"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 265 Бұйрығымен бекітілген |
Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік –инновациялық жобалары мониторингінің Әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9–бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай Индустрияландыру картасының жобалары мониторингі тәртібін (бұдан әрі – карта) айқындайды.
2. Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай индустрияландыру картасы – өнеркәсіптік – инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік – инновациялық жобалардың жиынтығы;
2) жауапты мемлекеттік орган – инвестициялық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган;
3) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
4) жобаны іске асырудың жоспар – кестесі – жобаның басталуының/аяқталуының жоспарлы мерзімдерін және жобаны іске асырудың түйінді бақылау нүктелерін белгілейтін құжат;
5) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
6) негізгі капиталға инвестициялар – объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейту мен жаңғыртуды қоса алғанда) бағытталған, олардың бастапқы құнының ұлғаюына әкелетін, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын, өндірістік және шаруашылық мүкәммалын сатып алуға жұмсалған шығындар жиынтығы;
7) орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) көлемі – жаңа объектілер салу, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды, инженерлік құрылыстарды күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен бас, тікелей және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша орындалған құрылыс – монтаждау жұмыстарын, сондай-ақ өзге де мердігерлік жұмыстарды қамтиды;
8) өндірілген өнімнің заттай көріністегі көлемі – инвестициялық жоба өнімінің жалпы шығарылымы;
9) өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің көлемі – барлық шығарылған өнімнің, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құны;
10) өнеркәсіптік – инновациялық жоба – белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын, технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістер құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс – шаралар кешені;
11) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – өңдеу өнеркәсібі мен және өнеркәсіптік – инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет қолданатын ынталандыру шаралары, "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылады;
13) өтініш беруші – өнеркәсіптік – инновациялық жобаны жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асыратын жеке / заңды тұлға.
2-тарау. Бірыңғай индустриаландыру картасының өнеркәсіптік –инновациялық жобаларын мониторингілеу тәртібі
3. Картаның өнеркәсіптік – инновациялық жобаларын мониторингтеу (бұдан әрі – мониторинг) мыналарды қамтиды:
1) Карта жобаларының тізбесін қалыптастыру және өзектендіру;
2) Карта жобаларын іске асырудағы ағымдағы проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) Карта жобалары шеңберінде оларды шешу бойынша тиісті ұсыныстарды одан әрі әзірлей отырып, жүйелі проблемаларды анықтау;
4) өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
4. Мониторингті жауапты мемлекеттік орган жоба картаға енгізілген сәттен бастап тоқсан сайын жүргізеді.
5. Мониторинг екі кезеңге бөлінеді:
1) жоба пайдалануға берілгенге дейін;
2) жоба пайдалануға берілгеннен кейін.
6. Жауапты мемлекеттік орган жобаның мониторингін жүзеге асыру мақсатында өтініш берушіден мынадай материалдарды сұратады:
1) осы әдістеменің 1–қосымшасына сәйкес нысан бойынша карта жобалары бойынша ақпарат;
2) осы әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісім (бұдан әрі – келісім);
3) осы әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес жобаны іске асырудың жоспар-кестесі.
Өтініш беруші осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес карта жобалары бойынша толық емес және/немесе дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда жауапты мемлекеттік орган мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті сұрау салулар жібереді.
7. Мониторинг шеңберінде келісім негізінде алынатын мынадай алғашқы статистикалық деректер пайдаланылады:
1) негізгі капиталға инвестициялар көлемі;
2)орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі;
3) өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемі;
4) есепті кезеңдегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны.
8. Бастапқы статистикалық деректерді кәсіпорын бойынша тұтастай, жекелеген жобаларға бөлінбестен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қалыптастырады.
9. Пайдалануға дейінгі мониторинг мынадай көрсеткіштерді тексеру мен өңдеуді қамтитын жобаның ағымдағы жай-күйін талдауды көздейді:
1) негізгі капиталға инвестициялардың ағымдағы көлемінің инвестициялардың жалпы көлеміне арақатынасымен есептелетін инвестицияларды игеру;
2) жобаны салу кезеңінде іске қосылған жұмыс орындарының санымен айқындалатын уақытша жұмыс орындарының саны;
3) орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) ағымдағы көлемінің жоба бойынша құрылыс жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы көлеміне арақатынасымен есептелетін орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) пайызы.
Жобаны іске асырудың жоспар-кестесінің іс-шаралар мерзімі бұзылған жағдайда жауапты мемлекеттік орган өтініш берушімен бірлесіп себептерді анықтау бойынша жұмыс жүргізеді және осы әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес жобаның жол картасын әзірлейді.
10. Пайдалануға берілгенге дейін карта жобасының тиімділігі бағаланбайды.
11. Пайдалануға берілгеннен кейін Мониторинг мынадай көрсеткіштерді тексеру мен өңдеуді қамтитын жобаның ағымдағы жай-күйін талдауды көздейді:
1) өтінім беруші тиісінше жобалық қуаттың өлшем бірліктерінде қалыптастыратын заттай көріністегі өндірілген өнім көлемі;
2) жоба бойынша есепті кезеңде шығарылған барлық өнімнің құны болып табылатын өндірілген өнімнің құндық мәндегі көлемі;
3) есепті кезеңдегі жұмыскерлердің орташа тізімдік санымен айқындалатын тұрақты жұмыс орындарының саны.
12. Пайдалануға берілгеннен кейін жобаны іске асыру тиімділігінің көрсеткіші күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жобалық қуаттарды игеру болып табылады, ол өндірілген өнім көлемінің заттай көріністегі жобалық қуатқа пайызбен арақатынасымен есептеледі.
Егер жобалық қуатты игеру көрсеткіші 0% - ға тең болса - жоба тоқтап тұр, 0,01% - дан 30% - ға дейін-төмен жүктемемен, 30,01% - дан 70% - ға дейін-орташа жүктемемен, 70,01% - дан 100% - ға дейін-тұрақты жүктемемен болады.
13. Тоқтап тұрған жобалар мен жүктемесі төмен жобалар бойынша жауапты мемлекеттік орган өтініш берушімен және мүдделі органдар мен ұйымдармен бірлесіп, осы әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес жобаның өндірістік көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі жобаның жол картасын әзірлеп, бекітуі қажет.
Жауапты мемлекеттік органдар тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін карта жобаларының іске асырылу барысы туралы осы әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес ақпарат қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді.
Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік- инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесіне 1-қосымша |
Нысан
Бірыңғай индустрияландыру картасының жобалары бойынша ақпарат
№ | Жобаның атауы | Жобаның өтініш берушісі | БСН | Инвестор, ел, үлес | Жауапты мемлекеттік орган | Жобаның мақсаты | ЭҚЖЖ | Саласы | Облысы, қаласы, ауданы | Көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шаралары | Жұмыс орындарының саны | ||
шара түрінің атауы | құндық көрінісінде өлщемі, миллион теңге | құрылыс кезеңінде | пайдалану кезеңіне | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
1 | |||||||||||||
2 | |||||||||||||
3 |
нысанның жалғасы
Жобаға жоспарланған инвестиция көлемі, миллион теңге | Жобаға нақты инвестиция көлемі, миллион теңге | Жобаны қаржыландыру көздері, млн. теңге | Шығарылатын өнімнің атауы | ||||
Жалпы көлемі | жылдар бойынша | Жалпы көлемі | жылдар бойынша | меншікті қаражат, миллион теңге | қарыз қаражаты, миллион теңге | бюджет қаражаты, миллион теңге | |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
Продолжение таблицы
Жобалық қуаты | Күні | Жылдар бойынша өндірілген өнім көлемі | Ағымдағы жағдайы | Өтініш берушінің байланыс деректері (Т. А. Ә., телефон) | |||
заттай көріністе | құндық мәнде, миллион теңге | құрылыстың басталуы (СЧ.ММ.ЖЖ.) | пайдалануға беру (СЧ.ММ.ЖЖ.) | заттай көріністе | құндық мәнде, миллион теңге | ||
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бірыңғай индустрияландыру картасының жобалары бойынша ақпарат нысанына қосымша |
"Бірыңғай индустрияландыру картасының жобалары бойынша ақпарат нысанын" (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша түсіндірме:
1. Нысанның 1 – бағанында жобаның реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2 – бағанында жобаның атауы көрсетіледі.
3. Нысанның 3 – бағанында жобаның өтініш берушісі көрсетіледі.
4. Нысанның 4 – бағанында жобаның өтініш берушісінің бизнес – сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
5. Нысанның 5 – бағанында инвестор ел мен жарғыға сәйкес жобаға қатысу үлесін көрсете отырып көрсетіледі.
6. Нысанның 6 – бағанында жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган көрсетіледі.
7. Нысанның 7 – бағанында жобаның мақсаты – жаңа өндіріс немесе өндірісті кеңейту және/немесе жаңғырту көрсетіледі.
8. Нысанның 8 – бағанында экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші көрсетіледі.
9. Нысанның 9 – бағанында жоба саласы көрсетіледі.
10. Нысанның 10 – бағанында жоба іске асырылатын облыс, қала, аудан көрсетіледі.
11. Нысанның 11 – бағанында көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шарасы түрінің атауы көрсетіледі.
12. Нысанның 12 – бағанында көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шаралары құндық мәнінде миллион теңгемен көрсетіледі.
13. Нысанның 13 – бағанында жобаны салу кезеңінде құрылған немесе жоспарланатын жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
14. Нысанның 14 – бағанында жобалау құжаттамасына немесе жобаның паспортына сәйкес пайдалану кезеңінде құрылған не жоспарланатын жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
15. Нысанның 15 – бағанында жобаға инвестициялардың жалпы жоспарланған көлемі миллион теңгемен көрсетіледі.
16. Нысанның 16 – бағанында жобаға инвестициялардың жылдар бойынша жоспарланған көлемі миллион теңгемен көрсетіледі.
17. Нысанның 17 – бағанында жобаға инвестициялардың жалпы нақты көлемі миллион теңгемен көрсетіледі.
18. Нысанның 18 – бағанында жобаға инвестициялардың нақты көлемі жылдар бойынша миллион теңгемен көрсетіледі.
19. Нысанның 19 – бағанында жобаға өз қаражаты миллион теңгемен көрсетіледі.
20. Нысанның 20 – бағанында екінші деңгейдегі банктердің қарыз қаражаты миллион теңгемен көрсетіледі.
21. Нысанның 21 – бағанында мемлекеттік ынталандыру шаралары операторларының және ұлттық компаниялардың бюджет қаражаты миллион теңгемен көрсетіледі.
22. Нысанның 22 – бағанында жоба шеңберінде шығарылатын өнімнің атауы көрсетіледі.
23. Нысанның 23 – бағанында өлшем бірліктерін көрсете отырып, жобалық құжаттамаға немесе жобаның паспортына сәйкес жобаның заттай көріністегі қуаты көрсетіледі.
24. Нысанның 24 – бағанында жобалық құжаттамаға немесе жобаның паспортына сәйкес жобаның құндық көрінісіндегі қуаты миллион теңгемен көрсетіледі.
25. Нысанның 25 – бағанында жоба құрылысының басталған күні көрсетіледі.
26. Нысанның 26 – бағанында пайдалануға беру актісіне немесе жабдықты қабылдау актісіне сәйкес жобаны пайдалануға беру күні көрсетіледі.
27. Нысанның 27 – бағанында жыл бойынша өлшем бірліктерін көрсете отырып, өндірілген өнімнің заттай көріністегі көлемі көрсетіледі.
28. Нысанның 28 – бағанында жылдар бойынша құндық мәнде өндірілген өнімнің көлемі миллион теңгемен көрсетіледі.
29. Нысанның 29 – бағанында орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі, жабдықты жеткізу және монтаждау және жүргізілген немесе жоспарланған жұмыстар, инвестицияларды игеру және/ немесе қуаттарды игеру бойынша ақпаратты қамтитын жобаның ағымдағы жай – күйі көрсетіледі.
30. Нысанның 30 – бағанында жобаның өтініш берушісінің байланыстары (Т.А.Ә., телефон) көрсетіледі.
31. Нысанның 5, 11, 12, 19, 20, 21, 27, 28 – бағандары тиісті ақпарат болған кезде толтырылады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
1)БСН – бизнес – сәйкестендіру нөмірі.
2) Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).
3) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.
Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік – инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесіне 2–қосымша |
Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісім
(жобаның өтініш берушісінің бланкісінде толтырылады)
____________________________________________________________________
(Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің толық атауы) мынадай нысандар
бойынша:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
кезеңде ____________________________________________________________
көрсеткіштер бойынша:_______________________________________________
жауапты мемлекеттік органға, уәкілетті органға, __________________________
(органдардың атауы) алғашқы статистикалық деректерді ашуға келісім береді.
Жоба өтінім берушісінің басшысы______________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Жобаны іске асырудың жоспар-кестесі
№ т/т | Іс-шараның атауы | Орындау мерзімі |
1. | ||
2. | ||
3. |
Жобаның жол картасы
№ р/с | Іс-шараның атауы | Орындау мерзімі | Аяқтау нысаны | Жауапты орган немесе ұйым |
1. | ||||
2. | ||||
3. |