадынан тікелей есте сақтауының басым болуы; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жады көлемінің төмендеуі, еріксіз есте сақтау қабілетінің айтарлықтай төмендеуі;
6) сөйлеу тілінің дамуында - сөздік қорының, әсіресе белсенді қорының шектеулігі, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын игерудің баяулауы, айтылымның бұзылуы, жазбаша сөйлеу тілін меңгерудегі қиындықтар.
6. Естімейтін білім алушыларды оқытудың негізгі қағидалары: қол жетімділік, тұлғалы- бағдарлық тәсіл, көрнекілік және коммуникативтілік.
7. Оқытудың қол жетімділігі - материалдың қол жетімділігі және оны білім алушылардың түсінуі, ғылыми тұжырымдамаларды оңтайлы жеткізе ұсыну, мәтіндерді қажетті иллюстрациялар мен дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету.
8. Тұлғалы-бағдарлық тәсіл – білім алушылар тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен жан-жақты дамуы, шығармашылық қабілеттерін толық ашу және биология сабақтарында жеке тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеттерін тәрбиелеу, эмоционалды-еріктік саласын, психикалық процестерін түзеу.
9. Көрнекілік қағидасы - оқушылардың танымдық тәжірибесін байыту, абстрактылық ұғымдарды меңгерту үшін нақты өмірдегі затты немесе құбылысты сезіну арқылы қабылдау негізінде білім, білік және дағдыларын қалыптастыру қажеттілігінен көрініс алады.
10. "Биология" пәнін оқытудағы коммуникативтік тәсіл - қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеруден тұрады және білім алушыларды әртүрлі тілдік жағдайда еркін бағдарлауға үйретеді.
11. Осы қағидаларды жүзеге асыру үшін қажет:
1) танымдық іс-әрекетпен тығыз байланыста қоршаған әлем туралы білімді кеңейту негізінде естімейтін білім алушылардың ауызша, жазбаша, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту;
2) биологияны оқыту процесінде логикалық ойлауды дамытуға, сөйлеу ортасын құруға, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға ықпал ететін жаңа формаларды, әдістерді, құралдарды қолдану;
3) ымдау және дактильді сөйлеу тілі естімейтін білім алушыларға таныс емес жаңа терминологияны түсіндіру жағдайларында көмекші құрал ретінде қолданылады;
4) естімейтін білім алушыларға биологияны оқыту процесінде дидактикалық ережелерді сақтау қажет: оқытылатын материалдың аз мөлшері, қайталануы, бақылау және жаңа тақырыпқа біртіндеп енгізу, өткен материалды өзектілендіру;
5) биологияның басқа пәндермен пәнаралық байланысы, оның ішінде инвариативті және түзету компоненттері, білім беру технологиялары ортасында негізгі білім мен дағдыларды қамтамасыз етеді.
12. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) пайдалану:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолданудағы құзыреттілк базалық АКТ-дағдылары негізінде құрылады және жұмыс, бос уақыт және коммуникация үшін технологияларды дұрыс және шығармашылық тұрғыда қолдануды қамтиды;
2) мультимедиялық ресурстары мен бұқаралық ақпарат құралдарының АКТ-рын, интерактивті тақталар мен компьютерлерді қолдану биология бойынша оқу процесін жаңғыртуға және жандандыруға ықпал етеді, есту қабілетін оңтайлы түзетуге қол жеткізуде компенсаторлық механизмдерді белсендетеді;
3) ақпаратты іздеу, өңдеу және алмасу үшін Интернет-ресурстарды пайдалану қажет;
4) АКТ-ны қолдану арқылы білім алушы өз қызметін дербес ұйымдастыра алады.
13. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін сыныптар келесідей жабдықтармен жабдықталады:
1) фронталды оқу қызметіне арналған стационарлық дыбыс күшейткіш жабдық;
2) мультимеялық компьютерлік сынып;
3) жеке есту аппараттары, сөйлеу экраны.
14. Кітап қорының сақталуын қамтамасыз ететін оқу залдарымен және кітап қоймаларымен жабдықталған жұмыс аймақтары, медиатекасы бар ақпараттық-кітапханалық қоры.
3-тарау. "Биология" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
15. "Биология" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
3) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты
4) 10-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
16. Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) "Тірі ағзалардың көп түрлілігі, құрылымы мен қызметтері" бөлімі;
2) "Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму" бөлімі;
3) "Ағзалар және қоршаған орта" бөлімі;
4) "Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар" бөлімі;
17. "Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) тірі ағзалардың көптүрлілігі;
2) қоректену;
3) заттардың тасымалдануы;
4) тыныс алу;
5) бөліп шығару;
6) қозғалыс;
7) үйлесім және реттелу.
18. "Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) көбею;
2) жасушалық айналым;
3) өсу және даму;
4) тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары;
5) эволюциялық даму мен селекция негіздері.
19. "Ағза және қоршаған орта" бөлімі келесідей бөлімшелерден тұрады:
1) Биосфера, экожүйе, популяция;
2) Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері.
20. "Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) молекулярлық биология және биохимия;
2) жасушалық биология;
3) микробиология және биотехнология;
4) биофизика.
21. 7-сыныпқа арналған "Биология" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) "Биологияға кіріспе" бөлімшесі: биология пәні. Биологияның мақсаттары мен міндеттері Тірі организмдердің жалпы белгілері; Тірі организмдердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі;
2) "Экожүйе" бөлімшесі: тірі әлемнің тіршілік ету ортасы. Қоршаған ортаның факторлары. Өлі табиғат факторлары. Биотикалық факторлар. Азық-түлік тізбегі және азық-түлік желілері. Экожүйе. Тірі және өлі табиғаттың өзара байланысы. Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері;
3) "Тірі ағзаларды топтастыру" бөлімшесі: Өсімдіктерді топтастыру. Жануарларды топтастыру;
4) "Жасуша биологиясы. Су және органикалық заттар" бөлімшесі: Үлкейту құралдары. Олармен жұмыс істеу ережелері. "Пияз қабығының микропрепаратын дайындау" зертханалық жұмысы Өсімдік жасушасының құрылысы.Жануарлар жасушасының құрылымы. Жасушаның тіршілік әрекеті. Су – тірі ағзаның тіршілік ету негізі. Трі ағзаның тіршілік әрекеті үшін микро және макро бөлшектердің рөлі. Азық-түлік өнімдеріндегі органикалық құрамы Өсімдік өміріндегі тыңайтқыштардың рөлі;
5) "Заттардың тасымалдануы" бөлімшесі: Тірі ағзалардағы қоректік заттарды тасымалдауы Сабақтың ішкі құрылымы Жануарлардың тасмалдау жүйесі;
6) "Тірі ағзалардың қоректенуі" бөлімшесі: Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылымы. Фотосинтез, күн сәулесі мен хлорофиллдің осы процестегі рөлі. Өсімдіктердің минералды қоректену өзегі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылымы;
7) "Тыныс алу" бөлімшесі: Өсімдіктердің тыныс алуы. Оттегіні сіңіру, көмір қышқыл газ және су бөлу. Тірі ағзалардың тыныс алу түрлері. Омыртқасыз жануарлардың тыныс алуы. Омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері . Тірі ағзалардың тыныс алу органдарының олардың тіршілік әрекеті процесіндегі рөлі;
8) "Бөліп шығару" бөлімшесі: Өсімдіктердің бөліну мүшелері. Омыртқасыз жануарлардың бөліп шығару мүшелері. Омыртқалы жануарлардың бөліп шығару мүшелері. Тірі организмдердің тіршілік әрекеті процесінде олардың бөліп шығару мүшелерінің рөлі;
9) "Қозғалыс" бөлімшесі: Тірі ағза қозғалысының рөлі. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері Омыртқалы жануардың қозғалу мүшелері. Омыртқасыз жануардың қозғалу мүшелері;
10) "Үйлесім және реттелу" бөлімшесі: Омыртқасыз жануарлардың жүйке жүйесінің жалпы құрылуы. Омыртқалы жануарлардың жүйке жүйесінің жалпы құрылысы. Бүкіл ағзаны реттеудегі жүйке жүйесінің рөлі;
11) "Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары" бөлімшесі: Ағзаның тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілері.Тұқым қуалаушы-лық пен өзгергіштіктің негізгі ұғымдары;
12) "Көбейю" бөлімшесі: Тірі ағза үшін көбейю үрдісінің рөлі.Көбейюдің негізгі әдістері. Жасушалардың тіршілік етуі. Жасушаның өсуы мен бөлінуі. Жасушаның бөліну процесінде хромосомалардың рөлі;
13) "Өсу және даму" бөлімшесі: Тірі ағзаның өсуі мен даму үрдісі. Өсімдіктердің жеке даму кезеңдері. Жануарлардың жеке даму кезеңдері:
14) "Микробиология және биотехнология" бөлімшелер: Бактериялардың құрылуы мен тіршілік әрекет үрдісі мен құрылуы. Вирустың құрылуы мен тіршілік әрекеті үрдісі мен құрылуы.
22. 8-сыныпқа арналған "Биология" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) "Экожүйелер". Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (микроағзалар, жануарлар,өсімдіктер). Зертханалық жұмыс: "Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу (мектеп ауласы мысалында)". Қоректік тізбектер және қоректік торлар. Модельдеу "Қоректік тізбек пен торды құру". Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйелердің алмасуы. Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор. Адам әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері. Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері;
2) "Тірі ағзаларды топтастыру". Тірі ағзалардың бес патшалығына жалпы сипаттама: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалықтар. Типтер. Бөлімдер. Кластар. Өсімдіктер мен жануарларды топтастырудың маңызы. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану;
3) "Жасушалық биология". Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға;
4) "Су және органикалық заттар". Судың қасиеттері: беттік керілу, судың қозғалысы, еріткіштігі, қайнау және балқу температурасы, жылу сыйымдылығы. Судың биологиялық маңызы және оның еріткіш ретіндегі, температураны сақтау мен реттеудегі рөлі. Зертханалық жұмыс "Судың тірі ағзалар үшін маңызы мен қасиеттерін зерттеу". Микро- (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтердің (магний, кальций, калий, фосфор) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Азық-түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. Зертханалық жұмыс: "Азық-түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар болуын зерттеу". Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор,). Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі және фосфорлы);
5) "Заттардың тасымалдануы". Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесі. Сабақ және тамыр. Сабақтың ішкі құрылысы: қабық, камбий, сүрек, өзек. Тамыр аймақтары: бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтары. Тамырдың ішкі құрылысы: флоэма, ксилема, камбий. Зертханалық жұмыс: "Сабақтың ішкі құрылысын зерттеу". Зертханалық жұмыс: "Тамыр аймақтарын зерттеу". Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері. Жануарлардағы қанайналым мүшелері: буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар;
6) "Тірі ағзалардың қоректенуі". Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші негізгі арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы. Фотосинтезге қажетті жағдайлар. Зертханалық жұмыс: "Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу";
7) "Тыныс алу". Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тынысалу - энергия көзі. Тыныс алу типтері: анаэробты және аэробты. Анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру: оттегінің қатысында/қатысынсыз, статикалық/динамикалық жұмыс, жылықанды/суыққанды жануарлар. Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның немесе өскіндердің тыныс алуы мысалында. Зертханалық жұмыс: "Өсімдіктердің тыныс алуын зерттеу". Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері (бунақденелілердің демтүтіктері, балықтарының желбезектері, құстардың және сүтқоректілердің өкпесі). Модельдеу: "Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алу жүйесі мүшелерін салыстыру". Тыныс алу мүшелері. Адамның тыныс алу жолдарының құрылысы мен газ алмасу мүшелері. Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау);
8) "Бөліп шығару". Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері. Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері. Зертханалық жұмыс: "Өсімдіктердің тыныс алу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу". Жануарлардың бөліп шығару жүйелері. Жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру;
9) "Қозғалыс". Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары). Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі. Фотопериодизм күннің жарық түсу ұзақтығына ағзалардың бейімделуі. Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалу тәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыс тәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау;
10) "Үйлесім және реттелу". Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді. Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері. Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары. Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі. Зертханалық жұмыс: "Тізе рефлексі". Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі. Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі. Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік. Күн тәртібі. Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы. Күйзеліс. Күйзеліс жағдайларымен күрес және олардың алдын алу әдістері. Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсері;
11) "Тұқымқуалау мен өзгергіштік". Адамда белгілердің тұқым қуалауында гендер мен дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) рөлі. Жүре пайда болған және тұқым қуалайтын белгілер. Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) жайлы түсінік. Модельдеу "Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу". Әртүрлі ағза түрлерінің хромосомалар саны. Соматикалық және жыныс жасушалар. Гаплоидты және диплоидты хромосомалар жиыны;
12) "Көбею". Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызы. Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемшелермен, көзшелермен), көбею ұлпаларымен. Зертханалық жұмыс: "Өсімдіктердегі вегетативті көбею тәсілдері". Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды). Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі. Қосарлы ұрықтану. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы;
13) "Өсу және даму". Ағзалардың жеке дамуы түсінігі. Өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдері. Бөліну, өсу, көбею, қартаю. Өсімдіктердің өсуі. Сабақтың ұзарып және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар. Зертханалық жұмыс: "Жылдық сақинаны санау". Жануарлардағы тура және түрленіп даму онтогенез типтері. Бунақденелілердің шала және толық түрленіп дамуына мысалдар. Модельдеу "Жануарлардағы онтогенез типтерін салыстыру";
14) "Микробиология және биотехнология". Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы. Зертханалық жұмыс: "Пішен таяқшасының сыртқы пішінін қарастыру". Бұршақ тұқымдастардың тамырындағы түйнек бактериялары. Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы. Зертханалық жұмыс: "Өндірісте йогурт және ірімшік жасауды зерттеу". Патогендермен күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. Зертханалық жұмыс: "Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерін қолдануды зерттеу". Вирустар. Жасушасыз құрылым иелері вирустардың құрылыс ерекшеліктері.
23. 9-сыныпқа арналған "Биология" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) "Жасушалық биология". Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, рибосомалар, Гольджи аппараты, вакуоль. Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке. Зертханалық жұмыс: "Өсімдіктер ұлпаларын жіктеу". Зертханалық жұмыс: "Жануарлар ұлпаларын жіктеу";
2) "Молекулярлық биология". Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Мономерлер мен полимерлер арасындағы айырмашылық. Көмірсулар – энергия көзі. Глюкоза, сахароза, гликоген, крахмал, жасұнық пен хитиннің маңызы және қызметтері. Липидтердің қасиеттері мен қызметі. Липидтердің әртүрлілігі: майлар, фосфолипидтер, балауыз. Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері;
3) "Тірі ағзалардың көптүрлілігі". Зертханалық жұмыс: "Өсімдіктер бөлімдеріндегі ерекшелік белгілерді анықтау. Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашық тұқымдылар және жабық тұқымдылар. Саңырауқұлақтар патшалығы. Зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқы. Көпжасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар. Зертханалық жұмыс: "Дара жарнақты және қосжарнақтылар өсімдіктер кластарының белгілерін зерттеу". Буынаяқтылар типі. Хордалылар типі. Сыртқы белгілеріне қарай салыстырмалы сипаттама. Көрсетілім "Хордалы жануарлар мен буынаяқтылардың ерекшелік белгілерін анықтау";
4) "Қоректену". Жауын құртының, сиырдың және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы. Модельдеу "Адамның, сиырдың және жауынқұртының" асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру. Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы. Адамның ас қорыту жолдарының құрылысы. Ас қорыту бездері. Ас қорыту мүшелерінің қызметі. Тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу. Тағамнан уланудың алдын алу. Алғашқы жәрдем шаралары. Ішек құрт ауруларының алдын алу. Дәрумендер және олардың маңызы. Суда еритін және майда еритін дәрумендер. Дәрумендердің тәуліктік мөлшері. Авитаминоз, гиповитаминоз және гипервитаминоз. А авитаминоздағы ақшам соқыр, В1 авитаминоздағы бери-бери ауруы, С авитаминоздағы қырқұлақ, Д авитаминоздағы мешел аурулары. Зертханалық жұмыс: "Тағамдық заттар құрамынан С дәруменді анықтау";
5) "Заттардың тасымалдануы". Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы. Лимфа. Лимфа айналымы мен оның маңызы. Гомеостаз. Ағзаның ішкі ортасы: қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы. Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық. "Әртүрлі ағзалардың қан жасушаларын зерттеу" зертханалық жұмысы Қан жасушаларын формасына, мөлшеріне, санына және ядросының болуына қарай салыстыру. Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет. Лейкоциттердің түрлі типтері және олардың қызметтері. Т- және В- лимфоциттердің әрекет етуі. Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу: амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшмания, герпес (ұшық). Иммунитет. Иммунитеттің түрлері: туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет. Екпенің (вакцин) түрлері және оның жасанды иммунитетті қалыптастырудағы маңызы. Жұқпалы аурулардың алдын алу. Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор. Агглютинация. Резус-конфликт. Буылтық құрттардың (жауын құрт), ұлулардың, буынаяқтылардың және омыртқалылардың жүрегі және қан тамырларының құрылысы мен қызметі. Қан тамырлар жүйесінің түрлері. Ашық және тұйық қанайналым жүйелері. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адамның қанайналым жүйесі. Зертханалық жұмыс: "Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу". Жүрек - қантамырлар жүйесі аурулары (гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт). Аурудың себептері: тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау;
6) "Тыныс алу". Альвеола мен қан арасындағы газ алмасу. Өкпедегі қанның оттекке қанығуы. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасу. Қанның көмірқышқыл газына қанығуы, жасушаның оттекке қанығуы. Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер. Тыныс алу және тыныс шығарудағы көкеттің маңызы. Ауа жүретін жолдардағы қысымның өзгеруі. Тыныс алудың минуттық көлемі. Әртүрлі жастағы, физикалық дамыған, ер және әйел адамдардың өкпесінің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алу қозғалыстарының жиілігі. Шылым шегудің өкпенің тіршілік сыйымдылығына әсері. Зертханалық жұмыс: "Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу";
7) "Бөліп шығару". Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы (бүйрек, несепағар, қуық, несеп жолы) мен қызметі. Бөліп шығару және сүзу мүшелері. Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері). Терінің маңызы, құрылысы мен қызметі. Тер бөлінудің реттелуі. Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (қышыма, теміреткі, безеу бөртпелері). Белгілері мен алдын алу шаралары;
8) "Қозғалыс". Адам қаңқасының құрылысы. Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі. Сүйектің макро - және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы. Зертханалық жұмыс: "Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы". Көрсетілім "Сүйектің химиялық құрамы". Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы. Буынның құрылысы және қызметтері. Сүйек буындарының атқаратын қызметіне сәйкес бейімделуі. Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі (бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек). Зертханалық жұмыс: "Бұлшық ет ұлпаларының құрылысын зерттеу" Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу. Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу шаралары;
9) "Биофизика". Тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты бұлшық еттің маңызы. Тік жүру кезіндегі дененің ауырлық орталығы. Адам денесіндегі иіндер;
10) "Үйлесім және реттелу". Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы. Зертханалық жұмыс: "Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу". Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері. Есту мүшесінің гигиенасы. Зертханалық жұмыс "Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу" (құлақтың есту қабілетін анықтау). Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі. Зертханалық жұмыс: "Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе, дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі". "Гормондар", "Гуморальдық реттелу" ұғымдары. Эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасуы және қызметі. Бездерден бөлінетін гормондар. Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар (гипо- және гиперфункция). Адам денесінде орналасқан тері рецепторлары (терморецепторлар, механорецепторлар, ноцицепторлар) Зертханалық жұмыс: "Тері сезімталдығын зерттеу". Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің рөлі. Температураға сезімталдық. Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуі;
11) "Көбею". Митоз. Мейоз. Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы. Жануарлардың көбею формалары. Жыныссыз көбею типтері. Жынысты көбею. Мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі. Гаметофит. Спорофит. Ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі;
12) "Өсу және даму". Эмбрионалдық даму кезеңдері: бластула, гаструла, нейрула. Ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануы. Органогенез;
13) "Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары". Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы. Өзгергіштік пен қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік арасындағы өзара байланыс. Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы. Қолдан сұрыптау түрлері. Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары. Қазақстан аумағында кездесетін егістік дақылдар мен үй жануарларының қолтұқымдары. Маңызды белгілер;
14) "Биосфера, экожүйе, популяция". Экожүйелердің компоненттері. Су және құрлық экожүйелері. Модельдеу "Су және құрлық экожүйелерін салыстыру". Популяцияның құрылымының негізгі сипаттамалары және ерекшеліктері. Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдері. (Тіршілікті сақтаудың К және r стратегиялары). "Жыртқыш-жемтік" қарым-қатынас түрі. Популяция санының өзгеруі. Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері. Ағзалардың тікелей және жанама қарым-қатынас түрлері. Қоршаған орта жағдайларының өзгерістеріне ағзалардың бейімделуі;
15) "Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері". Адамның табиғаттағы рөлі. Табиғатты тиімді пайдалану. Табиғатты қорғау. Биологиялық алуан түрлілікті сақтау. Дүниежүзілік Тұқым қоры. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Себептері мен салдарлары. Оларды шешу жолдары.
24. 10-сыныпқа арналған "Биология" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) "Жасушалық биология". Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері. Жасуша құрылымдары: плазмалық мембрана, цитоплазма, ядро, эндоплазмалық тор, жасуша орталығы, рибосомалар, Гольджи аппараты мен лизосомалар, митохондрия, пластидтер, қозғалыс органоидтары, жасушаның қосындылары. Құрылыстары және атқаратын қызметтері. Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу. Ұлғаю, актуальды өлшемі және суреттің нақты өлшемі. Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне аудару (сантиметр-миллиметр-микрометр-нанометр). Модельдеу "Микрофотографияларды пайдаланып жасушаның сызықтық ұлғаюын есептеу";
2) "Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе". Әртүрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану. Зертханалық жұмыс: "Анықтағыш көмегімен өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (жергілікті жердің) анықтау". Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы. Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері. Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі;
3) "Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері". Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері. Пестицидтердің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері. Жылыжай эффктісі (булану) және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері;
4) "Қоректену". Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару. Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттің белсенді орталығы. Зертханалық жұмыс: "Ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу". Өттің әсерінен майлардың эмульгациясы. Зертханалық жұмыс "Өттің әсерінен майлардың эмульгациялануын зерттеу";
5) "Заттар тасымалы". Активті және пассивті тасымалдардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Жасуша мембранасы арқылы тасымалдану. Белсенді тасымалдану кезіндегі энергияның жұмсалуы. Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері. Зертханалық жұмыс: "Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттеу. Зертханалық жұмыс: "Ішкі факторларды: Буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (сірқабық (кутикула) мен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері". Сыртқы факторлардың флоэмада зат тасымалына әсері: температура, ылғалдылық, жарық;
6) "Тыныс алу". Анаэробты және аэробты тыныс алу. Анаэробты және аэробты тыны салу үдерістерін химиялық реакция теңдеулерін қолданып қарастыру. Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділіктері. Аэробты, анаэробты тынысалу үдерістерімен байланысты бұлшық еттердің қажуы. Аэробты және анаэробты тынысалуға физикалық жүктемелердің әсері;
7) "Бөліп шығару". Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері фильтрацияның себептері. Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар: тамақтану рационы, дене температурасының күрт түсуі, дәрілік препараттар, созылмалы және инфекциялық аурулар (кариес, іріңді ангина. Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит, бүйрекке тастың жиналуы. Себептері және алдын алу шаралары. Құрлықта, шөлде, тұщы және тұзды суларда тіршілік ететін тірі ағзалардың зат алмасуының соңғы өнімдері. Құрамында азоты бар органикалық заттардың ыдырау өнімдері: аммиак, несепнәр, несеп қышқылы;
8) "Үйлесім және реттелу". Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Жүйке ұлпасының қызметі (глиальды жасушалар). Аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтары. Синапстар және медиаторлар. Модельдеу "Жүйке ұлпаларын зерттеу". Миеленді, миеленсіз аксондарда жүйке импульстарының туындауы және өткізілуі. Өткізу жылдамдығы. Мембраналық потенциал, тыныштық потенциалы және әрекет потенциалы. Модельдеу "Жүйке импульстарының туындауы мен таралу жылдамдығын зерттеу". Тірі ағзалардағы электрлік үдерістер. Электрорецепторлар және электрлі мүшелер. Тыныс алу мен тыныс шығарудың реттелуі мысалында нейрогуморальдық реттелу механизмі. Жүйкелік және гуморальдық реттелуді салыстыру. Ағзаның күйзеліске бейімделуі. Нейрокомпьютерлік интерфейс. Компьютер мен ми арасындағы ақпарат алмасу жүйесі. Гомеостазды тұрақты ұстаудың механизмдері. Өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеуші. Зертханалық жұмыс: "Ауксиннің өсімдіктерге әсерін зерттеу";
9) "Қозғалыс". Бұлшық еттің жұмысы. Көрсетілім "Негізгі бұлшық еттердің жұмысын өзіндік бақылау, иық белдеуінің қол қозғалысындағы рөлі. Бұлшық ет қозғалысын реттеу". Зертханалық жұмыс: "Статикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі бұлшық еттің қажуын зерттеу";
10) "Молекулярлық биология". Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) молекулярлық құрылысының принцптері: нуклеотидтердің комплементарлылығы. Модельдеу "Дезоксирибонуклеин қышқы (ДНҚ) молекуласын құру";
11) "Жасушалық цикл". Интерфаза. Интерфаза кезеңдері: Gl, S және G2. Митоз. Митоз фазалары. Зертханалық жұмыс: "Пияз тамыр ұшындағы жасушалардан митозды зерттеу". Митоз. Митоз фазалары. Мейоз бен митозды салыстыру. Модельдеу "Митоз кезеңдерңн зерттеу";
12) "Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары". Г.Мендель анықтаған белгілердің тұқым қуалаушылық заңдылықтары. Тұқым қуалаушылықты зерттеудің гибридологиялық әдісі. Тұқым қуалаушылықтың генетикалық заңдылықтарының цитологиялық негіздері. Гамета тазалығы заңы және оның цитологиялық негіздемесі. Моногибридті және дигибридті будандастыру. Басымдылық заңы. Ажырау заңы. Басымдылық заңы. Ажырау заңы. Аллельді гендердің әрекеттесуі: толық және толымсыз. Доминанттылық белгілердің пайда болуы. Талдаушы шағылыстыру ұғымы мен оның практикалық маңызы. Жыныс генетикасы. Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі. Жыныспен тіркесіп тұқымқуалау. Гемофилия және дальтонизм. Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор. Адам генетикасы. Адамның тұқымқуалау белгілерін зерттеу әдістері. Адамның генетикалық ауруларының алдын алу. Адамның генеалогиялық шежіре ағашын құру. Модельдеу "Адамның генеалогиялық шежіре ағашын құру". Өнімділікті арттыратын заманауи ауыл шаруашылық технологиялары. Өнімділігі жоғары ауылшаруашылықты жүргізудің жаңа баламалы жолдары;
13) "Микробиология және биотехнология". Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері (медицинада, өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында). Инсулин өндірісі;
14) "Көбею". Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі. Зертханалық жұмыс "Аталық және аналық гаметалардың құрылысын зерттеу". Екінші реттік жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Менструалдық цикл. Менструалдық циклдағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы. Контрацепция түрлері, олардың қолданылуы мен маңызы. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС), сифилис, гонорея, гепатит В,С. Алдын алу шаралары;
15) "Өсу және даму". Құрсақта даму. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері. Ұрықтың қалыптасуы мен дамуы. Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері;
16) "Эволюциялық даму". Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы. Эволюцияның қозғаушы күштері. Табиғи сұрыпталу нәтижесіндегі бейімделушілік. Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің (мутациялық, комбинтивтік) рөлі. Табиғи сұрыпталу, оның түрлері (қозғаушы және тұрақтандырушы). Тіршілік үшін күрес (түрішілік, түраралық). Модельдеу "Бейімделгіштікті табиғи сұрыпталу нәтижесі ретінде зерттеу (көбелек)". "Түр" ұғымының анықтамасы. Түрдің құрылымы. Түр критерийлері. "Түр түзілу" ұғымы. Түр түзілудің тәсілдері мен механизмдері. Жердегі тіршіліктің пайда болу кезеңдері.
4-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
25. Бағдарламада, оқыту мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 7.2.1.2 "7" – сынып, "2.1" бөлім, бөлімше, "4" – оқыту мақсатының реттік саны.
26. Бөлімдер бойынша әр сынып бойынша күтілетін нәтижелер:
1) "Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері" бөлімі:
1-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
1.1 Биологияға кіріспе
|
7.1.1.1 биология пәнінің мақсатын және міндетін білу;
7.1.1.2 тірі организмнің белігерін атау;
7.1.1.3 табиғаттағы және адам өміріндегі организмдердің рөлін сипаттау
|
|
|
|
1.2
Тірі ағзалардың көптүрлілігі
|
7.1.2.1 тірі ағзаларды жүйелеу принципін және оның негізгі категорияларын білу
|
8.1.2.1 жүйелеудің маңызын түсіндіру;
8.1.2.2 жүйеленуде тірі ағзалардың орнын анықтау;
8.1.2.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының айырмашылық белгілерін сипаттау;
8.1.2.4 жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану
|
9.1.2.1. балдырлар мүктәрізділер, қырықжапырақ тәріздестер, ашықтұ-қымдылар және жабықтұқымдылар мысалында өсімдік-тердің ерекшеліктерін сипаттау;
9.1.2.2 саңырауқұ-лақтардың ерекшелік белгілерін сипаттау;
9.1.2.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер кластарын негізгі белгілеріне қарай ажырату,
9.1.2.4 буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша тану
|
10.1.2.1 әртүрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану;
10.1.2.2 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)
|
1.3
Қоректену
|
7.1.3.1 жапырақтың сыртқы және ішкі құрылымын білу;
7.1.3.2 фотосинтез процесін өсімдіктерді қоектенудің негізгі әдісі ретінде түсіндіру;
7.1.3.3 өсімдіктердің минералды қоректену өзегі ретінде тамырдың құрылымы мен қызметін білу
|
8.1.3.1 жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау және құрылысы мен оның қызметі арасындағы өзара байланысты сипаттау;
8.1.3.2 фотосинтез үдерісі үшін қажетті жағдайларды зерттеу
|
9.1.3.1 омыртқасыз-дар, күйіс қайыратын жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру;
9.1.3.2 әртүрлі типті тістердің құрылысы мен қызметтері арасындағы байланы-сын және тісті күту ережелерін сипаттау;
9.1.3.3 адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты түсіндіру;
9.1.3.4 ас қорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану белгілерін анықтау;
9.1.3.5 адам ағза-сындағы дәрумендер-дің маңыздылығын сипаттау;
9.1.3.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасау;
9.1.2.9 азық- түлік құрамындағы С дәруменін анықтау
|
10.1.3.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;
10.1.3.2 ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнату;
10.1.3.3 ферменттердің белсенділігіне әсер ететін әр түрлі жағдайларды (температура, pН) зерттеу;
10.1.3.4 өттің әсерінен майлардың эмульгациялануы үдерісін зерттеу
|
1.4 Заттардың тасымалдануы
|
7.1.4.1 тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануын түсіндіру;
7.1.4.2 заттарды тасымалдауға қатысатын мүшесі ретінде өсімдіктер сабағының құрылымын білу;
7.1.4.3 жануарлардың тасмалдау жүйелерін зерттеу
|
8.1.4.1 тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын түсіндіру;
8.1.4.2 өсімдіктерде заттардың тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу;
8.1.4.3 сабақ пен тамырдың ішкі құрылысын зерттеу;
8.1.4.4 сабақ және тамырдың құрылысы мен қызметтерінің өзара байланысын сипаттау;
8.1.4.5 ксилема мен флоэма элементтерінің құрылысын салыстыру;
8.1.4.6 жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу
|
9.1.4.1 қан құрамы мен қызметін сипаттау;
9.1.3.2 дайын микропрепараттар арқылы әртүрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу;
9.1.4.3 лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау;
9.1.4.4 гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыру;
9.1.4.5 лимфа жүйелерін және қан, ұлпалық сұйықтық пен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау;
9.1.4.6 аурулардың алдын алуындағы вакцинацияның ролін бағалау;
9.1.4.9 агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру;
9.1.4.9 жануарлардың жүрегінің құрылысы мен қантамыр жүйелерінің маңызын сипаттау;
9.1.4.10 қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату;
9.1.4.10 жануарлардың қантамырлар жүйесінің түрлерін сипаттау;
9.1.4.11 дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу;
9.1.4.12 қантамыр жүйесі мүшелерінің ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау
|
10.1.4.1 активті және пассивті тасымалдарды салыстыру;
10.1.4.2 өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру;
10.1.4.3 транспирация үрдісіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды зерттеу;
10.1.4.4 сыртқы факторларға байланысты флоэмада заттардың тасымалдануын зерттеу
|
1.5 Тыныс алу
|
7.1.5.1 өсімдіктердің тыныс алу мүшелерін білу;
7.1.5.2 тірі ағзалардың тыныс алу түрлерін анықтау;
7.1.5.3 омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алуының құрылуын білу;
7.1.5.4 адамның тыныс алу мүшелерін білу;
7.1.5.5 тірі ағзалардың тыныс алу органдарының олардың тіршілік әрекеті процесіндегі рөлін түсіндіру
|
8.1.5.1 тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын сипаттау;
8.1.5.2 анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату;
8.1.5.3 өсімдіктердің тыныс алу үдерісін зерттеу;
8.1.5.4 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелерінің құрылыуын салыстыру;
8.1.5.5 адамның тыныс алу мүшелері құрылысының ерекшеліктерін танып білу;
8.1.5.6 тыныс алу мүшелерінің ауыруларының себептері мен олардың алдын алу жолдарын түсіндіру
|
9.1.5.1 өкпе менұлпадағы газ алмасу механизмдерін сипаттау;
9.1.5.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру;
9.1.5.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау
|
10.1.5.1 тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдалана отырып, анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру;
10.1.5.2 бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы байланысты қарастыру
|
1.6 Бөліп шығару
|
7.1.6.1 өсімдіктердің бөліну мүшелерін білу;
7.1.6.2 омыртқасыздар мен омыртқалылардың бөліп шығару мүшелерін білу;
7.1.6.3 тірі организмдердің тіршілік әрекеті процесінде олардың бөліп шығару мүшелерінің рөлін түсіндіру
|
8.1.6.1 ағзалар тіршілігіндегі бөлінудің мәнін түсіндіру;
8.1.6.2 өсімдіктердегі бөлінудің ерекшеліктерін зерттеу;
8.1.6.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру
|
9.1.6.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметтерін сипаттау;
9.1.6.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу;
9.1.6.3 терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау;
9.1.6.4 тері ауруларын және оның алдын алу шараларын түсіндіру
|
10.1.6.1 нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау;
10.1.6.2 фильтрация және несептің түзілуі үдерістерін сипаттау; 10.1.6.3 бүйректің жұмысына әсер ететін факторларды сипаттау;
10.1.6.4 зәр шығару жүйесі, бүйрек ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру;
10.1.6.5 әртүрлі ағзалардың мекен ету ортасы мен зат алмасуларының соңғы өнімдері арасындағы байланысты орнату
|
1.7 Қозғалыс
|
7.1.7.1 тірі ағза қозғалысының рөлін түсіндіру;
7.1.7.2 өсімдіктердің қозғалу тәсілдерін зерттеу;
7.1.7.3 Омыртқалы және омыртқасыз жануардың қозғалу мүшелерін білу
|
8.1.7.1 өсімдіктердің қозғалу себептерін түсіндіріп, қозғалыстың маңызын сипаттау (тропизмдер, таксистер);
8.1.7.2 жарықтың өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсерін түсіндіру;
8.1.7.3 өсімдіктердегі фотопериодизм ролін сипаттау;
8.1.7.4 омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру
|
9.1.7.1 тірек-қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау;
9.1.7.2 сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу;
9.1.7.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру;
9.1.7.4 буынның әр түрлі типтерінің құрылысы мен олардың қызметтері арасындағы байланысты орнату;
9.1.7.5 бұлшық ет ұлпасының қызметтері түрлері мен олардың қызметтерін сипаттау;
9.1.7.6 адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану;
9.1.7.7 гиподинамия салдарын атау;
9.1.7.9 сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау
|
10.1.7.1 қол бұлшық еттерінің максимальды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттеу;
10.1.7.2 бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеу
|
1.8 Үйлесім және реттелу
|
7.1.8.1 омыртқасыз жануарлардың жүйке жүйесінің жалпы құрылымын білу;
7.1.8.2 омыртқалы жануарлардың жүйке жүйесі құрылымының жоспарын білу;
7.1.8.3 бүкіл ағзаны реттеудегі жүйке жүйесінің рөлін түсіндіру
|
8.1.8.1 жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру;
8.1.8.2 орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметін атау;
8.1.8.3 жүйке жасушасының құрылымдық бөліктерін анықтау
8.1.8.4 орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметін салыстыру;
8.1.8.5 рефлекстік доғаны зерттеу;
8.1.8.6 мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру;
8.1.8.9 вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттау;
8.1.8.9 ағзаның тіршілік әрекетін қалпына келтіру және тынығуы үшін ұйқының маңызын түсіндіру;
8.1.8.10 жақсы психикалық денсаулықты сақтаудың принцптерін сипаттау;
8.1.8.10 жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, шылым және есірткілік заттардың әсерін түсіндіру
|
9.1.8.1 көруді қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережелерін сипаттау;
9.1.8.2 дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зертеу және есту мүшелерінің гигиенасы ережелерін сипаттау;
9.1.8.3 көру және есту рецепторлары-ның құрылымы мен қызметін сәйкестендіру;
9.1.8.4 эндокикринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау;
9.1.8.5 бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру;
9.1.8.6 эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау;
9.1.8.9 терінің сезімталдығын зерттеу;
9.1.8.9 жылықанды жануарлардың дене температураны сақтаудағы терінің ролін сипаттау
|
10.1.8.1 жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасында байланыс орнату;
10.1.8.2 жүйке ұлпалары мен оның құрылымдық бөліктерінің қызметтерін талдау;
10.1.8.3 жүйке импульстарының туындауы мен өтуін сипаттау;
10.1.8.4 нейрогуморальді реттелу механизмін түсіндіру;
10.1.8.5 дененің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау механизмін түсіндіру;
10.1.8.6 өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдау
|
2) "Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму" бөлімі:
2-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
2.1 Көбею
|
7.2.1.1 тірі ағза үшін көбейю үрдісінің рөлін түсіндіру;
7.2.1.2 көбейюдің негізгі әдістерін білу
|
8.2.1.1 өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау;
8.2.1.2 өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстыру;
8.2.1.3 айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау;
8.2.1.4 гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау
|
9.2.1.1 жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру;
9.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалында жынысты (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру;
9.2.1.3 ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер-дің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіндіру
|
10.2.1.1 адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау;
10.2.1.2 аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу;
10.2.1.3 жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау;
10.2.1.4 менструалдық цикл мен экстроген және прогестеронның маңызын сипаттау;
10.2.1.5 контрацепцияның маңызы мен түрлерін түсіндіру;
10.2.1.6 жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру
|
2.2. Жасушалық айналым
|
7.2.2.1 жасушалардың бөліну үрдісін білу;
7.2.2.2 жасушаның бөліну процесінде хромосомалардың рөлін және олардың маңыздылығын түсіндіру
|
8.2.2.1 әртүрлі ағзалар түрлеріндегі хромосомалардың санын салыстыру;
8.2.2.2 сомалық және жыныс жасушаларындағы хромосомалар сандарын атау
|
9.2.2.1 тірі ағзалардың өсуі мен дамуы үшін митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру
|
10.2.2.1 жасушалық айналымның интерфаза кезеңіндегі жүретін үдерістерді түсіндіру;
10.2.2.2 митоздың кезеңдерін сипаттау;
10.2.2.3 мейоз кезеңдерін сипаттау;
10.2.2.4 митоз бен мейоз үдерісін салыстыру
|
2.3 Өсу және даму
|
7.2.3.1 тірі ағзаның өсуі мен даму үрдісін білу;
7.2.3.2 өсімдіктер мен жануарлардың жеке даму кезеңдерін зерттеу
|
8.2.3.1 ағзадардың өсу мен даму үдерістерін сипаттау;
8.2.3.2 өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу үдерісін зерттеу;
8.2.3.3 өсімдіктер мен жануарлардың онтогенез кезеңдерін ажырату;
8.2.3.4 жануарлардың онтогенезіндегі тура және түрленіп даму типтерін салыстыру
|
9.2.3.1 эмбрионалдық даму кезеңдерін сипаттау;
9.2.3.2 әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасқан мүшелер мен ұлпалар дифференциасын сипаттау
|
10.2.3.1 ұрықтың дамуындағы плацентаның маңызын түсіндіру;
10.2.3.2 ұрық пен эмбрионның дамуын салыстыру;
10.2.3.3 адам ұрығының дамуына шылым шегу, алкоголь мен басқа есірткілер әсерінің салдарын түсіндіру
|
2.4 Тұқым қуалаушы-лық пен өзгергіштік заңдылық-тары
|
7.2.4.1 ағзаның тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерін білу;
7.2.4.2 негізгі ұғымдарды түсіндіру: тұқым, ДНК, хромосома;
|
8.2.4.1 адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу;
8.2.4.2 үздік және үздіксіз өзгергіштікке мысал келтіру;
8.2.4.3 белгілерді анықтаудағы гендердің рөлін түсіндіру;
8.2.4.4 хромосомадағы генетикалық ақпарат ДНК-ның маңызын түсіндіру
|
9.2.4.1 тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы ролін дәйектеу;
9.2.4.2 ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау;
9.2.4.3 мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын оқып білу;
9.2.4.4 маңызды мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарлары қолтұқымын сипаттау
|
10.2.4.1 генетиканың дамуымен қалыптасуындағы Мендель зерттеулерінің рөлін бағалау;
10.2.4.2 моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін тұжырымдау және моногибридті будандастыруға есептер шығару;
10.2.4.3 дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін негіздерін дәлелдеу және есептер шығару;
10.2.4.4 толық және толымсыз доминаттылықты салыстыру:
10.2.4.5 талдаушы шағылыстырудың маңыздылығын бағалау;
10.2.4.6 жынысты анықтау теориясын сипаттау;
10.2.4.9 жынысты анықтау кезінде хромосомалардың рөлін түсіндіретін сызба жасау;
10.2.4.9 адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру;
10.2.4.10 адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау;
10.2.4.11 шежіре сызбасын құру;
10.2.4.12 мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін заманауи ауылшаруашылық технологиялардың қолданылуын зерттеу
|
2.5 Селекция негіздері және эволюциялық даму
|
|
|
|
10.2.5.1 К. Линней мен Ж.Б. Ламарк еңбектері-нің негізгі қағидаларын оқып зерттеу;
10.2.5.2 эволюциялық ілімнің қалыптасуындағы Ч. Дарвин еңбектерінің рөлін түсіндіру;
10.2.5.3 эволюцияның қозғаушы күштерін сипаттау;
10.2.5.4 ағзалардың бейімделушілігіндегі табиғи сұрыпталудың рөлін сипаттау;
10.2.5.5 түрдің құрылы-мы мен критерийлерін сипаттау;
10.2.5.6 түр түзілу үдерісін түсіндіру;
10.2.5.9 Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін оқып білу
|
3) "Ағза мен қоршаған орта" бөлімі:
3-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
3.1 Биосфера, экожүйе, популяция
|
7.3.1.1 "тіршілік ету ортасы" ұғымының анықтамасын білу";
7.3.1.2. қоршаған орта факторларын білу;
7.3.1.3 табиғи тамақ тізбектері мен тамақ желілерінің құрамын түсіндіру
|
8.3.1.1 жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу;
8.3.1.2 табиғи қоректік тізбектерді салыстыру;
8.3.1.3 қоректік тізбекті және қоректік торларды құру;
8.3.1.4 экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау
|
9.3.1.1 экожүйелердің жалпы құрылымының сызбасын жасау;
9.3.1.2 су және құрлық экожүйелерін салыстыру;
9.3.1.3 популяцияның негізгі қасиетте-рін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау;
9.3.1.4 ағзалардың түрлі тірі қалу тәсілдерін зерттеу;
9.3.1.5 жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін орнату;
9.3.1.6 тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау;
9.3.1.9 тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіру
|
10.3.1.1 популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау;
10.3.1.2 энергия ағымының тиімділігін есептеу;
10.3.1.3 энергия, биомасса және сандар пирамидаларын салыстыру;
10.3.1.4 азот пен көміртек айналымының табиғаттағы сызбасын құру
|
3.2 Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
|
7.3.2.1 "экожүйе" ұғымын түсіндіру";
7.3.2.2 адамның табиғатқа әсерін сипаттау;
7.3.2.3 Қазақстанның табиғи аймағын зерттеу;
7.3.2.4 тірі ағзаларды қоғаудағы Қызыл кітаптың рөлін түсіндіру
|
8.3.2.1 адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау;
8.3.2.2 экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің шаруашылық салаларынан мысалдар келтіру;
8.3.2.3 Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өсімдіктері мен жануарларын сипаттау;
8.3.2.4 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жергілікті өңірдің жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру
|
9.3.2.1 биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептерін негіздеу;
9.3.2.2 Дүниежүзілік тұқым қорының маңызын бағалау;
9.3.2.3 Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру
|
10.3.2.1 пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
10.3.2.2 пестицидтерді пайдаланудың, қоршаған ортаға мен адам денсаулығы әсерін түсіндіру;
10.3.2.3 жылыжай эффектісінің тірі ағзаларға әсерін түсіндіру;
10.3.2.4 озон қабатының бұзылуының себептері мен салдарын түсіндіру
|
4) "Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар" бөлімі:
4-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
4.1 Молекулярлық биология мен биохимия
|
7.4.1.1 су-ағзаның тіршілігі етудің негі екенін түсіндіру;
7.4.1.2 тірі ағзаның тіршілік әрекеті үшін микро және макро бөлшектерді білу;
7.4.1.3 азық-түлік өнімдеріндегі органикалық құрамды зерттеу;
7.4.1.4 өсімдік өміріндегі тыңайтқыштардың рөлін түсіндіру
|
8.4.1.1 судың қасиеті мен тірі ағзалар тіршілігі үшін маңызын сипаттау;
8.4.1.2 тірі ағзалар тіршілік әрекеті үшін микро-және макроэлементтердің ролін сипаттау;
8.4.1.3 азық-түліктер құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың бар болуын дәлелдеу;
8.4.1.4 минералды тыңайтқыштардағы азот, калий және фосфордың өсімдіктер үшін маңызын зерделеу
|
9.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау;
9.4.1.2 көмірсулар мен липидтердің биологиялық қызметтерін сипаттау;
9.4.1.3 нәруыздардың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау
|
10.4.1.1 ферменттің әрекет ету механизмін оқып тану;
10.4.1.2 дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының қос шиыршықты құрылымын сипаттау;
10.4.1.3 дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымдық қағидалары негізінде үлгілеу
|
4.2 Жасушалық биология
|
7.4.2.1 үлкейту аспаптарының құрылымын, олармен жұмыс істеу ережесін білу;
7.4.2.2 микропрепараттар дайындауды және олармен жұмыс істеуді білу;
7.4.2.3 өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылуын білу;
7.4.2.4 жасушаның химиялық құрылымын зерттеу ;
7.4.2.5 Жасушаның тіршілік әрекетін түсіндіру
|
8.4.2.1 "жасуша", "ұлпа", "мүше", "мүшелер жүйесі" ұғымдарын түсіндіру;
8.4.2.2 жануарлар және өсімдіктер жасушаларын ажырату
|
9.4.2.1 өсімдік және жануар ұлпаларын жіктеу;
9.4.2.2 прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстыру
|
10.4.2.1 өсімдік және жануарлар клеткалары компоненттерінің негізгі қызметін түсіндіру;
10.4.2.2 микрофотографияны қолданып жасушалардың жолайы көбейтуді шығару
|
4.3 Микробиоло гия және биотехнология
|
7.4.3.1 бактериялардың құрылуы мен тіршілік әрекетін білу;
7.4.3.2 вирустың тіршілік әрекетінің үдерісін мен құрылуын білу
|
8.4.3.1 бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау;
8.4.3.2 ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу;
8.4.3.3 антибиотиктер, антисептиктер мен залалсыздандыру өнімдерінің қолданылуын сипаттау;
8.4.3.4 вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін түсіндіру
|
9.4.3.1 қарапайымдылар, бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустармен туындай-тын аурулардың ерекшеліктері мен алдын алу шараларын сипаттау
|
10.4.3.1 инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттау;
10.4.3.2 биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал келтіру
|
4.4 Биофизика
|
|
|
9.4.4.1 тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктерін зерттеу
|
10.4.4.1 тірі ағзалардағы электрлі үдерістерді зерттеу;
10.4.4.2 "интерфейс -компьютер-ми" технологиясының ерекшеліктерін зерттеу
|
27. Бағдарлама есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптары үшін "Биология" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда әрбір бөлімде жүзеге асырылатын оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.
28. Бөлімдер және тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
|
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-10-сыныптарына арналған "Биология" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасына қосымша |
Есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 7-10 сыныптары үшін "Биология" пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
1) 7-сынып:
1-кесте
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
Биологияға кіріспе
|
Биология пәні. Биологияның мақсаттары мен міндеттері
|
7.1.1.1 биология пәнінің мақсатын және міндетін білу
|
Тірі организмдердің жалпы белгілері
|
7.1.1.2 тірі организмнің белігерін атау
|
Тірі организмдердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
|
7.1.1.3 табиғаттағы және адам өміріндегі организмдердің рөлін сипаттау
|
Экожүйелер
|
Тірі әлемнің тіршілік ету ортасы.
|
7.3.1.1 "тіршілік ету ортасы" ұғымының анықтамасын білу"
|
Қоршаған ортаның факторлары. Өлі табиғат факторлары
|
7.3.1.2 қоршаған орта факторларын білу;
|
Биотикалық факторлар. Азық-түлік тізбегі және азық-түлік желілері
|
7.3.1.3 табиғи тамақ тізбектері мен тамақ желілерінің құрамын түсіндіру
|
Экожүйе. Тірі және өлі табиғаттың өзара байланысы
|
7.3.2.1 "экожүйе" ұғымын түсіндіру";
|
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
|
7.3.2.2 адамның табиғатқа әсерін сипаттау
|
Қазақстанның табиғи аймағы
|
7.3.2.3 Қазақстанның табиғи аймағын зерттеу
|
Қазақстандағы тірі ағзаларды қорғаудағы Қызыл кітаптың рөлі
|
7.3.2.4 тірі ағзаларды қоғаудағы Қызыл кітаптың рөлін түсіндіру
|
Тірі ағзаларды топтастыру
|
Өсімдіктерді топтастыру. Жануарларды топтастыру
|
7.1.2.1 тірі ағзаларды жүйелеу принципін және оның негізгі категорияларын білу
|
Жасуша биологиясы. Су және органикалық заттар
|
Үлкейту құралдары. Олармен жұмыс істеу ережелері
|
7.4.2.1 үлкейту аспаптарының құрылымын, олармен жұмыс істеу ережесін білу
|
"Пияз қабығының микропрепаратын дайындау " зертханалық жұмысы
|
7.4.2.2 микропрепараттар дайындауды және олармен жұмыс істеуді білу
|
Өсімдік жасушасының құрылысы.
Жануарлар жасушасының құрылымы
|
7.4.2.3 өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылуын білу
|
Жасушаның химиялық құрамы
|
7.4.2.4 жасушаның химиялық құрылымын зерттеу
|
Жасушаның тіршілік әрекеті
|
7.4.2.5 жасушаның тіршілік әрекетін түсіндіру
|
Су – тірі ағзаның тіршілік ету негізі
|
7.4.1.1 су-ағзаның тіршілігі етудің негі екенін түсіндіру
|
Трі ағзаның тіршілік әрекеті үшін микро және макро бөлшектердің рөлі
|
7.4.1.2 тірі ағзаның тіршілік әрекеті үшін микро және макро бөлшектерді білу
|
Азық-түлік өнімдеріндегі органикалық құрамы
|
7.4.1.3 азық-түлік өнімдеріндегі органикалық құрамды зерттеу
|
Өсімдік өміріндегі тыңайтқыштардың рөлі
|
7.4.1.4 өсімдік өміріндегі тыңайтқыштардың рөлін түсіндіру
|
2-тоқсан
|
Заттардың тасымалдануы
|
Тірі ағзалардағы қоректік заттарды тасымалдауы
|
7.1.4.1 тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануын түсіндіру
|
Сабақтың ішкі құрылымы
|
7.1.4.2 заттарды тасымалдауға қатысатын мүшесі ретінде өсімдіктер сабағының құрылымын білу
|
Жануарлардың тасмалдау жүйесі
|
7.1.4.3 жануарлардың тасмалдау жүйелерін зерттеу
|
Тірі ағзалардың қоректенуі
|
Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылымы
|
7.1.3.1 жапырақтың сыртқы және ішкі құрылымын білу
|
Фотосинтез, күн сәулесі мен хлорофиллдің осы процестегі рөлі.
|
7.1.3.2 фотосинтез процесін өсімдіктерді қоректенудің негізгі әдісі ретінде түсіндіру
|
Өсімдіктердің минералды қоректену өзегі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылымы
|
7.1.3.3 өсімдіктердің минералды қоректену өзегі ретінде тамырдың құрылымы мен қызметін білу
|
Тыныс алу
|
. Өсімдіктердің тыныс алуы. Оттегіні сіңіру, көмір қышқыл газ және су бөлу
|
7.1.5.1 өсімдіктердің тыныс алу мүшелерін білу
|
Тірі ағзалардың тыныс алу түрлері
|
7.1.5.2 тірі ағзалардың тыныс алу түрлерін анықтау
|
Омыртқасыз жануарлардың тыныс алуы. Омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері
|
7.1.5.3 омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алуының құрылуын білу
|
Адамның тыныс алу мүшелері.
|
7.1.5.4 адамның тыныс алу мүшелерін білу
|
Тірі ағзалардың тыныс алу органдарының олардың тіршілік әрекеті процесіндегі рөлі
|
7.1.5.5 тірі ағзалардың тыныс алу органдарының олардың тіршілік әрекеті процесіндегі рөлін түсіндіру
|
3-тоқсан
|
Бөліп шығару
|
Өсімдіктердің бөліну мүшелері
|
7.1.6.1 өсімдіктердің бөліну мүшелерін білу
|
Омыртқасыз жануарлардың бөліп шығару мүшелері.
Омыртқалы жануарлардың бөліп шығару мүшелері
|
7.1.6.2 омыртқасыздар мен омыртқалылардың бөліну мүшелерін білу
|
Тірі организмдердің тіршілік әрекеті процесінде олардың бөліп шығару мүшелерінің рөлі
|
7.1.6.3 тірі организмдердің тіршілік әрекеті процесінде олардың бөліп шығару мүшелерінің рөлін түсіндіру
|
Қозғалыс
|
Тірі ағза қозғалысының рөлі
|
7.1.7.1 тірі ағза қозғалысының рөлін түсіндіру
|
Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері
|
7.1.7.2 өсімдіктердің қозғалу тәсілдерін зерттеу
|
Омыртқалы жануардың қозғалу мүшелері. Омыртқасыз жануардың қозғалу мүшелері
|
7.1.7.3 Омыртқалы және омыртқасыз жануардың қозғалу мүшелерін білу
|
Үйлесім және реттелу
|
Омыртқасыз жануарлардың жүйке жүйесінің жалпы құрылуы
|
7.1.8.1 омыртқасыз жануарлардың жүйке жүйесінің жалпы құрылуын білу
|
Омыртқалы жануарлардың жүйке жүйесінің жалпы құрылуы
|
7.1.8.2 омыртқалы жануарлардың жүйке жүйесі құрылымының жоспарын білу
|
Бүкіл ағзаны реттеудегі жүйке жүйесінің рөлі
|
7.1.8.3 бүкіл ағзаны реттеудегі жүйке жүйесінің рөлін түсіндіру
|
4-тоқсан
|
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
|
Ағзаның тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілері
|
7.2.4.1 ағзаның тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерін білу
|
Тұқым қуалаушы-лық пен өзгергіштіктің негізгі ұғымдары
|
7.2.4.2 негізгі ұғымдарды түсіндіру: тұқым, ДНК, хромосома
|
Көбею. Өсу және даму
|
Тірі ағза үшін көбею үрдісінің рөлі
|
7.2.1.1 тірі ағза үшін көбейю үрдісінің рөлін түсіндіру
|
Көбеюдің негізгі әдістері
|
7.2.1.2 көбейюдің негізгі әдістерін білу
|
Жасушалардың тіршілік етуі. Жасушаның өсуы мен бөлінуі.
|
7.2.2.1 жасушалардың бөліну үрдісін білу
|
Жасушаның бөліну процесінде хромосомалардың рөлі
|
7.2.2.2 жасушаның бөліну процесінде хромосомалардың рөлін және олардың маңыздылығын түсіндіру
|
Тірі ағзаның өсуі мен даму үрдісі
|
7.2.3.1 тірі ағзаның өсуі мен даму үрдісін білу
|
Өсімдіктердің жеке даму кезеңдері. Жануарлардың жеке даму кезеңдері
|
7.2.3.2 өсімдіктер мен жануарлардың жеке даму кезеңдерін зерттеу
|
Микробиология және биотехнология
|
Бактериялардың құрылуы мен тіршілік әрекет үрдісі мен құрылуы
|
7.4.3.1 бактериялардың құрылуы мен тіршілік әрекетін білу
|
Вирустың құрылуы мен тіршілік әрекеті үрдісі мен құрылуы
|
7.4.3.2 вирустың тіршілік әрекетінің үдерісін мен құрылуын білу
|
2) 8 сынып:
2-кесте
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
8.1 Экожүйелер
|
Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер). Зертханалық жұмыс "Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу (мектеп ауласы мысалында)"
|
8.3.1.1 жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу
|
Қоректік тізбектер және қоректік торлар.
Модельдеу "Қоректік тізбек пен торды құру"
|
8.3.1.2 табиғи қоректік тізбектерді салыстыру;
8.3.1.3 қоректік тізбектер және қоректік торларды құрастыру
|
Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйелердің алмасуы
|
8.3.1.4 экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау
|
Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор
|
8.3.2.1 адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау
|
Адам әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері
|
8.3.2.2 экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің салаларына мысалдар келтіру
|
Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары
|
8.3.2.3 Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтарының өсімдіктері мен жануарларын сипаттау
|
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері
|
8.3.2.4 жергілікті өңірдің Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру
|
Тірі ағзаларды топтастыру
|
Тірі ағзалардың бес патшалығына жалпы сипаттама: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалықтар. Типтер. Бөлімдер. Кластар. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы
|
8.1.1.1 жүйелеудің маңызын түсіндіру;
8.1.1.2 жүйелеуде тірі ағзалардың орнын анықтау
|
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер
|
8.1.1.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының ерекшеліктерін сипаттау
|
Дихотомиялық әдіс.
Дихотомиялық кілттерді қолдану
|
8.1.1.4 - жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану
|
Жасушалық биология
Су және органикалық заттар
|
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға
|
8.4.2.1 "жасуша", "ұлпа", "мүше", "мүшелер жүйесі" ұғымдарын түсіндіру;
8.4.2.2 өсімдіктер және жануарлар жасушаларын ажырату
|
Судың қасиеттері: беттік керілу, судың қозғалысы, еріткіштігі, қайнау және балқу температурасы, жылу сыйымдылығы. Судың биологиялық маңызы және оның еріткіш ретіндегі, температураны сақтау мен реттеудегі ролі. Зертханалық жұмыс "Судың тірі ағзалар үшін маңызы мен қасиеттерін зерттеу". Микро- (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтердің (магний, кальций, калий, фосфор) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы
|
8.4.1.1 судың қасиеті мен тірі ағзалар үшін маңызын сипаттау;
8.4.1.2 тірі ағзалар тіршілік әрекеттері үшін микро- және макроэлементтердің ролін сипаттау
|
Азық-түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. Зертханалық жұмыс "Азық-түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар болуын зерттеу"
|
8.4.1.3 азық – түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар екендігін дәлелдеу
|
Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор). Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі және фосфорлы).
|
8.4.1.4 минералды тыңайтқыштардағы азот, калий және фосфордың өсімдіктер үшін маңызын зерделеу
|
2-тоқсан
|
Заттардың тасымалдануы
|
Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесі
|
8.1.3.1 тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын түсіндіру;
8.1.3.2 өсімдіктерде заттардың тасымалын қамтамасыз ететін мүшелерді танып білу
|
Сабақ және тамыр. Сабақтың ішкі құрылысы: қабық, камбий, сүрек, өзек. Тамыр аймақтары: бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтары.
Тамырдың ішкі құрылысы: флоэма, ксилема, камбий. Зертханалық жұмыс "Сабақтың ішкі құрылысын зерттеу". Зертханалық жұмыс "Тамыр аймақтарын зерттеу"
|
8.1.3.3 тамыр және сабақтың ішкі құрылысын зерттеу;
8.1.3.4 тамыр және сабақтың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты сипаттау
|
Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері
|
8.1.3.5 Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері
|
Жануарлардағы қанайналым мүшелері: буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар
|
8.1.3.6 жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу
|
Тірі ағзалардың қоректенуі
|
Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші негізгі арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы
|
8.1.2.1 жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау, құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты сипаттау
|
Фотосинтезге қажетті жағдайлар. Зертханалық жұмыс "Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу"
|
8.1.2.2 фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу
|
Тыныс алу
|
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі. Тыныс алу типтері: анаэробты және аэробты.
Анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру: оттегінің қатысында/ қатысынсыз, статикалық/динамикалық жұмыс, жылықанды/суыққанды жануарлар
|
8.1.4.1 тірі ағзалардағы тыныс алу маңызын сипаттау;
8.1.4.2 анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату
|
Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның немесе өскіндердің тынысалуы мысалында
Зертханалық жұмыс "Өсімдіктердің тынысалуын зерттеу"
|
8.1.4.3 өсімдіктердегі тыныс алуды зерттеу
|
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүше-лері (бунақденелілердің демтүтіктері, балықтарының желбезектері, құстардың және сүтқоректілердің өкпесі). Модельдеу "Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тыныс алу жүйесі мүшелерін салыстыру"
|
8.1.4.4 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелерін салыстыру
|
Тыныс алу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері
|
8.1.4.5 адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін танып білу
|
Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау)
|
8.1.4.6 тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдарын түсіндіру
|
3-тоқсан
|
Бөліп шығару
|
Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері
|
8.1.5.1 ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығын түсіндіру
|
Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері. Зертханалық жұмыс "Өсімдіктердің тынысалу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу"
|
8.1.5.2 өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу
|
Жануарлардың бөліп шығару жүйелері. Жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру
|
8.1.5.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру
|
Қозғалыс
|
Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары). Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі. Фотопериодизм күннің жарық түсу ұзақтығына ағзалардың бейімделуі
|
8.1.6.1 өсімдіктердің қозғалысы себептерін түсіндіріп, қозғалыстың маңызын сипаттау (тропизмдер, таксистер);
8.1.6.2 жарықтың өсімдіктердің дамуына әсерін түсіндіру;
8.1.6.3 өсімдіктердегі фотопериодизм ролін сипаттау
|
Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалу тәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыстәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау
|
8.1.6.4 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру
|
Үйлесім және реттелу
|
Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді
|
8.1.7.1 жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру
|
Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері
|
8.1.7.2 жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атау;
8.1.7.3 жүйке жасушасының компоненттерін анықтау
|
Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары
|
8.1.7.4 орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру
|
Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі.
Зертханалық жұмыс "Тізе рефлексі"
|
8.1.7.5 рефлекстік доғаны зерттеу
|
Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғыты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі
|
8.1.7.6 мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру
|
Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі
|
8.1.7.7 вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттау
|
Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы. Жұмысқа қабілеттілікКүн тәртібі. Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы. Күйзеліс. Күйзеліс жағдайларымен күрес және олардың алдын алу әдістері.
|
8.1.7.8 ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және тынығуына ұйқының маңызын түсіндіру;
8.1.7.9 жақсы психикалық денсаулықты сақтаудың принциптерін сипаттау
|
Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсері
|
8.1.7.10 жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсерін түсіндіру
|
4-тоқсан
|
Тұқымқуалау мен өзгергіштік
|
Адамда белгілердің тұқым қуалауында гендер мен ДНҚ рөлі.
Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер.. Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік.
Модельдеу "Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу"
|
8.2.4.1 адам ағзасындағы тұқымқуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу;
8.2.4.2 үздік және үздіксіз өзгергіштікке мысал келтіру
8.2.4.3 белгілерді анықтаудығы гендердің рөлін түсіндіру;
8.2.4.4 хромосомадағы генетикалық ақпарат дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) рөлін түсіндіру
|
Әртүрлі ағзалар түрлерінің хромосомалар саны.
Соматикалық және жыныс жасушалар. Гаплоидты және диплоидты хромосомалар жиыны
|
8.2.2.1 әртүрлі ағзалардағы хромосомалардың санын салыстыру;
8.2.2.2 соматикалық және жыныс хромосомаларындағы хромосомалар санын атау
|
Көбею. Өсу және даму
|
Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызы
|
8.2.1.1 өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюін сипаттау
|
Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемшелермен, көзшелермен), көбею ұлпаларымен.
Зертханалық жұмыс "Өсімдіктердегі вегетативті көбею тәсілдері"
|
8.2.1.2 өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстыру
|
Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды). Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі. Қосарлы ұрықтану. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы
|
8.2.1.3 өздігінен және айқас тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау;
8.2.1.4 гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау
|
Ағзалардың жеке дамуы түсінігі. Өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдері. Бөліну, өсу, көбею, қартаю. Өсімдіктердің өсуі. Сабақтың ұзарып және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар
|
8.2.3.1 ағзалардың өсу және даму үдерістерін сипаттау;
8.2.3.2 өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу үдерістерін зерттеу
|
Зертханалық жұмыс "Жылдық сақинаны санау"
|
8.2.3.3 өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдерін ажырату;
8.2.3.4 жануарлардағы тура және тура емес онтогенез типтерін салыстыру
|
Микробиология және биотехнология
|
Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы.
Зертханалық жұмыс "Пішен таяқшасының сыртқы пішінін қарастыру"
Бұршақ тұқымдастардың тамырындағы түйнек бактериялары
|
8.4.3.1 бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау
|
Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы.
Зертханалық жұмыс "Өндірісте йогурт және ірімшік жасауды зерттеу"
|
8.4.3.2 ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу;
|
Патогендермен күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. Зертханалық жұмыс "Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерін қолдануды зерттеу"
|
8.4.3.3 антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерінің қолданылуын сипаттау
|
Вирустар. Жасушасыз құрылым иелері вирустардың құрылыс ерекшеліктері
|
8.4.3.4 вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін түсіндіру
|
3) 9-сынып:
3-кесте
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
Жасушалық биология
|
Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, рибосомалар, Гольджи аппараты, вакуоль
|
9.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру
|
Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке.
Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер ұлпаларын жіктеу".
Зертханалық жұмыс "Жануарлар ұлпаларын жіктеу"
|
9.4.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын классификациялау
|
Молекулярлық биология және биохимия
|
Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Мономерлер мен полимерлер арасындағы айырмашылық
|
9.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау
|
Көмірсулар – энергия көзі. Глюкоза, сахароза, гликоген, крахмал, жасұнық пен хитиннің маңызы және қызметтері. Липидтердің қасиеттері мен қызметі.
Липидтердің әртүрлілігі: майлар, фосфолипидтер, балауыз
|
9.4.1.2 көмірсулар мен липидтің құрылымы мен биологиялық қызметтерін сипаттау
|
Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері
|
9.4.1.3 нәруыздардың биологиялық құрылымы мен қызметі
|
Тірі ағзалардың көп түрлілігі
|
Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер бөлімдеріндегі ерекшелік белгілерді анықтау. Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар
|
9.1.1.1 балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдыар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау
|
Саңырауқұлақтар патшалығы. Зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқы. Көпжасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар
|
9.1.1.2 саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау
|
Зертханалық жұмыс "Дара жарнақты және қосжарнақтылар өсімдіктер кластарының белгілерін зерттеу"
|
9.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажырату
|
Буынаяқтылар типі. Хордалылар типі. Сыртқы белгілеріне қарай салыстырмалы сипаттама.
Көрсетілім "Хордалы жануарлар мен буынаяқтылардың ерекшелік белгілерін анықтау"
|
9.1.1.4 буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша тану
|
оректену
|
Жауын құртының, сиырдың және адамның асқорыту жүйесінің құрылысы.
Модельдеу "Адамның, сиырдың және жауынқұртының" асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
|
9.1.2.1 омыртқасыз, күйіс қайыратын жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
|
Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы.
Адамның асқорыту жолдарының құрылысы. Асқорыту бездері. Асқорыту мүшелерінің қызметі
|
9.1.2.2 тістердің құрылысы, әртүрлі типтері мен қызметтері арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін сипаттау;
9.1.2.3 адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты түсіндіру
|
Тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу. Тағамнан уланудың алдын алу. Алғашқы жәрдем шаралары. Ішек құрт ауруларының алдын алу
|
9.1.2.4 асқорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану себебін ашу
|
Дәрумендер және олардың маңызы. Суда еритін және майда еритін дәрумендер. Дәрумендердің тәуліктік мөлшері. Авитаминоз, гиповитаминоз және гипервитаминоз. А авитаминоздағы ақшам соқыр, В1 авитаминоздағы бери – бери ауруы, С авитаминоздағы қырқұлақ, Д авитаминоздағы мешел аурулары.
Зертханалық жұмыс "Тағамдық заттар құрамынан С дәруменді анықтау"
|
9.1.2.5 адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау;
9.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түлік тізімін жасау
|
Микробиология және биотехнология
|
Жұқпалы аурулар және олардың алдын-алу шаралары: амебалық дизентерия, кеш ауру, тырысқақ, дифтерия, лейшмания, герпес
|
9.4.3.1 қарапайымдылар, бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустармен туындайтын аурулардың ерекшеліктері мен алдын алу шараларын сипаттау
|
2-тоқсан
|
Заттардың тасымалдануы
|
Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы. Лимфа. Лимфа айналымы мен оның маңызы. Гомеостаз. Ағзаның ішкі ортасы: қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы.
|
9.1.3.5 лимфа жүйесін және қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау
|
Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық
|
9.1.3.1 қан құрамы мен қызметін сипаттау
|
Зертханалық жұмыс "Әр түрлі ағзалардың қан жасушаларын зерттеу". Қан жасушаларын формасына, мөлшеріне, санына және ядросының болуына қарай салыстыру
|
9.1.3.2 дайын микропрепараттар арқылы әр түрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу
|
Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет. Лейкоциттердің түрлі типтері және олардың қызметтері. Т- және В- лимфоциттердің әрекет етуі
|
9.1.3.3 лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау
9.1.3.4 гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыру
|
Иммунитет. Иммунитеттің түрлері: туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет. Екпенің (вакцин) түрлері және оның жасанды иммунитетті қалыптастырудағы маңызы. Жұқпалы аурулардың алдын алу
|
9.1.3.6 аурудың алдын алудағы вакцинацияның рөлін бағалау
|
Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор. Агглютинация. Резус – конфликт
|
9.1.3.7 агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру
|
Буылтық құрттардың (жауын құрт), ұлулардың, буынаяқтылардың және омыртқалылардың жүрегі және қантамырларының құрылысы мен қызметі
|
9.1.3.9. жануарлар жүрегінің құрылысы мен қантамырлар жүйелерінің маңызын сипаттау;
9.1.3.9 қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату
|
Қантамырлар жүйесінің түрлері. Ашық және тұйық қанайналым жүйелері. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адамның қанайналым жүйесі
|
9.1.3.10 жануарлардың қантамырлар жүйесі түрлерін сипаттау
|
Зертханалық жұмыс "Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу"
|
9.1.3.11 дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу
|
Жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары (гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт). Аурудың себептері: тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау, т.б.
|
9.1.3.12 қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау
|
Тыныс алу
|
Альвеола мен қан арасындағы газ алмасу. Өкпедегі қанның оттекке қанығуы. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасу. Қанның көмірқышқыл газына қанығуы, жасушаның оттекке қанығуы
|
9.1.4.1 өкпе мен ұлпадағы газалмасу механизмдерін сипаттау
|
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер. Тыныс алу және тыныс шығарудағы көкеттің маңызы. Ауа жүретін жолдардағы қысымның өзгеруі
|
9.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру
|
Тыныс алудың минуттық көлемі. Әр түрлі жастағы, физикалық дамыған, ер және әйел адамдардың өкпесінің тіршілік сыйымдылығы. Тынысалу қозғалыстарының жиілігі. Шылым шегудің өкпенің тіршілік сыйымдылығына әсері.
Зертханалық жұмыс "Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу"
|
9.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау.
|
3-тоқсан
|
Бөліп шығару
|
Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы (бүйрек, несепағар, қуық, несеп жолы) мен қызметі. Бөліпшығару және сүзу мүшелері. Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері)
|
9.1.5.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау;
9.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу
|
Терінің маңызы, құрылысы мен қызметі. Тер бөлінудің реттелуі
|
9.1.5.3 терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын және сипаттау
|
Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (қышыма, теміреткі, безеу бөртпелері,). Белгілері мен алдын алу шаралары
|
9.1.5.4 тері ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру
|
Қозғалыс
|
Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі
|
9.1.6.1 тірек-қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау
|
Сүйектің макро - және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы.
Зертханалық жұмыс "Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы". Көрсетілім "Сүйектің химиялық құрамы"
|
9.1.6.2 сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу
|
Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы
|
9.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру
|
Буынның құрылысы және қызметтері. Сүйек буындарының атқаратын қызметіне сәйкес бейімделуі
|
9.1.6.4 буынның әр түрлі типтерінің құрылысы және олардың қызметтерінің арасында байланыс орнату
|
Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі (бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек). Зертханалық жұмыс "Бұлшықет ұлпаларының құрылысын зерттеу" Адам денесінің бұлшықеттерін жіктеу
|
9.1.6.5 бұлшық ет ұлпасының түрлері мен олардың қызметтерін сипаттау;
9.1.6.6 адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану
|
Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу шаралары
|
9.1.6.7 гиподинамия салдарын атау;
9.1.6.9 сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау
|
Биофизика
|
Тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты бұлшықеттің маңызы. Тік жүру кезіндегі дененің ауырлық орталығы. Адам денесіндегі иіндер
|
9.4.4.1 тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктерін зерттеу
|
Үйлесім және реттелу
|
Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы.
Зертханалық жұмыс "Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу"
|
9.1.7.1 көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережесін сипаттау
|
Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері. Есту мүшесінің гигиенасы.
Зертханалық жұмыс "Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу". (құлақтың есту қабілетін анықтау)
|
9.1.7.2 дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және есту гигиенасының ережелерін сипаттау
|
Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі. Зертханалық жұмыс "Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе, дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі"
|
9.1.7.3 көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін сәйкестендіру
|
"Гормондар", "Гуморальдық реттелу" ұғымдары. Эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасуы және қызметі. Бездерден бөлінетін гормондар
|
9.1.7.5 эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау
9.1.7.6 бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру
|
Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар (гипо- және гиперфункция)
|
9.1.7.7 эндкриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау
|
Адам денесінде орналасқан тері рецепторлары (терморецепторлар, механорецепторлар, ноцицептор-лар). Зертханалық жұмыс "Тері сезімталдығын зерттеу"
|
9.1.7.9 терінің сезімталдығын зерттеу
|
Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің ролі. Температураға сезімталдық. Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуі
|
9.1.7.9 жылықанды жануарлардың дене температураны сақтаудағы терінің ролін сипаттау
|
4 тоқсан
|
Көбею
|
Митоз. Мейоз. Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы
|
9.2.2.1 тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру
|
Жануарлардың көбею формалары. Жыныссыз көбею типтері. Жынысты көбею
|
9.2.1.1 жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру
|
Мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі. Гаметофит. Спорофит
|
9.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалдарында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру
|
Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі
|
9.2.1.3 ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіндіру
|
Өсу және даму
|
Эмбрионалдық даму кезеңдері: бластула, гаструла, нейрула.
Ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануы. Органогенез
|
9.2.3.1 эмбрионалдық даму кезеңдерін сипаттау
9.2.3.2 әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасатын ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануын сипаттау
|
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
|
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы рөлі. Өзгергіштік пен қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік арасындағы өзара байланыс
|
9.2.4.1 тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы ролін дәйектеу
|
Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы. Қолдан сұрыптау түрлері
|
9.2.4.2 ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау
|
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары
|
9.2.4.3 мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын оқып білу 9.2.4.4 маңызды мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарлары қолтұқымын сипаттау
|
Биосфера, экожүйе, популяция
|
Экожүйелердің компоненттері. Су және құрлық экожүйелері.
Модельдеу "Су және құрлық экожүйелерін салыстыру"
|
9.3.1.1 экожүйелердің жалпы құрылымының сызбасын жасау;
9.3.1.2 су және құрлық экожүйелерін салыстыру
|
Популяцияның құрылымының негізгі сипаттамалары және ерекшеліктері. Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдері. (Тіршілікті сақтаудың К және r стратегиялары).
"Жыртқыш-жемтік" қарымқатынас түрі. Популяция санының өзгеруі
|
9.3.1.3 популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау;
9.3.1.4 ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдерін зерттеу;
9.3.1.5 жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін анықтау
|
Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері. Ағзалардың тікелей және жанама қарымқатынас түрлері. Қоршаған орта жағдайларының өзгерістеріне ағзалардың бейімделуі
|
9.3.1.6 тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау;
9.3.1.7 тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіру
|
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
|
Адамның табиғаттағы ролі. Табиғатты тиімді пайдалану. Табиғатты қорғау. Биологиялық алуан түрлілікті сақтау. Дүниежүзілік Тұқым қоры
|
9.3.2.1 биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептерін негіздеу;
9.3.2.2 Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалау
|
Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Себептері мен салдарлары. Оларды шешу жолдары
|
9.3.2.3 Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру
|
4) 10-сынып:
4-кесте
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
Жасушалық биология
|
Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері. Жасуша құрылымдары:плазмалық мембрана, цитоплазма, ядро, эндоплазмалық тор, жасуша орталығы, рибосомалар, Гольджи аппараты мен лизосомалар, митохондрия, пластидтер, қозғалыс органоидтары, жасушаның қосындылары. Құрылыстары және атқаратын қызметтері
|
10.4.2.1 өсімдік және жануар жасушаларының негізгі бөліктерінің құрылысы мен қызметін түсіндіру
|
Тірі ағзалардың
көптүрлілігі.
Биосфера және экожүйе
|
Әртүрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану. Зертханалық жұмыс "Анықтағыш көмегімен өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (жергілікті регионның) анықтау"
|
10.1.1.1 әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану;
10.1.1.2 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)
|
Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері
|
10.3.1.2 энергия ағымының тиімділігін есептеу;
10.3.1.1 анализировать диаграммы экспоненциальных и сигмоидальных кривых роста популяций;
10.3.1.3 энергия, биомасса және сандар пирамидаларын салыстыру
|
Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі
|
10.3.1.4 азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құру
|
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
|
Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері
|
10.3.2.1 Пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
Пестицидтердің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері
|
10.3.2.2 пестицидтерді пайдаланудың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін түсіндіру
|
Жылыжай эффктісі және
озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері
|
10.3.2.3 парниктік эффектінің тірі ағзаларға әсерін түсіндіру;
10.3.2.4 озон қабатының бұзылуының себептері мен салдарын түсіндіру
|
Қоректену
|
Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару
|
10.1.2.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;
10.1.2.2 ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкесі ферменттердің арасындағы байланысты орнату
|
Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттің белсенді орталығы. Зертханалық жұмыс "Ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу"
|
10.4.1.1 ферменттер механизмін оқып тану;
10.1.2.3 ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу
|
Өттің әсерінен майлардың эмульгациясы. Зертханалық жұмыс "Өттің әсерінен майлардың эмульгациялануын зерттеу"
|
10.1.2.4 өттің әсерінен майлардың эмульгациялануы үдерісін зерттеу
|
Заттар тасымалы
|
Активті және пассивті тасымалдардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Жасуша мембранасы арқылы тасымалдану. Белсенді тасымалдану кезіндегі энергияның жұмсалуы
|
10.1.3.1 активті және пассивті тасымалдарды салыстыру
|
Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері. Зертханалық жұмыс "Транспирация үдерісі кезіндегі сыртқы факторларды (температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысын) зерттеу. Зертханалық жұмыс "Ішкі факторларды: Буландыратын беттің ауданы және бұл беттік ауданның өсімдік көлеміне қатынасының (кутикула мен лептесіктер) транспирация үдерісіне әсері"
|
10.1.3.2 өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру;
10.1.3.3 ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу
|
Сыртқы факторлардың флоэмада зат тасымалына әсері: температура, ылғалдылық, жарық
|
10.1.3.4 сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін зерттеу
|
2-тоқсан
|
Тыныс алу
|
Анаэробты және аэробты тыныс алу. Анаэробты және аэробты тыны салу үдерістерін химиялық реакция теңдеулерін қолданып қарастыру. Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділіктері
|
10.1.4.1 тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдалана отырып, анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру
|
Аэробты, анаэробты тынысалу үдерістерімен байланысты бұлшық еттердің қажуы. Аэробты және анаэробты тынысалуға физикалық жүктемелердің әсері
|
10.1.4.2 бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы байланысты қарастыру
|
Бөліп шығару
|
Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері фильтрацияның себептері
|
10.1.5.1 нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау;
10.1.5.2 фильтрация және несептің түзілу үрдістерін сипаттау
|
Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар: тамақтану рационы, дене температурасының күрт түсуі, дәрілік препараттар, созылмалы және инфекциялық аурулар (кариес, іріңді ангина т.б.)
|
10.1.5.3 бүйректің жұмысына әсер ететін факторларды сипаттау
|
Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит, бүйрекке тастың жиналуы. Себептері және алдын алу шаралары
|
10.1.5.4 бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру
|
Құрлықта, шөлде, тұщы және тұзды суларда тіршілік ететін тірі ағзалардың зат алмасуының соңғы өнімдері. Құрамында азоты бар органикалық заттардың ыдырау өнімдері: аммиак, несепнәр, несеп қышқылы
|
10.1.5.5 әртүрлі ағзалардың мекен ету ортасы мен зат алмасудың соңғы өнімдері арасындағы байланысты орнату
|
Үйлесім және реттелу
|
Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Жүйке ұлпасының қызметі (глиальды жасушалар). Аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтары. Синапстар және медиаторлар.
Модельдеу "Жүйке ұлпаларын зерттеу"
|
10.1.7.1 жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату;
10.1.7.2 жүйке ұлпалары мен оның құрылымдық бөліктерінің қызметтерін талдау
|
Миеленді, миеленсіз аксондарда жүйке импульстарының туындауы және өткізілуі. Өткізу жылдамдығы. Мембраналық потенциал, тыныштық потенциалы және әрекет потенциалы. Модельдеу "Жүйке импульстарының туындауы мен таралу жылдамдығын зерттеу"
|
10.1.7.3 жүйке импульсінің туындауы мен өтуін сипаттау
|
Тірі ағзалардағы электрлік үдерістер. Электрорецепторлар және электрлі мүшелер
|
10.4.4.1 тірі ағзалардағы электрлік үдерістерді зерттеу
|
Тынысалу мен тыныс шығарудың реттелуі мысалында нейрогумо-ральдық реттелу механизмі. Жүйкелік және гуморальдық реттелуді салыстыру. Ағзаның күйзеліске бейімделуі
|
10.1.7.4 нейрогуморалды реттелудің механизмін түсіндіру
|
Нейрокомпьютерлік интерфейс. Компьютер мен ми арасындағы ақпарат алмасу жүйесі
|
10.4.4.2 "компьютер-ми" интерфейс технологиясының ерекшеліктерін оқып білу
|
Гомеостазды тұрақты ұстаудың механизмдері
|
10.1.7.5 ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын ұстаудағы гомеостазды сақтаудың механизмін түсіндіру
|
Өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеуші. Зертханалық жұмыс "Ауксиннің өсімдіктерге әсерін зерттеу"
|
10.1.7.6 өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдау
|
Қозғалыс
|
Бұлшық еттің жұмысы.
Көрсетілім " Негізгі бұлшық еттердің жұмысын өзіндік бақылау, иық белдеуінің қол қозғалысындағы рөлі.Бұлшықет қозғалысын реттеу"
Зертханалық жұмыс "Статикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі бұлшық еттің қажуын зерттеу"
|
10.1.6.1 қол бұлшық еттерінің максималды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттеу;
10.1.6.2 бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеу
|
3-тоқсан
|
Молекулярлық биология
|
Дезоксирибонуклеин қышқылының молекулярлық құрылысының принцптері: нуклеотидтердің комплементарлылығы. Модельдеу "Дезоксирибонуклеин қышқылы" молекуласын құру"
|
10.4.1.2 дезоксирибонуклеин қышқылының молекуласының қос шиыршықты құрылымын сипаттау;
10.4.1.3 дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымдық қағидалары негізінде үлгілеу
|
Жасушалық цикл
|
Интерфаза. Интерфаза кезеңдері: Gl, S және G2
|
10.2.2.1 жасуша айналымының интерфаза кезіндегі жүретін үдерістерді түсіндіру
|
Митоз. Митоз фазалары. Зертханалық жұмыс "Пияз тамыр ұшындағы жасушалардан митозды зерттеу"
|
10.2.2.2 митоздың кезеңдерін сипаттау
|
Мейоз. Мейоз фазалары. Мейоз бен митозды салыстыру.
Модельдеу "Мейоза кезеңдерңн зерттеу"
|
10.2.2.3 мейоз кезеңдерін сипаттау;
10.2.2.4 митоз және мейоз үдерістерін салыстыру
|
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
|
Мендель ашқан белгілердің тұқымқуалаузаңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибридологиялық әдісі
|
10.2.4.1 генетиканың дамуы мен қалыптасуындағы Г.Мендель зерттеулерінің рөлін бағалау
|
Тұқымқуалаушылық заңдылықтарының цитологиялық негіздері. Гаметалар тазалығы және оның цитологиялық негіздемесі. Моногибридті және дигибридті будандастыру. Басымдылық заңы. Ажырау заңы
|
10.2.4.2 моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару;
10.2.4.3 дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару
|
Аллельді гендердің әрекеттесуі: толықжәне толымсыз. Доминантты-лық белгілердің пайда болуы. Талдаушы шағылыстыру ұғымы мен оның практикалық маңызы
|
10.2.4.4 толық және толымсыз доминаттылықты салыстыру;
10.2.4.5 талдаушы будандастырудың маңыздылығын бағалау
|
Жыныс генетикасы. Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі. Жыныспен тіркесіп тұқымқуалау. Гемофилия және дальтонизм
|
10.2.4.6 жынысты анықтау теориясын сипаттау;
10.2.4.7 жынысты анықтау кезінде хромосомалардың рөлін түсіндіретін сызба жасау
|
Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор
|
10.2.4.8 адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру
|
Адам генетикасы. Адамның тұқым-қуалау белгілерін зерттеу әдістері. Адамның генетикалық аурулары-ның алдын алу. Модельдеу "Адамның генеалогиялық шежіре ағашын құру"
|
10.2.4.10 адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау;
10.2.4.10 шежіре сызбасын құру
|
Өнімділікті арттыратын заманауи ауыл шаруашылық технологиялары.
Өнімділігі жоғары ауыл шаруашылықты жүргізудің жаңа баламалы жолдары
|
10.2.4.12 мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін заманауи ауылшаруашылық технологияларды қолданылуын зерттеу
|
Микробиология және биотехнология
|
Биотехнологиялық үдерістін жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері (медицинада, өнеркәсіпте және ауылшаруашылықта). Инсулин өндірісі
|
10.4.3.1 инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттау;
10.4.3.2 приводить примеры инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттау
|
4-тоқсан
|
Көбею
|
Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі
|
10.2.1.1 адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау
|
Зертханалық жұмыс "Аталық және аналық гаметалардың құрылысын зерттеу"
|
10.2.1.2 аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылысын зерттеу
|
Екінші реттік жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу
|
10.2.1.3 жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау
|
Менструалдық цикл мен экстроген және прогестеронның маңызын сипаттау
|
10.2.1.4 менструалдық цикл мен экстроген және прогестеронның маңызын сипаттау
|
Контрацепция түрлері және олардың қолданылуы мен маңызы
|
10.2.1.5 контрацепцияның маңызы мен түрлерін түсіндіру
|
Жыныстық жолмен берілетін аурулар: жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС), сифилис, гонорея, гепатит В,С. Алдын алу шаралары
|
10.2.1.6 жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру
|
Өсу және даму
|
Құрсақта даму. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері. Ұрықтың қалыптасуы мен дамуы
|
10.2.3.1 ұрықтың дамуындағы плацентаның маңызын түсіндіру;
10.2.3.2 эмбрион мен ұрықтың дамуын салыстыру
|
Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері
|
10.2.3.3 адам ұрығының дамуына шылым шегу, алкоголь мен басқа есірткілер әсерінің салдарын түсіндіру
|
Эволюциялық даму
|
Жердегі тіршіліктің пайда болуы кезеңдері
|
10.2.5.7 Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін оқып білу
|
Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы
|
10.2.5.1 К.Линней мен Ж.Б. Ламарк еңбектерінің негізгі қағидаларын оқып зерттеу;
10.2.5.2 Эволюция ілімінің қалыптасуындағы. Ч.Дарвин еңбектерінің ролін түсіндіру
|
Эволюцияның қозғаушы күштері. Табиғи сұрыпталу нәтижесіндегі бейімделушілік. Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің (мутация-лық, комбинтивтік) рөлі. Табиғи сұрыпталу, оның түрлері (қозғаушы және тұрақтандырушы). Тіршілік үшін күрес (түрішілік, түраралық). Модельдеу "Бейімдел-гіштікті табиғи сұрыпталу нәтижесі ретінде зерттеу (көбелек)"
|
10.2.5.3 эволюцияның қозғаушы күштерін сипаттау;
10.2.5.4 ағзалардың бейімделудегі табиғи сұрыпталудың рөлін сипаттау
|
"Түр" ұғымының анықтамасы. Түрдің құрылымы. Түр критерийлері. "Түр түзілу" ұғымы. Түр түзілудің тәсілдері мен механизмдері
|
10.2.5.5 түрдің құрылымы мен критерийлерін сипаттау;
10.2.5.6 түр түзілу үдерісін түсіндіру
|
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 641-қосымша |
Есту қабілеті зақымдалған (естімейтіндер) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 7-10 сыныптары үшін "Физика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Негізгі орта білім беру деңгейінің есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) 7-10 сыныптарына арналған "Физика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (төменде – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 5 баптың 6) тармағына сәйкес әзірленген.
2. Бағдарлама мақсаты – есту қабілеті зақымдалған оқушыларды физикалық білімдердің негізін меңгеруін, тиімді әлеуметтенуге бағытталған сөздік коммуникациясын, әлемге қарасты эмоционалдық-танымдық көзқарасын, мәдени-білімдік танымын кеңейту.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) білім алушылардың әлемнің қазіргі заманғы физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі физикалық заңдар мен қағидаттар, табиғатты ғылыми танудың әдістері туралы білімдерін меңгеру;
2) сапалық және есептеу тапсырмаларын құрастыру және шешу біліктерін қалыптастыру;
3) тәжірибелік есептерді шығару барысында физикалық формулаларды таңдау, алынған нәтижелерді бағалау және оның дұрыстығын дәлелдеу біліктерін қалыптастыру;
4) оқушыларда физикалық тәжірибелер мен зерттеулерді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;
5) физиканы оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерту.
4. Түзету-дамытушылық міндеттер:
1) коммуникативтік дағдыларын дамыту: ақпаратты нақты және сауатты жеткізу, мақалалар мен электронды құралдарды қоса отырып, түрлі дерек көздердің ақпараттарын пайдалану, ауызша сөйлеуге байланысты вариативті синтаксистік құрлымдарды меңгеру;
2) жеке және топтық жұмысқа қатысты тұлғалық жеке қабілеттерін дамыту;
3) оқу және зерттеу әрекетіне жауапкершілік тәрбиелеу;
2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері
5. Естімейтін оқушыларды оқыту барысында олардың психофизикалық, естіп сөйлеу, танымдық ерекшеліктеріне және жеке білім беру қажеттіліктерін ескеру қажет: тұжырымдамалық ойлау жеткілікті түрде дамымаған, мәтін есептерді талдау қиынға соғады, қате есептеу, кейбір түсініктерді қате түсіну және басқа да ойлау, сөйлеу тілі ерекшеліктері.
6. Естімейтін оқушыларды оқытудағы негізгі қағидалары:
1) оқытудағы қолжетімділік – оқушыларға ғылыми әдістерге жақын оқыту әдістерін пайдалануда материалдың қолжетімділігі және түсінікті болуы: бақылау, лабараториялық зерттеу, мәселелік жағдаяттарды туғызу, мәтіндерді қажетті иллюстративті және дидактикалық материалдармен қамту;
2) жекелік тәсіл – есту қабілеті зақымдалған оқушының білім алу үрдісін жекелендіру, тұлғаны жан-жақты дамыту және үйлесімділікті қалыптастыру, физика сабақтарында тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеттерін тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін толықтай ашу және эмоционалды-ерік сферасын, психикалық үрдістерін түзету болып табылады;
3) көрнекілік қағидасы – оқушылардың абстрактылы түсініктерін қалыптастыруға, танымдық тәжірибені байытуға қажетті: суреттер, сызбалар, белгілер арқылы заттар мен іс-әрекеттерді демонстрациялау, шынай өмірдегі заттар немесе құбылыстарды сезімталдықпен қабылдау негізінде білім, біліктілік, дағдыларды қалыптастыру қажетілігімен сипатталады;
4) "Физика" пәнін оқыту барысында коммуникативті тәсіл – қарым-қатынас құралы ретінде сөйлеу тілін меңгеру және оқушыларды түрлі тілдік жағдайларда бағдарлауға үйретуге бағытталған.
7. Оқу процесіне түрлі әдістерді, тәсілдерді және формаларды еңгізу физика пәні бойынша дайындық деңгейін көтеруге, логикалық ойлауын және белсенді сөйлеу тілін дамытуға, өз бетінше жұмыс жасауды ұйымдастырудағы біліктіліктері мен дағдыларының дамуына ықпал етеді. Қамтамасыз ету маңызды:
1) оқытудың түзетушілік бағыты: (естіп қабылдауын дамыту, жеке жағдаяттарда ым-ишара тілін пайдалану, сөздікпен жұмыс);
2) арнайы әдістемелік тәсілдерді таңдау;
3) сөйлеу тілін физикалық терминдермен байыту;
4) дыбыс күшейткіш аппараттары мен арнайы ақпараттық қолдау бағдарламаларын пайдалану .
8. Сабақ жоспарын құрастыру барысында қалыптастырылатын түсінік немесе біліктіліктің сипатын ескеру , оқушылардың әр кезеңдегі нақты білім деңгейін ескеру және бағдарламаны меңгеруін қадағалауды болжау қажет.
9. Әр сабақтын міндетті элементтері - тақырыпты атау, мақсат қою, сабақ жоспарын жазу және атау, негізгі түсініктерді ажырату және оларды меңгеру әдістері, іс-әрекет түрлерін атау және материалды меңгеруін тексеру тәсілдері, сөздікпен жұмыс.
10. Физика сабағы әрдайым алдынғы тақырып бойынша білімдерін өзектендіруден басталады: оқушылар өтілген тақырып бойынша түсініктерді, ережелерді, тұжырымдамаларды естеріне түсіреді немесе тапсырмалар мен жаттығуларды орындайды. Жаңа тақырыппен таныстыруды терминдерді еңгізуден бастаған жөн. Сабақ сонында оқылған материалды бекітуге мүмкіндік беретін сұрақтар, тәжірибелік немесе теориялық сұрақтар ұсынылады.
11. Білім беруді ұйымдастыру барысында жұмысты шағын топтарда, жұппен жүргізу тәжіибесін енгізу, кнференциялар, практикумдар өткізу қажет.
12. "Физика" пәні бойынша оқыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, арнайы құрал-жабдықтар және білім берудің қосалқы құралдыры қолданылады:
1) интерактивтік және проекциялық құралдар (проектор, интерактивті тақта);
2) білім берудің арнайы техникалық және компенсаторлық құралдары (фронталлды оқыту іс-әрекетін қамтамасыз етуге арналған стационарлы дыбыс күшейткіш құралдар, ауызша сөйлеу экраны, жеке есту аппараттары, мультимедиалық компьютерлік сыныптар);
3) Интернет желісіндегі ақпараттық-білім беру ресурсына шектеусіз қолжетімділік.
13. Физика сабақтарында есту-сөйлеу тілін оңалтуды сапалы қамтамасыз ету үшінстационарлы және дыбыс күшейткіш аппараттар көмегімен білім алушылардың естіп-көріп қабылдауы арқылы сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмстар жүргізіледі; ауызша сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
14. Физикаға практикалық оқыту әдістерімен қатар тұжырымдамаларды, формулалар мен түсініктерді ашатын, арнайы терминалогияны қолдана отырып құбылыстарды анықтайтын, теориялық-тәжирибелік әдістер де қолданылады.
15. Оқулықтар, кестелер, анықтамалық материалдар, сонымен қатар естімейтін оқушылардың қосымша дерек көздерін пайдалануы, өз жазбаларын рәсімдеуі (конспектілерді) жұмыс уақыттың басым бөлігін алады.
16. Ымдау және дактильдік сөйлеу тілі сабақ барысында немесе сабақтан тыс уақытта естімейтін оқушыларға қандайда бір түсініктерді ұғындыру қиынға түскен уақытта қосалқы көмекші құрал ретінде пайдаланылады.
17. Естімейтін оқушыларды физикаға оқыту барысында арнайы дидактикалық ережелерді ұстану қажет: материалды дұрыс мөлшерлеу, материалдың қайталануын қамтамасыз ету, жаң-жақты бақылау, жаңа тақырыпқа біртіндеп кіру, білімді меңгерудін индуктивті жолдары мен дидуктивті жолдарының үйлесуі.
3-тарау. "Физика" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
18. "Физика" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылына 68 сағатты;
2) 8 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылына 68 сағатты;
3) 9 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылына 68 сағатты;
4) 10 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылына 68 сағатты құрайды;
19. Оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды:
1) "Физикалық шамалар мен өлшемдер" бөлімі;
2) "Механика" бөлімі;
3) "Жылу физикасы" бөлімі;
4) "Электр және магнетизмы" бөлімі;
5) "Геометриялық оптика" бөлімі;
6) "Кванттық физика элементтері" бөлімі;
7) "Астрономия негіздері" бөлімі;
8) "Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі" бөлімі.
20. "Физикалық шамалар мен өлшемдер" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) физика – табиғат туралы ғылым;
2) физикалық шамалар;
3) физикалық өлшемдер.
21. "Механика" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) кинематика негіздері;
2) динамика негіздері;
3) сақталу заңдары;
4) статика;
5) тербелістер мен толқындар.
22. "Жылу физикасы" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) молекулярлық-кинетикалық теория негіздері;
2) термодинамика негіздері.
23. "Электр және магнетизмы" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) электростатика негіздері;
2) электр тогы;
3) магнит өрісі;
4) электромагниттік тербелістер мен толқындар.
24. "Геометриялық оптика" бөлімі "Геометриялық оптика заңдары" бөлімшесін қамтиды.
25. "Кванттық физика элементтері" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) атом мен атом ядросының құрылысы;
2) радиоактивтілік;
3) элементар бөлшектер.
26. "Астрономия негіздері" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) жер және Ғарыш;
2) астрофизика элементтері.
27. "Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі" "Физиканың дүниетанымдық мәні" бөлімшесін қамтиды.
28. 7-сыныпқа арналған "Физика" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) "Физика – табиғат туралы ғылым". Физика – табиғат туралы ғылым, табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері;
2) "Физикалық шамалар мен өлшемдер". Халықаралық бірліктер жүйесі; скаляр және векторлық физикалық шамалар; өлшемдер мен есептеулердің дәлдігі; үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу;
№ 1 зертханалық жұмыс: кішкентай денелердің өлшемін анықтау;
№ 2 зертханалық жұмыс: физикалық шамаларды өлшеу;
тәжірибелік жұмыс: сапалық және сандық есептер шығару; аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау;
3) "Механикалық қозғалыс". Механикалық қозғалыс және оның сипаттамалары; санақ жүйесі; қозғалыстың салыстырмалылығы; түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар; жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу; әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері;
тәжірибелік жұмыс: сапалық және сандық есептер шығару; координатаның уақытқа тәуелділік графигін зерттеу;
4) "Тығыздық". Масса және денелердің массасын өлшеу; дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу; заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі; тығыздықты есептеу;
№ 3 зертханалық жұмыс: сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау; тәжірибелік жұмыс: сапалық және сандық есептер шығару; электрондық және иіндік таразыларды қолданып, әр түрлі денелердің массасын анықтау;
5) "Денелердің өзара әрекеттесуі". Инерция құбылысы; күш; тартылыс құбылысы және ауырлық күші; салмақ; деформация; серпімділік күші, Гук заңы; үйкеліс күші; үйкеліс әрекетін техникада ескеру; бір түзу бойымен денеге әсер еткен күштерді қосу; № 4 зертханалық жұмыс: серпімді деформацияларды зерделеу № 5 зертханалық жұмыс: сырғанау үйкеліс күшін зерттеу; тәжірибелік жұмыс: сапалық және сандық есептер шығару; динамометр көмегімен өлшеу; ауырлық күшін зерттеу; түрлі денелердің созылуын зерттеу;
6) "Қатты денелер, сұйықтар және газдардағы қысым". Газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің молекулярлық құрылымы; қатты денелердегі қысым; сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы; қатынас ыдыстар; гидравликалық машиналар; атмосфералық қысым, атмосфералық қысымды өлшеу; манометрлер, сорғылар; кері итеруші күш; № 6 зертханалық жұмыс: Архимед заңын зерделеу; № 7 зертханалық жұмыс: дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау; тәжірибелік жұмыс: сапалық және сандық есептер шығару; кез-келген пішінді қатынас ыдыстардағы бірдей және әртүрлі сұйықтардың беттерінің орналасуын зерттеу; атмосфералық қысымның бар екендігін зерттеу; "Жұмыс және қуат". Механикалық жұмыс; қуат. тәжірибелік жұмыс: сапалық және сандық есептер шығару; жұмыстың мәнін график бойынша анықтау; ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру; транспорт түрлерінің қуатын бағалау;
7) "Энергия". Кинетикалық энергия; потенциалдық энергия; энергияның сақталуы және басқа түрге айналуы; тәжірибелік жұмыс: сапалық және сандық есептер шығару; үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау;
8) "Жай механизмдер". Жай механизмдер; дененің массалық центрі; иіндіктің тепе-теңдік шарты; пайдалы әрекет коэффициенті; № 8 зертханалық жұмыс: Жазық фигураның массалар центрін анықтау; № 9 зертханалық жұмыс: иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау; № 10 зертханалық жұмыс: көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау; тәжірибелік жұмыс: сапалық және сандық есептер шығару; түсірілген күштің айналу осіне дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу;
9) "Жер және Ғарыш". Аспан денелері туралы ғылым; Күн жүйесі; Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл);
10) 7- сыныптың "Физика" курсын қайталау.
29. 8-сыныпқа арналған "Физика" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) 7- сыныптың "Физика" курсын қайталау;
2) "Жылулық құбылыстар". Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия; температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары; ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi; жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару; табиғаттағы және техникадағы жылу берілу; жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі ролі; жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығы; отынның энергиясы; отынның меншікті жану жылуы; жылу үдерістеріндегі энергияның сақталу және басқа түрге айналу заңы; №1 зертханалық жұмыс: әртүрлi температурадағы суларды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру; тәжірибелік жұмыс: денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу; заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау; заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу; жылу мөлшерінің дене массасына тәуелділігін зерттеу; жылу мөлшерінің қыздыру температурасына тәуелділігін зерттеу; әртүрлі отынның жану тиімділігін бағалау;
3) "Заттың агрегаттық күйлері". Қатты денелердiң балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншiктi балқу жылуы; булану және конденсация; қаныққан және қанықпаған булар; қайнау, меншiктi булану жылуы; қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау; №2 зертханалық жұмыс: мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау; тәжірибелік жұмыс: сапалық және сандық есептер шығару; заттың фазалық ауысу графигін зерттеу; мұздың балқу температурасын зерттеу; булану жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу;
4) "Термодинамика негіздері". Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы; жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы; жылу қозғалтқыштары; жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті; Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер;
тәжірибелік жұмыс: сапалық және сандық есептер шығару; ішкі энергияның механикалық энергияға айналуын зерттеу; жылулық тепе-теңдік орныққандағы энергияның сақталу заңын зерттеу;
5) "Электростатика негіздері". Денелердің электрленуі, электр заряды; өткізгіштер мен диэлектриктер; электр зарядының сақталу заңы; қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi; Кулон заңы, элементар электр заряды; электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі; электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы, конденсатор; тәжірибелік жұмыс: сапалық және сандық есептер шығару; бір-бірінен қандай-да бір арақашықтықта орналасқан және жіңішке жіпке ілінген екі бірдей ауа шарының әрекеттесуін зерттеу; электроскопты жасау;
6) "Тұрақты электр тогы". Электр тогы, электр тогы көздері; электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күшi, кернеу; тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы; өткiзгiштiң электр кедергiсi; өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат; өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу; электр тогының жұмысы мен қуаты; электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы; металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі; асқын өткізгіштік; электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар; электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы); №3 зертханалық жұмыс: электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу№4 зертханалық жұмыс: тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу; №5 зертханалық жұмыс: өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу; №6 зертханалық жұмыс: өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу; №7 зертханалық жұмыс: электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау; Практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; тізбектегі ток күшін өлшеу; тізбек бөгіндегі кернеуді өлшеу; өткізгіш кедергісінің материал тегіне тәуелділігі; қыздыру шамының қуаты мен жұмысын өлшеу; тізбектей қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу; параллель қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу;
7) "Электромагниттік құбылыстар". Тұрақты магниттер, магнит өрiсi; тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi; тогы бар шарғының магнит өрiсi; электромагниттер және оларды қолдану; магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электроқозғалтқыш; электр өлшеуіш құралдар; электромагниттiк индукция, генераторлар; №8 зертханалық жұмыс: тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу; №9 зертханалық жұмыс: электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау; тәжірибелік жұмыс: сапалық және сандық есептер шығару; су компасын (құбылнамасын) жасау; магнит өрісінің түрлі материалдар арқылы өтуін зеттеу; түрлі тиындардың магниттік қасиеттерін зерттеу; үйкеліс арқылы магниттеу; магниттің қасиетіне температураның әсері;
8) 8 сыныптың "Физика" курсын қайталау.
30. 9-сыныпқа арналған "Физика" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) 8 сыныптың "Физика" курсын қайталау;
2) "Жарық құбылыстары". Жарықтың түзу сызықты таралу заңы; жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар; сфералық айналар, сфералық айна көмегімен кескін алу; жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы, толық ішкі шағылу; линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы; линзаның көмегімен кескiн алу; көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері; оптикалық аспаптар; №10 зертханалық жұмыс: шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;
№11 зертханалық жұмыс: жұқа линзаның фокустық қашықтығын анықтау; практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; қарапайым перископты жасау; калейдоскопты жасау;жазық айнадағы кескінді зерттеу;ойыс айнаға түскен және шағылған стандартты сәулелердің жүрісі; жинағыш және шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің жүрісі; көз бен фотоаппараттың оптикалық жүйелерін салыстыру;
3) "Кинематика негіздері". Механикалық қозғалыс; векторлар және оларға амалдар қолдану, вектордың координаталар осьтеріне түсірілген проекциялары; түзусызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу; түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру; дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi; қисықсызықты қозғалыс; материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы; сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар; центрге тартқыш үдеу; №1 зертханалық жұмыс: теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау; №2 зертханалық жұмыс: горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу. Практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; қозғалыстың салыстырмалылығы; денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері ;
4) "Динамика негіздері". Ньютонның бiрiншi заңы, инерциялық санақ жүйелерi; механикадағы күштер; Ньютонның екiншi заңы, масса; Ньютонның үшінші заңы; Бүкiләлемдiк тартылыс заңы; дененің салмағы, салмақсыздық; денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы; Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы;
тәжірибелік жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, күшті өлшеудің практикалық тәсілдері, жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысының параметрлерін есептеу, дененің еркін түсу үдеуін өлшеу;
5) "Сақталу заңдары". Дене импульсі және күш импульсі; импульстің сақталу заңы; реактивтi қозғалыс; механикалық жұмыс және энергия; энергияның сақталу және айналу заңы;
тәжірибелік жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; дененің кинетикалық энергиясының өзгеруіне қатысты күштің жұмысын салыстыру; денелердің соқтығысуы кезіндегі импульстің сақталу заңын зерттеу;
6) "Тербелістер мен толқындар". Тербелмелі қозғалыс; тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі; тербелмелі қозғалыстың теңдеуі; математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері; еркін және еріксіз тербелістер, резонанс; еркін электромагнитік тербелістер; толқындық қозғалыс; дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық; электромагниттік толқындар; электромагниттік толқындар шкаласы; лабораторная работа №3 зертханалық жұмыс: математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау; №4 зертханалық жұмыс: сапалық және сандық есептер шығару; әр түрлі маятниктер тербелісінің периодын есептеу; еркін және еріксіз тербелістерді зерттеу; толқындардың сипаттамасын зерттеу; ұялы телефонның жұмыс істеу принципі; аналогті сигналдың берілуі; Морзе әліппесі;
7) 9 сыныптың "Физика" курсын қайталау.
31. 10-сыныпқа арналған "Физика" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) 9 сыныптың "Физика" курсын қайталау
2) "Астрономия негіздері". Жұлдызды аспан; аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі; әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт; Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары; Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау;
3) "Атом құрылысы, атомдық құбылыстар". Жылулық сәуле шығару; жарық кванттары туралы Планк гипотезасы; фотоэффект құбылысы; рентген сәулелері; радиоактивтілік; радиоактивті сәулеленудің табиғаты; Резерфорд тәжірибесі, атомның құрамы.
4) "Атом ядросы". Ядролық өзара әрекеттесу, ядролық күштер; массалар ақауы, атом ядросының байланыс энергиясы; ядролық реакциялар, радиоактивті ыдырау заңы; ауыр ядролардың бөлінуі, тізбекті ядролық реакция; ядролық реактор; термоядролық реакциялар; радиоизотоптар, радиациядан қорғану; элементар бөлшектер;
5) "Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі". Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы; экологиялық мәдениет;
6) зертханалық тәжірибе;
7) 7-10 сыныптың "Физика" курсын қайталау.
4-тарау. Оқыту мақсатының жүйесі
32. Бағдарламадағы білім беру мақсаттары кодтардан тұрады. Бағдарламадағы бірінші сан сыныпты білдіреді, екінші және үшінші сандар– бөлім және бөлімше, төртінші сан берілген бөлімшедегі ретік санды көрсетеді.. Мысалы, 7.2.1.4 кодында "7" – сынып, "2.1" – бөлім және бөлімше, "4" – білім беру мақсатының нөмірі.
33. Бөлімдер бойынша әр сынып бойынша күтілетін нәтижелер:
1) "Физикалық шамалар мен өлшемдер" бөлімі:
1-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
1.1 Физика – табиғат туралы ғылым
|
7.1.1.1 физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру;
7.1.1. табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін білу
|
|
|
|
1.2 Физикалық шамалар
|
7.1.2.1 Физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктерін Халықаралық бірліктер жүйесінде білу;
7.1.2.2 скаляр және векторлық физикалық шамаларды ажырату және мысалдар келтіру;
7.1.2.3 үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану, санды стандартты түрде жазу
|
|
|
|
1.3 Физикалық өлшемдер
|
7.1.3.1 дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу;
7.1.3.2 кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау;
7.1.3.3 физика кабинетінде техникалық қауіпсіздікті сақтау
|
8.1.3.1 эксперимент-тен деректерін жинақтау, талдау және өлшеу және қателіктерін ескеріп жазу;
8.1.3.2 определять факторы, влияющие на проведение эксперимента;
8.1.3.3 физика кабинетінде техникалық қауіпсіздікті сақтау
|
9.1.3.1 алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау
9.1.3.2 анализировать фактор ы, влияющие на результат эксперимента,
9.1.3.3 физика кабинетінде техникалық қауіпсіздікті сақтау
|
10.1.3.1 алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау
10.1.3.2 анализировать факторы, влияющие на результат эксперимента,
10.1.3.3 физика кабинетінде техникалық қауіпсіздікті сақтау
|
2) "Механика" бөлімі:
2-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
2.1 Кинематика негіздері
|
7.2.1.1 келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру - материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру;
7.2.1.2 механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру;
7.2.1.3 түзу сызықты бірқалыпты қозғалысты және бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу;
7.2.1.4 қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу;
7.2.1.5 s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координата осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу;
7.2.1.6 дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:
дененің тыныштық күйін, тұрақты жылдамдықпен қозғалысын;
7.2.1.7 бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау
|
|
9.2.1.1 материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану;
9.2.1.2 векторларды қосу, азайту, векторды скалярға көбейту;
9.2.1.3 вектордың координаталар остеріне проекцияларын анықтау, векторларды құраушыларға жіктеу;
9.2.1.4 уақытқа тәуелділік графиктерінен орын ауыстыру, жылдамдық, үдеуді анықтау;
9.2.1.5 түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану;
9.2.1.6 түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану;
9.2.1.7 тең үдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін эксперименттік жолмен анықтау;
9.2.1.8 тең үдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызу және оларды түсіндіру;
9.2.1.9 еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану;
9.2.1.10 теңайныма-лы және бірқалыпты қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдана отырып, горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау;
9.2.1.11 горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс жылдамдығын анықтау;
9.2.1.12 горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын сызу;
9.2.1.13 дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамаларды пайдалана сипаттау;
9.2.1.14 сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану;
9.2.1.15 центрге тартқыш үдеу формуласын есептер шығаруда қолдану
|
|
2.2 Динамика негіздері
|
7.2.2.1 инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру;
7.2.2.2 күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру;
7.2.2.3 пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру;
7.2.2.4 серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау;
7.2.2.5 Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу;
7.2.2.6 тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;
7.2.2.7 үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру;
7.2.2.8 күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;
7.2.2.9 денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау;
7.2.2.10 масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату;
7.2.2.11 электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу;
7.2.2.12 әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді(мензурка) қолдану;
7.2.2.13 тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.2.14 сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау;
7.2.2.15 тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану
|
|
9.2.2.1 инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру;
9.2.2.2 Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;
9.2.2.3 ауырлық күші табиғатын, ауырлық күшінің, серпімділік күшінің, үйкеліс күшінің табиғатын түсіндіру;
9.2.2.4 Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;
9.2.2.5 Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;
9.2.2.6 бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану;
9.2.2.7 ғарыш аппараттардың орбиталарын салыстыру;
9.2.2.8 тартылыс өрісіндегі дененің қозғалысын сипаттайтын шамаларды анықтау ;
9.2.2.9 бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласын есептер шығаруда қолдану;
9.2.2.10 үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтау;
9.2.2.11 салмақсыз-дық күйді түсіндіру
|
|
2.3 Сақталу заңдары
|
7.2.3.1 механикалық жұмыс деген физикалық ұғымның мағынасын түсіндіру;
7.2.3.2 различать два вида механической энергии
7.2.3.3 кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану;
7.2.3.4 жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергиясының және серпімді дененің формуласын қолдану;
7.2.3.5 энергияның түрленуіне мысалдар келтіру;
7.2.3.6 механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану;
7.2.3.7 қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.3.8 механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану
|
|
9.2.3.1 дене импульсі мен күш импульсін ажырату;
9.2.3.2 импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;
9.2.3.3 табиғаттағы және техникадағы реактивті қозғалысқа мысалдар келтіру;
9.2.3.4 Байқоныр ғарыш айлағының аймақтық және халықаралық маңыздылығына баға беру;
9.2.3.5 механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілмен анықтау;
9.2.3.6 жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру;
9.2.3.7 энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
|
10.2.3.1 тербеліс үрдісіндегі энергияны сақтау заңдылықтарын тұжырымдау және оны есеп шығару кезінде пайдалана алу
|
2.4 Статика
|
7.2.4.1 "Механиканың алтын ережесін" тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру;
7.2.4.2 күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.4.3 жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау;
7.2.4.4 тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;
7.2.4.5 тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау
7.2.4.6 көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін тәжірибеде анықтау
|
|
|
|
2.5 Тербелістер мен толқындар
|
|
|
|
10.2.5.1 еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру;
10.2.5.2 тәжірибелік түрде амплитуда, период, жиілікті анықтау;
10.2.5.3 формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтау;
10.2.5.4 тербелмелі процесте энергияның сақталу заңын сипаттау;
10.2.5.5 гармоника-лық тербелістердің графиктері бойынша координатаның, жылдамдықтың және үдеудің теңдеулерін жаза білу;
10.2.5.6 әртүрлі тербелмелі жүйедегі тербелістің пайда болу себептерін түсіндіру;
10.2.5.7 маятниктер тербелісі периодының әртүрлі параметрлерге тәуелділігін зерттеу;
10.2.5.8 математика-лық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау;
10.2.5.9 период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау;
10.2.5.10 еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау;
10.2.5.11 резонанс құбылысын сипаттау;
10.2.5.12 толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану;
10.2.5.13 көлденең және бойлық толқындарды салыстыру;
10.2.5.14 үстіңгі толқындардың таралу жылдамдығын эксперимент түрінде анықтау;
10.2.5.15 дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау;
10.2.5.16 дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру;
10.2.5.17 резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру;
10.2.5.18 жаңғырық-тың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау;
10.2.5.19 табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіру
|
3) "Жылу физикасы" бөлімі:
3-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
3.1 Молекулярлық-кинетикалық теория негіздері
|
7.3.1.1 заттардың молекулярлық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау;
7.3.1.2 қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;
7.3.1.3 есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану;
7.3.1.4 газ қысымын молекулярлық құрылым негізінде түсіндіру;
7.3.1.5 сұйықтықтағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану;
7.3.1.6 қатынас ыдыстардың қолданылуына мысалдар келтіру;
7.3.1.7 гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау;
7.3.1.8 гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу;
7.3.1.9 атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін түсіндіру;
7.3.1.10 манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау;
7.3.1.11 кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу;
7.3.1.12 сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;
7.3.1.13 есептер шығару кезінде Архимед заңын қолдану;
7.3.1.14 дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу
|
8.3.1.1 молекулярлық- кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау;
8.3.1.2 температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу ;
8.3.1.3 температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;
8.3.1.4 молекула-кинетикалық теория негізінде қатты күйден сұйыққа және кері айналуды сипаттау;
8.3.1.5 молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау;
|
|
|
3.2 Термодинамика негіздері
|
|
8.3.2.1 дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау;
8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру;
8.3.2.3 техникада және тұрмыста жылу берілу түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру;
8.3.2.4 әртүрлі температураға тірі ағзалардың бейімделуі, мысалдар келтіру;
8.3.2.5 жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;
8.3.2.6 заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру;
8.3.2.7 отынның жануы кезінде бөлінген кезде жылу мөлшерін анықтау формуласын пайдалану;
8.3.2.8 жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;
8.3.2.9 есеп шығару кезінде жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану;
8.3.2.10 балқу, кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруду;
8.3.2.11 заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
8.3.2.12 эксперимент көмегімен мұздың меншікті балқу жылуын анықтау;
8.3.2.13 булану және конденсациялану кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
8.3.2.14 су буының мысалында қанығу күйін сипаттау;
8.3.2.15 меншікті булану жылуын анықтау;
8.3.2.16 қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру;
8.3.2.17 термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру;
8.3.2.18 термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру;
8.3.2.19 жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициентін анықтау;
8.3.2.20 іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау;
8.3.2.21 жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну;
8.3.2.22 жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;
8.3.2.23 жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау
|
|
|
4) "Электр және магнетизм" бөлімі:
4-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
4.1 Электростатика негіздері
|
|
8.4.1.1 электр зарядын сипаттау;
8.4.1.2 үйкеліс арқылы денені электрлендіру және индукция құбылысын түсіндіру;
8.4.1.3 электрленудің оң және теріс әсерлеріне мысалдар келтіру;
8.4.1.4 электр зарядының сақталу заңын түсіндіру;
8.4.1.5 Кулон заңын есептер шығаруда қолдану;
8.4.1.6 электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;
8.4.1.7 біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу;
8.4.1.8 электр өрісін күш сызықтар арқылы графиктік кескіндеу;
8.4.1.9 потенциалдың физикалық мағынасын түсіндіру;
8.4.1.10 конденсатор-лардың құрылысын және қолданылуын сипаттау
|
|
|
4.2 Электр тогы
|
7.3.1.2 физика кабинетінде техникалық қауіпсіздікті білу және сақтау
|
8.4.2.1 электр тогының пайда болып және қолдану жағдайын түсіндіру
8.4.2.2 электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;
8.4.2.3 кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;
8.4.2.4 электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді өлшеу;
8.4.2.5 тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру;
8.4.2.6 тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану;
8.4.2.7 кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіну;
8.4.2.8 есеп шығарғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану;
8.4.2.9 өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;
8.4.2.10 өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;
8.4.2.11 өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеу;
8.4.2.12 өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу;
8.4.2.13 Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану;
8.4.2.14 эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;
8.4.2.15 кВтсағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практикалық есептеулермен алу
8.4.2.16 металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау;
8.4.2.17 қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру;
8.4.2.18 сұйықтардағы электр тогын сипаттау
|
9.3.1.2 физика кабинетіндегі техникалық қауіпсіздікті білу және сақтау
|
10.3.1.2 физика кабинетінде техникалық қауіпсіздікті білу және сақтау
|
4.3 Магнит өрісі
|
7.4.3.1 физика кабинетінде техникалық қауіпсіздікті білу және сақтау
|
8.4.3.1 магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттау және магнит өрісін күш сызықтары арқылы графикалық бейнелеу;
8.4.3.2 магнит өрісінің қасиеттерін түсіндіру;
8.4.3.3 тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасында магнит өрісі сызықтарының бағытын анықтау;
8.4.3.4 жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;
8.4.3.5 магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау;
8.4.3.6 электр қозғалтқыштың және электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеуін түсіндіру;
8.4.3.7 электро магниттік индукция құбылысын сипаттау;
8.4.3.8 Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру
|
9.4.3.1 физика кабинетінде техникалық қауіпсіздікті білу және сақтау
|
10.4.3.1 физика кабинетінде техникалық қауіпсіздікті білу және сақтау
|
4.4 Электромагниттік тербелістер мен толқындар
|
|
|
|
10.4.4.1 тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалы сипаттау;
10.4.4.2 механикалық толқындар мен электромагниттік толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру;
10.4.4.3 электро магниттік толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы толқындардың қолданылуына мысалдар келтіру;
10.5.4.4 шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттау
|
5) "Геометриялық оптика" бөлімі:
5-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
5.1 Геометриялық оптика заңдары
|
|
|
9.5.1.1 Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу;
9.5.1.2 эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау;
9.5.1.3 айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру;
9.5.1.4 жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау;
9.5.1.5 дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау;
9.5.1.6 жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу;
9.5.1.7 жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару;
9.5.1.8 тәжірибеге сүйене отырып толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру;
9.5.1.9 экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;
9.5.1.10 сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау;
9.5.1.11 жұқа линза формуласын есептер шығарғанда қолдану;
9.5.1.12 линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және графиктік есептер шығарғанда қолдану;
9.5.1.13 жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттау;
9.5.1.14 жұқа л инзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау;
9.5.1.15 көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау;
9.5.1.16 қарапайым оптикалық құралдарды (перископ) құрастыру
|
|
6) "Кванттық физика элементтері" бөлімі:
кесте 6
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
6.1 Атом мен атом ядросының құрылысы
|
|
|
|
10.6.1.1 сәулелік энергияның температураға тәуелділігін сипаттау;
10.6.1.2 Планк формуласын есептер шығаруда қолдану;
10.6.1.3 фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысын пайдаланылуына мысалдар келтіру;
10.6.1.4 фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану;
10.6.1.5 рентген сәулесін электромагниттік сәулелердің басқа түрлерімен салыстыру;
10.6.1.6 рентген сәулесін қолдануға мысалдар келтіру;
10.6.1.7 альфа бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесін сипаттау;
10.6.1.8 ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау
10.6.1.9 атом ядросының масса ақауын анықтау;
10.6.1.10 атом ядросының байланыс энергиясы формуласын есептер шығаруда қолдану;
10.6.1.11 ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңын қолдану
|
6.2 Радиоактивтілік
|
|
|
|
10.6.2.1 a, b және g - сәулеленудің табиғаты мен қасиеттерін түсіндіру;
10.6.2.2 радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын түсіндіру;
10.6.2.3 радиоактивті ыдырау заңын есептер шығаруда қолдану;
10.6.2.4 тізбекті ядролық реакциялардың өту шарттарын сипаттау;
10.6.2.5 ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау;
10.6.2.6 ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау;
10.6.2.7 радиоактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру;
10.6.2.8 радиациядан қорғану әдістерін сипаттау;
|
6.3 Элементар бөлшектер
|
|
|
|
10.6.3.1 элементар бөлшектерді жіктеу
|
7) "Астрономия негіздері" бөлімі:
7-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
7.1 Жер және Ғарыш
|
7.7.1.1 геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру;
7.7.1.2 Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу;
7.7.1.3 жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуын және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру
|
|
|
|
7.2 Астрофизика элементтері
|
|
|
9.2.1.1 абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажырату;
9.7.2.2 жұлдыздыр-дың жарқырауына әсер ететін факторларды атау;
9.7.2.3 аспан сферасының негізгі элементтерін атау;
9.7.2.4 жұлдызды аспанның жылжымалы картасынан жұлдыздардың аспан координатасын анықтау;
9.7.2.5 әртүрлі ендіктегі жұлдыздардың шарықтау айырмашылығын түсіндіру;
9.7.2.6 жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақытты сәйкестендіру;
9.7.2.7 Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру;
9.7.2.8 Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығы мен өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру
|
|
8) "Астрономия негіздері" бөлімі:
8-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
8.1 Физиканың дүниетанымдық мәні
|
|
|
|
10.8.1.1 адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның дамуының әсерін түсіндіру;
10.8.1.2 жаңа технологиялардың қоршаған ортаға әсерінің артықшылығы мен қауіптілігін бағалау
|
34. Бағдарлама есту қабілеті зақымдалған (естімейтіндер) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 7-10 сыныптары үшін "Физика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспары негізінде осы Бағдарламаның қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
35. Бөлімдер мен тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
|
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7 – 10 - сыныптарына арналған "Физика" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасына қосымша |
Негізгі орта білім беру деңгейінің есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) 7-10 сыныптарына арналған "Физика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
1) 7-сынып :
1-кесте
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
7.1 Физика – табиғат туралы ғылым
|
Физика – табиғат туралы ғылым
|
7.1.1.1 физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру
|
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері
|
7.1.1.2 табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін айту
|
7.1 Физикалық шамалар мен өлшемдер
|
Халықаралық бірліктер жүйесі
|
7.1.2.1 физикалық шамалар жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру
|
Скаляр және векторлық физикалық шамалар
|
7.1.2.2 скаляр және векторлық физикалық шамалар ажырату және мысалдар келтіру
|
Өлшемдер мен есептеулердің дәлдігі.
Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу .
№1 зертханалық жұмыс. "Кішкентай денелердің өлшемін анықтау"
№2-зертханалық жұмыс. "Физикалық шамаларды өлшеу"
|
7.1.2.3 үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану санды стандартты түрде жазу;
7.1.3.1 дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу;
7.1.3.2 кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау;
7.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
7.1 Механикалық қозғалыс
|
Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы
Санақ жүйесі
|
7.2.1.1 келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру - материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырма-лылығы, траектория, жол, орын ауыстыру
|
Қозғалыстың салыстырмалылығы
|
7.2.1.2 механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру
|
Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз
|
7.2.1.3 түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
|
Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу
|
7.2.1.4 қозғалыстағы дененің жылдам-дығы мен орташа жылдамдығын есептеу
|
Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері
|
7.2.1.5 s-тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу;
7.2.1.6 дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:
(1) дененің тыныштық күйін,
(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын;
7.2.1.7 бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау
|
2-тоқсан
|
7.2 Тығыздық
|
Масса және денелердің массасын өлшеу
|
7.2.2.11 электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу
|
Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу
|
7.2.2.12 әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану
|
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі.
№3 зертханалық жұмыс. "Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау"
|
7.2.2.13 тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.2.14 сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау;
7.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Тығыздықты есептеу
|
7.2.2.15 тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану
|
7.2 Денелердің өзара әрекеттесуі
|
Инерция құбылысы
|
7.2.2.1 инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру
|
Күш
|
7.2.2.2 күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру
|
Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ
|
7.2.2.10 масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату
|
№4 зертханалық жұмыс. "Серпімді деформацияларды зерделеу"
|
7.2.2.4 серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау;
7.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Деформация
|
7.2.2.3 пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру
|
Серпімділік күші, Гук заңы
|
7.2.2.5 Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу
|
Үйкеліс күші.
Үйкеліс әрекетін техникада ескеру
№5 зертханалық жұмыс. "Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу"
|
7.2.2.6 тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;
7.2.2.7 үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру
|
Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу
|
7.2.2.8 күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;
7.2.2.9 денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау
|
3-тоқсан
|
7.3 Қысым
|
Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулярлық құрылымы
|
7.3.1.1 заттардың молекулярлық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау
|
Қатты денелердегі қысым
|
7.3.1.2 қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;
7.3.1.3 есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану
|
Қатынас ыдыстар
|
7.3.1.4 газ қысымын молекулярлық құрылым негізінде түсіндіру;
7.3.1.5 - сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
|
Қатынас ыдыстар
|
7.3.1.6 қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру
|
Гидравликалық машиналар
|
7.3.1.7 гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау;
7.3.1.8 гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу
|
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
|
7.3.1.9 атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну
|
Манометрлер. Сорғылар
|
7.3.1.10 манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау
|
№ 6 зертханалық жұмыс. "Архимед заңын зерделеу"
|
7.3.1.11 кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу,
физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Кері итеруші күш
|
7.3.1.12 сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;
7.3.1.13 есептер шығаруда Архимед заңын қолдану
|
№ 7 зертханалық жұмыс. "Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау"
|
7.3.1.14 дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу
7.1.3.3 физика кабинетінде техникалық қауіпсіздікті сақтау;
|
7.3 Жұмыс және қуат
|
Механикалық жұмыс
Қуат
|
7.2.3.1 механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.3.7 - қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.3.8 - механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану
|
4-тоқсан
|
7.4 Энергия
|
Кинетикалық энергия.
Потенциалдық энергия
|
7.2.3.2 механикалық энергияның екі түрін ажырату;
7.2.3.3 кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану;
7.2.3.4 жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның және серпімді дененің формуласын қолдану
|
Энергияның сақталуы және айналуы
|
7.2.3.5 энергияның түрленуіне мысалдар келтіру;
7.2.3.6 механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
|
7.4 Күш моменті
|
Жай механизмдер
|
7.2.4.1 "Механиканың алтын ережесін" тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру;
7.2.4.2 күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
|
Дененің массалық центрі
№8 зертханалық жұмыс.
"Жазық фигураның массалар центрін анықтау"
|
7.2.4.3 жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау
|
№9 зертханалық жұмыс. "Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау"
|
7.2.4.5 тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау;
7.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Иіндіктің тепе-теңдік шарты
|
7.2.4.4 тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
|
Пайдалы әрекет коэффициенті.
№10 зертханалық жұмыс. "Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау"
|
7.2.4.6 көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау;
7.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелеін сақтау
|
7.4 Жер және Ғарыш
|
Аспан денелері туралы ғылым
|
7.7.1.1 геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру;
|
Күн жүйесі
|
7.7.1.2 Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу
|
Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл)
|
7.7.1.3 - жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуы және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру
|
7- сыныптың "Физика" курсын қайталау
|
2) 8-сынып :
2-кесте
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
7 сынып физика курсын қайталау
|
8.1 Жылулық құбылыстар
|
Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия
|
8.3.1.1 молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау
|
Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары
|
8.3.1.3 Температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;
8.3.1.2 температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу;
|
Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi
|
8.3.2.1 дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау
|
Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару
|
8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру
|
Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу
|
8.3.2.3 техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру
|
Жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі ролі
|
8.3.2.4 әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру
|
Жылу мөлшері.
Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
|
8.3.2.5 жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;;
8.3.2.6 заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру
|
Отынның энергиясы.
Отынның меншікті жану жылуы
|
8.3.2.7 отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін есептеп анықтау
|
№ 1 зертханалық жұмыс. "Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру"
|
8.3.2.8 жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;
8.1.3.2 тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау;
8.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Жылу үдерістеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
|
8.3.2.9 жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану
|
2-тоқсан
|
8.1 Заттың агрегаттық күйлері
|
Қатты денелердiң балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншiктi балқу жылуы
|
8.3.1.4 молекула-кинетикалық теория негізінде қатты күйден сұйыққа және кері айналуды сипаттау;
8.3.2.10 балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруға қолдану;
8.3.2.11 заттың балқу және қатаю үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау
|
№ 2 зертханалық жұмыс. "Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау"
|
8.3.2.12 эксперимент көмегімен мұздың меншікті балқу жылуын анықтау;
8.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Булану және конденсация.
Қаныққан және қанықпаған булар
|
8.3.1.5 молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау;
8.3.2.13 заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
8.3.2.14 су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау
|
Кипение, удельная теплота парообразования. Зависимость температуры кипения от внешнего давления
|
8.3.2.15 определять количество теплоты при парообразовании;
8.3.2.16 объяснять зависимость температуры кипения от внешнего давления
|
8.2 Термодинамика негіздері
|
Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы
|
8.3.2.17 термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру
|
Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы
|
8.3.2.18 термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру
|
Жылу қозғалтқыштары
|
8.3.2.22 жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;
8.3.2.20 іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау
|
Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті
|
8.3.2.19 жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;
8.3.2.21 жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну
|
Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер
|
8.3.2.23 жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау
|
8.2 Электростатика негіздері
|
Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер
|
8.4.1.1 электр зарядын сипаттау;
8.4.1.2 үйкеліс арқылы денені электрлену және индукция құбылысын түсіндіру;
8.4.1.3 электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру
|
Электр зарядының сақталу заңы,қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды электрический заряд
|
8.4.1.4 электр зарядының сақталу заңын түсіндіру;
8.4.1.5 Кулон заңын есептер шығаруда қолдану
|
Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі
|
8.4.1.6 электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;
8.4.1.7 біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу;
8.4.1.8 электр өрісін күш сызықтар арқылы кескіндеу
|
Электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы, конденсатор
|
8.4.1.9 потенциалдар айырымының және потенциалдың физикалық мағынасын түсіндіру;
8.4.1.10 конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау
|
3-тоқсан
|
8.3 Тұрақты электр тогы
|
Электр тогы, электр тогы көздері
|
8.4.2.1 электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру
|
Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күшi, кернеу
|
8.4.2.2электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;
8.4.2.3 кернеудің физикалық мағына-сын, оның өлшем бірлігін түсіндіру
|
№ 3 зертханалық жұмыс. "Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу"
|
8.4.2.4 электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау;
8.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
№ 4 зертханалық жұмыс. "Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу"
|
8.4.2.5 тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру;
8.1.3.1 эксперименттен деректерін жинақ-тау, талдау және өлшеу және қателіктерін ескеріп жазу;
8.1.3.3 физика кабинетінде техникалық қауіпсіздікті сақтау
|
Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы
|
8.4.2.6 тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану
|
Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат
|
8.4.2.7 кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;
8.4.2.8 есеп шығарғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану
|
№ 5 зертханалық жұмыс. "Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу"
|
8.4.2.9 өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы алу;
8.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
№ 6 зертханалық жұмыс. "Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу"
|
8.4.2.10 өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;
8.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу
|
8.4.2.11 өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу
|
Электр тогының жұмысы мен қуаты
|
8.4.2.12 жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану
|
Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы
|
8.4.2.13 Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану;
|
№ 7 зертханалық жұмыс. "Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау"
|
8.4.2.14эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;
8.4.2.15 кВт сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау;
8.1.3.3физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
4-тоқсан
|
8.4 Тұрақты электр тогы
|
Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік
|
8.4.2.16 металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау
|
Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар
|
8.4.2.17 қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру
|
Электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы)
|
8.4.2.18 сұйықтардағы электр тогын сипаттау
|
8.4 Электромагниттік құбылыстар
|
Тұрақты магниттер, магнит өрiсi.
№ 8 зертханалық жұмыс. "Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу"
|
8.4.3.1 магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;
8.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электроқозғалтқыш, электр өлшеуіш құралдар
|
8.4.3.5 магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау;
8.4.3.6 электрқозғалтқыштың және электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру
|
№ 9 зертханалық жұмыс. "Электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау"
|
8.4.3.4 жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;
8.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электроқозғалтқыш, электр өлшеуіш құралдар
|
8.4.3.5 магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау;
8.4.3.6 электрқозғалтқыштың және электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру
|
Электромагниттiк индукция, генераторлар
|
8.4.3.7 электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру;
8.4.3.8 Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру
|
8-сыныптың физика курсын қайталау
|
3) 9-сынып:
3-кесте
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
8-сыныптың физика курсын қайталау
|
9.1 Жарық құбылыстары
|
Жарықтың түзу сызықты таралу заңы
|
9.5.1.1 Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу
|
Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар
|
9.5.1.2 эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау;
9.5.1.3 айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру;
9.5.1.4 жазық айнада дененің кескінін салу
|
Сфералық айналар, сфералық айна көмегімен кескін алу
|
9.5.1.5 дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу
|
Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы, толық ішкі шағылу
|
9.5.1.6 жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу;
9.5.1.7 жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару;
9.5.1.8 тәжирибеге сүйене отырып толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру
|
№ 10 зертханалық жұмыс. "Шынының сыну көрсеткiшiн анықтау"
|
9.5.1.9 экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;
9.5.1.10 сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау
9.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы.
Линзаның көмегімен кескiн алу
|
9.5.1.11 жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдану;
9.5.1.12 линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және графиктік есептер шығару үшін қолдану;
9.5.1.13 жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру
|
№ 11 зертханалық жұмыс. "Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау"
|
9.5.1.14 жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау;
9.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері
|
9.5.1.15 көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау
|
Оптикалық аспаптар
|
9.5.1.16 қарапайым оптикалық құралдарды (перископ, Обскура камерасы) құрастыру
|
2-тоқсан
|
9.2 Кинематика негіздері
|
Механикалық қозғалыс
|
9.2.1.1 Материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану
|
Векторлар және оларға амалдар қолдану.
Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары
|
9.2.1.2 векторларды қосу, азайту, векторды скалярға көбейту;
9.2.1.3 вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктеу
|
Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу
|
9.2.1.4 уақыттан тәуелділік графиктерінен орын ауыстыруды, жылдамдықты, үдеуді анықтау;
|
Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру
|
9.2.1.5 түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану;
9.2.1.6 түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану
|
№ 1 зертханалық жұмыс. "Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау"
|
9.2.1.7 теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін эксперименттік жолмен анықтау;
9.1.3.1 алынған нәтижелерді түсіндіріп, қорытынды шығару;
9.1.3.2 эксперименттің нәтижесіне әсер ететін факторларды талдау және экспери-ментті жүргізуді жақсарту жолдарын ұсыну;
9.2.1.8 теңүдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызу және оларды түсіндіру
9.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi
|
9.2.1.9 еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану
|
№ 2 зертханалық жұмыс. "Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу"
|
9.2.1.10 -теңайнымалы және бірқалыпты қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдана отырып, горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау;
9.2.1.11 горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс жылдамдығын анықтау ;
9.2.1.12 горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын сызу
9.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Қисықсызықты қозғалыс; материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы
Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар
|
9.2.1.13 дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау;
9.2.1.14- сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану
|
Центрге тартқыш үдеу
|
9.2.1.15 центрге тартқыш үдеу формуласын есептер шығаруда қолдану
|
3-тоқсан
|
9.3 Астрономия негіздері
|
Жұлдызды аспан
|
9.7.2.1 абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажырату;
9.7.2.2 жұлдыздырдың жарқырауына әсер ететін факторларды атау
|
Аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі
|
9.7.2.3 аспан сферасының негізгі элементтерін атау;
9.7.2.4 жұлдызды аспанның жылжымалы картасынан жұлдыздардың аспан координатасын анықтау
|
Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт
|
9.7.2.5 әртүрлі ендіктегі жұлдыздардың шарықтау айырмашылығын түсіндіру;
9.7.2.6 жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақытты сәйкестендіру
|
Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары
|
9.7.2.7 Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру
|
Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау
|
9.7.2.8 Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру
|
|
9.3 Динамика негіздері
|
Ньютонның бiрiншi заңы, инерциялық санақ жүйелерi
|
9.2.2.1 инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру;
9.2.2.2 Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
|
Механикадағы күштер
|
9.2.2.3 ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру
|
Ньютонның екiншi заңы, масса
|
9.2.2.2 Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
|
Ньютонның үшінші заңы
|
9.2.2.5 -Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
|
Бүкiләлемдiк тартылыс заңы
|
9.2.2.6 Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
|
Дененің салмағы, салмақсыздық
|
9.2.2.10 үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтау;
9.2.2.11 салмақсыздық күйді түсіндіру
|
Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы.
Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы
|
9.2.2.9 бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласын есептер шығаруда қолдану;
9.2.2.7 ғарыш аппараттардың орбиталарын салыстыру;
9.2.2.8 тартылыс өрісіндегі дененің қозғалысын сипаттайтын шамаларды анықтау
|
4-тоқсан
|
9.4 Сақталу заңдары
|
Дене импульсі және күш импульсі
|
9.2.3.1 дене импульсі мен күш импульсін ажырату
|
Импульстің сақталу заңы.
Реактивтi қозғалыс
|
9.2.3.2 импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;
9.2.3.3 табиғаттағы және техникадағы реактивті қозғалысқа мысалдар келтіру;
9.2.3.4 Байқоңыр ғарыш айлағының аймақтық және халықаралық маңыздылығына баға беру
|
Механикалық жұмыс және энергия
|
9.2.3.5 механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілдермен анықтау;
9.2.3.6 - жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру
|
Энергияның сақталу және айналу заңы
|
9.2.3.7 энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
|
9-сыныптың физика курсын қайталау
|
4) 10-сынып:
4-кесте
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
9-сыныптың физика курсын қайталау
|
10.1 Тербелістер мен толқындар
|
Колебательное движение
|
10.2.5.1 еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру;
10.2.5.2 эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау;
10.2.5.3 формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтау
|
Тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі.
Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі
|
10.2.5.4 тербелмелі процесте энергияның сақталу заңын сипаттау;
10.2.5.5 гармониялық тербелістердің графиктері бойынша координатаның, жылдамдықтың және үдеудің теңдеулерін жаза білу
10.2.3.1 тербелістер кезіндегі энергияны сақтау заңын тұжырымдау және оны есеп шығарғанда қолдану
|
Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері
|
10.2.5.6 әртүрлі тербелмелі жүйедегі тербелістің пайда болу себептерін түсіндіру;
10.2.5.7 маятниктер тербелісі периодының әртүрлі параметрлерге тәуелділігін зерттеу
|
№ 3 зертханалық жұмыс. "Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау"
|
10.2.5.8 математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау;
10.2.5.9 период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау;
10.1.3.1 алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау
10.1.3.2 тәжірибе нәтижесіне әсер ететін факторларды сараптау
10.1.3..3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс
|
10.2.5.10 еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау;
10.2.5.11 резонанс құбылысын сипаттау
|
Еркін электромагнитік тербелістер
|
10.4.4.1 тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сипаттау
|
Толқындық қозғалыс
|
10.2.5.12 толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану;
10.2.5.13 көлденең және бойлық толқындарды салыстыру
|
№4 зертханалық жұмыс. "Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау"
|
10.2.5.14 су бетіндегі толқындардың таралу жылдамдығын эксперимент түрінде анықтау
10.1.3..3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық
|
10.2.5.15 дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау;
10.2.5.16 дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру;
10.2.5.17резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру;
10.2.5.18 жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау;
10.2.5.19 табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіру
|
Электромагниттік толқындар
Электромагниттік толқындар шкаласы
|
10.4.4.2 механикалық толқындар мен электромагниттік толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру;
10.4.4.3 электромагниттік толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы толқындардың қолданылуына мысалдар келтіру;
10.4.4.4 шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама беру
|
2-тоқсан
|
10.2 Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар
|
Жылулық сәуле шығару
|
10.6.1.1 жылулық сәуле шығару энергиясының температураға тәуелділігін сипаттау
|
Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы
|
10.6.1.2 Планк формуласын есептер шығаруда қолдану
|
Фотоэффект құбылысы
|
10.6.1.3 фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру;
10.6.1.4 фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану;
|
Рентген сәулелері
|
10.6.1.5 рентген сәулесін электромагниттік сәулелердің басқа түрлерімен салыстыру;
10.6.1.6 - рентген сәулесін қолдануға мысалдар келтіру
|
Радиоактивтілік.
Радиоактивті сәулеленудің табиғаты
|
10.6.2.1 a, b және g - сәулеленудің табиғаты мен қасиеттерін түсіндіру
|
Резерфорд тәжірибесі, атомның құрамы
|
10.6.1.7 a-бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесін сипаттау
|
3-тоқсан
|
10.3 Атом ядросы
|
Ядролық өзара әрекеттесу, ядролық күштер.
Массалар ақауы, атом ядросының байланыс энергиясы
|
10.6.1.8 ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау;
10.6.1.9 атом ядросының масса ақауын анықтау;
10.6.1.10 атом ядросының байланыс энергиясы формуласын есептер шығаруда қолдану
|
Ядролық реакциялар.
Радиоактивті ыдырау заңы
|
10.6.1.11 ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңын қолдану;
10.6.2.2 радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын түсіндіру;
10.6.2.3 радиоактивті ыдырау заңын есеп шығаруда қолдану
|
Ауыр ядролардың бөлінуі, тізбекті ядролық реакция.
Ядролық реакторлар
|
10.6.2.4 тізбекті ядролық реакциялардың өту шарттарын сипаттау;
10.6.2.5 ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау
|
Термоядролық реакциялар.
Радиоизотоптар, радиациядан қорғану
|
10.6.2.6 ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыру;
10.6.2.7 радиактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру;
10.6.2.8 радиациядан қорғану әдістерін сипаттау
|
Элементар бөлшектер
|
10. 6.3.1 элементарды бөлшектерді жіктеу
|
10.3 Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі
|
Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы
|
10.8.1.1 адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның дамуының ықпалын түсіндіру
|
Экологиялық мәдениет
|
10.8.1.2 жаңа технологиялардың қоршаған ортаға ықпалының артықшылығы мен қауіптілігін бағалау
|
4-тоқсан
|
Физпрактикум
|
7-9 сыныптар аралығында физика курсын қайталау
|
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына 5-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 642-қосымша |
Есту қабілеті зақымдалған (естімейтіндер) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 7-10 сыныптары үшін "Химия" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Есту қабілеті зақымдалған (естімейтіндер) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 7-10-сыныптары үшін "Химия" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (әрі қарай – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Бағдарлама мақсаты – заттардың қасиеттері, оның құрамы мен құрылымының байланысын түсіндіретін заттар мен олардың өзгеруі, заңдар мен теориялары туралы оқушыларда жүйелі білім қалыптастыру.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) маңызды фактілерді, түсініктерді, химиялық заңдар мен теорияларды, естімейтін білім алушыларға қол жетімді дүниетанымдық сипаттамаларды жалпылау бойынша білім қалыптастыру;
2) күнделікті өмірде химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіру қабілеттерін дамыту;
3) қарапайым химиялық тәжірибелерді орындау кезінде және күнделікті өмірде қолданылатын заттармен қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
4) күнделікті өмірде және жұмыс барысында естімейтін білім алушыларды тұлғалық дамыту, оларды интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан жетілдіру, гуманистік қатынастар мен үйлесімді экологиялық мінез-құлықты қалыптастыру;
5) химияның гуманистік бағытын, оның адамзат алдында тұрған негізгі экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуде рөлінің өсуін және оның әлемнің ғылымына қосқан үлесін ашу;
6) тұрмыстық жағдайда алынған заттар мен материалдарды, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалану, күнделікті өмірде практикалық мәселелерді шешу, адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды құбылыстардың алдын алу үшін алынған білімдер мен дағдыларды қолдану.
4. Түзете – дамыту міндеттері:
1) білімді функционалды қолдану, қарым-қатынастың әр түрлі әдістері, мәселелерді шешу және шешім қабылдау, сөйлеу мәдениетін дамыту;
2) жеке қасиеттерін дамыту (өз бетінше және топта жұмыс істеуге қажет жауапкершілік, табандылық, бастамашылдық, шыдамдылық пен төзімділік);
3) дыбысты дұрыс айту және сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері
5. Естімейтін білім алушылар ғылым негіздерін меңгеруде ерекше қиындықтарға тап болады. Аталған санаттағы оқушыларға білім беруде оқу материалын ерекше елестетуімен ерекшеленетін формасын ұсыну қажет.
6. Естімейтін оқушыларға химияны оқыту жалпы және арнайы білім беру ұстанымына негізделген:
1) оқу іс-әрекетіндегі дағдыларды қалыптастыру, өзін-өзі бақылау қажеттілігі және оны жүзеге асыра білу;
2) оқу іс-әрекетін даралау, мұғалімнің білім, білік деңгейін үнемі ескеруі, әрқайсысының ойлауы мен сөйлеуін дамыту;
3) проблемалық оқыту элементтерін қолдану;
4) көрнекіліктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету, атап айтқанда ақпараттық технологияларды тарту арқылы;
5) оқу материалының коммуникативтілігін қамтамасыз ету, оқушылардың белсенді сөйлеуін дамыту.
7. Естімейтін оқушыларды оқытуда білім алушылардың психофизиологиялық, есту-сөйлеу және танымдық қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл оқытудың түзету бағыты, естімейтін оқушылармен арнайы қатынас құралы мен сурдоаударманы қолдану, арнайы әдістемелік тәсілдерді таңдауды туындатады.
8. Практикалық дағдылар мен біліктіліктерге: есептеу, өлшеу, бейнелеу; интеллектуалдыға - салыстыру, абстракциялау, жалпылау қабілетін жатқызуға болады.
9. Сабаққа дайындалу және оқу материалын беру кезінде қалыптасатын ұғымның немесе шеберліктің сипатын ескеру қажет, оқушылардың әр кезеңде алған білімдерінің нақты деңгейін ескеру, бағдарламаның игерілуін бақылау қажет.
10. Білім алушыларды оқытуда әр сабақтың міндетті элементтері тақырыптың атауы, мақсат қою, хабарлама және сабақ жоспарын жазу, негізгі түсініктер мен оларды зерттеу әдістерін көрсете отырып, оқушылардың іс-әрекет түрлері мен материалдың игерілуін тексеру жолдары көрсетілген.
11. Естімейтіндердің сөйлеу тілін дамыту және байыту бойынша жұмыс сабақтың қажетті компоненті болып табылады.
12. Теориялық материалды меңгеру өткен тақырып бойынша білімдерін өзектеуден басталады. Оқушылар 5-10 минутта өткен тақырыптар бойынша негізгі анықтамалар, түсініктерді естеріне түсіреді. Содан кейін жедел сауалнама жүргізіледі (формасы басқаша болуы мүмкін). Ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті нашар дамыған естімейтін білім алушылар үшін бұл кезең қажет. Жаңа тақырыппен танысу терминдерді енгізуден басталуы керек. Термин тақтаға жазылып, дактильмен көрсетіледі, содан кейін мұғалім оның мағынасын түсіндіреді және оқушылармен бірге (және мүмкіндігінше сурдоаудармашының қатысуымен) осы терминнің мағынасына сәйкес келетін ым-ишараны таңдайды немесе ойлап табады. Әрі қарай мұғалім тақырыптың негізгі мазмұнын компьютерлік презентация арқылы ұсынады.
13. Компьютерді пайдалану материалдың қысқаша мазмұнын диаграммалар, графиктер, суреттермен және жақсы қабылдау үшін әр түрлі арнайы эффектілермен ұсынуға мүмкіндік береді. Мұндай қайталау біртекті мәтінді қабылдаудан гөрі бейнелі қабылдауы әлдеқайда тиімді болатын естімейтін білім алушылар үшін білім беру процесінің маңызды элементі болып табылады. Сабақ соңында білім алушыларға бекітуге арналған сұрақтар мен жаттығулар ұсынылады.
14. Естімейтін білім алушылардың көпшілігі танымдық іс-әрекеттің негізін құрайтын жалпы логикалық әдістер мен әрекеттерді меңгере бермейді, сондықтан білім алушылар оқу материалын игеру процесінде ойлаудың арнайы әдістеріне сирек жүгінеді, ереже бойынша олар оның кейбір көлемін тиісті түсінбей есте сақтайды.
15. Жалпы зияткерлік дағдыларды қалыптастыру қызметі (талдау, салыстыру, түсініктерге анықтама беру, материалды жүйелеу, дәлелдеу және т.б.) келесі компоненттерді қамтиды: ойлай әрекеті тәсілдерінің мәнін ашу, әр нақты жағдайда тәсілдің мағынасын нақтылау, оны практикалық қолдану. Сабақ барысында тапсырмалар алуда (маңызды және елеусіз белгілерді атау және мұғалімнің сабақта айтатын мазмұны туралы түсінікке анықтама беру; материалды жүйелеу; сабақ барысында немесе соңында жіктеу кестесін құрастыру және т.б.), студенттер интеллектуалды қызметке белсенді қатысады. Бұл тұрақты функционалды жағдайды сақтап білімді нақты меңгеруге мүмкіндік береді.
16. Жалпы зияткерлік дағдыларды қалыптастыру бойынша жұмыстың ерекшелігі - ол арнайы уақыт бөлуді қажет етпейді, бірақ бағдарлама cұрақтарын қарастырумен үйлеседі. Әр дамыту жаттығуы сабаққа негізделіп енгізіледі. Логикалық ойлау бір жастағы оқушылардың әр тобында әр түрлі қалыптасатындығын ескере отырып, естімейтін оқушылардың логикалық ойлауын жүйелі, дәйекті түрде дамыту қажет.
17. Естімейтін оқушылардың оқу іс-әрекетін дараландыру олардың танымдық әрекетінде, психофизикалық (оның ішінде есту қабілеті), эмоционалды-ерік және интеллектуалды күштерді жұмылдыру қабілетінде көрінетін жеке ерекшеліктерін ескеру негізінде жүзеге асырылады; дидактикалық және ұйымдастырушылық құралдарды қолдану. Түрлі дидактикалық және ұйымдастыру құралдарын қолдану тұрғысынан бұл білім беру мен дағдылардың қалыптасуының әр кезеңінде соңғы нәтижеге бақылау жасауда (өзін-өзі бақылауда) оқу мақсаттары мен нақты міндеттер мен іс-әрекет әдістерін дұрыс үйлестіруде көрінеді.
18. Естімейтін оқушылардың оқу әрекетін жекелендіру сабақта ұжымдық, топтық және жұптық жқмыстармен үйлеседі.
19. Ақпараттық технологиялар мұғалімнің құралдарының көлемін кеңейтеді, дамытушылық және түзету мәселелерін шешуге қажетті, бірақ дәстүрлі түрде қолданылатын құралдарды қолдану арқылы жасалмайтын оқыту жағдайларын жасауға көмектеседі.
20. Химия сабақтарында материалды оқып үйрену кезінде, жаңа қарапайым дағдылар мен біліктілікке машықтануда, материалды игеру сапасын диагностикалау үшін, өздігінен оқу, өзін-өзі жетілдіру кезінде әртүрлі бағдарламалық жасақтаманы қолдануға болады.
21. Интерактивті сабақтар - бұл нашар еститін оқушыларға сабақ беруде қолданылатын ұйымдастырушылық формалардың бірі. Мұндай сабақтарға дайындық оқу материалының мазмұнын сезімдік қабылдаудың әртүрлілігі мен түсіну, есте сақтау және қолдану қабілеттері арасындағы табиғи байланысты көрсететін ойлаудың абстрактылығын айқындылықпен ұштастыру принципіне негізделген. Графиканы қолдану бұл міндетті жеңілдетеді.
22. Компьютерлік оқыту құралдары мүмкіндік береді:
а) зерттелген объектіні көзге елестету;
б) ойлаудың белгілі бір түрін дамыту (мысалы, көрнекі-бейнелі, теориялық);
в) кері байланысты орнату, қателіктерді диагностикалау (экранда тиісті ескертулерді ұсынуды) оқу әрекеті мен бағалау нәтижелері бойынша бақылауды жүзеге асыру;
г) оқу әрекеті мәдениетін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
23. Көрнекілік пен проблемалық сұрақтарды тұжырымдаудың үйлесуі естімейтін оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың, логикалық ойлауды дамытудың тиімді әдісі.
3-тарау. "Химия" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
24. "Химия" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
2) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
3) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
4) 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
25. Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды:
1) Заттардың бөлшектері;
2) Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3) Химиядағы энергетика;
4) Химия және қоршаған орта;
5) Химия және өмір.
26. "Заттардың бөлшектері" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) атомдар, иондар және молекулар;
2) атомның құрамы мен құрылысы;
3) атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы. Атомдардан иондардың құрылуы;
4) химиялық байланыстардың түрлері.
27. "Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) периодтық заң мен химиялық элеметтердің периодтық жүйесі;
2) химиялық реакциялардың жіктелуі;
3) зат массасының сақталу заңы;
4) металдардың электрохимиялық кернеу қатары.
28. "Химиядағы энергетика" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар;
2) химиялық реакциялардың жылдамдығы;
3) химиялық тепе-теңдік;
4) қышқылдар мен негіздер теориясы.
29. "Химия және қоршаған орта" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) заттардың жіктелуі;
2) Жер химиясы;
3) көміртек және оның қосылыстары химиясы.
30. "Химия және өмір" бөлімі бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды: 1) биохимия.
31. 7-сыныпқа арналған "Химия" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Химия пәні". Таза заттар және қоспалар. Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы, химияның дамуы мен маңызы; химия кабинетіндегі және зертханасындағы қауіпсіздік техникасының ережелері; таза заттар және олардың физикалық қасиеттері, біртекті және әртекті қоспалар, заттарды тазарту және бөлу тәсілдері; жәй және күрделі заттар; элемент және химиялық қосылыстар. № 1 практикалық жұмыс "Техника қауіпсіздігі ережелері және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу". № 1 зертханалық тәжірибе "Заттарды және олардың қосылыстарын салыстыру". №2 зертханалық тәжірибе "Ластанған ас тұзын тазарту";
2) "Заттар күйінің өзгеруі". Физикалық және химиялық құбылыстар; химиялық реакция; заттың агрегаттық күйлері; қатты, сұйық, бөлшектердің кинетикалық теориясына сәйкес газтәріздес заттардың құрылымы; заттардың салқындау, қыздыру және булану үдерістері. № 3 зертханалық тәжірибе "Химиялық реакциялардың белгілерін зерттеу". № 4 зертханалық тәжірибе "Аспирин немесе салолдың салқындау үдерісін зерттеу". № 5 зертханалық тәжірибе "Судың қайнау үдерісін зерттеу". №1 бақылау жұмысы;
3) "Атомдар. Молекулалар. Заттар". Атомдар мен молекулалар; атомдар мен молекулалардың айырмашылығы; химиялық элементтер; химиялық элементтердің символдары; элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу; жай және күрделі заттар; атомның құрамы мен құрылысы; ядро, протон, нейтрон, электрон; изотоптар; элементті аталуы және фундаменталды бөлшектерінің саны бойынша сипаттау;
4) "Ауа. Жану реакциясы". Ауа және оның құрамы; атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызы; жану үдерісі; заттың жану шарттары; тез тұтанатын, жанатын және жанбайтын заттар; отын, оттек, тұтану көзі; тұтану температурасы; металдар мен бейметалдардың жануы; жану реакциясының өнімдері. № 6 зертханалық тәжірибе "Балауыз шамның жануы". № 2 практикалық жұмыс/Көрсетілім "Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттегінде жануын салыстыру". № 2 бақылау жұмысы;
5) "Химиялық реакциялар". Табиғи қышқылдар мен сілтілер; "қышқылдық" және "сабынды" қасиеттері; индикаторлар, әмбебап индикатор, рН шкала метилоранж, лакмус, фенолфталеин; индикаторлардың түрлі орталардағы түстерінің өзгеруі; қышқылдар мен сілтілер; антацидті заттар; бейтараптану реакциясы; сұйылтылған қышқылдар; қышқылдардың қолданылу аймақтары; қышқылдармен жұмыс жүргізу ережелері; сұйылтылған қышқылдардың түрлі металдармен әрекеттесуі; сутекке сапалық реакция; карбонаттар; сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі; көмірқышқыл газына сапалық реакция. № 7 зертханалық тәжірибе "Ерітінділердің қышқылдық, негіздік ортасын анықтау". № 8 зертханалық тәжірибе "Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы". № 9 зертханалық тәжірибе "Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен реакциясы". № 10 зертханалық жұмыс "Сутекке сапалық реакция". № 3 практикалық жұмыс "Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция";
6) "Химиялық элементтердің периодтық кестесі". Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы; И. ДҰберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің элементтерді жіктеуі; периодтық заң; периодтық кестенің құрылымы; периодтық кестенің құрылу принципі; атом нөмірі; ядро заряды; атомдағы элементер бөлшектер;
7) "Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формулалар". Изотоптар қоспасы, табиғи изотоптар; салыстырмалы атомдық масса; салыстырмалы молекулалық/формулалық масса; химиялық формула; химиялық элементтердің валенттілігі, бинарлы қосылыстардың формулаларын құрастыру; қосылыстардағы атомдардың қатынастары. Есептеуге берілген есептер: салыстырмалы молекулалық массаны есептеу. № 3 бақылау жұмысы;
8) "Адам ағзасындағы химиялық элементтер". Қоректік заттар; адам ағзасындағы химиялық элементтер (О, С, Н, N, Ca, P, K); химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы таралуы; адам ағзасындағы микро-, макроэлементтердің биологиялық рөлі; тыныс алу үдерісі, тамақтану теңгерімі. № 4 практикалық жұмыс "Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау". № 11 зертханалық тәжірибе "Тыныс алу үдерісін зерттеу".
32. 8-сыныпқа арналған "Химия" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Геологиялық химиялық қосылыстар". Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар, табиғи ресурстар; кен орны; кен; кеннің құрамы; минералдар; табиғи ресурстарды өндіру; металдарды алу; Қазақстанның пайдалы қазбалары; минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері. № 4 бақылау жұмысы;
2) "Атомдардағы электрондардың қозғалысы". Атомдардағы электрондардың орналасуы; энергетикалық деңгейлер; s және p орбитальдарының пішіндері; электрондық конфигурация; электронды-графикалық формула; ион; иондардың түзілуі; "нольдік қосынды" әдісімен қосылыстардың формулаларын құрастыру. №1 зертханалық тәжірибе "Атомдардың модельдерін жасау";
3) "3аттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері". Химиялық формула; химиялық реакция теңдеулері; заттардың массасының сақталу заңы; химиялық реакциялардың типтері: бірігу, ажырау, алмастыру, алмасу; табиғаттағы, химиялық реакциялар тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар. № 1 көрсетілім "Заттардың массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе". № 2 зертханалық тәжірибе "Әрекеттесуші заттардың массасының қатынасы". Есептеуге берілген есептер: химиялық формула бойынша химиялық бірігудегі элементтің массалық үлесін есептеу; элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формуласын анықтау;
4) "Металдардың химиялық белсенділігі". Металдардың тотығуы; металдардың жемірілуі; металдардың сумен әрекеттесуі; металдардың қышқыл ерітінділерімен, металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі; металдардың белсенділік қатары; металдардың белсенділігін салыстыру. № 2 көрсетілім "Белсенді металдардың сумен әрекеттесуі". № 3 зертханалық тәжірибе "Металдардың қышқылдар ерітіндісімен әрекеттесуі". № 3 көрсетілім "Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру". № 1 практикалық жұмыс "Металдардың белсенділігін салыстыру". № 1 бақылау жұмысы;
5) "Заттың мөлшері". Заттың мөлшері; моль; Авогадро саны; заттың молярлық массасы. Есептеуге берілген есептер: жәй және күрделі заттардың салыстырмалы молярлық массасын есептеу; химиялық формула бойынша заттың молярлық массасын, массасын және заттың мөлшерін есептеу; заттың белгілі мөлшеріндегі атомдардың (молекулалардың) сандарын есептеу;
6) "Стехиометриялық есептеулер". Химиялық реакциялардың теңдеулері бойынша есептер шығару; молярлық көлем; газдардың салыстырмалы тығыздығы; көлемдік қатынастар заңы; қалыпты және стандартты жағдайлар. Есептеуге берілген есептер: химиялық формула бойынша заттың молярлық массасын , массасын және заттың мөлшерін есептеу; заттың берілген массасы немесе заттың мөлшері бойынша атомдар мен молекулалардың сандарын есептеу; химиялық реакциялардың теңдеулері бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеу; қалыпты жағдайлардағы газдың көлемін, газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу; оттек және ауа бойынша газдардың салыстырмалы тығыздықтарын есептеу; заттың мөлшері, молярлық масса, газдың молярлық көлемі, Авогадро заңы ұғымдарын пайдаланып формулалар бйынша есептеулер жасау; химиялық реакциялар кезіндегі газдардың көлемдік қатынастары түсініктерін қолданып есептеулер жасау;
7) "Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу". Отынның жануы және энергияның бөлінуі; көміртекті отынның жануы кезінде көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілуі мүмкіндігі; жылыжайлық эффектіcінің себептері және шешу жолдары; экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар; әртүрлі отындардың потенциалы; қоршаған ортаға әсері; кинетикалық бөлшектер теориясы тұрғысынан энергия өзгерісі; реакцияның жылу эффектісі; термохимиялық теңдеулер. № 4 зертханалық тәжірибе "Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар". Есептеуге берілген есептер: реакциялардың термохимиялық теңдеулері бойынша реакцияның жылу эффекттісін есептеу;
8) "Сутек. Оттек және озон". Сутек – химиялық элемент және жәй зат, сутектің изотоптары (протий, дейтерий және тритий); сутектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы; оттек – химиялық элемент және жәй зат, оттектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы; сутектің және оттектің бинарлы қосылыстары; табиғатта таралуы; оттектің аллотропиялық түрөзгерісі, озон; сутек пен оттекті алу; Жер бетіндегі озон қабатының маңызы. № 4 көрсетілім "Сутек пероксидінің ажырауы". № 2 практикалық жұмыс "Сутекті алу және оның қасиеттерін зерттеу". № 3 практикалық жұмыс "Сутектің переоксидінен оттекті алу және оның қасиеттерін зерттеу". Есептеуге берілген есептер: реакцияға қатысатын немесе реакция нәтижесінде түзілген өнімнің белгілі массасы, заттың мөлшері немесе көлемі бойынша заттың массасын, заттың мөлшерін, (газдың) көлемін есептеу. № 2 бақылау жұмысы;
9) "Химиялық элементтердің периодтық жүйесі". Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы, периодтың, топтың, атом нөмірінің физикалық мәні; химиялық элементтердің атомдарының кейбір қасиеттері мен сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі; периодтық жүйедегі орыны бойынша элементтің сипатталуы; химиялық элементтердің табиғи тектестері; сілтілік металдардың, галогендердің, инертті газдардың тектестері; металдар мен бейметалдар; периодтық кестеде орналасуына байланысты химиялық элементтің қасиеттері;
10) "Химиялық байланыс түрлері". Химиялық элементтердің электртерістілігі, атомдар арасындағы химиялық байланыстар табиғатының бірлігі, ковалентті полярлық және полярлық емес байланыс, иондық байланыс, заттың аморфты және кристалдық күйлері, кристалл торларының типтері, заттардың қасиеттерінің оның құрылысына тәуелділігі;
11) "Ерітінділер және ерігіштік". Заттардың суда еруі, заттардың судағы ерігіштігі бойынша жіктелуі; ерітінділер; еріген заттың массалық үлесі, молярлық концентрация, қатты заттардың, сұйықтардың және газдардың суда ерігіштігі, кристаллогидраттар; ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі рөлі; заттарды ерігіштігіне температураның әсері. № 5 зертханалық тәжірибе "Заттардың ерігіштігін зерттеу". № 4 практикалық жұмыс "Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері". № 5 практикалық жұмыс "Берілген пайыздық және молярлық концентрациялы ерітінділерді дайындау". Есептеуге берілген есептер: заттардың судағы ерігіштігін есептеу; тығыздығы мен көлемі бойынша ерітіндінің массасын анықтау, еріген заттың және еріткіштің массасын, еріген заттың массалық үлесін есептеу; ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу. № 3 бақылау жұмысы.
12) "Көміртек және оның қосылыстары". Көміртектің жалпы сипаттамасы; табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуы; көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері; көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолдану аймағы; көміртектің қасиеттері; көміртектің оксидтері және олардың қасиеттері; тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсері; көміртектің табиғаттағы айналымы. №6 практикалық жұмыс "Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері". №7 практикалық жұмыс "Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттері зерттеу". Есептеуге берілген есептер: химиялық реакция теңдеуі бойынша реакцияға қатысушы немесе реакция нәтижесінде түзілген бір заттың белгілі массасы, мөлшері немесе көлемі бойынша табиғатта жүретін процестер мен химиялық реакция нәтижесінде түзілген өнімнің немесе реагенттің массасын, заттың мөлшерін, көлемін есептеу; ерітіндінің белгілі массасы және еріген заттың массалық үлесі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін және заттың мөлшерін есептеу.
33. 9-сыныпқа арналған "Химия" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары". Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс; қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы және қолданылуы; негіздер: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы және қолданылуы; тұздар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы және қолданылуы; бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс.№ 6 зертханалық тәжірибе "Оксидтердің химиялық қасиеттерін зерттеу".№ 7 зертханалық тәжірибе "Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу".№ 8 зертханалық тәжірибе "Негіздердің химиялық қасиеттерін зерттеу".№ 9 зертханалық тәжірибе "Тұздардың қасиеттері және алынуы".Есептеуге берілген есептер: химиялық реакция теңдеуі бойынша реакцияға қатысушы немесе реакция нәтижесінде түзілген бір заттың белгілі массасы, мөлшері немесе көлемі бойынша табиғатта жүретін процестер мен химиялық реакция нәтижесінде түзілген өнімнің немесе реагенттің массасын, заттың мөлшерін, көлемін есептеу; ерітіндінің белгілі массасы және еріген заттың массалық үлесі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін және заттың мөлшерін есептеу;
2) "Су". Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы, табиғаттағы су, су – табиғи әмбебап еріткіш, сулы ерітінділер және жүзгіндер, судың бірегей қасиеттері және оның өмір үшін маңызы; судың табиғаттағы айналымы; судың ластану себептері; судың кермектігі және оны жою тәсілдері; судың және сулы ерітінділердің табиғаттағы, өндірістің түрлі салаларындағы және ауыл шаруашылығындағы маңызы; суды тазарту әдістері; ауыз суын тазарту, Қазақстан Республикасындағы ауыз су мәселесі, су басейнін ластанудан қорғау, Қазақстандағы су ресурстарының экологиялық мәселелері; сусыз мыс (ІІ) сульфатының көмегімен суды анықтау әдісі. № 10 зертханалық тәжірибе "Судың кермектігін анықтау".Есептеуге берілген есептер: еріген заттың массалық үлесін, еріткіштің, еріген заттың массасын есептеу.№ 4 бақылау жұмысы;
3) "Электролиттік диссоциация". Электролиттер және бейэлектролиттер, С.Аррениустың электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидалары, электролиттік диссоциациялану механизмі; ерітінділердің немесе заттың балқымаларының электр өткізгіштігінің химиялық байланыс түріне тәуелділігі; күшті және әлсіз электролиттер, диссоциациялану дәрежесі, қышқыл, сілті және тұздардың судағы ерітінділерінде электролиттік диссоциациялануы, көпнегізді қышқылдардың, қышқылдық және негіздік тұздардың диссоциациялануы, ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары; электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің химиялық қасиеттері; тұздар гидролизі. № 1 көрсетілім "Иондық және ковалентті полярлық байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы". № 1 зертханалық тәжірибе "Қышқыл, сілті ерітінділерінің рН -ын анықтау".№ 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары". № 2 зертханалық тәжірибе "Тұздар гидролизі". Есептеуге берілген есептер: химиялық реакция теңдеуі бойынша заттың мөлшерін, массасын, реакция өнімінің көлемін есептеу; диссоциациялану дәрежесін есептеу;
4) "Бейорганикалық заттарға сапалық талдау". Катиондарға сапалық реакциялар; жалын түсінің боялуы бойынша Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау; аниондардың сапалық реакциялары; бейорганикалық қосылыстардың құрамын сапалық талдау. № 3 зертханалық тәжірибе жалын түсінің боялуы бойынша "Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катиондарын анықтау". № 4 зертханалық тәжірибе "Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар". № 5 зертханалық тәжірибе "Сулы ерітіндідегі Сl–, Br–, I–, PO43–, SO42–, CO32–, NO3–, SiO32 аниондарын анықтау". № 2 практикалық жұмыс "Бейорганикалық қосылыстарды сапалық талдау". Есептеуге берілген есептер: егер әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілсе химиялық теңдеулер бойынша есептеу;
5) "Химиялық реакциялардың жылдамдығы". Химиялық реакциялардың жылдамдығы; химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар; бөлшектердің кинетикалық тұрғысынан реакция жылдамдығы; катализаторлар; ингибиторлар; катализаторлар мен ингибиторлардың реакция жылдамдығына әсері. № 2 көрсетілім "Түрлі химиялық реакциялардың жылдамдығы". № 6 зертханалық тәжірибе "Концентрацияның температурасы мен бөлшектер көлемінің реакция жылдамдығына әсері". № 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері";
6) "Қайтымды реакциялар". Химиялық тепе-теңдік; тепе-теңдік динамикалық үдеріс ретінде; химиялық тепе-теңдіктің ығысуы; Ле-Шателье-Браун принципі; химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлардың өзгерісінің әсері; бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан химиялық тепе-теңдік. № 3 көрсетілім "Қайтымды химиялық реакциялар". № 7 зертханалық тәжірибе "Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы;
7) "Тотығу-тотықсыздану реакциялары". Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері, қосылыстардың формулалары бойынша химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш туралы түсінік, тотығу-тотықсыздану реакциялары; электрондық баланс әдісі;
8) "Металдар мен қорытпалар". Металдардың жалпы сипаттамасы; металдық байланыс пен металдық кристалдық тор; темір мен мыстың физикалық және химиялық қасиеттері; металдардың тек тотықсыздандырғыш қасиеттерін көрсетуі; темір қорытпалары және олардың қолданылуы; металлургия туралы түсінік, шойын мен болат өндірісі; Қазақстанда металлургияның дамуы, металдар мен олардың қорытпаларын алу, Қазақстандағы металдар және оның қосылыстарының маңызды кен орындары; металдарды өндіру үдерістері, қоршаған ортаға әсері; металдарды алу. № 4 көрсетілім "Металдардың кристалдық торы модельдері". № 5 көрсетілім "Металдар және қорытпалар". Есептеуге берілген есептер: егер құрамында қоспаның белгілі бір массалық үлесі бар басқа заттың массасы белгілі болған жағдайда реакция теңдеуі бойынша заттың массасын есептеу; өндірістік және экологиялық мазмұндағы теориялық мүмкін мәнімен саластырғандағы заттың шығымы массасын есептеу.
34. 10-сыныпқа арналған "Химия" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) 1 (I), 2 (II) және 3 (III) топтар элементтері және олардың қосылыстары. 1 (I)-топ элементтері және олардың қосылыстары; атомдары құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттері; сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттері және олардың қолданылуы; 2 (ІІ)-топ элементтері және олардың қосылыстары; 1 (І)-ші және 2 (ІІ)-топ металдарының жалпы қасиеттері; кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттері және олардың қолданылуы; 3 (ІІІ)-топ элементтері; алюминий және оның қосылыстары; алюминийдің қосылыстары мен қорытпаларынның қолдану аймағы; алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттері. № 6 көрсетілім "Натрийдің, кальцидің сумен әрекеттесуі". № 8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі". № 7 көрсетілім "Алюминий мен оның қорытпалары". № 9 зертханалық тәжірибе "Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі". № 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығару. Есептеуге берілген есептер: егер құрамында қоспаның белгілі массалық үлесі бар басқа заттың массасы белгілі болғанда, заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу; өндірістік және экологиялық мазмұндағы теориялық мүмкін мәнімен саластырғандағы заттың шығымы массасын есептеу; өндірістік және экологиялық мазмұндағы теориялық мүмкін мәнімен саластырғандағы заттың шығымы массасын есептеу. № 2 бақылау жұмысы;
2) 7 (VII), 6 (VI), 5 (V), 4 (IV) - топтарының элементтері және олардың қосылыстары. (VII) топ элементтері, галогендер; байланыс түрі және кристалдық тор типі; топтағы галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары; хлор; хлордың химиялық қасиеттері: металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуі; хлорсутек қышқылының құрамы қасиеттері мен қолданылуы; 6 (VI)-топ элементтері, күкірт, күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерінің физикалық қасиеттері, күкірттің негізгі қосылыстары және олардың физикалық және химиялық қасиеттері; қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсері; күкірт қышқылы, күкірт қышқылы және оның тұздарының жалпы және ерекше қасиеттері, қасиеттері мен қолданылуы; 5 (V)-топ элементтері: азот, азоттың қасиеттері және табиғаттағы азот айналымы; аммиак, аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы; аммиак өндірісі; (Габер синтезі): азот қышқылы; азот қышқылының қасиеттері; азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері; фосфор және оның қосылыстары; фосфорды аллотропиялық түрлендіру; фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары; фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттері; минералды тыңайтқыштар, олардың Қазақстанда өндірілуі және оларды тиімді қолдану; азот және фосфор тыңайтқыштарының қоршаған ортаға әсері; 14 (IV) - топ элементтері; кремний және оның қосылыстары; кремнийдің қолданылу аймағы және оның жартылай өткізгіш ретінде маңызы; сұйық кристалдар, кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор типі; кремний мен оның қосылыстарының химиялық қасиеттері; Қазақстандағы силикат өнеркәсібі; № 8 көрсетілім "Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері".№ 5 практикалық жұмыс "Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу".№ 10 зертханалық тәжірибе "Азот молекуласының моделін дайындау".№ 11 зертханалық тәжірибе "Аммиак молекуласының моделін дайындау".№ 6 практикалық жұмыс "Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу".№ 12 зертханалық тәжірибе "Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері".№ 9 көрсетілім "Минералды тыңайтқыштар". № 10 көрсетілім "Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торларының модельдері". Есептеуге берілген есептер: химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеу, бірі зат бастапқы заттардан артық берілген есептер; егер реакция өнімінің практикалық шығымының массалық үлесі белгілі болса, химиялық реакция теңдеуі бойынша заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын есептеу; құрамындағы қоспаның массалық үлесі бар басқа заттың массасы бойынша реакция өнімінің массасын есептеу;
3) "Адам ағзасындағы химиялық элементтер". Адам ағзасының химиялық құрамы; макроэлементтер және микроэлементтер, олардың маңызы; адам ағзасының құрамына кіретін элементтер және олардың маңызы: (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe); Қазақстан тұрғындарының теңгерімді тамақтану рационы; ағзадағы кейбір элементтерді анықтау; ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы көздері, ауыр металдардың ағзаларға әсері. № 13 зертханалық тәжірибе "Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау". № 14 зертханалық тәжірибе "Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау". № 3 бақылау жұмысы.
4) "Органикалық химияға кіріспе". Органикалық химия – көміртек қосылыстарының химиясы, А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидалары; органикалық заттардың ерекшеліктері; органикалық қосылыстардың жіктелуі; функционалдық топ түсінігі; органикалық қосылыстардың гомологтық қатарлары; органикалық қосылыстардың гомологтық қатарлары; органикалық қосылыстардың номенклатурасы; органикалық қосылыстардың изомериясы; № 11 көрсетілім "Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь,этан қышқылы, глюкоза, аминоэтан қышқылы модельдері". № 12 көрсетілім "Алкандардың алғашқы бес өкілдерінің және сызықты құрылымды спирттердің модельдері". № 13 көрсетілім "Пентан изомерлерінің модельдері". Есептеуге берілген есептер: элементтердің массалық үлесі және салыстырмалы тығыздығы бойынша газтәрізді заттардың молекулалық формулаларын табу.
5) "Көмірсутектер. Отын". Көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы және изомериясы, қаныққан көмірсутектер, алкан, метан, қанықпаған көмірсутектер,алкендер, этилен, алкиндер,ацетилен; арендер, бензол; көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыс, көмірсутектердің табиғи көздері, көмірсутекті отындар; табиғи газдың, мұнайдың, көмірдің Қазақстандағы кен орындары, оларды өндіру және өңдеу; көмірсутектерді өндіру, өңдеу және қолданудағы экологиялық мәселелер, көмірсутектерді экономиканың түрлі салаларында және тұрмыста пайдалану; альтернативті отын түрлері; мұнай, мұнай фракциялары және шикі мұнай өнімдерінің қолдану аймағы. № 14 көрсетілім "Этиленнің жануы, бром суы мен калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіруі". № 15 көрсетілім "Отын түрлері". № 16 көрсетілім "Мұнай және мұнай өнімдері". Есепетеуге берілген есептер: реакция өнімінің массасы немесе көлемі және белгілі заттың салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттың формуласын анықтау;
6) "Оттекті және азотты органикалық қосылыстар". Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы, метанол, этанол, спирттердің улылығы және этил спиртінің адам организміне зиянды әсері, оттекті органикалық қосылыстардың өкілдері; этандиол, пропантриол, этан қышқылы, глюкоза, сахароза, крахмал, целлюлозаның қолданылуы; карбон қышқылдары, күрделі эфирлер мен майлар, сабын, синтетикалық жуғыш заттар, синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсері; көмірсулар, нәруыздар, аминқышқылдары; биологиялық маңызды органикалық қосылыстар, Қазақстанның тамақ өнеркәсібі. № 15 зертханалық тәжірибе "Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу". № 16 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы". Есептеуге берілген есептер: егер құрамында қоспаның массалық үлесі бар басқа заттың массасы белгілі болған жағдайда, реакция теңдеуі бойынша органикалық заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын есептеу; өндірістік және экологиялық мазмұндағы теориялық мүмкін мәнімен саластырғандағы заттың шығымы массасын есептеу; метан, бутан, этанолдың жану реакция теңдеуі бойынша оттектің, ауаның көлемдерін есептеу. № 4 бақылау жұмысы.
4-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
35. Бағдарламада, оқыту мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 9.2.1.2. кодында "9" - сынып, "2.1" - бөлімше, "2" - оқыту мақсатының реттік саны.
36. Күтілетін нәтижелер бойынша оқыту мақсаттарының жүйесі:
1) "Тірі организмдердің көп түрлілігі, құрылымы мен қызметтері" бөлімі:
1-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7 сынып
|
8 сынып
|
9 сынып
|
10 сынып
|
1.1 Атомдар, иондар және молекулар
|
7.1.1.1 "Химия" ғылымының нені оқытатынын білу;
7.1.1.2 химиялық зертханада және кабинетінде жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну;
7.1.1.3 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алу;
7.1.1.4 заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіре алу;
7.1.1.5 салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру;
7.1.1.6 судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру
|
8.1.1.1 зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде – мольді және Авогадро санын білу;
8.1.1.2 формула бойынша заттың массасын, зат мөлшерін, құрылымдық бөлшектер санын есептей алу
|
|
|
1.2 Атом құрамы мен құрылысы
|
7.1.2.1 атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу;
7.1.2.2 әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу;
7.1.2.3 элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктей алу;
7.1.2.4 заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу;
7.1.2.5 протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу;
7.1.2.6 алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу;
7.1.2.7 "изотоп" түсінігін білу;
7.1.2.8 Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну;
7.1.2.9 табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну;
7.1.2.10 салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу;
7.1.2.11 элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу;
7.1.2.12 химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/формулалық массасын есептеу
|
|
|
|
1.3 Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы. Атомдардан иондардың құрылуы
|
|
8.1.3.1 атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну;
8.1.3.2 әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну;
8.1.3.3 s және р орбиталдарының пішінін атау;
8.1.3.4 алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды-графикалық формулаларын жазу;
8.1.3.5 атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну;
8.1.3.6 "нольдік қосынды" әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру
|
|
|
1.4 Химиялық байланыстардың түрлері
|
|
8.1.4.1 электртерістілік ұғымына сүйеніп ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;
8.1.4.2 иондық байланыстың түзілуін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау;
8.1.4.3 заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру
|
9.1.4.1 металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу;
9.1.4.2 металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру;
9.1.4.3 құйма ұғымын анықтау және оның артықшылықтарын түсіндіру;
9.1.4.4 шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру
|
10.1.4.1 галоген молекулала-рының электрондық формула-ларын құрастыру және кристалдық тор түрлері мен байланыс типтерін анықтау;
10.1.4.1 кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор типін сипаттау
|
2) "Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары" бөлімі:
2-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7 сынып
|
8 сынып
|
9 сынып
|
10 сынып
|
2.1 Периодтық заң мен химиялық элеметтердің периодтық жүйесі
|
7.2.1.1 И.ДҰберейнер, Дж.Ньюлендс, Д.И.Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін салыстыру;
7.2.1.3 периодтық кестенің кестенің құрылымын сипаттау: топтар және периодтар
|
8.2.1.1 топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру;
8.2.1.2 бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығын түсіну;
8.2.1.3 топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;
8.2.1.4 периодтық жүйедегі орны бойынша элементті сипаттау;
8.2.1.5 химиялық қасиеттері ұқсас элемент-тердің бір топқа жататындығын дәлелдеу;
8.2.1.6 химиялық элементтердің табиғи ұяластарын атау және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру;
8.2.1.7 химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау
|
|
10.2.1.1 сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін олардың атомдарының құрылымы негізінде түсіндіру;
10.2.1.2 сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негізгі қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құру;
10.2.1.3 1 (I) және 2 (II) топтағы металдардың жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құру;
10.2.1.4 кальций оксидтері мен гидроксидтерінің негізгі қасиеттерін түсіндіру, қолданылуын сипаттау;
10.2.1.5 алюминийдің қасиеттерін түсіндіру атомның құрылымы негізінде алюминий мен оның қорытпаларын қолдану салаларын атаңыз;
10.2.1.6 алюминийдің, оның оксидінің және гидроксидінің амфотериялық қасиеттерін зерттеу;
10.2.1.7 қарапайым және күрделі заттармен 1 (I), 2 (II), 13 (III) топтағы металдардың өзара әрекеттесуі бойынша эксперименттерді жоспарлау және жүргізу;
10.2.1.8 топтағы галогендер қасиеттерінің өзгеру тенденциясын болжау;
10.2.1.9 хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау: металдармен, сутегімен және галогендермен өзара әрекеттесуі;
10.2.1.10 хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және қолдану саласын білу;
10.2.1.11 16 (VI) - топ элементтерінің жалпы сипаттамасын сипаттау;
10.2.1.12 күкірттің аллотропты түрленуінің физикалық қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құру;
10.2.1.13 (IV) және (VI) күкірт оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру;
10.2.1.14 күкірт қышқылы мен оның тұздары ерітіндісінің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
10.2.1.15 табиғаттағы азот айналымы мен азоттың қасиеттерін түсіндіру;
10.2.1.16 аммиактың алынуын, қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру;
10.2.1.17 аммоний тұзы ерітіндісінің сілті ерітіндісімен өзара әрекеттесуі арқылы аммиакты ала білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу;
10.2.1.18 азоттан азот қышқылын алу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
10.2.1.19 басқа қышқылдармен ортақ азот қышқылының қасиеттерін зерттеу;
10.2.1.20 сұйылтылған және концентрацияланған азот қышқылының металдармен өзара әрекеттесу ерекшелігін сипаттап, реакция теңдеулерін құра білу;
10.2.1.21 нитраттардың термиялық ыдырауының ерекшеліктерін түсіндіру, теңдеулер құру;
10.2.1.22 фосфордың аллотропты модификацияларын салыстыру;
10.2.1.23 фосфор мен оның қосылыстарының Жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру;
10.2.1.24 кремнийдің қолданылу аясын және оның жартылай өткізгіш ретіндегі маңызын түсіндіру;
10.2.1.25 кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттау, реакция теңдеулерін құру
|
2.2 Химиялық реакциялардың жіктелуі
|
7.2.2.1 сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау;
7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру;
7.2.2.3 кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
|
8.2.2.1 бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу;
8.2.2.2 табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау
|
9.2.2.1 реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құру;
9.2.2.2 бейтараптану және ион алмасу реакциялары-ның жүру себептерін түсіндіру;
9.2.2.3 тотығу дәрежесі ұғымының мәнін түсіндіру және оны заттың формуласы бойынша анықтау;
9.2.2.4 тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну;
9.2.2.5 тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну;
9.2.2.6 тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану – электронды қосып алу деп түсіну;
9.2.2.7 электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою
|
|
2.3 Зат массасының сақталу заңы
|
|
8.2.3.1 заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару;
8.2.3.2 әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтау;
8.2.3.3 реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру;
8.2.3.4 заттар массасының сақталу заңын атау;
8.2.3.5 химиялық реакция теңдеулері бойынша зат массасын, зат мөлшерін есептеу;
8.2.3.6 Авогадро заңын айту және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану;
8.2.3.7 газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу;
8.2.3.8 газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану
|
9.2.3.1 зат массасының сақталу заңына сәйкес реакция теңдеулерін құру;
9.2.3.2 заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару;
|
10.2.3.1 реакция өнімінің шығуын теориялық мүмкінімен салыстыру;
10.2.3.2 элементтердің салыстырмалы тығыздығы мен массалық үлестері бойынша газ тәрізді заттың молекулалық формуласын анықтау
|
2.4 Металдардың электро-химиялық кернеу қатары
|
|
8.2.4.1 кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;
8.2.4.2 белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;
8.2.4.3 металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу;
8.2.4.4 қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу;
8.2.4.5 металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру;
8.2.4.6 металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу
|
|
|
3) "Химиядағы энергетика" бөлімі:
3-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7 сынып
|
8 сынып
|
9 сынып
|
10 сынып
|
3.1 Экзотер-миялық және эндотермиялық реакциялар
|
7.3.1.1 ауа құрамын айту;
7.3.1.2 заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу;
7.3.1.3 атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну;
7.3.1.4 затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін айту;
7.3.1.5 тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру;
7.3.1.6 заттардың таза оттекте ауаға қарағанда жақсырақ жанатындығын түсіну;
7.3.1.7 металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу
|
8.3.1.1 заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксидтер екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну;
8.3.1.2 парниктік эффектінің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну;
8.3.1.3 экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу;
8.3.1.4 әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіну;
8.3.1.5 энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
|
|
|
3.2 Химиялық реакциялардың жылдамдығы
|
|
|
9.3.2.1 реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру;
9.3.2.2 реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру;
9.3.2.3 катализатордың реагенттен айырмашылығын және олардың реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру;
9.3.2.4 реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру
|
|
3.3 Химиялық тепе-теңдік
|
|
|
9.3.3.1 тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау;
9.3.3.2 Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау;
9.3.3.3 химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін түсіну және ажырату;
9.3.3.4 химиялық тепе-теңдікті бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
|
10.3.3.1 аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау;
|
3.4 Қышқылдар мен негіздер теориясы
|
7.3.4.1 кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің "қышқылдық" және "сабындылық" қасиеттер белгілері болуы мүмкін екендігін білу;
7.3.4.2 химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортада түстерінің өзгеруін атау;
7.3.4.3 рН шкаланың негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтау;
7.3.4.4 "антацидтік заттарды" қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну
|
8.3.4.1 заттарды олардың судағы ерігіштігі бойынша жіктеу;
8.3.4.2 заттар ерітінділерінің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру;
8.3.4.3 заттың ерігіштігіне температура әсерін түсіндіру;
8.3.4.4 буландыру техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептеу, алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстыру;
8.3.4.5 еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу;
8.3.4.6 ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу
|
9.3.4.1 оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін атау, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
9.3.4.2 қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін атау, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
9.3.4.3 негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін атау, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
9.3.4.4 тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру;
9.3.4.5 тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
9.3.4.6 бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу
|
|
4) "Химия және қоршаған орта" бөлімі:
4-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7 сынып
|
8 сынып
|
9 сынып
|
10 сынып
|
4.1 Заттардың жіктелуі
|
7.4.1.1 элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну;
7.4.1.2 таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;
7.4.1.3 элемент (жай зат) қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу;
7.4.1.4 қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамын дағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу;
7.4.1.5 қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін атау;
7.4.1.6 қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау
|
|
9.4.1.1 электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын айту және мысалдар келтіру;
9.4.1.2 заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру;
9.4.1.3 иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру;
9.4.1.4 электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын білу;
9.4.1.5 ерітінділердің қышқылдылығы мен сілтілігін ажырату;
9.4.1.6 қышқыл, негіз, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру;
9.4.1.7 күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу;
9.4.1.8 Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау;
9.4.1.9 Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакция жүргізу;
9.4.1.10 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап, нәтижесін сипаттау;
9.4.1.11 белгісіз заттардағы катион мен аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру
|
|
4.2 Жер химиясы
|
7.4.2.1 жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;
7.4.2.2 кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын түсіну;
7.4.2.3 металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау;
7.4.2.4 Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын атау;
7.4.2.5 табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
8.4.2.1 сутекті алу және оның қасиеттері мен қолдануын зерттеу;
8.4.2.2 ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін атау;
8.4.2.3 оттекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу;
8.4.2.4 оттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру;
8.4.2.5 Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру
|
9.4.2.1 судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру;
9.4.2.2 табиғаттағы су айналымын түсіндіру;
9.4.2.3 судың ластану қауіптілігін және салдарын анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру;
9.4.2.4 судың "кермектігін" анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру;
9.4.2.5 суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін айту;
9.4.2.6 табиғаттағы және тірі ағзалар қызметі мен адамның тіршілігіндегі жүретін химиялық реакцияларды сипаттау
|
10.4.2.1 қышқылдық жаңбырлардың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру;
10.4.2.2 фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау;
10.4.2.3 минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді атау;
10.4.2.4 азот және фосфор тыңайтқыштарының қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
|
4.3 Көміртек және оның қосылыстары
|
|
8.4.3.1 көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру;
8.4.3.2 табиғатта көміртек және оның қосылыс-тарының таралуын сипаттау;
8.4.3.3 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру;
8.4.3.4 көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
8.4.3.5 көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру;
8.4.3.6 көмірқышқыл газын алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу
8.4.3.7 көмірқышқыл газын алу, оның бар екенін дәлелдеу, қасиеттерін дәлелдеу;
8.4.3.8 табиғаттағы көмірсутегі айналымын түсіндіру
|
|
10.4.3.1 органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себептерін түсіндіру;
10.4.3.2 көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер,альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдарының жіктелуін білу;
10.4.3.3 функционалдық топ түсінігін берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру;
10.4.3.4 гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу;
10.4.3.5 органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер, арендер, спирттер, альдегидтер карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану;
10.4.3.6 көмірсутектердің құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастыра алу және изомерия құбылысын білу;
10.4.3.7 алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
10.4.3.8 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру;
10.4.3.9 қанықпағандық ұғымын сипаттау;
10.4.3.10 этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
10.4.3.11 полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру;
10.4.3.12 пластиктің ыдырау мерзімінің ұзақтық мәселесін түсіну және оқып білу, қоршаған ортада пластик материалдардың көбеюінің зардабын білу;
10.4.3.13 этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
10.4.3.14 бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау;
10.4.3.15 құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау;
10.4.3.16 Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
10.4.3.17 мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын атау;
10.4.3.18 оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу;
10.4.3.19 спирттердің жіктелуін метанол мен этанолдың, қолданылуын, этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру;
10.4.3.20 метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру;
10.4.3.21 этиленгликоль мен глицериннің физикалық қасиеттері мен қолданылуын білу;
10.4.3.22 карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау;
10.4.3.23 күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктері мен майлардың қызметін түсіндіру;
10.4.3.24 сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу;
10.4.3.25 синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
10.4.3.26 көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру;
10.4.3.27 нәруыздағы a- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
10.4.3.28 нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу;
10.4.3.29 нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру
|
5) "Химия және өмір" бөлімі:
5-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
7 сынып
|
8 сынып
|
9 сынып
|
10 сынып
|
5.1 Биохимия
|
7.5.1.1 тағам өнімдерін химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну;
7.5.1.2 тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды анықтау;
7.5.1.3 адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) атау;
7.5.1.4 тыныс алу үдерісін түсіндіру
|
|
|
10.5.1.1 кейбір қоректік заттарды білу және анықтай алу: көмірсулар (крахмал), ақуыздар, майлар;
10.5.1.2 адам ағзасының құрамына кіретін элементтердің (О, С, Н, N, Ca, P, K) оның денсаулығы үшін маңызын түсіндіру
10.5.1.3 адам ағзасындағы кальций және темірдің ролін түсіндіру;
10.5.1.4 тамақ өнімдерінің құрамында көміртекті анықтау
10.5.1.5 ауыр металдармен ластану көздері атау және оның ағзаға әсерін түсіндіру
|
37. Бағдарлама есту қабілеті зақымдалған (естімейтіндер) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 7-10 сыныптары үшін "Химия" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспары негізінде осы Бағдарламаның қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып бойынша әр бөлімде қамтылатын оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.
38. Бөлімдер мен тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
|
Есту қабілеті зақымдалған (естімейтіндер) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 7-10 сыныптары үшін "Химия" пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасына қосымша |
Есту қабілеті зақымдалған (естімейтіндер) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 7-10 сыныптары үшін "Химия" пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұзақ мерзімді жоспар
1) 7-сынып:
1-кесте
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1 – тоқсан
|
7.1 Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
|
Химия пәні.
№1 практикалық жұмыс
"Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу"
|
7.1.1.1 химия ғылымының нені оқытатынын білу;
7.1.1.2 химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін орындау
|
Элемент, қоспа және қосылыс.
№1 зертханалық тәжірибе "Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру"
|
7.4.1.1 элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну;
7.4.1.2 таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;
7.4.1.3 элемент(жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу;
7.4.1.4 қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу
|
Қоспаларды бөлу әдістері.
№2 зертханалық тәжірибе "Ластанған ас тұзын тазарту"
|
7.4.1.5 қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін атау;
7.4.1.6 қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу
|
7.1 Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі
|
Физикалық және химиялық құбылыстар.
№3 зертханалық тәжірибе "Химиялық реакциялардың белгілері"
|
7.1.1.3 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
|
Заттардың агрегаттық күйлері
|
7.1.1.4 заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін айту және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру
|
Салқындау үдерісі № 4 зертханалық тәжірибе "Салқындау үдерісін зерттеу"
|
7.1.1.5 - салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру
|
Қыздыру үдерісі №5 зертханалық тәжірибе "Судың қайнау үдерісін зерттеу"
|
7.1.1.6 - судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру
|
2 тоқсан
|
7.2 Атомдар Молекулалар Заттар
|
Атомдар мен молекулалар
|
7.1.2.1 - атомдар мен молекулалардың айырмашылығын айту
|
Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар
|
7.1.2.2 - әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу;
7.1.2.3 элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу;
7.1.2.4 заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу
|
Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар
|
7.1.2.5 протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын айту;
7.1.2.6 алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу;
7.1.2.7 изотоп түсінігін айту
|
7.2 Ауа. Жану реакциясы
|
Ауа. Ауаның құрамы №6 зертханалық тәжірибе "Балауыз шамның жануы"
|
7.3.1.1 ауа құрамын айту;
7.3.1.2 заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу;
7.3.1.3 атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну
|
Жану үдерісі
№ 2 практикалық жұмыс/көрсетілім
"Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру"
|
7.3.1.4 затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін атау;
7.3.1.5 тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру;
7.3.1.6 заттардың таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсіну;
7.3.1.7 металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу
|
3 тоқсан
|
7.3
Химиялық реакциялар
|
Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.
№7 зертханалық тәжірибе "Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау".
№8 зертханалық тәжірибе "Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы"
|
7.3.4.1 "қышқылдық" және "сабындылық" қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу;
7.3.4.2 химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін айту;
7.3.4.3 рН шкаласы негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтау;
7.3.4.4 "антацидтік заттарды" қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну
|
Сұйылтылған қыш-қылдардың металдар-мен әрекеттесуі.
№9 зертханалық тәжірибе "Мырыш-тың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі".
№10 зертханалық тәжірибе "Сутекке сапалық реакция"
|
7.2.2.1 - сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау;
7.2.2.2 - сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу жәнесутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
|
Сұйылтылған қыш-қылдардың карбонат-тармен әрекеттесуі.
№ 3 практикалық жұмыс "Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция"
|
7.2.2.3 - кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
|
7.3 Химиялық элементтердің периодтық кестесі
|
Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы
|
7.2.1.1 - И. ДҰберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін салыстыру
|
Периодтық кестенің құрылымы
|
7.2.1.2 - периодтық кестенің құрылымын сипаттау: топтар мен периодтар
|
7.7 Салыс-тырмалы атомдық масса және қарапайым формула
|
Салыстырмалы атомдық масса
|
7.1.2.8 - Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну;
7.1.2.9 - табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну;
7.1.2.10 - салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын атау
|
Валенттілік. Химиялық формулалар.
Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу
|
7.1.2.11 - элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын құру;
7.1.2.12 - химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/ формулалық массасын есептеу
|
4 тоқсан
|
7.4 Адам ағзасындағы химиялық элементтер
|
Тағам құрамындағы қоректік заттар.
№ 4 практикалық жұмыс "Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау"
|
7.5.1.1 -тағам өнімдерін химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну;
7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды анықту
|
Адам ағзасындағы химиялық элементтер. Тыныс алу үдерісі. №11 зертханалық тәжірибе
"Тыныс алу үдерісін зерттеу"
|
7.5.1.3 -адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) атау;
7.5.1.4 -тыныс алу үдерісін түсіндіру
|
7.4 Геологиялық химиялық қосылыстар
|
Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен құрамы
|
7.4.2.1 - Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;
7.4.2.2 - кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу;
7.4.2.3 - металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау
|
Қазақстанның пайдалы қазбалары Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері
|
7.4.2.4 - Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын атау;
7.4.2.5 - табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
2) 8 сынып:
2 кесте
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1 тоқсан
|
8.1 Атомдағы электрондардың қозғалысы
|
Атомда электрондардың таралуы
|
8.1.3.1 - атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну
|
Энергетикалық деңгейлер.
№ 1 зертханалық тәжірибе "Атомдар модельдерін жасау"
|
8.1.3.2 - әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну;
8.1.3.3 - s және р орбиталдарының пішінін атау;
8.1.3.4 - алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды-графикалық формуларын жазу
|
Иондардың түзілуі
|
8.1.3.5 -атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну
|
Қосылыстар формуласын құрастыру
|
8.1.3.6 -"нольдік қосынды" әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру
|
8.1
Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
|
Химиялық формулалар бойынша есептеулер
|
8.2.3.1 - заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару
|
Химиялық реакция теңдеулерін құру. Зат масссасының сақталу заңы.№ 1 көрсетілім "Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе".
№ 2 зертханалық тәжірибе "Әрекеттесуші заттардың қатынасы"
|
8.2.3.2 - әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтау;
8.2.3.3 - реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру;
8.2.3.4 - заттар массасының сақталу заңын атау
|
Химиялық реакция типтері
|
8.2.2.1 -бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу
|
Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
|
8.2.2.2-табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау;
|
8.1
Металдар белсенділігін салыстыру
|
Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі.
№ 2 көрсетілім "Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі"
|
8.2.4.1 - кейбір металдар басқаларға қараған-да тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;
8.2.4.2 - белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;
8.2.4.3 - металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу
|
Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі.
№ 3 зертханалық тәжірибе "Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі"
|
8.2.4.4 -қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу;
8.2.4.5 -металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру
|
Металдардың тұз ерітінді-лерімен реакциялары.
№ 3 көрсетілім "Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру"
|
8.2.4.6 - металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу
|
Металдардың белсенділік қатары.
№ 1 практикалық жұмыс "Металдардың белсенділігін салыстыру"
|
8.2.4.7 - эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру;
8.2.4.8 - металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау
|
2 тоқсан
|
8.2 Зат мөлшері
|
Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы
|
8.1.1.1 - зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде – мольді білу және Авогадро санын білу;
8.1.1.2 - қосылыстың молярлық массасын есептеу
|
Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс
|
8.1.1.3 -масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу
|
8.2 Стехиометриялық есептеулер
|
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару
|
8.2.3.5 - химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу
|
Авагадро заңы.Молярлық көлем
|
8.2.3.6 - Авогадро заңын айту және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану
|
Газдардың салыстырмалы тығыздығы.
Көлемдік қатынас заңы
|
8.2.3.7 - газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу;
8.2.3.8 - газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану
|
8.2 Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
|
Отынның жануы және энергияның бөлінуі
|
8.3.1.1 - заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну;
8.3.1.2 - парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну
|
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар.
№ 4 зертханалық тәжірибе "Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар"
|
8.3.1.3 - экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу;
8.3.1.4 - әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсер ету салдарын түсіну
|
Термохимиялық реакциялар
|
8.3.1.5 -энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
|
8.2 Сутек. Оттек және озон
|
Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.
№ 2 практикалық жұмыс "Сутекті алу және оның қасиеттерін тану"
|
8.4.2.1 - сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу
|
Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
№ 4 көрсетілім "Сутек пероксидінің ыдырауы".
№ 3 практикалық жұмыс "Оттекті алу және оның қасиеттерін тану"
|
8.4.2.2 - ауа құрамындағы және жер қырты-сындағы оттектің пайыздық мөлшерін айту;
8.4.2.3 - оттекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу
|
Оттек және озон
|
8.4.2.4 - оттектің аллотропиялық түр өзгеріс-терінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру;
8.4.2.5 - Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру
|
3 тоқсан
|
8.3
Химиялық элементтер-дің периодтық жүйесі
|
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы
|
8.2.1.1 - топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру
|
Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі
|
8.2.1.2 - бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығын түсіну;
8.2.1.3 - топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің заңдылықпен өзгеретінін түсіндіру
|
Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы
|
8.2.1.4 - периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау
|
Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері
|
8.2.1.5 - химиялық қасиеттері ұқсас элемент-тердің бір топқа жататындығын дәлелдеу;
8.2.1.6 - химиялық элементтердің табиғи ұяластарын айту және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру
|
Металдар және бейметалдар
|
9.2.1.7 - химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау
|
8.3 Химиялық байланыс түрлері
|
Электртерістілік. Ковалентті байланыс
|
8.1.4.1 - электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
|
Иондық байланыс
|
8.1.4.2 - иондық байланыстың түзілу механизмін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау
|
Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс
|
8.1.4.3 - заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру
|
8.3 Ерітінділер және ерігіштік
|
Заттардың суда еруі.
№ 5 зертханалық тәжірибе "Заттардың ерігіштігін зерттеу"
|
8.3.4.1 - заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу;
8.3.4.2 - ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру
|
Заттардың ерігіштігі.
№ 4 практикалық жұмыс "Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері"
|
8.3.4.3 - заттың ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіру;
8.3.4.4 - буландыру техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептеу, алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстыру
|
Еріген заттың массалық үлесі
|
8.3.4.5 - еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу
|
Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы.
№ 5 практикалық жұмыс "Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау"
|
8.3.4.6 - ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу
|
4 тоқсан
|
8.4
Бейоргани-калық қосылыстар-дың негізгі кластары.
Генетикалық байланыс
|
Оксидтер. № 6 зертханалық тәжірибе "Оксидтердің қасиеттерін зерттеу"
|
9.3.4.1 - оксидтердің жіктелуін және қасиет-терін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
Қышқылдар.
№ 7 зертханалық тәжірибе "Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу"
|
9.3.4.2 - қышқылдардың жіктелуін, қасиет-терін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
Негіздер.
№ 8 зертханалық тәжірибе "Негіздердің қасиеттерін зерттеу"
|
9.3.4.3 - негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
Тұздар.
№ 9 зертханалық тәжірибе "Тұздардың қасиеттері және алынуы"
|
9.3.4.4 - тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
9.3.4.5 - тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс
|
9.3.4.6-бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты
зерттеу
|
8.4 Көміртек және оның қосылыстары
|
Көміртектің жалпы сипаттамасы
|
8.4.3.1 - көміртек неліктен көптеген қосылыс-тарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру;
8.4.3.2 - табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуын сипаттау
|
Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері
|
8.4.3.3 - көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру;
8.4.3.4 - көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу
|
Көміртектің қасиеттері.
№ 6 практикалық жұмыс "Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері".
Көміртектің оксидтері.
№ 7 практикалық жұмыс "Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу"
|
8.4.3.5 -көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
8.4.3.6 - көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру;
8.4.3.7 - көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу;
8.4.3.8 - көміртектің табиғаттағы айналымын құру және түсіндіру
|
3) 9 сынып:
3 кесте
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1 тоқсан
|
9.1
Бейоргани-калық қосылыстар-дың негізгі кластары.
Генетикалық байланыс
|
Оксидтер. № 6 зертханалық тәжірибе "Оксидтердің қасиеттерін зерттеу"
|
9.3.4.1 - оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
Қышқылдар.
№ 7 зертханалық тәжірибе "Қышқылдардың
қасиеттерін зерттеу"
|
9.3.4.2 - қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
Негіздер.
№ 8 зертханалық тәжірибе "Негіздердің қасиеттерін зерттеу"
|
9.3.4.3 - негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
Тұздар.
№ 9 зертханалық тәжірибе "Тұздардың қасиеттері және алынуы"
|
9.3.4.4 - тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
9.3.4.5 - тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс
|
9.3.4.6-бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты
зерттеу
|
9.2 Су
|
Табиғаттағы су
|
9.4.2.1 - судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру;
9.4.2.2 - судың табиғаттағы айналымын түсіндіру
|
Судың ластану себептері.
Судың кермектігі.
№ 10 зертханалық тәжірибе "Судың кермектігін анықтау"
|
9.4.2.3 - судың ластануының қауіптілігі мен себебін анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру;
9.4.2.4 - судың "кермектігін" анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру;
9.4.2.5 - суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін білу
|
2 тоқсан
|
9.3
Электролит-тік диссоциация
|
Электролиттер мен бейэлектролиттер.
№ 1 көрсетілім "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы"
|
9.4.1.1 - электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру;
9.4.1.2 - заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру
|
Электролиттік диссоциациялану теориясы
|
9.4.1.3 - электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын білу;
9.4.1.4 - иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру
|
Қышқыл, негіз, тұздардың электролиттік диссоциациясы.
№ 1 зертханалық тәжірибе "Қышқыл, сілті ерітінділерінің рН-ын анықтау"
|
9.4.1.5 - ерітіндінің қышқылдығы мен сілтілігін ажырату;
9.4.1.6 - қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру
|
Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер
|
9.4.1.7 -күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу
|
№ 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары"
|
9.2.2.1 - алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.2.2.2 - ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру
|
Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері
|
9.3.4.1 - қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.3.4.2 - қышқылдар және негіздер,орта тұздар-дың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу және қорытынды жасау
|
Тұздар гидролизі.
№ 2 зертханалық тәжірибе
"Тұздар гидролизі"
|
9.3.4.3 - орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау;
9.3.4.4 - орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.3.4.5 - орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау
|
9.4
Бейорганика-лық қосылыстар-дың сапалық талдауы
|
Катиондарға сапалық реакциялар.
№ 3 зертханалық тәжірибе "Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катиондарын жалын түсінің боялуы бойынша анықтау".
№ 4 зертханалық тәжірибе "Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар"
|
9.4.1.8 - Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау;
9.4.1.9 - Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарын анықтау үшін сапалық реакция жүргізу
|
Аниондардың сапалық реакциялары. № 5 зертханалық тәжірибе "Сулы ерітіндідегі Сl–, Br–, I–, PO43–, SO42–, CO32–, NO3–, SiO32- аниондарын анықтау"
|
9.4.1.10 - хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап нәтижесін сипаттау
|
№ 2 практикалық жұмыс "Бейорганикалық қосы-лыстар құрамынының сапалық талдауы"
|
9.4.1.11 - белгісіз заттардағы катион және аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру
|
Есептер шығару "Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер"
|
9.2.3.1 - әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу
|
3 тоқсан
|
9.5 Химиялық реакция жылдамдығы
|
Химиялық реакциялар-дың жылдамдығы.
Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар.
№ 2 көрсетілім "Әртүрлі реакциялар жылдамдығы".
№ 6 зертханалық тәжіри-бе "Реакция жылдамды-ғына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері"
|
9.3.2.1 - реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру;
9.3.2.2 - реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
|
Катализаторлар. Ингибиторлар.
№ 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері"
|
9.3.2.3 - катализатордың реагенттен айырмашы-лығын және реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру;
9.3.2.4 - реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру
|
9.6
Қайтымды реакциялар
|
Қайтымды және қайтым-сыз химиялық реакция-лар. Химиялық тепе-теңдік № 3 көрсетілім
"Қайтымды химиялық реакциялар".
№ 7 зертханалық тәжірибе "Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы"
|
9.3.3.1 - қайтымды және қайтымсыз реакция-ларды біл;
9.3.3.2 - тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау және Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау;
9.3.3.3 - химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін түсіну және ажырату;
9.3.3.4 - химиялық тепе-теңдікті бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
|
9.7
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
|
Тотығу дәрежесі.
Тотығу және тотықсыздану
|
9.2.2.3 - тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану;
9.2.2.4 - тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну
|
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
|
9.2.2.5 - тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну;
9.2.2.6 - тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну
|
Электрондық баланс әдісі
|
9.2.2.7 - электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою
|
4 тоқсан
|
9.8
Металдар мен құймалар
|
Металдардың жалпы сипаттамасы.
№ 4 көрсетілім "Металдардың кристалдық тор модельдері"
|
9.1.4.1 - металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу;
9.1.4.2 - металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру
|
Металдар құймалары.
№ 5 көрсетілім "Металдар және құймалар"
|
9.1.4.3 - құйма ұғымын және оның артықшылықтарын білу;
9.1.4.4 - шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру;
9.4.2.5 - Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру үдерістерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
Металдарды алу
|
9.4.2.6 - кеннен металды алу үдерісін сипаттау
|
Есептер шығару "Реакция теңдеуі бойынша қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда зат массасын есептеу"
|
9.2.3.2 - қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу
|
4) 10 сынып:
4 кесте
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1 тоқсан
|
10.1
1 (I), 2 (II) және 3 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары
|
1 (I)-топ элементтері және олардың қосылыстары.
№ 6 көрсетілім "Натрийдің сумен әрекеттесуі"
|
10.2.1.1 - атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру;
10.2.1.2 - сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыс-тары. № 8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі"
|
10.2.1.3 - 1 (І)- ші және 2 (ІІ) топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру;
10.2.1.4 - кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау
|
3 (ІІІ)-топ металдары. Алюминий және оның қосылыстары. № 7 көрсетілім "Алюминий мен оның құймалары".
№ 9 зертханалық тәжіри-бе "Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі"
|
10.2.1.5 - атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау;
10.2.1.6 - алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу
|
№ 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығару
|
10.2.1.7 - 1 (I), 2 (IІ), 3 (IІІ) –топ металдарының жай және күрделі заттармен әрекеттесуіне байланысты тәжірибені жоспарлау және жүргізу
|
10.2
7 (VII), 6 (VI), 5 (VI), 4 (IV) - топ элементтері және олардың қосылыстары
|
Галогендер
|
10.1.4.1 - галоген молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау;
10.2.1.8 - топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау
|
Хлор
|
10.2.1.9 - хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау: металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуі
|
Хлорсутек қышқылы.
№ 10 зертханалық тәжірибе "Хлорсутек ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу"
|
10.2.1.10 - хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және қолдану аясын білу
|
6 (VI)-топ элементтері. Күкірт.
№ 7 көрсетілім
"Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері"
|
10.2.1.11 - 6 (VI)-топ элементтерінің жалпы қасиетін сипаттау;
10.2.1.12 - күкірттің аллотропиялық түр өзгеріс-терінің физикалық қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру
|
Күкірттің қосылыстары
|
10.2.1.13 - күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру;
10.4.2.1 - қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру;
|
Күкірт қышқылы және оның тұздары.
№ 5 практикалық жұмыс "Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу"
|
10.2.1.14 - күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
|
Есеп шығару. Теориялық мүмкіндікпен салыстыр-ғандағы реакция өнімі шығымының массалық/ көлемдік үлестеріне есептеулер"
|
10.2.3.1 - теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу
|
2 тоқсан
|
|
Азот. № 11 зертханалық тәжірибе "Азот молекуласының моделі"
|
10.2.1.15 - азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсіндіру
|
Аммиак. № 12 зертхана-лық тәжірибе "Аммиак молекуласының моделі"
|
10.1.4.3 - аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласын түсіндіру
|
Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданы-луы. № 6 практикалық жұмыс "Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу".
Аммиак өндірісі
|
10.2.1.16 - аммиакты ты алуды қасиеттерін мен қолданылуын түсіндіру;
10.2.1.17 - аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу;
10.3.3.1 - аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау
|
Азот қышқылы.
№ 13 зертханалық тәжірибе
"Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері"
|
10.1.4.4 - азот қышқылының молекулалық, формулаларын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру;
10.2.1.18 - азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру;
10.2.1.19 - азот қышқылының басқа қышқылдар-мен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу
|
Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері
|
10.2.1.20 - сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металмен әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру;
10.2.1.21 - нитраттың термиялық айрылуының ерекшелігін түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыру
|
Фосфор және оның қосылыстары
|
10.2.1.22 - фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру;
10.4.2.2 - фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау;
10.2.1.23 - фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру
|
Минералды тыңайтқыштар.
№ 8 көрсетілім "Минералды тыңайтқыштар"
|
10.4.2.3 - минералды тыңайтқыштардың жікте-луін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді атау
10.4.2.4 - азот және фосфор тыңайтқыштарының қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
|
Кремний және оның қосылыстары.
№ 9 көрсетілім
"Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торының модельдері"
|
10.2.1.24 - кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру;
10.1.4.2 кремний, оның диоксиді мен карбидін-дегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор түрін сипаттау;
10.2.1.25 - кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру
|
10.3
Адам ағзасындағы химиялық элементтер
|
Адам ағзасының химиялық құрамы.
Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы
|
10.5.1.1 - адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe);
10.5.1.2 - Қазақстанның тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру
|
Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау.
№ 14 зертханалық тәжірибе "Сүйек құра-мындағы кальцийді анықтау". № 15 зертханалық тәжірибе
"Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау"
|
10.5.1.3 - адам ағзасындағы кальций мен темірдің ролін түсіндіру;
10.5.1.4 - тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау
|
Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы
|
10.5.1.5 - қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру
|
3 тоқсан
|
10.4 Органикалық химияға кіріспе
|
Органикалық заттардың ерекшеліктері
|
10.4.3.1 - органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін түсіндіру
|
Органикалық қосылыстардың жіктелуі.
№ 10 көрсетілім "Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь,этан қышқылы, глюкоза, аминоэтан қышқылы модельдері"
|
10.4.3.2 - көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, көмірсулар, аминқышқылдарының жіктелуін білу;
10.4.3.3 - функционалдық топ түсінігін, берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру
|
Органикалық қосылыстардың гомологтық қатарлары. № 11 көрсеті-лім Алкандардың алғашқы бес өкілінің және сызықты құрылымды спирттердің модельдері"
|
10.4.3.4 - гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу
|
Органикалық қосылыстардың номенклатурасы
|
10.4.3.5 - органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер, арендер, спирттер,альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану
|
Органикалық қосылыстардың изомериясы.
№ 12 көрсетілім "Пентан изомерлерінің модельдері"
|
10.4.3.6 - изомерия құбылысын білу және көмірсутектер құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастыру
|
Есеп шығару "Элементтердің массалық үлестері мен салыстырмалы тығыздық бойынша газтектес заттардың молекулалық формуласын табу"
|
10.2.3.2 - газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық пен элементтердің массалық үлестері арқылы анықтау
|
10.5 Көмірсутек-тер. Отын
|
Алкандар
|
10.4.3.7 - алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
10.4.3.8 - еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру
|
Алкендер.
№ 13 көрсетілім "Этиленнің жануы, бром суы мен калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіруі"
|
10.4.3.9 - қанықпағандық ұғымын сипаттау;
10.4.3.10 - этен мысалында алкендердің химия-лық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
10.4.3.11 - полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру;
10.4.3.12 - пластиктің ыдырау мерзімінің ұзақтық мәселесін түсіну және оқып білу, қоршаған ортада пластик материалдардың көбеюінің зардабын білу
|
Алкиндер
|
10.4.3.13 - этин мысалында алкиндердің химия-лық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу
|
Ароматты көмірсутектер. Бензол
|
10.4.3.14 - бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау
|
Көмірсутекті отындар.
№ 14 көрсетілім "Отын түрлері"
|
10.4.3.15 - құрамында көміртек бар қосылыстар-дың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау;
10.4.3.16 - Қазақстандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
Мұнай.
№ 15 көрсетілім "Мұнай және мұнай өнімдері"
|
10.4.3.17 - мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын атау
|
4 тоқсан
|
10.6
Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
|
Оттекті органикалық заттар. Спирттер
|
10.4.3.18 - оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу;
10.4.3.19 - спирттердің жіктелуін, метанол мен этанолдың қолданылуын, этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру;
10.4.3.20 - метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру;
10.4.3.21 - этиленгликоль мен глицериннің физикалық қасиеттері мен қолданылуын білу
|
Карбон қышқылдары.
№ 16 зертханалық тәжірибе "Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу"
|
10.4.3.22 - карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау
|
Күрделі эфирлер мен майлар
|
10.4.3.23 - күрделі эфирлер мен майлардың ерек-шеліктері мен майлардың қызметін түсіндіру
|
Сабын мен синтетикалық жуғыш заттар
|
10.4.3.24 - сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу;
10.4.3.25 - синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
Көмірсулар
|
10.4.3.26 - көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру
|
Амин қышқылдары.
Нәруыздар.
№ 17 зертханалық тәжірибе
"Нәруыздардың денатурациясы"
|
10.4.3.27 - нәруыздағы a- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
10.4.3.28 - нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу;
10.4.3.29 - нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру
|
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына 6-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 643-қосымша |
Есту қабілеті зақымдалған негізгі орта білім беру деңгейінің (естімейтін) 5-9-сынып оқушыларына арналған "Қазақстан тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Есту қабілеті зақымдалған негізгі орта білім беру деңгейінің (естімейтін) 5-9-сынып оқушыларына арналған "Қазақстан тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Бағдарлама мақсаты – естімейтін білім алушылардың бойына тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативтік дағдыларды дамыту.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) Қазақстан аумағындағы ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі қоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) Қазақстанның тарихи дамуы барысында қалыптасқан ұлттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру;
3) Қазақстанның тарихи дамуының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен процестердің мәні туралы түсінік қалыптастыру;
4) заманауи саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдану;
5) тарихи оқиғаларды меңгеру арқылы танымдық қызығушылығын арттыру.
4. Түзету-дамытушылық міндеттер:
1) коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық жеткізу, командада жұмыс істеу, жарияланым мен электронды құралдарды қосқанда, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдану.
2) оқу материалын меңгерту кезінде ойлау, есте сақтау, зейін үдерістерін дамыту;
3) естімейтін білім алушылардың арнайы білім беруін сапалы дараландыру мүмкіндіктерін кеңейту.
2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері
5. Естімейтін балаларды оқыту кезінде психикалық және дене, есту және сөйлеу, танымдық ерекшеліктерін ескеру керек.
6. Естімейтін оқушыларға тарихты оқытудың негізгі қағидалары:
1) Тұлғалы- бағдарлық тәсіл – тарих сабақтарында білім алушылар тұлғасының үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, шығармашылық қабілеттерін толық ашу және жеке тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеттерін тәрбиелеу, эмоционалды-еріктік саласын, психикалық процестерін түзеу;
2) Көрнекілік қағидасы - оқушылардың танымдық тәжірибесін байыту, абстрактылық ұғымдарды меңгерту үшін нақты өмірдегі затты немесе құбылысты сезіну арқылы қабылдау негізінде білім, білік және дағдыларын қалыптастыру қажеттілігінен көрініс алады;
3) "Қазақстан тарихы" пәнін оқытудағы коммуникативтік тәсіл - қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеруден тұрады және білім алушыларды әртүрлі тілдік жағдайда еркін бағдарлауға үйретеді.
7. Осы қағидаларды жүзеге асыру үшін қажет:
1) тарихи білімін кеңейту негізінде естімейтін оқушылардың ауызша сөйлеу тілі мен байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;
2) тарих пәнін оқыту кезінде есту арқылы қабылдауын, ойлау үдерістерін, зейінін дамытуға бағытталған әдістер мен тәсілдерді қолдану;
3) оқу материалын түсіндіру және жаңа терминологияны меңгеру кезінде қосымша құрал болып ымдау және дактильді сөйлеу тілі табылады.
8. Қазақстан тарихы сабағында ақпараттық-комуникативтік технологияларды (АКТ) қолдану:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолданудағы құзыреттілк базалық АКТ-дағдылары негізінде құрылады және жұмыс, бос уақыт және коммуникация үшін технологияларды дұрыс және шығармашылық тұрғыда қолдануды қамтиды;
2) мультимедиялық ресурстары мен бұқаралық ақпарат құралдарының АКТ-рын, интерактивті тақталар мен компьютерлерді қолдану биология бойынша оқу процесін жаңғыртуға және жандандыруға ықпал етеді, есту қабілетін оңтайлы түзетуге қол жеткізуде компенсаторлық механизмдерді белсендетеді;
3) ақпаратты іздеу, өңдеу және алмасу үшін Интернет-ресурстарын пайдалану қажет.
9. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін сыныптар келесідей құралдармен жабдықталады:
1) фронталды оқу іс-әрекетін қамтамасыздандыру үшін станционарлы дыбыс күшейткіш құрылғылармен (әр сыныпқа), сөйлеу экранымен;
2) жеке есту аппараттарымен;
3) барлық білім алушылар үшін оқу жылына арналған бағдарламаға сәйкес оқу құралдарымен.
3-тарау. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
10. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2) 6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
3) 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
4) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
5) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
6) 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды
11. Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) "Әлеуметтік қатынастардың дамуы";
2) "Мәдениеттің дамуы";
3) "Мемлекеттің дамуы";
4) "Қазақстанның экономикалық дамуы";
12. "Әлеуметтік қатынастардың дамуы" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) этникалық қатынастар;
2) әлеуметтік қатынастар.
13. "Мәдениеттің дамуы" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) дүниетаным және дін;
2) өнер және әдебиет;
3) білім және ғылым.
14. "Мемлекеттің дамуы" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) мемлекеттің ішкі саясаты;
2) мемлекеттің сыртқы саясаты.
15. "Қазақстанның экономикалық дамуы" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) шаруашылық;
2) өндірістік қатынастар және сауда.
16. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру келесідей тарихи концептілерге (түсініктерге) негізделеді:
1) өзгеріс пен сабақтастық;
2) себеп пен салдар;
3) дәлел;
4) ұқсастық пен айырмашылық;
5) маңыздылық.
17. 5-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" пәнінің базалық білім мазмұны:
● 1) Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі. Тас дәуіріндегі Қазақстан: Қазақстанда алғашқы адамның пайда болуы, әлеуметтік ұйымдасудың алғашқы формалары. Ежелгі адамдардың кәсібі (аң аулау мен терімшілік). Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары. Егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы. Ботай мәдениеті. Қола дәуіріндегі Қазақстан: Қазақстан аумағындағы мыс пен қалайы металдарының кен орындары. Андрон мәдениеті. Қола дәуірі кезіндегі шаруашылық пен қоғамдық құрылыс. Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Ә.Марғұлан және басқа да Қазақстанның ежелгі дәуірін зерттеушілері;
2) ежелгі көшпелілердің өмірі. Темір дәуірінің ерекшеліктері. Қазақстанның ежелгі металлургиясы. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы. Алғашқы көшпелілердің өмір сүруді қамтамасыз ету жүйесі. Көшпелілердің жылжымалы баспанасы. Алғашқы көшпелілердің дүниетанымы.
3) сақтар. Қазақстан аумағындағы сақ тайпалары. Сақтар тарихы жайлы деректер. Сақтардың саяси тарихы. Қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы мен тұрмысы. Материалдық және рухани мәдениеті. "Аңдық стиль". Есік олжасы – "Алтын адам". Шілікті алқабының патша қорғандары. Берел қорымы. Бесшатыр қорғандары. Тасмола мәдениеті.
18. 6-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) үйсіндер мен қаңлылар. Үйсіндер. Үйсіндер туралы жазба деректер. Қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы. Қаңлылар. Қаңлылар тарихына қатысты қытай және парсы деректері. Қаңлылардың қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. Үйсіндердің, қаңлылардың археологиялық ескерткіштері.
2) ғұндар (хунну). Қытай деректеріндегі ғұндардың ерте тарихы. Мөде шаньюй-ғұн мемлекетінің негізін салушы. Ғұндардың саяси тарихы мен мемлекеттік құрылысы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы (ғұндардың Батысқа жылжуы). Аттила және оның жорықтары. Ғұндардың шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы. Ғұндар дәуіріндегі мәдениеттің дамуы.
3) сарматтар. Сарматтардың ежелгі замандағы саяси оқиғаларға қатысуы. Сарматтардың қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Сарматтардың қоғамдық құрылысы. Сарматтардың археологиялық ескерткіштері. Мәдениеті.
4) ежелгі Қазақстан тарихына шолу. Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдардың антропологиялық бет-әлпеті. Ежелгі Қазақстан тарихының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен үдерістері. Ежелгі Қазақстанның мәдени мұрасы.
19. 7-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) VI - IX ғасырдағы Қазақстан. Ортағасырлық Қазақстан тарихының кезеңделуі. Ұлы Түрік қағанатының құрылуы. Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер: Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ қағанаты, Оғыз мемлекеті, Қимақ қағанаты. Атлах шайқасының тарихи маңызы. Түркі мемлекеттерінің қоғамдық-саяси құрылысы. Түркілердің әскери өнері. Шаруашылығы. Сауда және қала мәдениетінің дамуы;
2) X ғасыр- XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан. Қарахан мемлекеті. Қазақстан аумағына исламның тарала басталуы. Найман, керейіт, жалайырлар. Қыпшақ хандығы. "Дешті Қыпшақ" түсінігі. Шаруашылығы: көшпелі, отырықшы. Сауда. Қала мәдениеті. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы. Түркі мәдениетінің әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі. Түркі әлемінің көрнекті ойшылдары.
3) XIII - XV ғасырлардың бірінші жартысындағы Қазақстан. Шыңғыс ханның жаулаушылық соғыстары. Отырар қорғанысы. Моңғол империясының құрылуы. Алтын Орда. Ақ Орда. Моғолстан мемлекеті. Әмір Темір жорықтары. Ноғай Ордасы. Әбілқайыр хандығы. XIII - XV ғасырлардың бірінші жартысындағы мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысы. Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстан туралы. Шаруашылық. Сауданың дамуы. Мәдениет.
4) Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан – Ұлы Дала мұрагері: тарихи және этникалық сабақтастық. "Қазақ" этнонимі. Қазақ халқының біртұтас халық болып қалыптасу үдерісінің аяқталуы;
5) біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылу алғышарттары. Қазақ хандығының құрылуы (аумағы, халықтың этникалық құрамы). Мемлекеттің негізін салушылар – Жәнібек пен Керей. М.Х. Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегі – Қазақ хандығының алғашқы тарихы жөніндегі құнды дерек. Қазақ хандығы қалыптасуының алғашқы жылдарындағы ішкі және сыртқы саясаты. Біртұтас қазақ мемлекеті қалыптасуының тарихи маңызы;
6) Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы. Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы. Хақназар хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының одан әрі нығаюы және саяси өркендеуі. Тәуекел ханның ішкі және сыртқы саясаты. Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты. Жәңгір хан. Орбұлақ шайқасы. Тауке ханның билігі. "Жеті жарғы". Қазақтың ұлы билері. Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы. Қазақ қоғамының әлеуметтік стратификациясы;
7) XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет. Қазақ халқының мәдениеті: материалдық, рухани мәдениет. Әдебиет пен өнер: ақын-жыраулар, халық әншілері мен композиторлардың шығармашылығы, музыкалық өнер. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік.
20. 8-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) XVIII ғасырдың басындағы Қазақстан: сыртқы және ішкі саяси жағдай. Жоңғар мемлекеті. Қазақ-жоңғар соғыстары. "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" заманы. Қарақұм мен Ордабасыдағы құрылтайлар – қазақ жасағының құрылуы. Аңырақай шайқасы. Отан қорғаушы батырлар. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы қазақ-жоңғар соғыстары;
2) XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы. XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қатынастары. XVIII ғасырдың басындағы Ресей империясы назарындағы Қазақстан (саяси және экономикалық мақсаттар, әскери-барлау экспедициялары, алғашқы әскери бекіністердің салынуы). Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей бодандығын қабылдауы: себептері мен мақсаттары. XVIII ғасырдың 30-50-жылдарындағы Қазақстандағы Ресей империясының саясаты. ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарындағы Қазақстандағы ішкі саяси жағдайдың асқынуы. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы: ішкі және сыртқы саясаты;
3) XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. XVІII ғасыр ақын-жырауларының шығармашылығы. XVІII ғасыр тарихы бойынша қазақ деректері. Қазақтардың қолданбалы өнері;
4) отарлау және ұлт-азаттық күрес. Ресей империясының отаршылдық саясаты: мақсаттары мен әдістері. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (себептері, қозғалыстың қозғаушы күші, кезеңдері мен барысы, нәтижелері). 1822-1824 жылдардағы патша реформалары (Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы). 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы қазақтардың көтерілісі (себептері, негізгі кезеңдері мен шайқастары). XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары (Жоламан Тіленшіұлы, Саржан Касымов бастаған көтеріліс). Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (себептері, мақсаттары мен қозғаушы күштері, негізгі кезеңдері). Кенесары Қасымұлы: тұлға және саясаткер. Жанхожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (себептері, көтеріліс барысы). Ресей империясының Қазақстанның оңтүстік аймақтарын қосып алуы. ХVІІІ ғасырдың соңы – XIX ғасырдағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи маңызы;
5) Қазақстан Ресей империясының құрамында. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы патшалық реформалар. 1867-1868 жылдардағы реформалар. Қазақстандағы патшалық Ресейдің аграрлық және қоныстандыру саясаты. 1860-1870 жылдардағы ұлт-азаттық күрес (себептері мен көтеріліс барысы). ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Капиталистік қатынастардың ене бастауы. ХIХ ғасырдың 80-90 - жылдарындағы әкімшілік-аумақтық реформалар: мазмұны мен салдарлары. Сауда қатынастарының дамуы. Жетісу аумағына ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. Дәстүрлі қазақ қоғамының трансформациясы. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық-саяси ойлардың дамуы;
6) XIХ ғасыр - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті. XIX ғасырдағы Қазақстандағы ағарту ісі мен ғылымның дамуы. Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің ағартушылық қызметі. Қазақстанның ғылыми зерттелуі (П. Семенов-Тянь-Шанский, Г.Н.Потанин, В.В. Радлов, М. Шорманов, М. Бабаджанов, А.Диваев). Зайырлы және діни білім беру мекемелері. Жадиттік және білім берудегі жаңашылдық. Шоқан Уәлиханов – ұлы қазақ ғалымы. Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, жаңашыл-педагог, қоғам қайраткері. Абай Құнанбайұлы – ұлы ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Қазақ музыкалық мәдениетінің дамуы (Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дәулеткерей Шығайұлы). Әйгілі суретшілер шығармашылығындағы ұлттық контекст. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев және Халидтің тарихи еңбектері.
21. 9-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Столыпиннің аграрлық реформасы және шаруалардың Қазақстанға жаппай қоныс аударуы. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы. Сауданың дамуы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақ ұлттық зиялылар қауымы және оның XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси үдерістерге әсері. Ұлттық баспаның дамуы ("Қазақ" газеті, "Айқап" журналы). 1917 жылғы революциялар. "Алаш" партиясының құрылуы. "Алаш-Орда" үкіметі. Қазақ халқының саяси көшбасшылары (Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев, М.Тынышпаев, М.Шоқаев). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері;
2) Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы. Қазақстандағы Кеңес үкіметінің орнығуы. "Үш Жүз" қазақ социалистік партиясы. Азамат соғысы жылдарындағы (1918-1920 жылдар) Қазақстандағы соғыс қимылдары. Кеңес билігі органдарының "Алаш-Орда" үкіметі, Қоқан автономиясымен қарым-қатынасы. "Әскери коммунизм саясаты". 1921 жылғы жұт және аштық. Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақ АКСР-ы аумағының қалыптасуы. Қазақ жерлерінің біртұтастығын қалпына келтірудегі қазақ зиялыларының рөлі. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1925 жылдар). ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясаты. Кеңес үкіметінің діни саясаты;
3) Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде. Қазақстандағы социалистік индустрияландыру (мәні мен ерекшеліктері). "Кіші Қазан" (мазмұны және жүзеге асырылуы). Бай шаруашылықтарының тәркіленуі. Ауыл шаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру саясаты. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясатының экономикалық салдарлары. 1931-1933 жылдардағы аштық - ХХ ғасырдағы қазақстандық қасірет. Қазақстандағы ұжымдастырудың демографиялық салдарлары. Ұжымдастыруды жүзеге асырудың әдістеріне қатысты ұлттық зиялылардың ("Бесеудің хаты") қоғамдық-саяси көзқарасы мен қатынасы. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. Сталиндік репрессиялар. Қазақстан аумағындағы кеңестік "еңбек түзеу" концентрациялық лагерлері (Степлаг, Карлаг, АЛЖИР және тағы басқалар);
4) Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым. Халыққа білім беру (жалпыға бірдей міндетті сауат ашу, орта білім, қазақ жазуының араб тілінен латын тіліне көшуі, орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшу). А.Байтұрсынов – "ұлт ұстазы". Жоғары оқу орындарының ашылуы. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы. Қ.Сәтбаевтың Қазақстан ғылымын дамытудағы рөлі. Қазақстандық ғалымдар мен олардың ғылыми жетістіктері. Әдебиеттің дамуы (Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин шығармашылығы). Театр, кино, бейнелеу өнері және оның қайраткерлері. Мәдениет саласындағы кеңестік идеология. Социалистік шынайлық;
5) Қазақстан Ұлы Отан соғысы соғыс жылдарында. Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстандағы мобилизация және қазақстандық әскери бөлімдердің құрылуы. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен тағдыры. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы. Қазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары. Б.Момышұлы – аңызға айналған тұлға. Қазақстан – майдан арсеналы. КСРО халықтарының Қазақстанға депортациялануы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет. Ғылымның дамуы. Әдебиет жетістіктері (М.Әуезов, Ж.Жабаев, Д.Снегин, И. Шухов және тағы басқалар). Өнердің дамуы (театр, кино).
22. 10-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар). Соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. Пайдалы қазбаларды өңдеу және өнеркәсіптің дамуы. Ауыл шаруашылығының дамуы. Қазақстанның әскери-өнеркәсіптік кешенінің қалыптасуы (Қазақстандағы ядролық полигон). Соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктері. "Бекмаханов ісі";
2) Қазақстан "Жылымық" кезеңінде (1954-1964 жылдар). Қазақстанда "Хрущевтік кезеңдегі" өнеркәсіптің дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру (тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдарлары). Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен ("Байқоңыр" ғарыш айлағы). "Жылымық кезеңі". 1954-1965 жылдардағы республикадағы қоғамдық-саяси өмір;
3) Қазақстан "Тоқырау" кезеңінде (1965-1985 жылдар). 1965-1985-жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономиканың шикізаттық бағыты. Урбанизация. 1970-1980 жылдардағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс. 1965-1985 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. 1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы басшыларының қызметі (Ж.Шаяхметов, Д.Қонаев, Ж.Тәшенов).
4) Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985-жылдар.). Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат. Жалпыға бірдей міндетті орта білім. Қазақ тілінің жағдайы. Ғылымның дамуы. Әдебиеттің дамуы (Ә.Нұрпейісов, Б.Момышұлы, І.Есенберлин, О.Сүлейменов, М.Шаханов). Өнер (театр, кино);
5) Қазақстан Қайта құру кезеңінде (1986-1991 - жылдар). "Қайта құру" жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер: мақсаттары, проблемалары мен қарама-қайшылықтары. Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары (себептері, барысы мен салдарлары). 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының қатысушыларына қатысты жазалау шаралары. "Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемегендігі туралы Декларация" (1990 жылғы қазан). Кеңестік саяси жүйенің дағдарысы (1991 жылғы "Тамыз бүлігі"). КСРО-ның ыдырауы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар. Семей ядролық полигонының жабылуы. "Қазақ КСР-ның тілдер туралы Заңының" қабылдануы;
6) Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 - 1997 жылдар). "Мемлекеттік тәуелсіздік туралы" Конституциялық заңының қабылдануының тарихи маңызы. Н.Ә.Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси институттарының қалыптасуы. Нарықтық экономикаға көшудегі қиыншылықтар. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық үдерістер. 1995 жылғы Конституцияның қабылдануы;
7) Қазақстан Республикасының өрлеуі (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін). Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен стратегиялары. "Қазақстан – 2030" стратегиясының қабылдануы. Қазақстан Республикасының халықаралық сахнадағы беделінің өсуі. Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы. Қазақстанның ЕҚЫҰ және ИЫҰ-на төрағалық етуі. Әлемдік экономикалық байланыстар жүйесіндегі Қазақстан. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайы. Астана – Қазақстан Республикасының жаңа астанасы. "Қазақстан-2050" стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты."5 институтционалды реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам" ұлттық жоспары – қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап. Ұлт көшбасшысы – Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті құрудағы және дамытудағы рөлі;
8) қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін). Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат. "Болашақ" мемлекеттік бағдарламасы. Инновациялық ғылыми-білім беру мекемелерінің құрылуы. Этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі. Қазақстан халқы Ассамблеясы. Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті жаңғырту және сақтап қалу мәселелері. Қазіргі кездегі өнер мен әдебиеттің даму тенденциялары. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық біріктіруші идеясы.
4-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
23. Бағдарламада, оқыту мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 7.2.1.2 "7" – сынып, "2.1" бөлім, бөлімше, "4" – оқыту мақсатының реттік саны.
24. Бөлімдер бойынша әр сыныпқа күтілетін нәтижелер:
1) "Әлеуметтік қатынастардың дамуы" бөлімі:
1-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
5-сынып
|
6-сынып
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
Кезеңдер
|
5-сынып шамамен 1 миллион жыл бұрын – VIII ғасыр б.э.д.
|
VIII ғ. б.э.д..- V ғасыр
|
VI ғ- XVII ғ
|
XVIII ғ -XIX ғ
|
XX ғасырдың І жартысы
|
XX ғасырдың ІІ жартысынан бүгінгі күнге дейін
|
1.1 Этника лық қатынас тар
|
5.1.1.1 алғаш қы адамдардың антрополо гиялық белгілерін сипаттау;
5.1.1.2 Ежелгі Қазақстан адамдары ның антрополо гиялық тұрпатын анықтау;
5.1.1.3 адам эволюциясының кезеңдерін білу атау
|
6.1.1.2 Ежелгі Қазақстан адамдары ның антрополо гиялық тұрпатын анықтау;
6.1.1.3 ғұн дардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету
|
7.1.1.1 түркі тілдес тайпалар ды атап, олардың аумақтық орналасуын картада көрсету;
7.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;
7.1.1.3 қазақ халқының қалыптасуында ғы негізгі кезеңдерді анықтау;
7.1.1.4 "қазақ" этнонимінің мағынасын түсіндіру
|
8.1.1.1 жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру;
8.1.1.2 Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау
|
9.1.1.1 демогра фиялық өзгерістер дің себептері мен салдарын анықтау
|
10.1.1.1 демография лық өзгерістер туралы қорытынды жасау;
10.1.1.2 қазіргі кезең дегі демогра фиялық процестерге баға беру;
10.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демография лық саясаттың бағыттарын талдау
|
1.2 Әлеумет тік қатынас тар
|
5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін сипаттау;
5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшелік терін түсіндіру
|
6.1.2.1 дала тайпаларының тұрмыс-тіршілігін сипаттау;
6.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшелік терін түсіндіру
|
7.1.2.1 қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың ролін анықтау;
7.1.2.2 ерте түрік мемлекеттерінің әлеуметтік-әкісшілік құрылымын анықтау;
|
8.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау;
8.1.2.2 қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру
|
9.1.2.1 қазақ зиялыларының рөлі мен қызметін анықтау;
9.1.2.2 соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау
|
10.1.2.1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистика лық мәліметтер негізінде талдау
|
2) "Мәдениеттің дамуы" бөлімі
2-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
5-сынып
|
6-сынып
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
Кезеңдер
|
5- сынып шамамен 1 миллион жыл бұрын – VIII ғасыр б.э.д.
|
VIII ғ. б.э.д..- V ғасыр
|
VI ғ- XVII ғ
|
XVIII ғ -XIX ғ
|
XX ғасырдың І жартысы
|
XX ғасырдың ІІ жартысынан бүгінгі күнге дейін
|
2.1 Дүние таным және дін
|
5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау;
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетаны- мын сипаттау
|
6.2.1.1 дала тайпалардың дүниетанымын сипаттау;
6.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетаны- мын сипаттау
|
7.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіруді үйрету;
7.2.1.2 ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау
|
8.2.1.1 салт - дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар дың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау;
8.2.1.2 отаршылдық саясаттың ұлттық құндылықтарға кері әсерін талдау
|
9.2.1.1 мемлекет тің діни саясаты ның мақсаты мен салдарын анықтау
|
10.2.1.1 деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың іс-әрекетін түсіндіру;
10.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясы-ның дінаралық, этносаралық келісім мен ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау;
10.2.1.3 "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының маңыздылығын бағалау
|
2.2 Өнер және әдебиет
|
5.2.2.1 археология лық ескерткіш терді сипаттау;
5.2.2.2 археология-лық деректерге сүйене отырып,
Андронов мәдениетінің белгілерін анықтау;
5.2.2.3 ежелгі тайпалар дың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
5.2.2.4 Есік обасынан табылған "Алтын адам" археологиялық олжасының ерекшелік- терін анықтау;
5.2.2.5 Ә.Марғұланды ғалым-археолог ретінде айқындау;
5.2.2.6 Қазақстан тарихын зерттеген ғыламдарын атау;
5.2.2.7 тарихи дерекөздерді білу, атау
|
6.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
6.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттай білу;
6.2.2.6 көшпенділердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну;
6.2.2.7 тарихи дерекөздерді білу,атау
|
7.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау;
7.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру;
7.2.2.3 көшпенділердің әскери өнер жетістіктерін сипаттау;
7.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн және Ахмет Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын айту;
7.2.2.5 қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
|
8.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;
8.2.2.2 А. Құнанбаев тың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі рөлін айқындау;
8.2.2.3 ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау;
8.2.2.4 қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
|
9.2.2.1 қазақ зиялылары ның шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;
9.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау;
9.2.2.3 өнер мен әдебиеттегі өзгеріс- терді анықтау;
9.2.2.4 Ә. Қашау- баев пен Қажымұқан Мұңайтпас ұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру;
9.2.2.5 соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау;
|
10.2.2.1 кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін анықтау;
10.2.2.2 Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалау;
10.2.2.3 өнер мен әдебиеттің даму тенденция-ларын айқындау;
10.2.2.4 ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама- лардың қажеттілігін негіздеу ("Мәдени мұра" бағдар ламасы)
|
2.3 Білім және ғылым
|
5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу
|
6.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын атау
|
7.2.3.1 көне түркі жазуының тарихи маңызын түсіндіру;
7.2.3.2 Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау;
7.2.3.3 "Кодекс Куманикус" сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау;
7.2.3.4 Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарихи-Рашиди" еңбегінің тарихи маңызын түсіндіру
|
8.2.3.1 Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасының тарихи құндылығын анықтау;
8.2.3.2 XIX ғ. екінші жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру;
8.2.3.3 Ы.Алтынсарин нің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау;
8.2.3.4 Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінің тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау
|
9.2.3.1 ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөлін түсіндіру;
9.2.3.2 кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау;
9.2.3.3 XX ғ. бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау;
9.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру
|
10.2.3.1 Е.Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау;
10.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру
|
3) "Мемлекеттің дамуы" бөлімі:
3-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
5- сынып
|
6- сынып
|
7- сынып
|
8- сынып
|
9- сынып
|
10 -сынып
|
Кезеңдер
|
5- сынып шамамен 1 миллион жыл бұрын – VIII ғасыр б.э.д.
|
VIII ғ. б.э.д..- V ғасыр
|
VI ғ- XVII ғ
|
XVIII ғ -XIX ғ
|
XX ғасырдың І жартысы
|
XX ғасырдың ІІ жартысынан бүгінгі күнге дейін
|
3.1 Мемлекет тің ішкі саясаты
|
5.3.1.1 картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
|
6.3.1.1 картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
6.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
|
7.3.1.1 Түрік қағанатының құрылуының тарихи маңызын түсіндіру;
7.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы түрік мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіру;
7.3.1.3 ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтай отырып, VI-IX ғасырлардағы түрік мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіру;
7.3.1.4 Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру;
7.3.1.5 Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау;
7.3.1.6 картаны қолда нып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
7.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттер- дің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау ;
7.3.1.8 Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшелікте-рін анықтау;
7.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңы зын анықтау;
7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
7.3.1.11 қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау
|
8.3.1.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайлары ның халықты жоңғар басқыншылы ғына қарсы жұмылдырудағы рөлін түсіндіру;
8.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
8.3.1.3 уметь Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау;
8.3.1.4 Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;
8.3.1.5 қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
8.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
|
9.3.1.1 қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы ызметінанықтау;
9.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерді анықтау;
9.3.1.3 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру;
9.3.1.4 "Алаш" партиясының ұлттық мемлекетті лікті жаңғырту саясатын анықтау;
9.3.1.5 Ә. Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру;
9.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономия лардың маңыздылығын анықтау;
9.3.1.7 ХХ ғасырдың 20–30 -жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының салдарын түсіндіру
|
10.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру;
10.3.1.2 қоғамдық-саяси қайраткер лердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру;
10.3.1.3 Қазақстан Республикасы Конституциясын мемлекеттің тұрақты даму кепілі ретінде бағалау;
10.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстыру, талдау;
10.3.1.5 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру;
10.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау;
10.3.1.7 тәуелсіз Қазақстанның жария лануының тарихи маңызын түсіндіру;
10.3.1.8 Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық–саяси дамуын талдау;
10.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау;
10.3.1.10 Тәуелсіз мемлекеттің қалыпта-суындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға беру;
10.3.1.11 Астананы жаңа Қазақстанның өркен -деуінің нышаны ретінде айқындау
|
3.2 Мемлекеттің сыртқы саясаты
|
5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау;
5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестік
тердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
|
6.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау;
6.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестік тердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
|
7.3.2.1 түркі тілдес тайпалардың миграциялық үдерісін түсіндіру;
7.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
7.3.2.3 Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау;
7.3.2.4 қыпшақтар-дың Еуразия тарихындағы орнын анықтау;
7.3.2.5 Қазақстан аумағында XIII - XV ғасырларда құрылған мемлекеттер- дің сыртқы саясатын түсіндіру;
7.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау;
7.3.2.7 Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау
|
8.3.2.1 Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру;
8.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау;
8.3.2.3 Абылай ханның дипломатиялық шеберлігі мен саясатын бағалау
|
9.3.2.1 дықтардың Екінші дүние- жүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау
9.3.2.2 Б.Момыш ұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау;
|
10.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендері-нің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау;
10.3.2.2 Қазақстан Республика-сының халықара-лық сахнадағы танылуына баға беру;
10.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйым дарымен байланыста;
10.3.2.4 қазақ диаспорала-рының тарихи Отанымен байланы-сының маңыздылығын айқындау
|
4) "Қазақстанның экономикалық дамуы" бөлімі:
4-кесте
Бөлімшелер
|
Оқыту мақсаттары
|
5-сынып
|
6- сынып
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
10-сынып
|
Кезеңдер
|
шамамен 1 миллион жыл бұрын VIII б.з. дейін
|
VIII б.з.дейін V ғасыр
|
VI ғасыр– XVII ғ
|
XVIII ғасыр XIX ғасыр
|
XX ғасырдың І жартысы
|
XX ғасырдың ІІ жартысы- нан бүгінгі күнге дейін
|
4.1 Шаруашылық
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау;
5.4.1.2 ежелгі адамдардың тұрғын үйін сипаттау
|
6.4.1.1 ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау;
6.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілік- тің қалыпта суын түсіндіру
|
7.4.1.1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау;
7.4.1.2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау;
7.4.1.3
XIII-XV ғасырдағы мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін анықтау
|
8.4.1.1 жоңғар шапқыншылы
ғының қазақ халқының шаруашылығына
тигізген зардаптарын анықтау;
8.4.1.2 отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау
|
9.4.1.1 называть жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау;
9.4.1.2 күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау
|
10.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашы лығында орын алған өзгерістерге баға беру;
10.4.1.2 Кеңес үкіметі кезіндегі орын алған әлеуметтік экономикалық мәселелерді анықтау;
10.4.1.3 Қазақстан Республи касындағы жекешелендіру процесінің эконо микаға ықпалын талдау;
10.4.1.4 аграрлық секторды модернизациялау бағыттарын талдау
|
4.2 Өндіріс
тік қатынастар және
сауда
|
5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау;
5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашы
лық салала рына тигіз ген ықпалын түсіндіру
|
6.4.2.1 описывать еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау;
6.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашы
лық салала рына тигіз ген ықпалын түсіндіру;
6.4.2.3 Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру;
6.4.2.4 тайпалардың негізгі қолөнерін сипаттау
|
7.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін түсіндіру;
7.4.2.2 Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау;
7.4.2.3 Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары мен түрік аймақтарын атау
|
8.4.2.1 капиталистік қатынастардың Қазақстан экономикасына ықпалын түсіндіру;
8.4.2.2 сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау
|
9.4.2.1 Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін;
9.4.2.2 Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына бейімделгендігін дәлелдеу
|
10.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау;
10.4.2.2 нарықтық экономиканың өндірістік қатынас тарға әсерін талдау;
10.4.2.3 Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін талдау;
10.4.2.4 сыртқы сауданың экономикаға әсерін зерттеу
|
25. Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) 5-9-сынып оқушыларына арналған "Қазақстан тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда әр бөлімде оқытылатын оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.
26. Бөлімдер және тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
|
Есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сынып оқушыларына арналған "Қазақстан тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасына 1-қосымша |
Есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) негізгі орта білім беру деңгейінің есту бұзылысы бар (естімейтін) 5-9-сынып оқушыларына арналған "Қазақстан тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұзақ мерзімді жоспар
1) 5-сынып
1-кесте
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқу пәнінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
|
1-тоқсан
|
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
|
Кіріспе сабақ
Зерттеу сұрағы: Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады ?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
5.1.1.1 Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу
|
Қазақстанның ежелгі тарихы пәні не оқытады?
Зерттеу сұрағы:
Қазақстан тарихын не үшін оқу керек?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.2.6 Қазақстан тарихын зерттеген ғалымдарды атау
|
Тарихи дереккөздер
Зерттеу сұрағы:
Тарихты меңгеруге қандай дерекөздер көмектеседі?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.2.7 тарихи дереккөздерді білу және атау
|
Қазақстан тарихын зерттейтін Қазақстан ғалымдары
Зерттеу сұрағы:
Қазақстан тарихы қандай кезеңдерге бөлінеді?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.2.6 Қазақстан тарихын зерттейтін Қазақстан ғалымдарымен таныстыру
|
А.Х. Марғулан – Қазақстан зерттеушісі
Зерттеу сұрағы:
А. Х. Марғулан ашқан ірі жаңалық?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.2.5 Ә.Марғұланның Қазақстан археологиясының дамуына қосқан үлесін айқындау
|
Адамның пайда болуы
Зерттеу сұрағы:
Адамдар маймылдан жаратылғанын ғалымдар қалай дәлелдеді?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
5.1.1.3 адам эволюциясы кезеңдерін атау
|
Ақылды адам
Зерттеу сұрағы:
Ақылды адам неандертальцтан айырмашылығы қандай?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
5.1.1.1 алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау;
5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін сипаттау
|
Палеолит – ежелгі тас ғасыры
Зерттеу сұрағы:
Палеолит неге ежелгі тас ғасыры деп аталады?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
5.2 Мәдениеттің дамуы
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын атау;
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
5.1.2.1 ежелгі адамдардың өмірі мен кәсібін сипаттау;
5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау
|
Мұздақ кезеңі
Зерттеу сұрағы:
Ежелгі адамның басты кәсібін айт?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.1.2.1 ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмысын сипаттау ;
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
|
Қазақстандағы алғашқы адам
Зерттеу сұрағы :
Қазақстандағы ежелгіадамның алғашқы тұрақтарын атап бер?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.1.1.2 ежелгі Қазақстанның алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін анықтау
5.1.2.1 ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмысын сипаттау ;
5.4.2.1 еңбек құралдары сипаттау
|
Адам қоғамының қалыптасуы
Зерттеу сұрағы:
Ежелгі адамдардың кішігірім топ құруына несебеп болды?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
5.1.2.2 әлеуметтік топтар ерекшелігін түсіндіру;
5.1.2.1 ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмысын сипаттау
|
Адам қоғамының қалыптасуы
Зерттеу сұрағы:
Алғашқы қауымның, тайпаның ежелгі адамнан айырмашылығы неде?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
5.1.2.2 әлеуметтік топтар ерекшелігін түсіндіру;
5.1.2.1 ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмысын сипаттау
|
2-тоқсан
|
Палеолит кезіндегі алғашқы адамдардыңкәсібі
Зерттеу сұрағы:
Неге адамдардың ежелгі кәсібі иелену сипатында болды?
|
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
|
Аңшылық тәсілдері
Зерттеу сұрағы:
Аңшылық тәсілдері неге өзгерді?
|
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау;
|
Мезолит – ортатас ғасыры (12-5-е мың б.э.д.)
Зерттеу сұрағы:
Мезолит кезеңіндегі алғашқы адамның жаңалығын атаңдар?
|
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау;
5.4.2.1 еңбек құралдары сипаттау
|
Мезолит тайпаларының қоғамдық ұйымы
Зерттеу сұрағы:
Мезолит пен неолит дәуірлерінде алғашқы адамдардың кәсібі қалай өзгерді ?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.1.2.2 әлеуметтік топтар ерекшелігін түсіндіру;
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
|
Неолит – жаңатас ғасыры (5-3-е тыс. до н.э.)
Зерттеу сұрағы:
Алғашқы неолит адамдары қай типке жатады?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.1.1.1 алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау;
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау;
|
Неолит революциясы
Зерттеу сұрағы:
Неге неолит кезеңіндегі өзгерістер "неолит революциясы" деп аталады?
|
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
|
Неолит дәуірлерінде алғашқы адамдар өміріндегі өзгерістер
Зерттеу сұрағы:
Ежелгі халықтар пайда болған аймақтарды атап бер?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
5.1.1.1 алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау
|
Ежелгі халықтардың шаруашылығы
Зерттеу сұрағы :
Қазіргі Қазақстан территориясында қандай тайпалар өмір сүрді ?
|
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
|
Энеолит Қазақстан территориясында
Зерттеу сұрағы:
Энеолит кезеңінің басты жетістіктерін атап бер?
|
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау ;
5.4.2.1 еңбек құралдарын сипаттау
|
Халықтардың қоныс аударуы
Исследовательский вопрос:
Қазіргі Қазақстан территориясында өмір сүрген тайпаларды атаңдар?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау ;
5.4.2.1 еңбек құралдары сипаттау;
5.1.2.1 ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмысын сипаттау
|
Қола дәуірі (2-1-е мың б.з.д.)
Зерттеу сұрағы:
Қола дәуіріндееңбек құралдарын неден жасады?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.1.1.1 алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау;
5.1.2.1 ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмысын сипаттау;
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
|
Андронов мәдениеті
Зерттеу сұрағы:
Ғалымдар андронов мәдениетін қалай анықтайды?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
5.2 Мәдениеттің дамуы
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.2.2.2 археологиялық деректерге сүйене отырып, андронов және беғазы-дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау;
5.2.2.5 Ә.Марғұланның Қазақстан археологиясының дамуына қосқан үлесін айқындау;
5.1.2.1 ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмысын сипаттау;
5.4.2.1 еңбек құралдары сипаттау;
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
|
Ағаш кесу мәдениеті
Зерттеу сұрағы:
Қола дәуіріндегі ағаш кесу мәдениетінде адамдар өмірінде қандай өзгерістер орын алды?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.1.2.1 ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмысын сипаттау;
5.4.2.1 еңбек құралдары сипаттау;
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
|
3-тоқсан
|
Ерте темір дәуірі
|
Ерте темір дәуріндегі тайпалар шаруашылығы
Зерттеу сұрағы:
Ерте темір дәуірінде тайпалардың қоныстары қалай құрылды?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
5.1.2.1 ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмысын сипаттау
|
Ерте темір дәуірінде тайпалардың кәсібі
Зерттеу сұрағы:
Қола дәуіріндегі тайпалардың негізгі кәсібін атап бер?
|
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
5.4.1.2 ежелгі адамдардың тұрмысын сипаттау
|
Тау-кен металлургиясы
Зерттеу сұрағы:
Қазақстан жері қандай кен орындарына бай?
|
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру
|
Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың діни көзқарастары
Зерттеу сұрағы:
Неге қола дәуірінде адамдарды жатыр күйінде жерлеген?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау;
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
|
Ата-баба култі
Зерттеу сұрағы:
Неге қола дәуіріндегі адамдарда ата-баба культі пайда болды?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау;
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
|
Діни дүниетанымындағы өзгерістер
Зерттеу сұрағы:
Құрбан шалу рәсімі неге қажет болды?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау;
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
|
Дәуірдің негізгі сипаттамасы
Зерттеу сұрағы:
Ерте темір дәуіріндегі шаруашылықытң жаңа түрін атап бер?
|
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
|
Жаңа шаруашылықтың пайда болу шарттары
Зерттеу сұрағы:
Неге мал шаруашылығы дами бастады?
|
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
|
Бақташылық типтері
Зерттеу сұрағы:
Неге бақташылық әлеуметтік теңсіздіктің пайда болу себебі?
|
5.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
|
Сақтар жазба деректері бойынша
Зерттеу сқрағы:
Сақтардың сыртқы тұрпатын зерттеген қай ғалым?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
5.1.1.1 алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау
|
Дала малшылары туралы жазба деректер
Зерттеу сұрағы:
Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.2.7 жазба деректерді білу және атау
|
Сақтардың жаулауп алу жорықтары
Зерттеу сұрағы:
Неге сақ тайпалары ежелгі мемлекеттердің күшті армиясын жеңе алмады?
|
5.3 Мәдениеттің дамуы
|
5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау
|
Дала тайпаларының қоныстануы мен бірігуі
Зерттеу сұрағы:
Сақтардың сыртқы тұрпаты қай түрге жатады?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
5.1.1.1 алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау
|
Сақ тайпаларының қоныстануы
Зерттеу сұрағы:
Сақ тайпаларының негізгі топтарын атап бер?
|
5.3 Мәдениеттің дамуы
|
5.3.1.1 картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету
|
Қоғамдық құраламы
Зерттеу сұрағы:
Сақ қоғамы қандай таптарға бөлінді?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
5.1.2.2 әлеуметтік топтар ерекшелігін түсіндіру
|
4 –тоқсан
|
Шығыс және Солтүстік Қазақстан малшылары
Зерттеу сұрағы:
Неге аргипеевтерді "алтын күзететін қасқырлар" деп атады?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау
|
Алтай обаларының құрылымы
Зерттеу сұрағы:
Шығыс Қазақстандағы сақ обаларының ерекшеліктерін атап бер?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау
|
Солтүстік Қазақстан сақтары
Зерттеу сұрақтары:
Солтүстік Қазақстандағы сақ обаларының ерекшеліктерін атап бер?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау
|
Оңтүстік Қазақстан обалары
Зерттеу сұрағы:
Бесшатыр обасы қайда орналасқан?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау
|
Есік обасы
Зерттеу сұрағы:
Есік обасынан табылған "Алтын адам" кім болды?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын айту;
5.2.2.4 Есік обасынан табылған "Алтын адам" археологиялық олжасының ерекшеліктерін түсіндіру;
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
|
Орталық Қазақстан сақтары.
Тасмола мәдениеті
Зерттеу сұрағы:
Тасмола мәдениет обасының ерекшелігін ата?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
|
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау
|
Савроматтар және массагеттер.
Жазба деректері
Зерттеу сұрағы:
Массагеттер туралы кім жазды?
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
5.2 Мәдениеттің дамуы
5.3 Мемлекеттің дамуы
|
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерінсипаттау;
5.3.1.1 картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
5.1.2.2 әлеуметтік топтар ерекшеліктерін түсіндіру
|
Савромат мәдениеті
Зерттеу сұрағы:
Савромат қоғамында әйелдерге қандай қатынас болды?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
5.3 Мемлекеттің дамуы
|
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
5.3.1.1 картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру;
5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау
|
Массагеттер жазба деректері бойынша
Зерттеу сұрағы:
Массагеттер мәдениетінің -рлеуі туралы не айтады?
|
5.2 Мәдениеттің дамуы
5.3 Мемлекеттің дамуы
|
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
5.3.1.1 картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау
|
Ежелгі адамдар өміріне саяхат
|
5.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
5.1.2.1 ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмысын сипаттау
|
2) 6-сынып
2-кесте
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқу пәнінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
Ежелгі көшпелілер өмірі
|
Қазақстан территориясында мал шаруашылығының пайда болуы
Зерттеу сұрағы:
Қазақстан тұрғындары үшін көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды?
|
6.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
6.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру
|
Номадизмдегі (көшпенділік) реттеу үдерісі номадизме
Зерттеу сұрағы:
Мал жаюды реттеу қалай болды?
|
6.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
6.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру
|
Дала тайпаларының шаруашылығы
Зерттеу сұрағы:
Неге мал шаруашылығымен барлық сақтар айналыса алмады?
|
6.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
6.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру
|
Жазғы-күзгі шаруашылық маусымы
Зерттеу сұрағы:
Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде?
|
6.2 Мәдениеттің дамуы
6.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
6.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
6.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру
|
Дала малшы тайпаларының қолөнері мен саудасы
Зерттеу сұрағы:
Көбіне қандай қолөнері мен кәсіптер дамыды?
Айырбастау мен сауданың пайда болуы
Зерттеу сұрағы:
Халықаралық сауда жолы не үшін құрылды?
|
6.2 Мәдениеттің дамуы
6.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
6.4.2.4 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнері мен кәсібін сипаттау;
6.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
6.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау;
6.2.2.6 көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін айту
|
Дала тайпаларының қоғамдық құрылымы
Зерттеу сұрағы:
"ратайштар" деп дала қоғамында кімді атады?
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
6.1.2.2 дала тайпаларының әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру
|
Діни дүниетаным мен мифология
Зерттеу сұрағы:
Сақтардың қай мифологиясында күнді бейнеледі?
|
6.2 Мәдениеттің дамуы
|
6.2.1.1 алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау;
6.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
|
2-тоқсан
|
Үйсіндер мен қаңлылар
|
Үйсіндердің тарихя мен шаруашылығы
Зерттеу сұрағы?
Үйсіндер территориясын ата?
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
6.3. Мемлекеттің дамуы
|
6.3.1.1 картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
6.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру ;
6.1.2.2 дала тайпаларының әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру
|
Үйсіндер шаруашылығы
Зерттеу сұрағы?
Үйсіндер кәсібін атап бер?
|
6.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
6.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру
|
Қол өнер мен сауда
Зерттеу сұрағы?
Үйсіндердің қолөнерін ата?
|
6.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
6.4.2.4 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнері мен кәсібін сипаттау
|
Үйсіндердің материалдық мәдениеті
Зерттеу сұрағы:
Үйсіндер обасы қайда орналасқан?
|
6.2 Мәдениеттің дамуы
|
6.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау
|
қоныстануы
зерттеу сұрағы:
Неше тұрғын үй ауыл болып саналды?
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
6.1.2.1 дала тайпаларының өмірі мен тұрмысын сипаттау
|
Қаңлылар
Зерттеу сұрағы:
Қаңлылардың жазба деректерін атап бер?
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
6.2 Мәдениеттің дамуы
|
6.2.2.7 тарихи деректерді атау
6.1.1.2 Қазақстандағы алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау;
6.1.2.2 дала тайпаларының әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру
|
Қаңлылардың материалдық мәдениеті
Зерттеу сұрағы:
Зах арнасы не үшін қазылды?
|
6.3 Мемлекеттің дамуы
6.4. Қазақстанның экономикалық дамуы
|
6.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;
6.4.2.3 Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру;
6.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
|
3-тоқсан
|
Сарматтар
|
Сарматтар жазба және археологиялық деректер бойынша
Зерттеу сұрағы:
алан-сарматтардың біріккен мемлекеті қашан құрылды?
|
6.2 Мәдениеттің дамуы
6.3 Мемлекеттің дамуы
|
6.2.2.7 тарихи деректерді атау;
6.3.1.1 картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
6.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру;
6.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
|
Сартматтардың жерлеу рәсімі
Зерттеу сұрағы:
Сарматтардың тарихи ескерткіштерін ата?
|
6.2 Мәдениеттің дамуы
|
6.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау
|
Сарматтардың жерлеудегі заттары
Зерттеу сұрағы:
Неге әйелдерді қарумен жерледі?
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
6.2 Мәдениеттің дамуы
|
6.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
6.1.2.2 дала тайпаларының әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру
|
Сарматтардың қоғамдық құрылымы мен шаруашылығы
Ерттеу сұрағы:
Филиппов обасы несімен танымал?
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
6.2 Мәдениеттің дамуы
|
6.1.2.2 дала тайпаларының әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру;
6.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау
|
Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Зерттеу сұрағы:
Сармат тайпалары ұстаған малдың негізгі түрлерін ата?
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
6.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;
6.1.2.1 дала тайпаларының өмірі мен тұрмысын сипаттау
|
Ғұндар
|
Ғұндар жазба дерекетрі бойынша
Зерттеу сұрағы:
Ғұн тайпаларын сипаттаған ежелгі авторлар кім?
|
6.2 Мәдениеттің дамуы
6.3 Мемлекеттің дамуы
|
6.3.1.1 картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
6.2.2.7 тарихи деректерді атау
6.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
|
Мөде шаньюя билігі
Зерттеу сұрағы:
Неге Мөде шаньюй "Ұлы" деп атаған?
|
6.3 Мемлекеттің дамуы
|
6.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
|
Қытай мен ғұндар арасындағы қатынас
Зерттеу сұрағы:
Неге Қытай әскерлері ғұндарды жеңе алмады?
|
6.3 Мемлекеттің дамуы
|
6.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
|
Ғұндар мемлекетінің құлдырауы
Зерттеу сұрағы:
Ғұн мемлекетінің құлдырау себебін ата?
|
6.3 Мемлекеттің дамуы
.
|
6.3.1.3 алғашқы мемлекеттердің ішкі саясатын сипаттау;
6.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
|
Ғұндардың шаруашылығы, қоғамдық және мемлекеттік құрылымы
Зерттеу сұрағы:
Ғұндардың негізгі кәсібін ата?
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
6.4. Қазақстанның экономикалық дамуы
|
6.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;
6.1.2.1 дала тайпаларының өмірі мен тұрмысын сипаттау
|
Қоғамдық және мемлекеттік құрылым
Зерттеу сұрағы:
Бтліктің үлестік-иерархиялық ауысуы қалай болады?
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
6.1.2.2 дала тайпаларының әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру
|
Халықтардың Ұлы қоңыс аударуы
Зерттеу сұрағы: "Ұлы қоңыс аударуға" не себеп болды?
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
6.3 Мемлекеттің дамуы
|
6.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету;
6.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
|
Еуропаға қоңыс аудару
Зерттеу сұрағы:
Батыста ғұндар қандай тайпалармен соғысты?
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
6.3 Мемлекеттің дамуы
|
6.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету;
6.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
|
4-тоқсан
|
Аттила қызметі
Зерттеу сұрағы:
Аттила соғысқан мемлекеттерді атап бер.
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
6.3 Мемлекеттің дамуы
|
6.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету;
6.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
|
|
Еуразия тарихында ғұндардың орны
Зерттеу сұрақтары:
Ғұндардың әскери жорықтарының тарихи мәнін неде?
|
6.3 Мемлекеттің дамуы
|
6.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
|
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
|
Ежелгі тайпалар мәдениеті
Зерттеу сұрағы:
Тайпалар бірлестіктері не үшін құрылды?
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
6.2 Мәдениеттің дамуы
|
6.1.2.2 дала тайпаларыныңәлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру;
6.2.1.1 дала тайпаларының наным-сенімдерін сипаттау
6.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
|
"Аң стилі"
Зерттеу сұрағы:
"Аң стилі" қай мыңжылдықта пайда болды?
|
6.2 Мәдениеттің дамуы
|
6.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау
|
Полихромді стилі
Зерттеу сұрағы:
Дала тайпаларында полихромді стилі қай ғасырда дамыды?
|
6.2 Мәдениеттің дамуы
|
6.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау
|
Ежелгі керуен жолдары
Зерттеу сұрағы:
Азияның ежелгі сауда жолдары қандай?
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
6.1.1.3 сауда жолдарының бағыттарын тарихи картадан көрсету
|
Ежелгі Қазақстанға саяхат
|
6.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
6.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
6.1.1.2 ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпатын анықтау;
6.4.1.1 ежелгі адам кәсібін сипаттау;
6.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;
6.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау;
6.4.2.3 Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру
|
3) 7-сынып
3-кесте
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқу пәнінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
Түрік кезеңіндегі Қазақстан тарихы (VI - XIII ғ.).
Қазақстан IV – IX ғ.
Ежелгі түрік дәуірінің мәдениет тарихы (VI-IX ғ.)
Xғ – ортасында XIIIғ басындғы Қазақстан.
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы
X-XIII ғ. басындағықазақстанның мәдениеті
XIII-XV ғғ.
Қазақстан.
XIII–XV ғ бірінші жартысында Қазақстанның саяси тарихы
|
Кіріспе сабақ
Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы нені оқытады?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
7.1.1. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу
|
Түрік (552-603ғ.)
Зерттеу сұрағы:
VI ғ Түрік қағанаты қандай басқа ірі мемлекеттермен байланыс орнатты?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету;
7.3.2.1 түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру;
7.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
7.1.2.2 ерте түрік қағанаттарының әлеуметтік-әкімшілдік құрылымын анықтау;
7.3.1.1 Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау
|
Батыстүркі (603-704ж.) және Шығыстүрік (682-744ж.) қағанаттары
Зерттеу сұрағы:
Батыстүрік қағанатының негізін қанша тайпа құрады?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету;
7.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы түрік мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіру;
7.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
7.1.2.2 ерте түрік қағанаттарының әлеуметтік-әкімшілдік құрылымын анықтау
|
Түргеш қағанаты (704-756 ж.)
Зерттеу сұрағы:
Атлах шайқасы кезінде түргештер кіммен одақтастық құрды?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету;
7.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы түрік мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіру;
7.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
7.1.2.2 ерте түрік қағанаттарының әлеуметтік-әкімшілдік құрылымын анықтау;
7.3.2.3 Атлах шайқасының тарихи маңызын анықтау
|
Қарлұқ қағанаты (756-940 ж.)
Зерттеу сұрағы:
Қай жылдары қарлұқ жабығы Ұлы Даласындағы жоғарғы атақ- қағанды қабылдады?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету;
7.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы түрік мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіру;
7.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
7.1.2.2 ерте түрік қағанаттарының әлеуметтік-әкімшілдік құрылымын анықтау
|
Оғыз мемлекеті (IX – ортасы XI ғ.)
Зерттеу сұрағы:
Оғыздар қай мемлекетпен одақ құрып Хазар қағанатын талқандады?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету;
7.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы түрік мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіру;
7.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
7.1.2.2 ерте түрік қағанаттарының әлеуметтік-әкімшілдік құрылымын анықтау
|
Қимақ қағанаты (IX –XI ғ.)
Зерттеу сұрағы:
Қимақ патшасы туралы жазған араб ғалымын ата?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
7.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
7.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету;
7.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы түрік мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіру;
7.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
7.1.2.2 ерте түрік қағанаттарының әлеуметтік-әкімшілдік құрылымын анықтау;
7.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау
|
Түрік шаруашылығы VI –IX ғ.
Зерттеу сұрағы:
Түріктердің негізгі кәсібін ата?
|
7.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
7.2 Мәдениеттің дамуы
|
7.4.1.2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау;
- түрік кәсібін атау;
7.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру
|
Қала мәдениетінің қалыптасуы
Зерттеу сұрағы:
Ерте ортағасырлық қалалар негізінен қайда орналасты ?
|
7.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
7.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;
7.4.1.1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарды анықтау
|
Ежелгі түрік кезеңінің жазбалары
Зерттеу сұрағы:
Түріктер жазбасының пайда болудың қайнар көзі неде?
|
7.2 Мәдениеттің дамуы
|
7.2.3.1 көне түркі жазуының маңызын түсіндіру
|
Ежелгі түріктердің діні
Зерттеу сұрағы:
Неге Қазақстан аумағында ерте бірнеше діни ағымдар пайда болды?
|
7.2 Мәдениеттің дамуы
|
7.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру
|
Қарахан мемлекеті
Зерттеу сұрағы:
Исламды қабылдау себебін ата?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету;
7.3.1.4 тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру;
7.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
7.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
7.1.2.2 ерте түрік қағанаттарының әлеуметтік-әкімшілдік құрылымын анықтау
|
Қарақытай мемлекеті (1128-1212жж.)
Зерттеу сұрағы:
Қарақытай мемлекетінде патша тегінің әйелдері қандай құқыққа ие болды?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету;
7.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
7.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
7.1.2.2 ерте түрік қағанаттарының әлеуметтік-әкімшілдік құрылымын анықтау
|
2-тоқсан
|
Наймандар, керейіттер және жалайырлар (XII –
XIII ғ. басы)
Наймандар, керейіттер және жалайырлар:
Найман және керей мемлекетінің құрылуына не себепші болды?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету;
7.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
7.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
7.1.2.2 ерте түрік қағанаттарының әлеуметтік-әкімшілдік құрылымын анықтау
|
Қыпшақ хандығы (XI – XIII ғ басы)
Наймандар, керейіттер және жалайырлар:
Не себепті Еуразия даласы "Дешті Қыпшақ" деп аталды?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету;
7.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
7.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
7.1.2.2 ерте түрік қағанаттарының әлеуметтік-әкімшілдік құрылымын анықтау;
7.3.2.4 қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау
|
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Зерттеу сұрағы:
Қазақстан аумығындағы сауда ерекшеліктерін ата?
|
7.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
7.4.2.2 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;
7.4.1.1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарды анықтау
|
Ұлы Жібек жолының түрік аймағы
Зерттеу сұрағы:
Қазақстан аумағында Ұлы Жібек жолы трассасының неше бағыты болды?
|
7.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
7.4.2.3 Ұлы Жібек жолының түркі аймағының негізгі бағыттары мен трассаларын атау
|
Ұлы Жібек жолының тарихи мәні
Зерттеу сұрағы:
Неге ұлы Жібек жолы қалалардың пайда болуына әкелді?
|
7.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
7.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;
7.4.1.1 выявлять көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарды анықтау
|
(X- XIII ғ. басы) қалалардың дамуы
Зерттеу сұрағы:
X –XIII ғ. басындағы қала құрылысының ерекшеліктері
|
7.2 Мәдениеттің дамуы
|
7.2.2.2 ортағасырлық сәулет ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру
|
(X –XIII ғ. басындағы) қала сәулеті
Зерттеу сұрағы:
Как благоустраивали средневековые города Казахстана?
|
7.2 Мәдениеттің дамуы
|
7.2.2.2 ортағасырлық сәулет ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру
|
Сауда мен егіншіліктің дамуы
Зерттеу сұрағы:
X -XIII ғ. күміс тиындар қалай аталды?
|
7.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
7.4.1.1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарды анықтау
|
Қолөнер. Көшпеділердің материалдық мәдениеті
Зерттеу сұрағы:
Көшпенділердің ең ежелгі қолөнер кәсібін ата?
|
7.2 Мәдениеттің дамуы
|
7.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
|
Рухани мәдениет. Исламның таралуы
Зерттеу сұрағы:
Түріктер исламның қандай қасиеттерін қабылдады?
|
7.2 Мәдениеттің дамуы
|
7.2.1.2 ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау
|
IX – XIIIғ.басындағы ғылым және әдебиет
Зерттеу сұрағы:
Неге IX-XIII ғ. ғылым мен әдебиет қарқынды дамыды?
|
7.2 Мәдениеттің дамуы
|
7.2.3.2 Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау;
7.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұн және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру;
7.2.3.3 "Кодекс Куманикус" сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау
|
Өзара әрекеттесу және мәдениетті өзара байыту
Зерттеу сұрағы
Территоряның еуропалық бөлігінде жаңа этностар қалай пайда болды?
|
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.2.1 тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру
|
3-тоқсан
|
Қазақстан аумағындағы моңғол шапқыншылығы
Зерттеу сұрағы:
Шыңғысханға басқыншылық жорықтары не үшін қажет болды?
|
7.2 Мәдениеттің дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау;
7.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
7.3.1.5 Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау;
7.3.1.8 Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау
|
Қазақстан моңғол империясының құрамында
Зерттеу сұрағы:
Қай ханның тұсында Алтын Орда өркендеу биігіне жетеді?
|
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
7.3.1.8 Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау
|
Шығыс Дешт-Қыпшақтың саяси жекешеленуі. Ақ Орда
Зерттеу сұрағы:
Қай ханның тұсында Ақ Орда Алтын ордадан жекешелене бастады?
|
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
7.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанамасебептерін анықтау
|
Моғолстан (XIV ғ ортасы–XVI ғ басы)
Зерттеу сұрағы:
Кім Моғолстанның құрылуы туралы нақты мәлімет береді?
|
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
7.3.1.8 Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықта
|
Темір мен темурид мемлекеті
Зерттеу сұрағы:
Темір –әмірідің билеудегі үш қағидасы?
|
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
7.3.1.8 Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау
|
Абылқайыр хандығы (1428 – 1468 жж.)
Зерттеу сұрағы:
Абылқайыр хандығында бүліктің және алауыздықтың себебі неде
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
7.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;
7.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII - XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру
|
Ноғай Ордасы. Сібір хандығы
Зерттеу сұрағы:
Ноғай Ордасының және Сібір хандығының даму ерекшеліктерін ата?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
7.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;
7.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII - XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру
|
XIII –XV ғ бірінші жартысындағы мемлекеттердің саяси құрылымы, экономика мен мәлениеті
|
XIII-XV ғ. бірінші жартысындағы мемлекеттердің саяси және қоғамдық құрылымы.
Зерттеу сұрағы:
Шыңғысхан ұрпақтары қандай болды?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
7.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау
|
XIII-XV ғ. бірінші жартысындағы мемлекеттің экономикасы
Зерттеу сұрағы:
бірыңғай жан-басылық алым-салық енгізген қай хан?
|
7.2 Мәдениеттің дамуы
7.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
7.4.1.3 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің экономикалық дамуын анықтау;
7.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру;
7.4.1.2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау
|
|
XIII-XV ғ. бірінші жартысындағы рухани мәдениеттің дамуы
Зерттеу сұрағы:
"Махаббат-наме" қыпшақ поэмасы не туралы?
|
7.2 Мәдениеттің дамуы
|
7.2.1.2 ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау;
7.2.3.1 көне түркі жазуының маңызын түсіндіру
|
XV-XVIII ғ қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы
|
Қазақ халқының этногенез тарихы
Зерттеу сұрағы:
Қазақ халқының негізгі қалыптасу кезеңдерін ата?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
7.1.1.3 ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау;
7.1.1.4 "қазақ" этнонимінің мағынасын түсіндіру
|
|
Қазақ хандығының құрылуы
Зерттеу сұрағы:
Қазақ хандығының құрылу ерекшеліктерін ата?
|
7.2 Мәдениеттің дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.1.9 қазақ хандыңы құрылуының тарихи маңызын анықтау
7.2.3.4 - М.Х.Дулатидің "Тарихи-Рашиди" еңбегінің маңыздылығын түсіндіру;
7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
|
4-тоқсан
|
|
Қазақ жерлерінің бірігуі
Зерттеу сұрағы:
неге Мухаммад Шайбани қазақ хандығына қарсы жорықтар жасады?
|
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау;
7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
|
|
Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты (1511-1518 ж.)
Зерттеу сұрағы:
Мемлекетті нығайтудағы Қасым ханның ролін түсіндір?
|
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
7.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
|
|
Хақназардың Қазақ хандығының тұтастығын қалпына келтіру
Зерттеу сұрағы:
Хақназар хан кіммен "сертті одақ" құрды?
|
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
7.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
|
|
Тәуекел ханның билеуі. XVI ғ.аяғында қазақ хандығының күшеюі
Зерттеу сұрағы:
Тәуекел ханның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ата?
|
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
7.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
|
|
Казахское ханство в начале XVII ғ. басындағы Қазақ хандығы Есім хан (1598 – 1628ж.)
Зерттеу сұрағы:
Неге Есім ханның билігі кезінде қос өкімет орнатылды?
|
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
7.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау;
|
|
Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қарсылығы (1629-1652 ж.)
Зерттеу сұрағы:
Жоңғар басқыншылығының себептері неде?
|
7.2 Мәдениеттің дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау;
7.3.2.7 Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау;
|
|
Тәуке тұсындағы Қазақ хандығы (1680-1715/18)
Зерттеу сұрағы:
Неге тәуке ханның билігін мемлекеттің "алтын ғасыры" деп атайды?
|
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
7.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
|
|
Қайталау-қорытынды сабақ
|
|
|
XV-XVII ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік –экономикалық және мәдени дамуы
|
Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы
Зерттеу сұрағы:
Көшпенді Дала таптарын ата?
|
7.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.1.2.1 Қазақ хандығында әлеуметтік топтар рөлін анықтау;
7.3.1.11 қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау
|
|
XVI-XVIIғ. Қазақ хандығының саяси және құқықтық құрылымы
Зерттеу сұрағы:
Қазақ хандығы әскерінің қалыптасу ерекшелігі неде?
|
7.3 Мемлекеттің дамуы
|
7.3.1.11 қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау
|
|
XV-XVII ғ.қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы
Зерттеу сұрағы:
Көшпенді шаруашылықтың ерекшелігі неде?
|
|
7.4.1.2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау
|
|
XV-XVII ғ. қазақтардың рухани және материалдық мәдениеті
Зерттеу сұрағы:
Қазқа өміріндегі жыраудың ролін анықтау
|
7.2 Мәдениеттің дамуы
|
7.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау;
7.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
|
4) 8-сынып
4-кесте
Ұзақмерзімді жоспар бөлімдері
|
Ұзақмерзімді жоспар мазмұны
|
Оқу пәнінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
Қазақ-жоңғар соғыстары
|
Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы
Зерттеу сұрағы:
Қазақстан аумағына жоңғарлардың басқыншылық жорықтарының себептері неде?
|
8.1 Әлеуметтік қатынастарды дамыту
8.2 Мәдениетті дамыту
8.3 Мемлекеттің дамуы
8.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
8.1.1.1 жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру;
8.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;
8.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
8.4.1.1 жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау
|
Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы "Годы Великого бедствия" "Ақтабан шұбырынды"
Зерттеу сұрағы: Неліктен Ордабасы ел бірлігінің нышаны болды?
|
8.3 Мемлекеттің дамуы
|
8.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
8.3.1.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру
|
Қазақ-жоңғар шайқастары
Зерттеу сұрағы: Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ-жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады?
|
8.3 Мемлекеттің дамуы
|
8.3.2.1 Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру
|
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
|
XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастары
Зерттеу сұрағы:
Неліктен Ресей Қазақстанды Азияға шығудың "кілті мен қақпасы" деп санады?
|
8.3 Мемлекеттің дамуы
|
8.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
8.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
|
Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталауы
Зерттеу сұрағы:
Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды?
|
8.3 Мемлекеттің дамуы
|
8.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
8.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
|
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
Зерттеу сұрағы:
Абылайханның ішкі саясаты неге бағытталды?
|
8.3 Мемлекеттің дамуы
|
8.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
8.3.2.3 Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау
|
2-тоқсан
|
XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
|
XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті
Зерттеу сұрағы:
XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты?
|
8.2 Мәдениеттің дамуы
|
8.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;
8.2.1.1 салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау
|
XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті
Зерттеу сұрағы: Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?
|
8.2 Мәдениеттің дамуы
|
8.2.2.4 қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
|
Отарлау және ұлт-азаттық күрес
|
XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы Зерттеу сұрағы:
Казак әскерлерінің негізгі қызметі неде болды?
|
8.3 Мәдениеттің дамуы
|
8.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау
|
1783-1797 ж. Сырым Датұлы басшылығында ұлт-азаттық қозғалыс
Зерттеу сұрағы:
Сырым Датұлы Хан кеңесі алдына қандай талап қойды?
|
8.3 Мәдениеттің дамуы
|
8.3.1.5 халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
8.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
|
1822-1824 жылдардағы патша реформалары
Зерттеу сұрағы:
Неліктен XX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстанда әкімшілік реформалар жүргізілді?
|
8.3 Мемлекеттің дамуы
8.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
8.3.1.4 Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;
8.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау
|
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі
Зерттеу сұрағы:
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай күрес түрлерін қолданды?
|
8.3 Мемлекеттің дамуы
|
8.3.1.5 определять причины и қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
8.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
|
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
Зерттеу сұрағы:
Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?
|
8.3 Мемлекеттің дамуы
|
8.3.1.5 қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
8.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
|
3-тоқсан
|
Отарлау және ұлт-азаттық күрес
|
XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық мемлекеттерімен қарым-қатынастары
Зерттеу сұрағы:
Сырдария қазақтарының ірі көтерілістерін атап бер?
|
8.3 Мемлекеттің дамуы
|
8.3.1.5 халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
8.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
|
Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы
Зерттеу сұрағы:
Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай?
|
8.3 Мемлекеттің дамуы
|
8.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
8.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
|
Қазақстан Ресей империясы
ның құрамында
|
XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар
Зерттеу сұрағы:
XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалардың мақсатын айт?
|
8.3 Мемлекеттің дамуы
8.1. Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
8.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау;
8.3.1.4 Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;
8.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау
|
Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі
Зерттеу сұрағы:
XIX ғасырдың екінші жартысындағы халық көтерілістерінің себебі неде?
|
8.3 Мемлекеттің дамуы
|
8.3.1.5 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау
|
Қазақстандағы жаппай шаруа отаршылдық
Зерттеу сұрағы:
Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының өмірін қалай өзгертті?
|
8.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
8.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
8.4.1.2 отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау;
8.1.1.2 Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын түсіндіру;
8.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау
|
|
Развитие капиталистических отношений в Казахстане
Исследовательский вопрос:
Как начиналось промышленное развитие Казахстана?
|
8.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
8.4.2.1 капиталистік қатынастар дамуының Қазақстанның экономикасына ықпалын анықтау
|
Развитие ярмарочной торговли
Исследовательский вопрос:
Почему в Казахстане стала развиваться ярмарочная торговля?
|
8.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
8.4.2.2 сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау
|
Казахское общество во второй половине XIX века
Исследовательский вопрос:
Кто стал добиваться равноправия для казахского народа в составе Российской империи?
|
8.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
8.2 Мәдениеттің дамуы
|
8.2.1.2 ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері әсерін түсіндіру;
8.1.2.2 қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру
|
4-тоқсан
|
XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағы
Қазақстанның мәдениеті
|
XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы
Зерттеу сұрағы:
Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?
|
8.2 Мәдениеттің дамуы
|
8.2.1.1 салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау;
8.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;
8.2.2.3 ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау
|
XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі
Зерттеу сұрағы:
XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай түрде дамыды?
|
8.2 Мәдениеттің дамуы
|
8.2.3.2 XIX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру
|
Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы
Зерттеу сұрағы:
Ш. Уәлихановқандай үлес қосты?
|
8.2 Мәдениеттің дамуы
|
8.2.3.1 Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау
|
Ы. Алтынсарин – жаңашыл -педагог
Зерттеу сұрағы:
Ы. Алтынсариннің іс-әрекеттүрлерін атап бер?
|
8.2 Мәдениеттің дамуы
|
8.2.3.3 Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау
|
Абай Құнанбаев – ұлы ақын, ойшыл
Зерттеу сұрағы:
Абай Құнанбаев әр адам үшін ең маңызды не деп есептеді?
|
8.2 Мәдениеттің дамуы
|
8.2.2.2 Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру
|
XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Қазақтардың ауызша тарихи дәстүрлерінің дамуы.
Зерттеу сұрағы:
Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінің тарихи құндылығы неде?
|
8.2 Мәдениеттің дамуы
|
8.2.3.4 Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау
|
5) 9-сынып
5-кесте
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқу пәнінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
|
Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Зерттеу сұрағы:
Не себепті А.Байтұрсынов: "Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды", - деп санады?
|
9.3 Мемлекеттің дамуы
|
9.3.1.1 қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру;
9.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
|
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
Зерттеу сұрағы:
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды?
|
9.3 Мемлекеттің дамуы
|
9.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру;
9.3.1.3 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру
|
1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері
Зерттеу сұрағы:
Зерттеу сұрағы: Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты?
|
9.3 Мемлекеттің дамуы
|
9.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
|
"Алаш" қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы
Зерттеу сұрағы:
"Алаш" партиясының мақсаты қандай болды?
|
9.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
9.2 мәдениеттің дамуы
9.3 Мәдениеттің дамуы
|
9.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;
9.3.1.4 "Алаш" партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын анықтау;
9.2.3.1 ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру
|
XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері
Зерттеу сұрағы:
Қазақ зиялылары ұлттық мүдделерді қалайша қорғады?
|
9.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
9.2 Мәдениеттің дамуы
9.3 Мемлекеттің дамуы
|
9.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;
9.2.2.1 қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;
9.3.1.5 Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру
|
2-тоқсан
|
Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы
|
Қазан революциясы және Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы
Зерттеу сұрағы:
Неге кеңестік билік қалаларда тез орнықты?
|
9.3 Мемлекеттің дамуы
|
9.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
|
|
Қазақстандағы ұлттық автономиялар
Зерттеу сұрағы:
Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?
|
9.1. Әлеуметтік қатынастардың дамуы
9.3 Мемлекеттің дамуы
|
9.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығын анықтау;
9.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау
|
|
Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар).
Зерттеу сұрағы:
Қазақстандағы азаматтық соғыстың ерекшелігі неде?
|
9.3 Мемлекеттің дамуы
|
9.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
|
"Әскери коммунизм" саясаты
Зерттеу сұрағы:
"әскери коммунизм" саясатының салдары қандай?
|
9.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
9.4.1.2 Азаматтық соғыс кезеңіндегі экономикалық саясаттың тиімсіздігін түсіндіру
|
Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы
Зерттеу сұрағы:
Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде?
|
9.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
9.1.1.2 Қырғыз автономиялық Республикасының құрылу кезеңдерін анықтау
|
Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу
Зерттеу сұрағы:
Жаңа экономикалық саясаттың мәні неде?
|
9.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
9.4.1.1 жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді атау
|
3-тоқсан
|
Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде
|
Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру
Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшелігі неде?
|
9.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
9.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
9.4.2.1 Қазақстандағы индустриялан дырудың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау;
9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау
|
Қазақстандағы ұжымдастыру
Зерттеу сұрағы: Неліктен ұжымдастыру саясаты "ұлы нәубетке" әкеліп соқтырды?
|
9.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
9.3 мемлекеттің дамуы
|
9.4.1.2 күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардап тарын талдау;
9.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау
|
1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар
Зерттеу сұрағы:
Сталиндік режим не себепті зиялыларға "халық жауы" деген айып тақты?
|
9.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
9.3 Мемлекеттің дамуы
|
9.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;
9.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау
|
Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым
|
Ахмет Байтұрсынов – "ұлт ұстазы".
Зерттеу сұрағы: Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай
|
9.2 Мәдениеттің дамуы
|
9.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау
|
XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым.
Зерттеу сұрағы:
Білім мен ғылым саласының қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?
|
9.2 Мәдениеттің дамуы
|
9.2.3.2 кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау;
9.2.3.3 XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау
|
Қ.Сатбаев – жан-жақты ғалым
Зерттеу сұрағы: Қ.Сәтбаевтіңқызметбағыттарын атап бер?
|
9.2 Мәдениеттің дамуы
|
9.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру
|
4-тоқсан
|
Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер
|
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінің дамуы
Исследовательский вопрос: Қазақ әдебиетінде социалистік реализм қалай көрініс тапты?
|
9.2 Мәдениеттің дамуы
|
9.2.2.1 определять творческое наследие казахской интеллигенции, оценивать его влияние на общественное сознание
|
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы
Зерттеу сұрағы:
Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды?
|
9.2 Мәдениеттің дамуы
|
9.2.2.4 Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру;
9.2.2.1 қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;
9.2.2.3 өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау
|
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
|
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы
Зерттеу сұрағы: Қандай қазақстандық Ұлы Отан соғысының батырлары халық есінде сақталды?
|
9.3 Мемлекеттің дамуы
|
9.3.2.1 қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау;
9.3.2.2 Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау
|
Қазақстан – майдан арсеналы
Зерттеу сұрағы: "Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!" ұраны қалай жүзеге асты?
|
9.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
9.4 Экономикалық даму
|
9.4.2.2 Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына бейімделгендігін дәлелдеу;
9.1.2.2 соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау
|
Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы
Зерттеу сұрағы: Қазақстан аумағына қай халықтар депортацияланды?
|
9.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
|
9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау
|
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті.
Зерттеу сұрағы: Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды?
|
9.2 Мәдениеттің дамуы
|
9.2.2.5 соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау
|
6) 10-сынып
6-кесте
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқу пәнінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар)
|
Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Зерттеу сұрағы: Соғыстан кейін қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді?
|
10.1 Әлеуметтік қатынастар дамуы
10.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
10.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы қорытынды жасау;
10.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру ;
10.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау
|
Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені.
Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақстан ядролық сынақтар алаңына айналды?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру;
10.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын анықтау
|
Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері.
Зерттеу сұрағы: Неліктен тарихшы Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?
|
10.2 Мәдениеттің дамуы
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.2.3.1 Е.Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау;
10.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру
|
Қазақстан "жылымық" кезеңінде (1954-1964 жылдар)
|
"Жылымық" кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Зерттеу сұрағы: "Жылымық кезеңі" қоғамға қандай өзгеріс әкелді?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру
|
Тың игеру жылдарындағы Қазақстан.
Зерттеу сұрағы: Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты Қазақстанға қалай әсер етті?
|
10.1 Әлеуметтік қатынастар дамуы
10.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
10.1.1.1 демографиялық өзгерістер туралы қорытынды жасау;
10.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерді анықтау
|
Қазақ КСР экономикасы- ның шикізатқа бағытталуы.
Зерттеу сұрағы: Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде қаншалықты ескерілді?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын анықтау;
10.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау
|
2-тоқсан
|
Қазақстан "тоқырау" кезеңінде (1965-1985 жылдар)
|
1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Зерттеу сұрағы: Не себепті 1965-1985 жылдар "тоқырау" кезеңі деп аталды?
|
10.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
10.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау;
10.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерді анықтау
|
XX ғ. 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар
Зерттеу сұрағы: XX ғасырдың. екінші жартысында ұлттық мүдделерді қорғау қалай жүзеге асырылды?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру;
10.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын анықтау;
10.3.1.2 қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру
|
"Тоқырау" жылдарындағы демографиялық процестер
Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы урбандалу процесіне қандай фактор лар әсер етті?
|
10.1 Әлеуметтік
қатынастардың дамуы
|
10.1.1.1 демографиялық өзгерістер туралы қорытынды жасау;
10.1.1.2 қазіргі демографиялық өзгерістерге баға беру
|
Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар)
|
XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы
Зерттеу сұрағы:
Кеңестік білім беру саласындағы реформалар қандай мақсат көздеді?
|
10.2 Мәдениеттің дамуы
|
10.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру
|
XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері.
Зерттеу сұрағы:
XX ғасырдың екінші жартысында ғылымның қай салалары көбірек дамыды?
|
10.2 Мәдениеттің дамуы
|
10.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру
|
XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы
Зерттеу сұрағы: Кеңестік идеология қазақ мәдениетінің дамуына қалай әсер етті?
|
10.2 Мәдениеттің дамуы
|
10.2.2.1 кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін анықтау;
10.2.2.2 М.Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалау
|
3-тоқсан
|
Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)
|
Казахстан на Қазақстан "Қайта құрудың" бастапқы кезеңінде
Зерттеу сұрағы:
КСРО-ның ыдырауы: заңдылық па әлде кездейсоқтық па?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
10.4 Қазақстанның экономикалықдамуы
|
10.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру;
10.4.1.2 Кеңес үкіметі кезіндегі орын алған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды анықтау
|
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
Зерттеу сұрағы:
1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының сипаты қандай болды?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.1.5 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру;
10.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау
|
"Қайта құру" жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық процестер
Зерттеу сұрағы: Демократиялық процестер қоғамдық сананы қалай өзгертті?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру
|
Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар)
|
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы
Зерттеу сұрағы: "Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы" Конституциялық Заңының тарихи маңызы қандай?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау;
10.3.1.7 Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызын түсіндіру
|
Н.Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Зерттеу сұрағы:
Саяси көшбасшының мемлекет тарихының бетбұрысты кезеңдеріндегі рөлі қандай болды?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.1.10 Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға беру
|
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастырудағы іс-шаралар
Зерттеу сұрағы:
1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңызы неде?
|
10.3 Мемлекеттіңдамуы
|
10.3.1.8 Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси дамуын талдау;
10.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау;
10.3.1.3 Қазақстан Республикасы Конституциясын мемлекеттің тұрақты дамуның кепілі ретінде бағалау
|
Қазақстан – халықаралық құқық субеъектісі
Зерттеу сұрағы: Қазақстанның халықара лық қауымдастыққа кірігуі қалай жүзеге асты?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру;
10.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау
|
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның экономикалық даму
Зерттеу сұрағы: Неліктен нарықтық экономикаға көшу барысында қиыншылықтар?
|
10.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
10.4.1.3 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесінің экономикаға ықпалын талдау;
10.4.2.2 нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін анықтау;
10.4.2.3 Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін талдау
|
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процестер
Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық процестердің ерекшеліктері неде?
|
10.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау;
10.1.1.2 қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға беру;
10.1.2.1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде;
10.3.2.4 қазақ диаспораларының тарихи Отанымен байланысының маңыздылығын айқындау
|
4-тоқсан
|
Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бастап қазіргі заманға дейін)
|
Қазақстан - 2030" Стратегиясы – мемлекет дамуындағы жаңа кезең
Зерттеу сұрағы: "Қазақстан - 2030" Стратегиясын қабылдау қажеттілігі неден туындады?
|
10.1 Әлеуметтік қатынастардың дамуы
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды анықтау;
10.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарынтүсіндіру
|
Қазақстанның 1997 жылдан бастап экономикалық дамуы
Зерттеу сұрағы: Қазақстан Республикасының XXI ғасырдағы экономикалық дамуының негізгі бағыттары қандай?
|
10.4 Қазақстанның экономикалық дамуы
|
10.4.2.2 нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін анықтау;
10.4.1.4 аграрлық секторды модернизациялау бағыттарын талдау;
10.4.2.4 сыртқы сауданың экономикаға әсерін зерттеу
|
Қазақстанның 1997 жылдан бастап әлеуметтік дамуы
Зерттеу сұрағы: Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы қалай өзгерді?
|
10.1 Әлеуметтік қатынастар дамуы
|
10.1.2.1 объяснять социальное положение населения Казахстана на основе статистических данных
|
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан
Зерттеу сұрағы: Қазақстанның жаңа әлемдегі орны қандай?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау;
10.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру
|
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы
Зерттеу сұрағы: Астананы көшіру неліктен ұтымды стратегиялық шешім болып табылды?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.1.11 Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде айқындау
|
Қазақстан – 2050" стратегиялары
Зерттеу сұрағы: "Қазақстан – 2050" Стратегиясы қандай жаңа саяси бағытты белгіледі?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды анықтау
|
Қазіргі кездегі Қазақстанның дамуындағы басым бағыттары
Зерттеу сұрағы:
"5 институтционал ды реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам" ұлт жоспары неліктен қабылданды?
|
10.3 Мемлекеттің дамуы
|
10.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды анықтау
|
Қазіргі Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін)
|
Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның дамуы
Зерттеу сұрағы: Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білім мен ғылымның даму тенденциялары қандай?
|
10.2 Мәдениеттің дамуы
|
10.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатын анықтау
|
Тәуелсіз Қазақстан мәдениеттің дамуы
Зерттеу сұрағы: Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті дамыту мен сақтау жолдары қандай?
|
10.2 Мәдениеттің дамуы
|
10.2.2.3 қазіргі кездегі өнер мен әдебиеттің даму тенденцияларын айқындау;
10.2.2.4 ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігін негіздеу ("Мәдени мұра" бағдарламасы)
|
Діннің қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі
Зерттеу сұрағы: Қазақстан қоғамында зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы ұстанымдары қалай үйлесім табуда?
|
10.2 Мәдениеттің дамуы
|
10.2.1.1 дәстүрлі және деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың іс-әрекетін түсіндіру;
10.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау
|
"Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы.
Зерттеу сұрағы: "Мәңгілік Ел": идеясының біріктірушілік рөлі неде
|
10.2 Мәдениеттің дамуы
|
10.2.1.3 "Мәңгілік Ел" Жалпыұлттық идеясының маңыздылығын бағалау;
10.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау
|
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына 7-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 644-қосымша |
Есту қабілеті зақымдалған (естімейтіндер) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Дүниежүзі тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Есту қабілеті зақымдалған (естімейтіндер) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Дүниежүзі тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Оқу бағдарламасының мақсаты – есту бұзылыстары бар білім алушылардың бойында тарихи оқиғаларды саналы түсіну, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту және зерттеушілік, ойлау, қоғамға кірігуге қажетті коммуникативті дағдыларды дамыту.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) есту бұзылысы бар білім алушыларда адамзат өркениетінің ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері және түрлі халықтардың тарихи даму жолының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;
2) әлемнің тарихи дамуы барысында қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру;
3) тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін дүниежүзі тарихы контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;
4) тарихи сауаттылық қалыптастыру – тарихи кезеңдерде бағдарлай білу біліктілігін, халықтардың салт-дәстүрлерін білу.
4. Түзете-дамыту міндеттері:
1) ауызша сөйлеу тілін есту және көру арқылы қабылдауын қалыптастыру;
2) сөйлеу мәдениетін, өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізу біліктілігін дамыту;
3) тарихи фактілерді өмірлік жағдаяттарда қолдана алатын тұлға дамыту;
4) естімейтін оқушыға сапалы жеке арнайы оқытуды кеңейту.
2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
5. Естімейтін оқушыларды оқыту үдерісінде, оқытудың негізгі қағидаларын ескеру керек: қолжетімділік, сараланған және жеке тұлғаға бағытталған тәсілдеме, көрнекілік және қарым-қатынас.
6. Оқытудың қолжетімділік қағидасы оқу материалының түсінуге қолжетімді болуын, тарихи ұғымдарды оңтайлы жеткізуді, мәтіндерді қажетті иллюстрациялармен және дидактикалық материалмен қамтамасыз етуді қарастырады.
7. Сараланған тәсілдеме оқушылардың материалды қабылдау деңгейін ескереді:
1) жоғарғы деңгей – оқушылар өздігінен материалды меңгере алады;
2) орташа деңгей – оқушылар кейде педагогтың көмегін қажет етеді;
3) төменгі деңгей – оқушылар үнемі педагогтың көмегін қажет етеді.
8. Тұлғаға бағытталған тәсілдеме тұлғаны үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, тұлғаның шығармашылық қабілеттерін толық ашу және әлеуметтік маңызды тұлға қасиеттерін тәрбиелеу.
9. Көрнекілік қағидасы білім, біліктілік пен дағдыларды шынайы өмірдегі заттарды, құбылыстарды көру арқылы қабылдау қажеттілігін қарастырады. Бұл оқушылардың танымдық тәжірибесін байытуға, абстрактілі ұғымдарды меңгеруге қажет.
10. "Дүниежүзі тарихы" пәнін оқытудағы коммуникативті тәсілдеме сөйлеу тілін қатынас құралы ретінде меңгеруді және білім алушыларды түрлі тілдік жағдаяттарда еркін бағдарлай білуді қарастырады.
11. "Дүниежүзі тарихы" пәнінде барлық қағидаларды жүзеге асыру үшін:
1) тарихи оқиғалар туралы білімдерін кеңейту негізінде естімейтін оқушылардың ауызша, жазбаша, диалогтік сөйлеу тілін таным іс-әрекетімен байланыстыра отырып дамыту;
2) дүниежүзі тарихын меңгерту үдерісінде логикалық ойлауды дамытуға ықпалдасатын жаңа формаларды, әдістерді, құралдарды қолдану, сөйлеу ортасын құру, өзіндік жұмысты ұйымдастыру;
3) естімейтін оқушыларға таныс емес жаңа териминологияны түсіндіру кезінде жест және дактиль тілдерін қосымша құрал ретінде пайдалану;
5) естімейтін оқушыларға дүниежүзі тарихын оқыту үдерісінде дидактикалық ережелерді сақтау: меңгерілетін материалдың аз көлемі, өткен материалды қайталау, белсендірту;
6) естімейтін оқушыларға әлеуметтік ортаға бейімделуге көмектесетін неғұрлым сапалы білім алуға мүмкіндік беру.
12. Оқу бағдарламасы базалық тарихи ойлау дағыдыларын: тарихи деректердің интерпретациясы, уақыт пен кеңістікте бағдарлану, тарихи талдау және түсіндіруді қалыптастыруға бағытталған.
13. "Дүниежүзі тарихы" пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктер) негізделеді:
1) өзгеріс пен сабақтастық;
2) себеп пен салдар;
3) дәлел;
4) ұқсастық пен айырмашылық;
5) маңыздылық.
14. Тарихи концептілер негізінде оқытудың қүтілетін нәтижелері:
1) өзгеріс пен сабақтастық бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды; сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді; тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;
2) себеп және салдар бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді;
3) дәлел: тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды;
4) ұқсастық пен айырмашылық" бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады;
5) маңыздылық" бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды.
15. Дүниежүзі тарихы сабағында ақпараттық-комуникативті технологияларды (АКТ) қолдану:
1) ақпараттық-комуникативті технологияларды қолдану құзыреттілігі АКТ-дағдылар негізінде құрылады және жұмыс немесе тынығу үшін технологияларды дұрыс әрі шығармашыл қолдануды қарастырады;
2) АКТ мультимедия ресурстарын және ақпараттық бұқаралық құралдарды, интерактивті тақта мен компьютерді "Дүниежүзі тарихы" пәні бойынша оқу үдерісін модернизациялауға және белсендіртуге, естуін түзетуді оңтайландыруға септігін тигізеді;
3) ақпаратты іздеу, өңдеу және ауысу үшін Интернет-ресурстарын пайдалану қажет.
16. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін сыныптар келесі құралдармен жабдықталады:
1) фронтальді оқу іс-әрекетін қамтамасыздандыру үшін станционарлы дыбыс күшейткіш құрылғылар;
2) мультимедиялық компьютердік сынып;
3) жеке есту аппараттары, дыбыс айту экраны.
3-тарау. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
17. "Дүниежүзі тарихы" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
4) 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
5) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
6) 10-сынып –аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
18. Оқу пәнінің білім мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) "Әлеуметтік қатынастардың дамуы" бөлімі;
2) "Мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі" бөлімі;
3) "Саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі"бөлімі;
4) "Экономикалық қатынастардың дамуы" бөлімі.
19. "Әлеуметтік қатынастардың дамуы" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) әлеуметтік құрылымдар;
2) әлеуметтік өзара әрекеттестік.
20. "Мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) дін;
2) өнер;
3) философиялық жүйелер;
4) ғылым.
21. "Саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) мемлекет: белгілері, құрылымы және басқару тәртібі;
2) империялар, соғыстар, көтерілістер мен революциялар.
22. "Экономикалық қатынастардың дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) шаруашылық жүйелер: эволюция және өзара әрекеттестік;
2) экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері.
23. 5-сыныпқа арналған "Дүниежүзі тарихы" пәнінің базалық мазмұны:
1) терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен малшыларға дейін. Адамның пайда болуы туралы теориялар. Адамдардың алғашқы бірлестік формалары: адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Ежелгі адамдардың өмір салты. Иемденуші және өндіруші шаруашылық түрлері (терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы,егіншілік, металл өңдеу, айырбас сауда). "Неолиттік төңкеріс" ұғымы. Ежелгі діни наным-сенімдер. Алғашқы қауымдық өнердің түсінігі және түрлері.
2) өзен алқаптарының өркениеттері. Алдыңғы Азия мен солтүстік-шығыс Африканың табиғи жағдайлары. Месопотамия тарихының ежелгі кезеңі: Шумер және Аккад мемлекеттері. Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесі мен өнері.
3) ежелгі Египет тарихы. Табиғи жағдайлары. Египеттегі мемлекеттің пайда болуы. Пирамидалар құрылысының дәуірі. Ежелгі Египеттің әлеуметтік құрылымы, экономика, діни наным-сенімдер мен ғылыми білімдері.
4) қос дөңгелекті арбалар мен империялар. "Империя" түсінігі. Ежелгі замандағы әскери өнер: соғыс арбалары мен атты әскердің пайда болуы. Жаулаушылық соғыстар мен империялар шекараларының өзгеруі. Таяу және Орта Шығыс империялары. Орталық Азияның ежелгі мемлекеттері. Әлеуметтік ұйымдасу, шаруашылығы мен мәдениеті.
5) ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы. Табиғи жағдайлары. Үндістанда мемлекеттің қалыптасуы. Ежелгі Үндістандағы индуизм мен буддизм. Ежелгі Үндістанның әлеуметтік құрылымы (касталық жүйе). Шаруашылығы. Мәдениеті мен ғылыми білімдердің дамуы.
24. 6-сыныпқа арналған "Дүниежүзі тарихы" пәнінің базалық мазмұны:
1) ежелгі Қытай. Табиғи жағдайлары. Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы. Конфуций және Лао Цзы ілімдері. Ежелгі Қытайдың саяси, шаруашылық және қоғамдық құрылысы. Ежелгі Қытайдың мәдениеті.
2) ежелгі Грекия. Ежелгі Грекияның географиялық жағдайы. Грекияның ежелгі өркениеттері. Грекиялық қала-мемлекеттер. Афина мемлекеті. Ежелгі Спарта. Ежелгі Грекияның саяси, шаруашылық және қоғамдық құрылысы. Грек-парсы соғыстары. Александр Македонский империясы.
3) ежелгі Грекия мәдениеті. Ежелгі Грекияның тарихшылары мен философтары. Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым. Ежелгі Грекияның мәдениеті (күнделікті өмірі мен мерекелері, Олимпиада ойындары, діни наным-сенімдер, аңыздар мен мифтер, театр, сәулет және мүсін өнері).
4) Рим империясының гүлденуі. Апеннин түбегінің табиғи-географиялық ерекшеліктері. Ежелгі Римнің саяси және қоғамдық құрылысы (патшалық басқару және республика кезеңі тұсында). Римнің жаулаушылық соғыстары. Рим империясы. Рим империясындағы басқару жүйесі мен әлеуметтік ұйымдасу. Спартак бастаған құлдар көтерілісі. Шаруашылығы мен тұрмысы. Мәдениет. Империя дағдарысы.
5) дәуірлер тоғысындағы Рим. Христиандықтың пайда болуы. Рим империясындағы алғашқы христиандар. Мемлекеттік басқару жүйесі. Ұлы Константиннің діни реформасы. Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы: жазу, әлемнің ғылыми бейнесі, ежелгі Римдегі техниканың дамуы.
25. 7-сыныпқа арналған "Дүниежүзі тарихы" пәнінің базалық мазмұны:
1) Рим империясының құлауы. Тарихтағы "орта ғасыр" түсінігі. Орта ғасырлар тарихының хронологиялық шеңбері мен кезеңдері. Халықтардың ұлы қоныс аудару және Батыс Рим империясының құлауы. Византия империясы. Византия мен Түрік қағанатының дипломатиялық қарым-қатынастары. Киев Русінің құрылуы. Киев Русінде христиандықтың қабылдануы;
2) феодализм. "Феодализм" түсінігі. Феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері. Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы. Ортағасырлық қалалар мен өнердің даму ерекшеліктері;
3) ислам тарихы. Ислам дінінің пайда болуы. 610 және 1258 жылдар аралығындағы ислам тарихындағы басты оқиғалар. Араб халифаты. Мұсылман әлемі мәдениетінің дамуы;
4) крест жорықтары. Крест жорықтарының (1-4 крест жорықтары) себептері, барысы мен салдарлары. Крест жорықтарынан кейінгі христиандық Еуропа мен мұсылман әлемі;
&nb