"Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 354 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 мамырда № 28147 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 717 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21469 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларында:

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Әскери оқу орнына (бұдан әрі – ӘОО) түсетін кандидаттар алдын ала медициналық куәландырудан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық ӘДК (бұдан әрі - ІІМ ОӘДК),ҰҰ ӘДК штаттық (штаттық емес) ӘДК, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің (бұдан әрі – ПД) штаттық ӘДК, соңғы медициналық куәландырудан Ұлттық ұлан академиясының (бұдан әрі – ҰҰА) штаттық емес уақытша жұмыс істейтін ӘДК өтеді.

      "14. Ұшқыштар құрамын дайындау бойынша ӘОО түсетін кандидаттар алдын ала медициналық куәландырудан ІІМ ОӘДК, ҰҰ ӘДК штаттық (штаттық емес) ӘДК, ПД штаттық ӘДК өтеді, содан соң дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясына жіберіледі, соңғы медициналық куәландырудан Ұлттық ұлан академиясының (бұдан әрі – ҰҰА) штаттық емес уақытша жұмыс істейтін ӘДК өтеді.

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      Әскери қызметтің міндеттерін орындаудан толық босату туралы (7 тәуліктен 15 тәулікке дейін) қорытынды шығарған курсанттары ҰҰА лазаретінде жатады.

      Әскери қызметтің міндеттерін орындаудан ішінара босату туралы қорытынды шығарған кезде қандай жұмыс, сабақ, наряд түрлерінен босатылғаны көрсетіледі. Әскери қызметтің міндеттерін орындаудан ішінара босатылған курсанттардың сыныптық сабақтарға баруы ҰҰА медицина қызметі бастығының шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеде:

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Штаттық ҰҰ ӘДК ҰҰ әскері медициналық қызметінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің штатында тұрады және өңірлік қолбасшылықтарда (бұдан әрі – ӨңҚ), әскери бөлімдерде, Ұлттық ұланның академиясында (бұдан әрі – ҰҰА) және лазареттерде құрылған штаттық емес ӘДК қызметін Қазақстан Республикасы ҰҰ әскери қызметшілерін ӘДС мәселелері бойынша жалпы басқаруды жүзеге асырады.";

      "11. Штаттық ҰҰ ӘДК-ні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары- Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Әскери медицина басқармасы (бұдан әрі – ӘМБ) бастығының баянаты бойынша Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы лауазымға тағайындайтын және одан босататын бастық басқарады.

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. ҰҰ ӘДК штаттық құрылымының құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - ҰҰ Бас қолбасшысының бұйрығымен бекітіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Штаттан тыс тұрақты жұмыс істейтін ӘДК ҰҰ әскери қызметшілерін медициналық куәландыру үшін ӨңҚ, әскери бөлімдердің, ҰҰА лазареттері жанында құрылады.

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Штаттан тыс уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия жоғары оқу орындарында (бұдан әрі – ЖОО), оқу бөлімдері мен арнайы мақсаттағы әскери бөлімдерде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының, өңірлік қолбасшылық қолбасшыларының және әскери бөлім командирлерінің бұйрықтарымен курсанттар мен кандидаттарды медициналық куәландыру үшін мынадай құрамда құрылады: бастық (медицина қызметінің бастығы), бастықтың орынбасары (штаттық дәрігер-мамандар қатарынан) және комиссия мүшелері. Бұйрықтарда кандидаттардың ЖОО, оқу бөлімдеріне және арнайы мақсаттағы әскери бөлімдерге түсу және іріктеу кезеңіндегі жұмыс мерзімдері мен тәртібі айқындалады.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Е.С. Ботақанов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Е.С. Ботақановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады