"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 135 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 3 шілдедегі № 291-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 5 шілдеде № 34712 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 135 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 27917 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмалардың құнын айқындау тәртібін белгілейді.";

      7-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың іссапар шығыстарын (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарларды);";

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) авторлық және сабақтас құқықтар бойынша шығыстарды, техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді;

      6) тауарлық-материалдық қорларды (оның ішінде, жанар-жағармай материалдарын, шаруашылық материалдарын, кеңсе керек-жарақтарын, декорацияларды, косметиканы, гримді, дәрі-дәрмектерді, оқу процесін жүзеге асыруға арналған материалдарды) сатып алуды;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) сақтандыруды, оның ішінде: шетелдік іссапарлар кезінде өмірді, сахналық декорацияларды сақтандыруды, мәдени құндылықтарды, оның ішінде музей заттарын және музей коллекцияларын сақтандыруды;";

      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) дубляждау, жазу, монтаждау, актерлерді тарту (дыбыс жолы), бейнемонтаждау, дыбыс жазу, қайта жазу бойынша көрсетілетін қызметтерді;";

      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін жарналарды төлеуді;";

      мынадай мазмұндағы 43), 44), 45), 46), 47), 48) және 49) тармақшалармен толықтырылсын:

      "43) қойылымдарды, концерттік іс-шараларды, оның ішінде Мемлекет басшысының қатысуымен ұйымдастыруды және өткізуді;

      44) тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      45) "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілетін білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсетуді;

      46) дарынды балаларды тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      47) театрлық-сахналық киімді, аяқ киімді және деректемелерді дайындау бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      48) іс-шаралардың бейне контентін дайындау бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      49) визалық қолдау көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтиды.";

      8-тармақта:

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) мерзімді баспа басылымдарына және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарына (интернет басылымдарына) жазылу;";

      22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) заңды тұлғаның бизнес процестерінің сапа менеджменті жүйесін енгізу;";

      мынадай мазмұндағы 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:

      "23) байланыс, интернет бойынша көрсетілетін қызметтер, пошталық көрсетілетін қызметтер, смс-тарату, хостинг алаңы;

      24) мүлікті бағалау.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады