Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 сәуірде № 27841 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 159 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

      2-тармақта:

      2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) аралас орташалау әдісі – бұл өнеркәсіптік кешен тұтынатын электр қуатының есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) максималды мәнін анықтау (есептеу) әдісі, оған сәйкес өнеркәсіптік кешен тұтынатын электр қуатының есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) максималды мәні импортталатын электр қуатын шегере отырып, аталған есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдеріндегі өнеркәсіптік кешеннің нетто-қуатының тиісті орташа мәні ретінде айқындалады;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) импортталатын электр қуаты – Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерден жеткізілетін электр энергиясының орташа айлық қуаты.";

      26) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "26) толық орташалау әдісі - есептік кезеңде (күнтізбелік айда) энергия беруші ұйымның электр қуатын тұтынуының максималды мәнін айқындау (есептеу) әдісі, оған сәйкес есептік кезеңде (күнтізбелік айда) энергия беруші ұйымның электр қуатын тұтынуының максималды мәні осы энергия беруші ұйымның жеке желілерінде және шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясының ысырабын жабу үшін тұтынған электр қуатының мәні импортталатын электр қуатын шегере отырып, осы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айда) орташа мән ретінде айқындалады;";

      31) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "31) ішінара орташалау әдісі - есептік кезеңде (күнтізбелік ай) ішінде қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының максималды мәнін айқындау (есептеу) әдісі, оған сәйкес есептік кезеңде (күнтізбелік айда) қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының максималды мәні импортталатын электр қуатын шегере отырып, осы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдері үшін қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының тиісті орташа мәні ретінде айқындалады;";

      48-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "48. Заңның 15-3-бабы 2-тармағының бірінші абзацына сәйкес көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді қалыптастырады, онда өздерінің құрамында меншік, жалдау құқығындағы немесе өзге де заттай құқықтағы генерациялайтын көздердің электр қуаты есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі күнтізбелік жылдардың әрбір айына импортталатын электр қуатын есепке алмай, тұтыну электр қуатының максималды мәндерін (бұдан әрі – тұтынудың максималды айлық қуаты) көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді. Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өздерінің болжамды өтінімдерінде осы энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау қызметін көрсетуді жоспарлаған электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға тиесілі максималды айлық тұтыну қуаттарының бөлігін ғана көрсетеді.

      Көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын және тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді қалыптастырады, онда өздерінің құрамында меншік, жалдау құқығындағы немесе өзге де заттай құқықтағы генерациялайтын көздердің электр қуаты есебінен, сондай-ақ өздерімен бірге тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың электр қуаты есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі күнтізбелік жылдардың әрбір айына импортталатын электр қуатын есепке алмай, тұтынудағы электр қуатының максималды мәндерін (бұдан әрі – тұлғалар тобының тұтынушылары үшін тұтынудың максималды айлық қуаты) көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.

      Осы тармақта көрсетілген тұтынуға арналған болжамды өтінімдер осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысанда ресімделеді.";

      2. "Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12562 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) веб-сайт – жеке тұлғалар немесе ұйымның компьютер желілеріндегі ортақ мекенжайы (домендік атауы немесе ІP-мекенжайы) бар электрондық құжаттар жүйесі (деректер және код файлы);

      2) веб-интерфейс – бұл құралдардың жиынтығы, оның көмегімен пайдаланушы браузер арқылы веб-сайтпен немесе кез келген басқа да қосымшалармен өзара іс-қимыл жасайды;

      3) диспетчер – төмен тұрған диспетчерлік орталықтың диспетчеріне немесе электр энергетикасы субъектілерінің жедел персоналына тиісті диспетчерлік орталықтың операциялық аймағында электр энергетикасының режимі мен электр жабдығын, құрылғылары мен электр желілерін пайдаланудың жай-күйін басқару жөнінде диспетчерлік орталықтың атынан командалар мен өкімдер беруге уәкілетті қызметкер;

      4) диспетчерлік команда – жоғары тұрған диспетчерлік орталықтың диспетчері байланыс арналары бойынша төмен тұрған диспетчерлік орталықтың диспетчеріне немесе электр энергетикасы субъектілерінің жедел персоналына технологиялық жұмыс режимдері мен электр жабдығын, құрылғылары мен электр желілерін пайдалану жай-күйін басқару жөнінде нақты іс-қимыл (іс-қимылдар) жасауға (жасаудан қалыс қалуға) беретін нұсқауы;

      5) жедел басқару – көрсетілген жабдықтың, құрылғылар мен электр желілерінің пайдаланылу жай-күйі тиісті диспетчерлік орталық диспетчерінің командасы бойынша ғана өзгертілетін электр жабдығын, құрылғылар мен электр желілерінің пайдаланылу жай-күйін басқаруды ұйымдастыру;

      6) жедел жүргізу – көрсетілген жабдықпен, құрылғылармен және электр желілерімен операцияларды орындау кезінде көрсетілген жабдық пен құрылғы бар жедел-диспетчерлік басқарудың жоғары тұрған диспетчерінің рұқсатымен жүргізілетін электр жабдығының, құрылғылар мен электр желілерінің пайдаланылу жай-күйін басқаруды ұйымдастыру;

      7) жоспарлау жүйесі – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру-тұтыну жөніндегі өтінімдерін бір күн бұрын беру, электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастыру, сондай-ақ күнбе-күн өтінімдерін (бекітілген тәуліктік кестесін түзету) беруге арналған бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы;

      8) жүйелік шектеулер – Қазақстан БЭЖ-інің технологиялық жұмыс істеу параметрлерінің шекті рұқсат етілетін мәндері;

      9) Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (Қазақстан БЭЖ-і) қалыпты жұмыс режимі – режимді жоспарлау кезінде көзделген электр энергетикасы жүйесінің барлық элементтері жұмыс істейтін және жасалған шарттардың талаптарына сәйкес электр энергиясының барлық тұтынушыларын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін қалыптасқан жұмыс режимі;

      10) Қазақстан БЭЖ-інің авариядан кейінгі жұмыс режимі – электр энергетикасы жүйесінің зақымданған элементін авариялық ажыратудан кейін туындайтын және қалыпты жұмыс режимін қалпына келтіргенге дейін жалғасатын қалыптасқан режим;

      11) Қазақстанның БЭЖ-і электр қуатының резерві – шартта көзделген талаптарға сәйкес келетін қажетті құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге дайындық дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;

      12) Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімі (бұдан әрі – нақты теңгерім) – жүйелік оператор есепті кезеңде жасаған электр энергиясының орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, теңгерімдеуші нарығында өндірілген, берілген және тұтынылған электр энергиясының көлемін атаулы бөлуді белгілейтін құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында өзара есеп айырысу жүргізу үшін негіз болып табылады;

      13) орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару – жүйелік оператор жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі;

      14) цифрлық майнинг – блокчейн арқылы ақпараттандыру объектілеріндегі деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін, деректерді шифрлаудың және өңдеудің берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік, энергетикалық қуаттарды пайдалана отырып, есептеу операцияларын жүргізу процесі;

      15) электр энергиясын сатып алу-сату шарты – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында белгіленген кезеңде оларды табиғи жеткізумен электр энергиясын сатып алуға-сатуға жасалатын келісім;

      16) электрмен жабдықтауды шектеу – тұтынушыға электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтату;

      17) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестесі – электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтізбелік әрбір тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін, жүйелік оператор бекіткен құжат (бұдан әрі – тәуліктік кесте).

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      6-тармақтың 11) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      11) "электр энергиясын беру және тұтыну режимдерін жүргізу бойынша өкімдер береді, сондай-ақ цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастыру және іске асыру кезінде, электр энергиясының немесе генерациялайтын қондырғылар қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ авариялық жағдайларды болдырмау үшін электр энергиясын жоспарлы жеткізуді шектеу немесе төмендету бойынша шаралар қабылдайды.

      Бұл ретте, Қазақстан БЭЖ-інің жекелеген аймақтарында электр энергиясының профициті болған жағдайда, Қазақстан БЭЖ-інің Солтүстік аймағынан Оңтүстік аймағына ағындарды ескере отырып, жүйелік оператор осы аймақта:

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 384/НҚ бұйрығымен бекітілген Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21445 болып тіркелген) сәйкес өз қызметі туралы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен;

      меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде оларға тиесілі цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған жабдықтың жиынтық қуаты сұратылған электр энергиясын тұтынуға сәйкес келетін цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін тұтынылған электр қуатына тікелей пропорционалды енгізілген шектеулерді алып тастайды.

      Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға өз қызметі туралы хабардар еткен тұлғалар туралы мәліметтерді жолдайды, олар мыналарды қамтиды:

      кедендік жүк декларациясының көшірмесі және (немесе) меншік құқығында немесе өзге заңды негізде цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған жабдықтың болуын растайтын құжат;

      цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін деректерді өңдеу орталығының орналасқан жері туралы ақпарат;

      цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжат;

      цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың көшірмесі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады