"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 32 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 мамырда № 28060 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

      16-1-тармақ алып тасталынсын;

      21-тармақ алып тасталынсын;

      26-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-2. Өтпелі кезең – жинақ портфелінің активтерін жаңа нысаналы стратегиялық бөлуге көшіру жүзеге асырылатын кезең.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Активтік басқарудағы акциялар портфелі үшін эталондық портфель Morgan Stanley Capital International компаниясы жасайтын әлемнің дамыған елдері компанияларының акцияларынан тұратын мамандандырылған индекс - MSCI World ex Sweden Index болып табылады.

      Пассивтік басқарудағы акциялар портфелі үшін эталондық портфель келесі индекстерді қамтиды:

      MSCI World ex Sweden Index – 100 (бір жүз) пайызға дейін;

      MSCI World ex Sweden Minimum Volatility Index – 10 (он) пайызға дейін;

      MSCI World ex Sweden Quality Index – 20 (жиырма) пайызға дейін;

      MSCI World ex Sweden ESG Leaders Index – 20 (жиырма) пайызға дейін.

      Күн сайын есептелетін кірістілік көрсеткіші салықтарды есепке алмағанда, дивидендтерді қайта инвестициялауды есепке ала отырып, индекс кірістілігі болып табылады.";

      55-1-тармақ және 55-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-1. Акциялар портфелінің нарықтық құнының кемінде 80 (сексен) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады.

      Ұлттық Банк жүзеге асыратын акциялар портфелін хеджирлеуге арналған туынды қаржы құралдары осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған лимитті есептеуде ескерілмейді.

      55-2. Ұлттық Банк туынды қаржы құралдарының көмегімен жүзеге асыратын акциялар портфелін хеджирлеу шығындарды барынша азайту және (немесе) акциялар портфелін жинақ портфелінің активтерін нысаналы стратегиялық бөлуге жақындату үшін жүргізіледі.

      Мәмілелер жасасу кезінде Ұлттық Банк жүзеге асыратын акциялар портфелін хеджирлеуге арналған туынды қаржы құралдары бойынша барлық позициялардың абсолюттік мәндеріндегі номиналды құндарының сомасы акциялар портфелінің нарықтық құнының 100 (бір жүз) пайызынан аспайды.

      Ұлттық Банк жүзеге асыратын акциялар портфелін хеджирлеуге арналған туынды қаржы құралдары кірістілік ауытқуының күтілетін өзгермелілігін есептеуде ескерілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 55-3-тармақпен толықтырылсын:

      "55-3. Активтік басқарудағы акциялар портфелінің кірістілігі ауытқуының күтілетін өзгермелілігі (ex-ante tracking error) оған кіретін туынды қаржы құралдарын есепке алғанда жылдық 7 (жеті) пайыздан аспайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеу асып кеткен жағдайда Ұлттық Банк оны асып кеткен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннен артық емес мерзімде жояды.";

      2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Монетарлық операциялар департаменті (Н.А. Тұрсынханов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Қасенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасары Ә.М. Молдабековаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Г. Пирматов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  2022 жылғы 28 сәуірдегі
№ 32 Қаулыға
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша

Тұрақтандыру портфелінің секторлық бөлінуі


Активтер түрі

Нарықтық құны (туынды қаржы құралдары үшін олардың негізінде жатқан қаржы құралдарының нарықтық құны пайдаланылады)

ең төменгі (пайызбен анықталады)

ең жоғарғы (пайызбен анықталады)

Р/с №

1

2

3

1

Ақша (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығы қорларына орналастырылған қаражат), эталондық портфелге кіретін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары

50

100

2

Эталондық индекске кірмейтін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары, агенттік борыштық міндеттемелер, Халықаралық есеп айырысу Банкін қоса алғанда халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципалдық борыштық міндеттемелері

0

50

3

Депозиттер (салымдар), оның ішінде репо операцияларынан депозиттерге (салымдарға) орналастырылған ақша

0

50

4

Туынды қаржы құралдары

0

20

5

Корпоративтік бағалы қағаздар, коммерциялық бағалы қағаздар, депозиттік сертификаттар

0

30


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады