Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" |
Қазақстан Республикасының |
Ішкі істер министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" |
Қазақстан Республикасының |
Экология, геология және табиғи |
ресурстар министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" |
Қазақстан Республикасының |
Энергетика министрлігі |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттары (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 454/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде көзделген функцияларды жүзеге асыратын инновациялық жүйенің субъектісі;
2) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы технологиялық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқаратын, мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган;
4) мемлекеттік технологиялық саясат - ұлттық экономиканың, оның секторлары мен субъектілерінің Технологиялық даму деңгейін арттыру мақсатында технологиялық платформаларды, салалық технологиялық құзырет орталықтарын құруды, нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруды қоса алғанда, технологиялық басымдықтарды айқындауға, инфрақұрылымды және оларды іске асыру жөніндегі құзыреттерді дамытуға бағытталған мемлекет және (немесе) инновациялық қызмет субъектілері жүзеге асыратын экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі жеке кәсіпкерлік;
5) нысаналы технологиялық бағдарлама – мемлекеттің, кәсіпкерлік субъектілерінің және ғылымның өзара іс-қимылына негізделген салалардың түйінді (басым) технологияларын дамыту және технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені;
6) салалық технологиялық құзырет орталығы – тиісті саланың мемлекеттік технологиялық саясатын әзірлеу және оның сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген технологиялық саясат жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша мемлекеттік органдар айқындайтын, салалық және салааралық сипаттағы тиісті құзыреттерге ие сарапшылары бар заңды тұлға;
7) технологиялық болжау - игерілуі мемлекеттің орнықты инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын түйінді (басым) технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені;
8) технологиялық платформа – технологияларды өндіру мен жетілдірудің, кадрлар даярлаудың, инновациялық жобаларды іске асырудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін қажетті білім беру, ғылыми және инновациялық-өнеркәсіптік инфрақұрылымның, ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өнеркәсіптік қызмет субъектілерінің өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын элементтерінен тұратын кешен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 454/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 454/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Технологиялық болжауды жүзеге асыру
3. Орталық мемлекеттік органдар инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы өз құзыреті шегінде мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру мақсатында өз құзыреті шегінде технологиялық болжауды ұйымдастырады.
4. Технологиялық болжаудың негізгі мақсаты игерілуі мемлекеттің орнықты инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын түйінді (басым) технологияларды анықтау болып табылады.
5. Технологиялық болжау шетелдік және отандық сарапшыларды тарту, сауалнамалар мен талдамалық зерттеулер жүргізу, алынған деректерді қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру жолымен технологиялық платформалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде тиісті салалардағы салалық технологиялық құзырет орталықтарының қатысуымен ұлттық институттың әдіснамалық және консультациялық қолдауымен жүргізіледі.
6. Технологиялық болжамдау міндеттері:
1) орта және ұзақ мерзімді перспективада экономика мен қоғамға әсер ете алатын озық технологиялар мен инновацияларды анықтау;
2) экономика және мемлекеттік басқару салаларының технологиялық және инновациялық дамуының ағымдағы жай-күйінің күшті және әлсіз жақтарын бағалау;
3) технологияның болашақ дамуының ықтимал тенденциялары, қиындықтар және оларды жеңудің мүмкін жолдары туралы түсінік қалыптастыру;
4) технологиялық саясатты қалыптастырудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлеу;
5) технологияларды дамытудың ұзақ мерзімді перспективалары туралы шешім қабылдайтын тұлғаларды хабардар ету есебінен технологиялық саясаттың тиімділігін арттыру;
6) басым бағыттарды дамытудың технологиялық жол карталарын әзірлеу үшін ақпараттық базаны қалыптастыру - әлеуетті нарықтық тауашаларды анықтау және туындайтын нарықтар үшін бәсекеге қабілетті өнімдерді барынша жылдам әзірлеуге мүмкіндік беретін технологияларды таңдау.
7. Технологиялық болжауды жүзеге асыру өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) технологиялық болжаумен қамтылатын тиісті салаларда сарапшылардың болуы және тартылуы;
2) технологиялық болжаудың жекелеген әдістерін пайдалану.
8. Ғылым мен технологияның дамуын болжау әдіснамасының үш бағыты бар:
1) жеткілікті ұзақ кезең ішінде даму үрдістерін анықтауға және оларды сараптамалық бағалау негізінде тиісті түзетумен болашаққа ұзартуға негізделген сызықтық-экстраполяция әдіснамасы;
2) ұжымдық сараптамалық бағалауға негізделген Форсайт әдістемесі болашақ дамудың үрдістері мен параметрлері туралы білікті ғалымдар мен мамандардың үлкен тобының пікірлерін жинауға, өңдеуге және орташаландыруға ықпал етеді;
3) дамудың циклдік заңдылықтарына негізделген әдістеме экономикадағы циклдік динамика ырғағын ескеруге мүмкіндік береді.
9. Технологиялық болжау үш кезеңде жүзеге асырылады: дайындық, негізгі және қорытынды.
10. Технологиялық болжауды жүзеге асырудың дайындық кезеңі келесілерді қамтиды:
1) технологиялық болжау процесіне қатысу үшін жұмыс және сараптама топтарын қалыптастыру. Топтардың құрамына таңдалған бағыт бойынша тиісті тәжірибесі мен біліктілігі бар отандық және шетелдік сарапшылар міндетті түрде енгізіледі;
2) технологиялық болжау процесіне қатысушылардың технологиялық дамуды ұзақ мерзімді болжау саласында шетелдік сарапшылармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
3) технологиялық болжауды жүргізудің пайдалануға жоспарланған әдістерін айқындау;
4) технологиялық болжау кезеңдері мен іс-шараларының әрқайсысы үшін қолданылатын әдістерді, жұмыс түрлерін тақырыптық жоспарда оларды жүргізудің уақыт шеңберлерін көрсете отырып нақтылау;
5) зерттеудің негізгі бағыттары мен кезеңдеріне сәйкес ақпараттық материалдарды, талдаулар мен шолуларды дайындауды жүзеге асыру.
11. Технологиялық болжауды жүзеге асырудың негізгі кезеңі келесілерді қамтиды:
1) технологиялық дамудың, инновациялардың, ғылымның, қоғамдық қатынастардың, нормалар мен құндылықтардың әлемдік трендтерін, экономика мен мемлекеттік реттеудің жекелеген секторлары мен кіші секторларының даму перспективаларын зерттеу;
2) технологиялық және инновациялық даму саласындағы стратегиялардың, жоспарлар мен бағдарламалардың келісілуі мен сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің аясында (саласында) бар құжаттарын талдауды және бағалауды жүзеге асыру. Талдау нәтижелері бойынша түйінді жетістіктер, күшті жақтар, алдыңғы кезеңдердің жетістіктері, әлсіз жақтар және одан әрі дамудың қолда бар перспективалары айқындалады;
3) елдің инновациялық және технологиялық дамуы және ұлттық инновациялық жүйені жетілдіру үшін жаңа перспективаларды, ықтимал қауіптер мен сын-тегеуріндерді анықтау;
4) ғылым, білім беру, бизнес және мемлекеттік басқару саласы арасындағы тиімді өзара байланыс пайымын қалыптастыру;
5) тиісті құзыреттерді қалыптастыру;
6) ішкі құзыреттерді талдауды және бағалауды жүзеге асыру, көшбасшы елдермен және бәсекелес елдермен салыстырғанда неғұрлым жоғары даму деңгейі бар технологиялық бағыттарды айқындау. Ішкі құзыреттерді талдау шеңберінде отандық ғылымның, халықаралық кооперацияның, озық технологиялар трансферінің жетістіктерін енгізу негізінде елдің (аяның, саланың) бәсекелестік артықшылықтары және оларды күшейту үшін перспективалар айқындалады;
7) перспективада базистік трендке сәйкес трансформациялауға және дамытуға қабілетті технологияларды, дамуы инновациялық дамудың пайымы мен мақсаттарын іске асыруға мүмкіндік беретін түйінді (басым) технологияларды анықтау;
8) құрылымдық-технологиялық қайта құрулардың жалпы барысымен, индустриялық жаңғырту саласындағы ілгерілеумен ұштастыра отырып, жаңа технологияларды игеру сценарийлерін әзірлеу. Төменде ұлттық экономиканы дамытудың төрт сценарийі келтірілген:
индустрияландыру бағдарламалары қысқарған жағдайда іске асырылатын технологиялық тоқырау сценарийі;
технологиялық инерция сценарийі индустрияландырудың қазіргі нұсқасындағы жалғасы ретінде (басымдықтарды өзгертпей және инновациялық құрамдас бөлікті күшейтпей);
жаһандық технологиялық тізбектерге қосу арқылы өзінің технологиялық құзыретті күшейтуді көздейтін жаңа технологиялық тауашалардың сценарийі;
жаһандық технологиялық динамикамен үндестіруге бағытталған технологиялық серпіліс сценарийі.
12. Технологиялық болжауды жүзеге асырудың қорытынды кезеңі мыналарды:
1) технологиялық болжамдау нәтижелерін қалыптастыру технологиялық және инновациялық дамудың пайымы мен мақсаттарын әзірлеуді, түйінді (басым) технологиялардың тізбесін, инновациялық гранттар берудің басым бағыттары бойынша ұсыныстарды, нысаналы технологиялық бағдарламаларды қалыптастырудың басым бағыттары бойынша ұсыныстарды, аяны (саланы) технологиялық және инновациялық дамыту тұрғысынан Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің және заңнаманың құжаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды, мемлекеттік реттеудің нақты саласында нақты мемлекеттік органдарға арналған ұсыныстар;
2) ғылыми қоғамдастықтың, бизнестің, мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса алғанда, барлық мүдделі тараптармен дөңгелек үстелдер, конференциялар, медиа-құралдарды пайдалана отырып ақпарат тарату форматында технологиялық болжау нәтижелерін кеңінен талқылауға шығару, олардың нәтижелері бойынша түзетулер енгізіледі;
3) заңнаманы қоса алғанда, салалардың технологиялық дамуын ынталандыратын мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірлеу;
4) технологиялық болжау нәтижелерін Кеңестің қарауына шығару.
13. Технологиялық болжау нәтижелері:
1) мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін түйінді (басым) технологиялар тізбесін айқындау және өзектілендіру;
2) саладағы негізгі (басым) технологияларды дамытуға бағытталған қолда бар ресурстардың (қаржылық, инфрақұрылымдық, білім беру) фокусын қамтамасыз ету тәсілі ретінде нысаналы технологиялық бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру үшін негіз болып табылады.
14. Технологиялық болжау қорытындылары мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру кезінде ескеріледі.
3-тарау. Салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуі
15. Салалық технологиялық құзырет орталықтарының негізгі міндеттері тиісті саланы технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, нысаналы технологиялық бағдарламаны әзірлеу мен іске асыруға жәрдемдесу, жеделдетілген технологиялық даму үшін әлемдік технологиялық трендтерді мониторингтеу, ағымдағы жағдайлар мен бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттілігі мен мүдделілігін айқындау, тиісті саланың кәсіпкерлік субъектілері арасында инновациялық қызметтің үздік практикалары мен тәжірибесін таратуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
Салалық технологиялық құзырет орталықтары тиісті саланың технологиялық даму пайымын әзірлеу үшін жеткілікті тиісті білімді, іскерлікті, дағдылар мен тәжірибені жинақтайды, салалық және салааралық сипаттағы тиісті құзыреттері бар сарапшыларды тарту арқылы институционалдық жадыны қамтамасыз етеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 454/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Салалық құзырет орталықтары қызметінің негізгі функциялары:
1) технологиялық болжауды жүргізуге және өзге де талдамалық зерттеулерге қатысу;
2) технологиялық трендтерді және саланың ағымдағы жағдайын талдау;
3) саладағы технологиялық даму пайымы бойынша ұсынымдар әзірлеу;
4) технологиялық платформаларды қалыптастыру арқылы саланың стейкхолдерлерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
5) саладағы нысаналы технологиялық бағдарламаның жобасын әзірлеу және оны іске асыруды кейіннен сүйемелдеу;
6) халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
7) саланың отандық және халықаралық көшбасшыларымен кооперацияны қамтамасыз ету болып табылады.
17. Салалық технологиялық құзырет орталықтарын айқындау өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) технологиялық бағыт бойынша тиісті салада/секторда ұйым қызметінің тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл;
2) ұйым қызметкерлерінің бағдарламалық құжаттарды жасау, талдамалық зерттеулер жүргізу, саладағы технологияларды, технологиялық өндірістік процестерді бағалау, Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы құзыреттерінің болуы;
3) қызметті қаржыландыру үшін өз қаражатын, қажетті инфрақұрылымды қоса алғанда, материалдық-техникалық базаның болуы.
18. Осы Әдістеменің 17-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін ғылыми ұйымдарды, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, бизнес-қауымдастықтарды және саланы дамыту институттарын қоса алғанда, заңды тұлға оның салалық технологиялық құзыреттер орталығын айқындау жөніндегі бастамашы болады.
19. Тиісті саланың мемлекеттік технологиялық саясатын әзірлеу және оның сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салаларда салалық құзырет орталығын айқындау жөніндегі ұсыныстарды Кеңестің қарауына енгізеді.
20. Мемлекеттік органдар кеңес ұсынымының негізінде салалық технологиялық құзырет орталығын айқындау туралы шешім қабылдайды.
21. Салада әртүрлі технологиялық бағыттар бойынша бірнеше салалық технологиялық құзырет орталықтары айқындалады. Салалық технологиялық құзырет орталықтарын қалыптастыруға әдіснамалық жәрдемді ұлттық институт жүзеге асырады.
22. Салалық технологиялық құзырет орталықтарының қызметін қаржылық қамтамасыз ету меншікті, тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
4-тарау. Технологиялық платформаларды ұйымдастыру
23. Технологиялық платформалардың қатысушылары технологиялық платформаларды ұйымдастырудың үйлестірушілері, тиісті саладағы салалық технологиялық құзырет орталықтары, мемлекеттік органдар, бизнес, білім беру және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері (бұдан әрі – қатысушылар) болып табылады.
24. Технологиялық платформалардың негізгі қызметі:
1) аяда (салада) және оның жекелеген бағыттарында технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша платформаға қатысушы барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін жұмылдыру және үйлестіру;
2) аяны (саланы) және оның жекелеген бағыттарында технологиялық дамытудың бірыңғай пайымын платформа қатысушыларымен келісу;
3) платформаның технологиялық бағыттары бойынша бастамаларды, ұсыныстарды және іс-шараларды жинау және әзірлеу;
4) платформа қатысушылары арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға жәрдемдесу;
5) платформа шеңберінде цифрландыру элементтерін, деректермен және құзыреттермен алмасу процесін енгізу есебінен платформаға қатысушылардың өзара іс-қимыл процестерін оңтайландыру;
6) платформа мақсатына қол жеткізу үшін ресурстардың (қаржылық, инфрақұрылымдық, білім беру) фокусын қамтамасыз ету;
7) платформа шеңберінде саланы технологиялық дамытудың жол картасын қалыптастыру және іске асыру;
8) аяның (саланың) нысаналы технологиялық бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
25. Технологиялық платформаларды ұйымдастыру технологиялық платформалардың үйлестіру функцияларын дұрыс және тұрақты орындауға негізделген.
Технологиялық платформаларды ұйымдастыру үйлестірушісін айқындау өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) технологиялық платформа қызметінің саласында (аясында) технологиялық құзыреттілікке және салалық ерекшелік біліміне ие болу;
2) қалыптастырылатын платформаның технологиялық бағытының стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл процесін ұйымдастыру тәжірибесінің кемінде 3 (үш) жыл болуы;
3) платформаны қалыптастыру кезінде келісушілікті қамтамасыз ету мақсатында технологиялық бағыттың негізгі көшбасшыларымен (заңды тұлғалар, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар, қауымдастықтар) ынтымақтастық туралы келісімдердің (меморандумдардың) болуы;
4) технологиялық платформаның жұмыс істеуі үшін қажетті материалдық-техникалық базаның болуы;
5) технологиялық платформаның функцияларын іске асыруды және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша тіркелген міндеттемелердің болуы.
26. Осы Әдістеменің 25-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін ғылыми ұйымдарды, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, салалық технологиялық құзырет орталығын, бизнес-қауымдастықты және тиісті саладағы даму институтын қоса алғанда, заңды тұлға оның технологиялық платформаны ұйымдастыру үйлестірушісі болып табылады.
27. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар Кеңестің қарауына технологиялық платформаны ұйымдастыру үйлестірушісін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді.
28. Мемлекеттік органдар Кеңес ұсынымының негізінде технологиялық платформаларды құру және технологиялық платформаларды ұйымдастырудың үйлестірушісін айқындау туралы шешім қабылдайды.
29. Салада әртүрлі технологиялық бағыттар бойынша бірнеше технологиялық платформаларды айқындауға жол беріледі. Технологиялық платформаларды қалыптастыруға әдіснамалық жәрдемді ұлттық институт жүзеге асырады.
30. Технологиялық платформалардың қызметін қаржылық қамтамасыз ету тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
5-тарау. Нысаналы технологиялық бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру
31. Технологиялық саясатты іске асыру үшін салалық технологиялық құзырет орталықтары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 241-5-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті мемлекеттік органдар бекітетін нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлейді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 454/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Нысаналы технологиялық бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге әдіснамалық жәрдемді ұлттық институт жүзеге асырады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 454/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асыруға бағытталу;
2) кәсіпорындардың (салалардың) технологиялық міндеттерін шешуге және перспективалы технологияларды дамытуға бағдарлану;
3) мемлекеттің, кәсіпкерлік, білім және ғылым субъектілерінің өзара іс-қимылы;
4) перспективалы технологияларды тұтынушылардың нысаналы тобының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлану;
5) мерзімдері, ресурстары және мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттер мен шараларды орындаушылар бойынша келісілген жүйенің болуы, оларды іске асырудың дәйектілігі, бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуге бағдарлануы;
6) теңгерімді қаржылық, еңбек және материалдық ресурстармен және оларды қамтамасыз ету көздерімен қамтамасыз етілуі.
34. Нысаналы технологиялық бағдарламаның құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
1) паспорт (негізгі параметрлер);
2) кіріспе;
3) ағымдағы жағдайды талдау (әлемдік трендтерді талдау, ағымдағы жағдайды талдау, басым кіші бағытты бөлу);
4) мақсаттары, міндеттері;
5) бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар (саланың дамуына елеулі ықпал ету үшін әлеуеті бар салалық кіші бағытта болжанатын технологияларды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары);
6) қажетті ресурстар.
35. "Паспорт (негізгі параметрлер)" бөлімінде мыналарды қамтитын бағдарламалық құжаттың негізгі параметрлері баяндалады:
1) атауы;
2) әзірлеу үшін негіздеме;
3) бағдарламалық құжатты әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, сондай-ақ іске асыруға жауапты мемлекеттік органдарды көрсету;
4) мақсаты;
5) міндеттері;
6) іске асыру мерзімі;
7) қаржыландыру көздері мен көлемі.
36. "Кіріспе" бөлімінде ұсынылып отырған нысаналы технологиялық бағдарлама қажеттілігінің негіздемесі баяндалады.
37. "Ағымдағы жағдайды талдау" бөлімінде мыналар:
1) қызмет саласы жай-күйінің ағымдағы жағдайын бағалау (бұл ретте ағымдағы жағдайды сипаттайтын цифрлық көрсеткіштерді, негізгі проблемаларды, тежеуші факторларды, даму үшін қолда бар әлеуетті, негізгі ойыншыларды талдауды, әлемдік тәжірибені, күшті және әлсіз жақтарын, осы қызмет саласы үшін перспективалар мен қауіп-қатерлерді алдын ала талдау негізінде үрдістер мен алғышарттарды бөліп көрсету қажет);
2) қызмет саласын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы нормативтік құқықтық базасын, қолданыстағы практикасы мен нәтижелерінің сипаттамасын қоса алғанда, қызмет саласын дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау баяндалады.
38. "Мақсаттары, міндеттері" бөлімінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттары негізге алына отырып қалыптастырылатын мақсаттар көрсетіледі.
Нысаналы технологиялық бағдарламаның барлық мақсаттары айқын, нақты, бақыланатын, тексерілетін және бағаланатын болып табылады және бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін аралық және түпкілікті мәндері бар нысаналы индикаторларды қамтиды.
Нысаналы технологиялық бағдарламаның міндеттері жағдайды талдау негізінде қалыптастырылатын және жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет салаларындағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізу үшін орындалуы қажет негізгі шарттар болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің мақсаттары, міндеттері мен нысаналы индикаторлары оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және жеке ұйымдар көрсетіле отырып келтіріледі.
39. "Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар" деген бөлімде нысаналы технологиялық бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізу және алда тұрған міндеттерді шешу жолдары, әрбір мақсатқа қол жеткізуді және әрбір міндетті шешуді толық көлемде және қажетті мерзімдерде қамтамасыз ететін шаралар жүйесі келтіріледі.
40. "Қажетті ресурстар" деген бөлімде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін ресурстарға деген қажеттілік баяндалады.
41. Салада әртүрлі технологиялық бағыттар бойынша бірнеше мақсатты технологиялық бағдарламаларды әзірлеуге жол беріледі.
42. Жетекшілік ететін бағыттардағы мемлекеттік органдар нысаналы технологиялық бағдарламаның жобасын мақсаттарға, өлшемшарттар мен құрылымға сәйкестігі тұрғысынан қарау қорытындылары бойынша мүдделі ұйымдармен келіскеннен кейін Кеңестің қарауына ұсыныстар енгізеді.
43. Нысаналы технологиялық бағдарламаны бекіту тиісті мемлекеттік органның шешімімен ресімделеді.
44. Нысаналы технологиялық бағдарламаны әзірлеуді және іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
6-тарау. Қорытынды ережелер
45. Осы Әдістемеде регламенттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен реттеледі және шешіледі.