Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27572 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде:

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "

12

Ұйым басшысының нормативтік емес құқықтық актілері (бұйрықтары мен өкімдері):
1) негізгі (өндірістік) қызмет бойынша;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

2) жеке құрам бойынша (жұмысқа қабылдау (тағайындау, оқуға қабылдау), жұмыстан босату (шығару), ауысу, аттестаттау, білім алу, атақтар (шендер) беру, тегінің (әкесінің атын) өзгергені, марапаттау, еңбекақы төлеу, сыйақы беру, төлемдер, жәрдемақылар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік жазалар қолдану мен алып тастау туралы);

75 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

3) жеке құрам бойынша (іссапарлар, демалыстар, көтермелеу, біліктілікті арттыру, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік жазаларды қоспағанда, тәртіптік жазалар қолдану мен алып тастау туралы)

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

Ұйым басшысының нормативтік емес құқықтық актілеріне негіздер (бұйрықтар мен өкімдер) және олардың құжаттары (анықтамалар, өтініштер, жазбахаттар және басқа құжаттар)

1 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      451-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

451

Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжат және онымен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      487-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

487

Жұмысқа қабылданбаған тұлғалардың құжаттары (сауалнамалар, өмірбаяндар, кадрларды есепке алу парақтары, өтініштер, түйіндеме және басқа құжаттар)

1 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      492-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

492

Бос лауазымдық орындарға орналастыру, қызметке таңдау бойынша конкурстық комиссияның хаттамалары және олардың құжаттары (хаттамалардан үзінді көшірмелер, еңбек тізімдері, есептер, пікірлер және басқа құжаттар)

10 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      511-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

511

Біліктілік талаптары

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      Ескертулердің алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттiк құпияларды құрайтын және құпия мәліметтерді қамтитын құжаттар Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" және "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңдарына сәйкес сақталады.";

      2) "Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14042 тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарында:

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 тіркелген) бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне (бұдан әрі – Техникалық регламент) сәйкес өрт қауіпсіздігі жүйесіне, ауаны желдету және кондиционерлеу жүйесіне, қорғау жүйесіне және жылыту жүйелеріне тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлеріне өртке қарсы нұсқаулық жүргізу жүзеге асырылады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Ауыр салмақты қолмен көтеруге және орын ауыстыруға рұқсат етілетін шекті жүк нормасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 944 бұйрығымен бекітілген Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын және әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12597 тіркелген) сәйкес анықталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
Д. Абаев
     

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуратурасы

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық даму министірлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқармасы





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитеті

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады