Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 мамырда № 27917 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 03.07.2024 № 291-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 03.07.2024 № 291-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Умаров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2022 жылғы 4 мамырдағы
№ 135 бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 03.07.2024 № 291-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмалардың құнын айқындау тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 03.07.2024 № 291-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) зерттеулер – ғылыми қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыратын әлеуметтанушылық, талдамалық, қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

      2) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – мемлекеттік орган қызметінің процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін арттыру үшін кейінгі іс-қимылдарды түзету бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер;

      3) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, "Aстана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын "Елбасы Aкадемиясы" корпоративтік қорына, жекелеген мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс.

2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмалардың құнын айқындау тәртібі

      3. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмаларының құны тікелей және жанама шығыстардың сомасына негізге ала отырып, мынадай формуламен айқындалады:

      С = ПР+КР, мұндағы:

      С – зерттеулер, консалтингтік қызметтер көрсету және мемлекеттік тапсырмаларының құны;

      ПР – тікелей шығыстар;

      КР – жанама шығыстар.

      4. Зерттеу, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырма құнына мынадай шығындар:

      1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;

      2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;

      3) демеушілік көмек енгізілмейді.

3-тарау. Зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындауға арналған шығындардың түрлері

      5. Тікелей шығыстар зерттеулер мен консалтингтік көрсетілетін қызметтер жүргізумен байланысты мынадай шығыстарды:

      1) салықтарды және басқа да аударымдарды есепке ала отырып, өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарды;

      2) тікелей шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;

      3) өндірістік персоналдың іссапар шығыстарын;

      4) сыртқы сарапшыларды тартуды;

      5) супервайзерлердің немесе жеке тұлғалардың қызметтерін (жаппай сауалнамалар, терең сұхбат, кабинеттік зерттеулер жүргізу, фокус-топтар үшін);

      6) өңдеу қызметтерін (деректерді енгізу, сауалнамаларды кодтау, статистикалық өңдеудің арнайы бағдарламасында деректерді өңдеу);

      7) тауарлық-материалдық қорларды сатып алуды;

      8) байланыс және интернет қызметтерін;

      9) көлік қызметтерін;

      10) полиграфиялық шығыстарды;

      11) курьерлік және пошталық қызметтерді (материалдарды тарату);

      12) жалға беру қызметтерін;

      13) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорына қол жеткізуді;

      14) аударма қызметтерін қамтиды.

      6. Жанама шығыстар көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнына жатпайды және мынадай шығыстарды:

      1) салықтарды және басқа да аударымдарды есепке ала отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарды;

      2) жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;

      3) әкімшілік-басқару персоналының іссапар шығыстарын;

      4) сақтандыруды;

      5) коммуналдық қызметтерді;

      6) ақпараттық қызметтерді;

      7) өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптарды сақтауды;

      8) күзет қызметтерін;

      9) өкілдік шығыстарды;

      10) аудиторлық қызметтерді;

      11) біліктілікті арттыруды;

      12) банктік қызметтерді;

      13) нотариалдық қызметтерді қамтиды.

4-тарау. Мемлекеттік тапсырмалардың құнын айқындауға арналған шығыстардың түрлері

      7. Тікелей шығындар мемлекеттік тапсырманы жүргізуге байланысты мынадай шығыстарды:

      1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды есепке алаотырып, өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарды;

      2) мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың іссапар шығыстарын (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарларды);

      3) корпорациялық табыс салығын және резидент еместердің қосылған құн салығын есепке ала отырып, отандық теле-, радио өніміне лицензиялық құқықтарды сатып алу;

      4) корпорациялық табыс салығын және резидент еместердің қосылған құн салығын есепке ала отырып, шетелдік теле-, радио өніміне лицензиялық құқықтарды сатып алу;

      5) авторлық және сабақтас құқықтар бойынша шығыстарды, техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді;

      6) тауарлық-материалдық қорларды (оның ішінде, жанар-жағармай материалдарын, шаруашылық материалдарын, кеңсе керек-жарақтарын, декорацияларды, косметиканы, гримді, дәрі-дәрмектерді, оқу процесін жүзеге асыруға арналған материалдарды) сатып алуды;

      7) отандық сериалдарды шығару;

      8) телевизиялық өнімдерді (аутсорсингтік жобаларды) сатып алу;

      9) өз бағдарламаларын шығару;

      10) ақпараттық қызметтер (оның ішінде шетелдік ақпараттық агенттіктердің қызметтеріне);

      11) теле-, радиобағдарламалар сигналын тарату;

      12) теле -, радио жабдықтарын жалға алу;

      13) байланыс, интернет қызметтеріне, пошта қызметтері, смс-тарату, хостинг алаңы;

      14) медиаорталықтың қызметтері;

      15) жалға алу бойынша қызметтерге, оның ішінде операциялық қызметтер;

      16) веб-сайтты, веб-платформаларды әзірлеуге, доменді және хостингті жалға алуға және оларды техникалық сүйемелдеуге және техникалық қолдауға арналған шығыстар;

      17) өндірістік персоналды даярлау және біліктілігін арттыру, форумдар мен конференцияларға қатысу;

      18) мемлекеттік тапсырма шеңберіндегі іс-шараларды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметтеріне арналған шығыстар (оның ішінде аударма, сараптамалық, консультациялық, дизайнерлік, беттеу, медициналық, архивтік, типографиялық, ақпараттық қызметтер);

      19) өндірістік үй-жайлардың коммуналдық қызметтері;

      20) тікелей шығыстар бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      21) ақпараттық-талдамалық жүйелерінің қызметтері;

      22) мерзімді баспасөз басылымдарына және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарына (интернет басылымдар) жазылу қызметтері;

      23) спутниктік, кабельдік және цифрлық телевидение қызметтері;

      24) медиа өлшеулерді жүргізу жөніндегі қызметтер;

      25) сақтандыруды, оның ішінде: шетелдік іссапарлар кезінде өмірді, сахналық декорацияларды сақтандыруды, мәдени құндылықтарды, оның ішінде музей заттарын және музей коллекцияларын сақтандыруды;

      26) білім беру-танымдық турлар (лагерлер);

      27) өкілдік шығыстар;

      28) мемлекеттік тапсырманы іске асыру үшін қажетті ақпараттық жүйелерді әзірлеу, оларды техникалық сүйемелдеу және техникалық қолдау;

      29) материалдық емес активтерді сатып алу және (немесе) дайындау, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты шығыстар;

      30) меншік иелерінен архив материалдарын сатып алу, көшірмесін жасау және архив деректеріне қол жеткізу қызметтеріне ақы төлеу;

      31) көліктік және логистикалық қызметтер;

      32) кітаптарды, журналдарды, жинақтарды, әдістемелік құралдарды басып шығару және таралымын көбейту, полиграфиялық қызметтер көрсету;

      33) зияткерлік меншікке авторлық және лицензиялық құқықтарды сатып алу;

      34) шетелде музей экспонаттары көрмелерін және тақырыптық көрсетілімдерді өткізу;

      35) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, форумдар, лекторийлер, отырыстар, ұқсас іс-шаралар, білім беру курстарын, семинар-тренингтер, білім беру іс-шараларын, тікелей эфирлер ұйымдастыру және өткізу;

      36) әлеуметтік желілерде қоғамдық сұрау салуларды мониторингілеу және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік медиа мониторингісіне қол жеткізу жөніндегі қызметтер;

      37) мемлекеттік тапсырманы іске асыру үшін қажетті әлеуметтік, талдамалық зерттеулер;

      38) дубляждау, жазу, монтаждау, актерлерді тарту (дыбыс жолы), бейнемонтаждау, дыбыс жазу, қайта жазу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      39) аудио және бейнероликтерді, аудио және бейне контентті, бағдарламалар мен фильмдерді дайындау және ілгерілету;

      40) жобаларды ақпараттық жария ету жөніндегі қызметтер;

      41) дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін халықаралық сыйлық және құрмет медалін дайындау жөніндегі шығыстарды қамтиды;

      42) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін жарналарды төлеуді;

      43) қойылымдарды, концерттік іс-шараларды, оның ішінде Мемлекет басшысының қатысуымен ұйымдастыруды және өткізуді;

      44) тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      45) "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілетін білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсетуді;

      46) дарынды балаларды тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      47) театрлық-сахналық киімді, аяқ киімді және деректемелерді дайындау бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      48) іс-шаралардың бейне контентін дайындау бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      49) визалық қолдау көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтиды.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 03.07.2024 № 291-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жанама шығыстар мемлекеттік тапсырманы іске асыруға тікелей жатқызуға болмайтын, өндірістік процеске байланысты емес шығыстардан басқа шығыстардың барлық басқа түрлерінің сомасын қамтиды.

      Мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған жанама шығыстарға мыналар жатады:

      1) әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар;

      2) жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      3) коммуналдық қызметтер;

      4) тауарлық-материалдық қорларды, материалдық емес активтерді сатып алу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты шығыстар;

      5) жанар-жағармай материалдарын сатып алу;

      6) әкімшілік-басқару персоналы үшін іссапар шығыстары;

      7) банктік қызметтер;

      8) пошталық және курьерлік қызметтер;

      9) авторлық құқыққа, өртке қарсы және күзет қызметтеріне, еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына арналған шығыстар, нотариалдық қызметтер, тарифке енгізілген қызметтер;

      10) негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету (ғимараттар мен үй-жайларды, жабдықтарды, көлік және негізгі құралдарды күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер);

      11) аудиторлық шығыстар;

      12) полиграфиялық қызметтер;

      13) сақтандыру;

      14) ақпараттық қызметтер;

      15) порталдарды ілгерілету;

      16) әкімшілік персоналды даярлау және біліктілігін арттыру, оқыту бойынша шығыстар;

      17) спутниктік, кабельдік және цифрлық телевидение қызметтері;

      18) консультациялық шығыстар;

      19) мерзімді баспа басылымдарына және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарына (интернет басылымдарына) жазылу;

      20) құжаттарды тігу/ ғылыми-техникалық өңдеу және архив қызметтері;

      21) тәуелсіз директорларға сыйақы беру, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша атқарушы органның, ішкі аудит қызметінің басшысына және корпоративтік хатшыға сыйлықақы беру;

      22) заңды тұлғаның бизнес процестерінің сапа менеджменті жүйесін енгізу;

      23) байланыс, интернет бойынша көрсетілетін қызметтер, пошталық көрсетілетін қызметтер, смс-тарату, хостинг алаңы;

      24) мүлікті бағалау.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 03.07.2024 № 291-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады