"Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 148 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 мамырда № 27967 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында, бұйрығымен бекітілген:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 Осы Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) (бұдан әрі - Заң) тармақшасына сәйкес әзірленді және қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін жазылсын.";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер және анықтамалар пайдаланылды:

      1) су жылыту қазаны – атмосфералықтан жоғары қысымдағы және жылу тасымалдаушы ретінде құрылғының өзінен тыс пайдаланылатын суды жылытуға арналған құрылғы;

      2) бу қазаны – құрылғының өзінен тыс пайдаланылатын атмосфералықтан жоғары қысыммен буды алуға арналған құрылғы;

      3) энергия технологиялық қазан – оттығында технологиялық материалдарды қайта өңдеу жүзеге асырылатын бу немесе су жылыту қазаны;

      4) буды қыздырғыш – бу температурасын қазандағы қысымға сәйкес келетін қанығу температурасынан жоғары жоғарылатуға арналған құрылғы;

      5) автономды буды қыздырғыш – қазанға немесе газ жолына немесе қыздыру үшін бу сыртқы көзден келіп түсетін жеке тұрған буды қыздырғыш;

      6) экономайзер – отынды жағу өнімдерімен жылытылатын және бу қазанына келіп түсетін суды жылыту және жартылай булануына арналған құрылғы;

      7) автономды экономайзер – қазанға немесе газ жолына кіріктірілген экономайзер, оның жылытылған суы жартылай немесе толықтай аталған қазаннан тыс пайдаланылады, немесе жеке тұрған экономайзер, оның жылытылған суы толықтай немесе жартылай бу қазанында қолданылады;

      8) қазанның есептелген ресурсы – салқын және ыстық күйден іске қосулардың есептелген санын, дайындаушының нұсқаулығында көрсетілген пайдалану режимі сақталған жағдайда дайыдаушы оның жұмысына кепілдік беретін қазанды (элементті) пайдалану ұзақтығы;

      9) сақтандыру құрылғылары – су жылыту және бу қазандарының ыдыстарын, бу мен ыстық су құбыржолдарын құрылғы қысымының немесе температурасының рұқсат етілген шамаларынан жоғарылауынан қорғауға арналған құрылғы;

      10) баллон – шұраларды, ернемектерді немесе штуцерлерді орнату үшін бір немесе екі мойны бар, сығылған, сұйытылған немесе қысыммен ерітілген газдарды тасымалдауға, сақтауға және пайдалануға арналған ыдыс;

      11) бөшке – цилиндрлі немесе басқа формада, бір орыннан екінші орынға домалайтын және қосымша тіреулерсіз жанына қойылатын, сұйық және басқа да заттарды тасымалдауға және сақтауға арналған ыдыс;

      12) сыйымдылық – сызбада берілген номиналды өлшемдермен анықталатын ыдыстың ішкі қуыс көлемі;

      13) ішкі (сыртқы) қысым – ыдыс қабырғасының ішкі (сыртқы) бетіне әсер ететін қысым;

      14) сынау қысымы – жабдықтың беріктігі мен бітеулігіне сынау жасалытын артық қысым;

      15) жұмыс қысымы – жұмыс процесі қалыпты жүрген кезде туындайтын максималды артық қысым;

      16) есептелген қысым – беріктігіне есеп жүргізілетін қысым;

      17) шартты қысым – стандартты ыдыстардың (тораптардың, бөлшектердің, арматураның) беріктігін есептеу кезінде пайдаланылатын 20 градус Цельсия (бұдан әрі – С°) температурадағы есептелген қысым;

      18) қабырғаның рұқсат етілген максималды (минималды) температурасы – ыдысты пайдалануға рұқсат етілетін қабырғаның максималды (минималды) температурасы;

      19) рұқсат етілген қысым – сәйкестікке бағалау және (немесе) беріктікті бақылаулық есептеу негізінде белгелінген жабдықтың (элементтің) максималды рұқсат етілген артық қысымы;

      20) ыдыс – химиялық, жылыту және өзге де технологиялық процестерді жүргізуге, және газ тәрізді, сұйық және өзге де заттарды сақтауға және тасымалдауға арналған (стационарлық орнатылған немесе тасымалды) герметикалық жабық сыйымдылық;

      21) шентемір – жандарынан ашық болатын тұйық профильдің цилиндрлік қабықшсы;

      22) түбі – ішкі қуысын шет жақтан шектейтін ыдыс корпусының ажырамайтын бөлігі;

      23) жұмыс ортасының температурасы – технологиялық процесс қалыпты жүрген кезде жабдықтағы ортаның минималды (максималды) температурасы;

      24) қабырға температурасы есептелген – физика-механикалық сипаттамалары, жіберілетін материал кернеуі анықталатын және жабдық элементтері беріктігіне есептер жүргізілетін температура;

      25) цистерна – теміржол вагонының рамасында, автокөліктің дөңгелегінде (тіркемеде) және басқа жылжымалы құралында орнатылған, газды, сұйық және басқа заттарды тасу және сақтауға арналған жылжымалы ыдыс;

      26) қалдық қор – техникалық қүйін бақылау кезінен мөлшер күйіне өтуіне дейін объектінің жұмыс қосындылығы;

      27) есептелген жұмыс мерзімі – жобалау кезінде белгіленген және жабдық пайдалануға берілген күннен бастап есептелетін күнтізбелік жылмен көрсетілетін жұмыс мерзімі;

      28) ыдыстың (элементтің) есептелген ресурсы – салқын және ыстық күйден іске қосулардың есептелген санын, дайындаушының нұсқаулығында көрсетілген пайдалану режимін сақтау жағдайларында сенімді жұмысына кепілдік беретін дайындаушының ыдысты (элементті) пайдалану ұзақтығы;

      29) белгіленген жұмыс мерзімі – жабдықты пайдаланудың белгіленген күнтізбелік ұзақтығы, оған жеткен кезде жабдықтың техникалық жай-күйіне қарамастан пайдалану тоқтатылуы тиіс;

      30) сараптамалық қорытынды – қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өткізілген сараптама нәтижесі;

      31) технологиялық регламент – жұмыс кезеңділігі мен жүргізу әдістерін, орындалатын жұмыс түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар мен шараларды белгілейтін кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты;

      32) аттестатталған ұйым – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізу құқығы бар екені туралы аттестатқа ие ұйым;

      33) техникалық куәландыру – "Мұнай және газ өнеркәсібі. Қауіп-қатер факторларын ескере отырып техникалық куәландыру" ҚР СТ-ның негізінде өткізілетін қауіп-қатер факторларын бағалауды ескеріп, жабдықтың иесінің жабдықтың сенімділігі мен механикалық бүтіндігін қамтамасыз ететін әдістемелері мен құралдары болған жағдайда жабдықтың техникалық жай-күйін, оны қауіпсіз пайдалану мүмкіндігін айқындау не мониторинг жүргізу мақсатында паспортта дайындаушы көрсеткен қызмет мерзімі ішінде жабдықтың сенімділігі мен механикалық бүтіндігін қамтамасыз ететін бұзбай бақылау әдістерін қолдана отырып, технологиялық жабдықтың үстіңгі қабатын сырттай қарап тексеру, ішін қарап тексеру, гидравликалық немесе пневматикалық сынауды қамтитын шаралар кешені.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес Ереже қамтитын барлық құбырлар 4 санатқа бөлінеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ыдыстардың құрылысы";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ыдыстардың конструкциясы есепті қызмет ету мерзімі ішінде пайдалануды қамтамасыз етеді және техникалық куәландыруды, тазартуды, жууды, толық босатуды, үрлеуді, жөндеуді, металл мен қосылыстарды пайдалану бақылауын жүргізуді көздейді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ыдыстар және олардың элементтері беріктігіне есеп "Ыдыстар мен аппараттар. Беріктікке есеп нормалары мен әдістері. Жалпы талаптар." МЕМСТ 34233.1-2017 және "Ыдыстар мен аппараттар. Беріктікке есеп нормалары мен әдістері. Цилиндрлік және конусты ернеушелерге, дөңес және жазық түптер пен қақпақтарды есептеу" МЕМСТ 34233.2-2017 бойынша жүргізіледі. Есептеу болмаған жағдайда беріктік есебін сертификатталған ұйым жүргізеді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Салмағы 20 килограмнан (бұдан әрі – кг) асатын ыдыстардың қақпақтары мен люктер оларды ашуға жабуға арналған көтергіш – бұрғыш және басқа құрылғылармен жабдықталады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Шығыңқы түптерді, компенсаторларды және жалғастықтарды дәнекерлеуге арналған созылған мойындарды қоспағанда, ыдыстардың сұрынталған және өтпелі элементтері үшін сұрынталған элементтің дөңгелектенуі басынан бастап дәнекерленген жіктің осіне дейінгі қашықтық сұрынталған элемент қабырғасының қалыңдығына байланысты осы Қағидалардың 2-қосымшасы бойынша қабылданады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Ыдыстарды, цистерналар мен бөшкелерді дайындау және жөндеу үшін осы Қағидалардың 13-14-қосымшаларында көрсетілген материалдар, ал баллондарды жөндеу үшін осы Қағидалардың 14-қосымшасындағы 7-кестеде көрсетілген материалдар қолданылады.";

      55 және 76-тармақтар алып тасталсын:

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Коррозиялық жарылуға төзімділігі бойынша талаптар болған кезде ыдысты жергілікті термиялық өңдеуді қолдану қажеттілігі аттестатталған ұйымның келісімі бойынша белгіленеді.";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Дәнекерлі жалғауларды бақылаудың әдістері мен көлемдерін белгілеу үшін осы Қағидалардың 3-қосымшасы сәйкес есептік қысымға, қабырғаның температурасы мен ортаның сипатына байланысты ыдыстардың тобы анықталады. Егер кестеде көрсетілген өлшемдердің қысым мен температура бойынша өлшемдер үйлесімділігі болмаса, топты анықтау үшін максималды өлшемді басшылыққа алу қажет.";

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Ультрадыбыстық дефектоскопиямен, түйіспелі, бұрыштық радиациялық әдіспен бақылау көлемі, ыдыстар мен олардың элементтерінің (түп, ернемектер, штуцерлер, люктер, ернемектер және басқалар) таңбалы және басқа да дәнекерленетін қосылыстары, люктер мен штуцерлердің ыдыс корпусымен қосылыстарын қоса алғанда, осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес келеді.";

      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Ультрадыбыстық дефектоскопияны, жекелеген дәнекерлеу қосылыстарының қол жетімсіздігінен радиациялық бақылауды жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде және бақылаудың осы әдістері (атап айтқанда, штуцерлер мен ішкі диаметрі 100 мм-ден кем құбырлардың дәнекерлеу жіктері) тиімсіз болған кезде осы дәнекерлеу қосылыстарының сапасын бақылауды аттестатталған ұйым жүргізеді.";

      122-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Қағидаларға 15-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген 5 МПа (50 кгс/см2) астам қысым немесе 450 0С жоғары температура кезінде жұмыс істеуге арналған ыдыстар және болатты дәнекерлеу кезінде қыздыруға бейім, дәнекерлеу кезінде қыздыруға бейім болаттан жасалған ыдыстар үшін соққы майыстыруға.";

      127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "127. Болат дәнекерленген қосылыстарды статикалық бүгілуге сынау кезінде алынған көрсеткіштер осы Қағиданың 5-қосымшасында көрсетілгеннен төмен болмауы тиіс.";

      129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "129. Болат дәнекерленген қосылыстардың соққы тұтқырлығының мәні осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес келуі тиіс.";

      158-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "158. Сынама қысымда ыдысты ұстау уақытын жобаны әзірлеуші белгілейді. Жобада көрсетілген мәліметтер болмаған жағдайда ұстау уақыты осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес қабылданады.";

      171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. Егер бақылаудың кез келген түрінде осы Қағидаларға 18-қосымшада белгіленген нормалар шегінен шығатын ішкі және сыртқы ақаулар табылса, дәнекерленген қосылыстардың сапасы қанағаттанарлықсыз болып саналады.

      173 және 174-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:";

      "173. Әрбір ыдысты дайындаушы зауыт осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес паспортымен және монтаждау және жөндеу жөніндегі нұсқаулықпен бірге жеткізеді.

      174. Әрбір ыдыста МЕМСТ 12971 сәйкес орындалған "Машиналар мен құралдарға арналған тік бұрышты тақтайшалар" деген жазуы бар тақтайшалары бекітіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Арматура, бақылау-өлшеу аспаптары, сақтандырғыш құрылғылар";

      180-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "180. МЕМСТ 12.1.007-76 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Зиянды заттар жіктелуі және қауіпсіздіктің жалпы талаптары" от немесе газ жылытуы бар буландырғыштарда сорғыдан немесе компрессордан шығатын желіде ыдыстан автоматты түрде жабылатын кері клапан болуы керек. Кері клапан сорғы (компрессор) мен ыдыстың тиек арматурасы арасында орнатылады.";

      184 және 185-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "184. Манометр шкаланың екінші үштен бірінде жұмыс қысымын өлшеу шамасы болатындай етіп таңдалады.

      185. Манометр шкаласына пайдалану жағдайларына сәйкес келетін жұмыс қысымының шамасын бөлу деңгейінде қызыл сызық салынады. Қызыл сызықтың орнына манометрдің корпусына қызыл түске боялған және манометрдің шынысына тығыз жапсырылатын металл пластина бекітіледі.";

      190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "190. 2,5 МПа (25 кгс/см2) жоғары қысыммен немесе 2500С жоғары қоршаған орта температурасында, жарылғыш атмосферасы бар немесе қауіптілігі 1 және 2-сыныптағы зиянды заттармен жұмыс істейтін ыдыстарда МЕМСТ 12.1.007-76 "Жүйе еңбек қауіпсіздігі стандарттары. Зиянды заттар. Классификация және қауіпсіздіктің жалпы талаптары" үш жақты клапанның орнына екінші манометрді қосу үшін өшіру құрылғысы бар бөлек арматура орнатылған.";

      195 және 196-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "195. Қабырғалардың температурасы өзгерген кезде жұмыс істейтін ыдыстар ыдыстың ұзындығы мен биіктігі бойынша қызудың жылдамдығы мен біркелкілігін бақылауға арналған құрылғылармен (термометрлармен, термопарлармен, пирометрлармен, термопоинттармен, тепловизорлармен) және жылу ауысуды бақылауға арналған реперлермен (нұсқағыштармен) жабдықталады.

      196. Ыдыстарды оның ұзындығы мен биіктігі бойынша қыздыру жылдамдығы мен біркелкілігін бақылауға арналған аспаптармен жарақтандыру қажеттілігін дайындаушы айқындайды және паспорттарда, ыдыстарды монтаждау және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көрсетіледі.";

      206-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "206. Сақтандырғыш клапандарының саны және олардың өткізу қабілеті "Құбыржолды арматура. Сақтандырғыш клапандар. Өткізгіштік қабілетті таңдау және есептеу" МЕМСТ 12.2.085-2017 сәйкес есеп бойынша таңдалады.";

      211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "211. Сақтандыру клапандарын баптау және реттеу "Құбыржолды арматура. Сақтандырғыш клапандар. Өткізгіштік қабілетті таңдау және есептеу" МЕМСТ 12.2.085-2017 сәйкес жүргізіледі.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Орнату. Есепке қою. Техникалық куәландыру. Пайдалануға рұқсат";

      238-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "238. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде және жергілікті атқарушы органда есепте тұрған ыдыстар тұрғын, қоғамдық және тұрмыстық ғимараттарда, оларға жапсарлас үй-жайларда орнатылмайды.";

      243-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "243. Қауіпті өндірістік нысандарда және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында жұмысқа қосылғанға дейін пайдаланылатын ыдыстарды есепке қою Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24574 болып тіркелген) бекітілген Қауіпті өндірістік нысандарды және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларына (бұдан әрі-Қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидалары.";

      244-тармақта:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қабырға температурасы 200оС жоғары болмаған кезде жұмыс істейтін, м3 сыйымдылықта (литрлерде) МПа-мен (кгс/см2) қысымды шығаруы 0,05 (500) аспайтын 1-ші топтағы ыдыстар, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген температурада жұмыс істейтін, м3 сыйымдылықтағы (литрлерде) МПа-мен (кгс/см2) қысымды шығаруы 1,0 (10 000) аспайтын 2, 3, 4-топтағы ыдыстар. Ыдыстардың тобы "Ыдыстар тобы" 3-қосымшасы бойынша анықталады;";

      245 және 246-тармақтар алып тасталсын:

      247-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "247. Дайындаушы паспорты жоқ қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды есепке қою аттестатталған ұйыммен дайындалған паспорттың телнұсқасы негізінде жүргізіледі.";

      249, 250, 251, 252 және 253-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "249. Есептік қызмет ету мерзімі өткен ыдысты одан әрі қауіпсіз пайдалану мүмкіндігі туралы тексеру актісі ыдысты пайдаланудың барлық кезеңі ішінде пайдаланушы ұйымда сақталады.

      250. Ыдысты жаңа орынға ауыстыру, ыдысты басқа иесіне беру кезінде, оны қосу схемасына өзгерістер енгізу кезінде ыдыс жұмысқа қосылғанға дейін есептен шығарылады және пайдалану орны бойынша қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларына сәйкес есепке қойылады.

      Бұл норманың күші көлік құралдарының шассиіне құрастырылған жылжымалы/ұтқыр ыдыстарға қолданылмайды.

      251. Ыдысты есепке қоюдан бас тартқан кезде пайдаланушы ұйымға қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларына сәйкес хабарлама жіберіледі.

      252. Осы Қағидалардың әрекеттері қолданылатын ыдыстар жұмысқа қосқанға дейін монтаждаудан кейін және пайдалану процесінде кезең-кезеңімен техникалық куәландырудан өтеді.

      253. Ыдыстарды (баллондарды қоспағанда) техникалық куәландырудың көлемі, әдістері және мерзімділігін дайындаушы айқындайды.";

      255-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "255. Мұндай нұсқаулар болмаған жағдайда техникалық куәландыру осы Қағидалардың 253 және 254-тармақтарында және кестелерде жазылған талаптарға сәйкес жүргізіледі 1, 2, 3, 4, 5, 6, осы Қағидаларға 12-қосымша.";

      257- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "257. МЕМСТ 12.1 007-76 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Зиянды заттар. Жіктелуі және жалпы қауіпсіздік талаптары" бойынша 1, 2, 3, 4 қауіптілік тобындағы зиянды заттар қысым астында жұмыс жасайтын (сұйықтықтар және газдар) ыдыстар жұмыс қысымына тең қысыммен ауа немесе инертті газбен бітеулілігіне сынақтан өтеді.

      Техникалық куәландыру сынақтар технологиялық регламентке сәйкес осы Қағидалардың 12-қосымшаның 1, 2, 3, 4-кестелерінде белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.";

      262, 263, 264, 265, 266, 267, 268 және 269-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "262. МЕМСТ 12.1.007-76 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Зиянды заттар. Жіктелуі және жалпы қауіпсіздік талаптары" бойынша 1 және 2 қауіптілік тобындағы зиянды заттармен жұмыс істейтін ыдыстар ішінде қандай да бір жұмыстарды бастағанға дейін, сондай-ақ ішкі қарау алдында технологиялық регламентке сәйкес өңдеуден (бейтараптаудан, газсыздандырудан) өтеді.

      263. Пайдаланудағы ыдыстарды кезектен тыс куәландырудан өткізу келесі жағдайларда орын алады:

      қысыммен жұмыс істейтін элементтерді дәнекерлеуді қолдана отырып қайта жаңартудан, жөндеуден кейін (қабықша, түбі, қақпағы, кіріс және шығыс коллекторлары);

      ыдысты қыздыру (салқындату) беті құбырларын толықтай ауыстырғаннан және шырайналдырғаннан кейін;

      егер ыдыс 12 айдан артық пайдаланылмаса;

      егер ыдыс демонтаждалып, жаңа жерге орнатылса;

      ыдыс қабырғаларына қорғаныс жабынын салар алдында;

      егер мұндай куәландыру ыдыстың техникалық жағдайы мен пайдаланылуын қадағалауға жауапты тұлғаның қалауы бойынша қажет болса.

      264. Ыдыстарды, цистерналарды, баллондар мен бөшкелерді техникалық куәландыру арнайы жөндеу-сынау пункттерінде, дайындаушы кәсіпорындарда, толтыру станцияларында және ыдыстардың, цистерналардың, баллондар мен бөшкелердің иелері кәсіпорындарында жүргізіледі.

      265. Өнеркйсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде және жергілікті аумақтық органдарында тіркеуге жатқызылмайтын ыдыстарды, цистерналарды, бөшкелерді және баллондарды техникалық куәландыру ыдыстардың техникалық жағдайы және пайдалануды қадағалау бойынша жауапты тұлғаларымен жүргізіледі, ал толтыру станцияларында, жөндеу-сынау пунктерінде– бұл мақсаттар үшін инженерлі-техникалық қызметкерлермен.

      266. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде есепке қоюға жататын ыдыстарды, цистерналар мен баллондарды техникалық куәландыруды ыдыстардың техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қадағалау бойынша жауапты адам ұйымдастырады және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторының қатысуымен аттестатталған ұйым жүргізеді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік қадағалау жөніндегі Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік инспекторының (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы) қатысуымен Жергілікті атқарушы органда есепке қойылуға тиіс.

      Техникалық куәландыруды жүргізу кезінде, мынадай құжаттамада көрсетілген мәліметтердің маңыздылығы мен дұрыстығы зерделенеді:

      1) осы Қағидалардың 23-қосымшасына сәйкес ыдыс паспорты;

      2) монтаж сапасы туралы қорытынды;

      3) қысым көзін, параметрлерін, оның жұмыс ортасын, арматураны, бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматты басқару құралдарын, сақтандыру және бұғаттау құрылғыларын көрсете отырып, ыдысты іске қосу схемасы;

      4) өткізу қабілеті есептелген сақтандырғыш клапанның паспорты;

      5) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы ереже;

      6) ыдыстың Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға жіберілгені туралы ақпарат.

      Егер ыдыс есептелген қызмет мерзімін атқарған болса, сертификатталған ұйыммен одан әрі қауіпсіз пайдалану үшін инспекциялық куәлік беріледі

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы және жергілікті атқарушы органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы техникалық куәландыруды өткізу күні туралы жазбаша күтілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор және жергілікті атқарушы органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы келмеген жағдайда, техникалық сараптама аттестатталған ұйыммен оның қатысуынсыз дербес жүргізіледі.

      Ыдыс паспортында техникалық сараптаманың нәтижелері және келесі техникалық сараптаманың күні жазылады.

      267. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде қауіпті өндірістік нысандарында пайдаланылатын ыдыстарды техникалық куәландыру оларды есепке қойғанға дейін жүргізіледі, ал әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарында қолданылатын ыдыстарды ыдыстарды техникалық куәландыру оларды жергілікті атқару органдарында есепке қойғанға дейін жүргізіледі.

      268. Есептік қызмет ету мерзімін өтеген ыдыстарды техникалық куәландыру оларды аттестатталған ұйымымен зерттеуді жүргізгеннен кейін өткізіледі.

      269. Ыдысты техникалық куәландыру нәтижелерін техникалық куәландыруды жүргізген тұлға рұқсат етілген параметрлерді және кезекті сараптамалардың мерзімдерін көрсете отырып, паспортқа енгізеді және техникалық куәландыруға қатысатын адамдар қол қояды.

      Техникалық куәландыру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес ыдысты техникалық куәландыру актісі ресімделеді.";

      278 және 279-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "278. Ыдыс паспортында ыдысты пайдалануға беру туралы жазбаны техникалық куәландырудан және есепке қойғаннан кейін ыдыстардың техникалық жағдайы мен пайдалануын қадағалау бойынша жауапты тұлға жасайды.

      279. Техникалық куәландырудан кейін паспортқа есепке қоюға жатпайтын ыдысты пайдалануға беруге рұқсат беретін жазбаны ыдыстардың техникалық жағдайы мен пайдалануын қадағалау бойынша жауапты тұлға жасайды.";

      281-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "281. Осы ережелердің 278, 279, 280-баптарының талаптары орындалған соң, ыдыс (орнатуға кіретін ыдыстар тобы) жұмысқа қосылады.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Өндірістік қадағалау";

      284-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "284. Қысыммен жұмыс істейтін жабдыққа қызмет көрсетуге Заңына сәйкес оқытылған, сынақтан өткен адамдар рұқсат етіледі.";

      286-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "286. Пайдаланатын ұйым қысым астында жұмыс жасайтын ыдысты қауіпсіз пайдалану мен оған қызмет көрсету бойынша технологиялық регламентті дайындайды.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Ыдыстарды авариялық тоқтату";

      289-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "289. Ыдысты авариялық тоқтату фактісі мен себебі ауысым журналына жазылады.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Ыдыстарды жөндеу";

      291-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "291. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен олардың элементтерін дәнекерлеуді (дәнекерлеуді) қолдана отырып жөндеу ыдысты дайындаушы, жөндеу ұйымы жұмыс басталғанға дейін әзірлеген технология бойынша жүргізіледі, ал жөндеу нәтижелері ыдыстың паспортына енгізіледі

      Жөндеу, монтаждау технологиясына өзгертулерді енгізу ыдысты дайындаушымен келісіледі.";

      293-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "293. Басқа жұмыс істейтін ыдыстармен ортақ құбырмен қосылған ыдыстың ішіндегі жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін ыдыс олардан бұқтырмалармен бөлінеді. Ажыратылған құбырлар сөндіріледі.";

      297-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "297. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге адамдарға рұқсат беру осы Қағидалардың 22-қосымшасында келтірілген жұмысқа рұқсат қағазы бойынша жүргізіледі.";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған цистерналар мен бөшкелер";

      318-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Зиянды заттар сыныптамасы және жалпы қауіпсіздік талаптары" МЕМСТ 12.1.007-76 бойынша сифон құбырларында құбыр желісі үзілген жағдайда газдың шығуын болдырмайтын жылдамдық клапаны болуы тиіс.";

      328 және 329-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "328. Цистерналар мен бөшкелерді газдармен толтыру өндірістік нұсқаулық бойынша жүргізіледі. Цистерналар мен бөшкелерді сұйытылған газдармен толтыру осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген нормаларға сәйкес келеді.

      329. Осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілмеген газдар үшін толтыру нормасы 50°С жоғары шекті температурасы бар сұйытылған газдармен толтыру кезінде цистерналар мен бөшкелерде газ жастығының жеткілікті көлемі болуын, ал 50°С төмен шекті температурасы бар сұйытылған газдармен толтыру кезінде цистерналар мен бөшкелердегі қысым 50°С температурада белгіленген есептік қысымнан аспауын негізге ала отырып, дайындаушымен белгіленеді.";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Баллондар";

      339-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "339. "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Зиянды заттар. Қауіпсіздік сыныптамасы және бойынша жалпы талаптар" МЕМСТ 12.1.007-76 бойынша қауіптіліктің 1 және 2 класындағы жарылыс қауіпті жанғыш заттарға, зиянды заттарға арналған баллондардың әрбір вентилі бүйірлі жалғастыққа оралатын бітеуішпен жабдықталады.";

      345-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "345. Баллондардың сыртқы беті осы Қағидалардың 31-қосымшасына сәйкес боялады. Жаңадан дайындалған баллондарды бояу және жазулар жазуды дайындаушы, ал одан әрі толтыру станциялары жүргізеді.";

      370-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "370. Баллондарға қызмет көрсетуге Заң талаптарына сәйкес емтихан тапсырған оқудан өткен тұлғаларға рұқсат етіледі.";

      381-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "381. Баллондарды сұйытылған газдармен толтыру осы Қағидаларға 9-қосымшада көрсетілген стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Қағидаларға 9-қосымшада газдар болмаған жағдайда баллондарды толтыру толтыру станциясының технологиялық регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Қазандар құрылысы";

      471 және 472-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "471. Қазандықтар мен олардың бөлшектерін дайындау, монтаждау және жөндеу үшін қысыммен жұмыс істейтін материалдар мен жартылай фабрикаттар осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес қолданылады.

      472. Кестелерде көрсетілмеген материалдарды аттестатталған ұйымымен берілген зерттеу актісінің оң қорытынысы жағдайында қолдануға рұқсат етіледі.";

      479-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "479. Жартылай фабрикаттарды дайындау үшін қолданылатын болаттарды типтер мен класстарға бөлу осы Қағидалардың 15-қосымшасының 3-кестесінде келтірілген.";

      484-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "484. Жартылай фабрикаттар соғу тұтқырлығына сынауға осы Қағидаларға 16-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес, табақтың қалыңдығы, дөңгелек прокаттың (шыңдаудың) диаметрі 12 мм және одан астам құбыр қабырғасының шыңдалуы (құйылуы) кезінде 16 мм және одан астам болады.";

      487-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "487. U (KCU) типті концентраторы бар үлгілерде соққы тұтқырлығына сынақтар 200С кезінде, ал 486-тармақта көзделген жағдайларда осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген температуралардың бірінде жүргізіледі.";

      495, 496, 497 және 498-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "495. Механикалық сипаттамаларды бақылау түрлерінің тізбесі жартылай фабрикатты дайындаушы сипаттамаларының нормаланған мәндеріне кепілдік берген жағдайда осы Қағидаларға 16-қосымшада көрсетілгендермен салыстырғанда қысқартылады.";

      496. Әртүрлі маркалы табақ болатты қолдану шектері, параққа нормативтік-техникалық құжаттама, міндетті сынақтар мен бақылау түрлері осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес келеді.

      497. Осы Қағидаларға 16-қосымшада келтірілген сол маркалы болат жолақтар жолаққа қойылатын талаптар табақ болат үшін белгіленген стандарттардан төмен болмаған жағдайда қолданылады.

      498. Әртүрлі маркалы болаттан жасалған құбырларды қолдану шектері, құбырларға арналған нормативтік-техникалық құжаттама, сынау және бақылау түрлері осы Қағидаларға 16-қосымшада келтірілген.";

      504-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "504. Әртүрлі маркалы болаттан жасалған соғылманы, қалыптауды және жаймаладды, соғылмаға арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы қолдану шектері, сынау және бақылау түрлері осы Қағидалардың 16-қосымшасында келтірілген.";

      507-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "507. Әр түрлі маркалы болаттан жасалған құймаларды, құймаларға қолдану шектері, міндетті сынақтар мен бақылау түрлері осы Қағиданың 16-қосымшасында келтірілген.";

      512-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "512. Бекіткіштерге арналған әртүрлі маркадағы болаттарды қолдану шектері, бекіткіштерге арналған нормативтік-техникалық құжаттама, сынау және бақылау түрлері осы Қағидалардың 16-қосымшасында келтірілген.";

      516-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "516. Әртүрлі маркалы шойын құймаларды, шойын құймаларына қолдану шектері, сынау және бақылау түрлері осы Қағидалардың 16-қосымшасында келтірілген.";

      521-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "521. Тиек қондырмаларды, үрлеу, ағызу және дренаж желілерін дайындау үшін "Соғылмалы шойыннан жасалған құймалар. Жалпы техникалық шарттар" МЕМСТ 1215-79 және "Құймаға арналған шартәріздес графит бар шойын. Маркалар" МЕМСТ 7293-85 бойынша соғылмалы немесе жоғары төзімді шойыннан жасалған құймалар қолданылады.";

      523 және 524-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "523. Арматура корпустарын гидравликалық сынау "Арматура мен құбыр желілері бөлшектері. Номиналды, сынама және жұмыс қысымдары" МЕМСТ 356-80 сәйкес жүргізіледі.";

      524. Осы Қағидалардың 16-қосымшасында көрсетілмеген жаңа маркалардан дайындалған материалдар мен жартылай фабрикаттарды қолдануға негізгі және қосымша термиялық өңдеуден кейін материалдардың механикалық, физикалық, технологиялық қасиеттері және олардың жай-күйі туралы оң сараптамалық қорытындылар негізінде рұқсат етіледі.";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Дайындау, қондыру және жөндеу";

      539-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "539. Монтаждау және жөндеу алдында негізгі және пісіру материалдарына және жартылай фабрикаттардың "Сатып алынатын өнімді тексеру. Бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және әдістері" МЕМСТ 24297-2013 сәйкес келуіне кірме бақылау жүргізіледі.";

      581-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "581. Егер бақылаудың кез келген түрінде осы Қағидалардың 18-қосымшасында және бұйым мен пісіруге арналған стандарттарда келтірілген шекті рұқсат етілген нормалар шегінен шығатын ішкі және беткі ақаулар табылмаса, бұйым жарамды деп танылады.";

      599-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "599. Қабырғаның бірдей номиналды қалыңдығы жабдықтар мен құбыр элементтерінің түйіскен дәнекерленген қосылыстарында дәнекерленетін элементтер (бөлшектер) жиектерінің жіктің сыртқы жағынан ығысуы (сәйкес келмеуі) осы Қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген мәндерден аспайды.";

      610-тармақтың 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы Қағидалардың 610-тармағында көрсетілмеген дәнекерлеу қосылыстарын дәнекерлеу бақылау жөніндегі тиісті шарттар мен нұсқаулықтардың талаптарында белгіленген көлемде басқа да дәнекерлеу қосылыстары (оның ішінде бұрыштық және таврлы).";

      678 және 679-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "678. Әрбір қазандықты, автономды бу қыздырғышты және экономайзерді дайындаушы тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 24-қосымшасына сәйкес паспортымен жеткізеді.";

      679. Жоғары температуралы органикалық жылу тасымалдағыштармен жұмыс істейтін қазандықтар осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес паспорттарымен жеткізіледі.";

      682-тармақ алып тасталсын:

      684-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Стационарлық бу қазандары. Түрлері мен негізгі параметрлері" МЕМСТ 3619-89 бойынша қазандықтардың белгіленуі";

      685-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Су жылыту қазандықтары. Негізгі параметрлері және техникалық талаптар" МЕМСТ 21563-93 бойынша қазандықтардның белгіленуі.";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Арматура, бақылау-өлшеу құралдары және қорек құрылғылары";

      698-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "698. Бу және су жылыту қазандықтарының сақтандырғыш құрылғыларының өткізу қабілетінің есебі "Бу және су жылыту қазандықтарының сақтандырғыш клапандары. Техникалық талаптар" МЕМСТ 24570-81 сәйкес жүргізіледі.";

      744-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "744. Пайдалану шарттарына сәйкес келетін жұмыс қысымын көрсететін манометр шкаласының бөлігі деңгейінде қызыл сызық жүргізіледі.";

      13 және 14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Қазандарға арналған жайлар";

      "14-тарау. Қазандардың су-химиялық режимі";

      852-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "0,7 т/С және одан жоғары бу өнімділігі табиғи және көп мәрте мәжбүрлі айналымы бар қазандықтар үшін қоректік су сапасының көрсеткіштері осы Қағидаларға 27-қосымшада (бұдан әрі – 27-қосымша) көрсетілген мәндер шегінде ұсталады.";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Өндірістік бақылау";

      857-тармақта:

      2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша оқытылған тұлғалардың қажетті санынан қызмет көрсетуші персонал тағайындалады;";

      15, 17 және 18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      16-тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-тарау. Бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматты қорғанысты, арматурамен қорек сорғыларын тексеру";

      "17-тарау. Қазанды авариялық тоқтату";

      "18-тарау. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру";

      875-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "875. Пайдаланушы ұйым техникалық куәландыру нәтижелері негізінде және бекітілген жөндеу кестесі бойынша қазандықты жөндеуді орындайды.

      Жөндеу техникалық шарттарға және жұмысты орындауға дейін әзірленген технологиялық регламент сәйкес жүргізіледі

      881-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "881. Қазан ішіне адамдарды кіргізу, бекіту арматурасын ашу осы Қағидаларға 22-қосымшада келтірілген жұмысқа рұқсат қағазы бойынша жүргізіледі.";

      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын

      "19-тарау. Есепке қою";

      882-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "882. Қауіпті өндірістік объектілерде және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде пайдаланылатын Қазандықтарды жұмысқа қосқанға дейін есепке қою қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";

      884-тармақ алып тасталсын:

      885-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын

      "885. Дайындаушының паспорты жоқ қазандықты есепке қойғанда, аттестатталған ұйымымен жасалған паспорттың телнұсқасы негізінде жүргізіледі.";

      887-тармақ алып тасталсын:

      20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-тарау. Техникалық куәландыру";

      889-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "889. Қазанды техникалық куәландыру сыртқы, ішкі қарап тексерулерден және гидравликалық сынақтан тұрады.

      Қауіпті өндірістік объектілерде және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде пайдаланылатын қазандарды техникалық куәландыру қондырудан кейін есепке қойылғанға дейін орындалады.

      Ішкі қарап тексеру және гидравликалық сынақ алдында қазан тоқтатылады, қолданыстағы желілерден ажыратылады, салқындатылады, лас және жану өнімдерінен тазартылады, желдетіледі (газсыздандырылады).";

      891-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "891. Техникалық куәландыру мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

      1) сыртқы және ішкі тексеру - 4 жылда кемінде бір рет;

      2) гидравликалық сынақ - 8 жылда кемінде бір рет;

      Сыртқы және ішкі тексеру монтаждалған қазанды пайдалану, іске қосу алдында, қазанды дәнекерлеуді қолдана отырып жөндеуден кейін және консервацияда екі жылдан астам болғаннан кейін жүргізіледі.";

      893, 894, 895 және 896-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "893. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде есепке қоюға жататын қазандықты техникалық куәландыруды қазандықтардың жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты адам ұйымдастырады және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторының қатысуымен аттестатталған ұйым, ал жергілікті атқарушы органда есепке қоюға жататын қазандық жүргізеді, жергілікті атқарушы органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторының қатысуымен.

      Техникалық куәландыруды жүргізу кезінде, мынадай құжаттамада көрсетілген мәліметтердің маңыздылығы мен дұрыстығы зерделенеді:

      1) осы Қағидалардың 25-қосымшасына сәйкес қазан паспорты, осы Қағидалардың 24-қосымшасына сәйкес қазан паспорты (автономды бу қыздырғыш, экономайзер);

      2) қазан монтажының сапасы туралы қорытынды;

      3) қазан орналасқан орынжайдың сызбасы (жоспар және көлденең кескін, қажет болған жағдайда бойлық кескін);

      4) су дайындау учаскесінің жобалық құжаттамаға сәйкестігі туралы анықтама;

      5) қоректендіру құрылғыларының бар болуы және олардың техникалық сипаттамаларының жобалық құжаттамаға сәйкестігі туралы анықтама;

      6) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы ереже;

      7) қазанның Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға жіберілгені туралы ақпарат.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы мен жергілікті атқарушы органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы техникалық куәландыруды жүргізу күні туралы болжамды күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша хабардар етіледі.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор және жергілікті атқарушы орган келмеген жағдайда техникалық куәландыру оның қатысуынсыз аттестатталған ұйыммен дербес жүргізіледі.

      Жүргізілген техникалық куәландыру нәтижелері және келесі техникалық куәландыру мерзімі қазан паспортына енгізіледі.

      894. Дайындаушыда ішкі қараудан және гидравликалық сынақтан өткен және орнату орнына жиналған күйінде жеткізілген қазандар, сондай-ақ тіркеуде тұрмаған қазандар орнату орнында қазандардың ақаусыз күйін және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тұлғамен алғашқы техникалық куәландырудан өтуге жатады.

      895. Есепте тұрған қазандарды мерзімді техникалық куәландыруды аттестатталған ұйыммен бірлесіп қазандардың техникалық жағдайын және пайдаланылуын қадағалау жөніндегі жауапты тұлға ұйымдастырады және орындайды.

      896. Қазанды техникалық куәландыру нәтижелері қазандардың жарамды күйі мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты тұлғамен келесі техникалық куәландырудың рұқсат етілген параметрлері мен мерзімдерін көрсете отырып, қазан паспортына енгізіледі және осы Ережелердің 32-қосымшасына сәйкес техникалық куәландыру актісін ресімдей отырып, техникалық куәландыруды жүргізуге қатысқан тұлғалар қол қояды.";

      899-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "899.Пайдаланушы ұйым ішкі беттерді әрбір тазалаудан кейін, қазандық элементтерін жөндеуден кейін және техникалық сараптама алдында сыртқы және ішкі тексерулерді жүргізеді. Бұл ретте қазандықтардың жақсы күйіне және қауіпсіз жұмыс істеуіне жауапты тұлға техникалық сараптама жүргізгенге дейін анықталған ақауларды жою шараларын қабылдайды.

      Жылу электр станцияларында қазандықтарды ішкі тексеру оларды күрделі жөндеу кезеңінде, бірақ үш жылда кемінде бір рет жүргізіледі.";

      901-тармағының 7) және 8) тармақшаларын мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) егер мұндай куәландыру аттестатталған сараптама ұйымы маманының немесе қазанның жарамды күйіне және қауіпсіз пайдаланылуына жауапты адамның шешімі бойынша қажет болса.";

      8) есептік қызмет мерзімін өңдегеннен кейін;";

      902, 903, 904 және 905-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "902. Егер қазандықты куәландыру кезінде оның элементтерінің беріктігін төмендететін ақаулар (қабырғалардың батуы, байланыстардың тозуы және тағы басқа) анықталса, онда ақаулы элементтерді ауыстырғанға дейін қазандық төмен параметрлер (қысым және температура) кезінде пайдаланылады.

      Төзімділік беріктігіне зерттеп-қарау есебі МЕМСТ 34233.6 "Түтіктер мен аппараттар. Беріктікті есептеу нормалары мен әдістері. Аз циклді жүктемелер кезінде беріктікке есептеу", ҚР СТ 2777 "Стационарлық қазандар және бу мен ыстық су құбырлары. Беріктікке есептеу нормалары. Қабырға қалыңдығын анықтау әдістері", ҚР СТ 2778 "Стационарлық қазандар және бу мен ыстық су құбырлары. Беріктікке есептеу нормалары. Беріктік коэффициенттерін анықтау" талаптарына орындалады.

      Сақтандыру клапандарының өткізу қабілетін тексеру сынау мемлекеттік стандартқа (МЕМСТ) 24570-81 сәйкес жүргізіледі. "Бу және су жылыту қазандарының сақтандыру клапандары. Техникалық талаптар.

      903. Егер қазандықты техникалық куәландыру кезінде оның беріктігіне күмән тудыратын ақаулар, себебін анықтау қиын болатын ақаулар анықталса, мұндай қазандықтың жұмысы зерттеулер жүргізілгенге дейін, ал қажет болған жағдайларда көрсетілген ақаулардың пайда болу себептері туралы, одан әрі пайдалану мүмкіндігі мен шарттары туралы аттестатталған ұйымның тексеру актісін алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      904. Егер қазанды куәландыру кезінде барабан металын немесе қазанның басқа да негізгі элементтеріне механикалық сынақтар жүргізілсе және көміртекті болаттан элементті сынау нәтижесінде уақытша кедергі 32 МПа (32 кгс/см2) төмен немесе 0,2% қалдық деформация кезінде шартты тұрақсыздық шегінің уақытша кедергіге қатынасы 0,75 астам, немесе салыстырмалы ұзару 16% кем немесе өткір кескіні 25 Дж/см2 (2,5 кгс. м/см2) кем үлгілердегі соққы тұтқырлығы осы элементті одан әрі пайдалануға аттестатталған ұйымының сараптамалық қорытындысын алғанға дейін жол берілмейді. Қосындыланған болаттар үшін көрсетілген сипаттамалардың рұқсат етілетін мәндері әр нақты жағдайда дайындаушымен белгіленеді.

      905. Техникалық куәландыру нәтижелерін куәландыруды жүргізген адам қазан паспортына рұқсат етілген жұмыс параметрлері мен келесі куәландыру мерзімдерін көрсете отырып жазады және осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес қазандықты техникалық куәландыру актісі жасалынады.";

      907-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "907. Есептіден тыс қызмет ету мерзімін өтеген қазан аттестатталған ұйым берген оны одан әрі пайдалану мүмкіндіктері мен шарттары туралы тексеру актісінің негізінде пайдаланылады.";

      21 және 22-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-тарау. Жаңадан орнатылған қазандарды пайдалануға рұқсат";

      "22-тарау. Жоғары температуралы органикалық жылу тасымалдауыштармен жұмыс істейтін қазандар";

      962-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "962. Кеңейту құбырының шартты өтуі Dy 25-тен кем емес болуы қажет, оны осы Қағидалардың 28-қосымшасында келтірілген қазанның номиналды жылу өнімділігіне байланысты таңдау керек.";

      23 және 24-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-тарау. Содарегенерациялық қазандар";

      "24-тарау. Бу және ыстық су құбыр өткізгіштері құрылымы";

      1024 және 1025-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1024. Ультрадыбыстық бақылауға жататын көлденең жапсарлы дәнекерленген қосылыстар үшін жік осінен (жақын дәнекерленетін бөлшектер мен элементтерге, иілудің басталуына, іргелес көлденең жіктің осіне және т. б. дейін) әрбір жаққа элемент құбырларының бос тік ускесінің ұзындығы осы Қағидалардың 29-қосымшасында келтірілген шамадан кем болмауы тиіс.

      1025. Жергілікті термиялық өңдеуге жататын көлденең жапсарлы дәнекерленген қосылыстар үшін жік осінен (жақын пісірілген бөлшектер мен элементтерге дейін, иілістің басталуына дейін, іргелес көлденең тігіске дейін және т.б.) әр жаққа құбырдың (элементтің) еркін тік бөлігінің ұзындығы келесі l формула бойынша анықталатын шамасынан кем болмауы көзделеді

     


      бірақ кемінде 100 мм. Мұнда Dm - құбырдың (элементтің) орташа диаметрі, мынаған тең Dm = Da - S, Da – номиналды сыртқы диаметр, мм; S – құбырдың (элементтің) қабырғасының номиналды қалыңдығы, мм.";

      1056-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1056. Сақтандырғыш құрылғыларының өткізу қабілетін есептеу МЕМСТ 24570 – 81 "Бу және су жылыту қазандарының сақтандырғыш клапандары. Техникалық талаптар" сәйкес жүргізіледі.";

      1064-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1064. Манометрдің шынысына пайдалану шарттарына сәйкес келетін жұмыс қысымының шамасын бөлудің үстіне қызыл сызық салынады.";

      25-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-тарау. Материалдар және жартылай өнімдер";

      1076, 1077 және 1078-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1076. Қысыммен жұмыс істейтін құбырлар мен олардың бөлшектерін дайындау, монтаждау және жөндеу үшін осы Қағидалардың 19-қосымшасында көрсетілген материалдар мен жартылай фабрикаттар қолданылады.

      1077. Егер материалдардың параметрлері жоғарыда көрсетілген қосымшадағы талаптардан төмен болмаса, осы Қағидалардың 19-қосымшасында берілген материалдарды қолдануға жол беріледі.

      1078. Осы Қағидаларға 19-қосымшада келтірілмеген материалдар мен жартылай фабрикаттарды қолдануға, оларды қолдану шектерін кеңейтуге, сынақтар мен бақылау көлемін қысқартуға сынақтардың оң нәтижелері негізінде рұқсат етіледі.";

      1086-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1086. Жартылай фабрикаттар табақтың қалыңдығы, тұтас шыңдалғаның қалыңдығы және құбыр қабырғасының қалыңдығы немесе қуыс шыңдалғаның (құйманың) қалыңдығы 12 мм және одан астам немесе дөңгелек прокаттың (шыңдаудың) диаметрі 16 мм және одан астам болған кезде осы Қағидаларға 19-қосымшада көрсетілген талаптарға соққы тұтқырлығына сыналады.";

      1099, 1100, 1101 және 1102-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1099. Жартылай фабрикатты дайындаушы сипаттамалардың нормаланған мәндерін қамтамасыз ету, созылуға сынақтар жүргізу және өнімді мерзімді бақылау жағдайында механикалық сипаттамаларды бақылау түрлерінің тізбесін осы Қағидаларға 19-қосымшада көрсетілгендермен салыстырғанда қысқартуға болады. Сынақтар мен бақылау көлемін қысқарту тәртібі осы Қағидалардың 1078-тармағында белгіленген.

      1100. Әр түрлі маркалы табақ болатты қолдану шектері, міндетті сынақтар мен бақылау түрлері осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес көзделеді.

      1101. Жолаққа қойылатын талаптар қолданылатын табақ болат үшін белгіленгеннен төмен болмайтын жағдайда, осы Қағидаларға 19-қосымшада көрсетілген сол маркалы болат жолақтар қолданылады.

      1102. Әртүрлі маркалы болаттан жасалған құбырларды қолдану шектері, міндетті сынау және бақылау түрлері осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес көзделеді.";

      1108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1108. Әр түрлі маркалы болаттан жасалған шықдалғыларды (прокаттарды) қолдану шектері, міндетті сынақтар мен бақылау түрлері осы Қағидалардың 19-қосымшасына сәйкес көзделеді.";

      1111 және 1112-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1111. Табақтан жасалған қалыптау үшін қолдану шектері, міндетті сынау және бақылау түрлері осы Қағидаларға 19-қосымшасында көрсетілген табақтар үшін, ал прокаттан дайындалған қалыптауға қойылатын талаптарға сәйкес қабылданады.

      1112. Түрлі маркалы болаттан жасалған құймаларды қолдану шектері, міндетті сынақтар мен бақылау түрлері осы Қағидалардың 19-қосымшасына сәйкес қабылданады.";

      1114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1114. Әрбір қуыс құйма "Құбыржол арматурасы мен бөлшектері. Номиналды, сынама және жұмыс қысымы. Қатарлар." МЕМСТ 356-80 бойынша сыналатын қысыммен гидравликалық сынақтан өтеді.";

      1116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1116. Бекіткіштерге арналған әртүрлі маркалы болаттарды қолдану шектері, бақылаудың міндетті сынақтарының түрлері осы Қағидалардың 19-қосымшасына сәйкес қабылданады.";

      1119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1119.Әр түрлі маркалы шойыннан жасалған құймаларды қолдану шектері міндетті сынақтар мен бақылау түрлері осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес қабылданады.";

      1122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1122. Әрбір қуыс құйма "Құбыржол арматурасы мен бөлшектері. Номиналды, сынама және жұмыс қысымы. Қатарлар" МЕМСТ 356-80 көрсетілген сыналатын қысыммен, алайда кемінде 0,3 МПа (3 кгс/ см2) гидравликалық сынақтан өтеді.";

      1124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1124. Үрлеу, түсіру және дренаждық желілердің тиек органдарын дайындау үшін МЕМСТ 1215-79 "Иілгіш шойыннан жасалған Құймалар. Жалпы техникалық шарттар" және ГОСТ 7293-85 "Құюға арналған сфералық графиті бар шойын. Маркалар".";.

      1126 және 1127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1126. Арматура корпустарын гидравликалық сынау "Құбыржол арматурасы мен бөлшектері. Номиналды, сынама және жұмыс қысымы. Қатарлар" МЕМСТ 356-80 бойынша жүргізіледі.";

      1127. Осы Қағидаларға 19-қосымшада келтірілмеген жаңа маркалы болаттан жасалған материалдар мен жартылай фабрикаттарды негізгі және қосымша термиялық өңдеуден кейін және пайдалану сипаттамалары туралы жай-күйдегі материалдардың механикалық, физикалық және технологиялық қасиеттеріне сәйкестігіне оң сынақтар негізінде есептік ресурсқа қолдануға болады.";

      26-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-тарау. Монтаж және жөндеу жұмыстары";

      1152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1152. Құбыр жолдарын монтаждау және жөндеу жұмыстары алдында негізгі және дәнекерлеу материалдары, жартылай фабрикаттарды "Сатып алу өнімдерін верификациялау. Бақылауды ұйымдастыру және жүргізу әдістері" МЕМСТ 24297-87 бойынша кірме бақылаудан өткізеді";

      1196-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1196. Дәнекерленген қосылыстарды қарап тексеру және өлшеу бақылауы жіктердің барлық ұзындығы бойына сыртқы және ішкі жақтарынан "Дәнекерленген қосылыстар. Сапаны бақылау әдістері" МЕМСТ 3242-79 бойынша жүргізіледі.";

      1199, 1200 және 1201-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1199. Дәнекерленген қосылыстардың сапасын радиографиялық бақылау "Бұзбай бақылау. Дәнекерленген қосылыстар. Радиографиялық әдіс." МЕМСТ 7512-82 сәйкес жүзеге асырылады.

      1200. Дәнекерленген қосылыстардың сапасын ультрадыбыстық бақылау "Дәнекерленген қосылыстарды бұзбайтын бақылау. Ультрадыбыстық бақылау. Қабылдау деңгейлері" ҚР СТ ISO 11666-2016 және "Дәнекерленген қосылыстарды бұзбайтын бақылау. Ультрадыбыстық бақылау. Дәнекерленген қосылыстарда индикация параметрлерін анықтау" ҚР СТ ISO 23279-2016 стандарттар бойынша жүргізіледі.

      1201. Дәнекерленген қосылыстарды магнитті-ұнтақты және капиллярлық бақылау әдістері "Дәнекерленген қосылыстарды бұзбайтын бақылау. Магнитті ұнтақты әдіс" МЕМСТ ЕН 1290-2006, "Дәнекерленген қосылыстарды бұзбайтын бақылау. Магнитті ұнтақты әдіс" ҚР СТ ISO 17638-2013 және "Бұзбай бақылау. Капиллярлық әдістер. Жалпы талаптар" МЕМСТ 18442-80 сәйкес жүзеге асырылады.";

      1252-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1252. Дәнекерленген қосылыстарды иілуге сынау кезінде алынған көрсеткіштер осы Қағидалардың 30-қосымшасында келтірілгеннен төмен болмау керек";

      1280-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1280. Құбырлардың арматурасы мен фасонды бөлшектері МЕМСТ 356-80 "Құбыржол арматурасы мен бөлшектері. Номиналды, сынама және жұмыс қысымы. Қатарлар." бойынша гидравликалық сынақтан өтеді";

      27-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-тарау. Есепке қою";

      1294-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1294. 0,07 МПа астам қысыммен жұмыс істейтін құбырларға дайындаушы және монтаждау ұйымдары ұсынатын құжаттама негізінде иеленуші кәсіпорындар осы Қағидалардың 26-қосымшасына сәйкес паспорт жасайды.";

      1296-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1296. Шартты өтуі 70 мм-ден асатын I санаттағы құбырлар, шартты өтуі 100 мм-ден асатын II және III санаттағы құбырлар техникалық куәландырудан кейін жұмысқа қосылғанға дейін қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларына сәйкес есепке қойылады.

      Осы Қағидаға сәйкес өзге де құбыр өткізгіштер осы Қағидалармен таралатын құбыр өткізгіш иесі болып табылатын кәсіпорындарда ішкі есебіне қойылады.";

      1297-тармақ алып тасталсын:

      1298 және 1299-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1298. Құбыр өткізгіштің паспорты және пайдаланылатын құжаттамасы мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде ұсынылады.

      1299. Паспорты жоқ құбыржолдарды есепке қойғанда, аттестатталған ұйымы жасаған паспорттың телнұсқасы негізінде жүргізіледі.";

      1303-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1303. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде және жергілікті атқарушы органда есепте тұрған құбыржолдар мынадай мерзімдерде аттестатталған ұйымның техникалық куәландыруына жатады:";

      мынадай мазмұндағы 1303-1-тармағымен толықтырылсын:

      "1303-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде есепке қоюға жататын құбыржолды техникалық куәландыруды құбыржолдардың ақаусыз жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты адам ұйымдастырады және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторының қатысуымен аттестатталған ұйым, ал жергілікті атқарушы органда есепке қоюға жататын құбыржолды жүргізеді, жергілікті атқарушы органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторының қатысуымен.

      Техникалық куәландыруды жүргізу кезінде, мынадай құжаттамада көрсетілген мәліметтердің маңыздылығы мен дұрыстығы зерделенеді:

      1) осы Қағидалардың 26-қосымшасына сәйкес құбыржолдың паспорты;

      2) мыналарды көрсете отыра құбыржолдардың орындау сызбасы:

      құбыржолдардың диаметрі, қалыңдығы, ұзындығы;

      тіректер, компенсаторлар, аспалар, арматуралар, ауа және дренажды құрылғылардың орналасуы;

      дәнекерленген қосылыстар, олардың арасындағы арақашықтық және олардан құдықтар мен абоненттік кірмеге дейінгі арақашықтық;

      жылжымалықты өлшеу үшін арналған құрылғылардың орын ауыстыру жобалық шамасын көрсете отырып, жылу орын ауыстыруларды бақылау үшін нұсқағыштардың орналасуы;

      3) осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес құбыржолдың элементтерін жасау туралы куәлік;

      4) осы Қағидалардың 21-қосымшасына сәйкес құбыржолын монтаждау туралы куәлік;

      5) иесінің монтаждау ұйымынан құбыржолды қабылдау актісі.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы мен жергілікті атқарушы органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы техникалық куәландыруды өткізу күні туралы болжамды күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етіледі.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор және жергілікті атқарушы орган келмеген жағдайда техникалық куәландыру оның қатысуынсыз аттестатталған ұйыммен дербес жүргізіледі.

      Өткізілген техникалық куәландырудың нәтижелері және келесі техникалық куәландыру мерзімі құбыр өткізгіштің паспортына енгізіледі.";

      1305-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1305. Құбыр өткізгіш қабырғаларына немесе дәнекерленген тігістеріне қатысты күмән туған жағдайда аттестатталған ұйымның маманы бөліктеп немесе толықтай оқшаулауды жояды.";

      1313 және 1314-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1313. Аттестатталған ұйымы құбыржолды техникалық куәландыру кезіңде міндетті түрде құбыржолдың жарамды күйі мен қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін адам қатысуы тиіс.

      1314. Рұқсат етілген параметрлерді және келесі куәландыру мерзімдерін көрсете отырып, құбыр өткізгішін техникалық куәландыру нәтижелерін құбырдың паспортына құбырлардың жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты тұлға енгізеді және оған техникалық куәландыруды жүргізуге қатысқан тұлғалар қол қояды.

      Техникалық куәландыру нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 32-қосымшасына сәйкес санатты құбыржолдарды техникалық куәландыру актісі рәсімделеді.";

      28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-тарау. Өндірістік бақылау";

      1316-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1316. Пайдаланушы ұйым өндірістік бақылау жүйесін құру арқылы құбырларды жарамды күйде ұстауды және оларды пайдаланудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта:

      1) құбыр өткізгішті дұрыс жағдайда ұстауды және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға инженерлі-техникалық жұмысшылар қатарынан тағайындалады;

      2) қызмет көрсету персоналынан өнеркәсіптік қауіпсіздік сұрақтары бойынша оқытылған және эмтихан тапсырған тұлға тағайындалады;

      3) техникалық регламентті әзірлейді және бекітеді;

      4) қарау арқылы жабдыққа бақылауды, арматураның, бақылау-өлшеу жабдықтарының және сақтағыш құрылғыларының жұмысының дұрыстығын тескеруді қамтамасыз етеді, қарау және тексеру нәтижелерін жазу үшін ауысым журналы жүргізіледі;

      5) осы Қағидаларды білуіне персоналдың білімін кезеңді тексеру тәртібі белгіленеді және қамтамасыз етеледі;

      6) инженерлі-техникалық жұмысшылармен қағиданың орындалуын, ал қызмет көрсету персоналмен – техникалық регламенттің орындалуын қамтамасыз етеді;

      7) мерзімді түрде, жылына кемінде бір рет категориялық құбырларды тексеру жүргізіледі.";

      1323-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1323. Манометрді келесі жағдайларда қолдануға рұқсат берілмейді:

      1) тексеруді жүргізу туралы таңбасы болмаса;

      2) тексеру мерзімі өткен болса;

      3) тілі оны ажыратқан кезде осы аспап үшін жол берілетін ауытқудың жартысынан асатын шамаға шкаланың нөлдік көрсеткішіне қайтадан оралмаса;

      4) әйнек сынса немесе оның көрсеткіштерінің дұрыстығына әсер ететін зақымданулар болса.";

      1325 және 1326-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1325. Құбыр өткізгішін пайдаланатын ұйым техникалық куәландыру және/немесе тексеру нәтижелері бойынша құбыр өткізгіштің жөндеуін қамтамасыз етеді. Жөндеу жұмыстарды орындау басталғанға дейін әзірленген технологиялық регламент бойынша орындалады.

      1326. Құбыржолдарды жөндеу наряд-рұқсат қағазы бойынша жүргізіледі, оның үлгісі осы Қағидалардың 22-қосымшасында келтірілген.";

      1334-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1334. Бояуы, шартты белгілер, әріптер өлшемі және жазудың орналасуы "Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құбыржолдары. Таным бояуы, ескерту белгілері және таңба қалқандары" МЕМСТ 14202-69 сәйкес келеді қажет";

      12-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 32-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы 6 мамырдағы
№ 148 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 358 бұйрығына
12-қосымша

Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды техникалық куәландыру Есепке қоюға жатпайтын ыдыстарды техникалық куәландыру

      Кесте 1

атауы

Сыртқы және ішкі тексеру

Гидравликалық сынау

1

Жылына 0,1 мм-ден аспайтын жылдамдықпен металл коррозиясын тудыратын ортамен жұмыс істейтін ыдыстар

сыртқы бақылау 12 ай
ішкі бақылау 4 жыл

8 жыл

2

Жылына 0,1 мм-ден астам жылдамдықпен металл коррозиясын тудыратын ортамен жұмыс істейтін ыдыстар

сыртқы бақылау 12 ай
ішкі бақылау 2 жыл

8 жыл

Есепке қоюға жататын ыдыстарды техникалық куәландыру

      Кесте 2

атауы

Пайдалан ушы ұйым

Аттестатталған ұйым

Сыртқы және ішкі тексеру

Сыртқы және ішкі тексеру

Сынақ қысымымен гидравликалық сынау

1

2

3

4

5

1

Жылына 0,1 мм-ден аспайтын жылдамдықпен металл коррозиясын тудыратын ортамен жұмыс істейтін ыдыстар
Жылына 0,1 мм-ден асатын жылдамдықпен металл коррозиясын тудыратын ортамен жұмыс істейтін ыдыстар

сыртқы бақылау 12 ай
сыртқы бақылау 12 ай
ішкі бақылау 2 жыл

4 жыл
4 жыл

8 жыл
8 жыл

2

Сульфитті пісіру қазандары және ішкі қышқылға төзімді футеровкасы бар гидролизді аппараттар

12 ай

5 жыл

10 жыл

3

Құрамында 100 м3 -ге 5 гр-нан аспайтын күкіртті сутегі бар сұйық мұнайлы газды сақтау үшін арналған жерге көмілген ыдыстар және сұйылтылған оттегі, азот және басқа да коррозиялық емес криогенді сұйықтықтарды тасымалдау және сақтау үшін арналған және вакуум негізінде оқшауланған ыдыстар.

___

10 жыл

10 жыл

4

Жоғарғы және төмен қысымды регенеративті жылытқыштары, бойлерлер, ауасыздандырғыштар, ресиверлер және электр станцияларын үрлеу кеңейткіштері

Әр күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін, бірақ кем дегенде 6 жылда бір рет

Екі күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін, бірақ 12 жылда кем дегенде бер рет ішкі тексеру және гидравликалық сынақ

5

Жылына 0,5 мм-денаспайтын жылдамдықпен материалдың бұзылуын және физикалық химиялық өзгерістерді (коррозия)тудыратын аммиак және метанол өндірісіндегі ыдыстар

12 ай

8 жыл

8 жыл

6

Жылына 0,1 мм-ден аспайтын жылдамдықпен материалдың бұзылуын және физикалық химиялық өзгерістерді (коррозия және т.б.) тудыратын ортамен 0,7 кгс/см2 -1000 кгс/см2 қысым аралығында жұмыс істейтін мұнай-химиялық кәсіпорындарының жылжымалы құбыр жүйесі бар жылу алмастырғыштары

Құбыр жүйесінің әр ойығынан кейін

12 жыл

12 жыл

7

7

Жылына 0,1 мм-ден 0,3 мм-ге дейін жылдамд
ықпен материалдың бұзылуын және физикалық химиялық өзгерістерді (коррозия және т.б.) тудыратын ортамен 0,7 кгс/см2 -1000 кгс/см2 қысым аралығында жұмыс істейтін мұнай-химиялық кәсіпорындарының жылжымалы құбыр жүйесі бар жылу алмастырғыштары


Құбыр жүйесінің әр ойығынан кейін

8 жыл

8 жыл

      Ескерту:

      1. 100 м3-қа 5 г аспайтын күкіртсутегі құрамымен сұйық мұнай газын сақтауға арналған топырақпен жабылған ыдыстар және вакуум негізінде оқшауланған және сұйылтылған оттегін, азот және басқа да коррозиялық емес криогенді сұйықтықтарды тасымалдауға арналған ыдыстарды техникалық куәландыру оларды топырақтан босатпай және ыдыстар қабырғаларын бақылаудың бұзылмайтын әдісімен өлшеу жағдайында сыртқы оқшаулауды алмай жүргізіледі. Қабырғалар қалыңдығын өлшеу технологиялық регламент бойынша жүргізіледі.

      2. Сульфитті пісіру қазандары және ішкі қышқылға төзімді футеровкасы бар гидролизді аппараттарды гидравликалық сынау бұл қазандардың металл қабырғалдарын және аппараттарды ультрадыбыстық дефектоскопиямен бақылау жағдайында жүргізілмейді. Ультрадыбыстық дефектоскопия оларды күрделі жөндеу кезеңінде жүргізіледі, алайда ультрадыбыстық бақылау 5 жылда бір реттен жиілемей жүзег.е асырылуы үшін корпус металы бетінің кемінде 50 % көлемінде және тігіс ұзындығының кемінде 50 % көлемінде нұсқаулық бойынша бес жылда бір реттен жиілемей жүргізіледі.

      3. Топыраққа жабылған композициялық материалдарды қолданымен дайындалатын ыдыстар қаралады және ыдыс паспортында көрсетілген бағдарлама бойынша сыналады.

Есепке қоюға жатпайтын цистерналар мен бөшкелерді техникалық куәландыру

      3 Кесте

Атауы

Сыртқы және ішкі қарау

Сынау қысымымен гидравликалық сынау

1

2

3

4

1

Қысым 0,7 МПа (0,7 кгс/см2) жоғары цистерналар мен бөшкелерде оларды босату үшін үздіксіз құралады

2 жыл

8 жыл

2

0,1 мм/жыл аспайтын жылдамдықпен металл коррозиясын тудыратын сұйылтылған газдар үшін бөшкелер

4 жыл

4 жыл

3

0,1 мм/жыл асатын жылдамдықпен металл коррозиясын тудыратын сұйылтылған газдар үшін бөшкелер

2 жыл

2 жыл

Технических освидетельствований цистерн, подлежащих постановке на учете

      4 Кесте

Атауы

Пайдаланушы ұйым

Аттестатталған ұйым

Сыртқы және ішкі тексеру

Сыртқы және ішкі тексеру

Сыналатын қысыммен гидраликалық сынау

1

2

3

4

5

1

Пропан-бутан мен пентан тасымалдауға арналған теміржол цистерналары

2 жыл

6 жыл

6 жыл

2

Вакуум негізінде оқшауланған теміржол цистерналары

______

10 жыл

10 жыл

3

09Г2С және 10Г2СД болаттарынан жасалған, термиялық өңделген, жинақталған және аммиакты тасымалдауға арналған теміржол цистерналары

2 жыл

8 жыл

8 жыл

4

Жылына 0,1 мм-ден астам жылдамдықпен коррозия туғызатын сұйытылған газға арналған цистерналар

12 ай

4 жыл

8 жыл

5

Барлық басқа цистерналар

2 жыл

4 жыл

8 жыл

Есепке қоюға жатпайтын баллондарды техникалық куәландыру

      5 Кесте

Атауы

Сыртқы және ішкі қарау

Сынау қысымымен гидравликалық сынау

1

2

3

4

1

- 0,1 мм/жыл аспайтын жылдамдықпен;
- 0,1 мм/жыл астам жылдамдықпен металл коррозиясын тудыратын газдармен толштыруға арналған, пайдаланылатын баллондар

5 жыл
2 жыл

5 жыл
2жыл

2

Өздері орнатылған көлік құралдары қозғалтқыштарын отынмен қамта қамтамасыз етуге арналған баллондар:
сығылған газға: - қосындыланған болаттарға



3

2) сұйылтылған газдарға 0,1 мм/ жыл кем жылдамдықпен металл коррозиясын тудыратын ортамен

2 жыл

2 жыл

4

баллондар, оларда 0,07 МПа (0,7 кгс/ см2) жоғары қысым үздіксіз босау болады

2 жыл

2 жыл

5

Стационар орнатылған, сондай-ақ 15 МПа (150 кгс/см2) қысым кезінде өлшенген, минус 35 0С және төмен шық нүктесі температурасымен сығылған ауа, оттегі, аргон, азот, гелий сақталатын үнемі жылжымалы құрамдағы баллондар

10 жыл

10 жыл

6

сондай-ақ құрғақ көмір қышқылы бар баллондар

10 жыл

10 жыл

Есепке қоюға жататын баллондарды техникалық куәландыру

      6 Кесте

Атауы

Пайдаланушы ұйым

Аттестатталған ұйым

Сыртқы және ішкі тексеру

Сыртқы және ішкі тексеру

Гидравликалық сынау

1

2

3

4

5

1

15 МПа (150 кгс/см²) және одан жоғары қысыммен өлшенген минус 35 0С және одан төмен шық температурасы бар сығылған ауа, оттегі, аргон, азот, гелий сақталатын жылжымалы көліктерге тұрақты орнатылған баллондар, сондай-ақ құрғатылған көмірқышқыл газы бар баллондар

______

10 жыл

10 жыл

2

Барлық қалған баллондар
1) жылына 0,1 мм-ден аспайтын металды коррозиялайтын ортамен
2) жылына 0,1 мм-ден астам жылдамдықпен металл коррозиясын тудыратын орта жағдайында

2 жыл
12 ай

4 жыл
4 жыл

8 жыл
8 жыл

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы 6 мамырдағы
№ 148 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 358 бұйрығына
32-қосымша

№___ ТЕХНИКАЛЫҚ КУӘЛАНДЫРУ АКТІСІ

      Комиссия құрамы:_________________________________

      _________________________________________________

      20____жылғы "____"_______№___ бұйрық негізінде әрекет ететін

      _________________________________________________

      (ұйым атауы)

      Зауыт № _____________ тіркеу №______________________

      ________________________________________________________ жабдығына

      (түрі, маркасы)

      оны бұдан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін техникалық

      куәландыру жүргізді.

      1. Техникалық куәландыру өткізу үшін негіз.

      __________________жабдығына техникалық куәландыру

      техникалық жағдайлар, технологиялар, нұсқаулар, ережелер, әдістер

      ______________________________ негізінде жүргізілді

      (қажет емесін сызып тастаңыз)

      2. Жабдықтың техникалық пайдалану паспорты туралы деректер.

      Жабдық______ жылы шығарылған, өндіруші зауыт_____________

      Қазіргі таңда __________________________________жабдығы

      жұмыс жаса(ма)йды____________________________________

      (жиынтықтылығын немесе жаңартылуын белгілеңіз)

      Жабдықтың техникалық сипаттамасы;

      Жұмыс қысымы_____________________________

      Температурасы____________________________________________

      Көлемі______________________________________________________________

      (техникалық пайдалану паспортындағы деректерр)

      1.Техникалық құжаттармен танысу.

      Комиссия осы жабдықтың паспортын, оған арналған сызбаларын, ауысым журналын,

      мерзімді тексеру журналын, орнату және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарын қарады.

      ________________________________________________________

      2. Сынақ нәтижелері______________________________________

      ____________________________________________________________

      3. Сынақ өткізу__________________________________________________

      ____________________________________________________________

      4. Қолданылған бақылау әдістері бұзылмайтын, механикалық, электрлік,

      гидравликалық және т.б.

      (қажеттісін сызыңыз)

      5. _____________________________жабдығына өткізілген техникалық куәландыру

      (түрі, маркасы) негізінде жасалған комиссияның қорытындысы:

      Зауыт №________тіркеу №___________дейін жұмыс жасауға рұқсат етіл(мей)ді

      _________________________________________

      Келесі техникалық куәландыру______________________

      20__ жылы өткізілсін.

      Комиссия мүшелері:__________________ ________________________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады