Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 171 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28155 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
С. Брекешев

 

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
     
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
     
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
     
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі миистрлігі
     
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
2022 жылғы 20 мамырдағы
№ 171 бұйрығына
қосымша

Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидалары 1- тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаңғыбас жануарларға вакцинация және стерилизация жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) жануарларды есепке алу жөніндегі бірыңғай деректер базасы (бұдан әрі – деректер базасы) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығын көздейтін, жануарларды, оқиғаларды, олар бойынша іс-қимылдарды тіркеуге арналған, тиісінше Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына қолжетімділік берілетін электрондық деректер базасы;

      2) қаңғыбас жануарлар – иесі жоқ иттер мен мысықтар;

      3) вакцинациялау - жануарлардың қауіпті ауруларын қоздырғыштарға иммунитетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар;

      4) стерилизациялау - жануарды хирургиялық, дәрі-дәрмекпен не өзге тәсілдермен ұрпақ өрбіту қабілетінен айыру;

      5) стационар – ветеринария саласындағы мамандары бойынша білікті тұлға жануардың жай-күйін тұрақты қадағалауын бұзатын, сондай-ақ жоспарлы және шұғыл операцияларға шақтаудан өтетін, операциядан кейінгі ем алатын жануарлар жіберілетін үй-жай.

      6) жануар иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;

      7) жауапты адам - жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам.

      3. Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялауда, жануарлардың иелеріне, жауапты тұлғаларға жүзеге асырылатын үй жануарлары бойынша барлық ветеринариялық оқиғалар деректер базасында тіркелуге жатады, орталық органдарға, ведомстволарға және оның аумақтық бөлімшелеріне, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың қызметкерлеріне, ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға өтеусіз негізде қол жеткізуді ұсынады.

2-тарау. Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау тәртібі

      4. Қаңғыбас жануарлардың профилактикалық ветеринариялық іс-шаралары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы Заңының талаптарына сәйкес жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аурулары мен улануының пайда болуының алдын алу мақсатында ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізіледі.

      5. Вакцинациялауды жүргізу аяқталғаннан кейін деректер базасында өткізілген вакцинация акт жасалады, оған осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша вакцинация өткізген ветеринария саласындағы мамандары бойынша білікті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.

      6. Жүргізілген вакцинация туралы мәліметтер деректер базасына енгізіледі.

      7. Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау ветеринария саласындағы мамандары бойынша білікті тұлға Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген ветеринариялық препараттарды пайдалана отырып жүзеге асырады.

      8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы деректер базасында вакцинацияланған қаңғыбас жануарлардың тізілімін құрайды.

      9. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта профилактикалық ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыруды "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 18) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      10. Қаңғыбас жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцинация жүргізуді деректер базасында тіркелген жергілікті атқарушы органдардың ұйымдары жүзеге асырады.

3-тарау. Қаңғыбас жануарларды стерилизациялаудың жүргізу тәртібі

      11. Қаңғыбас жануарлардың санын реттеу жануарларды аулау, уақытша ұстау және өлтірумен айналысатын мемлекет, жеке кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар жануарларды стерилизациялау, жайластыру, білім беру іс-шараларын жүргізу және халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолымен қаңғыбас жануарлардың санын азайту үшін қолданатын шаралар кешенін білдіреді.

      12. Қаңғыбас жануарларды стерилизациялау ақпараты жануардың жеке нөмірін және стерилизациялау жүргізілген орынды міндетті түрде көрсете отырып, деректер базасында тіркелуге жатады.

      13. Жануарларды уақытша ұстау пункттері қаңғыбас жануарды стерилизациялау мақсатында операциялық бөлмені орналастыруға арналған бөлмемен жабдықталады. Қаңғыбас жануарды мерзімінен бұрын стерилизациялауды болдырмау мақсатында стерилизациялау туралы шешім уақытша ұстау пунктінде болғанның 4 (төртінші) күні қабылданады. Қаңғыбас жануарды стерилизациялау ветеринария саласындағы мамандары бойынша білікті тұлғаның шешімі қабылданғаннан кейінгі келесі күні жүргізіледі.

      14. Қаңғыбас жануарды стерилизациялауды жүргізу туралы шешімді ветеринария саласындағы маман оның түрін, жасын және физиологиялық жай-күйін ескере отырып, оны қарап-тексеру нәтижелері бойынша қабылдайды. Стерилизациялауды жүргізу туралы шешім ветеринария саласындағы маманмен қабылданады.

      15. Қаңғыбас жануарларды стерилизациялау туылған күннен бастап алты айдан ерте емес, жүзеге асырылады.

      16. Жануарды стерилизациялау кезінде, жануардың жеке нөмірі бар есепке алу бұйымы (құралы) салынады.

      17. Деректер базасы автоматты түрде генерацияланатын жануардың жеке нөмірі (бұдан әрі – ЖЖН) он бес символдан тұрады, мынадай белгілері бар:

      1) алғашқы үш символ – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының коды (үш сан – 398);

      2) төртіншіден бесінші символдарға дейін-жануардың түрін білдіретін сандық код;

      3) алтыншыдан он беске дейінгі символдар – бірегей реттік нөмір.

      18. Стерилизациялау ветеринария саласындағы мамандары бойынша білікті тұлға арнайы жабдықталған үй-жайында жүзеге асырады.

      19. Стерилизациядан кейін қаңғыбас жануарлар күтім жасау үшін жағдай жасалған қоршаулармен (торлармен, бөліктермен) жабдықталған стационарда ұсталады.

      20. Стерилизациядан кейін қаңғыбас жануарларды операциядан кейінгі күту ұзақтығы операциядан кейінгі асқынулар болмаған жағдайда ұрғашылар үшін кемінде күнтізбелік 10 (он) күнді және еркектер үшін күнтізбелік 3 (үш) күнді құрайды.

      21. Ветеринария саласындағы мамандары бойынша білікті тұлға операциядан кейін уақытша баспаналарда ұсталатын қаңғыбас жануарларды операциядан кейін күтуі жүзеге асырылады.

      22. Стерилизациядан кейін операциядан кейінгі күтім жөніндегі іс-шаралар аяқталғанға дейін жануарларды баспанадан шығару жаңа иесіне және (немесе) жауапты тұлғаға оның өтінімі бойынша деректер базасы арқылы қалыптастырылатын, берілетін және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылатын жағдайда ғана мүмкін болады.

      23. Вакцинация және стерилизация шаралары аяқталғаннан кейін агрессивті емес қаңғыбас жануарлар олардың бұрынғы мекендеу орындарына қайтаруға жатады.

  Қаңғыбас жануарларды
вакцинациялау және
стерилизациялау
қағидасына қосымша

      Нысан

      Жүргізілген вакцинация туралы акті


      құжаттың бірегей номері

      QR-код түрінде құжаттың бірегей номері

      20__ жылғы "____" ___________

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы:________________________________________________
Вакцинацияны өткізген ветеринария саласындағы мамандары бойынша білікті тұлғаның,
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):
_______________________________________________________________
Қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ________________________________________
Акт бойынша қаңғыбас жануарлардың жалпы саны: ___________________________________
оның ішінде егілді: _______________________________________________________________
Осы акт төменде көрсетілген жануарлар бойынша вакцинация жүргізілгені туралы жасалды:

Жануардың түрі

ЖЖН

Жануардың жынысы

Жануардың жасы

Жануардың түсі

Вакцинацияның күні

Жануарға қарсы вакциналанған аурудың атауы

1

2

3

4

5

6

7

8









      Кестенің жалғасы

Вакцинаны дайындаушы зауыттың атауы

Вакцинаны дайындау күні

Вакцинаның сериясы/ вакцина №

Вакцинаны жасау тәсілі

миллилитр саны

9

10

11

12

13






      Вакцинация өткізген ветеринария саласындағы мамандары бойынша білікті тұлға А.Ж.Т.
"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Қаңғыбас жануарларын есепке алудың ақпараттық жүйесінде интернет желісі арқылы
электрондық құжаттың түпнұсқалығын тексеру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады