"Технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі №133/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 454/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шiлдеде № 34844 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27772 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттары (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2-тармақта:

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) нысаналы технологиялық бағдарлама – мемлекеттің, кәсіпкерлік субъектілерінің және ғылымның өзара іс-қимылына негізделген салалардың түйінді (басым) технологияларын дамыту және технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені;";

      "6) салалық технологиялық құзырет орталығы – тиісті саланың мемлекеттік технологиялық саясатын әзірлеу және оның сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген технологиялық саясат жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша мемлекеттік органдар айқындайтын, салалық және салааралық сипаттағы тиісті құзыреттерге ие сарапшылары бар заңды тұлға;";

      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) технологиялық платформа – технологияларды өндіру мен жетілдірудің, кадрлар даярлаудың, инновациялық жобаларды іске асырудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін қажетті білім беру, ғылыми және инновациялық-өнеркәсіптік инфрақұрылымның, ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өнеркәсіптік қызмет субъектілерінің өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын элементтерінен тұратын кешен.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Салалық технологиялық құзырет орталықтарының негізгі міндеттері тиісті саланы технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, нысаналы технологиялық бағдарламаны әзірлеу мен іске асыруға жәрдемдесу, жеделдетілген технологиялық даму үшін әлемдік технологиялық трендтерді мониторингтеу, ағымдағы жағдайлар мен бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттілігі мен мүдделілігін айқындау, тиісті саланың кәсіпкерлік субъектілері арасында инновациялық қызметтің үздік практикалары мен тәжірибесін таратуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.

      Салалық технологиялық құзырет орталықтары тиісті саланың технологиялық даму пайымын әзірлеу үшін жеткілікті тиісті білімді, іскерлікті, дағдылар мен тәжірибені жинақтайды, салалық және салааралық сипаттағы тиісті құзыреттері бар сарапшыларды тарту арқылы институционалдық жадыны қамтамасыз етеді.";

      31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Технологиялық саясатты іске асыру үшін салалық технологиялық құзырет орталықтары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 241-5-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті мемлекеттік органдар бекітетін нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлейді.

      32. Нысаналы технологиялық бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге әдіснамалық жәрдемді ұлттық институт жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновацияларды дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады