"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 4 мамырдағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 мамырда № 27992 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19021 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және инфрақұрылымдық
      даму министрінің міндетін атқарушы М. Карабаев

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының 2022 жылғы
4 мамырдағы
№ 249 Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының 2019
  жылғы 11 шілдедегі
№ 500 бұйрығымен
бекітілген

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидалары

1- тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқарушы компанияның есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқарушы компанияның есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы экономикалық аймақ – Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі;

      2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" және "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;

      3) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға.

      Бұл ретте:

      "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қатысушыларына осы арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тыс жерде басым қызмет түрлерін жүзеге асыруға жол беріледі;

      шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары ретінде көрсетілген арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер әрекет ете алады;

      4) бірыңғай үйлестіру орталығы – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады;

      5) индустриялық аймақ – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы қызмет объектілерін орналастыру және пайдалану үшін берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ;

      6) индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы – индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;

      7) индустриялық аймақтың қатысушысы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын, олармен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан дара кәсіпкер, заңды тұлға;

      8) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Есептілікті ұсыну қағидалары

      2. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясы есептілікті уәкілетті органға және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша Бірыңғай үйлестіру орталығына мемлекеттік және орыс тілдерінде EXCEL нысанында арнайы экономикалық аймақтар үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде, индустриялық аймақтар үшін есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне қарай ұсынады.

      3. Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы есептілікке арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының басшысы, ал ол болмаған жағдайда - осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды. Қағаз тасымалдағыштағы есептілікті ресімдеу басқарушы компанияда электрондық құжат айналымы жүйесі болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

      4. Электрондық нысанда есептілік ұсынылатын деректердің құпиялылығын және криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілді жеткізудің көлік жүйесін пайдалана отырып ұсынылады.

      5. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен анықтығын, сондай-ақ электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз жеткізгіштегі деректермен сәйкестігін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлға қамтамасыз етеді және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қатысушылар ұсынған қызметінің қорытындылары бойынша ресми деректерге негізделеді.

  Арнайы экономикалық және
индустриялық аймақтардың
басқарушы компаниясының
есептілікті ұсыну қағидаларына
қосымша

Деректер жинауға арналған нысандар

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар жөніндегі Бірыңғай үйлестіру орталығына ұсынылады.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:

      www.comprom.miid.gov.kz.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтары қызметінің нәтижелері туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1 – Арнайы экономикалық және индустриялық аймақ (бұдан әрі – АЭА/ИА);

      Кезеңділігі: жыл сайын арнайы экономикалық аймақтар үшін; тоқсан сайын индустриялық аймақтар үшін.

      Есепті кезең: _____ ____________ 20___ жылғы жағдай бойынша;

      Тапсыру мерзімі:

      - жыл сайын, арнайы экономикалық аймақтар үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде;

      - тоқсан сайын, индустриялық аймақтар үшін есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне қарай.

  1-нысан

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың (АЭА/ИА) жалпы көрсеткіштері

(АЭА/ИА) атауы (қызмет атқару жылдары)

Негізгі көрсеткіштері

бірінші жыл *

екінші жыл

үшінші жыл

...

ағымдағы жыл
(1 тоқсан )

ағымдағы жыл
(2 тоқсан)

,ағымдағы жыл (3 тоқсан)

ағымдағы жыл
(4 тоқсан)

барлық жылдар

1

Қатысушылардың жобаларға нақты салынған инвестициялардың көлемі (миллиард теңге)










2

Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі (миллиард теңге)










3

Өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді өндіру көлемі (миллиард тенге)










4

Салық аударымдарының көлемі (миллиард теңге)










5

Алынған салық преференцияларының көлемі










6

Алынған кедендік преференциялардың көлемі










7

Өнім экспортының көлемі (миллиард теңге)










8

Тұрақты жұмыс орындары (басқарушы компаниялардың қызметкерлерін ескере отырып)









толтырылмайды


* АЭА/ИА құрылған сәттен бастап (барлық жылдар көрсетіледі)







  2-нысан

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жобалары (қолданыстағы жобалары және жобалардың іске асырылу сатысында жеке толтырылады)

      АЭА/ИА атауы (қызмет атқару жылдары)

Қатысушының атауы

Жобаның атауы

Шығарылатын өнім

Орналасқан аймақ, гектар

Мемлекеттік акті бойынша жер учаскесін алған күні

Мемлекеттік акті бойынша жер учаскесі қандай мерзімге берілген

Жобаның құны, миллиард теңге

Салынған нақты инвестициялардың көлемі, миллиард теңге

Шетелдік қатысуы (Ел / Компания / Үлесі)

Ел

Компанияның атауы

Үлесі (%)


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      кестенің жалғасы

Жобаның заттай көріністегі
қуаты

Өндірілген өнім көлемі, миллиард теңге

бірінші жыл*

екінші жыл

үшінші жыл

...

ағымдағы жыл (1 тоқсан бойынша)

ағымдағы жыл (2 тоқсан)

ағымдағы жыл (3 тоқсан)

ағымдағы жыл (4 тоқсан)

Барлық жылдар

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

      кестенің жалғасы

Өнім экспортының көлемі

Тұрақты жұмыс орны

Экспорт өнімінің көлемі, миллиард теңге


бірінші жыл*

екінші жыл

үшінші жыл

...

ағымдағы жыл (1 тоқсан бойынша)

ағымдағы жыл (2 тоқсан)

ағымдағы жыл (3 тоқсан)

ағымдағы жыл (4 тоқсан)

барлық жылдар


22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

      кестенің жалғасы

Алынған салық преференциялар көлемі, миллиард теңге

бірінші жыл*

екінші жыл

үшінші жыл

...

ағымдағы жыл
(1 тоқсан)

ағымдағы жыл
(2 тоқсан)

ағымдағы жыл
(3 тоқсан)

ағымдағы жыл
(4 тоқсан)

барлық жылдар

32

33

34

35

36

37

38

39

40

      кестенің жалғасы

Алынған кедендік преференциялар көлемі, миллиард теңге

бірінші жыл*

екінші жыл

үшінші жыл

...

ағымдағы жыл (1 тоқсан)

ағымдағы жыл (2 тоқсан)

ағымдағы жыл (3 тоқсан)

ағымдағы жыл (4 тоқсан)

барлық жылдар

41

42

43

44

45

46

47

48

49

      кестенің жалғасы

Пайдалануға беру күні

Бюджетке аударымдар (салықтар), миллиард теңге

Ағымдағы мәртебесі (проблемалар/кедергілер)

Байланыс ақпарат (Жоба басшылығының байланыс телефондары - лауазымы, электрондық почтаl және телефон номері)

ай/тоқсан,

жыл




50

51

52

53

54

      * АЭА/ИА қатысушы ретінде тіркелген сәттен бастап (барлық жылды көрсету)

  3-нысан

Инфрақұрылым

      1) АЭА/ИА инфрақұрылым объектілерін қаржыландыру

АЭА/ИА-ның атауы
(объект)

Техникалық-экономикалық негіздеме бойынша АЭА инфрақұрылымының жалпы құны, миллиард теңге

Бөлінген қаражат, миллиард теңге

бірінші жыл*

екінші жыл

үшінші жыл

...

ағымдағы жыл (1 тоқсан)

ағымдағы жыл (2 тоқсан)

ағымдағы жыл (3 тоқсан)

ағымдағы жыл (4 тоқсан)

барлық жылдар


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      кестенің жалғасы

Игерілген қаражат, миллиард теңге

Игерілмеген себебі

Аяқталған инфрақұрылым (%)

Қосымша қаржыландыру қажеттілігі, миллиард теңге

Ескертпелер

ағымдағы жыл

келесі жыл

келесі жыл

келесі жыл

келесі жыл

келесі жыл

келесі жыл

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

      2) АЭА/ИА инфрақұрылымдық объектілерінің қуаттар жөніндегі жалпы ақпарат

Инфрақұрылым объектілері

Өлшем бірлігі

АЭА/ИА қуаты

Қолданыстағы*

Тұтынылатын**

Бос***

Жоспарлы****

Сумен қамтамасыз ету, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері:

сағатына куб метр





1






Кәріз, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері:

сағатына куб метр





1






Электрмен жабдықтау, соның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері:

Меговатт -





1






Жылумен жабдықтау, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері:

Сағатына гигакалорий





1






Газбен жабдықтау, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері:

сағатына куб метр





1






Бумен жабдықтау, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері:

Сағатына гигакалорий





1






Телефон байланысы, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері:

желілер





1






Интернет, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері:

Мегабит секундына





1






Қатты қалдықтарды кәдеге жарату, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері:

тәулігіне/тонна





1






Сұйық қалдықтарды кәдеге жарату, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері:

тәулігіне/тонна





1






Кірме т/ж жолдары, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері:

километр





1






Автожолдар, оның ішінде мынадай инфрақұрылым объектілері:

километр





1

Ішкі автожол





2

Жеткізу автожол





3






*

Қазіргі инфрақұрылымдық нысандардың қуаты

**

Ағымдағы қатысушылар мен әкімшілік объектілер тұтынатын қуаты

***

жаңа АЭА/ИА қатысушылар үшін инфрақұрылым объектілерінің қуаты

****

АЭА /ИА аумағына құру жоспарланған қуаты (қазіргі объектілерді кеңейту, жаңа объектілерді салу)

      3) Коммуналдық қызмет құны

Коммуналдық қызмет

Өлшем бірлігі

Құны, теңге

1

Сумен қамтамасыз ету

куб метрі


2

Жылумен жабдықтау

Гигакалорий


3

Электрмен жабдықтау

килоВатт -


4

Кәріз

сағатына куб метр


5

Газбен жабдықтау

сағатына куб метр


      4) Инфрақұрылым объектілеріне қажеттілік

Инфрақұрылымдық объектінің атауы

Қуаты

Қажеттілігі, миллиард тенңге

Базалық инфрақұрылым объектілері (қажеттілік)

1




..




Қосымша инфрақұрылым объектілері

1




..




  4-нысан

Жер учаскелері

      1) Бөлу аумағы


Алаңы (гектар)

Ескертпе

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жалпы аумағы



Пайдалы алаң



Жобаларға бөлінген



Қолданыстағы жобалардың аумағы (жалпы)



Іске асырылу сатысындағы жобалардың аумағы (жалпы)



Инфрақұрылымға бөлінген



Салынған



Құрылыс кезеңінде



Еркін пайдалы



Инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген



Пайдасыз алаң



БАРЛЫҒЫ



2) Қатысушыларға бөлінген пайдалы алаң

Қатысушының атауы

Ауданы (гектар)

Ескертпелер

Өндірісті қолданыстағы қатысушылар бойынша





БАРЛЫҒЫ



Іске асыру сатысындағы қатысушылар бойынша (құрылыс)





ЖИЫнЫ



БАРЛЫҒЫ




3) Басқа аумақ бөлуі

Инфрақұрылым объектісінің атауы

Алып жатқан аумағы (гектар)

Ескертпе

Пайдалану сатысында объектілер бойынша






БАРЛЫҒЫ:



Құрылыс кезеңінде объектілер бойынша






БАРЛЫҒЫ:




      *Орындаушы: ____________________________________________ ___________

      (қолы) тегі, аты және әкесінің аты ( болған жағдайда)

      Басқарушы компанияның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:

      ____________________________________________________ __________

      (қолы) тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

      *әрбір нысаннан кейін толтырылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады