"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 19/ке бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 мамырда № 27970 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9887 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: "

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларында:

      1 мен 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және қылмыстық құқықбұзушылық жасауға күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты бұлтарпау шарасы ретінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларында (бұдан әрі – тергеу изоляторлары) қамауға алу таңдалған күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстаудың ішкі тәртіптемесін регламенттейді.

      2. Ішкі тәртіптеме күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтарын сақтау, олардың өз міндеттерін атқаруы, оларды оқшаулау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде (бұдан әрі – ҚПК) қарастырылған міндеттерді шешу мақсатында белгіленеді.

      Режимді қамтамасыз ету, ішкі тәртіпті ұстау тергеу изоляторының әкімшілігіне жүктеледі.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Күдіктілер мен айыпталушыларға әдет-ғұрып қажеттілігі жағдайында олардың немесе туыстарының өтініштері бойынша және қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен тергеу изоляторына "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте тіркелген діни бірлестіктердің өкілдерін шақыруға болады.";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Күзетте ұсталатын адаммен неке қиюды мемлекеттік тіркеуді (жұбайлық) (бұдан әрі – неке) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқару органының өкілі (бұдан әрі – тіркеуші орган) тергеу изоляторының орын-жайында "Неке (жұбайлық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған неке қию шарттарын қадағалай отырып, жүргізеді. Көрсетілген адамдар тарапынан куәгерлердің жалпы саны – екі адам.";

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету осы тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, "Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан бас бостандығы шектелген адамдарға, сондай-ақ ұсталған, қамауға алынған және арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21534 болып тіркелген) регламенттеледі".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
Е. Сагимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады