Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 мамырда № 27972 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының төрағасы
Ж. АСАНОВ
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлігі
________________________
2022 жылғы "___"________

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2022 жылғы 3 мамырдағы
№ 14 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2022 жылғы "____"________
№__________ өкімімен
"БЕКІТІЛГЕН"

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

Буын

Саты

Лауазымдар атауы

"А" Блогі (басқарушы персонал)

А1

1

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (ректор)

1-1

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары (вице-ректор)

А2

1

Орталық директоры, қызмет басшысы - бас бухгалтер

1-1

Қызмет басшысы

"В" Блогі (негізгі персонал)

В1

1

Профессор


2

Доцент, бас сарапшы: бағдарламалар координаторы, зерттеу және халықаралық жобалар координаторы

"Денсаулық сақтау" саласы

B3

1

Жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мейірбике (мейіргер)


2

Бірінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мейірбике (мейіргер)


3

Екінші санатты біліктіліктігі жоғары деңгейдегі мамандар: мейірбике (мейіргер)


4

Санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мейірбике (мейіргер)

"С" Блогі (әкімшілік персонал)

С1


Баспасөз-хатшысы

С2


Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, заңгер, кітапханашы, инспектор, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, жүйе әкімшісі, аудармашы, мұрағатшы, редактор

С3


Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, заң кеңесшісі, кітапханашы, инспектор, жүйе әкімшісі, аудармашы, мұрағатшы, редактор, шаруашылық меңгерушісі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады