"Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 425 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 сәуірде № 27699 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларында:

      14-3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-3. Аудандары жоқ облыстық маңызы бар қала әкімдігі, қаладағы аудан әкімінің аппараты тиісті аумақ тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарауды, іріктеуді және шешім қабылдауды жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Сараптамалық кеңес құрады және Сараптамалық кеңестің қызметі тәртібін анықтайды.";

      14-5 және 14-6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-5. Тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыруға бағытталатын шығыстардың ең төмен көлемі ағымдағы қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде:

      1) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді, кредиттерді және қарыздарды қоспағанда, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудандар үшін 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 5%-ынан төмен;

      2) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді, кредиттерді және қарыздарды қоспағанда, облыстық маңызы бар қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшін 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 10%-ынан төмен болмауы тиіс.

      Беру кезінде бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны:

      1) республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен;

      2) облыстық маңызы бар қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес мың еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

      14-6. Ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты орналастырады.

      Тиісті елді мекендердің тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін жүзеге асырылады.";

      14-8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-8. Жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша, келіп түскен жобалық ұсыныстарды Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылындағы 5 сеуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әкімдік (әкім аппараты) іске асыру құзыреттілігінің болуы мәніне талдауды жүзеге асырады.";

      14-11 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-11. Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін әкімдік (әкім аппараты) дауыс беру нәтижелерін шығарады.

      Дауыс беру нәтижесі негізінде Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 30 сәуірінен кешіктірмей тиісті шешім шығарады.

      Бұл ретте тиісті елді мекендердің 10-нан кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстар іске асырылуға жіберілмейтін облыстық орталық болып табылмайтын елді мекендерді қоспағанда тиісті елді мекендердің 50-ден кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстар іске асырылуға жіберілмейді.

      Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов Республики Казахстан
Е. Жамаубаев
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады